Перифериялы озалыс нейрондарыны заымдалу симптомдарын атап шыыыз
Скачать 228.75 Kb.
|
41. Перифериялық нерв зақымдалған кездегі қозғалыс бұзылыстарының симптомокомплексі Ми қыртысы-бұлшық ет шоғырының сыртқы нейрондары зақымданғанда сыртқы сал болу(плегия) немесе әлсіреу (парез) синдромы пайда болады.Оның негізгі белгілері: бұлшықеттердің солып сал болуы(плегия) немесе әлсіреуі(парез); бұлшықет серпімділігінің жойылуы(атония) немесе азаюы(гипотония); жұлын шартсыз рефлекстердің жойылуы(арефлексия) не төмендеуі(гипорефлексия); бұлшық еттердің электр тогы әсерінен ширығуының жойылуы(азғындау реакциясы). 42. Экстрапирамида жүйесінің құрылымы мен негізгі байланыс жолдары Экстрапирамидтік жүйе негізінен мына төмендегі құрылымдардан тұрады: 1.Ми қыртысы асты түйіндері-құйрықты ядро,сыртқы қауыз және бозғылт шар,жасымық тәрізді дене.Сыртқы қауыз құйрықты ядромен бірігіп,белдеулі дене құрастырады. 2.Көру төмпешігі-аралық мидың негізгі бөлігіне орналасқан көлемді сұр зат жиынтығы. 3.Люис денесі немесе субталамикалық ядро ми сирақшасы мен қара заттың сыртына жанасып,көру төмпешігінің вентралдық сыртқы ядросының астына орналасқан. 4.Қызыл ядро орталық мидың қақпағында.Ол ірі және ұсақ клеткалы ядроларға бөлінеді.Адамда қызыл ядро көбіне ұсақ клеткалвыы болып келеді. 5.Қара зат-орталық мидың табаны мен қақпағының аралығына орналасқан миелині мол нерв клеткаларының жиынтығы.Бұл клетка қасиеті жағынан адреналин мен норадреналинге ұқсас медиатор-дофаминді өндіреді.Дофамин қара зат клеткаларының тармақтары арқылы боз шарға,қауызға және құййрықты ядроға жетіп,олардың қызметінің белсенділігін арттырады. Экстрапирамидтік жүйе құрамына гипоталамус ядролары, мишық, вестибулярлық ядролар,төменгі олива, торлы формация және ми қыртысындағы прематор аймағы да кіреді. Ми қыртысы мен экстрапирамидтік жүйе құрылымдарын жұлынның алдыңғы мүйізіндегі мотонейрондармен байланыстыратын көп сатылы қатынастар бар. Олар қызыл ярдо – жұлын және торлы (субстанция) - жұлын даңғылдары( трактлары). 43. Экстрапирамида жүйесінің қимыл қозғалысты жүзеге асырудағы маңызы, негізгі нефромедиаторлары. Күрделі қимыл- әрекеттерді реттеу экстрапирамидтік жүйенің жекелеген құрамдарының тұйық нейрон шеңберінде қатысуымен жүзеге асады. Қара зат қасиеті жағынан адреналин мен норадреналинге ұқсас медиатор-дофаминді өндіреді.Дофамин қара зат клеткаларының тармақтары арқылы боз шарға,қауызға және құййрықты ядроға жетіп,олардың қызметінің белсенділігін арттырады. Экстрапирамидтік жүйедегі жекелеген құрылымдардың тұйық нейрондар шеңберінде жедел қосылуы нәтижесінде адамға қажетті күрделі іс- қимылдар дәлме – дәл орындалатын болады. Нейрон шеңберлері жүйесі кері байланыстар жасау принциптерімен өз қызметін іске асырады. Егер бұйрық берілген болса,и оның орындалуы жқнінде тиісті мағлұматтар қабылданыда, одан әрі қажетті қимыл- әрекетті іске асыруға бағытталған түзету импульстері іске қосылады. 44. Гиперкинездер. Түрлері. Шектеусіз қимылдар (гиперкинез) синдромы.Құйрықты ядро, қауыз, люис денесі зақымдануыыа байланысты. Оның негізгі белгісі бет, қол-аяқ және дене бұлшық еттерінің мейлінше еріксіз күшпен келетін шектеусіз қимылдар (гиперкинездер). Бұлшық ет күш-қуаты (тонусы) мұндай жағдайда азаяды, бұлшық ет гипертониясы мен дистониясы сирек кездеседі. Гиперкинездің мынандай түрлері бар: 1.Атетоз - аяқ пен қолдың ұштары кейде бет пен дененің бұраландауы. Әсіресе саусақтардың атетозы жиі кездеседі. Мұндайда саусақтар біріне-бірі бағынбай жеке-жеке қозғалып тұра-ды. Саусақтар бейберекет жұмылып жазыла береді. Кейде саусақ-тардың орта буыны мен ұшқары буындары сіресіп қайқайып жа-зылады, бір саусақ жазылғанда екіншісі бүгіліп тұрады. Көбіне бүгілуі басым болады. Сырқаттың асқынған кезінде атетоздық қимылдар аяқ пен қолдың жоғарғы шеткі бөліктері мен мойын бұлшық еттерін де қамтиды. Атетоздық қимылдар беттің бұлшық еттерін құбылтып, адам жы-миып тұрғандай, таңырқағандай, жылағандай кейіпке түседі. Еріндердің бұлшық еттері де. ретсіз қозғалып, еріндер біресе ашылады, біресе жабылады, немесе шошайып тұрады. Маңдай терісі біресе қырыстанып, біресе жазылады. Тіл таңдайға қағылады немесе ерінді орынсыз жалап тұрады. Атетоздық қимылдар қимыл-әрекеттері кезінде ренжіп-қуанғанда күшейеді де, ұйықтағанда басылады. Атетоздық қимылдар тоқтаған кезде бұлшық еттер жұмсарып, олардың тонусы төмендейді. Бұлшық еттердің белгілі бір тобы тонусының артуы (гипотония) оның төмендеуімен (гипортония) ауыстырылады да тура сол сәтте қайтадан қатаяды. Бұл құбылыс бұлшық еттердің жылжымалы ши-рығуы немесе дистония деп аталады. Атетоздық қимылдар көбіне дененің екі жағын бірдей қамтиды (қос атетоз). Атетоздық гиперкинез бұлшық еттер тобының бірінен екіншісіне баяу ауысып тұратын ширығып сіресуіне байланысты пайда бола-ды. Оның негізгі себебі белдеулі денедегі ұсақ және ірі клеткалар-дың зақымдануы болып есептеледі. Хорея тәрізді гиперкинез бұршақ іспетті ядроның(скорлупа) сыртқы бунағының, әсіресе оның ұсақ клеткаларының зақымдануы кезінде, кейде мұнымен қоса мишықтың тісті ядросы мен қызыл ядро арасындағы байланысы үзіліп қалғанда байқалады. Хорея тәрізді гиперкинездер мишық — қызыл ядро – көру төм-пешігі байланыстарының зақымдануы кезінде де болуы мүмкін. Мұндай жағдайда олар қызыл ядро мен көру төмпешігі зақымдан-ғанда ерекше айқын білінеді. Ал мишыктың жоғарғы аяқшалары (сирақшалары) зақымданғанда гиперкинез көрінісі онша айқын емес, мишықтағы тісті ядро зақымдануы кезінде болар-болмас қана байқалады. Хорея тәрізді гиперкинез бет құбылысы, тілдің және қол мен аяқ-тың жоғарғы бөліктерінің бұлшық еттерінің шапшаң, ретсіз, екпінді, өрескел қимылдары түрінде сипатталады. Сырт қарағаңда бұл әрекеттер мақсатты қимылдарға ұқсас және қозғалыс ауқымы кең болады да ренжіп-қуанғанда күшсйеді, тыныштық жағдайда бәсеңдейді, ұйықтағанда тежеледі. Гиперкинездің бұл түріне тән белгілерге екі қолды орынсыз сілтеу, бет-ауызды құбылту, көзді сығырайту және тамсана беру т.б.өрескел қимылдар жатады. Сырқаттың жүрісі қолын ербендетіп билеп келе жатқандай көрініс береді. Бұлшық еттер тонусы әлсірейді. Тізеден жазылған сирақ бірнеше секунд бойы сол қалпын өзгертпейді (Гордон симптомы) немесе тізе рефлексін тексерген кезде сирақта маятник тәрізді қимылдар пайда болады. Сырқат өзіне қажетті қимылдарды тежей алмайды. Кейбір жағ-дайларда, қимылдатқыш импульстардың көптеп келуіне байланысты ерікті қозғалыстар өрескелдеу болады, мысалы жүріп келе жат-қаңда аяғын тез-тез алға сілтеп тастап отырады. Егер дәрігер бір мезгілде сырқаттың тілін шығарып, көзін жұмғызып байқауға әрекет жасайтын болса, сырқат тілін 10-15 сек. артық осы кейпінде ұстап тұра алмайды (көз бен тіл феномені). 3. Хореоатетоз - хорея тәрізді және атетоздық қимылдардың (гиперкинездердің) үйлесуі. Ой әрекеті қиындағанда, тынышсызданғанда, ренжігенде, сөйлегенде, күлгенде кейде ауыр-сыну тітіркеністері әсерінен де гиперкинездің бұл түрі күшейеді. Бұл құбылыс әсіресе дененің сезімділігі бұзылған жағдайда айқын білінеді. Хореоатетоз белдеулі дене мен көру төмпешігі за-қымданғанда пайда болады. Оның дамуына мишық-көру төмпешігі—ми қыртысы байланыстарының үзілуі де өзіндік әсерін тигізеді. 4. Торзион дистониясы - дене мен бастың баяу керіліп бұралуы және бастың ербеңдеуі. Сонымен қатар сырқаттың денесі мен басы шүйіле (штопор тәрізденіп) бұралады, қолы әрескел қимылдайды (58-сурет). Торзион дистониясы бұлшық еттердің бір бөлігінде ғана, айталық мойын деңгейінде білінуі де мүмкін (сіреспе қисық мойын). Сондай-ақ омыртқаны шамадан тыс сірестіре керіп, белді қайқайтып жіберетіні де бай-қалады. Бұл құбылыс жатқан кезде байқалмайды. Түрегеп тұрған-да, жүргенде немесе отырғанда дене бұралып иіле беруі мүмкін. Кейбір жағдайларда дене сіресіп, бұрғыша бұралып кетеді, қол-аяқ ербеңдейді. Сол себепті торзион дистониясы дене мен аяқ-қолдың жоғарғы бөліктерінің атетозы деп есептеледі. Торзион дистониясы антогонист бұлшық еттердің қатая сіресіп, басқа (келесі) қимыл-әрекеттерге бөгет жасайтындығынан пайда болады. Гиперкинездің бұл түрі экстрапирамидтік жүйенің әр түрлі құрылымдары (белдеулі дене, боз шар, мишықтың тісті ядросы, ми қыртысы) зақымданған кезде кездеседі. Патологиялық өзгерістер белдеулі денені көбірек қамтиды. 5. Гемибаллизм — дененің бір жақ жартысының әрескел қимылдауы. Мұндай қимылдар тас лақтырғандай немесе доп сілтегеңдей болып көрінеді. Өрескел қимылдардың дененің екі жағынан бірдей болуын пара-баллизм деп атайды. Мұндай қимылдар сирек кездеседі де суда жүзген адамдар тәрізді байқалады. Гиперкинездің бұл түрі Люис көру төмпешігі асты ядро зақымданғанда немесе оның байланыста-рының (әсіресе боз шармен) бұзылуына байланысты дененін қарама-қарсы жағында білінеді. Сол себепті боз шар өзінің қызметін тежейтін Люис денесінен ажырасады. 6. Діріл (тремор) дененің белгілі бір қимыл-әрекеттеріне қатысты бұлшық еттерінен тыс бөлшектеріне де тарайтын кең ауқымды көсіле сілтейтін қимыл. Әдетте діріл сырқат буындарын аралық жағдайда ұстап тұруға тырысса пайда болады да қимыл-әрекеттер күрделіленген сайын үдей түседі, яғни ол тыныштық жағдайда және мақсатты қимылдар әрекетінде де кездеседі. Діріл мишық — ми қыртысы байланысы тізбегіне қатысты қызыл ядро зақымданғанда пайда болады. 7. Миоклония - белгілі бір буындарды қимылдатуға қатыспайтын бұлшық еттер тобының оқыс тартқылап жыбырлауы жәнс тұрақсыз дірілдеуі. Оны сырқатты қарап тексеру барысында байқауға болады. Дене бұлшық еттері, көбінесе іш, кейде аяқ-қол бұлшық еттері оқтын-оқтын ырғақсыз әрі сәйкессіз дірілдейді. Олар белгілі бір бұлшық еттер тобында ғана байқала бермей бытыраңқы болып келеді. Миоклониялар тыныштық жағдайда байқалады, оқыс тітір-кенгенде, ән салғанда, шайқағанда күшейеді, ұйықтағанда жоғалады. Миоклонияның тағы бір түрі—таңдай, жұтқыншақ, көмей диаф-рагма (перде) бұлшық еттерінің, кейде көздің, ауыздың және қабырға-аралық бұлшық еттердің жыбырлап дірілдеуі. Мұның жоғарыда аталған миоклониядан айырмашылығы — бұлшық еттер талшығы әр жерінен ырғақты, бір қалыпта (көбіне тұрақсыз) жиырылып дірілдейді. Бұл жиырылулардың қимыл-әрекеттерге қатынасы жоқ, тіпті ұйықтап жатқанда да тоқтамайды. Сол себеші оларды миоритмия немесе ырғақты миоклония деп атайды. Миоклониялар, қазіргі қолда бар деректерге сүйенсек, қызыл ядроны сопақша мидың төменгі түйіршігін (олива) және мишықтың тісті ядросын байланыстыратын жүйе зақымданғанда (тісті ядро-қызыл-ядро-олива байланыстары) кездеседі. 8. Тарту — жеке бұлшық еттердің, әсіресе бетте (көз айналасын-дағы немесе езу бұлшық еттері) айқын қайталанып, тез өтіп кететін жиырылуының көрінісі. Әдетте сырқат көзін қыса береді, бетін құбылта береді. Кейде сырқат басын, мойнын киімінің жағасы қысып тұруынан құтылу кейпіне ұқсас қимылдатады. Тарту ги-перкинезі белдеулі дене зақымданғанда кездеседі. Оның функционалды гиперкинезден айырмашылығы - тұрақтылығы мен біркелкілігінде..■ 9. Жекеленген бұлшық еттер тобының оқыс жиырылып қалуы: 1) ширыға сірескен көзқарас – көз алмасының оқыс жоғары көтеріліп,. сол қалпында бірнеше минут тұрып қалуы; 2) блефароспазм — айналасымен кабақтын жиырылып қысылуы, көз айналысы бұлшық еттерінің екі жағынан бірдей сіресе жиырылуы салдарынан көзін жыпылықтата беруінің кенеттен пайда болуы. Олар әсіресе көзге жарық түскенде кү-шейеді, осы сәтте сырқат беті тартылғандай сезінеді; 3) бет бұлшык еттерінің бір жағынан немесе екі жағынан жиырылып тартылуы, көбіне сөйлегенде, жымиғанда пайда болады. 46. Мишық зақымдалу симптомдары. Атаксия - қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуы. Асинергия- қозғалыстардың жатықтығын жоғалтуы. Гиперкинезия- күрделі қимыл қозғалысқа қатысатын қосымша қимылдардың күшеюі. Интенциялық тремор- Тремор ( tremor - қалтырау )- аяқ-қолдардың, кірпіктердің, қолдардың саусақтарының ырғақты еріксіз қалтырауы. Нистагм – nystagmus (гр. nystazo – тербетілу) – көзін жоғары төмен, оң-сол жағына бұрған кезінде олардың еркінен тыс тербетілуі. Олар физиологиялық, патологиялық және туылғаннан болып жіктеледі. Нистагм горизантальдық, вертикальдық, ротаторлық, монокулярлық түрлері болуы мүмкін. Адиадохокинез – adiadochokinesis (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + гр. diadochos – екі жақтық + гр. kinesis қозғалу) – қарама-қарсы қозғалыстарды орындай алмауы, екі қолының не аяқтарының буындарын бірдей етіп қозғау кезіндегі синхрондығының болмауы, біржағы қалыс не шапшаң болуы. Мысалы: екі қолының алақанын бірдей жоғары (супинация) – төмен қарай (пронация) қозғағанда байқалады. Сөйлеу монерінің өзгеруі- баяу немесе модуляциясыз сөйлеу тән Бұлш гипотониясы – б/ет былжырақтығы ж/е әлсіздігі, буын экскурс-ң шамадан тыс болуы Мегалография – megalographia (mega, megalo – үлкен + гр. grapho – жазу) – ірі және қисық етіп жазу. Астезия немесе Абазия – abasia (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + basis – адымдау, жүру) – жүре алмау немесе жүру кезінде тепе-теңдігін сақтай алмау. Дисметрия – dysmetria (лат. dys – бұзылуы + гр. metron өлшем) – қозғалыстар өлшемінің сәйкессіздігі (қозғалыстарының бағыты, уақыты, күшінің мөлшерлері сезілмегендіктен бақылаусыз болып, нысаналанған орнына жетпеуі не артып кетуі. 47. Сенситивті атаксияның анықтамасы, симп-сы, қандай ауруларда жиі кездеседі Сенситивтк атаксия сыртқы нервтердің көптеп немесе жұлынның артқы түбірлер мен артқы бағаны , көру томпешігі зақымданған кезде терең сезімділіктің жойылуына байланысты. Сырқат жүріп келе жатқанда аяқтарын жоғары көтеріп, тізесін немесе жамбас –сан буынын бүгіп, бар салмағымен жерге тастап жібереді (штампалап жүру). Атаксияның бұл түрінің мишық атаксиясынан айырмашылығы, ол қараңғыда немесе көзді жұмғанда күшейеді де, жарқты немесе көзді ашқанда азаюы, тіпті білінбеуі де мүмкін. Созылмалы алкоголизмде жиі кездеседі. 48. Жұлын қабықтарының құрылымы мен қызметтері Жұлынды 3 қабатты қабықша қаптайды: 1, Жұмсақ немесе қан-тамырлы қабық( pita mater), ең ірі қан тамырға бай жұлын мен мидың үстіңгі бетімен бірігіп жататын қабық. 2, Торлы қабық өте жұқа қантамырсыз қабық (arachnoidea spirals), 3, Қатты қабық (dura mater) жұлын сырт жағынан қап түрінде қаптайды. Ол сүйек қабығымен жабылған омыртқа өзегінің қабырғаларына тығыз жабыспайды. Сүйек қабығын қатты қабықтың сыртқы жапырақшасы депте атайды. 49.Менингеальды симптомдар . Ми қабықтары қабынуы, улану және оның тор қабығы асты кеңістігіне қан қүйылуы кезінде ми қабықтары тітіркенуіне байла-нысты менингеальдық (ми қабықтары) синдром пайда болады. 1. Тазы иттің кейпі. Сырқат басын шалқайтып, аяғын бауырына алып, ішін тартып шалқасынан жатады. 2. Желке бұлшық еттерінің сіресуі — желкенің тартылып тырысып қалуы. Дәрігер алақанын сырқаттың желкесіне апарып, басын имек болса, желке бұлшық еттерінің ерекше ширығуына байланысты басты еңкейте алмайды 3. Керниг симптомы. Дәрігер сырқаттың бүгілген аяғын көтеріп созбақ болса, жіліншік: бұлшық еттерінің қатты ширығуына байланысты оның аяғы тізе буынынан жазылмайды 4. Брудзинский симптомы Сырқаттын басын имек болсақ, аяқтары да иіледі — жоғарғы белгі (а); кіндіктен төмен басқанда да аяқ иіледі — ортаңғы белгі (б); Керниг симптомын тексерген кезде екінші жақтағы аяғы иіледі — төменгі белгі (в). 5. Мендель симптомы. Құлақтың сыртқы тесігінің алдыңғы жағын саусақпен (қаттырақ) батыра басса, сырқат бетін тыжыртып ауырсынғанын білдіреді. 6. Бехтеревтің бет сүйек рефлексі. Бет сүйегін балғамен тықылдатып көргенде, беттің жақ жартысы ауырсынып тыжырынады, басы ауырады 7. Лесаждық қолтықтан көтеру белгісі. Егер ауру баланы екі қолтығынан ұстап көтерсеңіз, ол аяқтарын бауырына жиып алып, қозғалмай қалады Менингальдық симптомдар емшектегі сәбиде оның еңбегі ширығыш айқындала түсуімен көрініс береді. 50. Ликвородинамикалық сынамалар. Жұлын өзегіндегі ликвор жүретін жолдардың тарылып немесе бітеліп қалуын анықтау мақсатында ликвородинамикалық сынақтар жүзеге асырылады 1. Квекенштедт сынағы. Сырқаттың Бир инесі көмегімен бел омыртқа аралығы тесіледі де инеге Lтәрізді монометр жалғап, бастапқы ликвор қысымы өлшенеді. Содан кейін сырқаттың мойын тұсында ұйқы венасын дәрігер саусағымен батырып қысады. Осы сәтте бас сүйек қуысында веналық іркіліс пайда болады да МЖС қысымын 2-3 мм есе көтереді. 2. Пуссеп сынағы. Сырқаттың басын алдына қарай кеудесіне тірелгенше еңкейтеді («алдыңғы Пуссеп») немесе керісінше артқа қарай шалқайтады («артқы Пуссеп»). Сол сәтте бас сүйек қуысында вена қаны іркіліп жиналады да МЖС қысымы көтеріледі. 3. Стукей сынағы. Сырқаттың құрсағын дәрігер алақанымен (жұдырығымен) қатты батырып жаншыған кезде іштегі терең ор-наласқан веналар мен жұлын өзегі веналарына қан іркіліп жинала-ды да МЖС қысымы 1,5-2 есе жоғарлайды. 6-8 мл сұйыкты алған-нан кейін МЖС соңғы қысымын өлшейді. Қалыпты жағдайда ол көп төмендемейді де оның түсуі 10-20 мм артылмайды. Ликвор өткізетін жолдар толық бітеліп қалса Квекенштедт және Пуссеп сынақтары МЖС қысымын көтермейді, Стукей сынағы оны ежептәуір жоғарлатады, соңғы қысым күрт төмен түсіп нольге дейін жетеді, сұйықтың жұлын өзегінен ағуы өз бетімен тоқтайды. Егерде жартылай клапандық тарылу болса Квекенштедт және Пуссеп сынақтары МЖС қысымын сатылап баяу жоғарлатады да сынақ тоқтатылған кезде бастапқы деңгейіне қайтып оралмай сол жоғарғы мөлшерінде тұрып қалады. 51.Моторлы және сенсорлы афазия Моторлы афазия – өздігімен сөйлей алмайды. Науқас өзінің есінде қалған жеке сөздермен буындарды қайталайды (сөйлеу эмбол). Жеке сөздерді қысқа сөйлемдерді, нұсқауларды және жазылған сөздерді түсінеді. Моторлы афазия сол жақ маңдай иірімінің артқы төменгі бөліктерінің (Брок зонасы) зақымдалу кезінде дамиды.Науқас өзінің қателіктерін түсінеді. |