ППЗәәдіснамасы. Педагогикалы зерттеулер методологиясыны мселелері
Скачать 2.11 Mb.
|
Тарихи-салыстырмалы әдіс тарихи объектілерді уақыт және кеңістік бойынша ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау және салыстырудан тұрады. И.Д.Ковальченконың пікірі бойынша, тарихи-салыстырмалы әдістің логикалық негізі ретінде аналогия алынады, ол салыстырылатын объектілердің бір белгілерінің ұқсастығы негізінде басқалардың ұқсастығы туралы тұжырым жасалғаннан тұратын танымдық процедура болып табылады. Тарихи-салыстырмалы әдіс әртекті тарихи құбылыстарды салыстыру үшін әртүрлі тәсілдерді қолдануды болжайды. Әсіресе салыстырмалы және тарихи-типологиялық салыстыру кең қолданылады. Бірінші әдіс тарихи объектілердің пайда болуындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды түсіндіреді. Салыстыру ұқсас формалар арқылы әртүрлі мазмұнды көруге мүмкіндік береді. Екінші салыстыру объектілердің бірдей генезисі мен дамуы жағдайындағы ұқсастық пен айырмашылықты түсіндіреді. Салыстыруды тарихи-генетикалық әдіспен үйлесімде қолдану тегі және пайда болуы бойынша, объектілердің ұқсастығын түсіндіруге және әртүрлі тарихи құбылыстардың өзара әсерін тіркеуге мүмкіндік береді. Тарихи-салыстырмалы әдіс арқылы зерттеуші аз зерттелген тарихи объектілер туралы қосымша ақпарат алады. Тарихи-салыстырмалы әдіс бұрын ежелгі грек тарихшылары мен философтары арқылы танылған болатын. Оны «тарихтың атасы» Геродот гректердің әдет-ғұрыптары мен өмір сүру салтын, парсылардың, египеттіктердің, сақтарды және тағы басқа халықтардың салт-дәстүрлерімен салыстыра отырып, сәтті қолданған болатын. Аристотель Теофрастпен біріге отырып, грек полистерінің мемлекеттік құрылуының 158 типін сипаттады және салыстырды. Аристотельдің тағы басқа тарихи-салыстырмалы шығармасы танымал – «Описание негреческих обычаев и установлений», бұл шығарма кейін жоғалып кеткен. Тарихи-салыстырмалы әдіс өзінің «жаңа демін» жаңа дәуірдің тарихи жазбасында алды. Француз ағартушылары оның жақтаушылары болды және олар тарихты объективті процесс ретінде қарастырды, оның айқын белгілері мен заңдылықтарын анықтауға тырысты. Осы әдістің көмегі арқылы Ф.Вольтер Батыс пен Шығыс елдерінің жалпы әлеуметтік даму факторларын айқындады, еуроорталықтануды Шығыс елдерінің материалды және рухани жетістіктеріне жағымсыз қатынасына қарай шеттетті, Қытайдың, Үндістанның, Иранның, араб елдерінің тарихын Батыс Еуропа елдерінің тарихымен салыстырды. Салыстырмалы талдау ағылшын тарихшысы А.Дж.Тойнбиге адамзат тарихында 21 өркениетті анықтауға мүмкіндік берді. Ол классификацияны белгілердің жиынтығы негізінде жүргізді (әмбебап мемлекеттің болуы, жалпы шіркеудің болуы және т.б.). Бірақ, аталған әдіс белгілі уақыт кеңістігінде тарихи объектілерді қарастыруға бағдарланған. Сондықтан, оны қолдануда негізгі назар объектілердің кеңістік пен уақыт бойынша статикалық қалпына жинақталады, бұл өз кезегінде қоғамдық процестердің динамикасын зерттеуді қиындатады. Бұнда тек қана дамудың бір сатысындағы біртипті тарихи объектілер мен құбылыстарды салыстыруға болады, немесе әртүрлі типті құбылыстарды әртүрлі сатыларда салыстыруға болады. Алғашқы жағдайда тарихи объектілер мен құбылыстар арасындағы ұқсастық, ал екінші жағадйда – олардың арасындағы айырмашылықтар анықталады. Тарихи-типологиялық әдіс тарихи оқиғалар мен құбылыстардың кеңістіктік топтарындағы ортақ белгілерін және олардың үздіксіз-уақытша дамуындағы біртекті сатыларды анықтаудың құралы болып табылады. Типологизацияның мақсаты - ортақ белгілері бойынша, объектілерді жүйелеу және реттеу, олардың жиынтығын сапалы белгілі типтерге (сатыларға) бөлу болып табылады. Формасы бойынша типологизация – бұл классификацияның бір түрі, ал мәні бойынша – сапалы талдаудың бір тәсілі. Типологизация жүргізуде бірқатар қиындықтар пайда болады. Бірінші қиындық - типтердің сапалы табиғаты белгілердің жиынтығымен сипатталады. Сол себепті, осы белгілердің құрамының анықталуымен байланысты қиындықтардан басқа, көпжақты классификацияны жүзеге асыруда қиындықтар туындайды. Аталған жағдайда, жинақтау мен топтаудың дәстүрлі тәсілдерінің тиімділігі төмен болады, себебі белгілі бір типтерге жинақтау қажет көпшілік топтар пайда болады. Бұл қиындықты барлық айқындалған белгілерді көпжақты және бір уақытта есепке алу негізінде, көпжақты интеграциялық топтауды қолдану жолы арқылы жоюға болады. Бұндай қолдану өз кезегінде көпжақты статистикалық талдауға жататын арнайы әдістерге жүгінуді қажет етеді. Типологизацияның келесі қиындығы – бір типке жататын объектілердің әртүрлі шамадағы қажетті белгілерінің болуымен туындайды: біреулері аталған типке тән, екіншілері – басқа типке тән. Сондықтан алғашқылары типтің ядросының құрамдас бөліктері ретінде анықталуы керек. Бір типке енетін объектілердің басқа типтегі объектілермен ұқсас белгілері болуы мүмкін. Типологизация ғылыми таным әдісі ретінде өзінің мақсаты – объектілер мен құбылыстар жиынтығын оларға тән ортақ мәнді белгілері негізінде құбылыстардың жаңа сапалы белгілі типтеріне реттеу болып табылады. Типологизацияның негізінде педагогикалық құбылыстардың типін анықтау, зерттелетін педагогикалық шындықтың қасиеттері мен базалық сапаларының болуы мен есепке алуы жатыр. Тарихи-педагогикалық зерттеулерде тарихи-типологиялық әдісті қолдану педагогикалық шындықтың орнын адекватты бейнелейді және ерекше ғылыми нәтиже береді. Осылайша, типологизация бірқатар әдіснамалық принциптерді сақтауды талап ететін, күрделі танымдық процесс болып табылады. Біріншіден, негіздерді анықтау, олардан сапалы белгілі объектілер мен құбылыстардың типі анықталады. Екіншіден, зерттелетін шындықтың мәнді қасиеттерін есепке алып, типтерді анықтау. Сонымен қатар, тарихи-типологиялық әдістің тиімділігі индукциялық, дедукциялық және дедукциялық-индукциялық тәсілдерді енгізу арқылы айқындалады. Дедуктивті тәсіл жеке объектінің белгілі бір типке қарай бөліну мүмкіндігін құрайды. Индуктивті әдісті қолдану типтер мен олардың сипаттаушы белгілері эмпирикалық мәліметтерді талдау тәсілі арқылы анықталғанда жүзеге асады. Дедуктивті-индуктивті тәсілдің мәні бойынша, белгілі типтер қарастырылатын құбылысты мазмұнды мәнді талдау негізінде анықталады, ал мәнді белгілері осы құбылыстар туралы эмпирикалық мәліметтерді талдау бойынша анықталады. Ғылымда типологизация әдісін қолданудың өзінің тарихы бар. О.Конт, Д.С.Милль, Г.Спенсер сияқты классикалық позитивистер және олардың ізбасарларының пікірлері бойынша, қоғамдық құбылыстардың типтері – айқын белгілері бойынша ұқсас объектілердің біріктірілген жиынтығы болып табылады. Позитивистер құбылыстардың мәнін тану мүмкіндігін теріске шығарды, сондықтан типологизацияны мәні бойынша, объектілерді классификациялаудың формальды процедурасы деп қарастырды. Бұндай көзқарас неокантиандар тарапынан сын туындатты. Объективті, жеткілікті формальды типтерді анықтауға И.Канттың ізбасарлары зерттеуші-тарихшының ойлаудағы тарихи типтерді құрастыруын қарама-қарсы қойды («идеалды типтер» тұжырымдамасы). Бұл әдісті қолданудың үлгісі ретінде В.И.Ленин ұсынған ХІХ ғасырдың аяғында Ресейдегі капитализмнің даму сызбасын атуға болады. Капитализмнің әртүрлі сатыларын зерттеу, олардың әрқайсысының типтік қасиеттеріне анықтама беру капитализмнің генезисі келесі типтік сатылардан өткенін аңғартады: қарапайым капиталистік кооперация-мануфактура-фабрика. Қазіргі заманғы зерттеушілердің ішінде, тарихи-типологиялық әдісті сандық әдістермен жетістікпен біріктірген И.Д.Ковальченко және Л.И.Бродкина болды. Тарихи-педагогикалық процесс - әлеуметтік және педагогикалық, бірлік және ерекше, ортақ және жалпы өзара тығыз байланысқан үздіксіз, динамикалық процесс. Тарихи педагогикалық шындықта типтікті анықтаудың негізі ретінде осы объективті шындықтың қасиеттерінің мәнін қалыптастыру және ескеруді атауға болады. Білім беру жүйесінде, педагогикалық процесте олардың тарихи жүзеге асуы мен дамуы барысында жаңа элементтер мен компоненттер, түр өзгерістер мен нұсқалар, жаңа байланыстар анықталғанмен, оларды зерттеу және жалпылау үшін типологиялық талдау әдісі қолданылады. Қазіргі кезде ғылыми-тарихи зерттеу тәжірибесінде тарихи-жүйелі әдіс кеңінен таралып келеді. Бұл қоғамдық-тарихи жүйелерді терең талдауға ұмтылыс жасаумен, олардың жүзеге асуы мен дамуының ішкі механизмдерін ашумен байланысты. Бұл әдіс дара және қайталанбайтын тарихи оқиғаларда, тарихи ситуациялар мен процестерде болатын жүйелі элементтерді жинақтайды. Барлық тарихи оқиғалардың өзіндік себептері болады және олар бір-бірімен өзара байланысты болады, яғни олардың жүйелі сипаты болады. Тіпті қарапайым тарихи жүйелерде оның құрылымын анықтайтын, жүйелер иерархиясындағы орнын анықтайтын көптүрлі функциялар болады. Тарихи-жүйелі әдіс әрбір нақты тарихи шындыққа сай тәсілдің болуын талап етеді: осы шындықты құрылымдық және функционалды талдауын жүргізу, оны жеке қасиеттерден тұратын жүйе ретінде емес, жүйелер иерархиясында танымал рөл атқаратын және белгілі орын алатын, өзіндік белгілер кешені бар біртұтас сапалы жүйе ретінде зерттеу. Жүйелі талдау жүргізу үшін, бізді қызықтырған тарихи шындық иерархиясынан жүйені анықтап алу қажет. Бұл күрделі процесс жүйенің декомпозициясы (анықтау) деп аталады. Оны жүзеге асыруда бірнеше жүйені құраушы (жүйелі) белгілер анықталады. Бұл белгілер бір-бірімен өзара тығыз байланысты және аталған жүйенің құрылымын анықтайды, яғни оның тұтастығы мен тұрақтылығын айқындайды. Жүйенің декомпозиция процедурасын жүзеге асыра отырып, тарихшы-зерттеуші оның құрылымдық талдауын жүзеге асырады. Бұл талдау жүйенің негізгі белгілерін және элементтерінің байланысын анықтаудан тұрады. Оның нәтижесі ретінде тарихи жүйенің өзі туралы тікелей білім алынады. Келесі кезеңде – функционалды кезеңде – жүйенің шындық иерархиясындағы орны, оның барлық функционалды байланыстары анықталады. Функционалды талдау жүйенің қоршаған дүниемен, зерттелетін жүйенің табиғатын анықтайтын қоршаған ортаның қасиеттерімен байланысын айқындауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің жүйелі-құрылымдық тәсілдерін ең алғаш құрушылардың бірі К.Маркс болды, ол құрылымды белгілі тұрақты қатынастарды жүзеге асыру деп атады. Қазіргі кезде жүйелі талдау АҚШ-ның және басқа елдердің әлеуметтік объектілері мен саяси жүйесін зерттеу үшін, «жаңа әлеуметтік тарих» және «жаңа саяси тарих» мектептерінде белсенді қолданылады. Осылайша, Р.Фогель мен С.Энгерман («жаңа экономикалық тарихтың» өкілдері) АҚШ-ның оңтүстігінде құлдық жүйесін зерттеуге арналған «Время на кресте» еңбегінде, негрлердің американ өркениетіне қосқан белгілі үлесін атап көрсетті. А.Д.Силби («жаңа саяси тарих») американ конгресінде ситуацияны зерттеуде, заң шығарушлардың іс-әрекетіне партиядағы алатын орны, оның мүшелері арасындағы өзара қатынас, сонымен бірге елдегі саяси жалпы жағдай әсер еткені туралы тұжырым жасады. Диахроникалық әдіс құрылымдық-диахрондық зерттеу үшін тән, ол табиғаты бойынша уақыттағы әртүрлі процестерді құру ерекшеліктерін анықтау міндеті шешілетін зерттеу іс-әрекетінің ерекше түрі болып табылады. Оның спецификасы синхронды тәсілмен салыстыру арқылы анықталады. «Диахрония» (әртүрлі уақыттық) және «синхрония» (бір уақыттық) терминдерін тіл біліміне швейцар лингвисті Ф.де Соссюр енгізді, ол шындықтың белгілі бір саласында тарихи құбылыстардың даму бірізділігін (диахрония) және осы құбылыстардың белгілі бір уақыт ішіндегі күйін (синхрония) сипаттайды. Әлеуметтік-психологиялық әдіс. Тарихи зерттеулерде психологиялық әдістер маңзды рөл атқарады: бірінші жағынан,өз объектісімен эмоционалды қатынастарға енген зерттеу субъектісі (тарихшы), екінші жағынан – тарихтың іс-әрекет етуші субъектілері өздерінің сезімдері, эмоцияларымен бірге экономикалық, әлеуметтік, саяси, діни және басқа қатынастарға түсіп, белгілі психологиялық заңдарға бағынады. Сондықтан тарихи процестің психологиялық аспектілерін қарастыратын және тарихи түсіндіру үшін, психологиялық әдістерді қолданатын тарихи жазбдағы біртұтас бағыттың пайда болуы табиғи заңды болып саналады. Бұл бағыт психотарих деп аталады, ол ХХ ғасырдың бірінші жартысында австриялық дәрігер, психотерапевт және неврапатолог З.Фрейдтің еңбектерінің жарыққа шығуымен байланысты болды. Осы уақыттан бастап, психобиография жанры тарихи зерттеулерде танымал болды. Тарихи процестің психологиялық заңдылықтарын іздеу, тарихты «психологияландыруға» ұмтылыс антика кезінен бастап белгілі. Мысалы, бірқатар зерттеушілер Плутархтың «Жизнеописания» еңбегін және библиялық тарихтарды лидерлерді психологиялық зерттеудегі алғашқы ұмтылыс деп санайды. Тарихи-педагогикалық зерттеулердің тарихи-педагогикалық процесі педагогикалық деректер мен құбылыстардың механикалық суммасы ретінде емес, тарихи, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, білім беру және басқа жүйелерде белгілі орын алатын, тарихи функционалды өзара байланыс пен өзара тәуелділікте болатын жүйе ретінде зерттеледі. Зерттелетін жүйе оның жеке компоненттері мен қасиеттері тұрғысынан емес, өзіндік базистік аспектілері, белгілері, сипаттамасы бар біртұтас феномен ретінде талданады, сонымен қатар жүйелердің жалпы иерархиясындағы орны мен рөлі бойынша, өзгеше функционалды қайталанбайтын ерекше жүйе ретінде талданады. Тарихи-педагогикалық жүйелердің жүзеге асуы мен дамуы педагогикалық тарихи шындықтың негізгі құрамды компоненттерін енгізеді және жинақтайды. Тарихи-педагогикалық зерттеулерді жүргізуде, жүйелердің ортақ бірлігінен жүйені – педагогикалық құбылысты анықтау маңызды мәнге ие болады. Ол үшін анықталатын жүйе мен базалық компоненттерге тән жүйелі құрылымды белгілер мен ерекшеліктерді анықтау қажет. Тарихи-педагогикалық жүйелер мен құбылыстарды жүйелі-құрылымдық талдауды зерттелетін жүйені жоғары деңгейлі жүйелермен өзара әрекетін анықтайтын, функционалды талдаумен үйлестіру қажет. Тарихи-педагогикалық жүйелерді жүйелі-құрылымдық талдау тиімді және нәтижелі болып саналады, себебі абстрактіліден нақтылыға өрлеуді қамтамасыз етеді, нәтижесінде нақты-теориялық білім – ғылыми-педагогикалық білімнің жоғары деңгейін береді. Ғылыми танымның ешбір әдісі жалғыз, абсолютті бола алмайды. Зерттеу міндеттерін жетістікпен шешу үшін, әртүрлі, мәні бойынша адекватты әдістер жүйесін қолдану қажет. Осылайша, тарихи-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыруды және жүргізуде олардың тиімділігі, нәтижелілігі және сапасы қолданатын әдістердің көп жақтылығы және кешенділігімен, олардың зерттелетін тақырыпқа, оның пәніне, зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкестігімен негізделеді. Аналогияның жалпы сипаттамасы. Индукция сияқты, аналогия білімді ауыстырумен байланысты, бірақ индукциямен салыстырғанда, ондағы білім бір объектіден өзіне ұқсас объектіге аударылады. Индукция кезінде объектілердің ортақ белгілерінің басқа объектілерге ауысуы жүзеге асырылғанмен, бұнда білімді жалпылау жүзеге асады. Сондықтан индукцияны жекеден жалпыға қарай ой қорытындысын жасау ретінде анықтайды, ал аналогия жеке объектіден басқа жеке объектіге қарай ой қорытынды жасау ретінде қарастырылады. Осылайша, аналогияға екі объектінің бір белгілері бойынша, олардың ұқсастығын басқа белгілері бойынша тұжырым жасау негізінде ой қорытындысы ретінде анықтама беруге болады. Сондықтан, аналогияны іздеу белгілері мен қатынастары бойынша, екі объектінің ұқсастығы мен айырмашылығын қалыптастыру үшін, оларды салыстырудан басталады. Содан кейін, ұқсас белгілер мен қатынастар арасында бір-бірімен салыстырылатын маңызды және мәнді белгілер анықталады. Егер қарастырылатын объектілер мәнді белгілері бойынша ұқсас болса, онда олар алғашқы белгілері мен қатынастары бойынша да ұқсас деп айтуымыз дұрыс болар еді. Аналогияның түрлері. Аналогияда бір объектіден екінші объектіге қасиеттер немесе қатынастарды ауыстыру жүруіне қарай, оның формасы бойынша негізгі екі түрін атауға болады: қасиеттер аналогиясы және қатынастар аналогиясы. Қасиеттер аналогиясында ұқсас объектілер қасиеттері бойынша салыстырылады және бағаланады. Сондықтан осы жағдайда ауысатын белгі ретінде қасиетті атауға болады. Қатынастар аналогиясында объектілер арасындғы қатынастардың ұқсастығы қарастырылады. Объектілердің өзі әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, атомның бірінші моделі Күн жүйесінің аналогиясы бойынша құрылған болатын, бұнда Күн ретінде атомның ядросы алынды, ал планеталар ретінде ядроның айналасындағы электрондар алынды. Бұл модельдегі қатынастар аналогиясы белгісіз болып қалады, бірақ кейбір көрнекі ассоциациялар кеңістік өлшемі бойынша сақталып қалады. Аналогияның мүмкін боларлық сипаты. Толық емес индукциядағыдай, аналогия бойынша ой қорытындысының нәтижелерінің мүмкін боларлық сипаты болады, қазіргі заманғы логикада бұндай ой қорытындыларын шынайылар қатарына жатқызады. Бұнда аналогияның мүмкін боларлық дәрежесі кең ауқымда болады, ол мүмкін боларлықтың кішкентай дәрежесінен басталып, практикалық шынайы мүмкін боларлық дәрежемен аяқталады. Логикалық әдебиеттерде аналогиялар арасындағы айырмашылықтар әдетте, сапалы формада сипатталады, яғни қатал емес немесе қатал аналогия ретінде қарастырылады. Аналогия бойынша қорытынды жасаудың шынайылығы немесе мүмкін боларлығы төмендегілерге тәуелді болады: салыстырылатын заттар мен құбылыстарда табылған ұқсас қасиеттер мен қатынастардың саны; таңдалатын қасиеттер немесе қатынастардың мәнділігі; салыстырылатын заттар мен құбылыстардың басқа мәнді қасиеттері мен қатынастарындағы ауыстырылатын белгілермен байланысының болуы; объектілердің ұқсас қасиеттері мен қатынастарын дәл сандық формада көрсету мүмкіндігі. Аналогияның әлсіз дәлелдеуші күші болады, сондықтан көп жағдайда жаңа болжамдар мен заңдылықтарды іздеу үшін қолданылады. Аналогия бойынша ой қорытындыларының мүмкін боларлық дәрежесін ұқсақтық теориясының талаптарын сақтау және белгілі жағдайлардың болуына қарай арттыруға болады, онда қол жеткен мүмкін боларлықтың кез келген дәрежесі практикалық шынайылықтан ешуақытта артпайды. Бұл ереже атап айтсақ, аналогияның қазіргі формаларына енгізіледі, олар математикалық тұрғыда дәл құрылуы керек, ал модельден түпнұсқаға өту барысында ұқсақтық теориясының талаптары сақталады. Олардың мүмкін боларлық дәрежесін арттыруға болады, бірақ ол қатал аналогияның деңгейінде сақталып қалады. Аналогияның жүзеге асу жағдайлары. Жоғарыда баяндалған аналогия бойынша, ой қорытындыларын мүмкін боларлық бағалау туралы пікірлерді олардың қайсысы дұрыс, қайсысын жүзеге асыруға болатынына қарай қолдануға болады. Аналогияның жүзеге асуының маңызды шарты ретінде салыстырылатын объектілердің арасында шынайы, қажет нәрсенің болуы үшін талап алынады. Егер салыстыруда негізгі, басты емес, қосымша ерекшеліктер, қасиеттер мен қатынастар анықталатын болса, бұндай аналогияны алдын-ала жүзеге аспайтын, жеңіл және әлсіз, қабылданбайтын деп санауға болады. Кез келген объектілердің ұқсас, әртүрлі қасиеттері мен қатынастары болатыны сияқты, оларды салыстыруда әрбір нақты аналогияда олардың арақатынасын ескеру қажет. Егер айырмашылықтар ұқсастықтардан басым түссе, онда объектілер арасындағы аналогияны құруға болады. Кейде объектілердің ұқсас қасиеттерін позитивті аналогия шеңберінде, ал әртүрлі қасиеттерін – жағымсыз аналогия шеңберінде біріктіру ұсынылады. Содан кейін, олардың ортақ баланстары бойынша, зерттелетін объектілер арасындағы аналогияны іздеу туралы мәселені шешуге болады. Бұнда бір объектіден екінші объектіге ауыстырылатын қасиеттер мен қатынастардың мәнділік дәрежесін анықтау мәселесі үлкен мәнге ие болады. Бұнда екі жағдайды бөліп қарау керек. Біріншісі, бір объектіден екінші объектіге ауыстырылатын белгінің мәнін бағалауға байланысты болады. Мәнді емес белгілі аналогияның мүмкін боларлық дәрежесін арттыруға ықпал етуі екіталай. Сондықтан, бұндай аналогияны терең және жеңіл болса да, жүзеге асушы деп санауға болады. Екінші мәселе, ауыстырылатын белгі мен объектінің басқа мәнді белгілері арасындағы байланысты анықтауға қарай туындайды. Егер осындай байланыс анықталмаса, ауыстырылатын белгінің аналогияны күшейтуі екіталай. Объектінің басқа мәнді белгілері мен ауыстырылатын белгі арасындағы қажетті байланыстың болуы немесе болмауын қатал немесе қатал емес аналогияның болуымен байланыстырады. Индуктивті ой толғаныстарында ғылыми аналогияны алынған қорытындысы бойынша, мүмкін боларлық дәрежесіне қарай, танымал аналогиядан бөлу маңызды болып саналады. Ғылыми аналогияда мәнділік дәрежесі бойынша ұқсас қасиеттер, қатынастар мен заңдылықтарды терең зерттеу жүзеге асады. Қазіргі кезде ғылыми әдебиеттерде заңдылықтар аналогиясына негізделген, аса дамыған шынайы ой толғаныстары саналады, олар математикалық көбейту, құрылымдар мен жүйелер көмегімен айқындалады. Бұл туралы ең алғаш классикалық электромагнетизм теориясының негізін қалаушы Д.К.Максвелл (1831-1879) айтқан болатын, ол өзінің электромагнитті теориясын қысылмайтын сұйықтықтың гидродинамикасы аналогиясына сүйене отырып құрған болатын. Қазіргі кезде, бұндай аналогиялар бір ғылымнан екіншісіне заңдылықтарды ауыстыру үшін қолданылады. Ғылыми және қатал аналогиялармен салыстырғанда, басқа аналогияларда көп жағдайда қасиеттер мен қатынастар алынады. Сондықтан бұндай аналогиялар кейде қате болып саналады. Бұндай аналогиялар қатарына, атап айтсақ, кең тарған жалған аналогияларды жатқызуға болады, мысалы, қоғам тірі организмге ұқсастырылады, кикілжіңдер мен қарама-қайшылықтар - өмір сүру үшін күреске қарсы ұқсас қойылады және т.б. Әртүрлі ғылымда, оның ішінде тарихта нақты міндеттерді шешу үшін, философиялық және жалпы ғылыми әдістерге негізделетін арнайы зерттеу әдістері қолданылады. Жалпығылыми әдістер философиялық әдістерге қарағанда, зерттеу міндеттерін шешудің бір құралы ретінде бола отырып, ғылыми-танымдық іс-әрекеттің белгілі аспектілерін ғана қамтиды. Жалпығылыми әдістерге жататындар: жалпы тәсілдер (жалпылау, анализ, синтез, абстракция, салыстыру, модельдеу, индукция, дедукция және т.б.); эмпирикалық зерттеу әдістері (бақылау, өлшеу, эксперимент); теориялық зерттеу әдістері (идеализация, формализация, ойлау эксперименті, жүйелі тәсіл, математикалық әдістер, аксиомалық тәсіл, абстрактіліден нақтыға және нақтыдан абстрактіліге өрлеу әдістері, тарихи, логикалық жне т.б.). Ғылыми танымның дамуы жаңа жалпығылыми әдістердің пайда болуына әкеп соқты. Олардың қатарына жүйелі-құрылымдық талдау, функционалды талдау, ақпараттық-энтропийлі әдіс, алгоритмизация және т.б. жатады. Танымдық іс-әрекетте аталған әдістердің барлығы диалектикалық бірлікте, өзара байланыста болады, бір-бірін толықтырады, бұл танымдық процестің объективтілігі мен шынайылығын қамтамасыз етеді. Жалпығылыми әдістердің таным процесінде алатын рөлі әртүрлі болып табылады. Бұл көп жағдайда олардың жүзеге асырылуы сипатымен анықталады. Бірқатар әдістерді зертеудің эмпирикалық, теориялық деңгейлерінде қолдануға болады, оларды танымдық процестегі міндеттерді жүзеге асырудың нақты құралдары ретінде қарастыруға болады. Тарихи және логикалық әдістердің әрекеті, абстрактіліден нақтылыға өрлеу және керісінше, қоғамдық құбылыстарды теориялық тану процесінде ғана мүмкін, ол теориялық зерттеу процесінде жетекші рөл атқарады. Жалпығылыми әдістер тарихи объектілердің кеңістікте қозғалысын қарастыруға мүмкіндік береді. Бұнда синхронды, бір уақытта жүретін процестерді талдау басым болады. Объектілердің құрылымы мен функциялары тарихи дамуға қатыссыз, статикада қарастырылады. Көп жағдайда жалпығылыми әдістер осы объектілерді жүйелі-құрылымдық талдау барысында қолданылады. Тарихи әдістер керісінше уақыт бойынша объектілердегі өзгерістерді зерттеуде қолданылады. Кейде жалпығылыми және тарихи әдістер біріктіріледі, онда қоғамдық жүйелер кешенді зерттеледі, яғни жүйенің құрылымы мен функциясы олардың тарихи дамуы арқылы түсіндіріледі, ал тарих тарихи объектілер немесе топтардң құрылымы мен функциялары арқылы түсіндіріледі. |