Главная страница
Навигация по странице:

  • 3. Себеп-салдарды талдау әдісі

  • 4. Педагогикалық бақылау

  • 6. Сауалдама және сұхбат

  • 7. Социометриалық әдіс Жеке бастың қарым-қатынастары зерттеледі.8. Рейтинг және өзіндік бағалау әдісі

  • 9. Рангілік бағалау әдісі.

  • 10. Тәуелсіз сипаттамаларды қорыту әдісі

  • 11. Педагогикалық консилиум әдісі

  • 12. Құжаттаманы зерттеу және талдау әдісі

  • 13. Озат педагогикалық тәжірибені зерделеу мен қорыту Бұл педагог-зезерттеушіге, педагогикалық ғылымға өте құнды материал береді.14. Статистикалық әдіс.

  • Тіркеу

  • 15. Педагогикалық эксперимент

  • Дәстүрлі арнайы-тарихи әдістер.

  • Тарихи-генетикалық әдіс

  • Тарихи-салыстырмалы әдіс

  • ППЗәәдіснамасы. Педагогикалы зерттеулер методологиясыны мселелері


    Скачать 2.11 Mb.
    НазваниеПедагогикалы зерттеулер методологиясыны мселелері
    Дата14.01.2023
    Размер2.11 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаППЗәәдіснамасы.doc
    ТипСеминар
    #886648
    страница26 из 37
    1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37

    Әдебитке салыстырмалы-тарихи жасау әдісі

    Бұл әдіс әдебиет мәселелерін, оның тарихын зерттеуді көздейді, бұл ретте барлық көзқарастарға талдау жасалады.

    Ең алдымен ғылымда бұл проблема жөнінде не жинақталғанын оқып зерделеу қажет (негізгі ғылыми идеялар, зерттеулердің негізгі принциптері, т.с.с.) Бұл үшін зерттеу тақырыбы бойынша әдебиетті ұқыпты түрде таңдап алу керек, бұған бірінші кезекте көңіл бөлген жөн. Барлық әдебиетті мынадай өлшемдер бойынша талдау қажет:

    1) әр түрлі ғалымдар проблеманың мәнін, зерттеу мәселесін қалай түсінген;

    2) зерттеу субъектісіне қандай анықтама берген, қандай белгілерді мәнді деп санаған, т.с.с.;

    3) белгілі бір ғалымның пірінше, осы проблеманың мәні неде, оны немен түсіндіруге болады;

    4) осы проблеманың жалпы ғылым жүйесіндегі, оқыту (тәрбие) теориясындағы, практикадағы орны қандай;

    5) осы құбылыстың басқа да төркіндес құбылыстармен байланысы қандай – негізгі және жанама;

    6) ғалымдардың пікірінше, осы немесе басқа процесс, осы немесе басқа құбылыс қандай жағдайларда қалайша өтеді;

    7) зерттеліп отырған процестің немесе құбылыстың ішкі қозғаушы күштері, тетіктері, динамикасы қандай.

    Талдау ғалымдардың жалпы тұжырымдары мен аяқталады; бұл тұжырымдар зерттеу жұмысында арқа сүйейтін тіректер болуға тиісті. Осыған дейін істелген істің барлығына сыни тұрғыдан баға беру, оған өзіңнің субъективтік көзқарасыңды білдіру қажет. Қолдағы әдебиетке сыни тұрғыдан талдау жасау өзіңнің жеке көзқарасыңа емес, логикалық, құрылымдық, фактологиялық талдауларға сүйенуге тиісті. Сынау, пікір таластыру, айтысу үшін осы проблема бойынша жақсы базалық білім болуға тиісті.

    Проблема бойынша әдебиетке сыни талдау жасаудың маңызы: ақиқатты табу, адасушылықты, жетіспеушілікті айқындау, зерттеу нәтижелерін дәлелдеу, зерттеу міндеттерін белгілеу.

    2. Модельдеу әдісі

    Бұл әдістің мәні схемалардың, чертеждердің, қысқаша сөздік сипаттамалардың, кейде матрицалардың, символдардың математикалық формулалардың т.с.с. көмегімен зерттеліп отырған процестер мен құбылыстарға көркем бейнелі сипаттама беру болып табылады.

    3. Себеп-салдарды талдау әдісі

    Бұл әдіс көрсетілген себепті түсіндіруге және зерттелуші құбылыстың немесе өзгерістің мәнін терең зерттеуге мүмкіндік береді.

    4. Педагогикалық бақылау

    Педагогикалық процесті табиғи жағдайларда тікелей және мақсаткерлікпен қабылдау. Ол қатаң түрде жоспарлануға, бақылауларды тіркеу нысандарын көздеуге тиіс. Бақылаулар тікелей және жанама, ашық және жабық, үздіксіз және дискреттік (үзіліспен), монографиялық болуы мүмкін. Зерттеуші бақыланушы объектініңіс-әрекетіне тікелей белсене қатысса (оқушылармен бірге), бақылау тиімді болып шығады. Сырттай (құпия) бақылау айналы (әйнекті) қабырға арқылы немесе телекамераның көмегімен жүзеге асырылады.

    5. Әңгіме

    Сұрақ-жауап тұрғысындағы әңгіме және осының ез-келген үлгісі алдын-ала жоспарланған мәселелер бойынша, белгілі бір мақсатпен өткізіліп, мұнда барлығы да тіркеледі: жауаптың нысаны, әңгімеге көзқарас, мінез-құлық және т.с.с.

    6. Сауалдама және сұхбат

    Бұл жерде мынадай талаптарды сақтау қажет:

    - зерттелуші құбылысты неғұрлым дәл көрсететін және сенімді ақпарат беретін дәл және нақты сұрақтарды ұқыппен талдау;

    - жауаптарды нақтылауға мүмкіндік беретін тікелей және жанама сұрақтарды пайдалану және олардың шынайылығын анықтау;

    - берілген сұрақтарды пайдалану және олардың шынайылығын анықтау;

    - берілген сұрақтардың мәні мен маңызы және оларды дайындау кезінде ешкімнің араласпауы;

    - ашық (кейде жауап беруші өзінің жеке пікірін айтуға болады), жабық (жауаптарының шектеулі нұсқаларымен) сауалдамаларды пайдалану;

    - дайындалған сауалдаманы сынақтан өтушілердің шағын тобында тексеру, қажетті түзетулерді енгізу;

    - балмен бағалау арқылы қарама-қарсы сауалнамаларды пайдалану.

    7. Социометриалық әдіс

    Жеке бастың қарым-қатынастары зерттеледі.

    8. Рейтинг және өзіндік бағалау әдісі

    Бұл әдіс білікті қазылардың (сарапшылардың) іс-әрекеттің қандай да бір жақтарын бағалау кезінде пайдаланылады. Сарапшыларға белгілі талаптар қойылады: олар шығармашылық міндеттерді шешуге қабілетті, білікті болуға, сараптамаға оң қабақ танытуға, әділ, объективті, өзін-өзі сыни тұрғыдан қарауға тиісті. Рейтинг үшін қарама-қарсы сауалнамалар пайдалануы мүмкін. Өзіндік бағалау әдісін де пайдаланған орынды.

    9. Рангілік бағалау әдісі.

    Мұндай әдіс кезінде анықталған себептер олардың көрініс дәрежесіне немесе кему тәртібімен арналастырылады, немесе осындай не басқа бір белгілер (құбылыстар) бағалауды жүзеге асырушының ұстанған бағытына, байланысты оның мәніне қарай өсу (мысалы, сыналушылар үшін ұсынылған ілімнің себептерінің мәніне қарай орналасуы) орналастырылады.

    10. Тәуелсіз сипаттамаларды қорыту әдісі

    Бұл әдіс тұжырымдардың объективтілігін арттырады. Оның мәні зерттеушінің әр түрлі көздерден алынған ақпараттарды өңдеуімен көрінеді.

    Мысалы, оқушының жеке басын зерттей отырып, мұғалім ол туралы ата-аналардан, басқа мұғалімдерден, дәрігерлерден, ұжымнан мәмәліметтер алады.

    11. Педагогикалық консилиум әдісі

    Оқу-тәрбие процесінің нәтижелерін ұжымдық талқылау тұжырым жасау арқылы арнайы бағдарламалар бойынша жүргізіледі

    12. Құжаттаманы зерттеу және талдау әдісі

    Іс-әрекет нәтижелері өнімдері қорыту үшін нақты және көлемді материал жинауға (дәптерлерді, сынып журналын, суреттер мен оқушылардың басқа да жұмыстарын зерделеу т.с.с.) мүмкіндік береді.

    13. Озат педагогикалық тәжірибені зерделеу мен қорыту

    Бұл педагог-зезерттеушіге, педагогикалық ғылымға өте құнды материал береді.

    14. Статистикалық әдіс.

    Оның шеңберінде мынадай нақты әдістемелер қолданылады:

    Тіркеу- белгілі сыныптың белгілі бір сапасын анықтау және осы сапаның барлығын немесе жоқтығын сан бойынша білу;

    Ранжирлеу – жиналған деректердің белгілі бір жүйемен орналасуы, объектілердің осы қатардағы орындарын анықтау;

    Шәкілдеу- зерттеу сипаттамаларына балдар мен басқа цифрлық көрсеткіштер беру.

    Шәкілдердің негізгі орналасу реті:

    1. аталым шәкілдері (номиналды);

    2. тәртіп (немесе рангілік) шәкілдері;

    3. арақашықтық шәкілдері;

    4. қарым-қатынас шәкілдері.

    Аталым шәкілдері- ең “әлсіз” шәкілдер. Оларда сандар мен басқа да белгіленімдер таза символдық түрде пайдаланылады. Объектілердің аталымдарын білдіреді. Бірден-бір математикалық сипаттама- объектілердің неге жататындығы: зерттеу объектісі сол сыныпқа жата ма… Мысал мамандар тізімі, оқушылар мінездемелерін саралау. Тәртіп шәкілдерінде шама тәртібі, “үлкен” мен “кішінің” қарама-қатынасы, жалпы иерархия белгіленеді. Олар қолданудың мысалы ретінде “бойы сұңғақтау” “бесеуден көбірек”, т.с.с. типтегі ранжирлеу қызмет етеді.

    “Күшті” шәкілдер- арақашықтық және қарым-қатынас шәкілдері болып саналады. Арақашықтықшәкілі шәкілдегі жекелеген сандардың арасындағы белгілі бір арақашықтықты көздесе, ал қарым-қатынас шәкілінде нөлдік нүктенің өзі де анықталып қойылған. Мысалы: термометрлер, вольтметрлер шәкілдері және басқалар.

    15. Педагогикалық эксперимент

    Аталған эксперимент осы күнгі педагогикалық құбылыстарды зерделеуге мүмкіндік береді; нақтылаушы эксперимент кезінде болфактілерді констатациялау және қайта електен өткізу негізінде жаңа педагогикалық құбылыстар анықталады және олардың ақиқаттылығы тексеріледі; бақылау эксперименті өткізілген қалыптастырушы экспериментті оң (немесе теріске шығаруға) бағалау мүмкіндігін қамтамасыз ететіндіктен, болжамды растауға (немесе теріске шығаруға) мүмкіндік береді.

    А.Н. Новиков методологияны іс-әрекетті ұйымдастыру туралы ілім ретінде қарастырады. ОЛ операция-әдістерді, іс-әрекет әдістерін бөліп алады.

    Мұндай көзқарас әдісті анықтауға қайшы келмейді: біріншіден, әдіс дегеніміз қандай да бір мақсатқа жету, нақты міндетті шешу тәсілі; екіншіден, әдіс тәсілдердің немесе шындықты практикалық яки теориялық меңгеру операцияларының жиынтығы.

    “Әдіс- зерттеу нәтижелерінің маңыздырақ, нәрсе, өйткені, жаңа әдіспен бұрынғыдан да жоғары нәтижелерге жетуге болады” деп есептейді академик Л.Д. Ландау. Зерттеу әдістерін таңдауға И.П. Павлов та ерекше назар аударады. “Жақсы әдіспен онша талантты емес адамның өзі көп жұмыс тындыра алады. Ал жаман әдіспен данышпан адамның өзі түк бітіре алмауы мүмкін” деп жазды ол.

    Сонымен, зерттеу әдістерін мынадай топтамада қарауға болады:

    1) теориялық әдістер: әдістер- дәйекті іс-әрекеттер: қарама-қайшылықтарды анықтау және шешу, проблема қою, болжам жасау және т.с.с. операция- әдістер: талдау, сүзгілеу, салыстыру, абстрактылау және нақтылау, т.с.с.;

    2) эмпирикалық әдістер: әдістер- танымдықіс-әрекеттер: зерттеу, мониторинг, эксперимент және т.с.с; операция-әдістер: бақылау, сұрау салу, тестілеу және т.с.с.

    Зерттеуді өткізу уақыты екі кезеңнен тұрады: теориялық кезең (әдеби деректерді талдау және жүйелеу, түйсік аппаратын жетілдіру, зерттеудің теориялық бөлігінің логикалық құрылымын жасау) және эмпирикалық кезең- тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізу.

    Ғылыми жұмысқа қойылатын мңызды талаптар- бұл қолданылатын терминологияның қатаңдығы, нақтылығы, бір мәнділігі.

    Кез-келген педагогикалық зерттеу жалпы қабылданған методологиялық өлшемдерді анықтауды көздейді. Оларға зерттеудің проблемасы, тақырыбы, объектісі және мәні, мақсат, міндеттері, болжам және қорғалатын ережелер жатады. Педагогикалық зерттеу сапасының негізгі өлшемдері объектінің өзектілігі, жаңашылдығы, теориялық және практикалық маңыздылығы болып табылады.

    Зерттеу бағдарламасы, әдетте екі бөлімнен: методологиялық және рәсімдік бөлімнен тұрады. Бірінші тақырыптың өзектілігін негіздеуді, проблеманы қоя білуді, зерттеудің объектісін және мәнін, мақсаттары мен міндеттерін анықтауды, негізгі түсініктерді (категориялық аппаратты) негіздеуді, зерттеу объектісін алдын ала жүйелі талдаудан өткізуді және жұмыс гипотезасын ұсынуды қамтиды. Екінші бөлімдезерттеудің стратегиялық жоспары, сондай-ақ бастапқы деректерді жинау және талдаудың негізгі рәсімдері мен жоспары қамтылады.

    Зерттеушілік ізденістің логикасы мен динамикасы эмпирикалық, гипотезалық, эксперименттік-теориялық (немесе теориялық), болжамдық кезеңдерді іске асыруды көздейді.

    Эмпирикалық кезеңде зерттеу объектісі туралы функционалдық түсінік алынады, нақты білім беру практикасының, ғылыми білімдердің деңгейі мен құбылыстың мәнін ашуға деген қажеттіліктің арасындағы қарама-қайшылықтар айқындалады, ғылыми проблема негізделеді. Эмпирикалық талдаудың негізгі нәтижесі, заңдылығы зерттеудің күнбұрынғы тұжырымдамасын тексеру мен растауға мұқтаж болып отырған басты болжамдар мен рұқсат етулердің жүйесі ретіндегі зерттеу гипотезасы болып табылады.

    Гипотезалық кезең зерттеу объектісітуралы шынайы түсініктер мен оның мәнін ашу қажеттілігінің арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуге бағытталған. Ол зерттеудің эмпирикалық деңгейінен теориялық (немесе эксперименттік-теориялық) деңгейіне көшуге жағдай жасайды.

    Теориялық кезең зерттеу объектісі туралы функционалдық және гипотезалық түсініктер мен ол туралы жүйелі түсініктер қажеттілігінің арасындағы қарама-қайшылықты жоюға арналады.

    Теория құру болжам жасау кезеңіне өтуге мүмкіндік береді, ол зерттеу объектісінің тұтас білім беру объектісі екендігі және оның жаңа жағдайларда дамуын алдын ала болжап айтып берудің қажеттілігі туралы алынған түсініктердің арасындағы қарама-қайшылықты шешуді талап етеді.

    Зерттеудің соңғы кезеңі оның нәтижелерін сынақтан өткізу, оның әдеби рәсімделуі және жариялануы болып табылады. “Сынақтан өткізу” деген латын сөзі “мақылдау”, “бекіту” деген ұғымды білдіреді. Сынақтан өткізу көпшілік алдында баяндамалар жасау, сөз сөйлеу, пікір сайыстар өткізу, сондай-ақ жазбаша немесе ауызша рецензиялау нысандарында жүзеге асырылады. Сынақ нәтижелері бойынша зерттеуші туындаған мәселелерді, оң және теріс бағалауды, қарама-қарсы пікірлер мен кеңестерді ой елегінен өткізеді, ескереді.

    Дәстүрлі арнайы-тарихи әдістер. Зерттеудің арнайы-тарихи әдістері зерттелетін тарихи объектілердің ерекшеліктеріне қарай бейімделген жалпығылыми әдістердің әртүрлі үйлесімін құрайды. Оларды екі үлкен топқа бөлуге болады: дәстүрлі және дәстүрлі емес. Дәстүрлі арнайы-тарихи әдістер қатарына тарихшылар СССР-де кең қолданылатын таптық талдау әдісі, тарихи-генетикалық, тарихи-салыстырмалы, тарихи-типологиялық, тарихи-жүйелі, диахронды талдау әдістері жатады. Таптық талдау әдісін танымал орыс және кеңес тарихшысы М.Н.Покровский өзінің «Русская история с древнейших времен» еңбегінде қолданды. Экономикалық өмірдегі кез-келген қоғамдық құбылыс онда таптық күрес шеңберінде қарастырылып, оған сәйкес «таптық» сипаттама берілді.

    Таптық тәсіл арқылы тарихи процесс өзіндік өндіріс әдістері бар қоғамдық-экономикалық формациялардың бірізді ауысуы ретінде түсіндірілді (алғашқы қауымдық, құл иеленуші, феодалды, капиталистік, социалистік). Бұл сызба 90-жылдардың басына дейін қолданылды, бірақ оның қатаң шеңберіне адамзат тарихының көптүрлілігі сәйкес келмейді.

    Марксистік түсіндіруде таптық тәсіл билік басында коммунистік партиялар тұрған елдердің тарихи жазбасына бөліне бастады. Осы кезде әлемдік тарихи ғылымда тарихи жазба тұжырымдамаларына әсер еткен таптар мен таптық күреске берілген басқа түсіндірмелер пайда болды.

    Ағылшын әлеуметтанушысы Г.Спенсер таптарды ұқсастығына қарай органикалық әлеммен бірге қарастырды. Жоғары қабаттар бақылау мен реттеуді жүзеге асырады, төменгі қабаттар - өнімдер мен тауарларды өңдейді, ал ортаңғы қабаттар (саудагерлер) – олардың арасындағы дәнекер болады.

    Неміс марксисті К.Каутский адамдарды таптарға бөлудің негізгі белгілері ретінде, табыстың көлемі мен табысты бөлудің әртүрлі көздерін атады. Ол бөлу теориясының негізін қалаушылардың бірі болды.

    Кейбір ғалымдар таптардың пайда болуының теорияларын таратты, олардың пайда болуының негізгі себебі ретінде нәсілдік бірлікті немесе үстемдік ету мен бағынудың қатынастарын, адамдардың биологиялық құндылығын атап көрсетті. Семантиканың өкілдері таптық айырмашылықтар сөздер мен тілдік ұғымдарды әртүрлі қолдануда көрінеді деп болжайды.

    Қоғам дамуындағы таптардың мәнін, рөлін және таптық күрестің орнын әртүрлі түсіндіруге байланысты, зерттеушілер таптық талдау әдісін әртүрлі қолданады. Бірақ кез келген жағдайда оны қолдану шектеулі. Егер осы әдісті таптар сияқты, макроәлеуметтік бірлікті талдауға қолдануға болса, оны ұсақ әлеуметтік құрылымдарға қатысты қолдануға болмайды (отбасы, тек, тапішілік топтар және т.б.). Бұдан басқа, марксистік дәстүрде таптар арасындағы өзара қатынастар әдетте антагонистік болып саналады.

    Тарихи-генетикалық әдіс - пайда болуынан бастап жойылуына дейінгі өздерінің даму процесінде тарихи құбылыстардың зерттелу әдісі. Өзінің логикалық табиғатына қарай, бұл әдіс талдаушы-индуктивті болып табылады (нақты құбылыстар мен деректерден жалпы тұжырымдарға қарай өрлеу), ал ақпаратты көрсету формасына қарай – сипаттаушы болып саналады. Ол тарихи объектінің «биографиясын» береді (мемлекет, ұлт және т.б.).

    Тарихи-генетикалық әдіс тарихи процестердің динамикасын талдауға бағытталған. Ол тарихи дамудың заңдылықтары мен олардың себепті-салдарлы байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан, бұл әдісті тарихи шындықтың инвариантты элементтерін және статиканы сипаттауға қолдануға болмайды. Оны қолданатын тарихшылар тарихи объектілерде болып жатқан өзгерістерді ескере алады және олардың тәуелсіздік және тұрақтылық деңгейін есепке ала алмайды. Нәтижесінде тарихта жаңа сапалы күйдің пайда болуына әкелген сандық өзгерістер жағдайы есепке алынбауы мүмкін (мысалы, Шығыстың дәстүрлі қоғамында).

    Тарихи-генетикалық әдісті қолдануда нақты тарихи деректер мен оқиғаларды сипаттауға ерекше көңіл аударылады. Әсіресе, осымен ерекше Т.Карлейль, И.Лелевель, Т.Нарбут сияқты тарихшы-романтиктер айналысты. Олардың шығармаларының беттері кей кезде тарихи романдарды еске түсіреді. Дәл осылай ғалым-неокантиандар туралы айтуға болады. Атап айтсақ, Г.Риккерт, В.Виндельбанд, А.С.Лаппо-Данилевский тарихтағы қайталанбайтын бірегей құбылыстарды ашуға ерекше мән берді.

    Г.Риккерт тарихтағы негізгі әдіс ретінде идеографиялық (сипаттаушы) әдісті атады. Бұған жаратылыстануда қарама-қарсы әдіс ретінде номотетикалық әдісті атады, бұл әдіс заңдарды құрастыруға және жалпылау жасауға мүмкіндік береді. Г.Риккерт идеографиялық әдістің мәнін ғалым-тарихшылардың дара ерекшеліктерін, қайталанбайтын тарихи деректерді сипаттауға байланысты маңызды деп атап көрсетті. Оның пікірінше, тарих оқиғаларды дараландырады, олардың арасынан «тарихи индивиддум» деп аталатын ұғымды белгілейді, бұл ұғым арқылы ұлт, мемлекет, жеке тарихи тұлға түсіндіріледі.

    Тарихи-генетикалық әдіс ең алдымен, педагогикалық және тарихи-педагогикалық құбылыстар мен процестердің даму динамикасын талдауға бағытталған. Ол оның тарихи қозғалысы барысында тарихи-педагогикалық шындықтың қасиеттерін, функцияларын, ерекшеліктерін, тенденциялардың пайда болуының және дамуын сипаттау және бірізді зерттеу үшін кең мүмкіндіктер береді. Бұл әдісті қолдануда таным бірізді түрде бірліктен ерекшеге қарай, одан кейін ортаққа және ең соңында жалпыға қарай жүреді. Тарихи-генетикалық әдіс педагогикалық құбылыстар мен құрылымдардың қызмет етуі мен дамуының себепті-салдарлы байланыстары мен заңдылықтарын анықтауды қамтамасыз етеді. Бірақ зерттеушілер бұл әдісті басқа әдістерден бөлек қолдануда, абсолютизация фактографизмге, эмпиризмге, нәтижелерді баяндауда сипаттаушылыққа әкелетінін ескерулері керек.

    Тарихи-салыстырмалы әдіс – ғылыми-тарихи танымда кең қолданылатын әдістердің бірі. Тарихи-салыстырмалы әдіс ұқсастығы мен айырмашылығы бойынша зерттелетін тарихи-педагогикалық құбылыстардың мәнін ашуға, сонымен бірге уақыт пен кеңістік бойынша салыстыру жүргізуге мүмкіндік береді (яғни, тігінен және көлденеңінен). Салыстыруға арналған негіз - тарихи-педагогикалық даму сырттай және іштей, саяси, әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени, білім беру және т.б. факторлармен негізделеді. Бұл әдістің логикалық негізі бойынша, педагогикалық деректер мен құбылыстардың мәнінің ұқсастығы мен айырмашылығын қалыптастыру тәсілі ретінде аналогия алынады, оны қолдану барысында салыстырылатын объектілердің белгілерінің ұқсастығы, басқа белгілердің ұқсастығы туралы тұжырым жасаудың негізі болып табылады. Тарихи-салыстырмалы әдіс: біріншіден, бар деректердің негізінде зерттелетін құбылыстардың мәнін ашуға, ортақ және қайталанбайтын, қажетті және заңдылықты анықтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, аналогия негізінде зерттелетін құбылыстардың шеңберінен шығуға, кең тарихи-педагогикалық параллельдер мен тұжырымдарға келуге мүмкіндік береді. Бірақ тарихи-салыстырмалы әдісті қолданудың жетістігі – құбылыстардың қарапайым ұқсастығын ғана емес, оның мәнді белгілерін айқындайтын нақты деректер салыстырылуы қажет болғанда анықталады.

    Тарихи-генетикалық әдіс неокантиандардың идеографиялық әдісіне жақын, әсіресе оны тарихи зерттеуде қолданудың бірінші сатысында тиімді болып саналады, себебі бұл кезде қайнар көздерден ақпарат алу, оны жүйелеу және өңдеу жүзеге асады. Сонда зерттеушінің назары жеке тарихи деректер мен құбылыстарға жинақталады.

    Тарихи-генетикалық әдісті қолдану Тит Ливийдің «История Рима от его основания» еңбегіне тән. Оны қолдану арқылы ресей тархы бойынша С.М.Соловьевтің және В.О.Ключевскийдің жалпылаушы еңбектері, украин тарихы бойынша М.С.Грушевскийдің, белорус тарихы бойынша М.В.Довнар-Запольскийдің еңбектері жазылған. Тарихи-генетикалық әдісті Э.Литтре, Ж.Э.Ренан, Л.фон Ранке және т.б. сияқты тарихшы-позитивистер кеңірек енгізді. Тарихи-генетикалық әдісті қолданудың үлгісі ретінде Д.И.Неусыхин және В.К.Шохин сияқты ресей тарихшыларының жұмыстарын атауға болады. Осы әдістің негізінде Д.И.Неусыхин YI-YIII ғ.ғ. Батыс Еуропа халықтары мен әртүрлі тайпаларындағы қауымдастықтың құрылымы мен сатыларын зерттеді. Автор қауымдастықтың алғашқы формаларының басқа формалараға айналуын бақылады, осыған байланысты қауымдық және отбасылық-дара жеке меншіктің әртүрлі формаларының пайда болу процестерін өндірістің құралдарына қарай зерттеді. Осы процестерді зерттеу, қауымның ішіндегі теңсіздіктің пайда болуы мен ондағы әртүрлі әлеуметтік топтардың анықталуына, қауымның көптеген мүшелерінің феодалды-тәуелді шаруаларға айналуына ықпал етті.

    Үндітанушы В.К.Шохин XI-XY ғасырдың ортасындағы орыс мәдениетінің ежелгі үнді мәдениетімен байланысына талдау жасады. Ежелгі Русь мәдениетіне Үндістан мәдениетімен байланысты шығыс-жерорталық мәтіндерді трансплантациялау нәтижесінде, отандық жазба мәдениеті ежелгі үнді әдеби сюжеттерімен байытылды. Ежелгі үнді тарихи шындықты меңгеру орыс кітапшасының тарихи-мәдени ойлауының перспективасын барынша кеңейтті.

    Тарихи-генетикалық әдістің әлсіз жақтары ретінде біріншіден, жинақталған және жүйеленген тарихи деректерді теориялық талдау рөлінің төмендеуін, екіншіден, дәл логикалық негіздің және құрастырылған категориялы аппараттың болмауын атауға болады. Осы әдіс арқылы жүргізілген зерттеулерді біріктіруге болмайды және солардың негізінде тарихи шындықтың біртұтас бейнесін құруға болмайды. Аталған әдіс тарихи құбылыстар мен процестердің бірқатарын зерттеуге келмейді, мысалы, көпшілік. Оны басқа арнайы-тарихи әдістермен бірлікте қолдану қажет.
    1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37


    написать администратору сайта