Главная страница

Перифериялы озалыс нейрондарыны заымдалу симптомдарын атап шыыыз


Скачать 228.75 Kb.
НазваниеПерифериялы озалыс нейрондарыны заымдалу симптомдарын атап шыыыз
Дата24.03.2021
Размер228.75 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла8990945.docx
ТипДокументы
#187745
страница13 из 13
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

1.Миастения .Көздік формасы (класс 1)

2.Госпитализация көрсетілген

3. Патологиялық бұлшықет әлсіздігін анықтауға арналған сынамалар (көзді жоғары қарату) ,Фармакологиялық сынамалар (прозеринмен ) жүргізу

4.Энцефаломиография ,ацетилхолин рецепторларының антидене деңгейін анықтау ,көкірекаралықтың МРТсы (Тимоманы анықтау үшін )

5.Антихолинэстеразды препараттар(калимин) ,кортикостеройдтар ,цитостатиктер ,тимоэктомия

6.Аурудың ауырлығы және нәтижесі антихолинэстеразды препараттарды енгізген соң миастениялық симптомдардың компенсация дәрежесіне байланысты болады. Болжамды жағымсыз факторларға : антихолинэстеразды дәрілерді жоғары дозада операцияға дейін енгізу ( тәулігіне 10 -20 стандартты доза енгізу ) және салыстырмалы прозеринге резистентілік жағдайында .Птоз, көзқозғалту бұзылыстары , жергілікті процесстер ұлғайюы мүмкін .

7 .Қолданылады

8. Қарсы көрсеткіштер жоқ
51. Қарттар үйінде тұратын Альцгеймер ауруымен ауыратын 69 жасар ер адамда дәрігерлер екі қол-аяқтарында да әлсіздік пен бұлшықет атрофиясын және сөйлеуінің қиындауынан түсініксіз сөйлеуін байқаған. Невролог шақыртты, оның тексеруі бойынша: тілдің гипотрофиясы, тілдің фибрилярлы жыбыры, спастикалық тетрапарез, 2 жақтан да Бабинский срмптомы оң мәнді, айқын бұлшықет гипотрофиясы, фибрилярлы бұлқынулар, оральды-автоматизм симптомдары оң мәнді. Тапсырма:

1) Топикалық диагноз?

2) Болжамды клиникалық диагноз?

3) Қосымша зерттеу әдістері?

4) Емі?

5) Болжамы?

1. XII жұп нерв ядросының зақымдануы ,жұлынның алдыңғы мүйізінің және әкелуші қозғалтқыш жолдардың әр деңгейде зақымдануы .

2.Бүйірлі амиотрофиялық склероз ,бульварлы формасы

3. Неврологиялық қарау , Энцефаломиография(шеткі нерв өткізгіштігі сақталған жағдайда алдыңғы мүйіз жасушаларының зақымдануы),жұлынның мойын бөлігінің МРТ- сы .Молекулярлық генетикалық анализ (мутация СОД-)

4. Эффектиті емі жоқ ,жалғыз емі - рилузол (50мг 2 рет күніне)- глуматтың босауының ингибиторы ,орташа есеппен 3 айға өмір сүруді жоғарылатады , психологиялық көмек , сиптоматикалық ем

5.80%науқастар алғашқы 5 жылда өледі ,бірақ 10%науқастар 10 жылдан ұзақ өмір сүреді .Қолайсыз болжам көрінісі –булбарлы бұлшықеттердің тартылуы .Булбарлы зақымданулар пайда болған соң науқастар 1-3 жыл өмір сүреді .
52. 58 жасар ер адам 10 жылдан бері жергілікті вибрациямен (ұратын балға) жұмыс жасайды. Ішкі органдардың созылмалы аурулары жоқ. Дәрігерге қозғалысының баяулағанына, жүрісінің өзгергендігіне (қадамдары майдаланған, кейде бірденнен тоқтау қиын), толқыған кезде оң қол саусақтарының дірілдеуіне шағынданады. Дәрігер зерттеуі бойынша, олиго-брадикинезияның жеңіл бұзылыстары, оң қол саусақтарында тыныштық жағдайдағы діріл анықталды. Тапсырма:

1) Топикалық диагноз?

2) Болжамды клиникалық диагноз?

3) Қосымша зерттеу әдістері?

4) Емі?

1) Экстрамида жүйесінің бұзылысы

2) Паркинсон ауруы

3) Бас миының МРТ сы

4) Құрамында левадопасы бар препараттар наком,синемет,мадопар,комбинирленген препараттар сталево

Агонисттер мирапекс

Ингибиторлар селегелин

Антихолинергиялық препараттарцикладол
53. Ұйқысыз өткен түнінен соң, 52 жастағы ер адамда бірінен соң бірі 10-20-30 минут интервалмен тонико-клоникалық ұстамалы құрысулар болған. Әрбір ұстама арасында науқас есін жинап үлгермеген, цианоз, қарашығы кеңіген, жарыққа реакциясы сақталған, қол-аяқтарының бұлшықет тонуыс төмендеген, меншікті рефлекстер төмендеген, патологиялық рефлекстер жоқ. Анамнезі бойынша, науқас бірнеше жылдан бері эпилепсиямен ауырады, жарақат пен нейроинфекция болмаған. Туыстарының ешқайсысы эпилепсиямен ауырмайды. Соңғы жылы ұстамалары жиілеген. Эпилепсияға қарсы препараттарды тұрақты түрде қабылдамайды. Тапсырма:

1) Алғашқы көмек?

2) Жедел жәрдем дәрігерінің іс-әрекеті?

3) Зерттеу әдістері?

4) Болжамды клиникалық диагноз?

5) Емі?

  1. Талма кезіндегі алғашқы көмек: Жарақатты және аспирацияны ескере,науқасты бір қырымен жатқызып,жағасын босатып,белдеуін босатып,басын бекітеміз.

  2. Жедел –жәрдем дәрігерінің іс-әрекеті: талу кезінде диазепамды енгізу 20мг (4 мл 0,5%-5 %) глюкоза ерітіндісіне,лазикс 1-2мл 2% ерітіндісін в/м, коргликона 1 мл 0,06 % ерітіндіні немесе дигоксинді 0,5-1 мл 0,025 % ерітінді в/м ақырын енгізу.

  3. Тексеру: ЭЭГ,ЭЭГ –мониторинг, Бас миының КТ немесе МРТ ,Қандағы глюкоза,қанның клиникалық анализі,электролиттердің деңгейін тексеру,неврологтың кеңесі.

  4. Жайылған тонико-клоникалық ұстамалар. Эпилептикалық статус,Жасына және анамнезін ескере отырып криптогенді эпилепсияны ойлауға болады.

  5. Емі: Депакин 400мг физиологиялық ерітіндімен в/м, егер эффект бермеген жағдайда 1 мл натрий тиопентал 10% ерітіндісін 10кг дене массасына салу.


54. 46 жасар ер адам таңертеңгілік бас ауруына, дененің оң жағының құрысу тәрізді ұстамалар (бірінші оң аяғынан басталып, сосын оң қолына жайылады) болуына шағымданады. Есін жоғалтпайды. Ұстама күніне 1-2 рет болады, бірінші ұстама 3 ай бұрын басталған. Анамнезі бойынша, 4 жыл бұрын жабық бас-ми жарақатын алған. КТ көріністері бойынша: сыртқы және ішкі гидроцефалия. ЭЭГ: мидың сол жақ маңдай төбе бөлігінде «үшкір баяу толқынды» комплекстер анықталды. Тапсырма:

1) Клиникалық диагноз?

2) Зерттеу әдістері?

3) Емі?

  1. Жабық бас ми жарақаты əсері, симтоматикалық эпилепсия.

  2. Бас миының МРТсы.ЭЭГ.

  3. Емі : бас ми ішілік қысымды қалпына келтіру (глецерин, флеводия) вальпрой қышқылы (депакин, конвулекс).


55. 47 жасар әйел емхананың тіркеу бөлімінде жұмыс жасайды, ревматикалық генезді кардиомиопатиямен (жүрекше фибриляциясының тұрақты формасы) ауырады. Жұмыс уақытында сол жақ қол-аяғының әлсіздігінен кенеттен құлап түсті. Емхана неврология тексеріп: сол жақтық гемипарез, сол жақтық гемигипестезия және гемианопсияны анықтады. Тапсырма:

1) Топикалық диагноз?

2) Болжамды клиникалық диагноз?

3) Госпитализация қажеттігі бар ма?

4) Зерттеу әдістері?

5) Емі?

6) Екіншілік инсульттың алдын-алуының принциптері мен инвалидизация профилактикасы?

7) Еңбекке жарамдылық экспертизасын жүргізу қажеттігі бар ма?

1.Оң жақ ішкі капсуланың зақымдалу синдромы

2. Оң жақ ортаңғы ми артерия бассейнніндегі ишемиялық инсульт(жобамен кардиоэмболиялық)

3.Емхананың қызметкерлері жедел жәрдем шақыруы керек және науқасты барынша тезірек госпитализациялау қажет, жақын жердегі қан тамыр орталығы болғаны жақсы.

4. Бас ми КТ-сы(ауруханаға түскен бойда бірден жасалынуы керек) және церебралды қан тамырларды зерттеу(дуплекстдуплексті сканерлеу, МРТ ангиография), ЭКГ, ЭХО кардиография, қанның клиникалық анализі, қанның биохимиялық анализі(қанның ұю жүйесін зерттеу, глюкоза, липидті спектр).

5.Жедел сатысында

А: антикоагулянтты терапия (фраксипарин, кейін варфаринге өту).

В:тромболизис(жоқ болған кезде қарсы көрсетіледі)

Г:дезагрегантты терапия(аспирин, плавикс, дипиридамол)

Айқын гемодинамикалық стеноз көрінген кезде

Д: эндоваскулярлы хирургия (стенттау, эндартерэктомия)

Ерте реабилитация

  1. Инсульттың ЕКіншілік профилактикасы

А: антигипертензивті терапия

Б: дезагрегантты терапия

В: антикоагулянтты терапия

Г: гиполипидемиялық терапия

Екіншілік профилактика біріншілік профилактика әдістерімен сәйкес келуі керек

А: зиянды заттардан бас тарту

Б: Қандағы липид пен глюкоза мөлшерін, қан қысымын, қалыпты дене массасын реттеу үшін диетаны сақтау

В:тұрақты физикалық жүктеме

Г:режим мен демалыс режимін сақтау

Инвалидизация профилактикасы

А: уақытылы госпитализациялау

Б:ЕРТе(аурудың бірінші күнінен басталады) және кеш реабилитация

А: кинезитерапия, емдік гимнастика, механотерапия, эрготерапия, жоғарғы технологиялық компьютерлік бағдарламаларды пайдалану

Б:физиотерапия, массаж

В: эрготерапия

Г: логопедпен жұмыс жасау

56. 55 жасар ер адам гипертония ауруымен ауырады. АПФ ингибиторларын (каптоприлді 25 мг тәулігіне) тұрақты түрде қабылдайды. Жақын туысының дүниеден кеткен хабарын естігеннен соң, өзін нашар сезінді: бас айналу, бас ауру, қайталамалы құсу болды. Аймақтық дәрігер шақыртты. Тексеру кезінде: санасы сақталған, нерв жүйесі бұзылысының ошақтық симптомдары жоқ. АҚ 210/130 мм. с. б.б., пульс 96 р/мин. Тапсырма:

1) Болжамды клиникалық диагноз?

2) Госпитализация қажеттігі бар ма?

3) Емінің коррекциясы қажет пе?

4) Санаторлы-курортты ем тағайындала ма?

5) Еңбекке жарамдылық экспертизасын жүргізу қажеттігі бар ма?

1) Гипертониялық ауру. Гипертониялық криз.

2) Госпитализация көрсетілген.

3) Коррекция терапиясының таңдау әдістері:

А) комбинирленген терапияны таңдау – басқа топтардағы гипотензивті препараттарды қосу (бета-блокаторлар, кальций каналының блокаторлары немесе диуретиктер);

Б) АПФ ингибиторын сартан тобындағы препараттармен алмастыру (лазап, атаканд, эдарби).

4) Санаторлы-курортты ем көрсетілмеген.

5) Ауруханадан шыққан соң науқас еңбекке жарамды.
57. 68 жасар ер адам гипертониялық аурумен 15 жылдан бері ауырады. Кадр бөлімінен жұмыстан босатылғаны туралы мәліметті естіген соң, есін жоғалтып, құлады. Ауруханада тексеру кезінде: 40 минуттан соң, кома 1, беті қызарған, пульс 56 р/мин, АҚ 220/120 мм. с.б.б., тынысы қатаң, дем алу кезінде сол жақ ауыз айналасынан ауасы шығады, денесінің сол жақ жартысының қозғалысы шектелген, сол жақта Бабинский оң мәнді. Тапсырма:

1) Топикалық диагноз?

2) Болжамды клиникалық диагноз?

3) Зерттеу әдістері?

4) Емі?

5) Негізгі реабилитациялық іс-шаралар? Инвалидизация профилактикасы?

6) Асқынулары мен болжамы?

1) Оң жақ ішкі капсуланың зақымдалу синдромы

2) Ишемиялық инсульт оң жақ ортаңғы милық артериясы бассейнінде (кардиоэмболиялық)

3) Поликлиника қызметкері жедел жәрдем шақыруы тиіс және науқасты мүмкіндігінше тезірек госпитализациялау қажет, жақын маңдағы инсульт центрге.

4) Бас миының КТ-сы (түскен кезде бірден) және милық қантамырларды зерттеу (дуплексті сканирлеу, МРТ ангиография), ЭКГ, ЭХО кардиография, қанның клиникалық анализі, биохимиялық анализ (қанның ұю жүйесін зерттеу, глюкоза, липидті зерттеу).

5) Жедел кезеңде:

А) инсульттің базисті дифференцияланбаған терапиясы

Ишемиялық сипаттың дәлелденген жағдайда таңдау әдісі:

Б) антикоагулянтты терапия (фраксипарин, ары қарай варфаринге өту)

В) тромболизис (қарсы көрсеткіші болмаған кезде)

Г) дезагрегантты терапия (аспирин, плавикс, дипиридамол)

Гемодинамикалық стеноз анықталған жағжайжа:

Д) эндоваскулярлы хирургия (стенттеу ,эндаартерэктомия )

6).Ерте реабилитация .

Инсульттің екіншілік профилактикасы

А) антикоагулянтты терапия

Б)антигипертензивті терапия

В) дезагрегантты терапия

Г)гиполипидемиялық терапия

Екіншілік профилактика біріншілік профилактика әдістерімен байланысты болуы керек

А)жағымсыз әдеттерді тастау

В)қан қүрамындағы глюкоза мен липид деңгейін қалыпты ұстау үшін диета ұстау

Б)физикалық жүктемелерді түсіріп тұру

Г)жұмыс және еңбек тәртібін ұштастыру

Мүгедектіктің профилактикасы үшін :

А)уақытылы госпитализация

Б)Адекватты емдеу

В)ерте және кеш реабилитация

а)кинезитерапия (емнің барлық этаптарында) :емдік гимнастика ,механотерапия ,эрготерапия ,жоғары технологиялы бағдарламаларды пайдалану

б )физиотерапия ,массаж

в)логопедпен сабақ

7).Жұмысқа қабілеттіліктің экспертизасы қолданылады .
58. 67 жасар науқас күштемелі стенокардия, ФК 2 –мен ауырады, 3 жыл бұрын миокард инфарктын алған. Телефонмен сөйлесіп тұрған кезінде тілі күрмеліп, оң қолынан телефонды түсіріп алған. Арнайы неврологиялық жедел жәрдем бригадасының тексеру бойынша: АҚ -140/80 мм с.б.б., жүрекше фибрилляциясы 120р/мин. Невростатус: оң жақтағы мұрын-ерін қатпары тегістелген, тілі оң жаққа девиациясы (қисаюы), оң қолдың парезі 3 баллаға дейін, меншікті рефлекстер D>S, Бабинский симптомы оң жақта оң мәнді.

1) Болжамды клиникалық диагноз?

2) Госпитализация қажет пе?

3) Зерттеу әдістері?

4) Емі?

5) Екіншілік инсульттың алдын-алуының принциптері мен инвалидизация профилактикасы?

1Бас миының сол жақ бассейнінің орталық ми артериясының ишемиялық инсульті

2.Госпитализация міндетті

3.Бас миының КТ мен МРТ сы,бас ми тамырларын дуплексті сканирлеу немесе МРТ ангиография,ЭКГ,ЭХО кардиография, қанның клиникалық анализі,зәрдін жалпы анализы ,қанның БХ анализі соның ішінде қан ұюымен глюкоза ,липид спектр.

4. а) Базисті дифференцияланбаған инсульт терапия

Ишемиялық түріне диференцияланғаннан кейін

Б )антикоагулянтты терапия варфарин

В) тромболизис терапия қарсы көрсетпе жоқ болса

Г )дезагрегантты терапия аспирин ,плавикс

Стеноз анықталған жағдайда

Д )хирургиялық ем

5. Екіншілік инсульттің алдын алу

А) Антигипертензивті ем

Б )дезагрегантты

В) антикоагулянтты

Г) гиполипидимиялық

Екіншілік алдын алу біріншілік профилактикамен бірге жүру керек

А) зиянды әдеттерден бас тарту

Б) Диета сақтау

В) физикалық жүктеме

Г) еңбек және демалыс режимін сақтау

Инвализацияның профилактикасы

Уақытылы госпитализация

Б) адекватты ем

В )ерте және кеш реабилитация физ терапия эрготерапия,лагопедпен жаттығу.
59. Метро станциясында 20 жасар жас жігіт өзін нашар сезініп, басын ұстаған күйі құлап қалды. Жедел жәрдем дәрігері келгенде, науқас ес-түссіз, және менингиальды симптомдары оң мәнді екенін анықтады. Қасындағы досының айтуы бойынша, алдын ешқандай аурумен ауырмаған, ештеңе мазаламаған. Тапсырма:

1) Болжамды клиникалық диагноз?

2) Госпитализация қажет пе?

3) Зерттеу әдістері?

4) Емі?

5) Болжамы?

  1. Суборахноидальды қан құйылу(шамамен аневризматикалық)

  2. Жедел госпитализациялау, тасымалдау кезінде виталды функцияларды сақтап тұру

  3. ЛП,КТ немесе МРТ, МРТ ангиография немесе контрасты ангиография, ТК, УЗДГ

  4. ТАктикалық ем

А: хирургиялық ем(аневризма көрінген кезде)

Б:ми ісігін ию(манитол 20%, глицерол 10%, басты жоғары көтеру, оксигенация)

В:ангиоспазмның алдын алу (Са каналы блокаторы-нимодипин)

Г:Инсульттың базистік дифференцияланбаған терапиясы

5.өлім көрсеткіші 40 %-ға жетеді, сауыққан жағдайда көншілік науқаста тұрақты мүгедектік болмайды.


  1. 54 жасар ер адам, ЖОО-да оқытушы болып қызмет атқарады. Кенеттен оң көзінің көру нашарлаған, сол жақ қол-аяқтары ұйып, жансыздана бастағандықтан үйіне жедел жәрдем шақыртты. Жедел жәрдем келуі кезінде (20 минуттан соң), шағымдары басылды. Науқас бұндай жағдай жарты жылдың ішінде 3 рет болғанын айтты. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, екі көзінің көруі қалыпты. Невростатус: меншікті рефлекстер S>=D, басқа неврологиялық симптоматика жоқ. Тапсырма:

1) Синдромальды диагнозы?

2) Болжамды клиникалық диагноз?

3) Госпитализация қажет пе?

4) Зерттеу әдістері?

5) Емі?

6) Профилактика шаралары?

1) Оптико-пирамидті синдром.

2) Транзиторлы ишемиялық атака оң жақ ішкі ұйқы артериясы бассейнінде.

3) Госпитализация көрсетілген.

4) Бас миының КТ немесе МРТ-сы, милық қантамырлардың дуплексті сканирленуі немесе МРТ ангиографиясы, ЭКГ, ЭКГ мониторинг, ЭХО кардиография, қанның клиникалық анализі, қанның биохимиялық анализі (қанның ұю жүйесін зерттеу, глюкозаны, липидті зерттеу).

5) А) Гемодинамикалық стеноз анықталған жағдайда – эндоваскулярлы хирургия (мысалы, стент жасау);

Б) стеноз анықталмағанда – дезагрегантты терапия (аспирин, плавикс, дипиридамол);

В) нейропротективті терапия;

Г) ішкі ағза аурулары анықталған жағдайда (мысалы, кардиогенді патология) соған сәйкес ем.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


написать администратору сайта