Жедел респираторлы вирусты инфекциялар. Тұмау.Паратұмау (1). Пні аталуыПедиатриядаы мейіргер ісі Жоары медицина колледжі
Скачать 30.67 Kb.
|
Дәрістің кысқаша мазмұны: Дәрістің жоспары: 1. Балаларда жиі кездесетін жұқпалы аурулар. 2. Эпидемиологиясы. 3. Патогенезі. 4. Клиникалық белгілері. 5. Асқынулары. 6. Диагностикасы, емі. Дәрістің мәтіні: Жедел респираторлы вирусты инфекциялар. Тұмау.Паратұмау Аденовирусты инфекция (БАБЖ бағдарламасы бойынша) Менингококкты инфекция. Жедел респираторлы вирусты инфекциялар Этиологиясы.Жоғарғы тыныс алатын жолдардың аурулардың негізгі себебі 90 пайыз вирустар болып табылады.ЖРВИ балалрдың барлық ауруларың ішінде өте жиі кездесетін патология. Қоздырғыштары: грипп, парагрипп, аденовирус, респираторлы- синтициальды вирустар жатады. Эпидемиологиясы.Инфекцияның көзі- сол вирустың иесі болып журген ауырған адам. Жұқтыратын негізгі жолы- ауа- тамшылы жол болып саналады.Инфекция кіретін қақпалар- мұрын, ауыз-өңештің сілемейлі қабықшасы болып табылады. Патогенез.Барлық вирустар немесе басқа ЖРВИ-ды қоздыратын инфекциялар сілемеійлі қабықшаға икемді болып, тез сіңіп, қабынған процессті тузейді.Жасушалардың ішінде төлдеп- көбейеді, сыртқы қанға шығады, ішкі ағзаларға тарайды және сол ағзаларды зақымдайды.Ең алдымен тыныс алатын жоғарғы жолдары зақымдалады. Келешекте,уақыт өте , бактериальды асқынулар пайда болады. Клиникалық көрінісі.Жергілікті және жалпы белгілерден құрастырылады. Жергілікті клиникалық белгілері: мұрыны бітеліп, сарысу немесе ірінді- сарысу шығады, түшкіру, өңешінің сілемейлі қабықшасы қызарып ісіп кетеді, баланы жөтел басады. Жалпы белгілері: температураның жоғарылауы, әлсіздік, тез шаршап кету,терісі бозарып кету, жиі құсу, кейде құрысу басады. Емдеудің негізгі қағидалары:ауырғанның бірінші кундерінен бастап вирусқа қарсы дәрі-дәрмектерді тағайындау керек, мысалы интерферон, оксалиннің майы, грипп вирусына гамма- глобулин, ДНК-аза.Өте жиі су-сусындарды ішкізіп нәтижеге жетуге болады. ЖРВИ-ды емдеудің негізгі қағидасы- жергілікті өзгерісті патологияны және айқын болған клинкалық белгілерге қарсы емдеу жүргізіледі. Тұмау-грипп Этиология. Грипптың қоздырғыштары «Ортомикровирустар» деген топқа жатады және А,В,С деген 3 типтер құрылады. Вирустың құрамында біржіпті РНК бар.Сол РНК-ның қасиетіне сәйкес вирустар 3 турге бөлінген. Грипптың вирусы суық, төмен тмсператураға тұрақты болады, қыздырғанда, антисептикты қасиеті бар ерітінділермен немесе ультракулгін сәулелермен әзірлегенде тез жойылмайды. Эпидемиологиясы. Инфекцияның көзі- аурыған бала болып табылады.Басқа балаларға ауа және ылғалды- тамшылар арқылы жұғады.Иммунитеты жоқ балалар тез ауырып қалады. Грипп әдетте, эпидемия ретінде көп балаларға жұғып, тузеледі. Вирустың ішкі антигендік қасиеті тез өзгеріп кетеді, сол себептен бір туріне иммунитет бар болсада, өзгеріп кеткен вирусқа жаңадан иммунитет тузілмейді, сондықтан жанасқан балалардың көбі ауырып қалады.А- вирус эпидемияны тіпті пандемияны қоздырып жібереді,В-вируста ондай қасиет жоқ.С-вирус өте сирек кездеседі. Патогенезі.Ылғалды- тамшылар арқылы вирус баланың тыныс алатын жолдардың жоғарғы бөлігінің сілемейлі қабықшасына сіңіп, жаусшаларды зақымдайды. Әдетте, қабыну үдеріс кеңірдектен басталып, ары қарай бронхтарға өтіп кетіп, тіпті альвеоларға дейін жетеді.Қанда вирустардың саны кұрт көбейіп кеіп (вирусемия), бұткіл денеге тарайды- журек, қантамырлар, өкпе, нерв жуйесінің және басқа ағзалардың тіндерін зақыдайды.Қантамырлардың қабырғасының өткіздікшілігі жоғарылап кетіп, қанның плазмасы сыртқа шығып, ісіну удерісті және тромбтар тузейді.Сол себептерден, өкпе, бас ми, журекте және басқа ішкі ағзаларда қан толып кетеді. Солардың ішінде өкпенің тіні ерекше зақымдалады: альвеолар және бронхтар сұйық сарысумен толып кетеді, сол себептен өкпенің қызметі тежеленіп , гипоксияға әкеліп соғады.Вирусомия дамығаннан инфекциялық- улану шок пайда болады. Сол кезде тез уақытында ем-шаралар орындалмаса, уақыт өте «ДВС-синдром» тузіліп, өкпе ісініп кетіп, журек-қантамырлардың жуйесінің жетіспеушілігінен пайда болып, бала қаза болуы мумкін. Клиникалық көрініс. Вирус организмге еніп кеткеннен кейін бірнеше сағаттан- бірнеше тәулікке дейін инкубациялық мерзім болады.Ауру жіті басталады: уланудың клиникалық белгілері айқын болады, қалшылдау, әлсіздік, бұткіл денеде сырқырап ауыру басталады, көздің алмасын ары-бері қимылдатқанда қатты ауырған сезім туады, жарықтан көзде ауырған сезім және баста қатты ауырған сезім пайда болады.Дененің температурасы курт жоғарылайды +40 градусқа дейін.Қалтырау- безгек 6 тәулікке дейін созылады.Баланың бетінің, мойынның терісі, көздің және мұрынның сілемейлі қабықшасы, көмей-жұтқыншақ, қызарып кетеді.Тілі ақшыл шажырқай пленкамен жабылады, лимфотуйіндер әлі улкейген болады.Балаларда ларингит, фарингит, ринит және трахеит дамиды.Баланың жұтқыншағында жыбырлаған сезім болып, құрғақтанып, жөтел басады.Баланың төссуйегінің артқы жағында ауырған сезім пайда болады, құрғақ жөтел ылғалды- қақырық шығатын жөтелге ауысады. Диагностикасы. Клиникалық белгілері боынша диагноз қою қиынға туспейді.Кейде, зерханалық талдау керек болып қалады, сол ушін жұтқыншақтың сілемейлі қабықшасынан суртінді-мазок алып, ИФА-әдіспен зерттейді.Аурудың 1-ші тәулігіндк және5-7 тәулік өткеннен кейін зертханалық талдауды қайталайды. Емдеу.Тыныс алу, журек –қантамыр жуйесінің жетіспеушілігі болса, тез ауруханаға жатқызу керек.Жеңіл және орташа турдегі науқастарды уйінде емдейді.Қатаң төсек тәртіппен жатқызып, антибиотиктерді тағайындайды.Гриппқа қарсы гамма- глобулинды егеді, гистаминға қарсы қасиеті бар дәрілерді береді: супрастин, димедрол немесе тавегил.Баланы бөлек бөлмеде жатқызып, жиі желдетіп туру керек. Паратұмау- Парагрипп Этиологиясы. Парагриппты қоздыратын вирус «Парамикровирус» деген топқа жатады.Вирустың құрамында біржіпті РНК бар болады, соның қасиетіне сәйкес 5 турге бөлінеді.Алдынғы 3 турі адамдарға қауыпты, ал қалған 2 турі адамға жұқпайды. Патогенезі және эпидемиологиясы. Инкубациялық мерзімі 1-6 тәулікке дейін созылады.Әдетте, 5 жасқа толмаған жиі ауырады. Аурудың көзі- науқас бала болып тасбылады.Инфекция кіретін қақпасы- көмейдің және жұтқыншақтың сілемейлі қабықшасы.Вирус сілемейлі қабықшаның жасушаларына еңіп, дистрофия және өліеттену удерісті бастайды.Жергілікті қабыну улеріс пайда болып, тіндер ісінеді, көмейкейдің қыспағы- «круп» тузіледі.Вирус ары қарай қанға өтіп кетіп, көбейіп, уланудың клиникалық белгілерін береді.Көмей, кеңірдек және жұтқыншақтың сілемейлі қабықшасы зақымдалып, ары қарай бронхтың сілемейлі қабықшасына тарайды. Клиникалық көрініс. Ауру жіті басталады. Алдымен баланың дауысы өзгеріп кетеді-сырылдап тыныш сөйлей бастайды, тіпті дауысы жоғалып кету мумкін.Жұтқыншақта аурыған сезім пайда болады, құрғақ жөтел басталып, ылғалды жөтелге ауысады, қақырық шығуымен.Әлсіздік басады, бұлшық еттерді және басты ауырған сезім мазалайды.Ең маңызда клиникалық белгі ол «круп»-«қыспақтың» белгісі. Емдеу.Симптоматикалық емдеу орындалады.Қандай клиникалық белгі айқын болса, соны емдейтін ем-шаралар орындалады.Құрғақ жөтел болса, жөтелге қарсы дәрілер қолданылады.Ылғалды, қақырықпен болатын жөтелде, қақырықты езіп шығаратын дәрілерді береді, мысалы, мукалтин және бронхолитин.Егерде қабыну удеріс қосылса, антибиотиктерді тағайындайды және витаминдерді қосады, әсіресе В- тобындағы дәрумендерді. Аденовирус індеті Аденовирус індеті – тыныс алу ағзаларының, көздің, лимфа түйіндерінің зақымдалуы мен жүретін, жедел вирусты аурулар. Эпидемиологиясы. Ауру көзі науқас адамдар. Көбіне балалар ауырады. Ауа-тамшы арқылы таралады. Этиологиясы. Адамнан вирустың 32 түрі бөлінген. Клиникасы. Инкубациялық кезеңі 4-14 күн. Аурудың негізгі клиникалық түрлері: ринофарингит; фарингоконьютивті қызба; аденовирусты өкпе қабынуы; коньюктивиттер және кератоконьюктивиттер. Бұлардан басқа стенозды ларингитін, диареяны, жедел мезаденитті, тонзилитті, миокардитті шақыруы мүмкін. Аурудың басталуы жедел. Дене қызуы көтеріліп, интоксикация симптомдары байқалады. Алғашқы күннен бастап, коньюктивасының қатты ісінуі, қызаруы, көзін аша алмайды. Нақтамасы. Иммунофлюоресценттік әдісімен вирусты анықтау. Серологиялық зерттеуіне қанды РСК алу. Емі. Симптомдық ем қолданылады. Ауыр жағдайда балаларға бұлшықетке иммуноглобулинді енгізеді. Көздің зақымдануында иммуноглобулинді көзге тамызады. Инфузиялық емін тағайындайды. Қосымша індеттің қосылуында антибиотиктер беріледі. Күтімі, алдын алу шаралары грипптегі дей. Науқасты 10 күнге оқшаулайды. Менингококкты инфекция. Менингкоккты инфекция – ауа – тамшы арқылы тарайтын жұқпалы аурулардың бірі. Мектеп жасындағы балаларда жиі кездеседі. Менингококкты менингитке басқа ауа – тамшы инфекцияларына қарағанда балаларда бейімділік аз, бірақ бала ауыра қалса, ауыр өтеді және өлім де жиі байқалады. Қоздырғышы – менингококктар (Вексельбаума), қоршаған ортаға төзімсіз, тез жойылады. Экзотоксинды тузбейді, тек өзі бұзылып езіліп кеткенде , эндотоксинды улы затты шығарады Эпидемиологиясы. Инфекцияның көзі- аурыған бала (10-20%) немесе өзі сау, бірақ бактериямен иеленуші-таратушы бала (80-90%) болып табылады. Таратушылық 3-4 аптаға дейін созылады.Басқа балаларға ауа және ылғалды- тамшылар арқылы жұғады.Көбінесе 15 жасқа дейнгі балалар ауырады. Маусымдылық – қыс, көктем айлары. Ауырып өткеннен кейін иммунитет тұрақты. Патогенезі. Менингококк организмге мұрын – жұтқыншақ арқылы енеді, сол жердің шырышты қабығын қабындырады. Кей жағдайда ауру осымен аяқталады. Кейде менингококк қанға өтіп, қан тамырлардың ішкі эндотелий қабатына шоғырланады, сол жерде инфекция ошағы пайда болады – бұл менингококкнемия деп аталады. Бөлініп шыққан токсиндер қан тамырларының өткізгіштігін жоғарылытыды – тері қабатына, ішкі ағзаларға қан құйулылар байқалады. Қан арқылы миға, одан жұлынға жеткен менингококктар сол жерде бастапқыда серозды, кейіннен іріңді қабынуға лап келеді – балада менингит, менингомиелит пайда болады. Сонымен қатар басқа ағзалардың да зақымдануы байқалады (жүрек, бүйрек, өкпе т.б.). Эндотоксинның ең маңызды қасиеті- ол қантамырлардың ішінде қанның уйіліп кетуін дамытады- «ДВС-синдромға» әкеліп соғады.Соның нәтижесінде ірі қантамырларда тромбтар тузіліп, аяқ-қолдың саусақатарында гангрена пайда болуы мумкін.Уақыт өте қанда, фибриннің мөлшері азайып, ішкі ағзаларға және бас миға қан қуйылады. Клиникалық көрінісі. Жасырын кезені 2 – 10 күн. Аурудың 3 клиникалық түрі бар: Менингококкты назофарингит Менингококкты менингит Менингококкты менингококцемия Менингококктыназофарингит – дене қызуы көтеріледі 38 С, улану белгілері төмен болады, әлсіздік, жөтел пайда болады, мұрнынан су ағады. Науқастың тамағы қызарады, бездері ісінеді. Ауру тұмауға ұқсас болғандықтан диагноз қою қиын. Бактериологиялық зерттеуден кейін, қоздырғыш бөлінгеннен кейін, аурудың диагнозы аңықталады. Ауру эпидемиологиялық жағынан өте қауіпті болып саналады. Менингококкты менингит: Жедел басталады. Науқас қалтырап, дене қызуы өте жоғары көтеріледі – 40 С, басы өте қатты аурады – әсіресе желке түбі, қайталап құсады, жарыққа қарай қатты мазасызданады. Әр түрлі сыртқы әсерлерге сезімтал – гиперестезия, бір тәуліктің ішінде аурудың аурудың негізг ібелгілері біліне бастайды. Желке бұлшық етінің тартылуы – аурудың басын көтергенде иегінін кеудесін жетпеуі. Брудзинский белгісі – басын көтерге кезде бүгілген тізесі ішіне қарай тартылады. Кернигбелгісі – бүгілгентізесіжазылмауы. Науқастың жатысы ерекше – басын шалқайтып, аяғын бүгіп қырынан жатады. Балалар қатты мазасызданады, жылайды, құсады. Менингококкты менингококцемия: Өте жедел басталады. Дене қызы – 41 С көтеріледі , Басы қатты аурады. Аурудың ең негізгі белгісі 5 – 15 сағаттақанды бөртпелер пайда болады – гемморагиялық бөртпелер. Бұл белгілер жамбасында, балтырында , бетінде пайда болады. Олар жұлдыз тәріздес , мөлшері әр түрлі, майда қызыл дақтар – петехия, немесе үлкен қанталаған дақтарға дейін болады. Ауыр жағдайда саусақтардың бастары некрозға ұшырайды. Қан қысымы төмендейді, тамыр соғысы жиілейді. Буындары ісінеді, көзінің қан тамырлары қабынады – иридоциклит. Менингиалдық белгілеріде болуы да, болмауы да мүмкін. Ауыр түрінде – бүйрек үсті безіне қан құйылуы мүмкін. Осы жағдайда 1 – 2 күнде өліп кетеді, улану белгілері өте жоғары. Диагностикасы. Клиникалық көрінісі басқа көп ауруларға ұқсас болғандықтан- ең маңыздысы- сілемейлі қабықшалардан алынған шырыштан менингококкты микробтарды табу.Сол үшін, жұтқыншақтан, мұрыннан шырышты, ал жұлыннан сарысуды алып, +37 граудстан төмен тусірмей зертханаға жеткізу керек.Көктамырдан 5-10мл қан алып, сауыттағы 50 мл. Сұйық агарға еңгізіп, +37 градуста 7 тәулік сақтайды. Күнде сол агардың ішінен сымтемірлі ілмекпен бір тамшыны алып, Петри сауытындағы басқа қоректену заттың үстіне себеді.Сол қоректену заттың үстіне менингокоок жайылып,өседі.Соның бір тамшысын алып, микроскоптың астына салып, қарайды.Зертханалық нәтижесінде менинококкты микробтар шықса, онда бұл аурудың нағыз дәлелі болып саналады. Емдеу. Міндетті турде, баланы ауруханаға жатқызады, жанасқан балаларды бақылауға алады және оларға 7 тәуліктің ішінде иммуноглобулин бұлшық етке егеді. Өте көп мөлшерде бірнеше турлі антибиотиктарды көктамыр арқылы жібереді.Іріңді менингит болса, жұлынға пункция жасап, артық қысымды шығарады және шыққан жұлынның сарысуын зертханаға жібереді. Улануға қарсы ем-шаралар тағайындалады: көктамыр арқылы «Гемодез», «Рингер-Локк», «Инфузол» 4 % сода ертітіндісін және т.б. ерітінділерді, тәулігіне 2 литрға дейін ,баланың салмағына және толған жасына сәйкес, тамшылатып жіберіледі. Қандай клиникалық белгілері айқын болса, соған сәйкес симптоматикалық ем-шараларды орындайды. Назофарингиттің белгілері болса, жергілікті емдеу жасалады. |