Главная страница
Навигация по странице:

  • Визуалды программалау” пәні бойынша оқу процесінің күнтізбелік кестесі

  • Студенттердің білімдерін бағалау

  • 2 НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ 2.1 Курстың тақырыптық жоспары

  • 2.2. Дәрістік сабақ конспектілері 1-Дәріс. Визуалды программалауға кіріспе

  • Delphi-ді іске қосу. Delphi ортасы

  • (Unit1.pas).

  • УМК ВП. казПОС. Пніні Оу программасы syllabus оытушы жнінде мліметтер


    Скачать 6.17 Mb.
    НазваниеПніні Оу программасы syllabus оытушы жнінде мліметтер
    АнкорУМК ВП. казПОС.doc
    Дата01.04.2018
    Размер6.17 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаУМК ВП. казПОС.doc
    ТипДокументы
    #17493
    страница2 из 12
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

    Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік балдарды бөлу







    Қорытынды бақылау түрі

    Бақылау түрлері

    Балы


    1.

    Емтихан, курстық жоба немесе курстық жұмыс

    Қорытынды бақылау

    40

    Аралық бақылау

    20

    Ағымдық бақылау

    40

    4-кесте
    Визуалды программалау” пәні бойынша

    оқу процесінің күнтізбелік кестесі


    Апталар

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    9

    10

    11

    12

    13

    14

    15

    Бақылау түрлері




    Л-1




    Л-2




    Л-3




    АБ

    Л-4




    Л-5




    Л-6

    АБ

    Л-7

    Балл




    4




    8




    8




    10

    8




    4




    4

    10

    4

    Бақылау түрлері: Л – лабораториялық жұмыс; Б – бақылау, ӨЖ - өздік жұмыс; Кл – коллоквиум, АБ – аралық бақылау; Р – рефераттар және т.б.



    5-кесте

    Студенттердің білімдерін бағалау


    Баға

    Әріптік эквивалент

    Рейтингтік балл

    (пайызбен %)

    Балмен

    Өте жақсы

    А

    А-

    95-100

    90-94

    4

    3,67

    Жақсы

    В+

    В

    В-

    85-89

    80-84

    75-79

    3,33

    3,0

    2,67

    Қанағаттанарлық

    С+

    С

    С-

    D+

    D-

    70-74

    65-69

    60-64

    55-59

    50-54

    2,33

    2,0

    1,67

    1,33

    1,0

    Қанағаттанарлықсыз

    А

    0-49

    0


    1.9 Курстың саясаты мен процедурасы
    Дәрістік сабаққа міндетті түрде қатысу. Пән бойынша оқу процесінің күнтізбелік кестесіне сәйкес лабораториялық жұмыстарды өз уақытында тапсыру. Лабораториялық жұмыстарды тапсыру төмендегілерді қарастырады:

    • программаның жұмысын ұйымдастыру және лабораториялық жұмыстың тақырыбының мағынасына қарай сұрақтарға жауап беру;

    • лабораториялық жұмысты қорғау.

    Практикалық сабақтарды оқытушының нұсқауы бойынша және өзіндік жұмыс түрінде орындау.

    Күнтізбелік кестеде бір шектік бақылау жұмысы – жазбаша бақылау жұмысы (20 балл) және тестілік формадағы қорытынды емтихан ( 20 балл) қарастырылады.

    Сабақ басталмас бұрын ұсынылған әдебиетті қарап шығу және үйрену қажет.

    2 НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ
    2.1 Курстың тақырыптық жоспары




    Тақырып атаулары

    Академиялық сағаттар саны

    Дәрістер

    Лаборатория-

    лық

    СОӨЖ

    СӨЖ

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    1

    Delphi-ді іске қосу. Delphi ортасы.

    Проект. Форма. Қасиеттер. Қасиеттер терезесі.

    2

    2

    2

    1

    2

    Оқиғалар. Программалық код терезесі.

    Программа құрылымы. Негізгі модуль. Модуль. Әдіс.

    2

    -

    2

    1

    3

    Берілгендерді енгізу және шығару.

    Берілгендерді енгізу. InputBox функциясы. Типті түрлендіру функциялары. Берілгендерді шығару. ShowMessage процедурасы. Қарапайым программа құру.

    2

    2

    2

    1

    4

    Проектіні сактау және ашу. Программаны компиляциялау. ЕХЕ-файл.

    2

    -

    2

    1

    5

    Компоненттер палитрасы жөнінде.

    OLEContainer компонентін пайдалану мысалы.Таймер. Объектілі-бағдарлы программалау тәсілі жөнінде. Мұрагерлік. Инкапсуляция. Полиморфизм

    2

    3

    2

    1

    6.

    Берілгендер. Берілгендер типтері Стандартты функциялар. Өрнек.

    2

    -

    2

    1

    7.

    Программаның жалпы түрде құрылымы. Түсініктеме. Карапайым программа. Түс.

    2

    2

    2

    1

    8.

    ТМеmо компоненті. Мәтінмен жұмыс. Тармақталу командасы. Құрама оператор.

    2

    -

    2

    1

    9.

    TRadioButton компоненті. Калькулятор рограммасы.TSсroolBar компоненті. Тандау командасы. Case операторы. TBitBtn, TPanel, Tcombo-Box компоненттері. Цикл.

    2

    -

    2

    1

    10.

    . Goto, Label операторлары. Бос оператор.Random функциясы. Const операторы..

    2

    2

    2

    1

    11.

    . Массивтермен жұмыс Сандық массивтің ең кіші, ең үлкен және орта мәнін табу.Матрицалармен жұмыс. Жолдықстзндартты функциялар. Мотіндік массивті реттеу. TStringList клас . Массивті автоматты түрде рет­теу.

    2

    -

    2

    1

    12.

    Процедура және функция. Рекурсия.

    2

    2

    2

    1

    13.

    TOLEContainer компоненті. OLE технологиясы. Консольдық қосымша.

    2

    -

    2

    1

    14.

    Программаны дұрыстау. Ерекше жағдайлар.

    2

    2

    2

    1

    15

    Принтерде басып шығару.

    2

    -

    2

    1




    Барлық сағаттар

    30

    15

    30

    15



    2.2. Дәрістік сабақ конспектілері
    1-Дәріс.Визуалды программалауға кіріспе

    Жоғарғы деңгейлі программалау тілдері жарыққа шыға бастағаннан бері көптеген программалау тілдері пайда болды. Қәзіргі кезде олар процедуралық, логикалық және объектілі — бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Мысалы, дәстүрлі ("классикалық") процедуралық программалау тілдері — Фортран, Бейсик, Паскаль, логикалық тілдер - ЛИСП, Пролог. Есептеуіш техниканың қарқынды дамуы және программалық жабдықтауды тиімді дайындауға кажеттілік нәтижесінде соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі - бағдарлы программалау (ОБП) негізінде құрылған програм­малау тілдері — Borland C++ for Windows, Object Pascal және визуальды Microsoft Visual Basic, Borland Delphi.

    Процедуралық программалау тілдерінде программаның жұмысы операторларды ретімен орындау бойынша, ал, логикалық программалау тілдерінде ол қатаң логикалық ережелерге сәйкес өзгертулер енгізу ретінде карастырылған болатын. Объектіге бағдарлы оқиғалық программалау тілінде программаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуалды түрлері - Visual Basic тілі QBasic программалау тілі негізінде, Delphi (Дельфи) Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (visual — көзбен көру, экрандық). Олар, әcipecе, Delphi программалау тілі - кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.

    Delphi-дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2, 3, 4, 5, 6, 7-нұсқалары жарық көрді. Мысалы, 5-нұсқа 1999 жылы, 6-нұсқа 2001 жылдың мамыр айында жарыққа шықты. 6,7-нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Тек, Delphi 7, оған қоса, 1991 жылы жарық көрген, салыстырмалы арзан, Linexоперациялық жүйесінін негізінде де жұмыс істей алады (Linex жүйесі UNIX операциялық жүйесіне шамалас, мүмкіндігі Windows32 жүйесінің мүмкіндігінен кем емес). Delphi 7-да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуде кейбір өзгешіліктер енгізілген.

    Дәстүрлі Паскаль оқып үйренуге жеңіл және MS DOS жүйесінде программа дайындауға ең жақсы құрылымдық программалау тілі екені белгілі. Delphi-де Паскаль тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі процестерді программалауға болады. Delphi-дің негізгі ерекшелігі - онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады (Windows ортасында пайдаланатындықтан, Delphi-де программаны көбінесе қосымша деп атайды). Бұл програм­малау технологиясында нағыз революция жасады деуге бола­ды. Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша кітапханасы программалау ортасында дайындалып, арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттер элементтерінен жинақталады. Олар жеткіліксіз болса, объектіні өндеуге арналған үстеме программа кұрылады. Delphi-де қолданылатын негізгі кітапхананы визуальды компоненттер кітапханасы (VCL, Visual Component Library) деп атайды. Компоненттер панелінде топ-тобымен жинақталған, жүздеген кластарға тиісті, стандартты компоненттер бар. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады.

    Delphi Windows жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б. іс-әрекеттерді орындау да мумкін. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты.

    Delphi құрамында дайындалған компилятор әдеттегі Р кодқа емес, бірден машиналық кодқа компиляциялайды. Осы себепті, кәзіргі кезде ол дүние жүзіндегі компиляторлардың ең жылдамы. Оның компиляциялау жылдамдығы Паскальда компиляциялаудан 10 еседен артық, бір минутта шамамен 120 мың жолдан асады.

    Delphi екі түрде дайыңдалған: біріншісі - күрделі қосымшаны бірлесіп дайындаушылар ушін (Delphi Client - Server), екіншісі - қалған программалаушылар үшін (Delphi for Windows). Соңғысы ыңғайланып, қысқартылып алынған түрі. Ол тек маман программалаушылар емес, барлық Delphi- мен жұмыс істеушілерге арналған. Әдетте пайдаланылатыны — екінші түр.

    Delphi-ді Паскаль программалау тілімен жұмыс істеген адамдардың меңгеруі көп қиындық келтірмейді. Бірақ, мұнда программалауды үйрену үшін объект, оқиға, қасиет түсініктерімен еркін танысып, онда компоненттерді пайдалану және түрлі командалардың жазылу түрлерін білу кажет.

    Delphi-де пайдаланылатын оқиғалар және түрлі кластарға, компоненттерге меншіктелетін қасиеттер мәндері көп. Нақты есептерді шешу программаларын құруды үйрену арқылы ғана Delphi-де программалауды үйренуге болады.
    Delphi-ді іске қосу. Delphi ортасы

    Windows терезесі арқылы Delphi-ді іске қосу командасы:

    Іске қосу - Программалар - Borland Delphi 7-Delphi 7

    Экранда Delphi ортасының үш терезесі керінеді (2.1-сурет).



    2.1-сурет. Delphi ортасы

    1. - Delphi 7-тің негізгі терезесі;

    2. - Форма (Form1);

    3. - Объект инспекторы терезесі (Object Inspector).

    Жалпы, ортада программа құруға арналған төртінші, мо­дуль терезесі де іске қосылады (Unit1.pas). Форма терезесінің астында орналасатындыктан, ол алғашқыда көрінбенді.

    Delphi-дің негізгі терезесінің құрамына негізгі мәзір, аспаптар панелі және компоненттер палитрасы енгізілген (2.2-сурет). Негізгі мәзір пунктгеріне (ішкі мәзірлерге) Delphi жұмыс істеу команпдалары, аспаптар панеліне ішкі мәзірлерге енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналастырылған.



    2.2-сурет. Delphi-дің негізгі терезесі

    Стандартты түймелер:

    - New (Жаңа);

    - Open (Ашу);
    - Save (Сақтау);
    -Open Project (Проектіні ашу);
    -View Form (Форманы көрсету);
    - Run (Іске қосу):
    - Pause (Үзіліс);
    -Add file to Project (Проектіге файл қосу), т.б.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


    написать администратору сайта