Главная страница
Навигация по странице:

  • 12 Дәріс. Техникалық регламентерді әзірлеу реті. Техникалық регламентерді қабылдау, өзгерту және кері қайтару реті.

  • 13 дәріс Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және оларға қойылатын талаптар

  • Дәріс №14 Стандарттау категориясы. Стандарттау түрлері.

  • 15 дәріс Тақырыбы: Стандарттаудың негізгі түрлеріне сипаттама. Мемлекеттік стандарттар.

  • 16 Дәріс Тақырыбы: Стандарттауды әзірлеу реті. Стандарттарды жобалауды бекіту, келісу және әзірлеу реті. Стандарттарды басып шығару, безендіру және тіркеу.

  • 17 Дәріс Стандарттарды құрастыру тәртібі. Стандарттардың мазмұнына, құрастырылуына қойылатын негізгі талаптар.Стандарттарға өзгерістер енгізу.Стандарттарды қайта қарау

  • Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау және ақпаратпен қамтамасыз ету

  • Халықаралық, өңірлік және шет мемлекеттердің ұлттық стандарттарын қолдану тәртібі

  • 21 дәріс Тақырыбы

  • курсовая. УММ Стандарттау (30л) ,2015. Пнні ОУдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау жне метрология (салалар бойынша) мамандыы бойынша Стандарттау пнінен ОУдістемелік материалдар


    Скачать 0.82 Mb.
    НазваниеПнні ОУдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау жне метрология (салалар бойынша) мамандыы бойынша Стандарттау пнінен ОУдістемелік материалдар
    Анкоркурсовая
    Дата02.06.2022
    Размер0.82 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаУММ Стандарттау (30л) ,2015.doc
    ТипДокументы
    #565910
    страница3 из 13
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

    Техникалық регламенттер Техникалық регламентті қабылдаудағы мақсат.Техникалық регламенттің түрлері.Жалпы техникалық регламенттер.Арнайы техникалық регламенттер.

    Дәрістің мазмұны:

    1 Техникалық регламенттер жөнінде жалпы мәліметтер

    2 Техникалық регламенттердің мазмұны
    1 Техникалық регламенттер Техникалық реттеу заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсатта әзiрленедi және қолданылады.

    Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар мiндеттi болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады және техникалық реттеу саласындағы тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу арқылы өзгертiлуi мүмкiн.

    Техникалық регламенттерде айқындалған талаптар, Қазақстан Республикасының аумағына жануарлар мен өсiмдiктер не олардың өңделген өнiмдерi арқылы тарайтын аурулардың кiруiн болғызбауға бағытталған санитарлық және фитосанитарлық шараларды белгiлеу мен қолдануды қоспағанда, өнiмнiң шыққан елiне және (немесе) шыққан орнына қарамастан, бiрдей әрi тең дәрежеде белгiленедi және қолданылады.

    Қажеттiк өлшемдерi, санитарлық және фитосанитарлық шаралардың талаптары мен рәсiмдерi осындай өнiмнiң барлық процестерiнде одан келетiн зиянның нақты ғылыми негiзделген қауiп-қатер деңгейiне негізделедi.

    Процестерге қойылатын техникалық регламенттерде айқындалған талаптар Техникалық реттеу заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жетуге әсер ете алатын жағдайда ғана белгiленедi және қолданылады.

    Техникалық регламенттерде белгіленген талаптар кәсiпкерлiк қызмет үшiн Техникалық реттеу заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарды орындауға қажет деңгейден артық кедергі тудырмауға тиiс.

    Техникалық регламент мемлекеттiк саясат мүдделерiне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес келмейтiн жағдайда уәкiлеттi орган мұндай нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою немесе оған өзгерiстер енгізу рәсiмiн бастауға мiндеттi.

    Техникалық регламентте оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмi мен өтпелi кезең уақыты белгiленетiн шарттары көзделуге тиiс, бұл кезең iшiнде техникалық регламентті қолданысқа енгiзуге, нормативтiк немесе техникалық құжаттаманы әзiрлеуге және (немесе) түзетуге арналған мәселелер, сондай-ақ өнiм шығаруға байланысты мәселелер ескерiлуге тиiс.

    Өнімді өндіру кезінде үйлестірілген стандарттар пайдаланылған болса, техникалық регламенттердің талаптары орындалған болып саналады.

    Өнімді өндіру кезінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптар мен нормалардың орындалуы қамтамасыз етілетін жағдайларда өзге де стандарттарды пайдалануға болады.

    2Техникалық регламенттердің мазмұны

    Техникалық регламенттер зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ең төменгi қажеттi талаптарды белгiлейдi.

    Техникалық регламентте:

    1) оның талаптары қолданылатын өнiмнiң, процестердiң толық қамтылған тiзбесi;

    2) техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына жетудi қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң сипаттамаларына қойылатын талаптар болуға тиiс.

    Техникалық регламентте өнiмнiң сынамаларын iрiктеу және оны сынақтан өткiзу ережелерi, сәйкестiктi растаудың ережелерi мен нысандары (оның iшiнде сәйкестiктi растау схемалары) және (немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгi жапсыруға және оларды түсiру ережелерiне қойылатын талаптар болуы мүмкiн.

    Техникалық регламентте, келтiрiлетiн зиянның деңгейi ескерiлетiн, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптардың болмауы салдарынан Техникалық реттеу заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жету қамтамасыз етiлмейтiн жағдайларды қоспағанда, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптар болмауға тиiс.

    Егер шет мемлекеттердiң, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың нормалары мен стандарттары Техникалық реттеу заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкес келсе, олар техникалық регламенттерді әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе iшiнара қолданылуы мүмкiн.

    Ұзақ пайдаланған кезде жол берiлетiн қауiп-қатер деңгейiн анықтауға мүмкiндiк бермейтiн факторларға байланысты зиян келтiруi мүмкiн өнiмге қойылатын талаптарды айқындау мүмкiн болмаған жағдайда, техникалық регламентте тұтынушыны өнiмнiң ықтимал зияны туралы және оған байланысты факторлар туралы хабардар етуге қатысты талаптар болуға тиiс.

    Техникалық регламенттерде зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, техникалық реттеу объектiлерiне:

    1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандарды, жүктi әйелдердi, бала емiзетiн аналарды, мүгедектердi) қорғауды қамтамасыз ететiн;

    2) егер мұндай талаптардың болмауы климаттық және географиялық ерекшелiктерге байланысты Техникалық реттеу заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жете алмауға әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнде қолданылатын;

    3) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адам өмiрi мен денсаулығына, Қазақстан Республикасының және басқа да iргелес мемлекеттердiң қоршаған ортасына қауiп төндiретiн трансшекаралық қауiптi өндiрiстiк объектiлерге қойылатын арнайы талаптар болуы мүмкiн.

    Өнімнің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар техникалық регламенттерде ғана белгіленеді.

    Техникалық регламентті әзiрлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және оның күшiн жою ерекшелiктерi

    Техникалық регламент, техникалық регламентке өзгерiстер және (немесе) толықтырулар осы Заңның ережелерiн ескере отырып, белгiленген тәртiппен әзiрленедi, қабылданады және күшiн жоюға жатады.

    Техникалық регламенттерді әзiрлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшiн жою жөнiндегi ұсыныстарды құзыретiне мiндеттi ережелер мен нормаларды белгiлеу кiретiн мемлекеттiк органдар стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң, мүдделi тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және уәкiлеттi органға ұсынады.

    Уәкілетті орган техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспардың жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін ұсынады. Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі бекітілген жоспар бекітілген күннен бастап бір ай ішінде жариялануға тиіс.

    Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарда көзделмеген техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.

    Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган жобаны, нормативтiк құқықтық актiге өзгерiстер мен толықтыруларды немесе оның күшiн жоюды әзiрлей бастаған кезден бастап бiр айдан кешiктiрмей, ресми басылымға және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе оның күшiн жою туралы белгіленген нысанда хабарлама бередi.

    Егер техникалық регламентте белгiленген талаптар тиiстi халықаралық стандарттардың талаптарына сай келмесе немесе тиiстi халықаралық стандарттар жоқ болса немесе техникалық регламентте белгiленген талаптар өнiмнiң Қазақстан Республикасына импортының немесе Қазақстан Республикасынан экспортының жағдайларына әсер етуi мүмкiн болса, техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган уәкiлеттi орган арқылы:

    1) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт қолданылатын өнiм тiзбесi, актiнiң мақсаты мен оны әзiрлеу қажеттiгi туралы хабарлайды;

    2) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi немесе мазмұны халықаралық стандарттар талаптарына сай келмейтiн нормаларын көрсете отырып, оның көшiрмесiн мүдделi тараптардың және шет мемлекеттердiң сауал салуы бойынша табыс етедi.

    Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған кезден бастап оның жобасы мүдделi тараптардың танысуы үшiн қолжетiмдi болуға тиiс.

    Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган:

    1) жобаны жария талқылауды ұйымдастырады;

    2) алынған ескертпелердi есепке ала отырып жобаны пысықтайды және оны уәкiлеттi органның ресми басылымына және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге орналастырады;

    3) техникалық регламенттің жобасына алынған ескертпелердi мүдделi тараптарға олардың сауал салуы бойынша бередi.

    Техникалық регламенттің жобасын жария талқылау мерзiмi (оны әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарландыру жарияланған күнге дейiн) кемiнде күнтiзбелiк алпыс күн болуға тиiс.

    Техникалық регламенттің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға тиiс және онда жобамен және алынған ескертпелердiң тiзбесiмен танысу тәсiлi, техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк органның атауы, оның почта және электрондық мекен-жайы туралы ақпарат болуға тиiс.

    Техникалық регламент жобасының түпкiлiктi редакциясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қабылдау үшiн ұсынылады.

    Техникалық регламентті қабылдау күнi мен қолданысқа енгізу немесе күшiн жою күнi аралығында оның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру үшiн қажеттi уақыт кезеңi көзделуге тиiс.

    Техникалық регламентті төтенше жағдайларға (адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе ұлттық қауiпсiздiкке тiкелей қауiп төнуiне) байланысты әзiрлеу, қабылдау және қолданысқа енгiзу қажет болған кезде техникалық регламент жария талқылаусыз қабылданады.

    Техникалық регламентті қабылдау туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға, сондай-ақ Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығына жолдануға тиiс.

    Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

    1Техникалық регламенттің маңызы?

    2 Техникалық регламенттердің қолданылу саласы?
    Ұсынылатын әдебиет:

    1 Техникалық регламент.

    2 «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы.2000ж.


    12 Дәріс.

    Техникалық регламентерді әзірлеу реті. Техникалық регламентерді қабылдау, өзгерту және кері қайтару реті.

    Техникалық кедергілерді жоюға қатысты программалардың негізін Үкіметтің шаруашылық субъектілерінің рыноктағы жұмыс ретін ұйымдастыруға бағытталған техникалық реттеу шеңберіндегі іс-қимылдары құрайды. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес техникалық реттеу — санитарлық және фитосанитарлықшараларды қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу және белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі қызметті қоса алғанда, өнімге, көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды анықтауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтік реттеу. Қазақстанда техникалық реттеудің халықаралық жүйесіне ауысудың алғашқы қадамдары 1999ж. СТБ (саудадағы техникалық бөгеттер) негізгі талаптары мен «техникалық регламент» түсінігі енгізілген ҚР «Стандарттау туралы» заңының қабылдануымен байланысты. Қазақстанның техникалық нормалаудың халықаралық жүйесіне техникалық регламенттер арқылы өту жағдайларын қарастыратын мемлекеттік стандарттаудың 2005 жылға дейінгі даму Концепциясы құрастырылды. Техникалық нормалау бойынша жұмыс «Техникалық заңнама» ТК үйлестіріледі. 2003ж. ҚР «Стандарттау туралы», «Сертификаттау туралы» заңдарына енгізілген өзгерістер стандарттау және сертификаттаудың мемлекеттік жүйелерінің әрекеттегі халықаралық ұқсас жүйелермен ары қарай жақындасуына бағытталған. «Техникалық реттеу» -өнімдерге, процестерге, сәйкестілікті нақтылау бойынша әрекетке, аккредиттеу мен мемлекеттік бақылауға, бекітілген талаптардың орындалуы бойынша қойылатын міндетті және ерікті талаптардың бекітілу, қолданылу және орындалуы саласындағы қатынастардың құқықтық және нормативті реттелуі. Әрекеттегі техникалық реттеу жүйесінің 75-жылдық тарихы бар. Осы кезеңде 50 мыңнан астам нормативті акттер: мемлекеттік және салық стандарттары, техникалық шарттар құрылды. Өндірістік дамыған елдердегі техникалық реттеу жүйесі өнімге қойылатын талаптарды екі бөлікке бөледі: біріншісі –мемлекет жауап беретін қауіпсіздік, екіншісі –талаптарын нарық қоятын, қауіпсіздікке еш қатысы жоқ, өнімнің тұтынушылық сапасы. «Техникалық реттеу туралы» заңда екі деңгейлі жүйені құру қарастырылады: Парламент және Үкімет деңгейінде қабылданатын, өнімнің жеке топтарына, әсер ету факторларына қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің жалпы міндетті талаптары шоғырланған нормативті құқықтық акттер (техникалық регламенттер) және ерікті стандарттар немесе басқа нормативті акттер. Техникалық заңнама – техникалық объектілерге: өнімге, оның өмірлік циклі процестеріне, қызмет көрсетуге және қойылған талаптардың сақталуын тексеруге қатысты талаптарды регламенттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. 2004 жылдың 9 қарашасында қабылданып, 2005 жылдың 14 мамырынан қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының « Техникалық реттеу тұралы» Заңы 1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданған «Стандарттау туралы» және «Сертификаттау туралы» Заңдарының күшін жойды. Техникалық реттеу жүйесін реформалаудың негізгі мақсаты, ол адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, соның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғаудың нәтижелі жүйесін құру және саудада қисынсыз, артық кедергілерді болдырмау. Ол үшін мына шаралар көзделеді: • Өнімнің ерікті стандарттарын міндетті техникалық регламенттерден бөлу (өмір мен денсаулықты қорғауға қатысы барларын) • Ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен ең жоғары деңгейде үйлестіру; • Сәйкестікті растау жүйесін ымырышылдандыру және әрір мүмкін жағдайда сәйкестікті ерікті растау сызасын еңгізу; • Тәуелсіз және алаламайтын аккредиттеу жүйесін құру; • Қазақстанның сәйкестік сертификатының шетелдік нарықта мойындалуына қол жеткізу. Практика тұрғысынан Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңын қабылдауға қандай ішкі және сыртқы себептер ұйықты болғанын білу маңызды. Мұндай себептердің бастылары мыналар: • бірінші жағдай – елдің техникалық заңдылықтарын дамыған шет елдердің заңдылықтарына мүмкіндігінше үйлестіру. Тек қана осындай үйлестіру арқылы еліміздегі бизнес қазіргі замандағы экономикалық кеңістікке кіре алады және барлық болып жатқан өзгерістерге дер кезінде құлақ асып, бәсекелестікке дайын болуға тырысадыү • екінші жағдай – кәсіп иелерінің талпынысы мен азаматтық бизнесіне мемлекет тарапынан қойылатын артық әкімшілік кедергілерді болдырмау. Стандарттарда келтірілген санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыс нормалары мен ережелері және т.б. өте көлемді және нашар реттелген міндетті талаптар кәсіп иелерінің жұмысын шектейді. Халықаралық тәжірибеде стандарттар ерікті құжаттар түрінде қарастырылады да, негізгі талаптар «техникалық регламент» деп аталатын бір құжатта шоғырланады. Стандарттар техникалық регламенттерде, оларға сілтемелер жасалғанда ғана міндетті түрде орындалуға тиісті, өйткені олар өнімнің, қызмет көрсетудің техникалық регламенттерде белгіленген нормалары мен талаптарына сәйкестігін дәлелду негізі ретінде қарастырылады. Техникалық регламенттің мысалы ретіеде Еуропа Одағының заңнамаларын келтіруге болады. Еуропа Одағында стандарттар ерікті түрде болғанымен, қолданыстағы техникалық реттеу жүйесі олардың орындалмауына жол бермейді және Бұл жағдай өнімдер мен қызмет көрсетудің басым үлесін қамтиды. Мысалы, Еуропа Одағында техникалық реттеумен өнімнің 75%-ы қамтылған.

    Техникалық реттеу объектілері- өнім, көрсетілген қызмет, үдерістер (процестер). Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектілеріне қатысты пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылады. Техникалық реттеудің асты элементтері: • өнімге және өнімнің өмірлік цикліне қатысты процестерге міндетті талаптарды белгілеу, қолдану және орындау. • Өнімге, өнімнің өмірлік цикліне қатысты процестерге, қызмет көрсетуге ерікті негіздегі талаптарды белгілеу және қолдану. • Сәйкестікті бағалау шеңберінде құқықтық реттеу. Бірінші элемент метрология ережелеріне метрология ережелеріне техникалық регламенттерді қабылдау және қолдану арқылы, екінші элемент стандарттау арқылы, ал үшінші элемент сәйкестікті бағалау арқылы жүзеге асырылады. 1. Техникалық регламенттер туралы түсініктеме. Техникалық реттеудің басты мақсаты – техникалық регламенттерді қабылдау. Техникалық регламент – өнімдерге және олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңнамасына сәйкез өзгерленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт. Техникалық регламенттерді қаылдау мақсаттары: • Адам өмірі мен денмаулығын, жеке немесе заңды тұлғалардың мүліктерін, мемлекеттік және муниципалдық мүліктерді қорғау; • Қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау; • Өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауыпсіздігіне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу; • Саудадағы техникалық кедергілерді жою; • Отандық онімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; • Табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу.

    13 дәріс

    Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және оларға қойылатын талаптар

    Дәрістің жоспары:

    1 Жалпы сипаттамасы

    2 Стандарттар категорияларының сипаттамалары
    Стандарттау жұмыстарын жүзеге асыру барысында стандарттау нысандарына тиісті нормалар, талаптар, ережелер, сипаттар қалыптастырылады. Аталғандар (талаптар және т.б.) нормативтік құжат түрінде өңделеді.

    ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға келесілер жатады:

    1) халықаралық стандарттар;

    2) өңiрлiк стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар;

    3) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi;

    4) ұйымдар стандарттары;

    5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары;

    6) шет мемлекеттердiң стандарттары, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштері, стандарттау жөнiндегi қағидалары, нормалары мен ұсынымдары;

    7) үкіметтік емес стандарт;

    8) консорциум стандарты;

    9) алдын ала ұлттық стандарт жатады.

    Ұйым стандарттарын, консорциум стандарттарын және әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттарды қоспағанда, осы бапта көрсетілген стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың ресми басылымдарын таратуды қызметінің негізгі нысанасы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау болып табылатын стандарттау жөніндегі ұйымдар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.

    Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қорын уәкілетті орган мен мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде құрады.

    Мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, техникалық реттеу саласында әзірленетін және қабылданатын нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік, ұлттық, халықаралық, өңірлік стаидарттар мен техникалык-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, ұйымдар стандарттары және стандарттау жөніндегі ұсынымдар туралы ресми акпарат, сондай-ақ көрсетілген қүжаттар пайдаланушыларға қолжетімді болуға тиіс.

    Стандарттарды және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі нормативтік қүжаттарды, стандарттар каталогтары мен сілтемелерін басып шығару және пайдаланушыларды олармен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

    Мемлекетаралық стандарттар (ГОСТ) ТМД мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі мемлекетаралық техникалық комитеттермен (МТК) әзірленеді және міндетті және/ немесе ұсынылатын талаптарды тағайындауы мүмкін.

    Мемлекетаралық стандарттарды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес (МГС), ал құрылыс саласында арнайы стандарттау, техникалық нормалау және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық ғылыми- техникалық Комиссия қабылдайды.

    Мемлекетаралық стандарттар қабылдаудан өткеннен кейін стандарттар жөніндегі Бюрода тіркеледі. Бюро Минск (Беларусь Республикасы) қаласында орналасқан.

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын мемлекеттік басқару органдары, заңды тұлғалар, стандарттау жөніндегі комитеттер әзірлейді. Стандарттарды әзірлеуге өнімнің технологиясын әзірлеуші, шығарушы және тұтынушылардың өкілдері, ғылыми-техникалық және инженерлік қоғамдар, тұтынушылар қоғамдарының өкілдері, Комитеттің мамандары шақырылуы мүмкін.

    Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және оның күшін жою тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

    Мемлекеттік стандарттар:

    1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің жалпы ұйымдастыру-әдістемелік ережелерін белгілейтін, негізге алынатын стандарттар;

    2) өнімнің, көрсетілетін қызметтің біртекті топтарына, қажет жағдайда нақты өнімге, көрсетілетін қызметке қойылатын талаптарды белгілейтін өнімге, көрсетілетін қызметке арналған стандарттар;

    3) процестерге арналған стандарттар;

    4) өнімді, көрсетілетін қызметті, процестерді бақылау әдістеріне арналған стандарттар болып бөлінеді.

    Негізге алынатын мемлекеттік стандарттарды уәкілетті органның кәсіпорындары әзірлейді.

    Мемлекеттік стандарттар өнімнің, көрсетілетін қызметтің шығарылған жеріне қарамастан, ерікті негізде тең дәрежеде қолданылады.

    Қазақстан Республикасының техникалық-экономикалық ақпаратының мемлекеттік жіктеуіштері- экономика салаларында қолданылатын және есепке алынуға тиіс техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуге және код қоюға жатады.

    Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерінің тізілімін уәкілетті орган жүргізеді.

    Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және оларға код қою жүйесін құру мен оның қызметіне бақылау жасау жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді уәкілетті орган белгілейді.

    Қазақстан Республикасындағы ұйымдар стандарттары және стандарттау жөніндегі ұсынымдар.

    Ұйымдар стандарттарын мемлекеттік техникалық реттеудің мақсаттарына жету үшін ұйымдар өздері дербес әзірлейді және бекітеді.

    Ұйымдар стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару тәртібін оларды бекітетін ұйымдар дербес белгілейді.

    Ұйымдар стандарттары қолдану үшін ерікті сипатта болады және техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс.

    Ұсынымдар стандарттау, өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар жүргізуге қатысты, қолданылу үшін ерікті ұйымдастыру-әдістемелік ережелерін қамтиды.

    Ұсынымдардың жасалуына, ресімделуіне, мазмүнына, баяндалуына, оларды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолдану тәртібіне қойылатын талаптарды оларды бекітетін ұйым белгілейді.
    Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

    1 Қазақстанда қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға қайсылар жатады?

    2 Мемлекеттік стандарттарды әзірлеудің неше кезеңі бар?

    3 Ұйым стандарттарын кім әзірлейді және бекітеді?

    4 Ұсынымдар мен ережелер дегеніміз не?

    5 Мемлекетаралық стандарттар Қазақстан аумағында қалай таралады?

    Ұсынылатын әдебиеттер:

    1 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (29.12.2014 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)

    3 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б.
    Дәріс №14

    Стандарттау категориясы.

    Стандарттау түрлері.
    Қолдану аясына байланысты ажыратылатын стандарттар стандарт категориясы деп аталады. Стандарттар мынадай категорияларға бөлінеді:

    - мемлекеттік стандарттар – ҚР СТ;

    - халықаралық стандарттар – ИСО;

    - мемлекетаралық стандарттар - ГОСТ;

    - ұйымдар стандарттары;

    - ұлттық стандарттар;

    - шетел мемлекеттері ұйымдарының стандарттары.

    ҚР мемлекеттік стандарты (ҚР СТ) – міндетті және (немесе) ұсынылатын талаптары бар және тұтынушылардың кең шеңберіне түсінікті стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уәкілетті орган бекіткен стандарт.

    Мемлекеттік стандарттар өнімдерге, үрдістерге (жұмыстар), көрсетілетін қызметке, ұйымдастырушылық-әдістемелік және жалпытехникалық сипаттағы нормалар және талаптарға даярланады, мысалы: стандарттау бойынша жұмысты ұйымдастыру; өндіріске өнімді даярлау және қою; техникалық, басқарушылық, ақпараттық-библиографиялық құжаттамаларды ресімдеу тәртіптері; метрологиялық жалпы ережелер және т.б.

    Мемлекеттік стандарттарда дәстүрлі технологиялардың мүмкіндіктерін басып озатын, отандық өнімдер, үрдістер, көрсетілетін қызметтердің бәсекелестігінің болашағын қамтамасыз ететін алдын ала талаптар белгіленеді.  Өнімдердің, үрдістердің, қызмет көрсетудің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоршаған ортаны, азаматтардың өмірін, денсаулығын және мүліктерін қорғауға арналған, техникалық және ақпараттық сәйкестікті, өнімдердің өзара алмастырылуын қамтамасыз етуге арналған, оларды бақылау әдістерінің бірыңғайлығы және таңбалаудың бірыңғайлығы үшін мемлекеттік стандарттармен белгіленген талаптар мемлекеттік басқару органдарымен, жекеменшіктің формасына қарамай жеке және заңды тұлғалармен сақталуы міндетті деп табылады.

    Өнімдердің, үрдістердің, көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарына сай болуы ҚР Заңнамасы белгілеген ережелер бойынша анықталады.

    Мемлекеттік стандарттар мемлекеттік басқару органдарымен, уәкілетті тұлғалармен, стандарттау бойынша техникалық комитеттермен даярланады.

    Стандарттаудың мемлекеттік жүйесінің Реестрінде тіркелмеген мемлекеттік стандарттар қолдануға жарамсыз деп саналады.

    Мемлекеттік стандарттың белгіленуі индекстен (ҚР СТ), тіркеу нөмірінен және сызықшамен бөлінген қабылданған жылдың соңғы екі санынан тұрады. Тіркеу нөміріндегі алдыңғы нүктелі сандар стандарттар кешенінің (жүйесін) шифрын анықтайды.

    Халықаралық және аймақтық, шетел мемлекеттерінің ұлттық стандарттарын ҚР мемлекеттік стандарттары ретінде қолданудың қажетті шарттары: ҚР стандарттау, метрология және аккредитация бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдарға мүше болуы; ҚР және шетел мемлекеттері арасында стандарттау облысы бойынша әріптестік туралы екіжақты (көпжақты) келісім-шарттың болуы.

    Халықаралық стандарт – стандарттау бойынша халықаралық ұйыммен қабылданған және тұтынушыларға кеңінен түсінікті стандарт.

    Халықаралық стандарттарды құру бойынша тікелей жұмыстарды техникалық комитеттер жүргізеді.

    Стандарттау бойынша халықаралық ұйым – оған мүшелік әрбір елдің стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша сәйкес мемлекеттік органы үшін ашық стандарттау бойынша ұйым. 

    ИСО ресми тілдері – ағылшын, француз, орыс тілдері. Орыс тіліне ИСО стандарттарының 70% жуығы аударылған. ИСО әділетті және адал ұйым ретінде әлемдік беделге ие, халықаралық ең ірі ұйымдар ішінде мәртебесі жоғары.

    Халықаралық стандарттау – барлық елдердің сәйкес органдарының қатысуына ашық стандарттау.

    Мемлекетаралық стандарт – міндетті және (немесе) ұсынылатын талаптары бар және олармен тікелей қолданылатын стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекетаралық Кеңеспен қабылданған немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерін құрудағы стандарттау және техникалық нормалау бойынша мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссиямен қабылданған стандарт.

    Мемлекетаралық стандарттау – мемлекетаралық мүддені көрсететін объектілерді стандарттау.

    Ұсынылатын талаптары бар мемлекетаралық стандарттарды қолдану, егер республикада қолданылатын талаптар, техникалық сипаттағы нормалар және ережелері бар техникалық регламенттерде оған сілтемелер бар болса,  міндетті болып табылады.

    ҚР мемлекетаралық стандарттарды қолданысқа енгізу стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уәкілетті органның қаулысымен жүзеге асады. Мемлекетаралық стандарттар ҚР мүше болып табылатын стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекетаралық Кеңес қабылдаған ережелерге сәйкес қолданылады.

    Ұйым стандарты – жеке немесе заңды тұлғамен даярланған нақты бір өнімге, үрдіске (жұмыс), қызмет көрсетуге талаптар белгілейтін және сол жеке немесе заңды тұлға қолданатын стандарт.

    Ұйым стандарттары өнімге, қызмет көрсетуге, үрдіске даярлануы мүмкін. Ұйым стандарттарын даярлаушылардың өздері бекітеді. Ұйым стандарттары ҚР қабылданған стандарттар және техникалық регламенттердің міндетті талаптарына қайшы келмеуі керек. Белгіленген міндетті талаптарды сақтамағаны үшін оны бекіткен жеке және заңды тұлғалар жауапқа тартылады. Ұйым стандарттарын даярлаудағы жалпы ережелер, келісімдер, бекітулер және тіркеу стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекеттік уәкілетті органмен белгіленеді.

    Шетел мемлекеттері ұйымдарының стандарттарын қолдану көрсетілген стандарттарды қолдануға рұқсат беретін, олардың түпнұсқасын ұстайтын ұйымдармен келісім-шарт (рұқсат) негізінде жүзеге асырылады.

    Негiзгi алынатын стандарт — нақтылы облыс үшiн ортақ немесе басшылық етушi жағдай болатын нормативтiк құжат. Әдетте оны қалай стандарт болғанын қолданылады немесе, немесе негiзiнде басқа стандарттар өндей алатын әдiстемелiк құжат.Терминологиялық стандарт — олардың қолдануының мысалдары және тағы басқалар анықтау термин болатын нормативтiк құжат.

    Стандарттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

    • өнімге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетулерге нормалар, ережелер мен сипаттамалар белгілеу;

    • өнім, процестер, көрсетілген қызметтердегі адамдар өмірі, денсаулығы, мүліктер үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету.

    • өнімнің техникалық және ақпараттық сыйысымдылығын, сондай-ақ өзара алмасымдылығын қамтамасыз ету;

    • өнімнің, процестердің, қызмет көрсетулердің сапасын ғылыми-техникалық даму деңгейімен сәйкестендіру және сапамәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;

    • өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету;

    • ресурстардың барлық түрін сақтау және ұтымды пайдалану;

    • елдің қорғаныс қабілеті мен жұмылдырушылық әзірлігін қамтамасыз ету;

    • табиғи және техногенді апаттар мен басқа да төтенше жағдайлардың туындау қаупін ескере отырып, шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар - стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжаттар. Стандарт - уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат. Қолдану өрісіне байланысты стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар әр түрлі санаттарға бөлінеді: халықаралық стандарттар, өңірлік стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, ұйымдар стандарттары, Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары, шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары жатады. 

    15 дәріс

    Тақырыбы: Стандарттаудың негізгі түрлеріне сипаттама. Мемлекеттік стандарттар.
    Дәрістің жоспары:

    1 Негізге алынатын стандарттардың түрлері

    2 Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің стандарттары

    3 Бақылау (сынау, өлшеу, талдау) әдістерінің стандарттары

    4 Процестер стандарттары
    1 Стандарттау нысандарының ерекшеліктеріне және тағайындалатын талаптардың мазмұнына байланысты стандарттардың төмендегі түрлері әзірленеді:

    1. негізге алынатын стандарттар;

    2. өнімдер мен көрсетілетін қызметтер стандарттары;

    3. бақылау (сынау, өлшеу, талдау) әдістерінің стандарттары;

    4. процестер стандарттары.

    Негізге алынатын стандарттар мыналарды тағайындайды:

    • белгілі әрекеттер саласы үшін жалпы ұйымдастыру - әдістемелік жағдайларды;

    • өнімді, процестерді (жұмыстарды) және көрсетілетін қызметтерді әзірлеу және пайдалану процестерінде әртүрлі ғылым, техника және өнімдердің өзара байланысын, техникалық бірегейлігін және өзара түсінушілігін қамтамасыз ететін жалпы талаптар, нормалар мен ережелерді;

    • басқа да жалпы жехникалық талаптарды.

    Кең түсінігі бойынша негізге алынатын стандарттардың нысандары болып мемлекеттік және салааралық маңызы бар нысандар: мемлекеттік стандарттау жүйесі, мемлекеттік сертификаттау жүйесі, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі, конструкторлық құжаттардың бірдей жүйесі (ЕСКД), өлшем бірліктері, салааралық маңызы бар терминдер мен анықтамалар (сапаны басқару, сенімділік, буып түю) және т.б. табылады.

    Тар мағынадағы түсінігі бойынша негізге алынатын стандарт нақты жүйенің стандарттар комплекстерінде жалпы ережелерді анықтаушы стандарт болып табылады. Мысалы: ҚР СТ 1.0 – 2000 «ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Негізгі ережелер».

    Негізге алынатын стандарттарды былай бөлуге болады:

    а) ұйымдастыру-әдістемелік стандарттар. Бұлар белгілі салада жұмыстарды жүргізу жөніндегі жалпы ұйымдастыру-әдістемелік ережелерді тағайындайды. Мысалы: ҚР СТ 1.2 – 2000 «ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу тәртібі»; СТ РК 1081 – 2002 «Тағамдық өнімдеріне технологиялық ңұсқаулар мен рецептуралар әзірлеу тәртібі. Негізгі шарттар».

    б) жалпа техникалық стандарттар. Бұлар тағайындайды:

    • ғылымда, техникада, өндірісте көп мәрте қайталанатын ғылыми-техникалық терминдерді (мысалы, ГОСТ 16263- 70 «ГСИ. Метрология. Термины и определения»);

    • әртүрлі стандарттау нысандарының шартты белгілерін – кодтарын, символдарын, таңбаларын ( мысалы, ГОСТ 14192- 96 «Маркировка грузов», СТ РК 1003 – 98 «Сплавы на основе благородных металлов ювелирные. Марки»;

    • әртүрлі құжаттарды құру, баяндау, өндеуге және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды (мысалы, СТ РК 1.5 – 2000 «ГСС РК. Общие требования к построению, изложению, оформлению и содержанию стандартов»);

    • техникалық қамтамасыз етуге қажетті жалпы техникалық шамалар, талаптар және нормаларды (үйлесімді сандар, параметрлік және өлшемдік қатарлар, өлшем құралдарының дәлдік кластары және т.б.). Мысалы, ГОСТ 8.417 – 81 «ГСИ. Единицы физических величин»;

    • сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын (мысалы, СТ РК 1043 – 2001 «Машины для борьбы с ветровой эррозией. Номенклатура показателей качества»);

    • техникалық эстетика және эргономика талаптарын;

    • қауіпсіздік талаптарын (мысалы, СТ РК 12.002 – 2002 «Система стандартов безопасности труда. Процессы производства. Овцеводство. Требования безопасности») және т.б.

    2 Өнімнің (көрсетілетін қызметтің) стандарты біртекті өнімдер (көрсетілетін қызметтер) топтарына немесе нақты өнімге (көрсетілетін қызметке) талаптар тағайындайды.

    Өнімге төмендегі стандарттар түрлері әзірленеді:

    а) жалпы техникалық шарттар стандарты - біртекті өнімдер (көрсетілетін қызметтер) топтарына талаптар тағайындайды (мысалы, СТ РК 1061 – 2002 «Продукты кисломолочные. Общие технические условия», СТ РК 1040 – 2001 «Условия транспортные по пассажирским перевозкам. Общие технические условия»;

    б) техникалық шарттар стандарттары – нақты өнімге (көрсетілетін қызметке) талаптар тағайындайды. Мысалы, СТ РК 982 – 95 «Кефир. Технические условия», СТ РК 1095 – 2002 «Волокно хлопковое. Технические условия».

    Аталған стандарттар, мысалы өнім стандарттары, әдетте, төмендегі бөлімдерден құралады:

    • жіктелуі;

    • негізгі параметрлері және/ немесе өлшемдері;

    • техникалық (жалпы техникалық) талаптар;

    • қабылдау ережелері;

    • таңбалау, буып- түю, тасымалдау, сақтау;

    в) жалпы техникалық талаптар стандарттары жалпы техникалық шарттар стандартының бір ғана бөлімінен құралатын тар арнаулы стандарттар (мысалы, СТ РК 37 – 98 «Вышивка машинная и ручная. Общие технические требования»;

    г) техникалық талаптар стандарттары - техникалық шарттар стандартының бір ғана бөлімінен құралатын тар арнаулы стандарттар (мысалы, ГОСТ 20902 – 95 «Столы обеденные школьные. Функциональные размеры»; ГОСТ 20809 – 75 «Патроны охотничьи. Типы и основные размеры»).

    3 Бақылау әдістерінің стандарттары өнімді, көрсетілетін қызметті әзірлеу, сертификаттау, пайдалану кезінде сынақ, өлшеу, талдау жүргізу әдістерін тағайындайды (мысалы, СТ РК 1049 – 2001 «Премиксы. Методы анализа»).

    Стандарттарда тағайындалатын бақылау әдістері объективті, дәл, нәтижелердің ұдайы қайталануын қамтамасыз ететіндей болуы керек.

    Әр әдіс үшін оны жүзеге асырудың ерекшеліктеріне қарай мыналарды тағайындайды:

    • сынау құралдарын, көмекші құралғыларды, реактивтерді, материалдарды;

    • сынақ жүргізуге дайындалу тәртібін;

    • сынақ жүргізу тәртібін;

    • сынақ нәтижесін өңдеу тәртібін;

    • сынақ нәтижесін көрсету тәртібін;

    • сынақтың жіберілетін қателігін.

    Стандарттың арналуы тар болуы мүмкін – бір ғана сапа көрсеткішін тексеру (мысалы, таза жүн және жартылай жүннен жасалған материалдардың буды өткізгіш қабілетін анықтау әдісінің стандарты), немесе арналуы кең – көрсеткіштер комплексін тексеру болуы мүмкін (жібек және жартылай жібектен тігілген даналап саналатын өнімдерді сынау әдістерінің стандарты).

    Сертификаттау тәжірибесі аралас турлі стандарттарды - өнім мен бақылау әдістерінің стандарттарын, атап айтқанда, өнімге (көрсетілетін қызметке) қауіпсіздік талаптар мен қауіпсіздікті бақылау әдістерінің стандарттарын әзірлеудің қажеттілігін білдіріп отырады (мысалы, ГОСТ 25779 – 90 «Игрушки. Общие требования к безопасности и методы контроля»).

    4 Процестер (жұмыстар) стандарттары өнімнің (көрсетілетін қызметтің) өмірлік циклының жеке кезеңдерінде әртүрлі жұмыстарды орындау әдістеріне (тәсілдеріне, амалдарына, режимдеріне, нормаларына) талаптар тағайындайды. (Өнімнің өмірлік циклының негізгі кезеңдері: әзірлеу, шығару, сақтау, тасымалдау, қолдану, т.б.). Мысалы ГОСТ 26907 – 86 «Сахар. Условия длительного хранения», ГОСТ 7995 – 79 «Мясо. Разделка говядины для розничной торговли», СТ РК 1155 – 2002 «Ртутьсодержащие приборы и изделия. Вакуум- термическая утилизация».

    Процестер (жұмыстар) стандарттарына технологиялық операцияларды жүргізу кезінде адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаны қорғауға талаптарын енгізуі керек.

    Қазіргі күні сапа менеджменті жүйелері шегінде басқару процестерінің - құжаттарды сатып алуды, кадрларді дайындауды және т.б. басқару процестерінің стандарттары үлкен маңыз алып отыр. Басқару процестері – сапа жүйесі жұмыс кәсіпорындардың ұйым (фирмалық) стандарттарының типтік нысандары болып табылады.

    Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

    1 Негізге алынатын стандарттардың түрлері
    Ұсынылатын әдебиеттер:

    1 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б.

    16 Дәріс

    Тақырыбы: Стандарттауды әзірлеу реті. Стандарттарды жобалауды бекіту, келісу және әзірлеу реті. Стандарттарды басып шығару, безендіру және тіркеу.


    1. Мемлекеттік стандарттар.

    2. Мемлекеттік стандарттарды әзiрлеу



    Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын республикалық стандарттау жөніндегі жоғары ұйым-Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау комитеті бекітеді. Бекіткен кезде стандарттың күшіне енетін уақыты көрсетіледі. Бекітілгеннен кейін мемлекеттік стандарттың индексі беріледі, нөмірі және бекітілген немесе қайта қаралған жылдарының соңғы екі цифрі жазылады.

    1. Мемлекеттік стандарттарды әзiрлеу, келiсу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және оның күшiн жою тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi. 

    1-1. Мемлекеттік стандарттар, егер Қазақстан Республикасының заңдары немесе техникалық регламенттері олар туралы нұсқауларды қамтитын болса, міндетті болып табылады

    2. Мемлекеттік стандарттар: 

    1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң жалпы ұйымдастыру-әдiстемелiк ережелерiн белгiлейтiн, негiзге алынатын стандарттар; 

    2) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң бiртектi топтарына, қажет жағдайда нақты өнiмге, көрсетiлетiн қызметке қойылатын талаптарды белгiлейтiн өнiмге, көрсетiлетiн қызметке арналған стандарттар; 

    3) процестерге арналған стандарттар; 

    4) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi, процестердi бақылау әдiстерiне арналған стандарттар;

    5) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттар болып бөлінеді.

    3. Негізге алынатын мемлекеттік стандарттарды уәкiлетті органның кәсiпорындары әзiрлейдi. 

    4. Шет мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың нормалары мен стандарттары, көзделген мақсаттарға жету үшiн тиiмсiз немесе қолайсыз болып табылатын жағдайларды қоспағанда, олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе ішінара қолданылуы мүмкiн. 

    5) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттар болып бөлінеді.

    3. Негізге алынатын мемлекеттік стандарттарды уәкiлетті органның кәсiпорындары әзiрлейдi. 

    4. Шет мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың нормалары мен стандарттары, көзделген мақсаттарға жету үшiн тиiмсiз немесе қолайсыз болып табылатын жағдайларды қоспағанда, олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе ішінара қолданылуы мүмкiн. 

    17 Дәріс

    Стандарттарды құрастыру тәртібі. Стандарттардың мазмұнына, құрастырылуына қойылатын негізгі талаптар.Стандарттарға өзгерістер енгізу.Стандарттарды қайта қарау.

    № 18 дәріс
    Стандарттарды метрологиялық сараптау.

    № 19 дәріс
    Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау. Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ақпаратпен қамтамасыз ету.

    Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау және ақпаратпен қамтамасыз ету
    Дәрістің мазмұны:

    1 Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау

    2 Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ақпаратпен қамтамасыз ету
    1 Қазақстан Республикасы экономикасының салаларындағы басым бағыттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттерiнiң, жеке және заңды тұлғаларының ұсыныстары негізiндегi стандарттау жөнiндегi жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламалары уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен бекiтiледi. Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеген кезде Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптар, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк және экономикалық дамуының жоспарлары мен ғылыми-зерттеу жұмыстары, жылдық және ұзақ мерзімдi мемлекеттiк және салалық ғылыми-техникалық бағдарламалар ескерiледi. Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстардың бекiтiлген бағдарламалары мен жоспарлары уәкiлеттi органның ресми баспа басылымдарында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жарияланады. Мемлекеттiк стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеу тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.

    2 Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ақпаратпен қамтамасыз етуді техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қоры жүргізеді. Техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттiк қорын уәкiлеттi орган мен мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде құрады. Мемлекеттiк құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық реттеу саласында әзiрленетiн және қабылданатын нормативтiк құқықтық актiлер, мемлекеттiк, ұлттық, халықаралық, өңiрлiк стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, ұйымдар стандарттары және стандарттау жөнiндегi ұсынымдар туралы ресми ақпарат, сондай-ақ көрсетiлген құжаттар пайдаланушыларға қолжетiмдi болуға тиiс. Стандарттарды және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөнiндегi нормативтiк құжаттарды, стандарттар каталогтары мен сiлтемелерiн басып шығару және пайдаланушыларды олармен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады. Құжатты әзiрлеген тұлға әрбiр стандарттың және стандарттау жөніндегі өзге де нормативтiк құжаттың қабылданғаны туралы ақпаратты және олардың бiр данасын уәкiлеттi органға бiрыңғай анықтамалық-библиографиялық деректер базасын құру үшiн жiбередi.

    Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
    1Стандарттау жөнінде қандай жұмыстар жүргізілуде?
    Ұсынылатын әдебиет:
    1«Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы.2000ж.

    2 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.

    3 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000 г. - 465 с.

    4 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под ред. Проф. В.А.Швандера. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 г.- 487 с.

    5 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б.
    № 20 дәріс

    Халықаралық, өңірлік және шет мемлекеттердің ұлттық стандарттарын қолдану тәртібі
    Дәрістің мазмұны:

    1 Шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды қолдану шаралары

    2 Шет мемлекеттердің стандарттарын қолдану әдістері

    1 Қазақстан Республикасының аумағында «Техникалық реттеу туралы» заңында көзделген мақсаттарға сай келетiн халықаралық және өңiрлiк стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, ережелер, нұсқаулықтар мен ұсынымдар, шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөнiндегi ережелерi, нормалары мен ұсынымдары қолданылуы мүмкін. Халықаралық және өңiрлiк стандарттарды, шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттарын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары ретiнде қолдану үшiн:

    - Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарға мүшелiгі;

    - Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында стандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы екi жақты (көп жақты) шарттардың (келiсiмдердiң) болуы қажеттi талап болып табылады.

    - Қазақстан Республикасы мүше болып табылмайтын халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының қолдануы көрсетiлген стандарттарға келiсiм-шарттар мен шарттарда сiлтеме болған жағдайда жүзеге асырылады.

    - Халықаралық және өңiрлiк стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуіштерiн, ережелер мен ұсынымдарды, сондай-ақ шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттарын Қазақстан Республикасының аумағында қолдану тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

    - Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуға тиiс халықаралық өңірлік стандарттар, ұлттық стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға және олармен үйлестiрiлген стандарттарға қайшы келмеуге, сапалық көрсеткіштері бойынша мемлекеттік стандарттардан төмен болмауға және олардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен келiсiлуге тиiс.

    - Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық және өңiрлiк стандарттар мен стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарымен және стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарымен бiрдей әрi тең дәрежеде қолданылады.

    - Шет мемлекеттер ұйымдарының стандарттарын қолдану көрсетiлген стандарттарды қолдануға құқық беретiн олардың түпнұсқасын ұстаушы ұйымдармен жасалған шарттар (рұқсаттар) негiзiнде жүзеге асырылады.

    2 Халықаралық және өңiрлiк стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, ережелер мен ұсынымдарды, сонымен қатар шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттарын Қазақстан Республикасының аумағында қолдану тәртібін ҚР СТ 1.9 сәйкес уәкілетті орган орнатады. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жататын халықаралық, өңірлік стандарттар, шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар ҚР техникалық регламенттерімен орнатылған талаптарға қарсы келмеуі қажет, сонымен қатар олар сапалық көрсеткіштері бойынша мемлекеттік стандарттардан төмен болмауы керек және құзыреттілігіне кіретін сұрақтары бойынша мемлекеттік органдармен келісімге жатады.

    Халықаралық стандарттарды қолдану келесі әдістермен жүргізіледі:

    -сыртқы бетін ауыстыру арқылы (обложки);

    -қайта-өңдеу арқылы;

    -есептік тіркеу арқылы.

    Сыртқы бетін ауыстыру әдісі бойынша халықаралық стандарттың сыртқы бетін мемлекеттік стандарттың сыртқы бетіне ауыстырады.

    Қайта-өңдеу әдісі бойынша халықаралық стандарттың негізінде мемлекеттік стандарт әзірленеді.

    Халықаралық стандарттарды мемлекеттік стандарттар ретінде қолдану үшін есептік тіркеу әдісі қолданылмайды. Бұл әдісті кейбір жағдайларда ғана қолданады: жаңа технологиялар мен өнімдерді енгізу үшін халықаралық стандарттарды қолдану керек болған жағдайда немесе ҚР аумағында нормативтік құжаттарды қолдану шектеулі болса ғана.
    Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
    Ұсынылатын әдебиет:

    1«Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы.2000ж.

    2 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.

    3 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000 г. - 465 с.

    4 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под ред. Проф. В.А.Швандера. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 г.- 487 с.

    5 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б.

    21 дәріс

    Тақырыбы: Техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау
    Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңы сәйкестікті міндетті растаудың екі түрін қарастырады: декларациялау және міндетті сертификаттау. Нақтылы өнім түрінің сәйкестігін міндетті растаудың түрі мен сызбасы техникалық регламентте толық белгіленеді, ал ондағы сызбалар құрамы өнімнің ерекшелігін ескере отырып істі атқару мерзімін қысқартуды және өтініш берушінің шығынын азайтуды қамтамасыз етуге бағытталған.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


    написать администратору сайта