Главная страница

Перифериялы озалыс нейрондарыны заымдалу симптомдарын атап шыыыз


Скачать 228.75 Kb.
НазваниеПерифериялы озалыс нейрондарыны заымдалу симптомдарын атап шыыыз
Дата24.03.2021
Размер228.75 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла8990945.docx
ТипДокументы
#187745
страница11 из 13
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

1) гипотония, гипестезия

2) асықты жілік нервінің невропатиясы

3) ЭНМГ

4) Гимнастика , фиксация
22. Әйел 32 жаста, бетінің ассиметриясына, сол көзінің жасаурауына, сол жақ құлақ артының ауырсынуына шағымданады. Ауруханада түсерден бір күн бұрын ауырған, жақын арада -5º ауа температурасында бас киімсіз жүрген. Қарау кезінде бетінің ассиметриясы, сол жақты лагофтальм, мұрын ерін сызығы жазылған, ауызының бұрышы салбырап қалған. Мимикалық сынамаларды орындау кезінде сол жақтан барлық мимикалық бұлшық еттердің әлсіздігі, сол жақтан Белл симптомы анықталды. Тілдің алдыңғы үштен екі бөлігінде дәм сезу төмендеген, басқа неврологиялық бұзылыстар жоқ.

1)Неврологиялық синдром? Лагофтальм дегеніміз не? Белл симптомы?

2)Бұзылыстардың локализациясы?
3) Клиникалық диагноз?
4) Қосымша зерттеу әдістері?

5) Емі?
1. Қоян көз. Бет нервінің параличі. Агевзия

2.Доответвления барабанный струпы

3. Невропатия (бет нервісінің)

4. МРТ

5.-Преднизолон,

-Метилпреднизолон

-Реополиглюкин

-Пентоксифиллин

-Мимикалық бұлшықеттердің гимнастикасы

23. 16 жасар қыз, стационарға аяғындағы және қолдағы әлсіздікке шағымданып түсті, аяқ басының ұйып қалуы ("табаны астындағы жұмсақ пороллон сезімі"). Ауруханаға түсерден төрт күн бұрын аяғының ауырғанын және үйіп қалғанын, оған аяғының содан соң қолының әлсіздігі қосылғанын және бетінің мимикалы бұлшық етінің әлсіздігі қосылған. Ауруханаға түсерден екі апта бұрын жедел респираторлы вирусты инфекция белгілері пайда болған. Ауруханаға түскен кезінде сол жақтағы мимикалық бұлшық еттердің әлсіздігі, аяғының әлсіздігі екі баллға дейін, қолында үш баллға дейін, бұлшық ет гипотониясы, аяқтағы және қолдағы сіңір рефлекстерінің жоқтығы, нерв түбіршіктерінің тартылуы оң мәнді, аяғындағы барлық сезімталдық түрлерінің төмендеуі «шұлық» типі бойынша.

1)Неврологиялық синдром?

2)Бұзылыстардың локализациясы?
3) Клиникалық диагноз?
4) Қосымша зерттеу әдістері және болжам нәтижелері?

5) Емі?

1) Сезімталдықтың өткізгіштік типімен бұзылыс, перифериялық парез, парестезия

2) перифериялық нерв

3) полиневропатия

4) ЭНМГ,ЭМГ, жауаптың амплитудасымен жылдамдығының төмендеуі, биопсия

5) массаж, гимнастика, ортопед

24. Ер адам 55 жаста, оң жақ иық асты және қол басының интенсивті ауырсынуына, оң қолының жоғарғы ішкі бетінің үйіп қалуына, оң қолының қимылының шектелуіне, қол басының ісінуіне шағымданады. Жоғарыда айтылған шағымдар оң жақ иық буынының шығып кетуінен кейін пайда болған. Қарау кезінде оң қолының проксимальді және дистальді бөліктеріндегі әлсіздік, сіңір рефлекстерінің жоқ болуы, иық, иық асты және қол басының бұлшық еттерінің гипотониясы және атрофиясы, барлық сезімталдық түрлерінің «мозайка» типте төмендеуі анықталды.

1)Неврологиялық синдром?

2)Бұзылыстардың локализациясы?
3) Клиникалық диагноз?
4) Қосымша зерттеу әдістері және болжам нәтижелері?

5) Емі?

1) дежерин-клюмпке синдромы

2) С8-ТҺ1

3) иықтық өрімнің плексопатиясы

4) ЭМГ,ЭНМГ

5) гимнастика, массаж, анальгетиктер, физиотерапия

25. Ер адам 32 жаста, аяқ басының, қол саусақтарының үйіп қалуына, қысылуына және шаншуына, аяқтың әлсіздігіне, жүрген кездегі тұрақсыздығына (әсіресе қараңғыда) шағымданады. Жоғарыда айтылған шағымдар 3-4 ай бойы мазалап жүр. Ұзақ уақыт бойы ішімдік ішеді. Объективті қарағанда: қолдың дистальді бөлігіндегі әлсіздік 4 балға дейін, және аяқтын дистальдә бөлігінде ауырсыну 3 баллға дейін, қолдардың және аяқтардын дистальді бөліктерінде бұлшық ет гипотрофиясы, ахилл рефлексі және карподадиальді рефлектердің жоқтығы, «қолғап» және «шұлық» типі бойынша барлық сезімталдық түрлерінің төмендеуі, Ромберг сынамасы оң мәнді, саусақ мұрын сынамасын және өкше-тізе (пяточноколенной) сынамасын орындау кезінде мүлк кету анықталды.

1)Неврологиялық синдром?

2)Бұзылыстардың локализациясы?
3) Клиникалық диагноз?
4) Қосымша зерттеу әдістері және болжам нәтижелері?

5) Емі?

1) сенситивті атаксия, сезімталдық бұзылысының полиневропатиялық типі

2) шеткері нерв

3) полиневропатия

4) ЭМГ,ЭНМГ

5) алкогольден бас тарту, гимнастика, массаж, физиотерапия
26. Әйел 52 жаста, аяқ басының ауырсынуы, үйіп қалуына, қысылуына, шаншауына шағымданады. Бұл шағымдар науқасты 4 айдан бері мазалап жүр. 3 жылдан бері инсулинге тәуелсіз қант диабетімен ауырады, манинил қабылдайды, аш қарынға қандағы глюкоза деңгейі 8-10 ммоль/л. Неврологиялық статус: аяқ басының ауырсыну және температуралық сезімталдығы «шұлық» типі бойынша төмендеген, аяқ басының гиперпатиясы, ахилл рефлексі жоқ, аяқ бастарының трофикалық өзгерісі анықталады.

1)Неврологиялық синдром?

2)Бұзылыстардың локализациясы?
3) Клиникалық диагноз?
4) Қосымша зерттеу әдістері және болжам нәтижелері?

5) Емі?
1. Сезім бұзылыстарының невропатиялық типі.

2. Перифериялық нервтердің зақымдануы.

3. Диабеттік полиневропатия

4. ЭМГ, ЭНМГ

5. Ауруына сүйене отырып
27. Ер адам 22 жаста, оң жақ жамбас аймағының ауырсынуына және ауырсынудың бөксе артына және санға берілетінене сондай-ақ аяқ басының үйіп қалуына, шаншуына және әлсіздігіне шағымданады. Жоғарыда айтылған шағымдар жақын арада науқас алкогольді мас күйінде орындықта отырып ұйықтап қалуына байланысты пайда болған. Қарау кезінде алмұрт тәрізді бұлшық етті пальпациялау кезіндегі ауырсыну, оң жақты Ласег симптомы оң мәнді, оң жақ санының жоғарғы жағы және аяқ басының барлық сезімталдық түрлерінің төмендеуі, оң аяқ басының бүгуі мен жазуын қатар қамтамасыз ететін оң жақ аяқ басы бұлшық етінің әлсіздігі, оң жақ ахилл рефлекстерінің жоқтығы анықталды.

1)Неврологиялық синдром? Парестезия,бұлшқеттерде триггер нүктесі,гипестезия,арефлексия-ахилл рефлексі,гипотонус.

2)Бұзылыстардың локализациясы? бұлшықеттің релекторлы бұзылысы
3) Клиникалық диагноз?Шонданай нервтің невропатиясы
4) Қосымша зерттеу әдістері?ЭМГ,ЭНМГ

5) Емі?Новокаинды блокада

28. 57 жастағы әйел, бухгалтер, оң қолының сыртқы бетімен таралатын омыртқаның мойын бөлігінің ауырсынуына шығымданады. Ауырсыну соңғы 3 ай бойына мазалап, бірте – бірте күшейген.Тексеру барысында мойын бұлшықеттерінің жиырылуы,мойын аймағының кифозының күшеюі, ауырсыну әсерінен мойын бөлімінің қозғалысының шектелуі анықталды. Трапеция тәрізді, омыртқа өскіні үстілік және оң жақтық орта сатылы бұлшықеттерінің жиырылуы мен ауырсынуы бар.Лестничный бұлшықетін пальпациялағанда, басты солға бұру кезінде оң қолдың сыртқы бетінде ауырсыну пайда болады. Иық пен саусақтардың медиальді бетінің гипестезиясы, оң жақтық m.biceps рефлексінің төмендеуі, басқа неврологиялық бұзылыстар анықталған жоқ.

А. Неврологиялық синдромдар? Зақымданудың орналасуы?

Б. Клиникалық диагноз?

В. Қосымша тексерулер?

Г. Емі?
А. Бұлшықет – тоникалық синдром. Сегментарлы –түбіршек сезім бұзылу типі.

Б. Цервикобрахиалгия

В. КТ, МРТ

Г.-Физиотерапия,

-Анальгетиктер

-Тыныштық, НПВС

-Миорелаксанттар

-Шане жағасы, ЕДШ
29. 42 жастағы әйел, бухгалтер, оң аяғының сыртқы бетінен табанның саусақтарына дейін таралатын бел аймағының ауырсынуына шағымданады. Ауырсыну қозғалғанда, жөтелгенде күшейеді. Бел аймағының ауырсынуы 5 жыл бойы периодты түрде, әсіресе физикалық жүктемеден кейін және дачадығы жұмыс кезінде күшейеді. Қазіргі асқынуы 1 апта бұрын жайсыз қозғалыстан кейін пайда болған. Тексеру кезінде бел бұлшықеттерінң айқын жиырылуы, бел аймағының оңға шығыңқы скалиозы, омыртқаның бел аймағының кифозы анықталды. Бел аймағындағы қозғалыс кенеттен шектелген,ауырсынудың кенеттен күшеюінен тұлғаның алға бұрылуы мүмкін емес. Оң санның сыртқы бетінде және табанның сыртқы жиегінде ауырсынулық гипестезия анықталады, оң жақта ахиллов рефлексі теріс, Ласег симптомы оң жақта 30 градус бойымен оң. Омыртқаның бел аймағының перкуссиясында оң аяқтың сыртқы бетіндегі өкшеге дейін таралатын оқты ауырсынуы.

А. Неврологиялық синдромдар? Зақымданудың орналасуы? Бұлшықет тоникалық синдром, сезімталдықтың сегментарлы-омыртқалы бұзылыс типі.

Б. Клиникалық диагноз? 1 ші сегізкөз омыртқасының радикулопатиясы, люмбоишиалгия.

В. Қосымша тексерулер? Рентгендік зерттеу, КТ, МРТ

Г. Емі? Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (целекоксиб, мелоксикам), Миорелаксанттар (сердолут) Антидепрессант (амитриптелин). Бірнеше күнге зәр айдайтын препарат калиймен бірге (гипотиазид аспаркаммен бірге), трентал, вит В, жарық кезінде оперативті ем.

30. 27 жастағы әйел, пианистка, мойындағы интенсивті ауырсынуға шағымданады, ауырсынудан басын бұра алмайды, әсіресе оңға. Мойындағы ауырсыну соңғы 5 жыл бойы периодты түрде мазалаған, қазіргі асқынуы соңғы 2 күн ішінде интенсивті музыкалық жаттығулар кезінде пайда болған.Тексеру кезінде мойын бөлігіндегі шектелген қозғалысұзын бұлшықеттердің қорғаныстық жиырылуы, оң жақта көбірек, мойын лордозының тегістелуі.Парездер, сезімталдық бұзылыстары, басқа да неврологиялық бұзылыстар анықталған жоқ.

А. Клиникалық диагноз? Цервикалгия

Б. Қосымша тексерулер? КТ, МРТ

В. Емі? Желке гимнастикасы, аналгетиктер, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар, физиотерапия, маздар, компресстер.

31. 70 жастағы әйел, бетінің оң жақ жартысының ұстама тәрізді қатты ауырсынуына шағымданады. Өзін 10 жылдан бері ауру санайды. Ауырсыну өткір, кесіп алғандай сипатта бірденнен басталып, бірнеше секундқа созылады. Ауырсыну ұстамасы сөйлегенде, шайнағанда және оң мұрын қанатына жанасу сезімін жасағанда күшейеді. Ауырсыну жоғарғы ерін аймағынан басталып, оң жақ жоғарғы тістер мен бет сүйегіне таралады. Неврологиялық статуста, пальпация кезінде оң жақ инфраорбитальды нүкте тұсында ауырсынумен оң жоғарғы жақ сүйек аймағында гиперестезия анықталады.

А. Клиникалық диагноз?

Б. Қосымша тексерулер?

В. Емі?

А. Үштік нервінің невралгиясы.

Б. Стаматолог, МРТ, бас ми ісігін жоққа шығару үшін

В.Ұстамаға қарсы:

-Карбамазепин 100 мг – 600 мг дейін;

-Антидепресанттар: -амитриптилин 25-100 мг .

-Хирургиялық ем (қан тамыр репозициясы)
32. 36 жастағы әйел, педагог, сабағы аяқталғаннан кейін дауысының қарлығуына және қол – аяқтарының әсіресе физикалық жүктемеден соң әлсізденуіне шағымданады. Бұл шағымдар 3 айдан бері мазалауда, таңертең тынығып тұрғаннан соң дауысы қалпына келеді. Зерттеу барысында, дауыстық жүктеме кезінде дисфония, қол-аяқтарының проксималды бөлік бұлшықеттерінің 4 баллға дейін әлсізденуі мен меншікті рефлекстердің төмендеуі анықталды. Тері астына прозеринді енгізгенде неврологиялық бұзылыстардың регрессі болды.

А. Неврологиялық синдром?

Б. Зақымдалу ошағы?

В. Болжамды клиникалық диагноз?

Г. Қосымша зерттеу әдістері?

Д. Емі?
А. Дизартрия. Перифериялық тетрапарез. Дисфония

Б. Жұтқыншақ бұлшықеттері, нерв бұлшықеттік синапс, постсинапстық мембрана АТ

В. Миастения, көз формасы

Г. ЭМГ, ЭНМГ

Д. -Прозерин, калимин

-Преднизолон, Цитостатиктер

-Иммуноглобулиндер
33. 6 жасар баланың ата – анасының айтуы бойынша, соңғы 2 жылда баласының жүрісінің өзгергендігін айтты, ол жиі құлайды, баспалдақтан көтерілуі қиындады.Зерттеу кезінде: қол – аяқ бұлшықеттерінің проксималды бөлігінің 3 баллға дейін әлсіздігі, жамбас белдеуі бұлшықеттері гипотрофиясы, балтыр бұлшықеттерінің псевдогипертрофиясы, меншікті рефлекстер шақырылмайды, еденнен тұру үшін бұлшықет әлсіздігіне байланысты қосымша иілістер мен заттар қажет болады, «үйрек жүріс». ЭхоКГ кезінде жүрек бұлшықет жиырылуы төмендеуі анықталды.

А. Неврологиялық синдром?

Проксимальды бөліктегі перифериялық парез

Б. Зақымдалу ошағы?

Бұлшықеттің зақымдалуы

В. Болжам клиникалық диагноз?

Бұлшықеттің жайылмалы дистрофиясы (Дюшеннің миодитрофиясы)

Г. Қосымша зерттеу әдңстері?

Креатинфосфокиназа, эмг, бұлшықет биопсиясы.

Д. Емі және боламы?

Жоқ

34. 25 жасар жас әйелдің оң көз алмасының айқын емес ауырсынуы басталған, келесі күні осы көзінде көру өткірлігінің төмендегенін байқаған. Көз түбін офтальмоскоппен көргенде, көру нерві дискісінің самайлық жартысының түссіздігі анықталған. Неврологиялық зерттеу кезінде: қол мен аяқтағы меншікті рефлекстердің жоғарылауы, құрсақ рефлекстерінің жойылуы, Бабинский симптомы оң жақта оң мәнді.

А. Неврологиялық синдром?

Б. Зақымдалу ошағы?

В. Болжамды клиникалық диагноз?

Г. Қосымша зерттеу әдістері?

Д. Емі және болжамы?
А. Көру нервінің ретробульбарлы невриті, орталық типті рефлекторлы тетрапарез.

Б. Көру нерві+ қарыншалар маңындағы ақ зат

В. Жайылмалы склероз

Г. МРТ, Жұлын сұйықтығын зерттеу

Д. Өршу кезінде:- Кортикостероидтар

-Метилпернизолон 500-1000 мг 1 тәу, 5-7 күннен соң күніне 5 мг азайту арқылы. Әр 2 күнде толық бас тарту.

-Плазмофорез

Эффектісі болмаса:-Цитостатиктер

Азатиоприн, Метоксантрон
35. 6 жасар баланың ата – анасының айтуы бойынша, соңғы жылы баласының ойын ойнау, тамақ ішу немесе сөйлеу кезінде бірнеше секунд «мелшиіп қатып қалуын» байқаған. Сол кезде баланың көзі қимылдайды, сөйлемейді, сұрақтарға жауап бермейді, бірнеше секундтан соң қалыпты жағдайына келгенде, қысқа мерзімді ес бұзылысы болғанын баланың өзі білмейді.Мұндай ұстамалар күніне 10 – 30 рет (бірнеше ондаған рет) қайталануы мүмкін.Зерттеу барысында неврологиялық бұзылыстар анықталмады.

1. Ұстаманың типі?Алғашқы болжам диагноз?

Абсанс. Болжам диагноз Эпилепсия

2. Қосымша зерттеу әдістері?

КТ, МРТ, электроэнцефалография

3. Емі және болжамы?

Этосуксемид (суксилеп), вальпроат (депакин), ламотриджин (ламиктал),клоназепам.
36. 35 жасар әйелдің қол-аяқтарында тоникалық және клоникалық ұстамалар түнгі уақытта болады, кейде тілін тістеу мен несепті ұстай алмауы орын алады (15 жылдан бері мазалайды). Ұстама бірнеше минутқа созылып, ұстамадан соң науқас ұйықтайды, таңертең болған ұстамасы жайлы білмейді. Бұл ұстама жылына 1-2 рет болады. Неврологиялық статусында өзгеріс жоқ.

Болжамды клиникалық диагноз? Ұстама типі қалай аталады? Идиопатиялық эпилепсия. Ұстама типі- үлкен ұстама құрысумен.

Қосымша зерттеу әдістері? ЭЭГ, КТ, МРТ

Емі? Карбамезепин 8-20 мг 1 кг 1 күнге, Вальпруат 10-50 мг 1 кг 1 тәулік немесе дифенин 5-10 мг, резерв-фенобарбитал 2-4 мг 1 кг 1 күнге.

37. 60 жастағы ер адам емхана дәрігеріне оң жақ қол-аяқтарының ұсақ тыныштық жағдайда дірілдеуіне, жалпы қозғалыстың баяулауы мен шектелуіне және іш қатуы бейімділігіне шағымданды. Анамнезі бойынша, бір жылдан бері біртіндеп оң қолдың дірілдеуі, сосын бірнеше айдан соң оң аяқтың дірілдеуі қосылған. Жалпы тәжірибелі дәрігердің зерттеуі бойынша: гипомимия, гипокинезия, сөйлеудің баяу әрі монотонды болуы, микрография, тонустың жоғарылауына байланысты «тісті дөңгелек» феномені, оң жақтағы саусақтарының треморынан «тиын санау» кейпі, мақсатталған іс-әрекеттің төмендеуі, ахейрокинез, кеудесі алға қарай еңкейген қалып анықталды. Науқастың әкесінде де осыған ұқсас симптомдар болған. Тапсырма:

1) Топикалық диагноз?

2) Болжамды клиникалық диагноз?

3) Госпитализация қажет пе?

4) Қосымша зерттеу әдістері?

5) Емнің принциптері?

6) Еңбекке жарамдылық экспертизасын жүргізу қажеттігі бар ма?
1. Базальді ганглилердің зақымдануы.

2. Паркинсон ауруы, аралас ( гипокинетико-ригидті формасы).

3. Госпитализациялау міндетті емес, бірақ амбулаториялық ем жүргізу қажет.

4. МРТ, Молекулалық гендік зерттеу, Бас миының (ПЭТ) позитронды эмиссиялық томографиясы.

5. Монотерапия. Құрамында Лебадопа бар препараттар (наком, синемет, мадопар);

КОМТ (Катехол-о-метил трансфераза) ингибиторы (толкапон, энтакапон);

Комбинирленген препараттар (сталево);

Дофамин рецепторларының агонисті (мирапекс, пронаран);

МАОВ ингибиторлары (семгипин,амантадин,мидантал, ПК-Мерц);

Антихолинергиялық препараттар (циклодол, паркопан);

Симптоматикалық ем.

6. Ия, қажет. Еңбекке қабілеттілігін бағалау кезінде, клиникалық көрінісін, сатысын, және аурудың даму жылдамдығын және де мамандығын ескеру қажет. Тиімді емдеген кезде науқастың жағдайы жиі жақсара түседі, кейде еңбекке қабілеттілігі қалпына келеді.
38. Грипп эпидемиясы кезінде, 48 жасар ер адам жедел жәрдем шақыртты. Әйелінің айтуы бойынша, ауруы жедел басталып, температурасы 39 С көтерілген, басының интенсивті ауруы мен құсу мазалаған. Біртіндеп ұйқышыл бола бастаған, сұрақтарға жауап беруі тоқтаған, әйелінің айтуы бойынша ұстама болған. Анамнез бойынша, 1 апта бұрын Қиыр Шығыстан іс-сапардан келген. Объективті: беті гиперемияланған ЖСЖ-110р/мин, денесінде геморрагиялық бөртпелер анықталды. Неврологиялық статуста: есі-есеңгіреу, сол жақтық орталық гемипарез. Желке бұлшықеттерінің ригидтілігі. Жоғарғы Брудзинский оң мәнді. Тапсырма:

1) Топикалық диагноз?

2) Болжамды клиникалық диагноз?

3) Госпитализация қажет пе?

4) Қандай аурулармен дифференциальды диагноз жүргізіледі?

5) Қосымша зерттеу әдістері?

6) Емі?

7) Аурудың болжамы?
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


написать администратору сайта