Главная страница

Перифериялы озалыс нейрондарыны заымдалу симптомдарын атап шыыыз


Скачать 228.75 Kb.
НазваниеПерифериялы озалыс нейрондарыны заымдалу симптомдарын атап шыыыз
Дата24.03.2021
Размер228.75 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла8990945.docx
ТипДокументы
#187745
страница1 из 13
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Неврология

1-деңгей сұрақтары


  1. Перифериялық қозғалыс нейрондарының зақымдалу симптомдарын атап шығыңыз.

1. Периостальдық рефлекстердiң төмендеуi (гипо- немесе арефлексия), 2. бұлшықет тонусының әлсiреуi (гипотония немесе атония), 3. бұлшық еттердiң семуі (атрофия), 4. электр тітіркенуінің бұзылуы (қайта туу реакциясы), 5. фибриллярлы, фасцикулярлы тартылыстар (бұлқынулар) тән.

2. Орталық қозғалыс нейрондарының зақымдалу симптомдарын атап шығыңыз. 1. Бұлшықеттердiң тонусының күшеюi (гипертония), 2. сiңiр және периостальдық рефлекстердiң жоғарылауы (гиперрефлексия), 3. Бабинский және Россолимо сияқты патологиялық рефлекстердiң пайда болуы, 4. Бұлшықеттердің ырғақ, ұзақ уақыт басылмайтын тартылыстар – клонустар, 5. Синкенизиялар – салданған аяқ-қолдарда үйлескен қимылдардың болуы (Вернике-Манк позасы).

3. Ішкі капсула зақымдалу симптомдарын атап шығыңыз.

Сезімділіктің барлық түрлері мидың зақымданған жағына қарама-қарсы дене бөлігінде бесеңдейді (гемигипестезия) немесе мүлде сезілмейді (гемианестезия),қимыл әрекеттерінің әлсіреуі (гемипарез),(гемиплегия).
4.Оральді автоматизм патологиялық рефлекстерін атап шығыңыз.

Каймалау, іздеу,сору, маринеску радовичи.
5.Қолдардағы патологиялық рефлекстерді атап шығыңыз.

Рассолимо, Бехтерев, Жуковский, Якобсон-Ласк рефлексі.
6.Аяқтардағы экстензорлы рефлекстерді атап шығыңыз. Бабинский, Оппенгейм, Гордон, Шеффер, Чаддок рефлексі.
7.Аяқтардағы флексорлы рефлекстерді атап шығыңыз.

Россолимо , Бехтерев І, Бехтерев ІІ, Жуковский, Флексорлық тангенсиалды табан рефлексі (Бралов).


  1. Физиологиялық беткей рефлекстерді атап шығыңыз.

Коньюктивальды, көмей, жұмсақ таңдай, жоғарғы құрсақ, ортаңғы құрсақ, төменгі құрсақ, табан рефлексі.


  1. Сіңір рефлекстері мен периостальді рефлекстерді атап шығыңыз. 1. Сіңір рефлекстері: шынтақ бүгу рефлексі (eкі басты бұлшықет рефлексі), шынтақ жазу рефлексі (үш басты бұлшықет рефлексі), тізе рефлексі, Ахилл рефлексі. 2. Периостальды рефлекстер: қас үстілік рефлекс, төменгі жақ рефлекс, карпорадиальды рефлекс, жауырын иық рефлексі, құрсақтың меншікті рефлексі.




  1. Жұлынның алдыңғы мүйізінің нейрондарына дейінгі кортико-спинальді жолды сипаттап беріңіз.

  2. Беткей сезімталдықтың спино-таламустық жолын сипаттап беріңіз.

  3. Меншікті сезімталдықтың жолын сипаттап беріңіз (Бурдах және Голль).

Терең сезімдер проприорецепторлардан басталады, 1-нейрон жұлын түйінінде орналасып, 2-нейрон сопақша мида орналасады (Бурдах қолдан қоздырғыш әкелетін талшықтар. Жұлынның артқы бағанның сыртқы бөлігін сына тәрізді шоғырды түзейді. Голь аяқтан келетін талшықтар. Жұлынның артқы бағанның ішкі бөлігіндежіңішке шоғырды түзейді). Екінші нейронның аксондары сопақша мидың қарама-қарсы жағына өтіп, жоғары көтеріледі. 3-нейрон таламуста артқы ортплық қатпарда girus postcentralis-те аяқталады.


  1. Сезімнің түрлерін сипаттап беріңіз.

  1. Экстрарецептивті (үстірт), проприорецептивті (терең) және интерорецептивті сезімділіктер деп жіктеуге болады.Экстерорецептивті (үстірт) сезімталдық контактрецепторлар (ауырсыну температура жанасу )және дистантрецепторлар (иіс және көру) қамтамасыз етеді.Проприрецептивті (терең) сезімділікке бұлшық ет, буын, діріл, қысу, салмақ және кинестетикалық сезімдер жатады. Интерорецептивті сезімталдық ішкі ағзалар мен қан тамырларынан келетін импультардың сезінілуін іске асырады. Сезімталдықтың күрделі түрлеріне дискриминациялық сезімділік-теріде немесе кілегей қабықтарда екі жеке нүктені ажырата білу, қос өлшемді кеңістіктік сезім терідегі суретті ажырата білу, стереогностық сезім- заттарды көлемдік белгілеріне яғни сипау арқылы ажырата білу.


14.Сезімнің бұзылыстарының түрлері.

1)Сандық түрлері

Анестезия,гипестезия,гиперестезия

2)Сапалық түрлері

Дизестезия,аллохейрия,полиестезия,синестопатиялар,парестезия.

3)Ауырсыну:жергілікті,проекциялық,иррадиацияланған,бейнеленген,фантондық.
15.Сезімталдық бұзылыстарының типтерін атап көрсету.

1-шеткері тип(мононевриттік, полиневриттік, плексустық, түбірлік),2 –жұлындық тип(жұлынның артқы мүйіздік, артқы бағаналар, бүйір бағаналар, жартылай зақымдалуы),3-церебральдық тип, 4-ішкі капсулалық тип, 5-көру төмпешігі – таламустық тип, 6-сенсорлық ошақ типі.
16. Паллидо-нигральді жүйе қандай құрылымдардан тұрады және олардың қызметтерін атап көрсетіңіз.

Бозғылт шар,қара субстанция,қызыл ядро,субталамикалық ядро.
17.Стриарлы жүйе қандай құрылымдардан тұрады және олардың қызметтерін атап көрсетіңіз.

Құйрықты ядро, қауыз, Люис денесі.
18.Паркинсонизм симптомдары. Паркинсонизм синдромы созылмалы эпидемиялық энцефалитте, Паркинсон ауруында, церебральды атеросклерозда, маргеней мен уланғанда, бас ми жарақаттарында кездеседі.Олар бұлшық еттердің тонусының жоғарлауы (гипертонус) «тісті дөңгелек « феноміні,олигокинезия, брадикинезия,үйлескен әрекеттерді істей алмау (синкенезия), жүргенде қолдарын қимылдатпау (ахейрокинез), жүргенде өзін толқын тәрізді алға(пропульсия), бір жаққа қарай (латеропульсия), артқа қарай (ретропульсия), сөйлеуіді монотонды тоқтап-тоқтап сөйлеу (персервация), кішкентій жазу (микрография), мимикасы төмендеген(гипомимия), мимикасының мүлдем болмауы(амимия), дистальды жағының треморы әсіресе қолының (тиын санау феноміні), пародоксальды кинезиялар, гиперсаливация, тершең болуы (гипергидроз), мінезінің өзгеруі(сол бір нәрсені қайта қайта сұрау).

19.Стриарлы жүйенің зақымдану симптомдары. Стриарлы жүйенің зақымдануында гипотоникалық және гиперкинетикалық симптомокомплекс кездеседі. Олар :

Атетоз- аяқ пен қолдың , кейде бет бұлшық еттерінің еріксіз қозғалуы. Хорея тәрізді гиперкинез- жоғарғы бөлік бұлшық еттердің шапшаң, еріксіз,екпінді қимылдауы Хореоатетоз Торзион дистониясы- Дене мен бастың баяу керіліп бұралуы және ербендеуі Геммибализм- дененің бір жақ жартысының өрескел қимылдауы Діріл Миоклония- бұлшық еттердің жыбырлауы және тұрақсыз дірілдеуі Тарту- бұлшық еттердің тартылуы Гиперкинездік эпилепсия

20. Флексиг жолы. Tractus spinocerebellaris dorsalis (posterior)- жолы жұлынның бүйір бағанының артқы бөлігі құрамында сопақша миға жетіп одан жіп тәрізді дене бойымен мишыққа келеді де оның табанының қыртысында бітеді. Бұл жол еш жерде айқаспайды.

21. Говерс жолы. Tractus spinocerebellaris ventralis (anterior)- жұлын сегменттерінің алдыңғы сұр жік тұсында айқасып, қарама-қарсы жағына өтеді де оның бүйір бағанының алдынғы бөлігімен жоғары көтеріліп ми бағанына өте бере бұралады да мидың алдыңғы желкелерінде 2 ші рет айқасып мишықтың алдынғы аяқшасы құрамында ми табаны қыртысына келіп тіреледі.

22.Мишықты тексеру әдістерін сипаттап шығыңыз.

Ромберг сынамасы

Диадохокинезді тексеру

Сұқ-саусақ мұрын сынамасы

Саусақ-саусақ сынамасы

Дизметрияны тексеру

Өкше-тізе сынамасын тексеру

Бабинский асинергиясын тексеру

Бұлшықет тонусын зерттеу

Жазуды тексеру

Сөйлеу қабілетін тексеру

Нистагмды тексеру

23.Мишықтың зақымдалу симптомдары.

Атаксия

Инкординация

Бабинский асинергиясы

Стюарт-холмс сынамасының оң болуы

Макрография

Брадилалия

Нистагм

Адиодохокинез

Интенсионды тремор

Дизметрия

Бұлшықет тонусының төмендеу

24.Иіс сезу нервінің зақымдалу симптомдары.

Гипоосмия,аносмия,иіс сезу елесі,иіс агнозиясы

25.Гемианопсия түрлері, зақымдалу ошақтарына байланысты әр гемианопсиялардың пайда болуын түсіндіру.

Гемианопсия – көру алаңының бұзылуы (гомонимді –оң жақ,сол жақ,гетеронимді-биназальды,битемпоральды,квадрантты-оң жақ жоғарғы квадрантты)

26.Көзқозғалтқыш нейронының (III ) зақымдалу симптомдарын атап шығыңыз

Жоғарғы қабақ птозы,сыртқа қаратылған қылилық,диплопия,көз алмасының конвергенциясының бұзылысы,көз қарашығының реакциясының төмендеуі немесе жоғалуы

27.Әкетуші нейронның (VI) зақымдалу симптомдарын атап шығыңыз . Көз алмасының сыртқы тік бұлшық етінің күшін жояды. Қызметі бұзылмаған көз алмасының ішкі тік бұлшық еті оны көз аясының ішіне қарай әкетеді. Көздің ішке қарай қитарлануымен қатар қосарлана көріну диплопия байқалады.
28.Үшкіл нервтің (V) зақымдалу симптомдарын атап шығыңыз. 1. Үшкіл нервтің түбірі немесе тармақтары зақымданса беттің сол зақымданған жақтағы жартысында ұстамалы ауырсыну, нерв тар-мақтарынын бетке шығатын тұстарын басып байқағанда ауырсыну, бет терісінде сезімділік өзгерістері (гиперестезия, гипестезия немесе анестезия) пайда болады. 2. Гассер түйіні зақымданса бетте ауырсынумен қоса қабыршақ тәрізді күлдіреу пайда болады.

3.тМи бағанындағы үшкіл нерв — жұлын трактасы ядросы зақым-данса ауырсыну және температуралык. сезімділік Зельдер аймағын-да жойылады да жанасу және терең сезім сақталады.

4. Көру төмпешігі, ішкі капсула, артқы ми қыртысының орталық ирелеңі зақымданғанда қарама-карсы бетте сезімділікгің барлық түрі бұзылады. Артқы орталық ирелең төменгі бөліктері тітіркенсе, қарама-қарсы бетте ұстамалы парестезия пайда болады, 5. Шайнау ядросы немесе үшкіл нерв түбірінің қысқа бөлігі зақымданса, сол зақымданған жағында шайнауга қатысты бұлшық еттер сал болып қалады.
29.Бет нервтің (VII) зақымдалу симптомдарын атап шығыңыз. Беттің зақымданған жағындағы бұлшық еттері сал болып қалады. Беттің әжімдері тұтасып, көз аясы кеңіп, қабағы қозғалмай , көзі жұмылмай қалады. Көзін жұмғанда көз алмасы жоғары қарай ауытқып, көздің ағы көрініп тұрады (Белл симптомы). Тістерін ақситқанда ауыз зақымданған жақа қисайып леп белгісіне ұқсап қалады – Шарко леп белгісі симптомы. Екі ұртын томпайтқанда , зақымданған жақтағы ұрт томпаймайды.
30.IX, X жұп бассүйек нервтерінің зақымдалу симптомдарын атап шығыңыз.Маңқалап сөйлеу – назолалия. Дыбысы шықпай қалу – афония н/е гипофония. Жұтынудың қиындауы – дисфагия. Таңдайдың салбырап кетуі, оның қимылының шектелуі. Тіл түбірінде дәм сезу баяулайды – гипогейзия н/е агейзия. Зақымдаған жақа сәйкес тілдің бөлігі әлсіреп н/е қимылдамай қалады – глоссоплегия. Сөйлеу қабілеті қиындайды – дизартрия.

31. XII жұп бас ми нервінің зақымдалу симптомдары:

Тіл асты нервінің немесе оның ми бағанындағы ядросы зақым-данса, зақымданған жаққа сәйкес тілдің бөлігі солып, әлсіреп немесе қимылдамай қалады (глоссоплегия), тілді аузынан шығармақ-шы болса ол әлсіреген жағына қисаяды. Егерде ядро зақымданса мұнымен қоса тіл бұлшық еттерінің талшықтары жы-бырлап дірілдейді, сөйлеу қабілеті қиындайды (дизартрия).

Тіл асты нервінің орталық невроны зақымданса, тілдің зақымданған жаққа қарсы бөлігі қозғалмайды (глоссоплегия), тілді ауыздан шығармақшы болғанда ол зақымданған жаққа қарама-қарсы қисаяды, тіл солмайды (семімейді), сәл бұзылмайды.

Тіласты нерві ядролары екі жағынан зақымданса, тіл қозғалмай қалады (глоссоплегая), сөйлеу мүмкіндігі жойылады.

32.Рефлекторлық доға,оның құрамдас элементтері:

Нерв жүйесі құрылымдары – бірлесе отырып атқаратын негізгі қызметі –рефлекс . Рефлекс- ОЖЖ-нің сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге беретін жауабы. Рефлекстің морфологогялық негізі-рефлекстік доға , яғни қозу импульстерін рецептор+ ОЖЖ қүрылымына, одан орындаушы ағзаға жеткізетін жол. Элементтері: қабылдағыш(рецепторлық бөлік), өткізгіш жолдар, ми қыртысы орталығы (қозғалтқыш).

33. Негізгі патологиялық рефлекстер:

Нерв жүйесі құрылымдарының зақымдануына байланысты рефлекстердің төмендеуі (гипорефлексия), жойылуы (арефлексия), күшеюі (гиперрефлексия), симметриялы жақтардағы екі жақтан бірыңғайлығы сақталмауы (анизорефлсксия) мүмкін. Орталық нейрондар зақымданғанда қалыпты жағдайда кездеспейтін (патологиялық) рефлекстер пайда болады. Патологиялық рефлекстерге келесілер жатады:

Ауыз рефлексі — неврологиялық балғамен төменгі немесе жоғарғы ерінді ақырындап соққанда ауыздың дөңгелек бұлшық еті жиырылуы.

Мұрын-ерін рефлексі — мұрынның ұшын неврологиялық  балғамен ақырындап соққанда ерін бұлшық еттерінің жиырылуы.

Маринеску-Радовичи алақан-иек рефлексі — терінің бас бармақ томпағы маңайын (тұсын) сызып тітіркендіргеңде иек бұлшық етінің жиырыла қысқаруы.

Оральдык автоматизм рефлекстері ми қыртысы-бұлшық ет жолының орталық неврондары екі жағынан зақымданғанда пайда болады.

Қол ұшы патологиялық рефлекстері — қол ұшы тұсын әр жерінен тітіркендірген кезде оның саусақтарының ақырындап бүгілуі.

Россолимо симптомының қол ұшындағы үйлестігі. Дәрігер саусақтарының ұшымен сырқаттың бүгулі ІІ-ІУ саусақтарының ұшын (әлсін-әлсін) соққылағанда байқалады.

Жуковский симптомы сырқат алақанының орта тұсын неврологиялық балғамен соғу арқылы көрініс береді.

Якобсон-Ласк рефлексі істік тәрізді өсіндіні неврологиялық балға мен соғу арқылы белгі береді.

Аяқ ұшында көрініс беретін патологиялық рефлекстердің диагностикалық маңызы өте зор. Олар екі топқа бөлінеді.

Біріншісі— теріні аяқтың әр тұсынан тітіркеңдіргенде бас бақай жазылуы. Онымен қоса кейде басқа бақайлардың жан-жаққа ыдырап бірінен-бірінің алшақтауы. Сол себепті бұл рефлекстер экстензорлык немесе жазылу аяқ ұшы патологиялық рефлекстері қатарына жатады. Оларды төмендегідей тәсілдер арқылы анықтап, әрқайсысын жеке-жеке атайды.

Бабинский рефлексі — табан астының сырт жағын үшкір нәрсемен сызғанда пайда болады.

Оппенгейм рефлексі бас бармақты жіліншіктің қырын баса жоғарыдан төмен қарай жүргізу арқылы анықталады.

Гордон рефлексі сырқаттын балтырын ұстап қысу арқылы көрініс береді. 

ЦІеффер рефлексі өкше сіңірін қатты шымшып қысу арқылы айқындалады.

Гросман рефлексі аяқтың кішкене бақайын тартып созу арқылы байкалады.

Флексорлық немесе бүгілу патологиялық рефлекстері аяқ ұшының ІІ, ІІІ, ІУ және У бақайларының бүгіліп изеңдеуі арқылы көрініс береді- Оларды төменгі тәсілдер арқылы анықтауға болады.

Аяқ ұшында көрініс беретін бақайлар бүгілу (флексорлык.) патологиялық рефлекстерін анықтайтын тәсілдер: 1-Россолимо рефлексі; 2-1 Бехтерев рефлексі; 3- Жуковский рефлексі; 4- II Бехтерев рефлексі+

Россолимо рефлексі ІІ-У бақайлардың ұшын дәрігер саусақтарының ұшымен түрткілеп соғу арқылы байқалады.

Бехтерев I рефлексі аяқ ұшының үстін IV бақай тұсында балғамен соғу арқылы байқалады. Бехтерев II рефлексі — неврологиялық балтамен өкшені немесе бас бармақ томпағын соққанда аяқ бақайларының немесе қол ұшы саусақтарының бүгілуі.

Патологиялық рефлекстерге осы жоғары аталғандардан басқа аяқ ұшы мен тобықтың ырғақты түрде қимылдауы және қорғаныш рефлекстері де жатады. Тобықтың ырғақты қимылдауы (тобық клонусы) тобықты күшпен төменнен жоғары қозғағанда тізе бұлшық еттерінің әлденеше рет ширығуына байланысты тобықтың ырғақты түрде біраз уақыт қимылдауы.

Аяқ ұшының ырғақты қимылдауы (аяқ ұшы клонусы). Аяқ ұшын шұғыл керіп (жазып, созып) қалса, онда аз уақыт ырғақты қимыл пайда болады. Қорғаныс рефлекстері бақайларды шымшып, шаншып, шұғыл бүгіп қалу арқылы білінеді. Егер аяқ сал болып қалса жамбас, тізе және жіліншік буындары тегіс бүгіліп қалады (қысқару реакциясы). Сол мезетте бүгулі тұрған екінші аяқ түзеліп кетеді (ұзару реакциясы) — Мари-Фуа-Шехтерев рефлексі.

.34. Алдыңғы орталық қатпар зақымдалған кездегі қозғалыс бұзылыстарының симптомокомплексі.

Алдыңғы орталық иірімде- girus precentralis ошақ болса қарама карсы жақта моноплегия және монопарез немесе гемиплегия болады. Ал егер алдыңғы орталық иірім тітіркенсе эпилептикалық ұстама болады.

35. Ішкі капсула зақымдалған кездегі қозғалыс бұзылыстарының симптомакомплексі.

Пирамидалық жол өтетін ішкі капсуланың тізесінде немесе сыртқы аяғында ошақ пайда болса орталық спастикалық гемиплегия және гемипарез болады.

36. Ми бағаны зақымдалған кездегі қозғалыс бұзылыстарының симптомакомплексі.

Ми бағанасында пирамидалық жолының зақымдалуында қарама қарсы жақта бұлшықет салы дамиды. Ошақ жағында процеске бас ми жүйкесінің ядролары, 12 жұп нервінің ядролары немесе оның түбіршектері қатысады. Бұл синдром альтернациялық синдром деп аталады.

37. Жұлынның бүйір бағаны зақымдалған кездегі қозғалыс бұзылыстарының симптомокомплексі. Пирамида жолының зақымдалуы. Зақымданған жақта жұлынның жарақаттанған деңгейінен төменгі аймақтағы бұлшық еттер сіресіп (қатайып) сал болады.
38. Жұлынның алдыңғы мүйіз зақымдалған кездегі қозғалыс бұзылыстарының симптомокомплексі. Бұлшық еттер зақымданған сегменттер деңгейінде сал болып қалады. Алдыңғы мүйіз аймағында асқынған созылмалы дерт кезінде азып семген бұлшық еттердің талшықтары әлсін-әлсін жыбырлайды, ал егерде жұлынның алдыңғы түбірі осындай жағдайға душар болса бұлшық ет талшықтары шоғырлана жыбырлайды.

39. Жұлынның алдыңғы түбірі зақымдалған кездегі қозғалыс бұзылыстарының симптомокомплексі. Бұлшық еттер зақымданған сегменттер деңгейінде сал болып қалады. Алдыңғы мүйіз аймағында асқынған созылмалы дерт кезінде азып семген бұлшық еттердің талшықтары әлсін-әлсін жыбырлайды, ал егерде жұлынның алдыңғы түбірі осындай жағдайға душар болса бұлшық ет талшықтары шоғырлана жыбырлайды.

40. Нерв өрімдері зақымдалған кездегі қозғалыс бұзылыстарының симптомокомплексі. Нерв өрімдерінің зақымдалуы аяқ немесе қолдың перифериялық салдануымен, ауырсыну және анестезия,сонымен қатар вегетативті бұзылыстармен көрінеді.Себебі нерв өрімі құрамында қозғалыс,сезімталдық және вегетативті нерв талшықтары болады.Аралас перифериялық нервтің зақымдануында осы нерв иннервациялайтын бұлшық еттің шеткерілік салдануы және афферентті талшық үзілісінен болатын сезімталдық бұзылысы туындайды.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


написать администратору сайта