лингвомаденииаттану. В. Н. Телия "Лингвомдениеттану тілді корреспонденциясы мен мдениетіні зара атынасыны синхронды трін зерттейтін жне сипаттайтын этнолингвистиканы бір блшегі" 15,217 деп сипаттаса лингвомдениеттан
Скачать 0.54 Mb.
|
Аударманың мәдени танымдық қызметі Аударма еңбектер лингвомәдениеттану пәнінің тағы бір зерттеу аясында қарастырлатын объектісі болып табылады. Аударма қай дәуірде болмасын сол заманға, сол уақытқа сай ауқымды мәдени ақпарат көзі болып табылады. Аударма – адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Адамазат тарихында бір-бірінен тілінің бөлектігіне қарай топтасқан адамдар қауымдастығы құралысымен-ақ әртүрлі тілді қауымның, топтың өзара түсінісіп, тілдесуіне дәнекер болатын «қос тілді» адамдар – тілмаштар пайда болған. Халық тіршілігінде жазу-сызу қалыптасқан соң сөйлеушіге ілесе, қосарласа отырып, ауызша аударатын тілмаштар легіне аударуды жазбаша түрде жүзеге асыратын тәржімашылар қатары қосылды. Жазбаша аудару қалыптасқан тұстан бастап-ақ тәржіма халықтың мәдени-қоғамдық өмірінің алуан тіршілігімен қатар өріліп, біте қайнасып жататын күрделі құбылысқа айналды. Қазақ тіліндегі алғашқы жазба түріндегі аударма үлгісі Ы.Алтынсаринның 1879 жылы жарияланған «Қазақ хрестоматиясы кітабымен» байланыстырады. Бірақ оған дейін де жазба аударма үлгілері болған деген де көзқарастар бар. М.Қашқаридің «Диуани лұғат-ат-түрік» сөздігі немесе Шығыс ақындары шығармаларының қазақша жырланып, назира аударма деп аталуы бар. Орта ғасырларда Шығыс жырларын қазақтың бай ұлттық тілімен қайта өңдеп жырлаған ақындар ауызша қалыптаса бастаған әдеби тілге жаңа сөз өрнектерін, айшықты орамдарды қосып, тілді дамытты. Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин қазақ тілінде жазылған алғашқы оқу құралына-«Қазақ хрестоматиясына» орыс классикалық әдебиет өкілдерінің шағын туындыларын тәржімалап енгізді. «XIX ғасыр соңындағы аударма әдебиеттің алдында, - дейді Р.Сыздық, хат танитындар арқылы қалың көпшілікке білім-ғылымның әр саласынан хабар беру және сол кездегі жұрттың сауттылығы білім дәрежесімен санасып, түсінікті, жеңіл, «жалпақ» тілмен білдіру мақсаты тұрды». Өзге тілден қазақ тіліне аудару тіл байыту қызметі мен ағартушылық қызметі 1920-30 жылдар мерізімінде де қазақшаланған қоғамдық-саяси, көркем әдебиеттің үлесіне тиді. Ғалым, ағартушы, ақын, қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлы әдебиетке, тілге, өнерге қатысты «еуропалық орыс әдебиеттануындағы ұғым, термин, категорияларға шып-шырғасын шығармай түгелдей қазақша балама тапқан» Қазақ ұғымына сыртқы нысаны айтылуы (план выражения), ішкі мазмұны (план содержания) беймәлім ұғымдарды халықтың ұлттық бітіміне тән образды ойлау, логикалық ойлау қалыбынан өткізіп барып, жазба тіліне ұсынған А.Байтұрсынұлы білім мен ғылымның таралуына мүмкіндігінше ыңғайлы жол ашты. Ағартушылық істі барынша өркендетуге үлес қосты. А.Байтұрсынұлы өзге тілден тәржімалап ұсынған терминдер (олардың жалпы саны шамамен 1500) термин ретіндегі ұғымдық көлемді қамтуы жағынан да, төл ұлттық тілдің табиғи заңдылықтарына орайласуы жағынан да сапалы, ұтымды болып шығып, ғылым тілінің, әсіресе тіл - әдебиет пен бейнелеу өнері атауларының негізгі қорын жасады. Ғасыр басындағы және одан да әріректегі аударма әдебиеттің – «Дала уалаяты газеті» мен «Түркістан уалаяты газетінде», «Айқапта» жарияланған ғылыми-көпшілік мазмұндағы тәржіма материалдарының С.Көбеев, Б.Дәулетбаев, М.Сералин, М.Жұмабаев жасаған аудармалардың тәржімалық қорды кеңейтіп, сүбелі саланың алғашқы сүрлеу ізін салғаны белгілі. 1950 жылдардың бас кезінен бастап қазақ мәдениетінде орыс тілінде жазылған көркем әдебиетті, қоғамдық-саяси әдебиетті қазақша аудару жұмысы әдебиет пен мәдениеттегі ең маңызды шаралардың біріне айналды. Бұдан жарты ғасыр бұрын өзге тілде жазылған түпнұсқаны қазақша “сөйлету” ісіне қазақ көркем классиктерінің, ғалымдар мен журналисттердің белсене ат салысуына ықпал еткен бір жайт – зиялы қауым өкілдері аударма жасауды ұлттық рухани мәдениетті өркендетудің бір жолы, “ұлттық әдебиетіміздің” тіпті жалпы мәдени қорымызға кіретін, болашақ ұрпақтарға мұра болып қалатын табысымыз деп қарады. Әдебитеттің проза мен поэзия жанрларының бастапқы 1950-55 жылдар аралығында қазақшаланған түпнұсқалардың стильдік көркемдік белгілері, аударылу принциптері туралы пікір айтқан М.Әуезов, М.Қаратаевтың, Т.Әлімқұловтың, Ә.Сатыбалдиевтың, Т.Ахтановтың, Ә.Нұрпейісовтың, Е.Букетовтың, Р.Хайруллиннің “аударманың маңызы неде” деген сауал төңірегіндегі тұжырымдары “аударма қазақ мәдениетін дамытудың дүние жүзілік өркениеттің озық үлгілерінен тағлым алудың негізгі арнасы деген тұжырымға саяды. Ұлттық мәденитетті өркендетудің, әлемдік әдебиет нұсқалары мен көршілес туыстас халықтар әдебиетін оқып үйренудің жалпы алғанда әлемдік өркениетке жақындаудың негізгі ұтымды көзнің бірі ретінде танылған аударма жұмысының дұрыс жолға қойылуы қоғам мүшелерінің интелектісін көтерумен қатар халықтар арасындағы экономикалық, саяси, мәдени байланыстарды нығайтуға жол ашатындығын ұғынған зиялы қауым өкілдері осы процесске белсене араласты. Оны ұлт мәдениетіне қосылатын рухани қазына, көркем өнердің бір түрі деп бағалады. Осы кезеңдегі М.Әуезовтың аударма шығармалар жасауда қосқан үлесі өз алдында. Ғ.Мүсірепов, Х.Ерғалиев, Е.Букетовтың, Қ.Ысқақов, Ә.Нұршайықов және т.б. танымал қаламгерлеріміз әлем әдебиетіндегі танымал тұлғалардың еңбектерін аударды. Дүние жүзілік классикалық биік деңгейдегі көркем туындылардың тәржімасын жасау ісімен қатар қоғамдық-саяси әдебиетті қазақшалаудың тәжірибесі де шыңдалып, жинақталды; оқу-ағарту құралдарының қазақ тіліндегі нұсқаларының сапалы жазылуына мән берілді. Аударма мәселесін дұрыс жолға қою мәселесі, оны жетілдірудегі бағыт-бағдар және өзге тілдегі түпнұсқаны қазақша сөйлетуге қандай әдіс-амал ұтымды дегендерді теориялық тұрғыдан жетілдіру 50-60 жылдарда жүйелі түрде өткізілген ғылыми-практикалық басқосулар мен мәслихаттардың қосқан үлесі айырықша болды. Аударма әдебиет осылайша зиялы қауымның назарынан түспей, әдебиеттің өзекті мәселесіне айналды. Бұлай болуының түп-арқауы, біріншіден аударманың төл әдебиеттен өзгеше, қоғамдық-саяси тапсырысты орындағанына байланысты болса, екіншіден аударма қоғамның, әрбір жеке адамның зердесін, интеллектісін байытатын тұтастай алғанда, ұлт мәдениетіне қосылатын рухани қазына, көркемөнердің бір түрі деп бағаланды. Ең алдымен, аударма жасауға негіз болатын түпнұсқа кең көлемде алғанда, өзге халық мәдениетінің үлгісі; аударуға алынатын объектінің ар жағында тұпнұсқаның мазмұны мен идеясын, тілі мен құрылымын қалаған өзге мәдениет тұрады. Таразының екінші басында аударманы қабылдаушының өзге халыққа тән мәдени-ұлттық бітімі бар... Әр халықтың рухани мәдениетінің үлгісіне қай деңгейде, қалай астасады деген проблеманың шешілуі аудармадағы сөз таңдау мәселесінің анық-қанығының айтылуына мүмкіндік береді. Қазақ әдебиетінің классиктері жасаған аудармаларда шығармашылық ізденістері мол. Әр бір жазушының өз тілі, стилі бар; жазушы даралығы арқылы тілдік құралдары, сөз қазынасы өзгеше ұжымдасады, өзгеше дәнекерлеседі. М.Әуезовтың “Абай жолы” эпопеясында образ сомдау, оқиғаны баянадау, суреттеу тәсілдерінің қатарында мысалы бірнеше синонимдерді ілестіре қатар қолдану, көркемдік құралдарды үстемелеп пайдалану т.б. көркемдік амалдары өте көп. “Абай жолындағы” «Барлық тұлғасы сай келген қарасұр жігіт, сонау, сонау сұлу болмаса да ұнамды, сүйкімді. Жігітек ішіндегі намыскер, отты, пысық жігіттердің бірі: Келбетті маңдайы ақшылданып, айқындалып тұр: Әнінде ашық айқын бір келісті сарыннан басқа, үзілмей ілескен майда рахат саз, бір күміс лебіз толқын бар деген суреттеулер М.Әуезов аудармаларында жоқ. Тарихи романдарында кездесетін ұлы жіңгір, ызғындай, жауырту сияқты көне сирек сөздерді, ымырттың сұйылтқы мұнары, сары сағым, сида сақал тәрізді образдарды, кемеңгер отырар жерде кемпарық отырар деген ұлт тілінің табиғатында бар дыбыс үйлесімділігі сақталған мәнерлі орамдарды Ә.Кекілбаев айталық А.Чехов әңгімелерінде немесе В.Шекспирдің “Ромео мен Джульетта” драммасын тәржімалағанда қолданбаған. Ал суреттеу тәсілдері бір-бірімен аражігі білінбей шебер араласып, қиюласып жататын сөз зергері Ғ.Мүсіреповтың қаламгерлік даралығы М.Горькийдің ана туралы әңгімелерінде өрнектей есіліп жатады. Түпнұсқаның көркемдік-эстетикалық құндылығын сақтау және қазақ тілінің нормаларын қадағалау міндеттеріне сәйкес көркем аударма жасаған қазақ қаламгерлері – аудармашыларының шығармашылық ізденістеріне тән ерекшеліктер бар. Аударылып жасалып, көркем аудармадан тарап, тіл қолданысына сіңіскен немесе потенциалды элемент ретінде тіл айналымына түсуі әбден мүмкін “тың сөз туындылары” М.Әуезов аудармаларында өте көп. М.Әуезов атаған тың сөз туындылары – қазақшаға аударылған жеке сөздер, тұрақты тіркестер - гүлалқа-венок; тұспалдама-намек, сыбыршы-суфлер, құлақша қағаз-этикетка, бірсүйер-однолюб (Ғ.М.), артқы жәукем қол – аръергард, патшаханым-императрица, тері жақы – кожаный пиджак деген қолданыстар тіліміздегі көнерген ұғымдарды пайдалана отырып аударма үлгісінде жасалған. Ал қазіргі таңда аударма мәселесі қалай деген сауалға тоқталсақ, елбасы Н.Назарбаевтың қолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» атты бағдарлама аясында біраз ісі те тындырылды. Тілімізге әлем әдебиетінде аттары ерекше орын алған ұлы классиктердің еңбектері аударылуда. Дегенімен аударылып жатқан дүниелердің барлығы да сапалы, жоғары дәрежеде жазылған деуге келмейді. Олардың сыбағасын сыншылар берер, мен мұнда жалпы аудармашылықпен айналысып, оған қатысты жүйелі пікірін білдіріп отырған Серікбол Қондыбайдың мына ойын келтіргім келіп отыр, қазіргі «аударушылардың» сөзді қолдану әрісі – ақиқатқа, берісі тарихқа, ой-таным ұғымға нұқсан келтіру, бұзу екендігін түйсіну жоқтың қасы. Қазіргі кезде құр әріптер жиынтығын сөз, мағына деп тану – тенденциясы қазақ тілін оқшауландыра түсетін ойламаушылыққа қарама-қарсы идея; бұл - аудармада тілді тегінен ажыратпауды мықтап ескеру – аудармашының адамгершілік-моральдық та міндеті болу керектігін айғақтайды. Ғалым тағы да «қай зерттеуші болмасын, өз заманындағы ғылымның мүмкіншілігіне, тәлім-тәрбиесі сөзсіз ақиқат әрі дұрыс деп кім айтты?» деген сауал тастайды. Сондай-ақ, «мәдени мұра»бағдарламасы аясында кезінде шет елге шығып кетіп мәдени мұра ретінде сақталып келген ұлтымыздың көне дереккөздері туған топырағына қайтарылуда. Ол еңбектерді қазіргі тілімізде сөйлету жұмыстары да жүргізілуде. Сонымен, жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатқан біздер үшін аударма әдебиеттердің маңызы бұрынғыдан да жоғарылай түскен сынды. Кез-келген көзі ашық, көкірегі ояу азамат әлем әдебиетіндегі туындылармен өз тілінде танысып өзіндік пікір білдіріп жатуы оның интеллектісін, таным деңгейін асқақтататыны айқын. Өзге тілдерден қазақшалау ісінің түпнегіздерін түгендеп, қазақ аудармасының тарихын жасау қазақ әдебиетінің, мәдени-ғылыми ойдың, жазу-сызудың, оқыту –білім беру ісінің тарихын анығырақ кемелді түрде зерттеуге септігін тигізетіні сөзсіз; сонымен қатар қазақ халқының әдебиеті, мәдениеті мен өнерінің даму жолымен төл әдебиетке, төл мәдениетке, ілесе жүріп келе жатқан аударма ісінің мәдени танымдық, көркемдік эстетикалық, қоғамдық әлеуметтік қызметі мен рөлін танып білу, бағалау маңызды іс; өйткені қай кезеңде де, қай тұста да аударманың қоғамның ілгері дамуындағы, оның рухани жетістіктерімен көркейтудегі орны маңызды. Аударма – халықтың рухани қызметінің, мәдени өмірінің бір саласы. Халықтар арасындағы үзілмейтін үрдістердің бірі. 1.4 Материалдық мәдениеттің ұлттық болмысы, оның тілдегі көрінісі. Материалдық мәдениеттің шындық өмірдегі күнделікті тұрмыстағы заттармен тығыз байланысты қаралатыны белгілі. Осы орайда өмір сүруді қамтамасыз ететін, мәдениетке жататын дүниелердің мәдениетке қатысы адамдардың тек өмір сүруі үшін қажет мұқтаждықтарын ғана қанағаттандырып қоймай сонымен бірге олардан жоғары тұратын социогендік символикалық және эстетикалық қажеттіліктерінде өтейді деген қазақ тілдерінің заттық мәдениетін зерттеген ғалым Ж.А.Манкеева пікірін қуаттай түскіміз келеді [98.30] Заттың бірдей семиотикалық бағалы еместігін түсінудің жағдайларының бірі болып осы уақытқа дейін этнографияда «материалды» және «рухани» мәдениет деген салалар арасында бөліну саналады. Бір заттардың материалдық мәдени аумағана енуі ал басқа рухани мәдениет саласына қосылу дерегі ол оларға түрлі семиотикалық мәртебе берілетінін көрсетеді. «Материалдық мәдениет саласына жататын заттар семиотикалық мәртебесі төмендегенімен бағаланса ал рухани мәдениетке жататын заттарда семиотикалық мәртебесі жоғары мұндайдың өзі заттың төртке жататын өнімдер рухани мәдениеттің көрінісі және керісінше екенін білдіреді. Және де рухани, материалдық мәдениет деп бөлу шартты түрде ғана екендігін, олардың бір-бірімен тығыз байланыстылығын айқындайды. Материалдық мәдениетке мәдени-философиялық сөздікте мынандай анықтама береді; «Материалдық мәдениет – біртұтас адамзаттық мәдениеттің бөлігі. Адамның заттық пішінге түскен руханилығы, табиғи объект пен оның материалы заттарға, қасиеттер мен сапаларғаайналған және мұның барлығы адам арқылы ғана бола алатын әдени мақсатқа сәйкесміндеті және өркениеттілік рөлі бар шығармашылық қызметінің нәтижелері. Рухани мәдениетке қарағанда материалдық мәдениет табиғи объектілерінің сапалары мен белгілеріне адам материалдық заттарды ішетін тамақ және өмір сүру үшін қажет басқа да жабдықтарды жасағанда негізгі материал немесе шикізат ретінде пайдаланылатын заттар түрлері энергия мен ақпаратқа тікелей тәуелді. Материалдық мәдениетке өндірістің әр түрлі құрал-жабдықтары, энергетикалық және шикізат ресурстары, еңбек құралдары, өндіріс технологиясы және адам өмір сүрер ортаның инфрақұрылымы, коммуникация мен көлік құралдары жатады. Тұтастай алғанда, адам қызметінің тұтастай нәтижесі болып табылатын материалдық құндылықтардың барлық түрлері. [МФЭС] Кез-келген зат күнделікті тұрмыс қажеттілігін өтеумен қатар символдық белгілік қатынастарда жұмсала алады. Сондықтан да бұл қасиеттердің қайсысы бірінші екендігі туралы сұрақ қою орынсыз. Бұл орайда белгілі бір зат семиотикалық жүйеге кіргенде ол белгі ретінде қызмет атқарады ал жүйеден шыққан кезде зат ретінде қызмет атқарады,яғни олар зат ретінде де, белгі ретінде де қолданылуы мүмкін. Қандай қасиеттер өзекті болатын жағдайға байланысты олар қандайда бір семиотикалық мәртебе алады. Олар зат тәріздес тек өздерінің тура арналғандығында ғана емес. Сонымен бірге әлеуметтік қатынастар белгісі ретінде қолданылады. Мысалы күнделікті тұрмыста әр заттардың бірнеше қызметі бар екендігі белгілі практикалық, эстетикалық, магиялық және т.б. жағдайға байланысты. Осы қызметтер қандайда бір тәртіппен орналасады. Біреулері күшейсе бірі екінші орынға ауысады. Мысалы күнделікті жағдайда практикалық қызмет басты орында одан кейін кему тәртібімен эстетикалық аймақтық қызметтері тұрады. Ал мерекелік жағдайда басқаша сипаттарда көрінеді. Мерекелік, эстетикалық, рәсімдік ақыры практикалық. Зат өзінің формасы, түсі материалы бойынша сипаттамалары негізінде символдық мәнге ие. Өз кезінде әр бір сипаттаманың символдық мәні болуы мүмкін. Бұған мысал болуы үшін ақ үй, ақ киізге отырғызу, ақ жаулық қара жаулық. Архаикалық және дәстүрлі заттың мәдени мәнділігі мен құндылығы қазіргіден қарағанда жоғары болған. Барлық уақыттарда заттарға қойылатын әмбебап практикалық талаптардан басқа олар сонымен бірге ұлттық дәстүрлі қажеттіліктерді қамтамасыз ету қажет етіледі. Бұл жағдайда кез\келген дәстүрлі тұрмыстағы нысана өзінің негізі қызметімен қатар ерекше этностық ерекшеліктер мен сипаттамалардың тұтастығын құрады. Мысалы ұлттық киім бір ыңғайда зат және белгі болып табылады. Киім оны иеленушінің белгілі бір әлеуметтік топқа тәндігін, экономикалық жағдайын жасын т.б. көрсетеді. Бұл жерде киім материалдық мәдени бөлшек ретінде ғана емес, сонымен бірге халықтың салт\дәстүрі мен рухани өмірімен тығыз байланысты құбылыс ретінде қарастырылады. Мысалы қазақ үшін қасиетті дүниелердің бірі саба болып саналған Саба жылқының терісінен қымызды мейлінше баптап әзірлеуге арналған ыдыс. Ыдыс болса да саба қазақ үйінің сәнді мүлкі. Саба босағаға таяу оңашалау жерге орналастырылады. Ал сауын биелері аздау үйлерде қымыз күбіге немесе меске ашытылады. Мұндай қымыздың бабы да дәмі де сабадағыдай болмайды. Мұның өзі сабаның молшылықтың белгісі болғандығын көрсетеді. Сабаның қазақ танымындағы поляк саяхатшысы Б.Залесский де байқаған; «Үйге кірген кісі ең алдымен есіктің жанына орналастырылған сабаны бір\екі пісіп барып сонан кейін ғана үй иесін қолдап сәлем беріп болған соң отыруға тиіс» дейді.[48,37] Мұндағы қонақтың үй иесінен бұрын сабаны ұстауының өзі сабаны киелі, қасиетті санап оған бірінші құрмет жасаудың қажеттілігін көрсетеді. Өйткені молшылық пен береке байлық сол үйдің басты ырысы, сол арта берсін деп есептелінеді. Сонымен бірге әр адамның піспекті жаңалап пісуі арқылы қымыз бойына үлкен қуат, нәр жиналады деген ұғым орын алса керек. Бұған жалғас пікірді Ә.Ғалиев еңбегінде кездесетін қалай десек те сабаның халық ұғымында өзіндік белгісі ерекше қасиеті бар дүние екендігі ақиқат. Мәселен, қазақ ұғымында әр отбасының тоқшылығы мен берекесінің белгісі болып қазан алынады. Қазан - әр отбасының күніне үш уақыт тамақ пісіріп ішетін ыдысы. Қазанға пісірілген ас дәмді, әрі жұғымды сондықтанда болар қазан ұрпақ жалғасуы мен отбасы берексінің символы болып табылады. Осыған байланысты Н.Уәлиұлы төмендегідей тұжырымдама жасайды; «қазан мен қара мылтықтың» қасиетті жетінің қатарында айтылуы тегін емес. Қазанның құлағын қағу, қара қазан, сары бала, қазан төңкерту тәрізді сөз орамдары жайдан-жай айтылмаған. Қазақтың ертегі жырларында алтын қазан іздеу салты бар. Сөз тыңда, құлақ салып, балам, маған Астында дарияның алтын қазан, Әкелсең, сол қазанды ерлік қылып, Беремін, Күнсұлуды қосып саған. Академик Ә.Марғұлан бұл сюжетке ерекше назар аудартып, онда терең мазмұн жатқанын тамаша дәлелдеген; «Құламерген» жырында теңіз астынан қазан іздеу - тайпалар демократиясының бірлігін сипаттайды. Қазан-шаңырақ сияқты бүтіндіктің белгісі. Ол құрыса ел де құриды. Оның үстіне қазанды қастерлеу - ерте кездегі темірге табынудың бір түрі. Тәуке халқының аңызында жолығатын «қара қазан» , «қара мылтық» алу-жаудан кек қайтару белгісінің ескі түрі. Тәуке жарғысы бойынша бұрын жауласқанда «шаңырақ», «қазан» сындырып кек алудың орнына, енді оны сындырмай жәбір көрген жаққа сол нәрселердің өзін беріп тыныштық жасайды. [53 ,18]. Қазанның осы символдық белгісі туралы этнограф С.Кенжахметұлы былай дейді; «Қазанның басқа да ыдыстарға қарағанда қазақ өмірі мен мәдениетінде алатын орны мүлде жоғары. Өйткені ол күнделікті тіршілік құралы. Қазақ дастарханына түсетін тағамның барлығы да ең алдымен осы қазаннан өтеді. Халық жай ғана «қазан» демей, оны «қара қазан» деп қастерлеп айтады. Бұл жерде «қара» сөзі - қасиетті, киелі, берекелі деген ұғымды білдіреді. Ұлттық әлеуметтік тарихи оқиғаларда да қазанның алатын айрықша орны бар. Қазанын сындыру - отбасын ойрандаудың, қазанды төңкеру - аштықтың, масқаралаудың белгісі. Жеті жарғыда» өлім жазасына кесілген адам жеті айып төлеп құтылса, оның біріншісі - қара қазан төлеуі деп аталған. [116 ,128] . Халқымыздың айбалта жырлы жауынгер ұлы Махамбетке елдің қамын ойлағанын, ел тоқтығымен берекесі үшін күреске шыққанын; «қара қазан, сары бала қамы үшін қылыш сермедік»,- деп көрсетеді. Қай дәуірде де жауынгер қазақ халық қазанының қаймағы бұзылмауы үшін жорыққа шығып, ерлік таныта білген. Қазанға байланысты тоқшылықты, берекені білдіретін дәстүрлер де бар. Мысалы, жарысқазан ырымында босанатын әйелдің толғағымен жарыстыра қазанға тамақ қайнатады да, өмірге келер нәресте мен қазанды жарыстырады. Яғни, қара қазан бұрын бола ма, қара қатын бұрын бола ма, - деп сәбидің өмірге тез келуіне тілекші ретінде қазан көтерген мұндайда ірку, мөлшерлеу, алу деген болмау керек. Қазан неше жерден қайнап, ет неше жерден бір-бірімен жарыса асылып жатуы керек. Халық түсінігінде қазан береке, тоқшылық, белгісі болуымен қатар қазақы дүние танымда ғарыш ортасы центрі ретінде де танылған. Бұған мысал ретінде қазақ хандығының ордасы болып, саналған Түркестанды, Қожахмет Яссауи кесенесін айтуға болады.Бұл кесенеде адам бойындай үлкен қазан бар, қазанда қазақ руларының біріккендік белгісі ретінде ат қылы байланған, байрақтар қадалған. Сондықтан да киіз үй ортасында орналасқан қазан оң мен сол қиылысқан жерде әлем моделінің көлденең құрылымын жасайды.[100, 7]. Яғни, қазан - өмірдің қайнар көзі жаратылыстың басталуының символы. Қазанның осы тектес ұғымына сай тілдердегі қазанға байланысты тұрақты сөз орамдары, мақал-мәтелдер, оның халық өміріндегі алатын орнын айғақтай түседі. Мысалы; « қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса да», «бақыр қазан қайнаса, бәріміздің бағымыз», «аздың азаншысы болғанша, көптің қазаншысы бол», «қазаны басқаның қайғысы басқа», «қазансыз алтын ошақтан, қара сулы мосы артық», дегеннің өзі қара қазанның әу бастан-ақ үлкен мәнге, қасиетті, киелі ұғымға ие екенін дәлелдейді деп білеміз. Қазан сөзінің негізінде мынандай қорытындыға келуге болады; тіл белгілі бір мәдени құнды хабарды жинау мен аяқтау қызметін атқарады. Кей уақытта бұл хабар қазіргі кезеңдегі тілді қолданушы жоқ болуы мүмкін. Өйткені, ол ғасырлар қойнауына тиесілі болып, кілтін тапқанда ғана ашылады.От,ошақ сөздеріне назар аударсақ, халық отты өте жоғары бағалады. Оны қасиетті, шарапатты әулие деп ұқты. Алғаш күн күркіреп, найзағай ойнағанда, сүт көп, көмір аз, деп үйді айнала жүгіріп, ожаумен ұру ырымы да оттың құдіретті күшіне жалбарынудан шыққан болуы керек. Түркі халқында, әсіресе қазақтарда «отқа әулиеше табыну бар», - деп Ш.Ш.Уәлиханов жазады.[50. 208]. Отқа түкіруге болмайды, сондай-ақ аттауға болмайды, оның орнын басуға, отты сабауға тиым салынған, тіпті өшіп қалған оттан аттауға болмайды. Олардың түсінігінше, әлемді тазартушы, болмыстың бастауы, мәңгілік өзгерістің үйлесімділік пен қарама-қайшылықтың, бір күйден екінші күйге өтудің рәмізі. Ол- болмыстың мәңгілігінің белгісі. Сонымен қатар, от -үйдің киесі, шамшырағы, отбасының символы, қазандағы ырыстың қамқоршысы. Бұл дегеніңіз ,от - мәіңгілік өмір. Сондықтан жаңадан түскен жас келін үлкен үйдің отына тағзым етуге , сәлем етуге тиіс. Жас келін отқа еңкейіп; «от - ана, май - ана шапағатыңды тигізе гөр»,- деп жалбарынып, жарылқау тілеп, отқа май құяды. Жас нәресте дүниеге келгенде де дәл осылай баланы отқа жақындатып жалбарынады. Отты аса жоғары құрметтеудің белгісі отты «ана»,- деп атау болса, майды да «ана»,- деп атау кездейсоқ емес. Қазіргі түсінікке сай май оттың одан әрі маздап жануына әсер етеді, яғни үлкен үйдің үрім бұтағы одан әрі өсіп өркендей берсін, деген түсінік бар. Бұдан басқа тағы бір көзқарас; ол ұмай ананың май ана болып дыбысталуы. Қазіргі тіліміздегі май көне түркі тіліндегі Ұмайдың дыбыстық өзгеріске түскен тұлғасы. Бұл туралы ғалым Қ.Жұбанов былай деп жазады; «Ол дыбысы түсіп қалып, май деп айтылып кеткен. Қазақтың «От ана, май ана жарылқа дейтін, май әулие майсыз жарылқайтын қай әулие »- деген мақалы да осы ұғымнан туған [92 ,94]. Бұл тұжырымдарды Ә.Т.Қайдаров нақтылай түседі ; «Во многих тюркских языка и употребления слово, имеющие варианты ; казакский ұмай- «мифические женское существо» Хранящий младенцев и матерей ; киргизском языке умай - в том на значении, шорскии итай - «добрый дух, хранитель младенцев», «дух который берет души умерающих». Все это восходит с древне тюркскому или возможно, тибетскому ума мать от которого образовалась умай послед детское место гребо матери и женское бони где ума мать и звательный афикс . В туркском языке первичное ума и вторичное умай подверглись фонетикой деформации прибрели следующии формы ума - умай - май - бай - пай аудармалар [92 28]. Ұмай ана –қазақтарда құт берекенің қамқоры. Ұмай ана ертедегі Орталық немесе Орта Азияны мекендеген көшпелі түркі тілдес халықтардың ұрпақ жанастырушысы , береке молшылықтың құдайы болған. Бұл әйел құдай көне түркілерде көк құдайы түркілерден кем емес. Көне ескерткіштерде тәңір ұмай қасиетті жер су жеміс берген екен. Күлкі түркі жұрты Ұмай анаға бас иіп табынады. Ол ошақ басының желеп жебеушісі «Ұмай анаға табынсаң, ұл табасың ,- деген мақал М.Қашқариде кездеседі. Болашақ ана босана алмай қиналғанда, «от ана,май ана, жарылқа,күнәм болса кеше гөр, түйіншегін шеше гөр »,- деп отқа май тамызған. «Шаңырақ иесі» мағынасындағы сөзде от сөзінің ұйытқы болуымен жасалады. От ағасы ертеде қасиетті сөз болғанға ұқсайды. Кейінгі кезде бұл екі сөз бірігіп, отағасы болып қалыптасқанда «қожа», «үй иесі» деген мағынаға ауысқан. От басы - « бала шаға», « үй іші »дегенді білдіреді. Отыма оттық сал бала туғанда, шешек шыққанда айтылатын ырым, оты өре жанбады - бағы ашылмады, жолы болмады дегенді білдіреді. Бұл орайда адамның шаңырақ көтеріп, жеке үй болуы осы от сөзінен өрбіген сөздер, сөз тіркестерімен беріледі; отау ақ отау, отау кілті, отауы түсті, отау құтты болсын, отаса алмады.т.б. Сондықтан халық «Отан от басынан басталады»,- деп түйген. Қазақ бата бергенде, «Үйден от кетпесін, алдан ас кетпесін»,дейді. Отының басынан, ошағының қасынан бер, алыстан тілендірме, біреуге жалындырма,- деген мағынада айтылған тілек. Ошақ- киіз үйдің ортасына үлкендеу үш тасты түйістіріп, қалап, соның үстіне қазан, шәугім, секілді ыдыстарды орналастырған. Ошақ- киіз үйдің семантикалық орталығы, ол оның кеңістігінің ұйымдасуының белгісі және отбасының барлық өмірі соның айналасында өтеді. Жер, аспан, адамды байланыстыратын ошақ оты космос орталығы болып саналған. Ошақ- ата баба мен ұрпағын жалғастырушы; ұрпақ сабақтастығының символы көне және де қатаң тиымдардың бірі – ошақтың отын сөндіру. Өшірілген от –рудың, ата тектің тарауы, от басының бүлінуінің символы.Қазақтарда от пен оның қаланған тастары да қасиетті саналған. Ошақтағы тастардың беріктігі космос пен социумның тұрақтылығының белгісі болып табылады. [100,17] Сондықтан, қазақ үшін ошағының бүтіндігі, ондағы жанған оттың маздағаны аса қымбат. Сұңғыла танымның бұл тәрізді терең қабаттары ошағының басы аман, ошақтың үш бұты деп отыр, ошақтың үш бұтына берсін, от басы, ошақ қасы тәрізді тіркестермен берілген. Қалай да адамға тән ошағының оты сөнбей, түтінінің өрлей беруі бақыт. Бұл қазақтың аса зор арманы. Отау тігіп, түтін түтеткен қазақ баласы осы салттың туын берік ұстап, жоғары көтеруі тиіс. Осы орайда Ю.М.Лотман сөзін келтірсек; Мәдениет - бұл символдық әлем». Оның кейбір элементтері ерекше этникалық мәнге ие болып, ұлттық халықтық символдарға айналады. Қазақ халқының терең тамырлы ақыл ойының өмірлік тәжірибесінің даналығының туындысы киіз үй. Киіз үй қазақ халқының ойлап тапқан қолтума өнерінің төлтума үлгісі. Көптеген зерттеушілер киіз үйді сәулет өнерінің озық үлгісі деп таниды кез-келген құрылыс әлем жаратылысын қайталайтын космогониялық, бар нәрсенің негіздлетіні әлем центірі, әлем ортасы десек қазақтың киіз үйі әлемнің моделі. Яғни адамдардың кеңістікке деген көзқарасы сәулет өнерінен айқын танылады. Осыған байланысты «киіз үй мифтік ғалам моделінің бір варианты болып табылады» - деп көрсетеді С.Қондыбаев [50,24] Киіз үй - ол көшпендінің шағын дүниесі, өз әлемі. Киіз үйдің ішінде адам өзін жабық қорғанда отырғандай сезіне алмайды. Г.Гачев сөзіне сүйенсек «такое воздушное и легко снимаемое помещение как юрта не создает у человека закрытой и защищенности он и в помещении очущает себя раздетым - лучи мирового пространства беспрепятсвенносо он кожей и нутром чувствует эту свою пронизанность» [68.447] Өз кезегінде Ш.Уәлиханов; «Сахаралық үшін іргені түріп тастап самал ескен киіз үйде дем алу нағыз жан рахаты. Бұл кез-келгеннің өрісі жете бермейтін өзінше бір ләзаттың ләзаты» -депп жазады.[80,198] Қазақ ұғымында далалықтың өзіндік орталық нүктесі бар. Ол ауыл тұрған жер. Осыны айнала көшкен қазақ үшін шеңбері шексіз кеіңстіктің, белгісіздіктің, символы ретінде мәңгіліктегі таусылмас уақытты бейнелейді. Осылайша шеңбер бойындағы қозғалыс өмір сүрудің формасына айналады. Және мұның өзі космологиялық түсінікті ғарыш заңдарын сезгендікті көрсетеді. Нүкте - күн, кеңдік жер, аумақ тұрғын үй түсінігі киіз үйде қайталанады, нүкте - шаңырақ, арты - шеңбер, кеңдік - кереге, аумақ - уық осы үшеуі қосылып киіз үйді құрайды. Мұның өзі әлем бүтіндігін құрайды.[86.18]. Басқаша айтқанда кереге шаңырақ уықтар бір бүтінге бірігіп киіз үйді құрайды. Киіз үй және жалпы баспана әлем моделі ретінде қарстырылады. Әр түрлі ғасырдағы, әртүрлі халықтардағы үйлердеің құрылымдық семантикалық ұқсастығын сиқыршылықтан немесе ата- бабалардың құпия сырларын емес, адамдардың өзінің ойлары мен ізденістерінің салдары, бүкіл әлемді тәртіпке келтіруге ұмтылушылық деп білуіміз керек. [78,15] Киіз үй - әлем бәйтерегі символы, көшірмесі. Шаңырақ\ киіз үйдің төбесін құрайтын ең жоғарғы киелі бөлшегі. «шаңырағың биік болсын» деу осыдан шыққан жалпы қазақ халқы шаңырақты қасиетті санаған сонымен қатар шаңырақ берекені, бірлікті, білдіреді. Бата - тілек бергенде «шаңырағың шайқалмасын дейді» . отбасы тату-тәтті бірлікшіл болсын деген сөз мұндағы шаңырағы шайқалып, шаңырақ ортасына түсу мифтік ғаламмен гормонияны сақталуы» [50, 241] ол ұрпақтан ұрапаққа беріліп отырады және ата бабалар рухынан күшімен қамқорлығы ретінде есептелінеді шаңырақ - отбасылық қасиетті мұра ретінде әулиеттің үрім бұтағын өскендігінің белгісі. Ал шаңырақтың ортасына түсуі - сол ұрпақтың жоғалғандығын көрсетеді. Киіз үйдің басқа бөліктері жарамсыздығына байланысты жаңасына алмастырылса да, шаңырақ сол күйінше қалып отырады. Ошақтан шыққан түтіннен шаңырақ уақыт өткен сайын қарая түседі. Сол себепті ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын мұндай шаңырақты қара шаңырақ - қасиетті, киелі шаңырақ деп атаған. [11, 29]. Әулеттің ең соңғы тегі көз жұмғанда оның моласына шаңырақты қойып кететін болған. Қазақ халқы шаңырақты өмірдің тұтқасы, биікке көтерілген төбесі деп бағалаған. Шаңырақтың киесі ұлы көк тәңіріден жалбарынып сұрайтыны да осы мүдде. Жаңа отаудың шаңырақ көтеруі - ауылдың да сәні, үміттің де ақталуы. Қазақ үшін сол шаңырақтың астында үрім-бұтақтың, өрбіген ұрпақтың сақталуы, ержетуі, өркен жайып, өсіп-өнуі тіленеді. Дала халқының мәдениетінде шаңырақ маңызды семиотикалық мәнге ие. Ол күн символы болып табылады. Демек көк күмбезіндегі күннің кішірейтілген жердегі бейнесі - шаңырақ мәңгілік өмірді, жалғастықты, мейірім мен шапағатты танытады. Осыған байланысты Ғ.Сағидолла қызы «Шаңырақтың қазақ танымындағы мәні ерекше ... қазақ ұғымында шаңырақ ең алдымен ұрпақ жалғастыруының қандастар арасындағы жауапкершіліктің, сыйластықтың символы. Ал шаңырақтың зат ретіндегі негізгі қызметі - күн сәулесінің үйге төгілуін қамтамасыз ету, үй ішін күндізгі тіршілік шуағына бөлеу» - деп көрсетеді. [119, 89] Қазақ танымындағы шаңырақтың әні мен маңызы қара шаңырақ, шаңырақ көтерді, шаңырағың биік болсын, шаңырағы құлады, шаңырағына қобыз ойнатты т.б. тұрақұты сөз тіркестерінен көрінеді. Киіз үйдің шаңырақтан кейінгі алатын орны ерекше орынның бірі \ төр. Төр деп \ ошақтан жоғары есікке қарама \ қарсы орынды айтады. Төр \ әлем құрылымының жоғары бөлігінің символы. Сондықтан ол үйдің ең қадірлі орны болып табылады. Бұл ең сыйлы орын. Қазақтар келген қонаққа «төрге шығыңыз, жоғары шығыңыз» деген. Әдетте төрге ақсақалдар мен үлкен кісілер, сыйлы қонақтар шығарылған. Мұның негізінде төр сөзінің «қадлірлілік, құрметтілік» мәні айқын аңғарылған. Киіз үй кеңістігі бірнеше таңба \ символдарды білдіреді, сол арқылы ол танылады, басқа әлеммен шектеседі, және ішкі\сыртқы, жайлы\жайсыз деген ұғымдар арасында қорғаныс қызметін атқарады. Осылардың ішінде ерекше семантикалық мәнге ие болатындар \ есік және табалдырық. Есік киіз үйдің игерілген және игерілмеген әлемдер арасындағы шекара, шекаралардың қиылысы, басқа және осы шекараларға, жаққа байланысты белгілі бір тәртіпті сақтауды қажет етеді. Бұл тәртіп этикетке, қарым\қатынас мәдениетіне кіреді. Және ол белгілі бір этникалық еркшеліктерге, жалпы адамзатқа тән заңдылықтарға ие. [78,19] Қазақтың киіз үйінің есігі бірнеше бөлшек тақтайлардан тұрады. Олар; босаға, маңдайша және табалдырық. Қазақ үйдің есігін оның бөлшектерін еркше қастерлейді. Ырымдары да көп табалдырықты басып тұрғанды, босағаны керіп тұрып сөйлегендітеріс қылық санайды, тыйым етеді. Этнографиялық деректерде жаушының қаралы хабарын жеткізетіндер немесе қарсылас ру\тайпа, ел\жұртың салқын райын мәлімдейтіндер хан ордасының табалдырығын керіп тұрып сөйлейтін болған. Күні бүгінге дейін қазақ арасында «табалдырықты баспа», «босағаны керме» деп келетін тыйымның (табу)түрі сақталған. Сондықтан есіктен кіріп төрге озба дейді. Осыған байланысты Н:Жуковская; «Есік пен табалдырық бұл жайғана үйді ұстап тұрған болып саналмайды.Бұл үйдің сонда тұратын отбасының және елдің мықтылығын көрсететін символ» дейді. [78,21] Ұзатылатын қыз босаға мен табалдырыққа да сүйіспеншілік назын айтады, мұңын шағады. Жаңа қосылған жас жұбайларға үлкен дердің беретін ақ батасында қос босағаң берік болсын деуі ақ босағадан аттаған келін оң аяғымен енсін, ақ босаға аттады (келін түскенде айтылады), босаға аттар (күйеуден алынатын кәде), босағаң берік болсын, босағасы берік, босағасын аттады, үйге кірді, өмірге қадам қойды қос босағаң төр болсын т.б. батаны киелі, қасиетті деп санағандықты білдіреді. Демек киіз үй және оның бөліктері ерекше символдық мәнге ие деп айтуымызға болады Көшпенділер өміріне қажетті жабдықтың бірі сандық. Сандық көнеден келе жатқан әр түрлі бұйым салып және сақтап қоюға арналған үй жиһазы. Ата-бабаларымыздың тұрмысында қолданылатын сандықтың бір түрі- қызыл алтын сандық. Ол байлықты танытудың ерекше белгісі екенін мына жолдар айғақтайды: Көш алдына қараса Сары алтыннан жабдығы, Екі жүз түйе қазине, Қызыл алтын сандығы (Қыз жібек 588) Зергер танушы ғалым Шойбекова Р. « қызыл алтын» тіркесін- саф алтын, яғни қоспасыз таза алтын деп көрсетеді/95.64/ Көнеден бүгінге дейін Жалғасын тауып келе жатқан көліктің бірнеше түрлері болған.(Арба тарантас, күйме, пәуеске т.б.) Көліктердің бір қатарын жыр жолдарынан әр түрлі сипатта былайша кездестіреміз. |