Главная страница
Навигация по странице:

  • Forma

  • Мұрагерлік. Инкапсуляция. Полиморфизм ОБП-да

  • 6-Дәріс Берілгендер типтері Стандартты функциялар.

  • Integer, Real, Char, String, Boolean

  • Символдық тип: char

  • Стандартты функциялар. Өрнек

  • 7-Дәріс Программаның жалпы түрде құрылымы. Программаға ретімен мынадай бөлімдердің енгізілуі мүмкін {программа құрылымы): программа тақырыбы (procedure

  • Қарапайым программа. Түс

  • 8-Дәріс ТМеmо компоненті. Мәтінмен жұмыс. Memo

  • Терезеге

  • Memo1

  • УМК ВП. казПОС. Пніні Оу программасы syllabus оытушы жнінде мліметтер


    Скачать 6.17 Mb.
    НазваниеПніні Оу программасы syllabus оытушы жнінде мліметтер
    АнкорУМК ВП. казПОС.doc
    Дата01.04.2018
    Размер6.17 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаУМК ВП. казПОС.doc
    ТипДокументы
    #17493
    страница5 из 12
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

    type

    TForm1 - class (ТForm);

    Button1:TButton;

    Label1: Label;

    Procedure Button1Click(Sender:TObject);

    end;

    var From1:TForm1;

    TForm1 = class (TForm) жазуы ТForm класының үлгісімен құрылатын жаңа (туынды) TForm1класынанықтайды. Form1 :TForml жолындағы Form1айнымалысы- классданасы.

    Программаны дайындау 6арысында Delphi модульдін In­terface бөліміне формаға енгізілген компоненттер мен оқиғасы таңдалған әдістерді сипаттауды автоматты түрде енгізеді, әдістсрді іске асыру нұсқаулары молульдің implementation бөліміне қодан жазылады.

    Жалпы, Deiphi-де класс деп өзіне ұқсас даналарды даиындау үшін үлгі түрінде алынатын, толық түрде дайындалған программа үзіндісін де атайды. Програтмалаушы бұрын дайындалған класс данасының көшірмесін түрлі про­граммаларда не бір программаның түрлі жерлеріне енгізіп, программалауды және оның көлемін көп жеңілдетуіне болады.

    Delphi құрамына жүздеген дайын кластар енгізілген. Әр компонент қатаң түрде тек бір класқа ғана тиісті. Мысалы, Delphi-де форма(TForm)компоненті - Forma класына тиісті, осы типті айнымалы (Form1)- класс объектісі. Класс бөлігіретінде сипатталып, модульдін Implementation (іске асыру) бөлігінде мәтіні жазылатын сәйкес процедура — әдіс, мысалы, procedure Tform1.Button1 Click,

    Форма ішінс орналастырылған TEdit компонентінің Edit1 данасын (объектісін) екі рет шерткен кезде пайда болатын оқиғаны өндеуіш әдісіне (процедурасына) мысал:

    procedure TForml.EditlClick(Sender : TObjеct);

    begin

    Edil1.Tеxt:= 'Сіз редакциялау өрісін екі peт шерттіңіз:

    end;

    Программаны, іске қосу командасы иерілген соң компиля­тор автоматты түрде негізгі модульге енгізілген төмендегі екі әдісті орындайды:

    Application.CreateForm (Tform1.Form 1);

    Application.Run;

    Бұлардың біріншісі жадта TForml объектісін құрады (объетіні иниуциялдайды),екіншісі Application объектісіне қосымшаның негізгі формасын іске қосуға нұсқау береді (Run). Жоғарыда жазылған процедураның орындалу нәтижесінде форма­ның Edit1 өрісіне оның Text қасиетіне меншіктелген мәтік жазылады.

    Мұрагерлік. Инкапсуляция. Полиморфизм

    ОБП-да класс үшін мұрагерлік, инкапсуляция және поли­морфизм принциптері енгізілген.

    Мұрагерлік - программада негізгі класс типінің туынды иерархиялық кластарда да сақталуы. Мысалы, автомобиль жеңіл және жук машинасы болып бөлінеді. Олардың жұмыс істеу жағдайына байланысты, сипаттамаларына ортақ және бөлек өрістер, касиеттер мен әдістер енгізілуі мүмкін. Әр қайсысында тип элементтсрін толық сипаттау үнемді емес. Бірінің типін аталық (негізгі) етіп қабылдап, екіншісіне қосымша касиеттерді енгізу жеткілікті. Delphi-дің барлық кластары TObjеct класына мұрагер.

    Инкапсуляция (ішінде, біртүтас). Класс өрістер, касиеттер және өдістердің бірлігінен тұрады. Оларды біртұтас түрінде қарастыру инкапсуляция деп аталады. Әр класс аяқталған толық бір іс-әрекетті бойында сақтайды. Мысалы, form1 класы өз бойында Windows - терезені дайындау үшін бардық қажеттілерді ішінде сақтайды. Кластың мұндай принципі өзінде ипкапсульдайды делінеді.

    Класта инкапсульданған процедуралар мен функциялар -әдістер.

    Полиморфизм (көп түрлілік) мұрагер кластардың аталық класқа енгізілген әдіс атауы бойынша басқа қасиеттер енгізілген ұқсас есепті шешуіне бодатындығы, яғни түрлі клас­тарда түрлі әрекеттерді орындайтын өдістерге бірден атау беру мүмкіндігі.
    Негізгі әдебиеттер: 5[50-56], 12[45-65]

    Бақылау сұрақтары:
    1. Объектілі- бағдарлы программалау дегеніміз не? Қандай құрылымдық тип класс (class)

    арқылы сипатталады?

    2. Қасиеттер қандай айнымалылар? Мысал келтіріңіз.

    3. Модульдің var бөлімінде Form1 программалық элементтерінің (объектінің) сипатталу

    түрі. Класс данасы дегеніміз не?

    4. Delphi-де қосымшаны (программаны) дайындау тәсілі.

    5. Компонент, визуальды компрнент кітапханасы (VCL) дегеніміз не?
    6-Дәріс Берілгендер типтері Стандартты функциялар.

    Автоматты құрылғының не адамның өңдеуіне бейімделіп дайындалған сандық, символдық, мәтіндік т.б. информацияны (ақпаратты) берілгендер деп атайды. Программаны орындау барысында мәні программа мәтінінде көрсетілген қалпынан өзгермейтін шаманы тұрақты деп, мәні өзгеріп отыратын шаманы айнымалы деп, айнымалыға берілген атауды иденти­фикатор деп те атайтыны белгілі.

    Delphi Object Pascal программалау тілін басшылыққа алып құрылған. Онда пайдаланылатын көптеген операторлар (нұсқаулар), кілттік сөздер, айнымалыларды сипаттау және про­грамма құрылымы Турбо Паскаль программалау тіліне негізделген.

    Delphi-де жиі пайдаланылатын берілгендер типтері:

    Integer, Real, Char, String, Boolean

    (Integer – бүтін, real - нақты, char - символ, string – жол, boo­lean - логикалық).

    Бүтін және нақты типті айнымалылардың кейбірі, оларлы пайдалану мүмкін аралықтар және жадта бөлінетін байттық орындар 2.3, 2.4-кестелерде көреетілген.

    1. Бүтін тип: 2.3-кесте

    Тип

    Аралық

    Байт

    Integer Byte Word Longint

    -32768..32767

    0..255

    0..65535

    -2147483648.. 2147483647

    16

    2

    16

    32

    2. Нақты тип: 2.4-кесте

    Тип

    Аралық

    Цифр саны

    Байт

    Real

    Single

    Double

    2,9х10-39..1,7х1038

    1,5х10-45..3,4х1038

    5,0х10-324..1,7х10308


    11-12

    7-8

    15-16

    6

    4 8

    1. Символдық тип: char (Windows-та қолданылатын ANSI кодтарына енгізілген символдар).

    2. Жолдық тип: string (жолдың ұзындығы 2 Гбайтқа дейін болуы мүмкін; жазылу форматы; string(m) не string.

    5. Логикалық (бульдік) тип: boolean. Логикалық типті айнымалының мәндері екеу ғана: True(ақиқат), False (жалған).

    Айнымалы атауы үшін тек латын алфавитінін әріптерін және цифрлар мен кейбір басқа символдарды алуға болады, ол үшін кілттік сөздерді алуға және бос орын(‘ ’) символын енгізуге рұхсат етілмеген. Атау тек әріптен басталуы тиіс.

    Жүйе атауды оқып шыққан соң мәшине жадында ол үшін арнайы ұяшықтар блогын бөледі де, мәнді сонда сақтайды (яғни, айнымалы - берілгендер сақталатын жад облысы). Ай­нымалы атауы программанын var бөлімінде сипатталуы міндетгі (variable - айнымалы, кілттік сөз).

    Стандартты функциялар. Өрнек

    Delphi-де жиі пайдаланылатын стандартты функциялар мен процедуралар көп. Математикалық функциялардың кейбірі 2.5-кестеде көрсетілген.


    2.5-кесте.

    N

    Функция, әрекет

    Delphi-де жазылуы

    Мағынасы, мәні

    1

    sinx

    cosx

    lnx

    ex

    x2

    x1/2

    abs x

    3.78→4

    3.78→3

    3.78→3

    3.78→0.78

    sin(x)

    cos(x)

    ln(x)

    exp(x)

    sqr(x)

    sgrt(x)

    abs(x)

    round(x)

    trunc(x)

    int(x)

    frac(x)

    х- радиан

    х- радиан

    x>0

    е-нің х дәрежесі (е=2,718...)
    x>0

    х-тің абсолют шамасы

    санды бүтінге дейін дәлдіктеу

    санның бүтін бөлігі

    санның бүтін бөлігі

    санның бөлшек бөлігі


    Негізгі әдебиеттер: 2[37-56], 12[15-35], 7[17-32]

    Бақылау сұрақтары:

    1. Берілгендер дегеніміз не ? Мысалдар келтіріңіз.

    2. Delphi-де жиі пайдаланылатын берілгендер типтері.

    3. Бүтін типтер түрлері. Integer, byte, word типті шамаларды пайдалануға болатын аралықтар және олардың жадта алатын орындары.


    7-Дәріс Программаның жалпы түрде құрылымы.

    Программаға ретімен мынадай бөлімдердің енгізілуі мүмкін {программа құрылымы):

    программа тақырыбы (procedure не function);

    ең бөлімі (label);

    тұрақтылар бөлімі (const);

    айнымалылар бөлімі (var);

    қосалқы программалар бөлімі (процедуралар мен функция­лар);

    операторлар бөлімі.

    Delphi-де тиянақты бір іс-әрекетті орындайтын программалық элемент жеке процедура арқылы жазылады.

    Түсініп оқуға жеңіл болуы үшін күрделі программаның қажетті жерлеріне түсініктеме мәтіндер енгізіліп койылады. Түсініктеме оператор алдына енгізілсе, фигуралық жакшалар ({ }) ішінде орналастырылады. Егер ол оператор соңына енгізілсе, алдына \\ (екі теріс көлденең сызық) символдары жазылады. Соңғысын тек бір жолдық, түсініктемеде пайдалану мүмкін. Мысалы,

    1. {Трапеция ауданы }

    s := (a+b)*h/2:

    2. s := (a+b)*h/2; \\ трапеции ауданы

    Компьютер түсініктемені оқымай тастап кетеді, ол тек пайдаланушыға программаның жазылуын түсінуді жеңілдету үшін қажет.
    Қарапайым программа. Түс

    Мысалы: Форманың Label өрістеріне мынадай бір шумақ өлең шығару керек:

    Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,

    Қиыннан қиыстырар ер данасы.

    Тілгн жеңіл, жүрекке жылы тиіп.

    Teп - тегіс жұмыр келсін айналасы.

    (Абай)

    1. File-New Application (Файл-Жаңа қолданба) командасын беріп, жаңа форма aшy:

    2. Формаға бір баған бойында Labell, ..., LabeW және кез келген бос жерінде Buttonl компонеттерін орнату;

    3. Компонент қасиеттеріне мәндер меншіктеу.

    Компонент

    Қасиет

    Мән

    Buttonl Labell

    ...

    Label4

    Caption Caption

    ...

    Caption

    OK

    <бос ету>

    ...

    <бос ету>

    4. Button1 түймесін екі рет шертіп, ашылған код терезесінде
    түйменін, OnClick оқиғасын өндейтін процедура құру:

    Procedure TForml.ButtonlClick(Sender : TObject);

    {Ұлы Абай өлеңдерінен} .

    begin

    Forml.Color:=clWhite;

    Labell.Caption:= 'Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,'

    Label2.Caption:= 'Қиыннан қиыстырар ер данасы.'

    Label3.Caption:=‘ Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,'

    Label4.Caption:= 'Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.'

    end:

    5. Проектіні сактап. іске косу.

    Процедураға форманы ақ түске бояуға арналған
    Forml.Color:=clWhite; командасы енгізілді (color - түс; white-ақ). Жалпы, форманы не формаға енгізілген компоненттер мен кескіндерді түрлі түстерде көрсетуге болады. Түстер
    объектілердің Colorқасиеттерінің мәндері. Олардың көп пайдаланылатын түрлері:

    2.6 кесте.

    Түстер.

    Қасиеттер

    Қасиет мәні (түс)




    Color

    clBlack
    clWhite
    clRed
    clGreen
    с1Lime
    clBlue
    clYellow
    clPurple
    clGray
    clMaroon
    clBtnFace

    Қара
    Ақ
    Қызыл
    Көк
    Жасыл
    Көгілдір
    Сары
    Қызғылт
    Күңгірт сұр
    күңгірт қызыл
    Сұрғылт

    Delphi алғашкы рет іске қосылғанда форма сұрғылт түске боялған турде көрсетіледі.

    Жоғарыдағы сияқгы, форманың не формаға енгізілген компоненттер мен кескіндердің түстерін программа арқылы орнату да мүмкін. Мысалы,

    Forml.Color:=clRed; - форманы қызыл түсті етіп көрсету;

    Labell.Color:=clRed; - Label 1 өрісін қызылға бояу;

    Labell.Font.Color:=cIRed; - Label 1 ерісіне енгізілетін мәтінді қызыл түске бояп көрсету, т.б.

    Соңғы команда берілмеген жағдайда мәтін қара түсте көрінеді.
    Негізгі әдебиеттер: 2[37-56], 12[15-35], 7[17-32]

    Бақылау сұрақтары:

    1. Программа құрылымы.

    1. Түсініктеме дегеніміз не? Оның программада жазылу түрлеріне мысал келтіріңіз.

    2. х=5,2 үшін у=3х + функциясының мәнін есептеу программасын құрып, іске қосыңыз. Нәтижелік мән 5 : 3 дәлдік бойынша шығару терезесінде көрсетілсін.

    8-Дәріс ТМеmо компоненті. Мәтінмен жұмыс.

    Memo компоненті — String List editor атаулы арнайы терезесі бар мәтіндік редактор. Терезеге көп жолдық мәтінді енгізуге және оны редакциялауға болады. Мәтін TStrings класының Lines қасиетінде сақталады. Дайындалған мәтінді форма бетіне шығару қиын емес.

    Егер, өткен тақырыпта берілген өлең сияқты, мәтін көп жолдық болса, оны Memo компонентінің терезесіне енгізген дұрыс. Жұмыс тәсілі:

    1. Жаңа проект aшy;

    2. Компоненттер панелінің Standard қосымша бетінен фор­маға Memo1, Button1 компоненттерін орнату;

    3. Компонентер касиеттеріне мәндер меншіктеу:




    Компонент

    Қасиет

    Мән

    Мағынасы

    Buttonl
    Memol

    Caption

    Font

    Name

    Align

    ScrollBars

    (белдеуше)

    WordWrap (сөзді тасымалдау)

    Lines

    OK
    TimesKaz, 11

    MmOutput

    AlClient

    SsBoth

    (eKey)

    False

    [TStrings]

    Атау

    Мәтінде қолданылатын шрифт

    Компонентке берілген атау

    Барынша кеңейту

    Memo терезесіне

    белдеушелерді орнату

    Тасымалдауды болдырмау

    Мәтін жолдары

    1. Memol компонентінің Lines қасиетін екі рет шерту. Редак­тор іске қосылып, String list Editor терезесі көрінеді.

    2. Терезеге жоғарыда берілген бір ауыз өленді әдеттегідей енгізу (әр жол теріліп болған соң КҚ клавишін басу керек);

    6. Терезенің ОК түймесін шерту. Өлең форма бетше енгізіліп қойылады (2.15-сурет);

    7. Проектіні сақтау.



    2.15-сурет. Memo1 терезінен көшірілген өлең

    Тармақталу командасы. Құрама оператор

    Тармақталу командасының қысқа және толық нұсқалары бар. Олардың жазылу түрлері:

    1. if P then S // қысқа нұсқа

    2. if P then SI else S2 // толық нұсқа

    мұндағы Р — шарт; S, S1, S2 — орындалуы тиіс сериялар (бір блоктық операторлар). Егер блок бірнеше операторлардан тұрса, олар бір кұрама оператор ретінде қарастырылып, begin-end операторлық жақшалардың ішінде жазылады (мұндағы ескеретін жайт — программа денесі де бір сыртқы блок ретінде қарастырылады):

    if P then begin

    S1

    end

    else begin

    S2

    end;

    Блокқа енгізілген оператор тек біреу болса, оны операторлық жақшаларға алу міндетті емес.

    If (егер) командасының орындалуы стандартты Паскальдағы сияқты: егер шарт орындалса, онда then кілттік сөзінен соң жазылған блок, шарт орындалмаса, else кілттік сөзінен соң жазылған блок орындалады.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


    написать администратору сайта