Главная страница
Навигация по странице:

  • Электртехникаларды стандарттау жөніндегі еуропалык комитет (СЕНЭЛЕК)

  • Скандинавияаралық стандарттау үйымы(ИНСТА)

  • курсовая. УММ Стандарттау (30л) ,2015. Пнні ОУдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау жне метрология (салалар бойынша) мамандыы бойынша Стандарттау пнінен ОУдістемелік материалдар


    Скачать 0.82 Mb.
    НазваниеПнні ОУдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау жне метрология (салалар бойынша) мамандыы бойынша Стандарттау пнінен ОУдістемелік материалдар
    Анкоркурсовая
    Дата02.06.2022
    Размер0.82 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаУММ Стандарттау (30л) ,2015.doc
    ТипДокументы
    #565910
    страница9 из 13
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

    Жалпы еуропалық стандарттау жөніндегі үйымдар Стандарттау жөніндегі еуропалық комитет (СЕН)

    (Стандарттау жөніндегі еуропалық комитет (1970 жылға дей-ін Стандарттауды үйлестіру жөніндегі еуропалық комитет) 1961 жылдан бері жүмыс атқарып келе жатқан үйым. СЕН-ге 17 еуропа елдері - Австрия, Бельгия, Үлыбритания, Греция, Дания, Германия, Испания, Ирландия, Италия, Люксембург, Норвегия, Нидерланд, Португалия, Финляндия, Франция, Швеция, Швейцария үлттық үйымдары мүше. Ол 1992 жылғадейін ЕО пен ЕАСТ ғана мүше-елдер (үлттық стандарттау үйымы жоқ Лихтейштейннен басқа) кіретін жабық үйым болатың)

    |СЕН Бас ассамблеясының шешімімен мүшеліктің жаңа категориясы-ассоциациялықмүше қүрылды. СЕН-ге статусы еуропалық немесе үлттық заңнамамен анықталатын мүше-елдердің кез келген қоғамдық, ғылыми, экономикалық ігемесе басқа да үйымдары ассоциациялық мүше бола алады| СЕН мақсаттарына жетуге, стандарттау процесіне ықпал етуге, стандарттар жобаларын талқылауға қатысуға ассоциациялық мүшелер міндетті (шешім қабылдауға дейін), бірақ олардың дауыс қүқықтары жоқ.

    СЕН-нің еуропалықдеңгейдегі стандарттау процесіне бар-лық мүдделі жақтар консенсусы негізінде стандартты жос-парлау, әзірлеу және қабылдау кіреді.

    Стандарттау жөніндегі жүмыстарды жоспарлауда үлттық үйымдар, еуропалық (кобіне ЕАСТ жағы бойынша) үйымдар, ассоциативтік органдар (АО), еуропалық сауда ассоциация-ларынан түскен үсыныстар ескеріледі.

    Стандарт жобасын дайындау бастапқы жобаны бекіткен (үш ресми тілдерде), ал Орталық хатшылықта ол тіркелгеннен соң еуропалық стандарттың ресми жобасы болған қүжат сәй-кес техникалық комитетке жүктеледі.

    Бірқатар жағдайларда стандарт дайындау ИСО шеңберінде атқарылады, онда да ЕО* мүше-елдердің еуропалық окілі жо-баның жетекшісі болып тағайындалады.

    СЕН негізгі мақсаты - ЕО, ЕАСТ және басқа үкіметаралық үйымдар оздерінің директиваларында сілтеме жасай алатын еуропалық стандарттар – Е (еуронормалары) әзірлеу арқылы онім мен көрсетілетін қызмет саудасын дамытуға ықпал ет^ ИСО мен МЭК халықаралық стандарттарын мүше-елдерде қолдану бірыңғайлығын қамтамасыз ету жолымен онім мен көрсетілетін қызмет саудасын дамытуға ықпал ету; стандарттаумен айналысатын аймақтардың барлық үйымдарымен ынтымақтаста болуды дамытуға ықпал ету; еуропалық стандарттарға (еуронормаға) сәйкестік сертификаттауы бойынша корсетілетін қызметтерді дамытуға ықпал ету.

    СЕН еуропалық стандарттарды авиация жабдықтарына, газды су қыздыратын қүралдарға, газ баллондары, котергіш механизмдердің қүрастыру болшектері, газ плиталары, дәне-керлеу мен кесу, қүбырлар, насос станциялары және тағы бас-қаларына әзірлейді.

    СЕН жоғары органы - стандарттау жөніндегі үлттық үйым-дар, ЕО пен ЕАСТ мүше-елдерінің үкімет органдары, сондай-ақ ассоциациялық үйымдар болатын Бас ассамблея (18-сурет). Бас ассамблея Әкімшілік кеңесті сайлайды. Оның атқаратын қызметі мыналар:

    - мүше-елдер үлттық стандарттарын қолдану ережесі мен тәсілдерін және еуропалық стандарттар әзірлеуде халықара-лық стандарттарды белгілеу;

    * 1991 жылғы СЕН мен ИСО арасындағы Венакелісімдері негізінде.

    - еуропалық стандарт ретінде үлттық немесе халықаралық нормативтік қүжаттарды тікелей пайдалану мүмкіндігін анық-тау және оны сақтауды (орындауды) бақылау;

    - аймак шеңберінде үлттық стандарттау жөніндегі жүмыс-тарды үйлестіру.

    Стандарттау саласындағы саясат үлттық үйымдар окілдері - директорлар коллегиясымен анықталады жөне Бас ассам-блеямен бекітіледі.

    Стандарттау жөніндегі техникалықжүмыстарды техника-лық бюро үйлестіретін техникалық комитеттер орындайды. Техникалық комитеттер мына бағыттарда жүмыс істейді:

    - қүрылыс және азаматтық қүрылыс;

    - машинажасау;

    -денсаулық сақтау;

    - жүмыс орындарында денсаулық сақтау жөне қауіпсіздік;

    - көлік және буып-түю;

    - ақпараттық технология.

    Бағдарламаларды қамтамасыз ету жөніндегі комитеттер (бағдарламалық комитеттер) міндеті - бүрыннан бар халық-аралық немесе алгы үлттық стандарттарды талдау арқылы еуростандарттар әзірлеуді жеделдету және СЕН-де тез және тиімді пайдалануға болатын ақпараттар жинау.

    Бағдарламалық комитеттер - стандарттау бағдарламасын қүрас-тырады, үйлестіруге еуропалық стандарттар немесе қүжаттар ретінде ИСО мен МЭК халықаралық стандарттарын қабылдайды; еуропалық стандарттар әзірлейді, немесе ИСО мен МЭК-тен нәтижелер алуды күтеді. Осы үйымдармен түрақты байланыс жасайды және еуростандарт қабылдауда комитет өз жүмыстарының нәтижелері туралы ИСО немесе МЭК-ке хабарлайды.

    Техникалық комнтеттер, сонымен қатар ез жүмыстарында халықаралық стандарттарға сүйенеді, аймақтық үйымдармен байланыс жасап түрады, сабақтас мәселелермен айналысатын басқа техникалық комитеттер жүмыстарының нәтижелерін ескереді. Комитеталдынақойылған міндеторындалысымен, ол Техникалық бюромен таратылуы, немесе стандартты қайта қарауға жауапты етіп жәй қалдырылуы мүмкін.

    Стандарттарды қабылдау тәртібіне техникалық комитет жүмыс тобының жобаны қүптауы, белгіленген мерзімде дауысқа салу үшін стандарттау жоніндегі үлттық үйым атынан СЕН-ге мүше-елдердің барлығына техникалық бюроның жобаны жонелтуі кіреді.

    Жобаны қабылдауға қарсы дауыс 20%-дан көп болмаса еуронорма (еуропалық стандарт) қабылданған болып есептелінеді. Қабылданғанстандартмүше-елдерүлттықстандарттаужүйесіне, оның ішінде қарсы дауыс бергендердікіне де енгізіледі. Әрі қарай Әкімшілік кеңес ЕО мүше-елдер үшін осы стандарттың маңыздылық дәрежесін қарайды. Оң шешім болған жағдайда, сәйкес ЕО директивасында оған сілтеме жасалынады жоне стандарт ЕО мүше-елдерде міндетті орындау статусын иеленеді.

    СЕН еуронормадан басқа үйлестіру жөніндегі қүжаттарды (ҒГО) және саудадағы техникалық кедергілерді жою мен жаңа тауарлар өндіру прогрессивті техникалықталаптарын жедел-детуге бағытталған алғы стандарттарды (ЕІЧУ) әзірлейді.

    Үйлестіру жөніндегі қүжаттар СЕН-ге мүше-елдерде халықаралық стандарттар қолдануда бірыңғайлықты бүзатын әкімшілік және қүқықтық нормалар мәнін түсіндіреді.

    [СЕН қабылдаған еуропалық стандарт екі вариантта басылып шығарылады: СЕН мүше-елдері еуронормасы және үлттық стандарты сияқты. Екінші вариантта, стандартта оны түсіну мен қолдануға ықпал ететін үсыныстар мен түсініктемелер түрінде қосымша болады. СЕН өнім, көрсетілетін қызметтер, процестер стандарттарын әзірлеуден басқа, өнім сапасын, сынақ зертханаларын сынау мен аккредиттеу әдістерін қамтамасыз ету жүйесін стандарттаумен айналысады)Бүл бағытта «мүқабалық әдіспен» 9000 сериялы ИСО хапықаралық стандарттары негізінде қабылдаған еуропалық 29000 сериялы еуронорма-стандарттары (29000 ЕҢ) жасальшды және бекітілді. Бүл нормативтік қүжаттар кешеніне бес еуропалық стандарттар кіреді:

    «Сапаның жаппы нүсқауы және сапаны қамтамасыз ететін стандарттар, таңдау және қолдану жөніндегі басшылық нүс-қаулар» 29000 ЕИ;

    «Сапа жүйелері. Жобалау және (немесе) әзірлеу, өндіру, қүрастыру жөне көрсетілетін қызметтерде сапаны қамтамасыз ету моделі» 29001 ЕІМ;

    «Сапа жүйелері, өндіру мен қүрастырудағы сапаны қам-тамасыз етуге арналған модель» 29002 ЕІЧ;

    «Сапа жүйелері. Қорытынды бақылау мен сынаулардағы сапаны қамтамасыз етуге арналған модель» 29003 ЕІЧ;

    «Сапаның жалпы нүсқауы және сапа жүйесі элементтері. Басшылық нүсқаулар» 29004 ЕЫ.

    Сынау, сертификаттау жөне аккредиттеу саласында жеті 45000 сериялы еуронорма (45000 ЕИ) - еуропалық негіз қалау-шы стандарттардан түратын нормативтік қүжаттар кешені қа-былданды:

    «Сынақ зертханалары жүмыстарына қатысты жалпы кри-терий» 45001 ЕІЧ;

    «Сынақ зертханаларын бағалайтын (аттестациялайтын) жалпы критерий» 45002 ЕІЧ;

    "Зертханаларды аккредиттеу жөніндегі органдарға арнал-ған жалпы критерий" 45003 ЕМ;

    «Өнімді сертификаттайтын сертификаттау жөніндегі органдар жалпы критерийі» 450011 ЕІЧ;

    «Сапажүйелерін сертификаттауғажауапты сертификаттау жөніндегі органдар жалпы критерийі» 450012 ЕІЧ;

    «Қызметкерді аттестаттаумен айналысатын сертификаттау жөніндегі органдарға қатысты жалпы критерий» 450013 ЕІЧ;

    «Стандартқа бүйымның сәйкестігі туралы жеткізуші ары-зына (өтінішіне) арналған жалпы критерий» 450014 ЕІЧ.

    Бүл стандарттарды СЕН Электртехникадағы стаңдарттау жө-ніндегі Еуропалық комитетпен (СЕНЭЛЕК) бірігіп әзірлеген.

    СЕН қазіргі мәселелері нарық қажеттіліктерінен туындай-тын сәйкес стандарттар әзірлеу және оларды уақытында басып шығаруға, еуропалық директивалар басылуынан стандартты қабылдаудың қалып кетуін жоюға, саны жылдан жылға жоба санынан қалып түратын стандарттар қабылдау мерзімдерін жеделдетулерге қатысты.

    Электртехникаларды стандарттау жөніндегі еуропалык комитет (СЕНЭЛЕК)

    СЕНЭЛЕК екі еуропалық үйымдар - ЕАСТ пен ЕО-ға (ол кезде ЕЭО) мүше-елдер электртехникалары стандарттарын үйлестіру жөніндегі еуропалық комитеттерін 1971 жылы біріктірумен қүрылды.

    СЕНЭЛЕК-ке 16 Еуропа елдері - Австрия, Бельгия, Үлыбри-тания, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланд, Норвегия, Португалия, Финляндия, Франция, Швейцария, Швеция мүше. Олардың барлығы (Люксембургтен басқалары) үлттық электртехникалық комитеттерімен кірген және МЭК-тің мүшесі болып келеді.

    Үйымның басында - Бас ассамблея. Оғ&н мүше-елдердің стан-дарттау жөніндегі үлттық үйымдары мен үкімет органдары және ЕО мен ЕАСТ өкілдері кіреді. Бас ассамблея мүше-елдер үлттық үйымдары делегациясынан (5 адамғадейін)түратынӘкімшілік кеңесін қүрады. Стандарттау үшін жауапты қүрылымдары СЕН-дей СЕНЭЛЕК олармен тығыз қызметтес (19-сурет).

    СЕНЭЛЕК негізгі мақсаты - ЕО және ЕАСТ-пен тығыз ын-тымақтаста электртехникалық өнімдер стандарттарын әзір-леу. СЕНЭЛЕК стандарттары бірыңғай еуропалық нарық қү-руға қажет қүрал ретінде қаралады.

    СЕНЭЛЕК жұмыстарының басты бағытының мөні - мүше-елдер үлттық стандарттары, стандарттар талаптарына бүйым сәйкестігін сертификаттау тәртіптері арасындағы кез-келген техникалық айырмашылықтарды жою және сол арқылы элек-тртехника салаларының өнімдері саудасындағы техникалық кедергілерді болдырмау.

    Жаңа технологиялар төңірегінде стандарттау жөнінде жү-мыстар жоспарланғанда ЕО пен ЕАСТ талаптары ескеріледі, СЕН және басқа үйымдардан мамандар қатыстырылады. Егер информатикаға қатысты мәселелерді шешетін болса, онда еуропалық конференцияға қатысуға пошта мен телебайланыс басшы органдарын* шақырады.

    *СЕНЭЛЕК жоне СЕН жүмыстарындағы кайталануларды болдырмау үшін осы үйымдармен бірігіп Акпараттық технологияларды баскару комитеті күрылды.

    СЕНЭЛЕК-тің негізгі стандарттау нысандары мыналар:

    - түрақты тоқтағы номиналды күші 75-1500 В, ауыспа-лыдағы - 50-ден 1000 В өндірістік және түрмыстық жабдық-тары;

    - медицинаэлектржабдықтары;

    - электрмагниттік сыйысымдылық, оның ішіне радио кедергілер де кіреді;

    - жарылуқауіпті атмосферада (жарылыстан қорғалған жабдықтар) пайдалануға арналған жабдық;

    - өлшеу қүралдарын, электрондыларды қоса метрология-лық қамтамасыз ету.

    СЕНЭЛЕК осылардан басқа, ЕО жөне ЕАСТ тапсырмасы-мен еуропалық нарық өте қажетсінетін, бірақ олардың енуіне болып түрған және болашақта болуы да мүмкін техникалық кедергілерді болдырмайтын электржабдықтардың жеке түр-леріне еуропалық стандарттар әзірлейді.

    СЕНЭЛЕК қызметінің тағы бір бағыты - бағдарламалық комитеттер үсыныстары мен нүсқауларын қарауға арнайы қү-рылған Техникалық кеңес басқаратын стандарттарды үйлес-тіру. Бүл жүмыс МЭК-ті қайталауды болдырмау, сондай-ақ еуронорма немесе аймақтық ретінде оларды қабылдау базасы сияқты МЭК халықаралық стандарттарын (және де олардың жобаларын) мезгілінде қолдану үшін қажет. Осындай талдау аймақтың басқа үйымдарына да қатысты жасалынады.

    Егер қандай да болмасын халықаралық стандарт базалық ре-тінде таңдалған болса, онда СЕНЭЛЕК стандарттау жоніндегі барлық үлттық үйымдарға осы тоңіректе стандарттау әзірлеуді тоқтатуды үсынады. Халықаралық негізде жасалынған СЕН-ЭЛЕК еуропалық стандарты үлттық ретінде болып қабылданады. СЕН/СЕНЭЛЕК жалпы ішкі ережелерімен қаралған осындай тәртіп «Әрекет етпеу туралы келісім» - деп аталады.

    СЕНЭЛЕК еуронормасы (ЕЬІ) - мүше-елдер үлттық нор-мативтік қүжат ретінде қабылдаған, келісілген техникалық мәтіндегі еуропалық стандарты. Үйым ережесі стандарт мә-тініне қандай болмасын өзгертулер енгізуге рүқсат етпейді.

    ЕЫ үш ресми тілде (ағылшын, француз, неміс) жарияла-нады, бірақтитуль бетін индоссамент* туралы ресми өтініш-пен басуга болады. Еуронормалардың нөмірленуі 50001 басталады. Е^ жариялау (басу) елдер тілінде мәтінді нақты сақтау (орындау) және кез келген ауытқуларсыз үлттық деңгейде жі-беріледі. Стандарттарды пайдалануға анау-мынау үлттық ерекшеліктердің жағдайлары оған ақпараттық қосымша фор-масында енгізілуі мүмкін.

    Индоссамент - қандай да болсын қүжатты (бүл жағдайда стандартты) бір жактан басқағаберу күкығын куоландыру. Бүл жағдайдаСЕНЭЛЕК-тен үлттык үйымдарға беруде.

    СЕНЭЛЕК пен СЕН техникалық органдары жүмыстары-ныңүқсастығынақарамай, Электрондықкомпонентжөніндегі комитет (СЕСС) пен Бағдарламалық комитеттер ерекшелік-терін атап өту қажет. СЕСС өте ерекшелік төңірегінде қыз-меттер болып саналатын электрондық компоненттер сапасын бағалаумен айналысады. Сондықтан, комитеттің өзінің жеке Бас хатшылығы болады және СЕНЭЛЕК Бас ассамблеясына тікелей бағынады. СЕСС-тің жеке бюджеті мүше-елдер жар-насынан қүралады.

    Бағдарламалық комитеттер сессия кезінде Бас ассамблеяға есеп береді, бірақ олардың қызметтері СЕСС және Ақпарат комитетіне қатысы жок. Бағдарламалық комитеттер СЕН-ЭЛЕК қызметтерін түзету мақсатында барлық деңгейдегі стан-дарттау жөніндегі жүмыстарды үдайы қадағалап отыруға мін-детті. Осындай дәрежеде СЕН сияқты, СЕНЭЛЕК еуропалық стандарттар өзірлеу мен қабылдауды жеделдетуге мүдделі. Бүл бағытта бірнеше шаралар қабылданады: сүраныс пен дауыс беру этаптарын біріктіру, аудару қызметтерін жеделдету, олардың индоссаменттуралы шешімдерін тез қабылдау үшін МЭК стандарттарын (жоба мен оны жариялау кезеңдерін де қоса) қарауға СЕНЭЛЕК техникалық комитеттерінің барлы-ғының қатысуы туралы шешімді қабылдау. Барлық мүше-ел-дерге СЕНЭЛЕК стандарттарын әзірлеуде база ретінде қол-дануға МЭК-те түп нүсқасы (аналогы) жоқ үлттық стан-дарттар ішінен табу үшін, оларға талдау жүргізу үсынылды.

    Жоғарыда айтып откендей, ақпараттық қамтамасыз ету еуро-палық одақ комиссиясы мен ЕО сөйкес директивасы негізінде атқарылады. Осы сферадағы қызметтерді реттеу үшін ақпараттық технологияны басқару комитеті қүрылды, ал әзірлемелерге қатысуда қайталануды болдырмауға пошта мен телефон-телеграф байланысы еуропалық конференциясы кірістіріледі.

    Ақпарат технологиясын басқару комитеті стандарт жобаларын дайындау техникалық тапсырмаларын жоспарлау және орналастыру, ерекше маңызды стандарттар қабылдауды же-делдету бойынша үсыныстар дайындау мен жүмыс графигін қүрастырулармен айналысады.

    Ақпараттық технология тоңірегінде комитеттен басқа екі мақсатты сараптау - ақпараттықтехнологияны сертификаттау және ондірістік технология тоңірегінде стандарттау қажетті-лігі мәселелері бойынша кеңес беру топтары жүмыс істейді.

    СЕН/СЕНЭЛЕК бірнеше бірлескен жүмыс топтары жүмыс атқарады:

    - конфиденциалды хабарламаларды өңдеу, локальді желі-лер, файлдарды ауыстыру, әкімшілік қүжаттар және басқа жүйелер бойынша;

    - еуропалық стандарттаудың негізгі бағыттары бойынша барлық мүдделі жақтар келісіміне жеткізу мақсатын атқара-тын ашық жүйе - еуропалық жүмыс топтары. Бүл топтың тех-никалық қүжаттары барлық халықаралық үйымдар мен СЕН/ СЕНЭЛЕК арналған.

    Ақпараттық технология мен электрбайланыстар төңірегін-де СЕНЭЛЕК-тің соңғы жылдары ЕО-да ролі біршама ескен, сондай-ақ Еуропалық электрбайланысы төңірегіндегі стан-дарттау институты - ЕТСИ-мен тығыз ынтымақтастықта.

    Скандинавияаралық стандарттау үйымы(ИНСТА)

    Скандинавияаралық стандарттау жөніндегі үйымы 1952 жылы қүрылды. Олардың мүшелері - өздерінің үлттық стан-дарттау жөніндегі үйымдарымен кіретін Дания, Норвегия, Финляндия, Швеция және де стандарттау мәселелерімен айна-лысатын басқа он үйым.

    ИНСТА қызметтерінің басқа үйымдардан оны айыратын басты ерекшелігі, ол аймақтық жалпыскандинавиялық стан-дарттар әзірлемейді. Бүл елдер экономикасында сыртқы сауданың көп үлесі халықаралық стандарттар кеңінен пайдалануға көшкендігіне көп байланысты. Мысалы, Дания 70-ші жылдардың басында-ақ үлттық стандарттар әзірлеуден толық бас тартып халықаралық және аймақтық нормативтік қүжаттарға көшті.

    ИНСТА өзінің негізгі міндеттерін скандинавиялық мем-лекеттердің келісілген үлттық стандарттарын жасауға үлттық нормативтік қүжаттарының техникалық талаптарын унифи-каттауға ықпал етуден; қайталануды болдырмау үшін стан-дарттау жөніндегі жүмыстар туралы ақпарат алмасуды үйым-дастырудан; стандарттар жасау бойынша және ИСО, МЭК, СЕН және басқа үйымдарға мүше-елдердің келісілген пози-циясын анықтау тәжірибелерін таратудан көреді.

    Стандарттар келістірілуінде ИНСТА мамандары мына ережеге сүйенеді: «4 Ғ»: ҒогЬшкег (түтынушы), ҒаЬгікапІ (өнді-руші), Ғогзкгіпег (қауіпсіздік), Ғогзк5ПІп§ (зертгеу нәтижелері).

    Дайындалатын нормативтік қүжаттар негізіне ИСО, МЭК халыкаралық стандарттары, СЕН және СЕНЭЛЕК еуропалық стандарттары мен басқа да үйымдар стандарттары алынады. Әзірленген нормативтік қүжаттарды ИНСТА-ға мүше-елдер-дің барлығы қүптаған жағдайда ғана мүше-елдер ездерінің үлттық стандарты ретінде пайдйланады.

    Үйым іс-әрекеттерінің маңызды бағыты Скандинавия елдері арасындағы өзаратүсіністікке жету. Ол үшін жыл сайын жүйелі түрде барлық даулы мөселелерді талқылайтын кездесу еткізіп түрады.

    Сонымен қатар, кез келген аймақтық үйымдар сияқты, ИНСТА озінің күш жігерін скандинавия аймағында және ЕО елдері сауда-саттықтарындағы болатын техникалық кедергі-лерді жоюға бағыттайды. Бүл мәселелерді шешудің негізгі жолдары - стандарттарды үйлестіру, сынау нәтижелерін езара мойындау, өнім сәйкестігін сертификаттау бірыңғай жүйесін жасау. Бүл жүмыстағы үлкен рөлді ЕАСТ мүшесі ретінде Дания, Норвегия және Швеция ойнайды. Үйлестірілген стан-дарттарға сәйкестеп өнімді сынау мен бақылау нәтижелерін - автоматтандырылған өзара мойындау орнатуға сөйкестен-дірілген, аймақтық саудадағы техникалық кедергілерді жоюға арнайы бағдарлама әзірленді.

    ИНСТА мүше-елдерінің сәйкес үлттық органдары ақпа-раттануы үшін үйлестірілген стандарттар каталогтары басып шығарылады. ИНСТА-ның басып шығаратын баспасы жоқ-тың қасы. Оның жүмыстары стандарттау жөніндегі үлттық журналдар мен КОПАНТ бюллетенінде хабарланады.

    Үлттық стандарттарды үйлестірудегі (алғы) бағыттар бол-ып машина және станок жасау, жүмыс орны қауіпсіздігі, өртке қарсы қүралдардың эксплуатациялық сіңімділігі мен қауіп-сіздіктері танылады.
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


    написать администратору сайта