Перифериялы озалыс нейрондарыны заымдалу симптомдарын атап шыыыз
Скачать 228.75 Kb.
|
Қимыл бұзылымдары синдромы қимыл белсенділігінің күшеюі немесе әлсіреуі, моно- немесе гемипарез (сирегірек тетрапарез), гиперкинездер түрінде сипатталады. Мишық немесе жұлынның алдыңғы мүйіздері зақымданғанда, бұлшық ет тонусы төмендейді, ал ми қыртысындағы пирамидалық клеткалар зақымданса, бұлшық ет тонусы жоғарылайды. Туа білінетін рефлекстер әдеттен тыс өзгереді. Мысалы, ему және жұтыну рефлекстері төмендейдіде, оралдық, Робинзон, Бабкин және мойын-тоникалық рефлекстер күшейеді. Ал кейінірек соңғылардың кері дамуы кідіреді. Электромиографиялық тексерістер патологиялық ошақтың орналасуын анықтаумен қатар, білінбейтін клиникалық (субклиникалық) белгілерді табуға жәрдемдеседі. Қимыл адинамиясы, бұлшық ет гапотониясы, ему мен жұтыну қабілетінің болмауы, мойын-шүйде рефлексінің ертерек білінуі мен ұзақ уақыт кідіруі аса қолайсыз болжам белгілеріне жатады. Эпилепсия тәрізді синдром абсанс типті, парциалдық, пропульсивтік, ретропульсивтік ұсақ ұстамалардан таралған тоникалы-клоникалық полиморфты сіреспе-құрыспалармен білінеді де, гемодинамикалық бұзылымдар жойылып, ми ісінуі мен бас сүйек қуысы гипертензиясы тынышталған кезде тыйылуы мүмкін. Көбінесе шұғыл кезеңде тыйыл-ғанымен, әр түрлі факторлар әсерінен ұстамалар 1,5—2 айдан кейін, кейде одан да кеш қайта пайда болады. Кейбір жағдайларда ишемия, некроз, қан құйылу ошақтары және олардың трансформациялануы (өзгеруі) болса, бұл синдром әуел бастан күрделіленіп, жиілігі мен ауыртпалығы үдейді де, прогредиенттік түрде дамиды. Ұстамалардың эпилепсиялық сипаты электроэнцефалограммада жекелеген және топталған сүйір толқындар мен жоғары амплитудалық толқындар серияларының ұстамалы бұрқ етуімен қабаттас шың-толқын жиынтығының таралған гиперсинхрондық биопотенциалдары пайда болуымен дәлелденеді. Гидроцефалдық синдром ашық сыртқы гидроцефалия түрінде болуы мүмкін. Ішкі гидроцефалия жиі микроцефалиямен қосарланады және мүндайда бас сүйек қуысы қысымы жоғарыламайды. Оны анықтауға трансиллюминация, эхоэнцефалография және пневмоэнцефалография, ми КТ-ы жене МРТ-ы көмектеседі. Бас шеңберінің жылдам және едәуір ұлғаюы, сонымен қатар гидроцефалияның макроцефалиямен қосарлануының дамуы жөнінде қолайсыз болжам жасауға мәжбүр етеді. Психомоторлық және сөйлей бастау үрдісінің кешігу синдромы жүріп-түру және психикалық, сонымен қатар сөйлей бастау және сөйлеу дамуы бұзылыстарымен сипатталады. Жүріп-түру қабілеті бұзылғанда басын ұстауы, аунап-қунау, отыру, түру және жүру балада қалыпты жағдайдан кеш басталады, ал психикалық дамуы кідіргенде көзбен қарауы мен ойыншықтарға назар аударуы кемиді, ұзақ уақыт анасын танымайды және сыртқы әсерлерді ажырата алмайды. Сөйлей бастау мен сөйлеу дамуының бұзылымдары шыр етіп дыбыс шығару солғындығы немесе оның болмауы, сөйлеу даму кезеңдері мен қарқыны (дыбыс шығаруының кідіруі, алалия, дизартрия, т.б.) бұзылуымен білінеді. Психикалық дамудың ұзақ уақыт кешігуі аурудың келешегі туралы ең қолайсыз болжам жасауға мәжбүр етеді. Қалыпқа келу кезеңінің жоғарыда келтірілген синдромдары әр түрлі деңгейде және ұзақтықта болады және ол мидың зақымдану дәрежесінің ауыртпалығы мен емдік шаралардың дер кезінде дұрыс қолданылуына байланысты. Этиологиясы (басым әсер ететін фактор): гипоксия (асфиксия), жарақаттар, инфекция, уыттану, зат алмасуының туа біткен бұзылыстары, хромосомдық аберрациялар, анықталмаған және жіктелмеген факторлар. Ауыртпалық дәрежесі: жеңіл-гемоликвородинамикалық бұзылымдар (дисциркуляция, кері дамитын морфофункционалдық өзгерістер); орташа (ісіну-геморрагиялық құбылыстар, функционалдық жүйенің туа біткен жетіспеушілігі, дистрофиялық өзгерістер, ошақты глиоз); ауыр (мидың ісінуі, көлемді қан құйылу, зат алмасуының бұзылуы, өрескел даму кемістігі, дегенеративтік өзгерістер, атрофиялар, глиоз). Ауру кезеңі: шұғыл (1 айға дейін); созылыңқы немесе алғашқы қалыптасу (3-4 айға дейін); кешеуілдеген қалыптасу (4 айдан 12 айға, кейде 2 жылға дейін). Зақымдану деңгейі: ми қабықтары мен ликвор өтетін жолдар, ми қыртысы, қыртыс асты құрылымдар, ми бағаны, мишық, жұлын, шеткі нервтер, біріккен түрлері. 3-деңгей сұрақтары 1.65 жастағы ер адам танертең госпитализация алдын 2 сағат бұрын пайда болған сол жақ аяқ-қолдарының әлсіздігіне шағымданып келді. Анамнездік мәліметтерінен науқас күш түсу стенокардиясымен сырқаттанатындығы, соңғы жылда артериялық қан қысымының 180/100 мм сын.бағ. дейін жоғарылау эпизодтары болатындығы белгілі болды. Соңғы үш айда оң жақ көзі соқырлығының бірнеше өтпелі ұстамасы (10 минутқа дейін) болған. Тексерген кезде: санасы айқын, қан қысымы 180/100 мм сын.бағ., пульс- 80 рет минутына, ритмі дұрыс, оң жақ жалпы ұйқы артериясының пульсациясы әлсіз, бірақ самай артериясының пульсациясы күшейген. Неврологиялық статусы: менингеалды симптомдар жоқ, сол жақ мимикалық бұлшықеттерінің төменгі жағының әлсіздігі, тілін шығарғанда солға ығысқан, сол қолының күші 1 балға дейін, аяғында 4 балға дейін төмендеген, сол жақ сіңір рефлекстерінің күшеюі, сол жақта Бабинский рефлексі анықталады. Неврологиялық синдромдар? Топикалық диагноз? Болжамды клиникалық диагноз? Оң жақ көзіндегі өтпелі соқырлық эпизодтарын қалай түсіндіруге болады? Ұйқы артериясының пульсациясының өзгерістерін қалай түсіндіруге болады? Қандай қосымша тексеру әдістерін жасауға болады? Емі? 2. 70 жастағы әйел танертең оянғаннан кейін пайда болған көзінде қос көрінуге, оң жақ аяқ-қолдарындағы әлсіздікке байланысты ауруханаға жеткізілді. Бес жыл бұрын болған миокард инфарктынан кейін жыбыр аритмиясы ұстамалары байқалады. Бір ай бұрын бас айналу мен көзінде қос көріну эпизоды болып, симптомдары бір сағат ішінде жойылған. Тексерген кезде: санасы айқын, артериялық қысымы- 180/100 мм сын.бағ., жүректің соғу жиілігі 100-140 рет минутына, ритмі дұрыс емес. Неврологиялық статусында: менингеальды симптомдары жоқ, сол жақ мимикалық бұлшықетінің парезі, ішке қарай қитарлық, сол жақ көз алмасының сыртқа қарай қозғалысы шектелген, оң жақ аяқ-қолдары қозғалмайды, олардағы сіңір рефлекстері жоғарылаған, Бабинский симптомы анықталады. Неврологиялық синдромдар? Топикалық диагноз? Болжамды клиникалық диагноз? Бір ай бұрынғы бас айналу мен көзінде қос көріну эпизодтарын қалай түсіндіруге болады? Қандай қосымша тексеру әдістерін қолдануға болады? 6) Емі? 3. 55 жастағы ер адам сол аяқ-қолдарында бірден пайда болған әлсіздікке байланысты ауруханаға жеткізілді. Анамнезінен соңғы 10 жылда артериялық қан қысымының 180/110 мм сын.бағ. дейін көтеріліп тұратындығын айтады. Тексергенде: санасы айқын, артериялық қан қысымы 190/115 мм сын.бағ., пульс-80 рет минутына, ритмі дұрыс. Неврологиялыық статусы: менингеалды белгілері жоқ, сол жақ мимикалық бұлшықетінің төменгі бөлігінің әлсіздігі, сол жақ аяқ-қолдарының күшінің 3 баллға дейін төмендегені, сол жақ сіңір рефлекстерінің жоғарылауы, Бабинский симптомы оң. Неврологиялық синдромдары? Топикалық диагноз? Болжамды клиникалық диагноз? Қосымша тексеру әдістері қандай? 5) Емі? 4. 60 жастағы әйел адам таңертең ұйқыдан кейін пайда болған оң жақ аяқ-қолдарындағы ұю сезіміне шағымданып келді. 20 жыл бойы артериялық гипертензиямен сырқаттанады, соңғы жылдағы артериялық қан қысымының әдеттегі деңгейі 180-190/100-110 мм сын.бағ. Тексергенде: санасы айқын, артериялық қысымы 200/120 мм сын.бағ., пульс- 70 рет минутына, ритмі дұрыс. Неврологиялық статусы: менингеалды симптомдары жоқ, парез жоқ, беттің сол жақ жартысында, денесі мен сол жақ аяқ-қолдарында ауырсыну және температуралық сезімталдық төмендеген, рефлекстері өзгермеген, патологиялық рефлекстері жоқ. Бастың компьютерлік томографиясында мидың өзгерістері жоқ. 1) Неврологиялық синдром және топикалық диагноз? 2) Клиникалық диагноз? Сырқаттың болжамды патогенезі? Емі? 5. 55 жастағы ер адам екі сағат бұрын басталған сөйлеуінің бұзылыстары мен оң жақ аяқ-қолдарындағы әлсіздікке байланысты ауруханаға жеткізілді. Үш жыл бұрын миокард инфарктын бастан өткерген., соңғы жылда күш түсу стенокардиясы мазалап жүр. Үнемі аспиринді бір таблеткадан (100 мг) кешке, нитросорбид күніне бірнеше рет қабылдайды. Тексергенде: санасы айқын, артериялық қан қысымы -180/100 мм сын.бағ., пульс- 75 рет минутына, ритмі дұрыс. Неврологиялық статус: менингеалды симптомдары жоқ, сөйлей алмайды, айтылған сөзді түсінуі қиын, көз алмасының оңға қарай қозғалысы шектелген, оң жақ мимикалық бұлшықеттерінің төменгі бөлігінің парезі, тілін сыртқа шығарғанда тілдің оңға девиациясы, оң жақ аяқ-қолдарын қозғалта алмау, оң жақта сезімталдықтың барлық түрлері әлсіреген, оң жақ сіңір рефлекстерінің күшеюі, Бабинский симптомы оң мәнді. 1) Неврологиялық синдромдар? 2)Топикалық диагноз? 3)Болжамды клиникалық диагноз? 4)Қандай қосымша тексеру әдістерін қолданады? 5) Емі? 6. 65 жастағы әйел адам таңертең пайда болып, 10 сағат бойы бірте-бірте күшейген оң аяқ-қолдарының әлсіздігіне байланысты ауруханаға жеткізілді. Осы сырқатына дейін өзін сау деп есептеген. Тексергенде: санасы айқын, артериалды қысымы- 190/100 мм сын.бағ., пульс- 80 рет минутына, ритмі дұрыс., мойнында оң жақ жалпы ұйқы артериясы бифуркациясының проекциясында систолалық шу естіледі. Неврологиялық статус: менингеалды белгілер жоқ, сол жақ мимикалық бұлшықетінің төменгі бөлігінің парезі, тілін сыртқа шығарғанда тілдің солға девиациясы, сол жақ аяқ-қолдардағы 2 баллға дейінгі әлсіздігі, сол жақта ауырсыну сезімінің төмендеуі, сол жақта сіңір рефлекстерінің жоғарылауы, Бабинский симптомы оң мәнді. 1) Неврологиялық синдромдар? 2)Топикалық диагноз? 3) Болжамды клиникалық диагноз? Мойындағы шудың себебі не? 4)Қосымша тексеру әдістері қандай? 5)Емі? 7. 70 жастағы әйел күндіз ауруханаға алып келерден 3 сағат бұрын басталған сөйлеуінің бұзылуына шағымданады. 10 жыл бойы жүректің ишемиялық ауруы, жыбыр аритмиясының тұрақты формасымен сырқаттанады. Тексергенде: санасы айқын, артериалық қысымы- 180/110 жүректің жиырылу жиілігі – 90-120 минутына, ритмі дұрыс емес. Неврологиялық статус: менингеалды симптомдар жоқ, науқас қозған күйде , көп сөйлейді, сөзінде вербальді парафазиялар көп кездеседі, айтылған сөзді ұқпайды, парездер мен сезімталдық бұзылыстары немесе басқадай неврологиялық бұзылыстар байқалмайды. 1) Неврологиялық синдромдар? 2)Топикалық диагноз? 3)Болжамды клиникалық диагноз қандай? 4)Қосымша тексеру әдістері қандай? 5)Емі? 40 жастағы әйел адам күндіз 2 сағат бұрын пайда болған бас айналу, жүрек айну мен жұтынудың бұзылысына байланысты ауруханаға жеткізілді. 30 жасында жүректің ревматизмдік ақауы анықталып, кардиологтың бақылауында тұрады. Тексергенде: санасы айқын, митральді қақпақ проекциясында диастолалық шу естіледі, артериалық қысымы 150/100 мм сын. бағ., пульс- 90 рет минутына, ритмі дұрыс. Неврологиялық статус: менингеалды белгілері жоқ, оң жақта птоз, миоз және энофтальм, даусы бәсең, жұтынуы мүмкін емес, оң жақта жұмсақ таңдай доғасы салбыраған және жұтыну рефлексі жоқ, аяқ-қолдардың парезі жоқ, беттің оң жағында, денесінде, аяқ пен қолдарда ауырсыну мен температуралық сезімталдық төмендеген, саусақ-мұрын және өкше-тізе сынамаларын жасаған кезде интенционды тремор байқалады. 1)Неврологические синдромы? 2)Топикалық диагноз? 3)Болжамды клиникалық диагноз? 4)Қандай қосымша тексеру әдістерін жасау қажет? 5)Емі? 65 жастағы ер адам 4 сағат бұрын оң аяғында пайда болған әлсіздікке байланысты ауруханаға жеткізілді. Бір жыл бұрын сол жақ аяқ-қолындағы әлсіздікпен, әсіресе аяғындағы әлсіздікпен көрінген инсультты бастан өткерген. Бұлшықет күші жартылай қалпына келген. Тексерген кезде: санасы айқын, артериялық қысымы 180/100 мм сын.бағ., жүректің жиырылу жиілігі- 75 рет минутына, ритмі дұрыс, жалпы ұйқы артерияларының бифуркациялары проекциясынан екі жақтан да систолалық шу естіледі. Неврологиялық статус: менингеалды симптомдар жоқ, еріксіз жылау, оралді автоматизм симптомдары оң мәнді, оң аяғының күшінің 2 баллға дейін, оң аяқ күшінің 4 баллға дейін төмендеуі, сіңір рефлекстерінің жоғарылауы, Бабинский симптомының екі жақта да оң мәнді болуы. Неврологиялық синдромдар? Топикалық диагноз? Болжамды клиникалық диагноз? Мойындағы систолалық шудың себебі не? Қандай қосымша тексеру әдістері қажет? Емі? 65 жастағы әйел адам 2 сағат бұрын басталған оң аяқ-қолдардағы әлсіздікке байланысты ауруханаға жеткізілді. Алты жыл бұрын миокард инфарктын бастан өткергеннен кейін тыныштықта және күштеме кезінде пайда болатын стенокардия ұстамасы, жыбыр аритмиясы ұстамалары мазалап жүреді. Тексергенде: санасы айқын артериялық қан қысымы -180/100 мм сын.бағ., жүректің жиырылу жиілігі – 100-140 рет минутына, ритмі дұрыс емес. Неврологический статус: менингеалды симптомдар жоқ, сол жақта көру аумағының түсіп қалуы, сол жағында мимикалық бұлшықеттің төменгі жағының парезі, тілін сыртқа шығарғанда солға қарай девиациясы, сол аяқ-қолдарында қозғалыстың болмауы, сол жақта бұлшықет тонусы мен сіңір рефлекстерінің жоғарылауы, Бабинский сипмтомы сол жағында оң мәнді, сол жақ бет, сол жақ дененің, сол аяқ-қолдардың сезімталдығының барлық түрлерінің жойылуы. Неврологиялық синдромдар? Топикалық диагноз? Болжамды клиникалық диагноз? Қандай қосымша тексеру әдістері қажет? Емі? 11. 60 жасар әйел пәтерін жинау барысында интенсивті бас ауруы және сол жақ аяқ-қолындағы әлсіздік пайда болуына байланысты ауруханаға жеткізілген. Ұзақ уақыттан бері кардиологта “Гипертониялық аурумен” есепте тұрады. Қарағанда: санасының есеңгіреген, бетінің гиперемиясы, артериялық қан қысымы 210/120мм.с.б.б., пульс-90 рет\мин., ритм ырғақты. Неврологиялық статус: мойын бұлшықеттері ригидті, сол көзінің көру аймағының түсіп қалуы, сол жақ мимикалық бұлшық еттерінің төменгі бөлігінің парезі, сол жақ аяқ-қолында қимылдың жоқтығы, сол жақ сіңір рефлекстерінің жоғарылауы мен Бабинский симптомының оң мәнді болуы, сол жақ бетінде, денесінің және сол жақ аяқ-қолда сезімталдылықтың барлық түрінің төмендеуі. Әрі қарай науқастың жағдайы ауырлап, ұйқышылдық пен сыртқа қарай қилилық пайда болды. Неврологилық синдромдар? Зақымдалған ми аймағы болжаммен қайда орналасқан? Болжамды клиникалық диагноз? Науқастың жағдайының нашарлауын қалай түсіндіруге болады? Қандай қосымша зерттеу әдістерін жасауға болады? Болжамды клиникалық диагноз дәлелденсе, емі қандай болу керек? 12. 45 жасар әйел күндіз физикалық күштемеден кейін пайда болған интенсивті бас ауруы, жүрек айнуы және қайталамалы құсуына байланысты ауруханаға жеткізілген. Ауырғанына дейін өзін дені сау деп ойлаған. Қарағанда: санасы айқын, артериялық қан қысымы 160\100мм.с.б.б., пульс-70 рет\мин., ритм ырғақты, жарықтан қорқу, мойын бұлшық еттерінің ригидтілігі бар, парездер мен басқа да неврологиялық бұзылыстар жоқ. Неврологилық синдромдар? Болжамалы клиникалық диагноз? Қандай қосымша зерттеу әдістерін жасауға болады? Болжамды клиникалық диагноз дәлелденсе, емі қандай болады? 13. 65 жасар ер адам кешкісін алкоголь ішкеннен кейін пайда болған сол жақ аяқ-қолдарының ұюы мен жағымсыздық сезіміне байланысты ауруханаға жеткізілген. 20 жыл бойы артарилық гипертензиямен ауырады, соңғы жылда артериялық қан қысымының әдеттегі деңгейі 160-180/90-100мм.с.б.б, уақытылы артериялық гипертензияға қарсы ем қабылдамайды. Қарағанда: санасы есеңгіреген, артериялық қан қысымы 210\120мм.с.б.б., пульс-95 рет\мин., ритм ырғақты. Неврологиялық статус: мойын бұлшықеттері ригидті, сол жақ аяқ-қолда сезімталдықтың барлық түрлері жойылған, олардағы күші жеткілікті, бірақ қимылдары епсіз, мұрын-саусақтық және тізе-табандық сынамаларды көзін жұмып жасағанда қисық кетуі байқалады, сіңір рефлекстері жоғарылаған және сол жақтан Бабинский симптомы оң мәнді. Қандай неврологилық синдромдар анықталады? Қай аймақ болжамды түрде зақымдалып тұр? Болжамалы клиникалық диагноз қандай? Қандай қосымша зерттеу әдістерін жасауға болады? Болжамды клиникалық диагноз дәлелденсе, емі қандай болу керек? 14. 55 жасар ер адам алкоголь қабылдағаннан кейін пайда болған интенсивті бас ауруына және сол жақ аяқ-қолдағы әлсіздікке байланысты ауруханаға жеткізілген. 15 жылдан бері артериялық гипертензиямен ауырады, соңғы жылдағы артериялық қан қысымының әдеттегі деңгейі 180-190/100-110мм.с.б.б. Қарағанда: санасы есеңгіреген, беті гиперемияланған, артериялық қан қысымы 210\120мм.с.б.б., пульс-100 рет\мин., ритм ырғақты. Неврологиялық статус: мойын бұлшықеттері ригидті, сол көзінің көру алаңының түсіп қалуы, сол жақ мимикалық бұлшық еттерінің төменгі бөлігінің парезі, сыртқа шығарғанда оның солға қарай девиациясы, сол жақ аяқ-қолында қимылдың болмауы, сол жақтан сіңір рефлекстері жоғарылаған және Бабинский симптомы оң мәнді, сол жақ бетінде, денесінің және сол аяқ-қолдағы сезімталдылықтың барлық түрінің төмендеуі. Әрі қарай науқастың жағдайы ауырлап, ұйқышылдық пен сыртқа қарай қилилық пайда болды. Қандай неврологиялық синдромдар анықталады? Топикалық диагнозы қандай? Болжамалы клиникалық диагноз қандай? Науқастың жағдайының нашарлауын қалай түсіндіруге болады? Қандай қосымша зерттеу әдістерін жасауға болады? Болжамды клиникалық диагноз дәлелденсе, емдеу тактикасы қандай? 15. 60 жасар әйел күндіз эмоциялық күштемеден кейін пайда болған бас ауруына, оң аяқ-қолының ұюы мен жағымсыздық сезіміне байланысты жеткізілген. Ұзақ уақыттан бері гипертониялық ауруы бойынша кардиологтың есебінде тұрады. Соңғы жылда артериялық қан қысымының әдеттегі деңгейі 180-190/100-110мм.с.б.б. Қарағанда: санасының есеңгіреуі, ұйқышылдық, артериялық қан қысымы 200\120мм.с.б.б., пульс- 90рет\мин., ритм ырғақты. Неврологиялық статус: мойын бұлшықеттерінің ригидтілігі,оң жақ бетінде, денесінің және оң аяқ-қолдағы сезімталдылықтың барлық түрлерінің төмендеуі, оларда күш жеткілікті, бірақ қимылдары епсіз, мұрын-саусақтық және тізе- табандық сынамаларын көзін жұмып жасағанда қисық кетуі байқалады, оң аяқ-қолдарда сіңір рефлекстері және бұлшық ет тонусы төмендеген. Қандай неврологиялық синдромдар анықталды? Топикалық диагноз қандай? Болжамалы клиникалық диагноз қандай? Қандай қосымша зерттеу әдістерін жасауға болады? Болжамды клиникалық диагноз дәлелденсе, емі қандай болады? 16. 75 жасар ер адам физикалық күштемеден кейін пайда болған бас ауруына, бас айналуына, теңселіп жүруге және аяқ-қолдарындағы епсіздікке байланысты ауруханаға жеткізілді. Ауырғанына дейін өзін саумын деп есептеген. Қарағанда:артериялық қан қысымы – 180/100 мм.с.б.б., пульс- 60 рет\мин., ритм ырғақты. Неврологиялық статус: мойын бұлшықеттері ригидті, горизонтальді және вертикальді нистагм бар, парездер жоқ, мұрын-саусақтық және тізе-табандық сынамаларды интенционды тремормен орындайды, аяқ-қолдарында бұлшық еттік гипотония анықталады. Үш сағат бойы науқастың жағдайы біртіндеп нашарлады; ұйқышылдық, жұтынудың бұзылысы, дауысының қарлығуы пайда болды және жүректің жиырылу жиілігі 40рет\мин дейін төмендеді. Қандай неврологиялық синдромдар анықталды? Топикалық диагноз қандай? Болжамды клиникалық диагноз қандай? Науқастың жағдайынының нашарлауын қалай түсіндіресіз? Аурудың болуы мүмкін себептері(этиология) қандай? Қандай қосымша зерттеу әдістерін жасау қажет? Болжамды клиникалық диагноз дәлелденсе, емі қандай болады? 17. 70 жасар әйел ауруханаға пәтерін жинау барысында пайда болған, бас ауруына және сол аяқ-қолдарындағы әлсіздікке байланысты ауруханаға жеткізілген. Соңғы он жылда ара тұра артериялық қан қысымының 160/100 мм.с.б.б дейін жоғарылауы байқалады, әдеттегі артериялық қан қысымы 150/90 мм.с.б.б. Қарағанда: санасы анық, артериялық қан қысымы – 170/100 мм.с.б.б., пульс- 70 рет\мин., ритм ырғақты. Неврологиялық статус: мойын бұлшықеттері ригидті, сол жақ мимикалық бұлшық еттерінің төменгі бөлігінің парезі, тілін шығарғанда солға қарай девиациясы, сол қолының күші 2 баллға дейін және сол аяғында 4 баллға дейін төмендеген, сіңір рефлекстері жоғарылаған және сол жақтан Бабинский симптомы анықталады. Қандай неврологиялық синдромдар анықталды? Топикалық диагноз қандай? Болжамды клиникалық диагноз қандай? Қандай қосымша зерттеу әдістерін жасау қажет? Болжамды клиникалық диагноз дәлелденсе, емі қандай болады? 18. Фенилинді 90 мг/тәул. дозада үнемі қабылдап жүрген 55 жасар ер адамда басынан өткерген миокард инфарктынан кейін бас ауруы мен сол көзінің көруінің бұзылысы пайда болды. Қарағанда: санасы анық, артериялық қан қысымы –160/100 мм.с.б.б., жүректің жиырылу жиілігі – 76-125рет\мин., ритм ырғақты емес. Неврологиялық статус: мойын бұлшықеттері ригидті, сол көзінің көру аймағының түіп қалуы; парездер немесе сезімталдылық бұзылыстары және басқа да неврологиялық бұзылыстары жоқ. Биохимиялық қан анализінде протромбин индексі – 40%, халықаралық нормалық қатынастар – 1,3, қан анализінде эритроциттер анықталған. Қандай неврологиялық синдромдар анықталды? Топикалық диагноз қандай? Болжамды клиникалық диагноз қандай? Аурудың болуы мүмкін себептері(этиология)? Қандай қосымша зерттеу әдістерін жасау қажет? Болжамды клиникалық диагноз дәлелденсе, емі қандай болады? 19. 30 жасар жас әйелде кафе отырғанда жедел қатты бас ауруы, жүрек айну, құсу, бірнеше минуттан кейін есінен танып қалды. Жедел жәрдем дәрігерлері сопорды анықтады, артериялық қан қысымы –180/100 мм.с.б.б., пульс- 80рет\мин., ритм ырғақты, мойын бұлшықеттері ригидті. Парез және басқа да неврологиялық бұзылыстар анықталған жоқ. Қандай неврологиялық синдромдар анықталды? Болжамды клиникалық диагноз қандай? Аурудың болуы мүмкін себептері(этиология)? Дәрігерлік тактика қандай болу керек? 20. Ер адам 43 жаста, сантехник, таңертен ұйқыдан соң оң қол басының әлсіздігін сезінді. Таяуда көп мөлшерде алкоголь қолданған және артынша ұйықтап қалған. Қарау кезінде білектің және саусақтардың әлсіздігі (салбырап тұрған қол басы), иық білек бұлшық етінің және үлкен саусақтың бүгілуі және жазылу әлсіздігі, анатомиялық табакерка аймағындағы барлық сезімталдық түрлерінің төмендеуі және иық басының төрт басты бұлшық етінің рефлексінің төмендеуі анықталды. 1) Неврологиялық синдром? 2) Клиникалық болжам диагноз? 3) Қосымша зерттеу әдістері және олардың болжам нәтижелері? 4) Емі? 21. Ер адам 52 жаста, еденді жөндеу жұмыстарынан кейін әлсіздігін және аяқ басының ұйып қалғанын сезінді. Қарау кезінде аяқтарының бүгілуін қамтамасыз ететін бұлшық еттерінің әлсіздігі, санының сыртқы жоғарғы жағындағы барлық сезімталдықтың төмендегені анықталды. Науқас оң аяғының өкшесімен тұра алмайды, ахилл және тізе рефлекстері сақталған. 1) Неврологиялық синдром? 2) Клиникалық болжам диагноз? 3) Қосымша зерттеу әдістері және олардың болжам нәтижелері? 4) Емі? |