Главная страница

лингвомаденииаттану. В. Н. Телия "Лингвомдениеттану тілді корреспонденциясы мен мдениетіні зара атынасыны синхронды трін зерттейтін жне сипаттайтын этнолингвистиканы бір блшегі" 15,217 деп сипаттаса лингвомдениеттан


Скачать 0.54 Mb.
НазваниеВ. Н. Телия "Лингвомдениеттану тілді корреспонденциясы мен мдениетіні зара атынасыны синхронды трін зерттейтін жне сипаттайтын этнолингвистиканы бір блшегі" 15,217 деп сипаттаса лингвомдениеттан
Анкорлингвомаденииаттану
Дата17.02.2022
Размер0.54 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файла2.doc
ТипДокументы
#365072
страница2 из 8
1   2   3   4   5   6   7   8

1.3 Лингвомәдениеттану пәнінің бағыттары

Мәдениет және тіл.
Адамзат қоғамының дамуында соңғы уақыттарда әлеуметтік көзқарастардың өзгеруі арқылы пайда болған жаңа ғасыр алдындағы ұлттар еркіндігінен шығатын тілге де мәдениетке де оң бағыт әкелген себептер бар. 1.Түрлі ұлт өкілдері арасында бір-бірімен мәдени, рухани саяси тұрғыда қарым-қатынас бірлігін нығайтып, бұрынғы қалптасқан стереотип қабылдауды өзгертіп, ұлттардың өзара бірін-бірі мойындау фактісі. Мысалы қазақтар дүниетанымында тек бір ұлт ерекшелігін қатты дәрәптеу, үлгі ету сияқты немесе тілді зорлап үйретуді өмір сүру фактісіне айналдыру тәрізді тарихи себептер.

2.Этномәдени тұрғыда әр ұлттың өзін-өзі қайта тануы. Бұл әсіресе, әр ұлт тілдеріндегі соңғы кездегі тілдегі әлеуметтік оң өзгерістер ықпалы, әркім өз дүниесін бөліп алып, «мен кіммін, басқалардан қандай артықшылығым бар» деген менталдық қасиеттердің жандануы немесе оянуы.

Міне осы аталған факторлар Мәдениет ұғымының тіл біліміндегі өзіндік зерттеу ерекшеліктерінің жаңа қырларын ашуға себепші болды.

Мәселен бұрындары шетелдіктер үшін орыс тілін үйрену кезінде, оқыту процесінде сол ұлт тілі арқылы елін, халқын тануға мүмкіндік алады. Сол себептен де орыс тіл білімінде шетелдіктерді орыс тіліне үйрету барысында қалыптасқан елтану пәні дүниеге келді. Бұл пәннің мақсаты; тілді үйрету барысында ұлттық ерекшеліктерді барлық қырынан әлеуметтік, мәдени, тарихи, жағдайын тұтастай тек тіл арқылы таныту. -----
Кез-келген мәдениеттің тұғыры тіл болғандықтан, оның сипаты талданып, жан-жақты саралануы тиіс. Тіл мен мәдениеттің арақатынасы бұрын-соңды теориялық тұрғыда таразылана қоймағаны белгілі жағдай. Жалпы тіл білімінде тіл мен мәдениеттің өзара қатынасы, әрқайсысының өзара атқаратын қызметі, олардың байланыс дәрежесі, негізгі ғылыми терминдері мен жүйесі толық анықталмаған. Орыс тіл біліміндегі Ю.Д.Дешериев, Л.Б.Никольский, В.А.Аврорин, В.Д.Бондалетов, А.Швейцар, Г.В.Степанов, Н.Б:Мечковская, т.б. ғалымдардың еңбектерінде әлеуметтік тіл білімінің жалпы теориялық мәселелері мен әдіс-тәсілдері сараланғанымен, тіл мен мәдениеттің шекарасы толық зерделенген деп айта алмаймыз

Тілдің негізінде коммуникативтік және танымдық қызметі жататыны белгілі. Адамдардың өзара байланыс құралы болу-басты да мәртебелі қызметі. Екіншіден, тіл - жер бетіндегі адам баласының қоғамда бірлесіп өмір сүруінің өркениетті дамытып, мәдениетті қалыптастыруының негізгі кепілі болатыны да белгілі. Қоғамның эволюциялық дамуындағы тілдің ролі аса маңызды болтындығын ешкім жоққа шығара алмайды. Тілдік қарым-қатынас, тілдік ортаның болуының өзі адам танымының дамуы мен өркендеуіндегі басты фактор болғаны даусыз.

Тіл қоғамдағы адамдардың қарым-қатынас құралы ретінде ерекше роль атқарады. Сондықтан қоғам өмірінде де, адам жасаған мәдениет салаларын айқындауда да тілдің маңызы зор болатыны заңды. Тіл - адамның іс-әрекет етеу процесінде танымдық және коммуникативтік қызмет атқаратын, табиғаттың кез-келген құбылысын бейнелей алатын таңбалар жүйесі. Семиотикалық тұрғыдан алсақ, тілді табиғи және жасанды таңбалардың жүйесі ретінде екіге бөліп қарастыруға болады. Табиғи тіл дегеніміз - күнделікті өмірде қолданылатын, адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы болып, санадағы ойды, ұғымды бейнелейтін кешенді дыбыстық жүйе. Ал жасанды тіл адамдардың өзара келісімі бойынша жасалады.

Мәдениет пен тілдің бір-бірімен байланысы күрделі әрі өте тығыз. Бұл байланыстың қыры мен сырын тану, таныту оңай емес, ең алдымен, әр алуан сипаттағы мәдени процесстер т ілге өз әерін тигізе ме? Егер әер етер болса, ол қай дәрежеде болады?

Мәдениет адам қолымен жасалатын құндылық болғандықтан, ол таза табиғи процесс ретінде таныла алмайды. Мәдениет - әлеуметік дамудың жемісі.Тіл адам баласының әлеуметтік тарихында жасалған дүниетанымын негіздейді, белгілейді. Сондай-ақ тіл адамның -биологиялық табиғатымен байланысты да қарастырыла алады. Дыбыстың жасалуы сөйлеу мүшесі арқылы орындалатындықтан, тілді биологиялық құбылыс ретінде тану да орынды болмақ. Дыбыстардың жасалу жолы анатомиялық, психофизиологиялық сипатта болғандықтан, тілдің өзін де табиғи құбылыс ретінде тани аламыз. Демек, тіл екі жақты күрделі құрылым. Ол бір жағынан табиғи процесстің нәтижесі бола алса, екінші жағынан әлеуметтік құбылыстарды таңбалаушы ретінде де бағаланады. Әр тілде сөздің мазмұны мен мәні белгілі тұлға арқылы таңбаланады. Адам лебізінің тууы мен қабылдану заңдылығы, терең құрылымдық сипаты тілдің табиғатын айқындап тұрады. Ал, өз кезегінде, мәдениет те тілдің мазмұнын айқындай алады. Адам қолынан шыққан сан түрлі бұйымдарды, қоршаған ортадағы құбылыстарды, қоғамдағы қатынастарды, адам мінезінің сан алуан қырын, рухани таным-түсініктерді, дәстүрлі тағылымдарды атау қажеттілігі тілді дамытып отырады. Мұның өзі тіл мен мәдениеттің қарым-қатынасы менбайланысын нақтылай түседі.

Мәдениет философиялық ой толғамның аса маңызды ұғымдардың бірі болып табылады. Мәдениеттің нақты түрленуін белгілейтін болсақ, оның мазмұнының күрделілігіне жолығамыз. Мәдениеттің негізі әрине, адамның жасампаз еңбегі. «Мәдениет» (культура) терминінің де өзі латынша «жер өңдеу» деген мағынада жұмсалып, кейіннен адамзаттың тарихи даму процесімен ұшттасады. Батыстың мәдениеттанушы ғалымдары «мәдениет» терминінің ең әуелі отырықшылықпен, оның ішінде қаланың өмір сүру салт-дәстүрімен қарастыратыны белгілі. «Культура в человеческих сообшествах всегда была исключительно городской» деп жазады мәдениттанушы -ғалым Б.Ғ.Нұржанов [25.36]. Осы арнада танылған мәдениеттің үлгілік жетістіктері, негізінен қалалық мәдениет тұрғысынан сараланады, сондай-ақ әлемдік әдебиетте «көшпелілік» терминімен дәріптелген далалықтардың мәдениетінің терең астары айқындалмай қалып жатады. Негізінен, таза қалалық немесе таза көшпелі мәденитті бөліп қараудың да шарттылылығы бар. Далалық мәдениеттің болғанын ешкім де жоққа шығара алмайды. Көшпелілік өмір салты - дала табиғатының ішкі заңдылықтарынан туындаған өмір сүрудің бір формасы. Адамзаттың ежелгі шығыстық философиясы табиғат пен адамның тұтастығын қағидаға айналдырған. Бұл дүнитанымнан туындайтын терең философия. Ал тарихы тереңде жатқан ғұн мемлекетінің «мыңдаған жылдар ұлы сахараны қоныстап, өздерінен көп ұрпақ, бай мәдениет қалдырған ел» екенін Әлкей Марғұлан баян етіп, қала мәдениеті болғанын деректі дәлелдермен баяндаған. «Қала мәдениеті болған ба десеңіз, -бабалардан мирас болып қалған қалалар - Сыр бойында, Жетісуда, Батыс Қазақстанда, Маңғыстау, Арқа өңірінде, мол-ақ. Әсіресе үлкен қалалар Сайрам, Сығанақ, Қауған─Ата, Артық Ата, Барышкент, Жент, Оғыз- Дабан, Шу, Баласағұн». [24.134] Бұл қалалардың барлығында сауда-сатық жақсы дамыған, Ұлы Жібек жолы бойында жатқан өзндік саяси және мәдени маңызы бар мекендер болған.

Олай болса, Еуразияны жалғастыратын көне жолдар мен Жібек жолы бойындағы қалалар, тасқа қашалған таңбалары мен құпия қорғандары, мифтік аңздары мен шежіресі, бай ауыз әдебиеті, б.э. IV-V-VII ғасырларда жазу мәдениеті мен әдеби тілі қалыптасқан, көне жазу мұрағаттарының таңбалық қасиеттерін дарытқан ою-өрнегі бар - киіз үйі бар, көркем әдеби тілі бар қазақ халқының мәдеиеті «көшпелі» деген терминнің қанасына симайды. Бұлай деуіміздің екінші себебі «көшпелі», «көшпелілік» термині күні бүгінге дейін батыстық әдебиеттерде «варвар» түсінігінен алыстамаған. Ал батыста беделді басылымдар мен зерттеулері көшпелілердің мәдениеті туралы біржақты көзқарас қалыптастырған.

Біздіңше XX ғасырда кеңестік тарихшылар «көшпелі», «көшпелілік» деген терминдерді тар мағынасында қолданып, қазақ халқының танымдық тереңдігін, мәдени көкжиегін дұрыс әрі толық таныта алмаған сияқты. Бұл сөздердегі негізгі өзек түбір «көш» болғандықтан, онымен байланысты туындаған түсініктердің дені, осы көшу мағынасын доминант ретінде қабылдап, оның тұрмыстық, экономикалық мәнін бірінші орынға қойған.

Қазақ мәдениеттануы көне түркілік мәдениет тереңінен бастауын алып, өзіндік сыр-сипатты иеленді, сөйтіп ұлттық кең арнаға түсті. Қазақ рухани мәдениетінің негізгі арналары - мифология, тотемдік таным аңыз, әдет- ғұрып дәстүр, дін, тұрмыстық ұғым жазу мәдениеті мен жазба ескерткіштер, шежіре мен шешендік өнер, халық ауыз әдебиеті мен көркем әдебиет. Қазақ рухани мәдениетінің ең бір терең де шебер кестеленген түрі әрі басқа мәдениет жетістіктерінің жасалуы мен орнығуында қалыптасып дамуында жетекші рөл атқаратыны - тіл. Тіл барлық мәдениет түрінің негізгі тұғыры. Егер мәдениет түрі ретінде сурет өнері би өнері әдебиет, сәулет өнері театр мен кино т.б танылса, осылардың қай- қайсысы болса да тілдің қызметінсіз толық өмір сүре алмасы белгілі тіл өнерге айналып көркемдік бейненің жасаудың құралына айналғанда ғана көркем әдебиет жасалады.

Жалпы тіл білімінің ірі өкілдерінің бірі В. Гумбольдт тілді адам рухының көрінісі, танымның бейнесі, жанының тереңінен шымырлап шығатын, сөйтіп оның бүкіл болмысына қан жүгіретін халықтық энергия ретінде түсіндіріледі. Тіл бүкіл адам баласының іс-әрекетінің, таным түсінігінің қиялы жеткен күлі мәдениет түрінің негізі, адам рухының басты қызметі. Себебі адамның ой санасының құдыреті ұлы күш болуының негізгі шарты тіл. Рухани мәдениеттің негізі-тіл. Тіл негізінде кез-келген этномәдениетпен этнопсихология қалыптасып дамиды. Қазақ халқының табиғи тіршілік жүйесі оның жалпы дүние танымын қалыптастырғаны белгілі дүние танымның тереңдігі философиялық мәні мен маңызы ұлттық мәдениеттің өн бойына тараған.Тіл негізінде адамдар қауымы құралып мәдениет, өркениет өнер жасалады. Осының бәрін ескерсек, тілді мәдениеттің өзге салаларымен тең дәрежеде бағалау дұрыс болмайды. Өйткені тарихы терең тіл қоғамдағы барлық өзгерістердің орындалуының негізгі факторы болған. Ал адам қолымен жасалған материалдық мәдениеттің немесе дүние таным негізінде дараланатын рухани мәдениеттің үлгілері тек тілдің жетекшілік ролі арқылы ғана іске асырылып, атадан балаға мирас етіледі.

Ұлттық мәдениетіміздің тұғыры тіл деп есептесек, оның көркем тәжі әрине -сөз өнері. Мәдениеттің сан тараулы арналары сөзбен өрнектеліп, тілде айқын көрініс табады. әрі осы мәдени арналар тілге де нәр береді, оның баюына, өркендеуіне зор ықпалын тигізеді. Рухани және материалдық игіліктердің қай-қайсын алсақ та, оның ұғымдық өзегі сөз жүйесі арқылы қалыптасып, жүйеленеді, сөздің жүйесі негізінде баршаға ортақ болып жадта таңбаланады. Адамзат мәдениетінің дамуына сай әрі қарай сәулеленеді. Кез-келген мәдениеттің өсуі мен өркендеуінің дәреже-деңгейі де осы сөз өнерімен өлшенуі тегін емес. Сөз – таңба. Таңбалану арқылы санада туындаған ұғымдар кейін өзінің материалдық бейнесіне ие болады. Яғни ой-сөз ретінде жалғасын табады. Егер зат пен құбылыс сөз арқылы таңбаланып, материалық тұлғасын таппаса, онда бұл туралы таным да қалыптаспаған болар еді.

Халықтық таным мен түсінік дүниеге әкелген көптеген ұғымдар сөз арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, ұлттық сана-сезімді, әдет-ғұрыпты, тәлім-тәрбиені, ұлттық ойды жеткізуші, қалыптастырушы қызметін атқарады. «Өнер алды – қызыл тіл» деп сөз өнерінің бағасын халықтың өзі-ақ тереңнен зерделеген. Тілдің қазақ мәдениетінің өзге салаларына жетекшілік роль атқаруы халықтың өмір салтымен тығыз байланыста қарастырылуы тиіс.

XIX ғасырдың аяғына дейін көшпелілік өмір салтынан толық қол үзе қоймаған халықтың мәдени-рухани жағдайының негізгі көрінісі тілде, көркем сөзде кестеленген. Бүкіл тіршілік көрігінің қыры мен сыры, мұңы мен мұқтажы, сыйы мен сымбаты, парасаты мен ғадауаты бәрі де «толғау тоқсан қызыл тілде». «Өткірдің жүзі, кестенің бізі» өрнегін мұндай сала алмайтын «білгенге маржан, білмеске арзан» болып көрінетіні де – осы тіл болатын. Яғни өткірдің жүзі, кестенің бізі арқылы жасалатын сулет өнері мен кескін өнерінде, мүсін мен би өнерінде жетекшілік ететін маңызды рольді дала саласында тіл атқарып келеген.

Сөз – тек хабарды жеткізуші, қатынас құралы ғана емес, бүкіл материалдық және рухани мәдениеттің ұрпақтан-ұрпаққа ұласа дамуына жетекшілік жасайды. Сөздің ақпараттық қызметін бағалай отырып, оның тек жад қалыптастырушы ғана емес, ұлы да киелі өнер кенін ескеру абзал. Сөз «көркем әдебиет» үшін ғана емес, көркем әдебиет сөз үшін қызмететсе игі еді. Халық сөз өнері арқылы тек рухани мәдениеттің бір саласы ретіндегі әдебиетті ғана жасамайды, өзінің бүкіл ғұмырнамасын жасайды. Яғни тіл мен көркем әдебиетті бір деп қарауға әсте болмайды. Әдебиет жүйеленген, сараланған, нормаланған тіл негізінде көркем бейне сомдаушы өнер болса, тіл – көркем әдебиеттің құралы. Сондықтан да кестелі сөз өнерінің қызметі алуан түрлі. Әлеуметтік өмірдің барлық шегінде қызмет ететін сөз жүйесінің мынандай сипатын саралап көрсетуге болар еді.

  • мемлекет пен ұлт болудың алғышарты;

  • Рухани әлемді қалыптастырушы

  • Ұлттық сананы қалыптастырушы

  • Саяси-әлеуметтік құрлысты реттеуші

  • Заттар әлемін игерудің құралы

Халықтың әлеуметтік-экономикалық өмірінің шындығын бейнелеу, рухани өсіп-өркендеу жұйесін саралау – сөз өнерінің кредосы болса керек. Белгілі Орхон-Енесей жазбаларынан бастап, ХХ ғасырды жыр дүлділі О.Сүлейменовке дейінгі аралықтағы сөз өнері жампоздарының бұл тақырыпты сөз етпегені болмаған.

Мәдени факторлар – тіл, әдебиет, ғылым, өнер қазіргі әлемнің тұтастануына және оның әр ұлттық -өрісте тұрақтануына түрлі қырынан ықпал етуде. Мәдени факторлар адам мен заман қарым-қатынасының, ұрпақ білімінің тұтас кеңістігін құрастыруда. Мәдениет өресі осы кеңістікті игеруге алуан әр түрлі зиялы және кәсіби топтарды тартуда. Сондықтан өркениеттің ауқымы мен қарқыны кеңістіктің, мәдени алмасудың, ғылым мен білімнің өзара ықпалының жаһандық шеңберде және сала бойынша жетілуіне тікелей қатысты.

Мәдениет – толыққанды өмір сүрудің бірден-бір шарты десек, алдымен оның тіл тану және тіл табысу өлшемдерін еске аламыз. Түбірлей түссек, «мәдениет – тіршілік ету жолындағы еңбек-бейнеттен туған, табиғатпен адами ортамен үйлесімді өмір сүре білу өнері. Мәдениет – ол тарихи тәжірибе айтып берген дағдылы машықтардың, рұқсат етулер мен тиым салулардың тұтас бір жүйесі» - дейді О.Сүлейменов.

Дегенімен мәдениет тіл сияқты өзіндік сипатын сақтайтын ашық жүйе. Тіл мен мәдениетті тарихи тұрғыдан қарасақ, екі жетістікті де жалпы адамзаттықжәне ұлттық құндылықтың жиынтығы, нәтижесі дерлік. Ол дегеніміз тіл мен мәдениет даму заңдылығы бойынша біртұтас құбылыс және жетістік, ал қызметі мен ықпалы бойынша көрінісі әр түрлі ағым, қарқынды құрал. Тілдің даму заңдылығының жүйесі жеке кезеңнен, ұлттық ерекшеліктерден, саларалық көріністерден тұрады. Бірақ олардың біреуімен де шектелмейді. Тіл адам тарихымен тамырлас, ұлт тарихымен түптес. Тіл – тарихтағы мәдени арна тұтас құбылыс. Тарихтағы тұтастық құрамын Біржақты жұтып қоймайды. Онда сыңарлықтан гөрі, ықпалдылық айқын, бірін-бірі байыту басым. «Толыққанды тілсіз толыққанды ұлт болу мүмкін емес... Ұлттық сана ұлттық тілмен қалыптасады» [1,53]

Күрделі әлеуметтік – мәдени құбылыстарды бір тілмен жеткізу күрделеніп барады. Осыған орай Н.Бордтың «тым күрделі құбылыстарды бір тілмен түсіндіру мүмкін болмай бара жатыр» деген сөзі еріксіз еске түседі. Ана тілінің ұғымдық жүйесінің бір ретке келмеуі бұл қиындықты күшейтуде. Біз тілдің ұғымдық жүйесінсіз танымдық және мәдени жетістіктердің мәнін дұрыс ұқпаймыз, осы бағыттағы алдыңғы, озық ізденістерді тиянақты қабылдамай бермейміз, тіпті әріптестермен өзара түсіністік жетіспей қалады. Тіл қызметінінің ғылыми негізіне жасау үшін оның басты ұғымдарының жүйесін талқылап, саралап алу шарт.

Ұлтымыздың ұйытқысы, діліміздің мәйегі – ана тілімізді танытамыз. Ана тілі рухымыздың тірегі, халқымыздың қан тамыры. Сондықтан «тәрбие басы тілден басталады», «тілмен байланған тіспен шешілмейді». Тілі арқылы кез-келген халықтың даму дәрежесін, оның тарихын, мәдениетін түсінуге, және жеткізуге болады. Тіл мәдениеті – ұрпақаралық, ұлтаралық келісімге кепілдік. Тілдің елдестіретін елшілік қызметі айқындалуда. Тілдің көсегесін көгерте отырып, өзіміздің кісілімізді танытамыз. «Тіл ортақ мұратқа ұйыстырады, ұлтжандылық деген жауапкершілікті ұштайды. Тілге деген сйүіспеншілік – талапсыздықты таптау, дәйекті ізденісті баптау. Ендігі тілді дамыту – үміт пен ізденісті нақтылы әрекетке ұластыру, халықтық қозғалыспен ұштастыру». [2,332]

Тілді адамдардың әлеуметтік тұрмысын қамтитын мәдениеттен, тарихтан тыс қарапайым таңбалық жүйе деп қарастыру, ол туралы түсінікке кереғар әсер етеді және оны зерттеудің мүмкіндіктерін шектейді. Тіл көнеден айтылып келе жатқандай таңбалар жүйесі ғана емес, ол осы жүйені көмкерген мәдениет. Сондықтан ол әр халықтың мұрасы, ұлтының тарихи жетістігі. Академик Ә.Қайдар мәдениет терминінің анықтамасын бере отырып, төмендегідей тұжырымдама жасайды. «Мәдениет жеке адамның басына тән қасиеттен басталып, бүкіл ұлттық менталитетімен ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық сана, дүниетаным, салт-дәстүр, рухани материалдық байлықтардың барлығын түгел қамтитын өте күрделі ұғым. Бұл мәдениет барлық этносқа тән белгілі бір табиғи-әлеуметтік ортаға сәйкес қалыптасқан құбылыс. Өмір - тіршілік салты да, ортақ тіл, ортақ дүниетаным, ортақ психология т.т. - осының бәрін біз этнос мәдениетінен табамыз. Ал соның бәрінің танып білудің ең басты құралы тіл екенін мәдениеттанушы ғалымдардың барлығы мойындайды». [111.13]

Мәдениетті мәдениеттің бір де бір саласы тіл алдында оқып білгендей білу мүмкін емес. Тілдің мәдениетке әсері мейлінше терең, ол кешкі және жасырын сипатқа, мейлінше дерексіздікке ие. Осыған қатысты Б.Л.Уорф; «Мәдени нормалар мен тілдік модельдердің арасында байланыс бар, бірақ тікелей байланыс емес, ұзақ тарихи жағдайдағы тіл мен мәдениетті бір бүтін деп оқығанда ғана осы байланыстар байқалып қалады» дейді.[11.121]

Тіл әрбір ұлттық мәдениеттің ең маңызды және арнаулы құрылымының бірі және түрлі халықтардың мәдениеті, дәстүр, салты, таным мен талғамы арасындағы айырмашылықтар тілде айқын көрінеді.

Мәдениет тілдің таңбалық жүйесінің мазмұнын анықтайды. Әрбір мәдениетте халықаралық және ұлттық сипат бар сондай-ақ әр бір тіл семантикасында адамзат мәдениетінің жалпы әмбебап компоненті және белгілі бір халықтың өзіндік мәдениеті көрінеді. Мәдениет тіл сипаты мен тұрпаты әсіресе түрлі мәдениетке негізделген тілдердің түрлісін қарастырғанда анық байқалады, сондықтан да Э.Сепир «Тіл мәдениетін танудағы басқарушы бастама ретінде жоғары бағаға ие болып отыр деп көрсетсе К.С. Горбачевич; «Тіл тек мәдениетті құрастырушы құрал ғана емес, ол мәдениет ескеркіші, ұлт өмірінің айнасы» - деп баға береді. [112,3]

Ал мәдениет ретінде өзінде ұлттық рухты көрсететін өркениет ұғымы алынған.

Тіл білімінде - тіл мен мәдениеттің қарым-қатынасы ХІХ ғасырдан бастап күні бүгінге дейінгі өзекті мәселе. Бұл мәселені шешу В.Гумбольдт еңбектерінен басталады. Оның негізгі тұжырымдамалары төмендегідей; а\ материалдық мәдениет тілде көрінеді: ә\ кез-келген мәдениет ұлттық, оның ұлттық сипаты тілде көрінеді; б\ ұлттық рухының көрінуі оның мәдениетінде, в\ тіл - адам мен оның қоршаған ортаны жалғастырушы аралық. В.Гумбольдт концепциясы (тұжырымдамасы) А.А.Потебня, Ш.Балли, Ж.Вандриеза, М.А.Бодуэн де Куртэне, Р.О.Якобсон және басқа зерттеушілер еңбегінде жалғасын табады. Қазақ тіл білімінде Ә.Т.Қайдар, Е.Жанпейісова, М.М.Копыленко, Р.Сыздық, Т.Жанұзақов, Н.Уәлиұлы, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова т.б. еңбегінен көрініс табады.

Тіл мен мәдениет тығыз байланысты: 1)коммуникативтік процестерде, 2) онтогенезде, 3)филогенезде көрінеді. Тіл - мәдениет дерегі, өйткені ол мәдениеттің құрастырушы бөлігі, оны біз ата-бабаларымыздан аламыз: а\ Тіл - негізгі құрал. Ол арқылы біз мәдениетті меңгереміз; [113,59] Тіл мәдениеттің жалпы сипатын танытады, негізгі ақпаратты жинайды, танытады, сақтайды, жеткізеді. Осыған орай тіл әрбір факторы ретін де екінші жағынан - тіл шеңберінде мәдениеттің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуын қамтамасыз етеді. Осылайша қазіргі, келер ұрпақты бір үлкен тарихи арнаға, бүтіндікке байланыстырады. Демек тіл мәдениетте өсіп өнеді, дамиды және оны бейнелейді. Мәдениет этномәдени ақпараттар береді ол этномәдени ақпараттар әр түрлі формаларда жүзеге асады. Олар материалдық және рухани мәдениеттің тундылары т.б. бірақ ең негізгі форма - сөздік ақпарат. Сондықтан мәдениетті таңбалар жиынтығында қарастыру оның көп қырлылығы мен көп жақтылығын зерттеу жолы болып саналады.

«Мәдениет» терминінің астарында қоғам тұтастай салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды жеке алып қарастыруға мүмкіндік туады. Мәдениет тілін адамзат әрекетін көрсететін таңбалар жиынтығы ретінде сипаттауға болады. Мұндай таңбалық құралдарды этнотаңбалар деп атауға болады. Соның ішінде маңызды қызметті табиғи тіл атқарады. Осыған байланысты Ю.М.Лотман, Б.А. Успенский «Тіл мен мәдениет бір-бірінен бөлінбейді. Мәдениет контекстіне кірмейтін тілдің өмір сүруі мүмкін емес» - деп көрсетеді. [101,14]

Лингвомәдениеттанушы ғалым В.А.Маслова; «Мәдениет тілі - тек құрылым емес, ең алдымен мазмұн, тарихи жағынан қалыптасқан, дамыған, толыққан және өзгеретін мұның бәрі құрылымында көрініс табады». - дейді. [2,50]. Мұның жарқын үлгісі табиғи тіл мен материалдарында мәдени-тарихи әрекеттің факторы ретінде көрінеді. Осыған сәйкес Ә.Қайдаровтың мына сөзін келтірейік; «Кез-келген этностың бүгінгі ұлыстың, халықтың не ұлттың тілінде оның басынан өткен бүкіл өмірінің өрнегі жатыр. Халықтың яғни этностың шын мәніндегі болмысы мен дүниетанымы оның тілінде ғана сақталады. Әр түрлі заттардың құбылысы, аты-жөні, сыр-сипаты, қоғамдық қатынастар, әдет-ғұрып, салт-сана мен дәстүрлер жайлы мағлұматтардың барлығы да кейінгі буындарға тек тіл фактілері арқылы ғана, яғни тілдегі сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, аңыз-ертегілер арқылы келіп жетуі мүмкін. [114,21] Белгілі бір этномәдени ортадағы өмір сүру жағдайы, эстетикалық норма, тұрмыстық дағдылар, пайымдаулар, этникалық көзқарас, жергілікті культ пен дәстүрлік тәжірибе - ғасырлар бойы қалыптасқан бай мәдениет тілі». Мәдениет тілі - этномәдени әрекеттердің объективтік және субъективтік факторлары деп анықталады. «Мәдениет тілінің» мұндай дәстүрлі өзіндік құрылым элементтеріне кеңістікті бағдарлау, тұрғылықты жерді жоспарлау, тұрғын үй және оның ішкі жабдықтары, тағамдардың кейбір түрлері және оның жіктеу, киім т.б. жатады.

Мұндай ерекше мазмұнды көлемді мәтіндерді қысқа да нұсқа түрде сақтап жеткізе білу қасиеті тек символда ғана сақталған. Яғни символға біздің көзқарасымыз мәдениет шегінде қаралады. Бұл көзқарас бойынша символ кез-келген мәдениетке тән құбылысқа жатады. Символ әр түрлі мәдениет контексінде тоқтала отырып әр түрлі мәні не болады. Ю.В.Бромлей сөзімен айтсақ: ”Әрбір этноста мәдениет элементінің сыртқы көрінуі мен ішкі мазмұнында ерекшелік бар. Мағынасына байланысты барлық мәдени құбылыстар өзіндік екі жақтылыққа ие. Өзінің сыртқы көрінісімен қатар олардың екінші өмірі бар”. Олардың мағынасы арқылы айқындалады.Мағына затта жасырылған, ол ақыл ой, эстетикалық сезіммен адамгершілік интуациямен белгілі болады, бір көргенмен танылмайды. Мағынаның бұл мәні мәдениетті тану кілті» [101,25]. Біздің түсінігімізде символ өз мазмұнымен (мәдени хабарды беретін ) сәйкес келеді.

Қазақ халқының негізгі шаруашылығы –мал шаруашылығы. Ол тек мәдениеттің ауқымды бөлімдерінде ғана емес,материалдық мәдениеттің кіші бөліктерінен де еңбек құралы, көлік, тұрғын үй, оның материалы, үй жиһаздары, киім әшекей заттар, бас киімдер, т.б. адамгершілік құндылықтарынан, тәлім-тәрбиеден, эстетикалық критерилерден, қажеттіліктерден де айқындалады.

Архиетиптік сипаттағы мәдени символдар өздеріне құпиялылықты, құдіреттілікті сақтаған. Олар терең эмоцияны тудырары сөзсіз. Бұл жағдайда мәдениет белгілі бір жүйе ретінде, адам және оны қоршағана ақиқат арасында тұрған жүйе ретінде танылады, яғни әлемнен түсетін хабарды өңдейтін тетік ретінде танылады. Сонымен қатар берілген бір мәлімет өте маңызды орынға ие болады да, ал енді біреуі белгілі бір мәдениет саласында ғана танылады. Керісінше, басқа мәдениеттің тілінде бұл мәлімет өзгеше сипатта болады. Осылайша мәдениет жалпы семиотикалық жағдайда адам және әлем арасында орнайтын қарым-қатынас жүйесінде түсіндіріледі. Бұл жүйе бір жағынан оның әлемді осылайша модельдейтіні анықталады, бір жағынан адам тәртібін анықтайды [115, 276 ].
1   2   3   4   5   6   7   8


написать администратору сайта