Главная страница
Навигация по странице:

  • Қазақстандағы лингвомәдениеттанудың қалыптасуы 1.1 Лингвомәдениеттану пәнінің зерттелу тарихынан.

  • 1.2 Лингвомәдениеттанудың басқа да өзектес ғылымдармен байланысы.

  • лингвомаденииаттану. В. Н. Телия "Лингвомдениеттану тілді корреспонденциясы мен мдениетіні зара атынасыны синхронды трін зерттейтін жне сипаттайтын этнолингвистиканы бір блшегі" 15,217 деп сипаттаса лингвомдениеттан


    Скачать 0.54 Mb.
    НазваниеВ. Н. Телия "Лингвомдениеттану тілді корреспонденциясы мен мдениетіні зара атынасыны синхронды трін зерттейтін жне сипаттайтын этнолингвистиканы бір блшегі" 15,217 деп сипаттаса лингвомдениеттан
    Анкорлингвомаденииаттану
    Дата17.02.2022
    Размер0.54 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла2.doc
    ТипДокументы
    #365072
    страница1 из 8
      1   2   3   4   5   6   7   8






    Мазмұны


    1. Лингвомәдениеттану пәнінің зерттелу тарихынан.............................2

      1. Лингвомәдениеттанудың басқа да өзектес

    ғылымдармен байланысы...........................................................................6

    2.1 Лингвомәдениетану пәнінің бағыттары

    2.2 Мәдениет және тіл................................................................................13

    2.3 Фразеологиялық материалдардағы лингвомәдени

    маңызы бар деректер.................................................................................17

    2.4 Аударманың мәдени танымдық қызметі...........................................29

    3.1 Материалдық мәдениеттің ұлттық болмысы,

    оның тілдегі көрінісі..................................................................................34

    3.2 Рухани мәдениеттің ұлттық болмысы,

    оның тілдегі көрінісі. ..............................................................................58

    Қорытынды.............................................................................................. 73

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................75

    Қазақстандағы лингвомәдениеттанудың қалыптасуы

    1.1 Лингвомәдениеттану пәнінің зерттелу тарихынан.
    Лингвомәдениеттану (лингвокультурология) латынша Lingua – тіл, Gultura – мәдениет, logos – ілім деген терминдердің жинақталуынан туындап, лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болып, халық мәдениетінің тілдегі әсерін, ерекшеліктерін жаңаша көзқараспен салыстыра зерттейтін сала. Осы орайда В.Н.Телия “Лингвомәдениеттану – тілдің корреспонденциясы мен мәдениетінің өзара қатынасының синхронды түрін зерттейтін және сипаттайтын этнолингвистиканың бір бөлшегі” /15,217/ - деп сипаттаса лингвомәдениеттану ғылымының теориялық және әдістемелік жолын сүрлеуші ғалым В.В.Воробьев оны “металингвистика” ғылымы ретінде танытуға ғылыми бағыт бұрып, бұл саланы тіл мен мәдениеттің өзара әсерлерінің негізінен туындағанын дәлелдейді, әрі мынандай ғылыми анықтама береді. “лингвокультурология – комплексная, научная дисциплина синтезирующего типа изучающая взаймосвязь и взаймодействие культуры и языка в его функционировании и отражающая этот процесс как целостную структуру единиц в единстве их языкового (культурного) содержания при помощи системных методов с системной ориентацией на современем приоритеты и культуры установления (система норм и общечеловеческих ценностей)” /3,37/

    Ғалым Маслова бұл пәнді халық мәдениетін танытушы ғылым деп санап, былайша анықтайды. “Лнгвокультурология – это наука возникшая на стыке лингвистики и культуры и исследующая проявления культуры народа которые отразились и закрепились в языке”. /1,8/

    Лингвомәдениеттану – ұлттық сипаты бар деп танылып әлеуметтік, танымдық, этикалық, эстетикалық, саяси адамгершілік арқылы жеткізуді зерттейтін тіл білімінің бағыты.

    Осы тұрғысында лингвистикалық мәдениеттанудың ең негізгі мақсаты – ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, тіл фактілерімен халықтың танымдық этикалық, эстетикалық категориялары арқылы рухани мәдениетін танытып олардың қызметі мен орнын анықтау деп түйіндеуге болады осы орайда В.Воробьев “загадки России и русской цивилизации одна из важнейших задач лингвокультурологии она позволяет открыть и освободить от всяческих наслоении духовной силы русского народа может дать разгадку образов “подтекст” которых останется не вполне ясным, осознаным” /3,9/

    Лингвомәдениеттану пәнінің дамуында екі кезең болды;

    1- кезең, ғылым дамытудағы алғашқы еңбектер В.фон Гумбольдт, А.А.Потебня, Э.Сепир және т.б.;

    2- кезең; лингвомәдениеттанудың жеке зерттеу аймағы ретінде қалыптасуы;

    3-кезең бұл қазіргі таңдағы ғылымның біз байқап отырған жаңа динамикасы – негізі қаланған, пәнаралық ғылым – лингвомәдениеттанудың пайда болуы, деп Маслова В.А. жазады. Оның пікірінше қазіргі таңда лингвомәдениеттануда бірнеше бағыттар қалыптасып үлгерген.

    1. Жеке әлеуметтік топтың, этностың нақты мәдени кезеңге қатысты лингвомәдениеттану, яғни нақты лингвомәденеи жағдайды зерттеу.

    2. Диахрондық лингвомәдениеттану, нақты бір кезеңге байланысты жеке этностың лингвомәдени жағдайының өзгеруін қарастыру.

    3. Салыстырмалы лингомәдениттану, түрлі бірақ өзара байланысы бар этностардың лингвомәдени ерекшеліктерінің көріністерін зерттеу.

    4. Салғастырмалы лингвомәдениеттану. Ол жаңадан дамып келеді.

    5. Лингвомәдени лексикография, бұл бағыттағылар лингвоелтанулық сөздіктерді құрастырумен айналысады.

    Бұл бағыттар бойынша қазіргі таңда отандық ғалымдарымыз да еңбек етуде. Жеке әлеуметтік топтың, этностың, ұлттың лингвомәдени жағдайын қарастыру бар, диахрондық тұрғыда зерттеуге байланысты да еңбектер бар. Салыстырмалы лингвомәдениеттанудан аз да болса монографиялар жазылған десек, салғастырмалы лингвомәдениеттану бойынша ұлтық тілімізде жазылған сөздіктер жоқтың қасы, бір сөзбен айтсақ мүлдем ақсап тұр деуге болады. Мұндай сипаттағы сөздіктер арқылы тіл мен мәдениетің бір-біріне әсер ету сипатын зерттеу жемісті болмақ.
    Мақсаты мен міндеттерін былай деп табуға болады;

    1. тілдік концепттерді қалыптастырудағы мәдениеттің орны

    2. тілдік таңбалардың қай бөлігіне «мәдени мағына» таңылады,

    3. бұл мағына сөйлеушілер мен тыңдаушыларға байқалама және олар тілдік стратегияларға қалай әсер етеді.

    4. бір тілде сөйлеушілердің мәтіндерде көрініс беретін және сол тілде сөйлеушілерден мәдени мағыналар танылатын мәдени-тілдік компетенттілк бар ма?

    5. Концепттік аумағын қандай? (сол мәдениеттің негізгі концептілерінің жиынтығы), сондай-ақ мәдени дискурстер, тілдік таңбалардың мәдени семантикасы.

    6. осы ғылымның негізгі ұғымдарын жүйелендіру, яғни ұғымдық аппаратын қалыптастыру.

    Мәселе осымен ғана шешілмейді сонымен қатараударма проблемасына қатысты, тіл үйрету, мәдени ақпарат берілетін сөздіктерді құрастыру сияқты мәселелер өте көп. Мұның барлығы да болашақта ескерілер деген үлкен үмітеміз.

    Президентіміздің тіл, мәдениетті дамытуға байланысты жүргізіп отырған саясатына байланысты лингвомәдениеттану пәнін қалыптастырып, дамытуға мол мүмкіндіктер ашылуда. Лингвомәдениеттану мектептерін қалыптастырудан да үмітіміз бар.

    Пәннің зерттеу объектісі ретінде мынандай лингвомәдениеттанулық бірліктерді аламыз.

    а) мифологизацияланған тілдік бірліктер; архетиптер, мифологемалар, салт-дәстүр, наным-сенімдер,

    ә) тілдің паремиологиялық фонды,

    б) тілдің фразеологиялық қоры,

    в) эталондар, стереотиптер, символдар;

    г) метафоралар, тілдік образдар;

    д) тілдік мінез-құлық, тілдік этикет аумағы

    және т.б.

    Яғни лингвомәдениеттану пәнінің зерттейтін объектісі ауқымы ұлттық мәдениеттің және рухани құндылықтардың тілдегі көрінісі әдебиет, фольклорда т.б. да берілу арқылы кеңи түсетіні көрінеді пән ретінде жаңа қадам болып жатқанымен, ұлттық мәдениет пен болмыстың ерекшелігін таныту, лингвомәдениеттану пәніне қатысты Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, Қ.Жұбанов, М.Әуезов еңбектерінен бастап, І.Кеңесбаев, Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Е.Жұбанов, Е.Жанпейісов, Т.Жанұзақов, Н.Уәлиев, Ж.Манкеева, А.Жылқыбаева, Қ.Рысбергенова, Р.Шойбеков т.б. ғалымдардың еңбектерінде тілдік фактілер сипаты ретінде танылады.

    Этнолингвист ғалым Е.Жанпейісов „Этнокультурная лексика казахского языка” деген еңбегінде М.Әуезовтың „Абай жолы” эпопеясындағы этнографизмдерді тілдік әрі халықтық болмыс тұрғысынан зерттейді. Мұны біз қазақ халқының мәдениетін тіл деректері арқыты танытуда қосқан зор үлесі деп танимыз.

    Көне сөздердің табиғатын танытып жүрген белгілі ғалым Р.Сыздықова өзінің „Сөздер сөйлейді” және т.б. еңбектерінде бүгінгі жұртшылыққа таныс емес бірақ, ана тіліміздің қазынасында сақталған бірқатар сөздер мен сөз тіркестерінің тарихи тілдік мағыналарын ашып, „қазақтың ауыз екі әдебиеті мен өткен ғасырларда өмір сүрген ақын-жыраулардың тілінде, жырларында” ескі тұрмыс-салтқа байланысты бұл күнде ұмыт бола бастаған немесе мүлдем ұмытылған, я болмаса мағынасы өзгерген сөздер мен сөз тіркестерінің кездесуі табиғи құбылыс деп көрсетеді.

    Тұрақты сөз орамдарының мәдени ұлттық мазмұнын халық тілінің байырғы лексикасының сан алуан сырына байланысты көптеген нақты пікірлерді осы саланы «індете» зерттеп жүрген маман-ғалым Уәлиевтің еңбектерінен табамыз автор; «халық өзінің өткен дәуірлеріндегі наным-сенімдерін, түйсік-түсінігін, ой-қиялдарын, тыныс-тіршілігін аз сөздің аясына сыйғызып, әрі нәрлі, әрі әрлі етіп ерекше өрнектей білген.

    Түп-төркіні беймәлім сөздердің сәті түсіп кілті табылғандай болса көп нәрсені баян етіп халықтың өткендегі тыныс-тіршілігі, ой-қиялы, дүниетанымы туралы сыр шертіп тұрады». - дей келе, қасиетті жеті, он екі, тоғыз сандарымен тіркес атаулардың (он екі сәт, сәске, тәулік, екіндік, марқа туған т.б.) халықтық атаулардың, уақыт өлшемдерінің мәнін қазақ халқының күнделікті мәдени өмірімен біте қайнасып ғылыми-тәжірибесінен туған атаулар екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеген. Осы аталған авторлар еңбектерінде сөз етілген ұлттық тіл деректерінің зерттелуін лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу аясына жатқызуға болады.

    Бүгінде лингвомәдениеттану ұлттық тілтанудың негізі екені соңғы кездегі біраз зерттеулерде (Г.Смағұлова, А.Алдашева, А.Салқынбай, А.Сейсенова Г.Қажығалиевалардың т.б.) сөз болуы, назар аударылуы лингвомәдениеттану ғылымының пән ретінде қалыптаса бастағанын байқатады.

    Г.Смағұлова ұлттық тіл мен ұлт мәдениетінің тоғысуындағы өзара байланысты анықтап мәдениет ұғымын мағыналас фразеологизмдердің бойынан тіл аспектісінде қарастырған. Ол өз еңбегінде лингвомәдениеттану пәнінің ерекшелігін былайша көрсетеді; лингвомәдениеттану–этномәдени және этнопсихологиялық факторлар мен тілдегі ұлттық мәдени мағына компоненттерін тіл арқылы мәдениеттану бағытында зерделеп, тілдің дәл қазіргі қолданыс қызметін көрсететін ұлттық ерекшелігін ешбір идеологиясыз қазіргі заманға сай келбетін таныту.

    Бұл ретте тіл – ұлт- мәдениет дейтін үштік (триада) лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу нысаны болмақ.

    Лингвомәдениеттанудың өркениетте қоғамдық ғылымдармен қатар дамуын тілдік тұрғыда сөз ету пәннің зерттеу объектісін нақтылай түседі. Осы жайт тұрғысында сондай-ақ көне тіл деректері лексикамызда сөзжасам саласының қызметін арттыруды халқымыздың мәдени өмірімен байланысты екенін тілші Анар Салқымбайдың мына пікірі толықтырады; „Тілдік деректерді лингвомәдени аспектіде зерттеу – ең әуелі тілдер арасындағы жалпы адами гуманистік, мәдени, өркениеттілік қырларды айқындау болып табылады. Табиғаттағы, әлемдегі, құбылыстар қоғамдағы сана мен салт бәрі де тіл де өз көрінісін табатындықтан, атау мен оның аталу сипаты лингвомәдени аспектіде қарастырылады”. /8;41/

    А.Сейсенова этикет формаларына лингвомәдениеттану аспектісінде салыстырмалы талдау жасап, халық мәдениеті мен ұлттық менталитетің бірлік қызметіне ерекше тоқтайды. „лингвомәдениеттану – мәдениеттің тілдік жүйе қалай әсер ететінін, яғни фактор мен адам бойындағы тілдік байланысын қарастырады” – деп түйіндейді. Қарым-қатынас прцесінде сөйлеу этикеті маңызды роль атқаратыны белгілі. Ол адамдардың әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстау, мінез-құлық пен жүріс-тұрыс принциптерімен жүйелеп отырады. Этикет адамдардың барлық жағдайларындағы өзара араласуындағы межелер жиынтығы.

    Этикет ұғымының тіл білімі, әлеуметтік лингвистика және т.б. пәндердің тұрғысында берілген түсініктемелері көп, әр анықтама өзінше. Мәдениет ұлттың тарихы, салт-дәстүрі, мінез құлығы, жүріс-тұрысы мен менталитетінің жиынтығы болғандықтан оның тіліне әсер етіп отырады. Сондықтан тіл мәдениеттің айнасы ретінде қызмет етеді. /13.19/

    Қазақ тіл білімінде лингвомәдениеттану пәні басқа халықтардың өмірінен де мәдени ақпарат береді. Бір ұлттың көршілес ұлтпен туыстығын немесе дәстүр ұқсастығын салыстыруды да мақсат етеді. Осы орайда лингвомәдениеттану пәні аударма мәселесімен шұғылданушылардың да назарынан тыс қалмаған. Аударматанудың лингвомәдени мәселесін сөз еткен А.Алдашева бұл пәннің зерттеу көздерін ғылыми тұрғыдан анықтап, әрі лингвистика ғылымымен ортақтығын; „лингвомәдениеттанудың ауқымы соңғыларға қарағанда өте кең, ол әрі тілдік единицалардың белгілі бір халықтың төл элементі, халық тілімен бірге жасасып келе жатқан өз сөзі, өзгелерден ауыс-түйіс емес, өз меншігіндегі сөз тіркесі, афоризм, мақал-мәтел екендігін дәлелдейтін белгі қайсы; ұлттың „бет-пішіні” бар деп. есептелген сөз өзге де тұлғалар ұлттың әлеуметтік этникалық, саяси-адамгершілік, тұрмыстық нормалары мен қағидаларынан қандай мәлімет жеткізе алады дегенді зерттеуге назар аударады” - деп тұжырымдайды. 16/21

    1.2 Лингвомәдениеттанудың басқа да өзектес ғылымдармен

    байланысы.
    Қазақ тіл білімінде этнолингвистикалық зерттеудің ара-жігіне назар аударсақ, яғни зерттеу материалдарына назар аударсақ онда линвамәдениеттануға, елтануға қатысты тілдік фактілер аралас ғылыми нысанаға айналғандығы байқалады.

    Соған қарамастан ұлттық ұғымда сақталған халық дүниетанымы, яғни бүкіл болмысы этностың тіл айнасында этнолингвистка саласынан тіл арқылы мәдениеттанудың басқа да бағыттары бастау алатынын, әр ұлт менталдылығының негізін айқындайтын бағыттар екенін баса айту керек.

    Лингвомәдениеттану мен этнолингвистиканың теориялық арқауы, зерттеу нысаны мен мақсатының өзектес, тамырлас екендігі дау туғызбайды. Осы екеуінің қатынасын жалпы мен жалқының бүтін мен бөлшектің байланысы іспетті деп қарауға болады.

    Нақтырақ айтсақ этнолингвистиканың зерттеу нысаны – этнос болмысын тұтастай танытатын „тіл әлемі”. Осы қағиданың құрамдас бөлшектерінің қатыстылығы мен үлесімділігінің сипатын анықтау мақсатына қарай зерттеушілердің „этнолингвистика” деп аталатын „тіл әлемінің” тұтас шеңберін жеке-жеке салаларға бөліп қарастыруы этнос болмысының белгілі бір жақтарын көрсеткенімен, тұтас бейнесін айқындай алмайды. Осыған байланысты ол „этнолингвистика мен социология ғылымдарының аралығынан туған” (Б.Уорф) „халықтың тілінде салт-дәстүрі көрініс табады” (Ф.де Соссюр) „этностың дүниені тіл арқылы тануы оның салт-дәстүр, этнография, мифология т.б. Символдық қызметімен байланысты (Э.Сепир) этнолингвистиканың болмысы ретінде антропологияны қолдау (АҚШ ғалымдары), „этнолингвистика тек” көне дүниені немесе ескіліктерді зерттеуші ғылым. (Е.Жанпейісов), „ Этнолингвистика – пәнаралық ғылым” (Копыленко М.) т.б. көзқарастар этнолингвистика ғылымын жіктейтін емес, оның кешенді сипаттарыннан туындайтын сан түрлі қырларын айқындап, тұтастыра келіп, түптеп келгенде, бір арнаға тоғыстыратын салалар. Осындай тіл деректеріне сүйеніп этнолингвистикамен сабақтас этнос болмысының сан түрлі ғылымдарды зерттейтін ғалым, академик Ә.Қайдар екіге бөледі:

    1. Этнос тіліне жалпы қатысы бар /мәселен, мәдениеттану, этнография, этнология, өлкетану, фольклористика, мифология, астрономия, педагогика, дидактика т.б.) ғылымдар.

    2. Этнос тілінің тілдік табиғатын айқындауға тікелей қатысты ғылымдар /мәселен, этимология, паремиология, терминология, лексикорография, социолингвистика, этнолингвистика, психолингвистика т.б./ 7-12/

    Демек бұл екі топтағы ғылым салаларын этнолингвистикамен байланыстыратын, этнос болмысын таныстыратын тілдік дерек көздерінен көреміз. Міне осындай сабақтастықтың бірі –этностың мәдениетін таныту мүддсін көздеген мәдениеттанумен сабақтас лингвомәдениеттану.

    Бүгінгі таңда тіл арқылы мәдениетті тану лингвомәдениеттану пәнінен бұрын этнолингвистика ғылымында сөз етілген. Лингвистикалық түсіндірме сөздігінде: „Этнолингвистика (гректің „этнос”-тайпа, халық, француздың „лингвистика”) тілі мәдениетпен, тілі этномәдени және этнопсихологиялық факторлармен байланыстыра қарастыратын тіл білімінің бағыты” деп. анықтаған.

    Осы ғылымның жеке бағыт ретінде қалыптасуы XIX ғасырдың 70-жылдарынан бері американың тіл білімінде Орталық Американың Үндіс тайпаларын зерттеумен байланысты өріс алып, жаңа дәстүрдің негізін салды.

    Этнолингвистика ғылымының негізі американдық ғалымдар Ф.Боас, Э.Сепир, Б.Л.Уорф, Х.Хайер т.б. еңбектерінен бастау алады. Бұл халықтың бастауы орыс тіл білімінде ресейлік ғалымдар Ф.И.Буслаев, А.Н.Афонасьев, А.А.Потебня еңбектерімен жалғасып, XIX ғасырдың 80-жылдарында фольклор аясында тіл мен мәдениетті сабақтастыра зерттеудің жаңа бағытын пайдаланған Н.И.Толстой, В.В.Иванов, В.Н.Топоров сияқты ғалымдардың этнолингвистикалық зерттеулері атаулы саланы ғылыми биік сантақа көтеріп жіберді. Ресейлік ғалымдар (соңғы аталған) өз зерттеулерінде нақты бір тілдің тарихын сол ұлттың мәдениеті, этнографиясымен тығыз байланыстыра қарастырған. Осы тұрғыда ресейлік тілші О.С.Ахманова; „этнолингвистика – это раздел макролингвистики, изучающий отношения между языком и народом, и взаимодействия лингвистических и этнических факторов в функционировании и развитии языка” – деп түсіндіреді. /24.53/

    Сөздіктегі бұл анықтама тіл мен халық арасындағы тікелей байланысты көрсетеді, ал оның басқа ғылым салаларының деректері арқылы зерттеу нысанының айқындалу жағдайы шет қалған.

    Ғылым аясында „этнолингвистика” термині ең алғаш ғалым Б.Уорфтың идеясымен туындап, осы идеяның жалғасы Э.Сепирдың еңбектерінде көрініс тауып, ғылымда аты белгілі „Сепир-Уорф” болжамына сай тілдік этнодеректер халық мәдениеті мен жеке индивид тұрғысында қарастырылған. Айтылған ой хақында профессор М. Копыленко „Основы этнолингвистики” еңбегінде жан-жақты тоқталады. Осы жайтты Э.Сепир өз зерттеулерінде „халық дүниетанымында туған салт-дәстүр, мифологизм, наным т.б. ұғымдар этнос болмысымен тығыз байланысты олар тілдің символдық қызметі ретінде көрініс табады деп көрсетеді. /16.177/

    Жоғарыда атап көрсетілген ресейлік ғалымдар (Н.И. Толстой, В.Н.Топоров, Ивановтың) тұжырымдарында этнолингвистика көне тілді зерттеуші ғылым ретінде танылады. Ғалымдардың бірқатары этнолингвистика ұлт тілінің жалпы сипатында танылады деп анықтайды. Мәселен Н.И.Толстой; „Этнолингвистика – халықтың рухани байлығының, менталитетінің, шығармашылығының бір-бірімен байланысын, бір-біріне тәуелділігін астарластығын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Ол халықтың ұлттық менталитетінің көрнекті позициясындағы негізгі формаларының бірі болып табылады” – деп тұжырымдайды.

    Н.И.Толстой пікірімен мазмұндас анықтама лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте төмендегіше берілген: „этнолингвистика, қандай тәсіл арқылы берілгеніне қарамастан, мәдениеттің, халықтық психологияның және мифологияның „мазмұнын” лингвистикалық әдістер көмегімен зерттейтін кешенді пән”.

    Кез-келген тілдік құбылыстың табиғатын оның тек тілдік заңдылықтарына ғана сүйеніп емес, сонымен қатар халықтың дүниетанымына, салт-дәстүріне, ұлттық болмысына да қатысты қарастыру этнолингвистика мен лингвомәдениеттану пәндерінің ортақ заңдылығы деуге болады.

    Професор Қ.Жұбановтың „Тіл арқылы халықтың тағылымдық мұраты этностың әр дәуіріндегі ұрпақ өкілдеріне мәдени әрі тілдік мұра ретінде сақталатын және тіл мен мәдениетті табыстыратын жаңа саланың дүниеге келетініне сол кездердің өзінде-ақ болжам айтқаны белгілі.

    „Ата мұрасы болып, Абайдың еншісіне тиген әдебиет қазынасы екі түлік болатын. Бірі – емшек сүтімен қатар құлағына кіріп, сүйегіне сіңген ананың әлди-әлди ақбөпем”, атаның „сал, сал білек, сал білек”, қойшының әні, қыздың сыңсуы, қаралы қатынның жоқтауынан бастап, көркемдік сезімін шарбыдай шырмаған халық әдебиеті”.

    „Орыста қой сөзінің баламасы жоқ. Олардың овца дегені саулық, баран дегені қошқар. Орысша корова - сауын сиыр; рогатый скот- мүйізді мал; толстый дегені бірде жуан, бірде қалың; лошадь- жылқы; бірақ ат, байтал, айғыр емес. Ал біздің ісек, тұсақ, құнажын, дөнен, дөнежін деген сөздеріміз басқаларда жоқ. Қазақ сини, голубой, зеленый деген түстердің бәрін көк дейді.

    Халықтардың тұрмысы түрлі-түрлі болған соң, олардың әр затқа қоятын аттары да түрлі-түрлі.

    Тіл ұзақ заманнан жасап келеді, ол бірден өзгермейді, оның өзгерісі тұрмысқа байланысты.

    Орыс тіліндегі „рогатый скот” тіркесі тілімізде „мүйізді мал, ірі қара малдың” атауын білдіреді.

    Артынан өшпес мұра қалдырған, ана тіліміздің ғылыми жолын сүрлеген професор Қ.Жұбановтың осы зерттеулері бүгінде берік тұғырын сайлаған этнолингвистика ғылымымен ғылыми сатыға қадам басқан лингвомәдениеттану пәндерінің ғылыми көкжиегіндегі алғашқы нышандарын көрсетеді.

    Академик Ә.Қайдардың; „ана тіліміздің бай – қоры ұлттық болмыс бітімді танытатын тілдік этнодеректердің қазынасы” деген пікірі қазақ этнолингвистикасының негізін салып, атаулы ғылым саласы жайында: «Этнолингвистика – этностың (одан ұлыс, халық, ұлт) инсандық болмысынан туындап, сараланып, тарихи жадында сақталып, тіл арқылы ғасырлар бойы қалыптасып, қорланып, рухани мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге үзілмей ауысып келе жатқан дәстүрлі мирасты жаңғыртып, жан-жақты зерттеп, танымдық мәнін ашып, болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тіл білімінің күрделі де құнарлы саласы деп анықтама берген /24.47/.

    Сонымен, этнолингвистика да лингвомәдениеттану да халық мәдениетімен тікелей байланысты. Бұл байланыс лингвомәдениеттану шеңберіне кіретіндіктен, профессор М.Копыленко этнолингвистика ғылымының өзіндік бағытын былайша анықтайды; «Это направление изучает этнос в зеркале языка. В нем нет симбиоза дисциплин, поскольку язык представляется главным и непосредственным предметом анализа: этнология, культурология, история и прочие не лингвистические дисциплины привлекаются как вспомогательные». /11.111/

    Ал лингвомәдениеттану ұлттық тіл деректерінің бойынан мәдени нышанды тауып, қарастырып, сол атаудың ұлт мәдениетіндегі өзіндік ерекшелігін танытуға көбірек бағыт бұрады.

    Біз жоғарыда сөз еткен лингвомәдениеттанудың және лингвистикалық ой тұжырымдардың негізіне сүйене отырып, халық өмірінің даналығы халық жасаған мәдениет, тіршілігі мен тұрмысын қалыптастырған көзқарастың тіл құдіреті арқылы тарих, мәдениет, әдебиеттің қат-қабат қойнауына сақтағаны ақиқат дегіміз келеді.

    Лингвомәдениеттану мен этнолингвистика ғылымдарының ортақтастығын екі пәнге тән кумулятивтік қызметінің жемісі деп танып өзіндік ұқсатық пен ерекшеліктерді төмендегідей анықтадық:

    Біріншіден, этнолингвистка мен мәдениеттану ғылымдары ұлттық тіл аясында халықтың рухани материалдық мәдени өмірін зерттейді. Тілдік фактілерді мәдени аспектіде қарастырады.

    Екіншіден, екі пәнді де тіл мен мәдениеттану, тарих, этнография ғылымдарының жиынтығы деп қарауға болады өйткені бұл пәндердің деректерінсіз мәдениетті тану мүмкін емес.

    Үшіншіден, екі пәнге ортақ мәселе – ұлт, менталдық, ұлттық тұлға, этнос өмірі, дүниетаным, менталитет ерекшеліктері.

    Төртіншіден, ұлттық коллоритті нақты көрсету. Бұл халық дүниетанымымен байланысты эстетика категорияларына бағытталып, иек сүйері анық.

    Бесіншіден, мәдениет атаулары – адамзат баласының еңбегінің нәтижесі ғана емес, ол сан ғасырлық лексиканың сан ғасырлық қабаттарының тарихы.

    Алтыншыдан, Ұлттық тіл – бір ғана этностың тілдік заңдылықтарын сақтаушы, ұрпаққа жеткізуші құрал ғана емес, ол – халық мәдениетінің адамзат мәдениетіндегі рөлін сипаттайтын мәдени категория.

    Жетіншіден, этнолингвистика «көне дүниені» жаңғыртуға көбірек бүйрегі бұрса лингвомәдениеттану халықтың өткені мен бүгінін жаңа, тың көзқараспен сараптайды.

    Сегізінші, этнолингвистика ұлт мәдениетін сол халықтың мәдени өмірімен әрі кетсе туыстас халықтың этнографиялық тарихымен байланыстыра қарастырады. Ал, лингвомәдениеттану олардың ұлт тіліндегі мазмұнын адамзат мәдениетіндегі қалыптасу жағдайына да тоқталады. Осы орайда тағы бір айта кететін жайт, «Этнолингвистика» деп айдар тағылып зерттеу қарастырылмағанымен, қазақ тіл білімінде бұрынырақ жарық көрген көптеген лексикографиялық, тарихи, лексикологиялық, этимологиялық еңбектердегі кейбір деректердің талдануын этнолингвистикалық зерттеулердің алғашқы нышандары деп санаймыз. Өзіндік айқын мақсаты бар, қазақ тілінің бай тілі мен рухани қазынасының арасында жыл сайын аумағын кеңейте түскен этнолингвистика ғылымы бүгінде халық тілінің сан түрлі атауға толы құбылыстарының ұлттық тілтаным тұрғысынан зерттелу жолы толығып келеді. Бұл жөнінде Ә.Сәтенова, Қ.Ғабитханұлы, Ш.Сейітова, Б.Сағынова, Б.Ақбердиева, Б.Қарағұлова т.б. жас ғалымдардың еңбегін атауға болады.

    Ұлттық болмысты тіл ғылымының топонимика, антропология, ономастика, салаларында таныту – этнолингвистика мен лингвомәдениеттану пәнінің аумағын кеңейте түседі.

    Осы тұрғыда қазақ есімдерінің тарихына этнографиялық талдау жасаған ономаст ғалым Т.Жанұзақов; «Қазақтың ен даласы мәдениет пен тіл бірлігі, әдет-ғұрып, салт-сана тұтастығының негізі. Мыңдаған кісі аттары әдет – ғұрып , салт – сана, ырым мен дәстүрлерге байланысты қойылып отырған. Мысалы, бала туылған соң, қырқынан шығарарда «ит көйлек» кигізу салты көптеген түркі елдерінде бар, ортақ әдет. Осындай ырымдарға байланысты Итбай, Итбас, Күшік, Барақ деп ат қою болған.

    Лингвомәдениеттану – этнос мәдениеті мен сол тілде сөйлейтін халықтың лексикасының мәдени тілдік деректерін сипаттайтын жұрт мәдениеттің өз лексикасы арқылы басқа этносқа танытатын, ұлттық рух пен ұлттық тілдің туын көтеретін, халықтың тіл байлығын тек болмысы арқылы өз тұғырына жеткізіп келешекке танытатын, тілдік деректерді ұлттық нышанда жарата да, жарқырата да алатын, этнолингвистика пәнімен ағайындас, ұлттық рух пен тіл арасында өзіндік жолы бар, тілді мәдениет арқылы танудағы бітімімен басқа тіл ғылымдарынан ерекшеленетін, қоғамдық әлеуметтік эстетикалық, философиялық сипаты бар кешенді пән.

    Осы ғасырдың соңғы бөлігінде ғасырлар тоғысқан тұста, әлемдік озық тілтанымының теориялық бағыттарын имманентті структуралық лингвистикадан өзгешелеу жаңа арналарға – яғни тілді жеке адаммен, оның ойлау өрісімен және рухани практикалық қызметімен байланыстыра қарауға бет бұрып отыр. Когнитивті антропологиялық лингвистка – деп аталатын мүлде жаңа салалардың қатарында соңғы 3-4 жыл төңірегінде «лингвокультурология» деп аталып келеді. Бұлардың қай-қайсы да – қазақ тіл ғылымы төселе қоймаған соны салалар. Алайда алдағы аз уақыттың ішінде аталған бағдарлар қазақ лингвистикасының да ғылыми-практикалық бағыттарына таяныш болары анық. Өйткені XXI ғасыр «гуманитарлық ғылым ғасыры» болмақ.

    Лингвомәдениетнама немесе мәдениеттану (лингвокультурология) саласындағы басты бағыт – ұлттық тіл мен ұлттық мәдениеттің бір-біріне өзара ықпалы бұнда “мәдениет” ұғымы “...Рассматривается применительно к аспектам взаймодействия с языком и языковой личностю” (Воробьев) /3;29/ Лингвомәдениетнама – соңғы жылдарда лингвистика мен мәдениетнаманың культуралогияның түйіскен тұсынан туындап отырған жаңа ғылым.

    Бұл саланың объектілері, единицалары, пәні жайындағы тіл білімінің алғашқы көзқарастары В.Телия, В.Воробъевтың еңбектерінде аталған.

    Қандайда болмасын жаңа ғылымға қатысты түйіндеулердің болжам айту, бағыт сілтеу, тұрғысынан әр түрлі болатындығы сияқты тіл мен ұлттық мәдениеттің арасындағы байланысты, мәдениеттің тілге, тілдің мәдениетке әсерін пайымдайтын анықтамалық тұжырымдарда әр қилы.

    Алайда осы ғылым саласының объектісі турасындағы тұжырым біреу, ол – ұлттық менталитеттің, ұлттық мәдениеттің, рухани құндылықтарының тілдегі көрінісі, тіл арқылы берілуі.

    Тіл мен мәдениеттің өзара қарым қатынасы әсіресе мәдениеттің тілге ықпалы, мәдениеттің тілдегі көрінісі ғылым үшін жаңалық емес. Әр халықтың дүниетанымы мен мәдениетінде ерекшелік бар: бұл ерекшелік тілге сіңіріледі дегеннің бастапқы негізі Э.Сепир мен Б.Уорфтың “лингвистикалық ықтималдық теориясында” (теория линвистической относимости) қаланған болатын.

    Әр халықтың мәдениетінің арасындағы айырмашылықтың бар екендігі ақиқат. Алайда XX ғасыр өн бойында өзге де ұлттық ғылымдардағы сияқты қазақ ғылымында да бұл шындық көмескіленіп, мәдениет ұғымы ұлтқа қатыссыз, ұлттық бітімнен бөлек өзге мәдениеттермен синтездеуге болатын категория ретінде абстрактылы түрде ұғындырылғаны мәлім.

    Ал жаңа қоғамдық қарым-қатынасқа көшкен қазіргі қауымдастық сипаты ұлттық бітімді танытатын өлшеусіз құндылықтардың бірі – төл мәдениет екенін мойындап отыр. Бұл қос қатар бір-біріне ықпалдас, бірінен-бірі ажырамайтын құндылық қазіргі қоғам талабы алға шығарған жеке адамды (қоғам мүшелерін) тәрбиелеу жеке адамның интеллектуалдық ой-өрісінің дұрыс қалыптастыру бағытының негізіне айналып келеді.

    Қазіргі білім беру бағдарламасында лингвоелтану деп- аталатын жаңа сала бар. Бұл сала әсіресе қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алып, әр алуан ұйымдарда, мекемелерде ұлт тілі жеке, әрі міндетті пән ретінде жүргізіле бастағалы бері кең өрістеп отыр.

    Лингвоелтанудың мәні – қазақ тілінде оқыту процесінде ғасыр басында А.Байтұрсынов қадап айтқан коммуникативтік тұрғыны басшылыққа ала отырып жалпы білім беру міндетін қазақ ұлтық мәдениетіне байланыстыра жүзеге асыру дегенді білдіреді.

    Яғни оқу-үйрету әдістемесінде қазақ халқының ұлттық-материалдық мәдениетінен мәлімет беретін тілдік құралдар еңбек құралдарын үй тұрмысы жабдықтарына дейінгі реали атаулары халықтың салт-дәстүрлері өнері мен білімінен имандылық-адамгершілік этикаларынан хабардар ететін мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, образды орамдар, жекелеген тарихи тұлғалардың өмірбаяны мен еңбектерінен алынған деректер кеңінен пайдаланылады. Бұл қазақ халқының тарихи-ұлттық, этникалық ерекшеліктерін, ұлттық бітімін қайта түсініп тереңірек бағалауға, жол ашады: мәдениетті таныту арқылы тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызмет аяларын кеңейтуге, тілге құрметті арттыруға тұтастай алғанда, мемлекеттік бағдарламаның атқарылуына үлес қосады. Сөз ретінде атап өтерлік жайт өзге тілді аудиторияларда қазақ тілін оқыту ісінде тіл әдістемесімен қатар аударма процесінің әдіс-тәсілдері де жан-жақты игеріледі. Мәдениет пен тілге ұштастыра тәрбиелеу қызметінде аудармаға да едәуір міндет жүктеледі.

    Лингвомәдениетнама саласы – этнолингвистика мен де, лингвоелтану мен де ортақтасатын ғылым. Алайда оның ауқымы соңғыларға қарағанда анағұрлым кең. Лингвомәдениетнама әр бір тілдік единицалармен белгілі бір халықтың төл элементі, халық тілімен бірге жасасып келе жатқан өз сөзі өзгелерден ауыс-түйіс емес, өз меншігіндегі сөз, сөз тіркесі, афоризм, мақал-мәтелдер екенін дәлелдейтін белгі қайсы; ұлттық “бет-пішіні” бар деп еспептелген сөз ұлттық, әлеуметтік, этникалық саяси, адамгершілік, тұрмыстық нормалары мен қағидаларынан қандай мәлімет жеткізе алады дегенді зерттеуге назар аударады және де бұл жекелеген тілдік фактілер төңірегінде жай, қарапайым шолу, болжам айту деген сөз емес, ұлттық мәдениет пен тіл өзара байланыстары бір-біріне әсері айқын фактілерін жүйелі түрде топтастыру: ішкі тілдік единицалардың коммуникативтік қызметінің айырым белгілерін, сапаларын анықтау.

    Жалпы алғанда лингвомәдениеттану – енді-енді қалыптаса бастаған, әлі де болса ғылыми ұстанымдар мен межелері, тұжырымдамалары нақтылана қоймаған ғылым, екі ұдайы түсінік гуманитарлық ғылымның алдыңғы сапалы болатындығы сөзсіз. Тіл мен мәдениеттің өзара қиысуының тілдегі көрінісін қарастыратын жаңа ғылыми арнаның жекелеген мәселелеріне шолу жасауымыздың себебі – лингвомәдениеттану ғылымның көп мәселелерін бірнеше тілдің материалдарын салыстыру арқылы дәлелдеу, түсіну оңтайлы әр бір тілдік единицаның мәдени-этникалық жүгінің қандай екені аудару процесінде айқын көрінеді.

    Екі немесе бірнеше саланың материалдық мәдениетін және рухани мәдениетін білдіретін тілдік единицаларды түпнұсқа мен аударма нұсқа негізінде салыстыру – жеке адамның интеллектуалдық ой-өрісінің кеңеюіне ықпал жасайды, халықтың белгілі бір хронологиялық мерізімде бір-бір саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени әсерінің деңгейін анықтауға септігін тигізеді, сондай-ақ ең бастысы бір тілдің лексикалық-грамматикалық, фразеологиялық жүйесінің образдық құралдары, ауқымының қаншалықты екенін көрсетеді. “Паритетное сопаставление лингвокультурологических полей” – деп жазады В.Воробъев – облегчает знание национального своеобразия народов” и в то же время дает лингвистические основания для их оценки и способствует возникновению еще больших различий и более целесобразному обращению и уже имеющимися”
      1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта