Главная страница
Навигация по странице:

  • Объект инспекторы (Object Inspector)

  • Properties

  • Width

  • 2-Дәріс Оқиғалар. Программалық код терезесі . Windows-тағы сияқты Delphі-дe программалар оқиғалар

  • Events

  • Программа құрылымы. Негізгі модель. Модуль. Әдіс Ксз келіен программа program

  • 3-Дәріс Берілгендерді енгізу және шығару. Delphi-де айнымалы мәнін жадқа енгізу үшін Турбо Паскальда пайдаланылатын Read

  • Берілгендерді шығару. ShowMessage процедурасы

  • Қарапайым программа құру Процедуралар оқиғалық

  • Мысал.

  • TForm1. FormCreate

  • УМК ВП. казПОС. Пніні Оу программасы syllabus оытушы жнінде мліметтер


    Скачать 6.17 Mb.
    НазваниеПніні Оу программасы syllabus оытушы жнінде мліметтер
    АнкорУМК ВП. казПОС.doc
    Дата01.04.2018
    Размер6.17 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаУМК ВП. казПОС.doc
    ТипДокументы
    #17493
    страница3 из 12
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

    Проект. Форма. Қасиеттер. Қасиеттер терезесі

    Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма – программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен (тақырыбымен) көрінеді (2.1-сурет). Оның жиектеріне тышқан көрсеткішін орналастырып, ол екі жақты нұсқама түріне айналған кезде жылжыту және қалдыру тәсілі бойынша форманы кеңейту не қысу киын емес.

    Құрылатын программада пайдалану үшін формада түрлі компоненттер (форма компоненттері) орнатылады. Негізгі компонентгердің кейбірі Access берілгендер қоры жүйесінде пайдаланылатын элементтер панеліне енгізілген түймелер сияқты. Олар Delphi терезесінің компоненттер палитрасына орналастырылған.

    Кей жағдайларда экранда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін View-Forms командасын беру жеткілікті.

    Форманың және формаға енгізілетін компоненттердің (компоненттер жөнінде келесі такырыптарды караңыз) түрлі касиеттері бар (оларды компонент "паспорты" деп те атайды). Қасиет (сипаттама, параметр) - айнымалылардың ерекше түрі. Олар объектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін аныктайды. Мысалы, форма қасиеттерінің мәндері - форма такырыбының мәтіні, өлшемі, экранда орналасуы, түсі т.б. Delphi іске косылған кезде форма касиеттеріне алғашқы сәйкес мәндер меншіктеліп қойылады.

    Форманы не онда орнатылған компонентті программа құру үшін дайындау оның кейбір касиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Қасиеттер тізімі Объект инспекторы (Object Inspector) терезесіне енгізілген. Тізімді инспектор терезесіне шығару үшін сәйкес объектіні (форманы не формада орнатылған форма компонентін) бір шерту арқылы тандау керек. Инспектор терезесінің жоғарғы қатарына тандалған объект атауы да жазылып койылады. Мысалы, Delphi іске қосылған кезде форманың ашылған касиеттер терезесі 2.1-суретте көрсетілген. Терезенің екі қосымша беті бар: Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар). Терезе ашылғанда екі бағанға енгізілген жазулардан тұратын оның Properties бөлімі ашылулы тұрады (2.1-сурет). Бірінші бағанда көрінетіндер - қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар — олардың мәндері.

    Форма қасиеттері;

    Name (Amay) -формаға берілген атау. Ол Delphi объектілерінің (компоненттердің) негізгі касиеттерінің бірі. Delphi-дің жұмыс істеуі кезінде ол объектіні осы атау бойынша ажыратып таниды. Delphi-дің формаға автоматты түрде алғашқы рет меншіктеген атауын (Form1) өзгертіп, басқа атау беруте болады. Форманың іс-әрекеті атауынан белгілі болуы үшін атауды мазмұнға жақын етіп енгізген жөн. Мысалы, форма квадрат тендеуді шешуге пайдаланылатын болса, Form1 opнына KvTend атауын енгізу. Ол үшін касиеттер терезесінен Name атауын таңдап, жаңа атауды клавиатура арқылы теріп алса болғаны. Терілген атау Name жолының оң қатарына жазылып қойылады.

    Font (Шрифт) — формаға енгізілетін мәтін шрифтін орнату қасиеті. Оны тандап, оң жағында көрінген көп нүкте (...) түймесін шерткен кезде сұхбаттық шрифт: таңдау терезесі көрінеді (2.3-сурет). Терезеден, әдеттегідей, қажетті шрифт типін, өлшемін тандап (мысалы, Times Kaz, 10), OK түймесін шерту керек.



    2.3-сурет. Шрифт таңдау терезесі
    Caption (Тақырып, бетіне жазу) — форма терезесінің тақырыбына енгізілетін мәтін. Алғашқы кезде қасиеттер терезесінің Caption қасиетіне тақырып үшін Forml сөзі енгізіліп қойылған. Оны "Redactor" не басқа тақырыпқа алмастыру Name қасиетіне мән меншіктеу тәсілі сияқты (қасиет мәні енгізілген соң КҚ (каретканы қайтару, енгізу) клавишін басып қойған жөн).

    Color (Түс) — форманың түсін орнату қасиеті. Ол таңдалған кезде оң жағында тілсызық түймесі көрінеді. Тілсызық түймесі — қасиет мәнінің бірнеше екенінің белгісі. Тілсызық белгісін шерткен кезде мәндер (түстер) терезесі ашылады. Тізімде көрінген қалаған түсті шерткен соң форма сәйкес түске боялып қойылады.

    Width (Ен), Height (Биіктік) пиксель өлшем бірлігімен берілген форманың ені мен биіктігін орнату қаснеттері (бұл мәндер форманы қолдан кеңейту не сығу кезінде де автоматты түрде орнатылып қойылады).

    Объект қасистін программа (программалық код) ішінде орнату да мүмкін. Мысалы, форма тақырыбы шрифтінін өлшемін 14 ету үшін программаға Forml.FontSize := 14 меншіктеу операторын енгізуге болады.

    Жалпы, бір қасиет мәнімен танысу үшін оны қасиеттер терезесінде таңдап, F1 клавишін басу арқылы сәйкес анықтаманы шақыру керек. Dеlphi-де анықтамалар ағылшьш тілінде жазылған. Ол түсініксіз болса, экранда орысша аудармасын көрсететін "Сократ 97" сияқты арнайы дайындалған программамы пайдаланған жөн (мұндай программа Компьютерге орнатылса, оны пайдалану қиын емес).

    Экранда қасиеттер терезесі көрінбесе, оны шығару үшін View-Object Inspector командасын беру жеткілікті. Ол F11 клавиші басылған кезде де көрінеді.

    Негізгі әдебиеттер: 2[37-56], 12[15-35], 7[17-32]

    Бақылау сұрақтары:

    1. Delphi-ді іске қосу тәсілі. Delphi іске қосылғанда пайда болатын және көрінетін терезелер. Олар не үшін кажет?

    1. Delphi терезесінде орнатылған негізгі мәзірдің ішкі мәзірлері. Оларға қандай командалар енгізілген?

    2. Delphi терезесінің аспаптар панеліне енгізілген негізгі түймелерді атап шығыңыз. Олар кандай іс-әрскеттерді орындайды?

    3. Проект, форма дегеніміз не? Delphi іске қосылған кезде форма кандай атлумен көрінеді?

    4. Форма көлсмін өзгеріуге арналған қандай тәсілдерді білесіз? Оларды орындаңыз.


    2-Дәріс Оқиғалар. Программалық код терезесі.

    Windows-тағы сияқты Delphі-дe программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға компонент орнатуы, форманы не фор­мада орналастырылған компонентті тышқан арқылы шертуі мүмкін. Оның әр іс-әрекеті оқиға шақырады. Яғни, оқиға -программаның жұмыс істеуі кезінде объект жағдайының өзгеруі.

    Delphi-де әр оқиғаға атау беріліп койылған. Мысалы, компоненттер палитрасының Button түймесі арқылы формада орнатылған Buttonl компонентін шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады.

    Әр объектіге байланысты оқиғалар жеткілікті Мысалы, форматқа байланысты оқиғалар саны — 35 (2.4-сурет). Олар қасиеттер терезесінін Events қосымша бетіне енгізілген. Терезеде оқиға атауларнның алдына On префиксі (қосымшасы) тіркестіріліп жазылған. Ол - атаудың оқиға екендігін білдіретін белгі.


    2.4-сурет. Форма оқиғалары

    Delphi ортасында жиі кездесвтін оқиғалар:

    OnClick — тышқан түймесін бір рет басу;

    OnDblClick - тышқан түймесін екі рет басу;

    OnKeyDown - клавишті басу;

    OnKeyUp — басылған клавишті босату;

    OnMouseDown — тышқан түймесін басу;

    OnMouseUp — тышқан түймесін босату;

    OnMouseMove — тышқан көрсеткішін жылжыту;

    OnCreate — форманы екі рет шерту, т.б.

    Delphi-де программа (проект) екі бөлімнен тұрады: алғашқыда автоматты түрде project1 атауы берілетін проект файлы (негізгі модуль)және unitl.pas атауы берілетін модуль.Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге окиғаларға сәйкес іс-әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі (олар 2.4-тақыръшта кең түрде қарастырылған). Программа мәтінін программалық код деп, терезені прогрлммалық код терезесі не қысқаша редактор терезесі деп те атайды. Delphi іске қосылган кезде ол форма терезесінің астында көрінбей тұрады. Оны экранға шығару тәсілдері:

    • форманы жабу (жабу түймесін шерту);

    • код терезесінің бір шеті форма астында көрініп тұрса, оны шерту. Терезе белсендірулі түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы (үлгісі) көрінеді. Оның тақырыбы нүкте аркылы бөлінген класс және процедура атауларынан тұрады (2.5-сурет), т.б.

    Жалпы, формадан код терезесіне өту және код терезесінен форматта өту үшін F12 клавишін басу жеткілікті. 2.5-суретте көрініп турғаны — код терезесіне енгізілген процедура дайындамасы. Оқиғаға байланысты құрылатын процедура оқиғаны өндеуіш не оқиғаны өндеу процедурасы делінеді. Процедура дайындамасының жазылу түрі:

    Procedure <атау> (Sender : TObject);

    сипаттау бөлімі

    begin

    процедура денесі

    end;

    мұндағы Sender параметрі құрылатын процедураньң қай класқа тиістілігін анықиайды.

    Терезенің сол бөлігіндегі - браузер терезесі. Онда код терезесінде барлық жарияланулардың құрылымын көріп шығуға болады.



    2.5-сурет. Редактор терезесі. Онда көрінген процедура дайыңдамасы

    Программа құрылымы. Негізгі модель. Модуль. Әдіс

    Ксз келіен программа program сөзінен басталатын проект файлы мен бір не бірнеше модульдерден тұрады да, қолдан құрылатын программа модуль ішіне енгізіледі. Проект файлы dpr, модуль pas кеңейтілуі бойынша сақталады. Проект файын негізгі модуль деп атайды. Негізгі модульдің мазмұны проектінің жалпы сипаттамасынан тұрады. Delphi іске қосылган кезде оны ол автоматты түрде дайындап шығады. Негізгі модульге ерекше жағдайлардан басқа кездерде қосымша нұсқаулар енгізудін кажеті жоқ. Негізгі модуль (проект):

    program Project 1;

    uses

    Forms,

    Unitl in 'Unitl.pas' {Forml};

    {$R *.RES}

    begin

    Application. Initialize;

    Application.CreateForm(TForm1, Form1);

    Application.Run;

    end.

    Модуль - түрлі іс-әрекеттерді орындауға арналған про­грамма бөлімі. Модуль тақырыбы Unit (модуль) кызметші сөзінен басталып, сонына әдеттегідей нүктелі үгір (;) таңбасымен аяқталатын модуль атауы жазылады. Delphi-дің модульге алғашқы рет меншіктейтін атауы: Unit1. Жаңа проект ашылған кезде модуль дайындамасы да автоматты түрде құрылады:

    unit Unit1;

    interface

    uses

    Windows, Messages, SysUtils, Classes,

    Graphics, Controls, Forms, Dialogs;

    type

    TForm1 = class(TForm)

    Private { Private declarations }

    Public { Public declarations }

    end;

    var

    Form1: TForm1;

    implementation

    {$R *.DFM}

    end.
    Негізгі әдебиеттер: 1[17-25], 4[25-35]

    Бақылау сұрақтары:

    1. Қасиетдегеніміз не? Форманың негізгі қасиеттері, оларды өзгерту тәсілдері.

    2. Object Inspector терезесі . Онда орнатылған қосымша беттер мен мазмұндары. Экранға қасиеттер (Object Inspector)терезесін шығару тәсілдері.

    3. Оқиға дегеніміз не? Delphi ортасында жиі қолданылатын оқиғаларды атап шығыңыз. Оқиғаны өндеуіш программасының дайындамасын дайындаудың негізгі тәсілі.

    4. Программа жазылатын терезе атауы. Оның алғашқы реташылған кездегі көрінісі.Процедура дайындамасын объектінің қасиеттер терезесі арқылы орнату тәсілі.

    5.Негізгі модуль дегеніміз не, оның құрылымы. Негізгі модуль тақырыбы. Uses кілттік сөз құрамына енгізілген нұсқаулар.

    6. Әдіс дегеніміз не? Негізгі модульге қандай әдістер енгізілген, олардын іс-әрекеттері?

    3-Дәріс Берілгендерді енгізу және шығару.

    Delphi-де айнымалы мәнін жадқа енгізу үшін Турбо Паскальда пайдаланылатын Read (оқу) операторы жоқ. Программада ол үшін басқа тәсілдердің қолданылуы мүмкін:

    1. меншіктеу командасы;

    2. енгізу терезесін пайдалану;

    3. форманың Edit компоненті өрісін пайдалану. Меншіктеу командасының программада жазылуы әдеттегідей, мысалы, х := 4.7; .

    Енгізу терезесі Delphi-дің стандартты InputBox функциясының терезесі. Программада InputBox (енгізу қорабы) функциясын пайдалану командасының жазылу үлгісі:

    <айналымы>:=InputBox('<тақырып>’, ‘<түсініктеме>','<мән>')

    мұндағы,

    айнымалы — мәні енгізу терезесіне енгізілетін жолдық типті айнымалы атауы (InputBox функциясының мәні әр кезде жолдық (String,) munmi. Мән меншіктелетін айнымалы (х) программада х : string; түрінде сипатталуы тиіс);

    тақырып - енгізу терезесінің тақырыбы ретінде жазылатын мәтін;

    түсініктеме - енгізу терезесінің ішінде жазылатын түсініктеме мәтін:

    мән енгізу терезесі көрінген кезде оның енгізу өрісінде көрінетін мәтін. Әдетте оны бос символдық етіп енгізеді. Мысалы, х := 4." меншіктеу командасын InputBox функциясын пайдаланып, мынадай түрде беруге болады:

    х := InputВох( 'Аргумент мәні', 'х=', ")

    Команданың орындалу барысында көрінетін терезе 2.6-суретте көрсегілген. Терезенің енгізу өрісіне 4,7 мәнін енгізіп, ОК түймесін шерту керек



    2.6-сурет. Енгізу терезесі
    Стандартты типті түрлендіру функциялары: 2.1 - кесте

    Функция

    Орындайтын ic - әрекеті

    StrToFloat(x)

    FloatToStr(x) FloatToStrF(x,f,s,o)
    StrToInt(x) IntToStr(x)

    Кескіні жолдық типті болатын х нақты санын қалпына келтіру

    х нақты санын жолдық типті ету

    х пакты санын форматты жолдық типке түрлендіру. Мұндағы

    f- формат (кескіндеу форматы). Ол көбінесе ffGeneral не ffFixed түрінде жазылады;

    s - барлық цифрлар саны (дәлдік);

    о - ондық нүктеден соң жазылатын цифрлар саны (ондық дәлдік), мы­салы, FloattostrF(x, ffFixed, 7,3);

    Кескіні жолдық типті х бүтін санын қкалпына келтіру;

    х бүтін санын жолдық типті ету (IntToStr- Integer to String, т.с.с).


    Берілгендерді шығару. ShowMessage процедурасы

    Delphi-де берілгендерді ShowMessage (мәліметті көрсету) процедурасының терезесіне шығаруға болады. Процедураның (оператордың) жазылу түрі:

    ShowMessage (s);

    мұндағы s - жолдық типті өрнек. Егер ол сандық типті болса, оны жолдық типке түрлендіру үшін s аргументінің орнына типті түрлендірудің сәйкес функциясын енгізу керек. Мысалы, s нақты типті сан болса, оны шығару терезесінде көрсеті операторының мынадай түрде жазылуы мүмкін.

    ShowMessage(FloatToStr(s));
    не ShowMessage(FIoatToStrF(s, ffgeneral, 7, 3));

    Жүйе соңғы операторды оқып шығып, жеті цифрдан тұратын нақты санды символдық типте шығару терезесінде көрсетеді.

    Қарапайым программа құру

    Процедуралар оқиғалық және жалпы (оқиғаға байланыссыз) болып екі түрге бөлінеді. Программа олардың жиынтығынан тұруы мүмкін. Қарапайым жағдайда ол бір процедурадан ғана тұрады.

    Мысал. х=4,8 үшін у=2х+5/3 функциясының мәнін есептеу керек. х мәні InputBox терезесі арқылы енгізілсін, у мәні ShowMessage терезесінде көрсетілсін.

    1. File-New Application командасын беріп, жаңа проект ашу. Forml терезесі көрінеді.

    2. Форманы екі рет шерту. Unitl.pas атаулы модуль кұрылады да, код терезесінде OnCreate оқиғасын өндеуіш процедурасыньң дайындамасы көрінеді (2.7-сурет).



    2.7-сурет. Код терезесі

    Дайындаманы қасиеттер терезесін пайдаланып орнату:

    Дайындаманы орнатудың екінші тәсілі де бар:

    - Form1-діңқасиеттер терезесінен Events (оқиғалар) қосымша бетін ашып, On Create оқиғасын таңдау;

    - оның оң жағына FormCreate атауын енгізіп, КҚ клавишін басу.

    Код терезесінің бірінші жолында көрінгені процедура тақырыбы. Мұндағы:

    procedure - процедураның басталуын білдіретін кілттік сөз;

    TForm1.FormCreate - форманы екі рет шерту оқиғысына жауап ретінде құрылатын процедураның құрама атауы. Ол нүкте арқылы ажыратылған екі бөлімнен құралған: біріншісі -класс атауы (Tform1) (Delphi-де әр қайсысы ұқсас толық бір іс-әрекетті орындай алатын программалар тобы класс деп, олардың біреуі класс данасы делінеді, екіншісі – процедура өз аты. Ол объект және окиға атауларының қосындысынан тұрады (оқиға атауының алдында On қосымшасы жазылмайды).

    Компоненттер палитрасьна енгізілген әр компонент жеке класқа тиісті. Ол формаға кірістірілгенде сандық индекс қосылып, класс атауын алады. Барлық класс атауларын Т әріпінен бастап жазу келісілген. Мысалы, TForm1 - TForm стандартты класының үлгісі бойынша құрылған класс атауы, мұндағы 1 — оның индексі.

    2.7-суретте көрінген дайындаманың жоғарғы жағы ашылса,форма екі рет шертілгенде құрылған Unitl.pas модулінің тип сипаттамасы мынадай түрде жазылғаны көрінеді (мұнда ескеретін жайт:құрылатын оқиғаны өңдеуіш процедурасының тақырыбы автоматты түрде модульдің тип сипаттамасына жазылып қойылады. (Формада орнатылған компоненттер де осында сипатталып қойылады, мысалы, төменге енгізілген ескертуді қараңыз)):
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


    написать администратору сайта