Главная страница

Перифериялы озалыс нейрондарыны заымдалу симптомдарын атап шыыыз


Скачать 228.75 Kb.
НазваниеПерифериялы озалыс нейрондарыны заымдалу симптомдарын атап шыыыз
Дата24.03.2021
Размер228.75 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла8990945.docx
ТипДокументы
#187745
страница12 из 13
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

1. Бас миының оң жарты шары, бас миының қабаттары зақымдануы.

2.Жапондық маса энцефалиті.

3. Шұғыл госпитализация.

4. Өзге энцефалиттер (герпестік), бас миының абсцесі, ЖМҚБ (ОНМК), бас миының ісігі.

5. Бас миының МРТ, ликвор анализі (жалпы, ПЦР)

6. Спецификалық емі жоқ.

-Тыныс алуын нығайту, ЖҚЖ реттеу;

-Бас миының ісінуімен күресу (маннитол);

-Электролиттік балансты ұстап тұру;

-Антиконвульсанттар;

-Симптоматикалық ем (антипиретиктер, анальгетиктер);

-Ерте реабилитация

7. Өлім көрсеткіші 30%, мүгедектікке ұшырау көрсеткіші – 50-70%, толығымен айығуы мүмкін.
39. 3 жасар бала күні бойы балабақшада болды. Бала әлсіздене бастаған, содан соң жылап, мазасызданғанын тәрбиешісі байқаған. Температурасын өлшегенде 39С болып, балада құсу пайда болды. Жедел жәрдем келгенде: баланың есі есеңгіреулі, басын шалқайтып, аяқтарын ішіне бүккен қалыпта кереуетте жатқан. Жедел ауруханаға жеткізіліп люмбальды пункция жасалды. Жұлын-ми сұйықтығы: қысымы 250 мм. су б.б., түсі бұлыңғыр, 1000 – 1 мм3 цитоз, нейтрофильді. Тапсырма:

1) Топикалық диагноз?

2) Болжамды клиникалық диагноз?

3) Қосымша зерттеу әдістері?

4) Емі?

5) Санитарлы-эпидемиялық іс-шаралар жоспарын тағайындаңыз?

6) Аурудың болжамы?
1. Бас миының қабықтары.

2. Менингококты менингит

3.Ликвор анализі (флораны егу арқылы);

4.-Пенициллиндер (ампициллин 0,1-0,2г⁄кг˟6 рет);

-Цефалоспориндер III (цифтриаксон 20-80 мг⁄кг˟2 рет);

-Дезинтоксикациялық терапия

-Бас ми қысымын төмендету (осмостық диуретиктер дексаметазон);

-Су-электорлиттік балансты өалпына келтіру;

-Симптоматикалқ ем.

5. Бала бақшаны 10 күнге карантин жарияланып, жабады. Барлық контактіде болған адамдарды бактериологиялық зерттеуден өткізеді. Контактіде болғандарға химиопрофилактика жүргізіледі. Балаларға профилактикалық иммуноглобулин енгізіледі.

6. Толық сауығу, өлім , тұрақты неврологиялық жеткіліксіздік (кереңдік, соқырлық, эпилепсия).
40. ЖОО-да 5 курс студенті инфекциялық аурулар циклын аяқтап, 14 күннен кейін эпидемиялық паротитпен ауырған. Үйінде температураның жоғарылауы қайта болып, бездің ісінуінен 3 күннен соң, интенсивті бас ауруы мен құсу шағымдары қосылды. Науқастың жағдайы нашарлаған соң, қайта аймақтық дәрігер шақыртты. Зерттеу кезінде менингиальды симптомдар анықталды. Тапсырма:

1) Топикалық диагноз?

2) Болжамды клиникалық диагноз?

3) Қосымша зерттеу әдістері?

4) Емі?

5) Санитарлы-эпидемиялық іс-шаралар жоспарын тағайындаңыз?

6) Біріншілік алдын-алу шаралары бар ма?

7) Аурудың болжамы?

1. Бас миының қабықтары.

2. Екіншілік паротитті менингит.

3. Серологиялық зерттеу, ПЦР, Жалпы ликворды зерттеу.

4. Симптоматикалық ем.

5. Науқасты госпитализациялап,контактіде болғандарды клиникалық бақылауға алады, контактіде болған ауырмаған және екпе алмағандарға иммунизация жасалады.

6. Эпидемиялық паротиттің біріншілік профилактикасы, вакцинацияграфик бойынша.

7. Әдетте аурудан толық сауығады.
41. Шұғыл әскер жауынгерінде лихорадкалық жағдай, температурасының 39 С көтерілуі, құсу, есінің бұзылысы жедел басталды. Дәрігер жауынгерде тамақтанудың төмендігін, астениялық дене қалпын, жамбас және тізе асты шұңқырында ұсақ нүктелі бөртпелер, пульс 98 р/мин., ырғақтылын анықтады. Неврологиялық статусында желке бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг симптомы оң мәнді, жоғарғы және төменгі Брудзинский симптомдарының оң мәнді болуы. Жұлын-ми сұйықтығы: қысымы 300 мм су б.б., түсі бұлыңғыр,1500 -1 мм3 цитоз, нейтрофильді. Осы рота жауынгерлерін сұрау кезінде, мұрнынан үнемі іріңді бөлініспен жүретін бір жауынгердің бар екені анықталды.Тапсырма:

1) Топикалық диагноз?

2) Болжамды клиникалық диагноз?

3) Қосымша зерттеу әдістері?

4) Емі?

5) Санитарлы-эпидемиялық іс-шаралар жоспарын тағайындаңыз?

6) Аурудың болжамы?

1. Бас миының қабықтары.

  1. Менингококкты менингит.

  2. Ликвор анализі флора, ПЦР.

  3. Пенициллиндер (ампициллин 6-8 г×6 р), цефалоспориндер ІІІ (йифтриаксон 1-4 г×2 р), дезинтоксикациялық терапия, ВЧД төмендету (осмотикалық диуретиктер, дексаметазон), су-электролитті балансты қалпына келтіру, симптоматикалық ем.

  4. Тасымалдаушы немесе назофарингитпен ауыратын науқас.

  5. Барлық қатынаста болған адамдар бактериологиялық тексеруден өтеді, барлық адамдарға химиопрофилактика жүргізеді.

  6. Толық сауығу, өлім, тұрақты неврологиялық жеткіліксіздік (кереңдік, соқырлық, эпилепсия).


42. 9 жасар баланың ата-анасы үйіне дәрігер шақыртты. 2,5 аптадан бері баласында температураның 37,2-37,5 С көтерілгенін, басы ауырып, 1 рет құсқанын айтты. Бүгін таңертеңнен бері көзімен затты екі еселеніп көруі басталған. Соңғы жылдан бері 3 кг –ға баланың азғанын, жиі әлсіздік пен жөтелге шағымданғанын, сабақ үлгерімі нашарлағанын айтты. Дәрігер зерттеуі бойынша: айқын емес менингиальды синдром, жеңіл сыртқа қарай қылилық, және жеңіл оң жақтық птоз. Бала жедел түрде ауруханаға жатқызылды. Жұлын-ми сұйықтығында: қысымы 400 мм су б.б., түссіз, 24 сағаттан соң фибринді қабық түзілген, ақуыз 0,65 г/л, 200- 1 мм3 цитоз, лимфоцитті, қант 0,6 ммоль/л. Тапсырма:

1) Топикалық диагноз?

2) Болжамды клиникалық диагноз?

3) Қосымша зерттеу әдістері?

4) Емі?

5) Аурудың болжамы?

1) Оң жақтық бассүйек нервінің ІІІ жұбы, бас миы қабығы

2) Туберкулезді менингит

3) Ликвор зерттеуі: қышқылтұрақтылық бактерияны бояу, егу, аденозин дезаминаза белсенділігіне ликвордың биохимиялық зерттеуі (АДА), ПЦР.

4) «Үштік» терапия: изониазид, рифампицин, пиразинамид, В6 витамині.

5) Толық сауығу, 20-30% резидуальды неврологиялық жетіспеушілік, өлім 10%.
43. 69 жасар науқас ЛОР-дәрігерінде оң жақтық іріңді ортаңғы отит диагнозымен амбулаторлық бақылауда тұрады. Тағайындалған терапиясы бойынша, аминогликозидті жергілікті тамшылар және өзі ыстық компресстер қолданады. Кенеттен жағдайы нашарлаған, интенсивті бас ауру, әсіресе, оң жақта, бас айналу, құсу мазалаған. Аурухананың ЛОР бөліміне жеткізіліп, қабылдау бөлімінде менингеальды симптомокомплекс анықталды. Люмбальды пункция жасалды. Жұлын-ми сұйықтығы: бұлыңғыр, қысымы 280 мм су б.б., в 1мкл-де 800 жасуша (нейтрофильдер), ақуыз – 0,9 г\л, қант – 2,1 мкмоль\л.Тапсырма:

1) Болжамды клиникалық диагноз?

3) Қосымша зерттеу әдістері?

4) Емі?

  1. Егіншілік іріңді менингит

  2. Ликвор сұйықтығын əр түрлі инфекция сезімталдығына егу.

  3. Бас миының МРТ

  4. Біріншілік инфекция ошағын жою. ( хирургиялық жолмен)

  5. Антибиотик терапия, су-электрит баланын қалпына келтіру.

  6. Симтоматикалық ем.


44. 18 жасар студент емханадағы жалпы тәжірибелі дәрігерге жалпы әлсіздікке, қалтырау, көрудің бұзылысы (көру өткірлігі мен көздің көру айқындылығы төмендеген), көзінде жағымсыз сезімдерге шағымданды. Аталған симптомдар, тұмаумен ауырған соң 2 күннен кейін пайда болған. Қарау кезінде: астениялық дене бітім анықталды. Менингеальды белгілер жоқ, меншікті рефлекстер жоғарылаған, құрсақ рефлекстері әлсіз, патологиялық рефлекстер жоқ, сезім бұзылыстары анықталмады, координациялық сынамалары қанағаттанарлық. Офтальмолог қорытындысы: ретробульбарлы неврит. Тапсырма:

1) Болжамды клиникалық диагноз?

2) Топикалық диагноз?

3) Зерттеу әдістері?

4) Емі?

5) Болжамы?

1) Шашыранды склероз, церебральді түрі (оптикалық), біріншілік шабуыл

2) Көру нервісінің зақымдануы

3) Неврологиялық тексеру, қан анализі, иммунды статусты, жұлын сұйықтығын зерттеу, HLA жүйесін, МРТ бас және жұлын миын

4) Патогенетикалық иммуносупрессия: кортикостероидтар (метилпреднизолон «пульс терапия» 1000мг\тәу, т\ішіне 5 күн, кейін сызба бойынша преднизолон ішке: 6-8 күн – 80 мг, 9-11 күн – 60 мг, 12-14 күн – 40 мг, 15-17 күн – 20 мг, 18-20 күн – 10 мг), натализумаб 300мг т\і 1 рет 4 аптада; асқынған жағдайда плазмоферез жүргізуі мүмкін; иммуномодуляция; интерферон 1а (авонекс) 6 млн МЕ бұлшықетке 1 рет аптасына, интерферон 1а (ребиф) 44 мкг п\к аптасына 3 рет, интерферон бета 1б (бетаферон) 8 млн МЕ п\к күн ара, глатирамер ацетаты (копаксон) 20 мг п\к күн сайын, финголимод (500 мг) күн сайын ішке, симптоматикалық ем.

5) Аурудың болжамы тікелей аурудың кезеңіне байланысты, емді уақытылы және дұрыс қолданса: жұмысқа бейімділікті ұзақ уақытқа сақтауға көмектеседі. Неврологиялық дефициттің жиналуы әртүрлі жылдамдықпен жүреді. Ретробульбарлы невритпен зақымданудың бастапқы кезеңін қолайлы фактор деп есептеуге болады. Егерде жақын арадағы бес жыл ішінде айтарлық неврологиялық дефект пайда болмаса, қатерсіз ағымда өту жиілігі ұлғаяды.
45. 29 жастағы әйел педиатрға 6 жасар жалғыз баласын тексерту алып келді. Баланың жүрісі өзгерген, активті ойын кезінде бала құлап қала берген, баспалдақпен қиындықпен шығады. Дәрігердің зерттеу бойынша: айқын лордоз, жамбас белдеуі мен арқа бұлшықеттерінің атрофиясы, «үйрек тәрізді» және ішін алға шығарып, иығын артқа тастап жүретіні анықталды. Балтыр бұлшықеттері ұлғайған. Бала жатқан қалыптан тұрған кезде Говерс тәсілін қолданады. Фибрилярлы бұлқынулар жоқ. Меншікті рефлекстер төмендеген. ЭКГ-да миокардиодистрофия. Анасының айтуы бойынша, туысы (апкесінің баласы) қандайда бір тұқымқуалаушылық аурумен 16 жасында қайтыс болған, бірақ нақты мәліметтерді ол білмейді.

1) Болжамды клиникалық диагноз?

2) Говерс тәсілімен тұру дегеніміз не?

3) Тұқымқуалаушылық ауруының типі?

4) Қосымша зерттеу әдістері?

5) Жанұя мүшелерін тексеру қажет пе, неліктен?

6) Емі?

7) Болжамы?

1. Дюшеннің прогрессивті бұлшықет дистрофиясы

2. Бұлшық ет дистрофиясы бар науқастар үшін жатқан қалыптан қолға тіреу ретінде кеудені пайдалану арқылы тұрудың ерекше тәсілі.

3. Х- байланыстырылған

4. ПТР ДНҚ диагностикалау,мүмкін болмағанда; Қанның биохимиялық анализі,бұлшық ет биопсиясы мен гистологиялық талдау.Электромиография

5. ПТР ана үшін міндетті тексеру әдісі себебі қайтадан бала сүйгісі келсе.

6. Бағаналық жасушамен емдеу немесе гендік инженерия, өйткені бүгінгі таңда бұған қол жете бермейді, көбіне симптомдық емдеу.

7. Дұрыс емдеу тәсілі кезінде (дер кезінде басталған және күніне бірнеше рет жүйелі емдеу гимнастикасы, психологиялық қолдау, дұрыс кәсіби бағдар, дәрумендері мен микроэлементтері қолайлы, құрамында майы аз және жоғары ақуызды диетаны сақтау, ортопедиялық іс-шаралар) қимылсыздықтың басталу мерзімін 1-3 жылға жылжытуы мүмкін. Өкінішке қарай, ауру жылдам дамиды және 25 жасқа дейін өліммен аяқталуына алып келеді.
46. 18 жасар студент кенеттен құлап, тонико-клоникалық ұстама болды, еріксіз несеп жіберді. Қарау кезінде: есі сақталмаған, ауыз қуысынан қан аралас сілекей аққан. Ұстамасы 2 минуттан соң басылған, науқас сосын ұйқыға кеткен. Анасының айтуы бойынша: наркотикалық заттар мен алкоголь қолданбаған, бассүйек жарақатын алмаған, нейроинфекциямен ауырмаған. Балалық шағында қысқа мерзімді (бірнеше секундтай) естің бұзылысымен сипатталатын сол қалыпта «қатып қалу» болған. Науқастың әпкесі балалық шағынан эпилепсиямен ауырады.

1) Алғашқы көмек?

2) Жедел жәрдем дәрігерінің іс-әрекеті?

3) Зерттеу әдістері?

4) Болжамды клиникалық диагноз?

5) Емі?

1)Талма кезіндегі алғашқы көмекті ұйымдастыру,травманың алдын алу және аспирацияны болдырмау үшін бір қырымен жатқызу,киімінің алдын босату,белдіктерін босату,басын фиксациялау.

2)Жедел жәрдем дәрігері ұстама кезінде 10 мг диазепам енгізуі мүмкін талмадан кейін енгізудің пайдасы аздау себебі ол келесі тырысудың алдын алмайды

3)ЭЭГ,КТ мен МРТ бас миының,жалпы қан анализі,глюкоза деңгейін көру және неврологтың консультациясы.

4)Генирализацияланған тоника клоникалық алғаш болған ұстама.Анамнезіне негізделе отырып идиопатиялық эпилепсия деп тұжырымдауға болады.

5) Емі вальпроевті қышқылдар депакин,конвулекс.
47. 16 жасар қыз емханаға естің бұзылысы шағымымен қаралды. Ұстамалары жайлы жақындары мен туыстарынан білген: сөйлеу кезінде басылып, бірнеше секундтай сұрақтарға жауап бермейді. Құлау, тырысулар, несеп жіберіп қою болмайды. Бұндай ұстамалар күніне бірнеше ондаған рет, 10-20 секунд ұзақтықта ұстайды. Осыған ұқсас ұстамалар науқастың әкесінде де болады. Мидың КТ-ы кезінде патология жоқ. ЭЭГ: пароксизмальды разрядты, 3/с жиілікпен генерализацияланған «пик баяу толқындар» анықталды.. Тапсырма:

1) Болжамды клиникалық диагноз?

2) Зерттеу әдістері?

3) Емі?

1) Идиопатиялық эпилепсия, генерализациялық талма (типтік абсанс).

2) Зерттеу: ЭЭГ мониторинг, пролактин деңгейін және қандағы ксантон қышқылын (ұстама кезінде лезде) анықтау.

3) Емі: вальпрон қышқылы препараттары (депакин, конвулекс), этосуксимид.
48. 30 жасар ер адам, жалпы тәжірибелі дәрігер маманына қаралды, 2 айдан бері оң жақ қол-аяғының ұюы мен шаншуы «электр тогы» жүргендей сезіміне, сосын есін жоғалтып, тонико-клоникалық ұстамалар мен еріксіз несеп жіберуіне шағымданады. Ұстамадан соң науқастың есі есеңгіреулі, ұстамасы жайлы өзі ештеңе білмейді.

1) Зерттеу әдістері?

2) Алғашқы көмек?

2) Жедел жәрдем дәрігерінің іс-әрекеті?

3) Топикалық диагноз?

4) Болжамды клиникалық диагноз?

5) Емі?

1) Анамнез жинау,невролог консультациясы, ЭЭГ, бас миының КТ немесе МРТ,қан клиникалық анализі,электролиттер мөлшерін зерттеу, қандағы глюкоза мөлшерін анықтау.

2) Ұстама кезіндегі алғашқы көмек-травма мен аспирацияны ескеру: пацентті бір қырына жатқызу, жағасын босату, белдігін босату, басына фиксациялау

3) Жедел жәрдем дәрігерінің міндеті:ұстама кезінде диазепамды (10 мг физ. Ерітіндімен араластырып)енгізуге болады, ұстамадан кейін диазепамды енгізу тиімсіз, яғни енді болатын ұстамалар жөнінде ескерту бермейді.

4) Сол жақ төбе бөлігі

5) Екіншілік генерализациямен жүретін жай парциалды сенсорлы ұстамалар

6) Емі: вальпрой қышқылы препараттары (депакин, конвулекс), карбамазепин
49. 38 жасар әйел, кенеттен адамдар бар жерде құлап түсті, қатты айқайлайды,сөздерін қиын айтады, жиі демалады, сосын бірнеше секунд қатып қалып қимылсыз жатады, тағы бірнеше секундтан соң науқас жамбасын қатты көтереді, басын оңға-солға шайқай береді, қол мен аяқтарын асинхронды қозғайды. Ұстама 10 минутқа созылады. Ұстамадан соң науқастың есі айқын, активті түрде сұрақтарға жауап береді. Неврологиялық статусында өзгерістер анықталмады. Тапсырма:

1) Болжамды клиникалық диагноз?

2) Зерттеу әдістері?

3) Емі?

1. Психогенді тырысу.

2. Зерттеулер: анамнез жинақтары, неврологиялық бақылау, ЭЭГ, видео ЭЭГ-мониторинг, бас миының КТ немесе МРТ, қанның клиникалық анализі, электролиттердің деңгейін зерттеу, қанның глюкоза деңгейін зерттеу, пролактиннің құрамын анықтау, қандағы ксантуронды қышқылды анықтау (қстамадан кейін бірден).

3. Емі: психотерапия, негізгі ауруды емдеу (депрессия, шизофрения және т. б.).
50. 27 жасар әйел медициналық аборттан кейін, оқу кезінде әлсіздіктің күшеюі, көзінде екі еселенуі болған. Күні бойы аталған шағымдар күшейеді, ал егер тынығып алса, басылады. Сол шағымдармен аймақтық дәрігерге қаралды, дәрігердің тағайындауы бойынша, оған көптеп тынығу және «тыныштандыратын» новопассит препаратын ішу керектігін айтты. Бірақ аталған симптомдар бұл тағайындаудан кейін де басылмады, әйелде қабағын қимылдату «қиындығы» қосылған. Әйел таныс невролог дәрігерге қаралды. Неврологиялық статуста: 2 жақтық бірдей емес птоз, конвергенция төмендеген. Дәрігер науқасқа кітап оқытып көргенде, көзінде екі еселену мен жеңіл түрде сыртқа қарай қылилық анықталды. Басқа неврологиялық симптомдар анықталмады. Тапсырма:

1) Болжамды клиникалық диагноз?

2) Госпитализация қажет пе?

3) Диагнозды нақтылау үшін қандай сынама жасау қажет?

4) Қосымша зерттеу әдістері?

5) Емі?

6) Болжамы?

7) Еңбекке жарамдылық экспертизасын жүргізу қажеттігі бар ма?

8) Санаторлы-курорттық ем қажеттігі бар ма?
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


написать администратору сайта