Главная страница

лингвомаденииаттану. В. Н. Телия "Лингвомдениеттану тілді корреспонденциясы мен мдениетіні зара атынасыны синхронды трін зерттейтін жне сипаттайтын этнолингвистиканы бір блшегі" 15,217 деп сипаттаса лингвомдениеттан


Скачать 0.54 Mb.
НазваниеВ. Н. Телия "Лингвомдениеттану тілді корреспонденциясы мен мдениетіні зара атынасыны синхронды трін зерттейтін жне сипаттайтын этнолингвистиканы бір блшегі" 15,217 деп сипаттаса лингвомдениеттан
Анкорлингвомаденииаттану
Дата17.02.2022
Размер0.54 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файла2.doc
ТипДокументы
#365072
страница3 из 8
1   2   3   4   5   6   7   8

Фразеологиялық материалдардағы лингвомәдени

маңызы бар деректер

Қазақ ұлтының мәдени өмірінің көрінісі фразеологиялық қордан ерекше байқалады. Өйткені қазақ фразеологизмдері – халық өмірінің айнасы. Бұл айнада ұлт менталитетінің көрінісі тұтастай қамтылады десек, асыра айтпағандық болар.

«Мәдениет тіл» - семиотикалық жүйелерде сақталады. Бұл ретте ұлт мәдениеті оның ғылымында, өмірінде, дінінде тіл арқылы танылады десек, онда фразеологиялық материалдар ұлттық маңызы бар деректерден тұрады. Бұл деректердің түп-төркіні, тарлуы, шығуы көзі фразеологиялық тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты. Фразеологизм белглріндегі мағына тұтастығы қолдану тиянақтылығы арқасында ұлт тілінде ұрпақтан-ұрпаққа сақталып жетуде. Әр бір фразеологизмдер мәдени ақпар беретін дағдылы қалыптасқан дүниетаным ұлт ерекшелігі аңғарылады.

Осындай ұлттық мәдени ерекшеліктерді қамтитын тұрақты тіркестерді талдап түсіндіру үшін оның ұлттық мәдени негізіне сүйену керек. Біздің бұл ойымызды В.Телияның ұсынысындағы; «что сам порядок предявления этих источников, достаточно произволен. Так как еще не проводилось исследования продуктивности того иного ресурса интерпретации применительно в частности к материалу фразеологии» [37.240], деген пікірінен туындап отыр.

Шынында әр ұлттың мәдени ағымындағы тілдік құбылыстар тамырланып, қалыптасуы үшін оның көптеген алғышарттары мен салалары болуы керек. Фразеологизмдердің мәдени ақпар көздерінің түсініктері қандай мәдени негізде пайда болып жасалынады деген сауалдарға мынандай ғылыми жорамалдарды ұсынар едік.

1.Қазақ халқының ең маңызды мәдени ұлттық ерекшеліктерінң бірі - жан-жақты қамтылған дәстүрлі мәдениет үлгілеріндегі дағдылы ұлттық рәсімдер. Түрлерінің әбден сақталып қалғандығы ғана бүгіндері ұлт төлқұжатындай көрінеді және өзге ұлттардан бөлек мәдени айырмашылықтарын айқындайды.

Ұлттық рәсімдерге әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер жатады. Қай ұлттың болмасын өзінің өмір сүрген дәуіріне қарай, күн-көріс, тұрмыс-тіршілігі, сол ұлтқа ғана тән әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлері, мәдениеті бар. Ежелден келе жатқан қазақ ұлтының да бұрыннан қалыптасқан көне мәдениеті, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, тұрмыс-тіршілігінің бізге жеткен үлгілері сан түрлі. Күні бүгінге дейінгі жер бетіндегі басқа ұлттардан ажыратып көрсететін қазақтың салт-дәстүрі туралы айту деген сөз.

Қазақтар өмірінің сан ғасырлық тарихы әдетте ана тілімен тығыз байлнысты. Барлық өмір салты туған тілінде түрлі номинативті атауларынан әсіресе фразеологизмдерінен көрініс тапқан.

Мысалы, құда түсу рәсімдері, үйлену тойы, ас беру т.б. толып жатқан ұлтық дәстүр, әдет-ғұрып түрлерінің атаулары тілде сақталмағаны болса онда, онда рухани мәдениет үлгілерінің мазмұны да кеми бермек. Еншісі бөлек, ені басқа – бұрынғы уақыттарда малға таба салынып, ержеткен азамат балаларына арнап тиісті мал мүлік үлесін бөлу. Қазақ салты бойынша енші ұл балаға бөлінеді. Осыдан әрі қарай енші алу /беру/ тіркесі - өзіне тиеселі сыбағасын алу /беру/ мағынасында айтылады.

Ерулік беру – көрші кеп қонған үй иелерін шақырып, қонақ ету мақсатында айтылады. Бұл әріден келе жатқан көне дәстүр. Көшпелі қазақ көшіп-қонуды аса маңызды іс деп, санады. Көшу – бұрын қазақтар өмірінде үлкен салтанат деп есептелген. Бұрын көшіп барып отырған ауылдар /еру отырған/ жанына қонған ауылды жабыла қарсы алып, «қоныс жайлы болсын» айтып, үйін тігіседі, ерулік апарады. Бұл – көшіп шаршап келген туыс жек-жаттарына жасалған сый, құрмет және қамқорлық. Сол сияқты сауын айту, жылу жинау, асар салу, байғазы беру, шаңбасар алу, тұсау кесер т.б. толып жатқан тіркестері ұлттық этнографизмдерді қалаған.

Қазақтардың бүгінгі мәдени өмір салтында әлі де сақталып келе жатқан дәстүр – тілек айтып, бата беру салты. Қазақ тіліндегі қалыптасқан тұрақты тіркестер сияқты көп қайталанып, әрі көп өзгеріссіз айтылатын тіркестердің біразы тілек-бата сөздеріне тән. Жиі қолданыста жүрген тілек-бата сөздеріндегі тұрақты тіркестердің лексика семантикалық және тақырыптық парадигмаларының молдығынан, тілек-бата сөздерінің өзі тұтастай фразеологизацияға ұшырайтындығы байқалады. Мұның өзі назар аударатын нәрсе.

2. Фразеологиялық материалдарың мәдени деректер түсінігіне жататын қазақ тіліндегі ұлан-ғайыр паремиогоиялық қор - мақал-мәтеледр. Мұнда халықтың ғасырлар бойы өмірден түйген өзіндік ақыл-ой, парасат танымы, өмірлік түрлі қағидалары мен философиясы жатыр. Біз бұл деректер түсінігін фразеологизмдерді кең мағынада түсінуді жақтайтындықтан қосып отырмыз. Жалпы қазақ мақал-мәтелдері мәдениет тұрғысынан зерттеліп, өз бағасын әлі алған жоқ. Күні бүгінге дейін қазақ мақал-мәтелдері тек тағлым тұрғысынан ғана талданып келеді. Ал ондағы халық даналығынан басқа да сол ұлт менталдылығына аз сөзбен көп түйін түйіп, жеткізген тіркестер ұлт тілінің ерекшелігі ретінде әлі танылған жоқ...

3.Образ эталаонға айналған тұрақты теңеулер тіркесі ұлттың мәдени өмірнен хабардар етеді. Мысалы; бес биенің сабасындай, - толық, етжеңді, үлкен. Қойдай өргізіп, қозыдай көгендеу – дегеніне көндіріп отыру, ботадай боздау – қатты жылау, қасықтай қаны қалғанша - өмірінің ақырғы сағатына дейін; айрандай ұйып отыру - өте тату, киіктің асығындай – кішкентай, сүйкімді; аюдың өтіндей – қасиетті зат ретінде бағалау. Құдасын құдайдай сыйлау т.б.

Фразеологиялық компоротивтер туралы әсіресе тұрақты теңеулердің басым үлес салмағы туралы алғаш ой айтушылар С.И.Ройзензон, В.Маслова. қазақ ғалымы Т.Қоңыровтың еңбектерін ерекше атауға болады.

М.Копыленко «Наиболее ярко-национальная-культурная специфика реалией и образной системы языка в целом обнаруживается во фразеологических сравнаниях» деген ойын жоғарыда аталған авторлардың еңбектеріне талдау жасай келе, мәселен, Т.Қоңыров мәліметтеріне сүйенеді. Сонда жануарлар аттары негіз болған 1300 теңеулерден 449-ы тек үй жануарларына қатысты.

Эталаондық теңеулер жүйесін әлі тыңғылықты зерттелу керек. Себебі теңеулер арқылы адамның дүниені алғаш қабылдауы және адамның қасиеттерін салытыра отырып, өзінше ұқсатуы, салыстрылуы жүзеге асырылады.

Әр халықтың басқалармен де жалпы ұқсас келетін салыстырулармен қоса, адам мен жануарлар, адамдар мен өсімдік, адамдар мен т.б. заттар сияқты ерекше өлшемдестік туралы ұғым қалыптастырады.

Мысалы қазақ менталдылығыда бұрын қыз сұлулығы ай, күн, атқан таң, гүлге теңеледі, ал ұқсас адамды құйып қойғандай, сойып терісін қаптап қойғандай, аузынан түсіп қалғндай, бір судың тамшысындай,егіздің сыңарындай дейді. Бұлардың барлығы көз алдындағы құбылысты өзінше қабылдау, шамалау сияқты жеке адмның болмысын танытады. Ал қазіргі кейбір ұғымдық категориялардың қандай дәрежеде, қандай зат, құбылыстармен “шамалас” тұруы, сана болмысындағы түрлі өзгерістерден хабардар етеді. Мәселен қазіргі жастар ұғымында күштілік, ептілікке Шварценнегер эталон болса, адамдық қасиеттер өлшемінде тіпті атйуға тұрмайтын эталондар бар.Өкінішке орай, ұлт мәдениетінде осындай рухани жүдеушілік тередеп барады.

4.Фразалагизмдердің мәдени ұлттық түсініктер дерегінің тағы бір қайнар көзі- тілдегі сөз символдар, символдық мән алатын сөздер мен сөз тіркестері. Қазақ тілінде символдар туралы көп пікірлердің соңғы ғылыми тұжырым ғалым Р.Сыздықованың айтуында: “символ” - идеяның заттық (болмыстық) нышаны, астралы образы.(1995,92)

Әдетте мәтін ішіндегі тілдік символды аңғаруға, түсінуге, бағалауға көкірек көзі керек. Ал фразеолагизмдердің астарындағы өз табиғатынан туындайтын экспрессивті мағына мен ойға қосымша, сол ойдан тағ бір тұспал ойдың шығуы, оны түсінуі- әрине, ішкі зерденің тереңдігіне байланысты.

“Қамшы жегің келіп отыр ма?” десеңіз, бүгінгінің баласы ол не деуі әбден мүмкін. Сол сияқты тізесі бату, бауыры елжіреу, жүрегін жралау, жүрек тоқтату тіркестеріндегі тіз -өтемдік, бауыр-жақын тарту,жүрек- нәзік, жан дүние; жүрек тоқтату -өзін өзі билеу сияқты ұғымдардың арғы түсінігі символ сөздерден шығады.Мәселен қазақ ұл жағынан ең жақын адамын бауырға балайды. Жүрек бауырдан да кем емес, ең қажетті орган, бірақ жүрегім емес, бауырым деуіндегі символдық мағына бауыр соматизмінің ерекшелігіне байланысты болып отыр. Мұнда бауырдың бүйрек, өкпелердей емес, жалқылығы мен организм үшін қан жасаудағы ролі бағаланағн. Сонда жоғарыдағы фразеологиялық тіркестеріндегі атаулар метафораланып тұрған жоқ, керсінше сөз символдың мағыналары сақталып тұр.Сонда заттардың символдық қызметінің көмегімен тілдік белгілердің атымен символға айналуы фразеологизм жасауда астарлы ойдың, тұспалдың тағы бір көмескі қыры ашылады.

Қазақ дүниетанымындағы діннің ролі, дінге қатысты ой толғамдар, оның адамгершілік, адамды сүю, құрметтеу, мораль, этика үлгілерін танытатын сөз тіркестері фразеологиялық материалдардың деректерін қамтиды.Қазақтар ислам дініне сенеді.Дін жолын ұстаған қазақтар ислам дінінің суниттік ережелерін қабылдаған. Оған дейінгі шаман дінінің әсерінен қазақ мифалогиясында ертеден келе жатқан нанымдардың белгілері сақталған. “Көк” түсті қазақтар ерекше пір тұтқан. Тіпті әулие, хан, атақты адамдар мазарлары мен күмбездер төбелері көк түспен/ бирюза/ боялған. Ал «көк соққыр», «көк келсін» деген қарғыс мәнді фразеологизмдері – «Алланың қаһары тисін» деген мағынада. “Көк қсқа сою”(атау)- құрбандық шалу, отқа май құю, т.б. культ ұғымдары діннің әдет-ғұрыптық жағын көрсетеді. Мұдай культ түрлерінің (культ латынша “cultus”- сыйлау, құрметтеу) мазмұндық сипаты ұлттық сөйлеу тілінде орын алып, кейінгілерге мұра боп жетеді. Діни наным сенімінің, дүнитанымының материалдық мазмұны, халықтың рухани мәдени өмірін сипаттайтын сөздер мен тұрақты тіркестері қазақ тілінде көптеп кездседі. Бұл Фразеологизмдер арқылы тілді жасаушы халықтың бір кездердегі ой санасының, жан дүниесінің, сәулесі деп түсіну керек.

Қазақ тіліндегі адамдар бір- біріне жақсы тілек айтқанда қалыптасқан тұрақты тіркетері құдай атымен көп кездеседі.Құдай жарылқасын! Құдай сәтін салсын! Алла жар болсын! Құдай тілегіңді берсін!т.б.

Қазақ фразеолоизмдері мәдени деректерінің тағы бір саласы ұлттың адамзат тарихында жасаған интелектуалдық рухани мұрасы. Бұл төл мәенитінің өсуі мен гүлденуі, өркениет заманындағы ұлт тарихының бүкіл мәдениетін көрсететін философиялық көзқарасы, тарихы, әдебиеті, тілі. Бұл түп деректердің ауқымдылығы соншалық, олардың әр қайсысы фразеологизмдердің шығу тарихын зерделейтін жеке-жеке ғылым салаларына арқау болатын үлкен ұлттық мәдени қор. Бұған ежелден құлаққа сіңген фольклорлық мұрадан бастау алатын “жердің жарығын бітеу”- ертегідегі ситация; “қабағынан қар жауып, кірпігіне мұз тоңып”, “тау өртеніп, тас жанған”сияқты эпостағы бейнелі сөз өрімдері, “қарағай басын шортан шалар”(Асанқайғы), “қанды көбік жұтқызу”(Махамбет)- дейтін тарихи дәуір суреттеріне осындай образды тіркестер куә.

7.Мәдени ұлттық ақпарлардың тағы бір ұшығы ұлт тіліндегі өзіндік мән мағынасымен белгіленген сөздер мен сөз тіркестерінің фразеологиялық мағына жасауда ықпалы бар.Мұндай сөздер мен сөз тіркестері көбінесеелтану мақсатында талданып түсіндіріледі.Мысалы Шықбермес Шығайбай, Қарабайдай Қанпезер –сараңдық эталондары болса, сол сияқты сыбағасын жеткізу (беру)-1.сыйлау, құрметтеу 2.таяқ жегізу мағынасында, шаңырақ көтеру- үйлену, үй болу сияқты фразеологизмдер құрамындағы Шықбермес, Қарабай-ертегі мен жырдағы әдеби кейіпкерлердің аттары немесе сыбаға сөзіндегі ұлттық дәстүр, шаңырақ сөзіндегі-мәдени салт ұғымдарында, фразеологизмдердегі компонент сөздер астарында ұлт тіліндегі өзіндік мағынасы белгіленген сөздер бар.

8. Тілдегі образды тіркестер көбінесе фразеологиялық материалдарды байытуға әсер етеді. Себепсіз метафоралы тіркес пайда болмайтынын ескерсек, онда кез келген метафоралы тіркес мағынасында сол тілде сөйлейтін ұлттық таным білімі байқалады.Адамдардың ойлау жүйесі бүгінгі таңда сәт сайын өзгеріп жатады. Құбылысытар мен жағдайлар арасындағы ұқсастық оның тіл көрінісіндегі мүлдем жаңа образбен астарлануы Қашан да сана төңкерісінің маңынан табылуы керек. Қазақ тіл білімінде метафора тіл білім әлі күнге дейін тек троптың түрлері ретінде ғана сөз етіліп келеді. Тіпті түрлері детолық сараланбаған. Ұлт менталитетінен, ұлттық болмысынан әлемнің тілдік көрінісінің орнын айқындау – кезек күттіріп тұрған іс. «күміс қоңырау балалық», «семіз жалқаулық», «үнсіз айқай тұнған көз» т.б. дүниенің төрт бұрышындағы жанды-жансыз суреттері жатыр... «Қоңыраулатқан кішкене құлын» бейнесіндегі – балалық пен мінезі қаттының – бетон бейнесі екі дәуір түсініктерінен хабар беретін метафоралы тіркестер. Бұлардың фразеологиялық қорға қосылуы да, қосылмауы да мүмкін. Ол тіл қадірін білмейтіндерге, ұлт тілінде бейнелі сөйлеуге ұмтылатындарға байланысты. Қалай дегенімен де соны образды тіркестердің көбейгені, болғаны абзал. «Тіл - жанды дүние десек, қан беретін, нәр беретін танымдық ой сананың тереңінен шығатын метафоралар. Ал фразеологизмнің шығар көзі, метафоралы сөйлеуден» - дейді Хасанов. Бұл талданған фразеологиялық материалдардың мәдени түп деректері туралы айтылған мәселелер күллі «мәдениет тілінің» проблемаларына толық жауап береді дегеннен аулақпыз. Біз мүмкіндігімізше, тек фразеологизмдерге қатысты тұстарына талдау жасадық.

В.Телияның айтуына қарағанда, тілдік метафоралардың мағынасы талдау мен салыстырулар негізінде тек семасиологиялық аспектіде қарастырылып, келгендіктен метафораның теориясы әлі нақтыланбай келеді.

Халықтық эпостарда, аңыз жырларда өткен ғасырлардың ақын-жырауларының шығармараларында және басқа да дереккөздерде сақталған атаулар сияқты басқа да бірқатар тілдік единицаларда да ұлттық мәдени ақпараттар берілетін нышан болады. Бұндай нышан тілдік единицалардың бірінде имплицитті түрде (жасырын) екіншісінде эксплицитті түрде (анық, айқын) көрініп, танылып тұруы мүмкін. Басқаша айтқанда тілдегі кейбір тұлғалардың сыртқы нысандарының өзі “ұлттық бітімді” байқатып тұрады, ал кейбір жекелеген сөз тіркес, фразалардың нақты бір ұлтқа мәдениетке тән белгісі қолданысқа түскенде ғана айқындалады.

Аудармашының лигвоэтникалық құзіреті осындай единицаларды (лингвокультуремаларды) ажырата білуіне байланысты орталық фразеологиялық жүйенің ұлттық менталитетке қарым-қатынасын зерттеген В.Телия ұлттық мәдениет пен этностық ұлттық танымдық сипатын фразеологиялық тіркестермен қатар, халық мәдениетінің рәсімдік нысандарын паремиологиялық қор, образ, эталондар жүйесі, символ сөздер және символды таныта алатын сөз тіркестеріне теологиялық атаулар, қанатты сөздер мен орамдар арқылы ажыратуға болатынын дәлелдейді. Бұл айтылғандар аударма әдебиеттер тілінің лингвистикалық ерекшеліктерін айқындауға тікелей қатысы бар. Өйткені халықаралық қоршаған материалдық және рухани дүниені танып білу алған танымын жеткізетін (бейнелейтін) тілдік амалдар әр түрлі.

Ақпараттық құрылымдық амал-тәсілдерді игеру жағынан қарағанда, ойды берудің концептуалдық құралдарын пайдаланылатын тілдерде бар. Қазақ тілінде ортақ ойды нақты атаумен беруден гөрі эммоционалдық -экспрессивтік құралдарын беруге бейімделетін тілдер: екі тілдің әлеуеті, сондай мағынаға ие болатын образ-символдар әр түрлі: сондықтан да екі тілде де образ бейнеленетін мағынасы жағынан жуықтасатын немесе бір-біріне мүлдем қарама-қайшы теңеулер фразалық тіркестер, қанатты сөздер, сөз символдары бар.

Әр тілдің мәнерлігі, айқындылығы әр түрлі болады. Олардың мәнерлілігін өлшеу, салмақтау қиын. Тіпті кейбір тілдер ұғымды қабылдауға соншалық ауыр болса, ал енді бір ұлт тілдері бүкіл дүние жүзін жайлап кетеді.

Қазақ тіліндегі шешендік өнер, билер сөздері жиі айтылатын тілек-бата сөздерінде тілдік суггестиялық қасиеттер бар. Және бұлардың мәтінінде прагматикалық ерекшеліктері тіл білімінде әлі зерттел қоймаған, тың тақырыптар күйінде қалып отыр. Тілек-бата сөздерінің айтылу негізіндегі тұрақтлығы, қолдану тиянақтылығы сияқты тұстары назар аударарлық. Тіл арқылы мәдениеттануды лингвомәдени талдауында айқындалатын «как воплащена в содержание фразеологизмов – идиом, фразеологических сочетаний, определить смысыл их культурно-номинальных коннотоции благодаря которым формы в процессах их употребления воспроизводятся характерологические черты народного менталитета» [37,237] дейтін әдістемелік негіздерінің жалпы міндеттеріне сай, фразеологиялық ұлт менталдылығын анықтауда рухани мәдениеттің түп дерегі болмақшы. Қазақ тіліндегі фразеологиялық қордағы материалдарды тілдік фактілерді түсіндіріп, талдауда мәдени маңызы бар деректерге сүйену – тіл арқылы мәдениеттанудығы ұлт менталитеті туралы айту деген сөз.

Мысалы қазақтар менталитетіндегі жасы үлкен кісіні сыйлау, құрметтеу, туыстық қатынастардағы моральдық этика және әдет-ғұрыптардың этнографиялық бастау көздерін бейнелейтін тұрақты тіркестердің әрқайсысы бір-бір мәдени деректерден хабар береді.

Жасы үлкен, сыйлы кісіні тілде ақсақал, ақсақалды, ақсақалдай дейтін заттық анықтауыштық сөздер бар. Соған орай фразеологизмдерде мағыналас қатар құрайтын тіркестер де кездеседі. Мысалы кәрі құлақ, көпті көрген, сақалын сыйлау т.б. тіркестерден ұлттық ізет пен құрмет байқалады. Қазақ тіліндегі мағыналас фразеологизмдік тіркестер қатарында мәдени ұлт тіршілігінен адам мен орта туралы сұрыпталған үзік-үзік сыр шертетін тіркестер ұлттық ізет пен құрет байқалады. Мәден ұлт тіршілігінен адам орта туралы сұрыпталған үзік-үзік сыр шертетін тіркестер баршылық.

Аттың жалы, түйенің қомында, от ала келгендей, жау тигендей жын қуғандай – бұл тіркестерге образдылық эталоны ретінде жау, жын сөздерінің алынуы тегін емес. Мұнда ұлтың күн көру, өмір сүруі де жаугершілік пен әдет-ғұрыптағы бақсылық өнерінен хабар беретін мәдениақпараттар сақталған. Аяқ астынан тыныш жатқан елге жау тиіп щшаңырағы ортасына түсіре немесе одан бас сауғала асығыс қаша жөнелу мұның барлығы бүгінгі ұрпақ үшін көркем филм фрагментінен елес сияқты. Дәл қазір фразеологизмдерге айналған бұл тіркестерден бір замандарда ғасырлар бойы ата бабалардың көрген қорлығы мен шеккен бейнетінің алыс елес суреттері ғана танылады. Бәлкім мағынансы дәл сондай тұрақты тіркестердің өзге тілдерде кездеспеуі мүмкін. Олардың ішінде атаулық ұғымдар ырымдар, тыйым сөз-тілек, бата мен қарғыс та ұшырасады. Мысал ошақтағы отқа түкірмеу, «күлді баспау», «ошақ оты сөнбесін», «түтінің түзу ұшсын» т.б. Жоғарыдағы мысалдардан кез-келген көшпелілер өмір салтында бұрынан қалыптасқан отқа табынатын наным-сенімнен туған деп пікіріді кесіп айту қиын мүмкін, мысалы «күлді аяқпен баспа» деген тыйымды адамды сақтау, қорғау мақсатында айтылған болар. Өйткені жоғарыда көшпелі халық отты өшірмеу үшін қалың күлмен көміп қойған. Сол сияқты күл арасында шоқ болуы мүмкін, қарапайым логикалық нәрсе, күйіп қалмаудан сақтандыру деген ой да болуы мүмкін.

Ежелгі адамдардың мифтік таным діни танымы көшпелі салтының қалай дегенменде қоршаған орта тәуелділігінен туатын таным түсінікті салыстыруға болмайды.

Көшпелі өмір салтының өз заңдылықтары бар. Адамдар арасындағы бір бірімен күнкөріс, тіршілік астарында ортақ өмір сүру мүдделілігі бірыңғай түсіністікпен үйлесімін тауып отырған. Демек көшпелі қазақтар өмірінің әлеуметтік күн көруі «адамның күні адаммен» жақсылық жасау кредосына тіреледі. Көші-қонын шаруа жайына қарай жиі ауыстыратын көшпелілер тұрмысында отты тіршілік тұтқасын әрдайым немесе қонған жерінде лаулатып жандыра қоятындай жағдай болмаған. Ошақтағы отты күлімен көміп келесі көш келгенше сөніп қалмауын ескерген. Бұл бертін келе ұзақ уақыт малшылар тәжірибесінде кездесетін мысалы, жер ошаққа сексеуіл, көпек сияқты ұзақ жанып қызуын сақтайтын отын түрлерін молдау етіп көміп кетсе көпе дейін от сөнбей жатады екен. Ертедегі ауылдың ең жетпейтін қымбат дүниелерінің бірі – осы күнгі сіріңке мен қу. Алайда жоққа жүйрік жетпеген. Әр үй ұйқыға кетере алдында шала кепкен тезекті ошақтың ыстық қоламтасына көміп қояды. Ол таңға дейін түгел жанып кетпейді. Шоғы бітіп оты сөнгендей болса, көршісінен алуға кетеді.

От алуға кеткеннің жолы ұзаса, оттың әрі қарай тағдыры не болары белгілі. От алу көрші-қолаңмен араласып кіріп-шығатын ең аз уақыт. Осыған орай от алуға келмеп пе едің? Деген тіркестер бар.

Әр ұлттың өз тілінде дүние, әлем туралы түсінігінің түрпкі тілдік фактілері арқылы кесіп-пішеді. Түрлі тілдік фактілер қоршаған әлемнің тілдік суреті адамдар санасындағы дүниенің логикалық бейнеленуі жағынан ұқсас болып келеді. Құбылыстар арасындағы ұқсастық ұғым категорияларын жасайтын лексикалардың тол\ығуынан әсер етеді. Сол ұғым түрлерінің тұтастай алғандағы атаулары тілдің негізін құраса, әлемнің ондағы құбылыстардың тілдегі суреттерінен ұлт ерекшеліктерін танып білуге болады.

Өркениеттілікке тән жағдай қоғамның жоғары әлеуметтік, материалдық дамуы десек, мәдениет ұғымы бұл арада ұлттық руханитүсініктен табылады. Адамзат қоғамының дамуында соңғы уақыттарда әлеуметтік «көзқарастардың өзгеруі» арқылы пайда болған жаңа ғасыр алдындағы ұлттар еркіндігінен шығатын тілге де мәдениетке де оң бағыт әкелген себептердің тілдегі фактілеріне назар аударылады. Ол фактілер мәдениет ұғымының тіл біліміндегі өзіндік ерекшеліктерінің жаңа қырларын ашуға себепші болды.

Ұлт топырағында тамырланып алған халық тіліндегі сөздер мен фразеологизмдер ғана ұлт ерекшеліктерін, менталитетін айқындап бере алады. Демек бір тіл – бір ұлт.

Соңғы кезде тіл білімінде пайда болған жаңа лингвомәдениеттану пәнәнің ғылыми негіздері талданып, зерттеу материалдарының бағыты айқындалды.

Қазақ ұлтының мәдени өмірінің тілдегі көрінісі фразеологиялық қордан ерекше байқалады. Фразеологиялық материалдар ұлттық маңызы бар деректерден тұратын мәдени ағымдағы тілдік құбылыстар тамырланып қалыптасуы үшін оның көптеген алғышарттары мен салалары болатындығы ескеріледі. Фразеологизмдердің мәдени ақпар көздерінің түсініктері қандай мәдени негізде пайда болып жасалынады деген сауалдарға жауап беруге тырыстық. Фразеологизмдер ішкі формасынан алғашқы «прототип» кезінен ең негізгі сілтеме хабар яғни ұлттың мәдени тіршілігінен мәдени ақпар бере берпмейтін тіркестер де бар.

Замандағы түрлі өзгерістер, бұрынғы қалыптасқан ұғым, түсініктердегі тұрақты тіркестердің өзін перифразалап, жаңа фразеологиялық мағынаға айналдырды. «Тұсау кесу» этнографизімінің фразеологиялық қазіргі «презентация» сөзінің алмастырылуы осыған дәлел.

Әр ұлттың сөздік қорындағы бүкіл фразеологиялық құрам – сол ұлттың тілдік әлемі арқылы ұлт менталитетін қалыпатастырған ой сандығы. Бұрын мәдениет мұралары жеке адамның рухани азығы ретінде өз тілінде өз бойындағы тұрмыс-тіршілігінде, өмірлік тәжірибесінде әр кез көрінер болса мына өркениет заманын да қайсыбір дүниетаным еркшеліктерінің рухани қабаты жазба мәдениетінде қайталанып жатыр. Тілді ортада көркем сөз мысалдары толық қамтылмайды, жетпей, естілмей жатады. Адамзат мәдениетінің ұлан-ғайыр қорындағы фразеологиялық материалдардың үлес салмағында толығу, жаңару просесінде бөлек үрдіс қалыптасуы мүмкін.

Аудармашының көздеген мүддесі аудару мәнінің төл тілінің табиғи қалпымен жасау; сол себепті де түпнұсқа сөз тіркестерінің сыртқы формасы емес, негізінде стильдік – көркемдік мақсатынан шыға отырып қазақ тілінің нышаны бар үлгілерді, халықтық стереотиптерді қолданады.

Ұлттық нышанға ие болған қазақ тілінің фразеологиялық жүйесі діни ұғымның сөйлеу жүйесіне қатысты сөздер мен сөз тіркестерінің тұрмыстық атауларының қолданысынан көрінеді. Әр халықтың тіліндегі атаулық басты сипатының белгіленуі мәдениеттің тілдегі көрінісі, қоршаған орта тіл арқылы суреттелуіндегі ұлттық мәдениетінің этникасына тән өзгешеліктер туралы мәліметтер көптеп кездеседі.

Тіл-тілдің лингвистикалық мәдениетінің ерекшеліктері әдебиет, тарих, мәдениет, философия, этика, антропология ғылымдарымен байланыстыра қарағанда түсінікті кешенді жүйелі шешіледі.

Халық өмірі мен мәдениетінің куәгеріне айналған ана тілдің бойында сөз байлығын шашаусыз жиып болашаққа сақтап жеткізетін игілікті қасиеті бар, бұл қасиет талай ғасырдың қилы тарихын, халықтың рухани және материалдық-мәдени тіршілігін, дүниетанымен әдет-ғұрыпын, асыл мұрасын тілдің өзінен дарытып, біздің санамызда өміршеңдік қызметі арқылы танылып отыр.

Рухани материалдық мәдениет үлгілері қазірде ұлттық ұрпақ үшін қымбат қазынаға айналып, ата-бабаларымыздың төл болмысынан бүгінде кейбірі ұмыт болған мәдени өмірінің ақиқат белгілерін табуға болады. Осы жайт туралы В. фон. Гумбольт: «язык связывает все покаление, и все они проявляют себя в нем... Язык представляет собой саму нацию, язык – это ........ Рассвет всего организма наций... язык является доказательством существования ныне исчезнувших культур » деп көрсетеді /4.314,325/.

Тіл тағдыры ұрпақ тағдырымен сабақтас. Өйткені әр халық өз ана тілін тек ұрпақтарының жетістігімен ғана өзгеге танытады. Тілдің ұрпағы үшін қоғамдағы ойдың айрықша қасиеті туралы академик Ә. Қайдардың: « ал, тілдің үшінші қызметі – ғылым терминімен айтқанда аккумулятивтік қызметі деп айтып яғни ол тілдің ғасырлар бойы дүниеге келіп, қалыптасқан барлық сөз байлығын өз бойына жиып сақтап оны келешек ұрпаққа мұра ретінде түгел жеткізіп отыратын игілікті қасиеті»/7.19/ деген анықтамасы этностың мәдениеті халықтың өмірімен бірге жасасып келе жатқан тілдік деректері негізінде тануға болады деген тұжырымға негіз боларлық.
1   2   3   4   5   6   7   8


написать администратору сайта