Главная страница
Навигация по странице:

  • 3. Абстракциялау

  • 4. Салыстыру

  • 7. Дедукция

  • 8. Модельдеу

  • Әдебиетке салыстырмалы-тарихи талдау жасау әдісі

  • 2. Модельдеу әдісі

  • 3. Себеп-салдарды талдау әдісі

  • 4. Педагогикалық бақылау

  • 6. Сауалдама және сұхбат

  • ППЗәәдіснамасы. Педагогикалы зерттеулер методологиясыны мселелері


    Скачать 2.11 Mb.
    НазваниеПедагогикалы зерттеулер методологиясыны мселелері
    Дата14.01.2023
    Размер2.11 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаППЗәәдіснамасы.doc
    ТипСеминар
    #886648
    страница28 из 37
    1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37

    Жалпы логикалық әдістер және таным тәсілдері.

    1. Талдау (грек тілінен аударғанда – бөлу, талдау) – объектінің құрамдас бөліктерін өз бетінше зерттеу мақсатында бөлу, талдау. Шынайы іс-тәжірибеде және ойлау іс-әрекетінде қолданылады.

    Талдаудың түрлері: механикалық бөлу; динамикалық құрамды анықтау; тұтастың элементтерінің өзара әрекет формаларын анықтау; құбылыстардың себептерін табу; білім және оның құрылымы деңгейлерін анықтау және т.б.

    Талдауда заттың сапасын қадағалау керек. Білімнің кез келген саласында объектіні бөлудің белгілі бер шекарасы бар, одан кейін біз қасиеттер мен заңдылықтар әлеміне енеміз (атом, молекула және т.б.). Талдаудың бір түрі ретінде заттарды кластарға бөлуді атауға болады.

    2. Жинақтау (грек тілінен аударғанда – біріктіру – шынайы немесе ойша заттың бөліктерін және жақтарын біртұтасқа біріктіру). Синтез – бұл тұтастың бөліктерін ырықсыз, эклектикалық біріктіру емес, ол мәнді анықтауға қарай диалектикалық тұтастық болып саналады. Қазіргі заманғы ғылым үшін тек қана ішкі емес, сонымен бірге пәнаралық синтез және ғылым синтезі тән.

    Синтездің нәтижесі ретінде компоненттердің қасиеттерін сырттай біріктіру, олардың ішкі өзара байланысы мен өзара тәуелділігінің нәтижесі болып табылатын жаңа құрылым болып саналады. Анализ және синтез диалектикалық тұрғыда бір-бірімен өзара байланысты, бірақ іс-әрекеттің кейбір түрлері аналитикалық (мысалы, аналитикалық химия) немесе синтетикалық (мысалы, синергетика) болып табылады.

    3. Абстракциялау (латын тілінен аударғанда – бір жақты көрініс):

    а) біртұтастың бір жағы, сәті, бөлігі, шындықтың бір бөлігі, дамымаған, біржақты, фрагментарлы (абстрактілі);

    ә) қасиеттің белгілі сәтінде танушы субъектінің бір уақытта қызығушылығын анықтайтын, бірқатар қасиеттер мен зерттелетін құбылыстан ойша қозғалу процесі (абстракциялау);

    б) ойлаудың абстракциялау әрекетінің нәтижесі (абстракция тар мағынасында).

    Бұл «абстрактілі заттар», жеке алынған ұғымдар мен категориялар ретінде («аппақ», «даму», «ойлау» және т.б.) олардың жүйесі алынады (олардың ішінде ерекше дамығандары - математика, логика және философия саналады).

    Абстракциялаудың негізгі сұрағы – қарастырылатын қасиеттердің қайсысы мәнді, қайсысы қосалқы болуында. Объективті шындықта ойлаудың абстракциялаушы жұмысы ретінде, әрбір нақты жағдайда зерттелетін заттың табиғатынан, сонымен бірге танымның міндеттерінен ойлаудың біржақты болуы алынады. Өзінің тарихи даму барысында ғылым абстрактілінің бір деңгейінен екінші бір жоғары деңгейіне өрлейді. Абстракцияның бірнеше түрлері бар:

    А) Теңестіру абстракциясы, оның нәтижесінде зерттелетін заттардың жалпы қасиеттері мен қатынастары анықталады. Бұнда аталған қасиеттер мен қатынастарда заттардың тепе-теңдігін қалыптастыру негізінде, оларға сәйкес кластар құрылады.

    Б) Изоляцияланған абстракция – «таза біржақты болу» актілері, бұнда өзбетінше дара заттар ретінде қарастырыла бастайтын қасиеттер мен қатынастар анықталады («абстрактілі заттар» - «жақсылық», «ақтық» және т.б.).

    В) Математикадағы өзекті шексіздік абстракциясы – бұнда шексіздік көпшіліктер соңғы ретінде қарастырылады. Бұнда зерттеуші шексіздік көпшіліктің әрбір элементін сипаттау және тіркеудің мүмкін болмауын біржақты қарастырады, осындай міндетті шешілген деп қабылдайды.

    Г) Потенциалды жүзеге асыру абстракциясы – бұл математикалық іс-әрекет процесінде операциялардың соңғы саны жүзеге асырылады.

    Абстракциялар деңгейлері бойынша бөлінеді (рет бойынша). Шынайы заттар бойынша абстракциялар бірінші ретті абстракция деп аталады. Бірінші деңгейдегі абстракциялар екінші реттегі абстракция деп аталады. Абстракцияның ең жоғары деңгейімен философиялық категориялар сипатталады.

    4. Салыстыру – объектілердің ұқсастығы немее айырмашылығы туралы пайымдаулар негізіндегі танымдық операция. Салыстыру көмегімен заттардың сандық және сапалық сипаттамалары анықталады. Салыстыру – бұл олардың арақатынасын анықтау мақсатында бір затты екіншісімен салыстыру. Салыстыру арқылы анықталатын қатынастардың қарапайым және маңызды типі – бұл ұқсастық және айырмашылық қатынастары. Салыстырудың класс құрайтын «біртекті» заттардың жиынтығы арқылы маңызы болады. Класс бойынща заттарды салыстыруды қарастыру үшін, мәнді белгілер бойынша жүзеге асырылады.

    5. Жалпылау - заттардың жалпы қасиеттері мен белгілерін қалыптастыру процесі. Абстракциямен тығыз байланысты. Жалпылаудың гносеологиялық негізі ретінде ортақ және бірлік категориясы алынады.

    Жалпы – бірлікті бірнеше құбылыстарға немесе аталған кластың барлық заттарына жататын, ұқсас, қайталанатын белгілерді айқындайтын философиялық категория. Жалпының екі түрін бөліп қарастыру қажет:

    А) абстрактілі-жалпы, бірқатар бірлікті заттардың жеңіл ұқсастығын білдіретін сыртқы ұқсастық . Жалпының аталған түрі салыстыру жолымен анықталады, танымда шектелген, бірақ маңызды рөл атқарады.

    Б) нақты-жалпы, өзара іс-әрекеттегі бірқатар бірлікті құбылыстардың болуы мен дамуының заңы. Жалпының аталған түрі топтағы ұқсас, ішкі, қайталанатын, терең құбылыстардың негізін, оның дамыған формасындағы мәнін айқандайды, яғни заңды айқындайды. Жалпының екі түріне сәйкес, ғылыми жалпылаудың екі түрін бөліп қарастырады: кез келген белгілерді анықтау және мәнді белгілерді анықтау.

    Басқа негізі бойынша, жалпылауды анықтауға болады:

    А) жеке деректер мен оқиғалардан олардың ойлаудағы көрінісіне (индуктивті жалпылау);

    Б) бір ойдан екіншісіне, жалпы ойға өту (логикалық жалпылау). Жалпылау шексіз болуы мүмкін емес. Оның шекарасы ретінде текті ұғымдары жоқ және жалпылауға келмейтін, философиялық категорияларды атауға болады.

    6. Индукция – бақылау мен эксперимент нәтижелерін жалпылаумен және жекеден жалпыға қарай жүретін ой қозғалысымен байланысты, зерттеудің логикалық тәсілі. Индукцияда аталған тәжірибелер жалпыға қарай жүреді. Тәжірибе шексіз және толық болмағандықтан, индуктивті тұжырымдардың мәселелі (мүмкін боларлық) сипаты болады. Индуктивті жалпылаулар әдетте, тәжірибелі шындықты немесе эмпирикалық заңдарды қарастырады.

    7. Дедукция – таным процесінде жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы; логикалық тұжырым процесінде логиканың белгілі ережелерінен олардың қорытындысына қарай өту. Ғылыми танымның бір тәсілі ретінде, индукциямен тығыз байланысты, олар диалектикалық өзара байланысты ой қозғалысының тәсілдері. Аналогия шынайы білім бермейді: егер аналогия бойынша ой қорытындылары шынайы болса, қорытынды да шынайы болады деген сөз емес. Аналогия бойынша тұжырымдардың мүмкін боларлығын арттыру үшін, төмендегілерге ұмтылу қажет:

    А) салыстырылатын объектілердің сыртқы емес, ішкі қасиеттеріне;

    Б) бұл объектілер маңызды және мәнді белгілері бойынша ұқсас болады;

    В) сәйкес келетін белгілердің шеңберінің кең болуы;

    Г) ұқсастық ғана емес, айырмашылықтар да ескеріледі.

    8. Модельдеу. Аналогия бойынша ой қорытындылары кеңірек түсіндіріледі, бұл бір объекті туралы ақпаратты ауыстыру модельдеудің гносеологиялық негізін құрайды – объектілерді модель бойынша зерттеу әдістері.

    Модель (латын тілінен аударғанда – шама, үлгі, норма) – логикада және ғылым әдіснамасында – шынайылықтың белгілі фрагментінің аналогы, адамзат мәдениетінің ой пікірі, және т.б. – модельдің түпнұсқасы. Ол түпнұсқа туралы ақпаратты сақтау және кеңейту үшін қызмет етеді. Модель мен түпнұсқа арасында ұқсастық болуы керек: дене сипаттамасы, функциялар; зерттелетін объектінің және оның математикалық сипаттамасының қалпы; құрылымы және т.б. Осы ұқсастық модельді түпнұсқаға ауыстыруды зерттеу нәтижесінде ақпаратты ауыстыруға мүмкндік береді.

    Модельдеудің формалары әртүрлі және қолданылған модельдер мен модельдеу ауқымын қолдануға байланысты болады. Материалды модельдер жаратылыстану заңдарына бағынатын табиғи объектілер болып табылады. Нақты объектіні физикалық модельдеу кезінде, оны зерттеу бірқатар модельді зерттеумен ауыстырылады. Идеалды модельдеуде модельдер сызба, график, чертеж, формула, көбейту жүйесі, табиғи және жасанды тілдің ұсыныстары және т.б. ретінде болады. Қазіргі кезде математикалық (компьютерлік) модельдеу кең тараған.

    Педагогикалық қызмет пен педагогикалық процесс саласындағы ғылыми зерттеудің мәні мынадай жалпы проблемелер болып табылады:

    1.Педагогикалық қызмет пен педагогикалық процесті ұйымдастырудың қоғамдық құбылыс ретінде тәрбие заңдарының талаптарына сәйкестік дәрежесі. Оқыту мен тәрбие мазмұнының, нысандары мен әдістерінің өндіргіш күштерді дамыту талаптарына, қоғамдық қатынастар практикасының сұраныстарына сәйкестігін дер кезінде белгілеудің айрықша маңызы бар.

    2. Педагогикалық қызмет мен педагогикалық процесс дегеніміз- өте күрделі қоғамдық құбылыс, ол тек тәрбие заңдарына негізделіп қана қоймайды. Олар заңдылықтарға және физиология, психология, философия сияқты аралас ғылымдардың деректеріне сүйенеді. Мұның өзі педагогикалық процестер мен ахуалға кешенді әдістемелерді арнайы оқып үйренуді талап ететін өзіндік сипат береді. Мысалы, педагогтың жеке тәсілді жүзеге асыруы, ұжымдық және топтық қатынастарды ұйымдастыру, балалар білімдерінің, олардың мүдделері мен ұмтылыстарының жан-күйін диагностикалау, педагогтың өзара іс-қимылдың нақты психологиялық-педагогикалық жағдайларын есепке алып отыруы- осының бәрі шектес ғылымдарға сүйенуді қажет етеді.

    3. Педагогикалық қызмет пен педагогикалық процестің тиімділігі қашанда педагогтар мен тәрбиеленушілердің арасындағы қарым-қатынасты тұрақтандыру, оны қалыпты жағдайға келтіру жөнінде ұсынымдар беруге тиіс.

    4. Педагогика тәрбие процесі мен ондағы педагогикалық ахуалдың тиімді өтуінің субъективтік-объективтік жағдайларын зерттейді. Ол бала өмірін ұйымдастырудың барлық нысандарын тиімді пайдаланудың, әр түрлі қызмет түрлерін ұйымдастырудың педагогикалық әдістерін белсенді қолданудың бастапқы ұсынымдарын береді.

    5. Педагогикалық ғылым диагностикамен де айналысады. Ол педагогикалық тұрғыдан әсер етудің, барлық процестің нәтижелерін зерделейді. Оның міндеті мұғалімдердің өзінің педагогикалық іс-әрекетін түзеу мақсатында оларға кері ақпаратты алу, өңдеу және беруге көмектесу болып табылады.

    6. Тәрбиенің нақты қоғамдық жағдайлары мен міндеттерін ескере отырып, педагогика ғылыми балалар мен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа жүйелерін жасайды, кең көлемді педагогикалық эксперименттерді ұйымдастырады.

    7. Педагогика ғылымының оның қолданбалы саласындағы мәні озат педагогикалық тәжірибені, оны тарату және тиімді енгізу жағдайларын зерттеу болып табылады.

    Озат педагогикалық тәжірибе дегеніміз, қоғамдық педагогикалық қызметтің бастауы ретінде, нақты жағдайларды, балалар ұжымының және жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескерумен бірге, мұғалімнің жұмыс практикасында педагогика заңдары мен принциптерін белсенді түрде меңгеруі және іске асыруы деген сөз (21).

    Озат тәжірибені зерделеу және қорыту педагогика ғылымын дамытудың негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады, өйткені, бұл әдіс өзекті ғылыми проблемаларды табуға мүмкіндік береді, педагогикалық процестің заңдылықтарын оқып үйренуге негіз жасайды..

    Озат педагогикалық тәжірибенің екі түрі бар:

    1. педагогтың ғылыми ұсынымдарды біліктілікпен, ұтымды кешенді пайдалануы болып табылатын педагогикалық шеберлігі;

    2) педагогикалық жаңашылдық, яғни жаңа білім беру қызметін көрсетулері, оқытудың жаңа мазмұны, нысандары мен әдістері, тәсілдері мен құралдары, т.с.с. өзінің шығармашылық табыстарымен байытылған тәжірибе.

    Озат тәжірибенің өлшемдері:

    1. жаңашылдық;

    2. жоғары нәтижелік;

    3. ғылымның қазіргі жетістіктеріне сәйкестік;

    4. тұрақтылық;

    5. тәжірибені басқа да педагогтар мен оқу орындарының пайдалану мүмкіндігі;

    6. тәжірибенің оңтайлығы.

    Зерттеу әдістері эмпирикалық және теориялық болып бөлінеді:

    В.И. Загвязинский зерттеудің эмпирикалық әдістерін екі топқа бөледі:

    а) жұмыс, жеке әдістер (әдебиетті, құжаттарды және іс-әрекет нәтижелерін зерделеу; бақылау; сұрау салу (ауызша және жазбаша); сараптамалық бағалау әдісі; тестілеу);

    б) кешенді, жалпы әдістер (зерттеу; мониторинг; педагогикалық тәжірибені зерделеу және қорыту; эксперимент).

    Е.М.Муравьев пен А.Е. Богоявленская педагогикалық зерттеу әдістерінің мынадай схемаларын ұсынады.

    1. Әдебиетке салыстырмалы-тарихи талдау жасау әдісі

    Бұл әдіс әдебиет мәселелерін, оның тарихын зерттеуді көздейді, бұл ретте барлық көзқарастарға талдау жасалады.

    Ең алдымен ғылымда бұл проблема жөнінде не жинақталғанын оқып зерделеу қажет (негізгі ғылыми идеялар, зерттеулердің негізгі принциптері, т.с.с.) Бұл үшін зерттеу тақырыбы бойынша әдебиетті ұқыпты түрде таңдап алу керек, бұған бірінші кезекте көңіл бөлген жөн. Барлық әдебиетті мынадай өлшемдер бойынша талдау қажет:

    1) әр түрлі ғалымдар проблеманың мәнін, зерттеу мәселесін қалай түсінген;

    2) зерттеу субъектісіне қандай анықтама берген, қандай белгілерді мәнді деп санаған, т.с.с.;

    3) белгілі бір ғалымның пірінше, осы проблеманың мәні неде, оны немен түсіндіруге болады;

    4) осы проблеманың жалпы ғылым жүйесіндегі, оқыту (тәрбие) теориясындағы, практикадағы орны қандай;

    5) осы құбылыстың басқа да төркіндес құбылыстармен байланысы қандай – негізгі және жанама;

    6) ғалымдардың пікірінше, осы немесе басқа процесс, осы немесе басқа құбылыс қандай жағдайларда қалайша өтеді;

    7) зерттеліп отырған процестің немесе құбылыстың ішкі қозғаушы күштері, тетіктері, динамикасы қандай.

    Талдау ғалымдардың жалпы тұжырымдары мен аяқталады; бұл тұжырымдар зерттеу жұмысында арқа сүйейтін тіректер болуға тиісті. Осыған дейін істелген істің барлығына сыни тұрғыдан баға беру, оған өзіңнің субъективтік көзқарасыңды білдіру қажет. Қолдағы әдебиетке сыни тұрғыдан талдау жасау өзіңнің жеке көзқарасыңа емес, логикалық, құрылымдық, фактологиялық талдауларға сүйенуге тиісті. Сынау, пікір таластыру, айтысу үшін осы проблема бойынша жақсы базалық білім болуға тиісті.

    Проблема бойынша әдебиетке сыни талдау жасаудың маңызы: ақиқатты табу, адасушылықты, жетіспеушілікті айқындау, зерттеу нәтижелерін дәлелдеу, зерттеу міндеттерін белгілеу.

    2. Модельдеу әдісі

    Бұл әдістің мәні схемалардың, чертеждердің, қысқаша сөздік сипаттамалардың, кейде матрицалардың, символдардың математикалық формулалардың т.с.с. көмегімен зерттеліп отырған процестер мен құбылыстарға көркем бейнелі сипаттама беру болып табылады.

    3. Себеп-салдарды талдау әдісі

    Бұл әдіс көрсетілген себепті түсіндіруге және зерттелуші құбылыстың немесе өзгерістің мәнін терең зерттеуге мүмкіндік береді.

    4. Педагогикалық бақылау

    Педагогикалық процесті табиғи жағдайларда тікелей және мақсаткерлікпен қабылдау. Ол қатаң түрде жоспарлануға, бақылауларды тіркеу нысандарын көздеуге тиіс. Бақылаулар тікелей және жанама, ашық және жабық, үздіксіз және дискреттік (үзіліспен), монографиялық болуы мүмкін. Зерттеуші бақыланушы объектініңіс-әрекетіне тікелей белсене қатысса (оқушылармен бірге), бақылау тиімді болып шығады. Сырттай (құпия) бақылау айналы (әйнекті) қабырға арқылы немесе телекамераның көмегімен жүзеге асырылады.

    5. Әңгіме

    Сұрақ-жауап тұрғысындағы әңгіме және осының ез-келген үлгісі алдын-ала жоспарланған мәселелер бойынша, белгілі бір мақсатпен өткізіліп, мұнда барлығы да тіркеледі: жауаптың нысаны, әңгімеге көзқарас, мінез-құлық және т.с.с.

    6. Сауалдама және сұхбат

    Бұл жерде мынадай талаптарды сақтау қажет:

    - зерттелуші құбылысты неғұрлым дәл көрсететін және сенімді ақпарат беретін дәл және нақты сұрақтарды ұқыппен талдау;

    - жауаптарды нақтылауға мүмкіндік беретін тікелей және жанама сұрақтарды пайдалану және олардың шынайылығын анықтау;

    - берілген сұрақтарды пайдалану және олардың шынайылығын анықтау;

    - берілген сұрақтардың мәні мен маңызы және оларды дайындау кезінде ешкімнің араласпауы;

    - ашық (кейде жауап беруші өзінің жеке пікірін айтуға болады), жабық (жауаптарының шектеулі нұсқаларымен) сауалдамаларды пайдалану;

    - дайындалған сауалдаманы сынақтан өтушілердің шағын тобында тексеру, қажетті түзетулерді енгізу;

    - балмен бағалау арқылы қарама-қарсы сауалнамаларды пайдалану.
    1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37


    написать администратору сайта