ППЗәәдіснамасы. Педагогикалы зерттеулер методологиясыны мселелері
Скачать 2.11 Mb.
|
Әлеуметтік педагогиканың негізгі ұстанымдарына және олардың талаптарына жалпы сипаттама. 1. Объектілік фактормен байланысты әлеуметтік педагогика ұстанымдары: Объектілік фактордан туындайтын неғұрлым маңызы ұстанымдар: табиғатқа сәйкестік, жеке даралыққа байланыстылық және гуманизм. Табиғатқа сәйкестік Ұстанымның бастауы. Педагогикаға ұстанымды енгізген Ян Амос Коменский (1592-1670). Ол баланың дамуына табиғи және әлеуметтік ортаның өзара әрекеттестігіндегі индивид ретінде қарады. Мұның маңыздылығын көптеген педагогтар мойындады. И.Г.Песталоцци: «Өзімнің кемел жасымның көп бөлігін арнаған элементарлық білім беру идеясы, теориялық және практикалық түсіндіру... табиғатқа сәйкес даму және адамзаттың күші мен тума нышандарын қалыптастырудан өзге дәңеңе де емес» 1 - деп жазды. Ұстанымның мәні. Адам табиғи болмысқа жатады және табиғаттың, соның ішінде және де әлеуметтік табиғаттың заңдары бойынша дамиды. Бұл белгілі бір жағдайларда нақтылы адамның тиісінше бағыты, даму динамикасы және тәрбиесі болатындығын көрсетеді. Адамға деген көзқарас әлеуметтік-табиғи болмысқа деген көзқарас болуға тиіс. Ұстанымның екі түрлі құрамдас бөлігі бар: тұтастай табиғат және оның бір бөлшегі – адам (адамның өзіндік табиғат). Адамды оның табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып және оның шегінен асырмай ғана дамытуға және жетілдіруге болады. Олай болмаған жағдайда оның болмысын бүлдіріп, құрту басталады. Ұстанымның негізгі талаптарына мынадай қажеттіліктерді жатқызуға болады: адамның дамуы мен тәрбиесінің заңдылықтарын білу және соларға сәйкес бүкіл әлеуметтік-педагогикалық қызметті құра білу; адамның яғни әлеуметтік-педагогикалық жұмыс объектісінің жас шамасы мен жыныстық жеке даралық ерекшеліктерін ғана емес, сонымен қатар, жақын және алыс болашағының мүмкіндіктерін зерттеу, білу және ескеру; объектімен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың таңдалмақшы мақсаттарын, оларға жету құралдарын оның бейімделушілігімен, жеке даралық ерекшеліктерімен және мүмкіндіктерімен, сондай-ақ, өзгеру динамикасымен сәйкестендіру; ерекше мұқтаждықтары, жеке даралық, жеке даралық-түзеу және түзеу-қалпына келтіру арқылы даму ерекшеліктері бар балалармен жұмыста, олардың әрқайсысы үшін жеке даралық түрде өзін-өзі жетілдіруіне неғұрлым оңтайлы жағдайларды туғыза отырып, зерттеу; әлеуметтік – педагогикалық жұмыс үдерісінде адамның табиғатына сәйкес дамуын және тәрбиесін ғана емес, сонымен бірге, мақсаттарын іске асыруға оның табиғи мүмкіндіктерін де ескеру. Жеке даралыққа негіздеу (жеке даралық тәсілдеме) ұстанымы Ұстанымның бастауы. Түзеу-тәрбиелеу мекемелерімен байланысты индивидуализациялау идеясы жайлы Дмитрий Андреевич Дриль (1846-1910) XIX ғ, басында-ақ айтқан болатын. Кейіннен ол оның жалпы педагогика үшін маңызына көңіл аударды. _________________________________________________________ 1 Я.А.Коменский, Д.Локк, Ж,Ж.Руссо, И-Г,Песталоцци, Педагогические наследие. М.: Педагогика, 1988, 210-б. Ұстанымның мәні. Ұстанымның негізіне жататын нәрсе – адамды оның барлық жеке даралық ерекшеліктерімен, мүмкіндіктерімен, артықшылықтары және кемшіліктерімен, яғни ол қандай адам болса, сол күйінде қабылдау болып табылады. Адам - өзінің даму мазмұны, мүмкіндігі, тәрбиесі және соларға сай әрекеттері бар ерекше әлем. Бұл фактор нақтылы адаммен жұмыста оның дамуы мен тәрбиесінде жеке даралық әлеуметтік әлеуетін неғұрлым толығымен қамтамасыз ететін әлеуметтік-педагогикалық қызметтің өз әдістері мен тәсілдері, ерекше тәсілдемесі қажеттігін негіздейді.. Ұстанымның мәні сонда - әлеуметтік-педагогикалық қызмет объектінің жеке даралығын, оның әлеуметтік жағдайы мен мүдделерін ескере отырып, құрылады және іске асырылады. Жеке тұлға, жеке даралық тәсілдеме ұстанымдарының талаптарын іске асыру мынадай ұсынымдардың есебімен қамтамасыз етіледі; адаммен (топпен) жұмыс жүргізу алдымен оны танып – білуден басталады. Бұған бастапқы диагностика, әлеуметтік педагогтың объектінің жеке даралық ерекшелігін неғұрлым толығымен білуге ұмтылысы ықпал етеді. Маманның бірінші кездесуінде-ақ адамның өзіндік ерекшелігін барынша толық бағалай білуге қабілеттілігі және өзінің онымен қызметін жеке даралығын танып-білген жеке тәжірибесі негізінде құруы ерекше мәнге ие; әлеуметтік педагогтың әлеуметтік-педагогикалық қызметтің үдерісіне және өзінің де, оның да бір-біріне үйренісе бастайтын адаммен жұмыс жүргізуінің бастапқы кезеңіндеғі ерекшеліктеріне қарау қажет; объектінің жай-күйі мен оның жұмыс үдерісіндегі өзгеру динамикасын ескеру қажет. Осы жұмыста объектінің жай-күйінің өзгеруі және іске асыру қызметінің талаптары есебімен мүмкіндігі жеткенше икемділігін көрсету; осы адаммен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс үдерісінде ол үшін неғұрлым «жайлы» жағдайларды туғызуға ұмтылу және оны өзін мақсатқа сай түрде танытуға және өзін-өзі іспен көрсетуге бағыттау қажет. Гуманизм ұстанымы Ұстанымның бастауы. Гуманизм идеясы қайта өрлеу дәуірінде (Италияда XIV – XVI ғғ., Еуропаның басқа елдерінде XV – XVI ғғ. соңында) пайда болған. Алайда, бұл идеяның жетілу үстіндегі адамның тәрбиесінде гуманистік қарым-қатынасқа қол жеткізуі үшін көптеген ғасырлар қажет болды. Әлеуметтік педагогикадағы гуманизм ұстанымының мәні – адамның әлеуметтік құндылықтарының басымдылығын, оның құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету, дамуы мен тәрбиесіне, өмірде өзін-өзі табуына, қоғамға сіңісуіне көмек көрсету үшін жағдай туғызуды білдіреді. Ұстанымның негізгі талаптары: - дамыту мен тәрбиелеу адамның мүддесін бағытталады және - тәрбие адамды оның жеке даралық мүмкіндіктеріне неғұрлым сәйкес келетін және жеке тұлғаның өзін-өзі құртуына жол бермейтіндей белгілі бір жағдайларға жеткізуі тиіс; - Гуманизм шектен тыс қамқорлыққа және бетімен кетушілікке айналмауға тиіс; - Баламен өзара қарым-қатынаста оның өзімен-өзі болу құқығын тану, жеке басының қадір-қасиетін құрметтеу қамтамасыз етілуге тиіс. Ерекше мұқтаждықтары бар балалармен өзара қарым-қатынас үдерісінде ерекше талаптар қойылады. Оның мәні - балаға мейіріміен қарай отырып, жеткілікті түрде қатал, бірақ өмірлік қажетті жағдайларда ұстау, оның неғұрлым толық және мақсатты дамуын, тәрбиесі мен өзін-өзі танытуын қамтамасыз ету болып табылады. 2. Субъектілік фактормен байланысты әлеуметтік-педагогика ұстанымдары Субъектілік фактор кімге нақтылы әлеуметтік-педагогикалық қызметті қалыптасқан жағдайға байланысты тапсыру қажеттігін және оның нәтижелілігіне қажеттіліктерді (талаптарды) анықтауда маңызды. Бұл фактор және әлеуметтік-педагогикалық қызмет үдерісін және (немесе) нәтижесін бағалауда да (талдауда) маңызды. Аталмыш фактордан туындайтын неғұрлым маңызды ұстанымдар: әлеуметтік-педагогикалық қызметтің (тәрбиенің) жеке тұлғаға, жеке тұлғаның өсуі және әлеуметтік педагогтың беделіне негізделуі, әлеуметтік-педагогикалық қызметтің кәсіби біліктілігі мен нәтижелілігінің өзара байланыстылығы. Әлеуметтік – педагогикалық қызметтің жеке тұлғаға негізделу ұстанымы Ұстанымның бастауы. Жеке тұлға жеке тұдғаны қалыптастырады. Бұл - ежелден белгілі ақиқат. Бұл өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу бойынша мүғалімдер мен мамандарды арнайы даярлауға ұмтылудың мәнін түсіндіреді. Мұғалімдерді даярлау үшін оқу орындарын 1679 жылы - Брауншвейг (Германия), 1687 жылы – Везел, 1701 жылы Кенингсберг қалаларында құруға талпыныс жасалды. Еуропадағы алғашқы мұғалімдік семинария 1748 жылы Германияда, Берлиндегі Геккер реалдық училищесінің жанынан ашылды. Ресейде Екатерина ІІ императрицаның Жарлығымен (1729-1796) 1782 жылғы 7 қыркүйекте халық училищелерін құру туралы комиссияның міндетіне «қабілетті мұғалімдерді даярлау» енгізілді. Ұстанымның мәні. Маманның жеке басы үлкендердің кішілерге мәдениеттілікті үйретуіне тікелей жұмыс істейтін адамдардың оған және оның қызметіне деген өзгеше қарым-қатынасын анықтайды. Ол әлеуметтік педагогтың беделін, оған деген сенімді, өзі бейнелейтін мәдениеттіліктің өзгешелігін сөзі және ісі арқылы көрсетеді. Шынын айтқанда, әлеуметтік-педагогикалық қызметті адам өзінің индивидуалдық стилімен жүргізіп, іске асырады. Қызмет үдерісінде объекті мен субъекті арасында мәдениеттерінің, ерік-жігер күштерінің, эмоционалдық өзгешеліктерінің өзара алмасуы жүреді. Нақтылы адамның, оның үстіне түрлі адамның педагогикалық қызметі жағдаятқа қарай ерекшеленеді. Басқаның еңбегін көшіруі, тәжірибесін қолдануы мүмкін, бірақ тура соның авторындай болуға болмайды. Игеру арқылы міндетті түрде орындаушының сүйкімі мен Мұндай құбылысты актерлік қызметтен байқауға болады. Бұл бір қарағанда, бір ғана көшірме жұмыс, бір ғана орта – сахна сықылды, нәтижесі міндетті түрде өзгеше. Өзгешелік актердің басқа актерлердің ішкі және эмоциялық көңіл-күйіне, көрермендердің актердің ойынын қабылдауы, оны түсініп-сезінуі және басқа факторларға байланысты. Педагог та актер сықылды кәсіби міндеттерді кез-келген күйінде шеше білуге тиіс деп саналады. Алайда, бұл олай емес. Әдетте, актер спектакль алдында кейіпкердің бейнесіне ену үшін өзін-өзі бағыттайды. Ол үшін киімін ауыстырады, гримденеді, өзінің осы сәтке дейінгі проблемаларынан, ішкі жай-күйінен қол үзіп, рөлге енеді. Тәрбиешіде мұндай мүмкіндік болмайды. Ол бірден жағдаятқа қарай әрекет етуге және шешім қабылдауға тиісті. Тәрбиенің бағыты және Педагогтың педагогикалық қызмет өнері индивидуалдық сипатта болады. Белгілі бір қызметтік тәжірибені қабілет деңгейінде игеруге болады, бірақ оның ұтымдылығы мен нәтижелілігі басқаша болмақ.Ол не артық, не кем болып шығуы мүмкін. Істің нәтижелі болуы көбіне педагогтың педагогтік шеберлігіне ғана байланысты емес, сонымен бірге, оның қызметін атқару өнеріне, тұлғалық өзгешелігіне де байланысты. Өзгенің индивидуалдық қызметінің стилін, іске деген ынтасын игерсе де, оның тартымдылығын көрсете алмауы мүмкін. Педагогтың жеке тұлғаға негізделу ұстанымы мынадай ұсынымдарды ескеруді талап етеді: - әлеуметтік-педагогикалық қызмет объектісі; - міндеттер шешілетін орта педагогтың ерекшеліктерін, оның істің нәтижелілігін қамтамасыз етуге қабілеттілігін ескеруді талап етеді; - адаммен (топпен) жұмыс істеуде педагогқа өзін онымен (олармен) жұмыс істеуге және болжамды нәтижеге бағыттай білу - әлеуметтік педагог болжамды нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктеріне лайықты болмаған жағдайда, не оған жәрдемдесу, не оны ауыстыру қажет; - педагогикалық қызметте әлеуметтік педагогтың тәрбиелеу қызметінің жеке даралық стилінің ерекшеліктерін бағалау маңызды және бұл оның өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуына негіз болып табылады; - басқа адамның педагогикалық тәжрибесін игеруде оның тұлғалық өзгешіліктерін, ұсынған әлеуметтік-педагогикалық қызметі әдістерінің құралдары мен тәсілдерінің неғұрлым тиімділерін қандай дәрежеде меңгеруге болатынын ескеру қажет. Әлеуметтік педагогтың жеке тұлғалық өсу және беделділік ұстанымы. Ұстанымның бастауы. Әлеуметтік педагог (мұғалім, тәрбиеші, ата-ана) тәрбиеленушінің жеке тұлғасының қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Оның ықпалы көбінесе өзінің тартымдылығымен және беделділігімен айқындалады. Нақ осы факті С.Т.Щацкийдің мынадай пікіріне негіз болды: «Педагог өзін-өзі өсіруге (интеллектуалдық) тиіс, бұл балалар үшін де тиімді болмақ, өйткені, оларға деген қызығушылығы артады. Балалар мұны әрқашанда түйсіктерімен сезінеді».1 «Беделділік, – деп жазды А.С.Макаренко – қажетті нәрсе, онсыз жұмыс істеу мүмкін емес, ал отбасында бұл – ең бірінші қажет Ата-ананың беделі туралы педагог бедел, бұл - өмірге және ата-ананың жұмысына, олардың мінез-құлқына, өз балаларының өмірін білуіне және оларға өз пікірлерін таңбай, жалықтырмай, шаршатпай көмек беруге ұмтылуы – балаларына өздеріне тән мінездерін қалыптастыра отырып, қиыншылықтан дербес түрде шыға білуге мүмкіндік беруіне негізделгендігін жазды.3 Бұл сипаттама әлеуметтік педагогтың өзара қарым-қатынасы мен қызметіне толықтай сәйкес келді. Ұстанымның мәні. Әлеуметтік педагогтың (тәрбиешінің, ата-ананың) мәртебесі және мақсаты одан тұрақты түрде шығармашылықты тұрғыда өзін-өзі жетілдіруді, жетістікке жетуді талап етеді. Тап осындай білімдар, интеллектуалдық даярлығы мол, өзін-өзі үзбей жетілдіретін әлеуметтік педагог ғана өзінің тәрбиеленушілері үшін қызғылықты, тартымды әрі беделді болмақ. Балалар ондай педагогпен өзара белсенді араласып, жандарына жақын тұтады. Әлеуметтік педагогтың, ата-ананың, тәрбиешінің беделі тәрбиешінің өз тәрбиеленушілерінің алдындағы жеке қасиеттері мен өмірлік тәжірибесінің аса маңыздылығымен және осы арқылы олардың мінез-құлықтарына ықпал етуге негіізделуімен сипатталады. _________________________________________________________ 1. С.Т.Щацкий. Педагогические сочинения. 4-т Просвещение, 1962 -1964. 2-т. 36-б. 2. А.С.Макаренко.Педагогические сочинения. 8-т. М.:Педагогика, 983-1986. 5-т. 242-б. Әлеуметтік педагогтың жеке тұлғалық өсуімен беделділігі қағидасынан туындайтын ұсынымдар: - өзін-өзі жетілдіруге тұрақты түрде мақсатты бағытталған жұмыстың өзін-өзі жетілдірудің қажеттігі. Әлеуметтік педагогтың бұл қасиеті білім беру мекемесінде тәрбиеленеді, уақыт өте келе бұл ұмтылыс жеке тұлғаның табиғи қажеттілігіне айналады; - әлеуметтік педагогтың өзі жұмыс жүргізетін тәрбиеленушілерінің мүдделері мен кәсіби қызметі саласындағы жетістіктерден, нақтылы өмірден кеш қалуына жол беруге болмайды. Нақтылы өмірден қалып қою оп-оңай; - әлеуметтік педагогтың беделі туралы тұрақты қамқорлық қажет. Педагог беделі оның бүкіл өмірі бойында және кәсіби қызметі жолында қалыптасқанымен, оны бір сәтте ғана жоғалтып алуы мүмкін. Әлеуметтік педагог қызметінің кәсіби біліктілігі мен нәтижелілігінің өзара байланысы ұстанымы. Ұстаным бастауы. Тәрбие қызметінің ықпалдылығы тәрбиешінің шеберлігіне байланысты екені жақсы мәлім. Кәсіби біліктілігі қаншалықты биік болса, соғұрлым ол әлеуметтік-педагогикалық қызметтің оңтайлы нұсқасын таңдап алуға және оның кәсіби түрде іске асырылуын қамтамасыз етуге қабілетті болмақ. Ежелден-ақ балалардың тәлімгері ретінде, оларға жақсы және нәтижелі тәрбие беретін, неғұрлым тәжірибелі және беделді адамды белгілейтін болған. Ұстанымның мәні арнаулы түрде айқындап беруді қажет етпейді. Ол әлеуметтік педагогтың кәсіби даярлығы мен жинақтаған тәжірибесін ескерудің қажеттігіне негізделеді. Бұл өлшемдер мына жағдайларда: кәсіби іріктеуде (талапкерден қандай дәрежедегі маманды қалыптастыруға болады); жас маманмен жұмысты ұйымдастыруда; болжамды нәтижені қамтамасыз етуде; мамандардың кәсіби қызметтегі жауапкершілігін көтеруде маңызды. Әлеуметтік педагогтың кәсіби дайындығы оның нақтылы жағдайда және белгілі бір объектіге байланысты, әлеуметтік-педагогикалық қызметте өзін-өзі танытуға деген ішкі дайындығымен анықталады. Ұстанымның негізгі талаптары: субъект әлеуметтік-педагогикалық қызметтің болжамды мақсаттарына, оны іске асыру жағдайларына, объектінің өзгешелігіне байланысты анықталады. Практикада бұл талап ылғи да орындала бермейді (бұл ретте жұмыс тәжірибесі жоқ маман бұл қызметке жіберілмеуге тиіс); әлеуметтік-педагогикалық қызметтің субъектісін анықтауға сараланған тәсілдеме; - Жұмыс тәжірибесі жоқ маман оны меңгеру және өзін-өзі кәсіби - әлеуметтік-педагогикалық қызметте тәжірибесі бар мамандармен жұмыста кәсіби қызметіне жауапкершілігін ынталандыратын индивидуалдық тәсілдеме қажет. 3. Орталық факторға негізделген әлеуметтік педагогика ұстанымдары Орталық факторы педагогтың әлеуметтік-педагогикалық қызметінің ұтымдылығын не күшейтеді, не әлсіретеді. Әлеуметтік педагогика орталық факторлардың әлеуметтік педагогикалық қызмет үдерісіне оң әсерін пайдалануға ұмтылуды немесе олардың жағымсыз әсерін бейтараптандыруға немесе елеулі түрде азайтуға бағытталған әрекеттерді ұсынады. Орталық фактордан туындайтын неғұрлым маңызды қағидалар: мәдениетке сәйкестік, әлеуметтік шарттылық, орталық шарттылық, ортаны педагогикаландыру, өмір мен тәрбие бірлігі, тәрбиелеу ортасының ашықтығы болып табылады. Мәдениетке сәйкестік ұстанымы. Ұстанымның бастауы. Ф.-А.Дистервег тәрбиенің мәдениетке сәйкестік сипатының қажеттілігін негіздеді. «Ол тәрбиелеуде адамның туған жері немесе алда тұратын жері, орны мен уақыты, бір сөзбен айтқанда, сөздің кең және жалпы ауқымды мағынасында осы заманғы бүкіл мәдениетті, әсіресе, оқушы үшін отаны болып табылатын елдің мәдениет жағдайын назарға алу қажеттілігін»1 атап көрсетті. Әр адам «өзі жарық дүниеге келгенде өзі тұратын және ең болмағанда мәдениеттің белгілі бір сатысында тәрбиеленетін өз ортасын, өз халқын табады. Бірақ ол оны құруға, дамытуға тиіс, өйткені, ол қазірдің өзінде өмір сүруде және ол қазірдің өзінде бар болғандықтан, өмір сүруге құқықты» 2. Сондықтан, әр адам - өз уақытының, халқының және оның мәдениетінің өнімі. Аталмыш халық мәдениетінің жай-күйі «негіз, базис, деректі бір нәрсе және нақты, одан кейінгі жай-күйі дамиды... Басқаша айтқанда, біз мәдениетке сәйкес болуымыз қажет. Бұл мәдениетке сәйкес мінез қазіргі талаптарға жауап береді»3. ______________________________________________________________ А.Дистервег. Избранные педагогические сочинения. М.,1956.16-б. Сонда.25-б. 3 Сонда.228-229-б. Ұстанымның мәні. Адам әлеуметтік болмыс ретінде өмір сүру үшін және өмір сүру ортасының және оған сәйкес мәдениеттің нақтылы жағдайында өзін-өзі таныту үшін дамиды және қалыптасады. Адам - солардың өнімі. Мәдениетпен бірге ол ортаның өмір сүру ортасына тән менталитет сіңеді және сол ортада іске асады. Ұстанымның негізгі талаптары: - баланы ең жас кезінен бастап ұлттық (халықтық) мәдениетпен қауыштыру; - бүкіл тәрбиелік қызметті халық даналығының (тілінің, дәстүрі, әдеп-ғұрпының және т.б.) мүмкіндіктерін пайдалана отырып, халықтың тәрбиесінің өзгешеліктерімен толтыру; - әлеуметтік тәрбиені халық әндерін, аңызда отырып, ана тілінен бастау. Басқа халықтардың мәдениеті мен тілдері ана тілі мен - тәрбиеде өткен заманның мәдени мұраларын, аймақтың мәдени, жетістіктері мен мүмкіндіктерін, әлем мәдениетінің жетістіктерін белсенді түрде пайдалану. |