курсовая. УММ Стандарттау (30л) ,2015. Пнні ОУдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау жне метрология (салалар бойынша) мамандыы бойынша Стандарттау пнінен ОУдістемелік материалдар
Скачать 0.82 Mb.
|
Дәріс № 26 Тақырыбы: Стандарттау және маркетинг 1 Стандарттау 2 Маркентиг Стандарттау(үлгіқалыптау) (ағылш. standardization) — есептеуіштехниканың аппараттық және программалық құралдарын ерекшелігі бойынша өндіру мен пайдалану тұрғысында қабылданған келісім; стандарттарды, нормалар мен ережелерді және т.б. тағайындау және қолдану; қазіргі уақытта қолданылатын немесе потенциалды мақсаттарға байланысты жаппай және дүркін-дүркін қолдануға арналған ережелерді іске асыру арқылы белгілі бір салада тәртіпке салудың оптималды дәрежесіне жету үшін бағытталған іс-әрекет. Стандарттау адамдар қоғамының дамуымен және адамдар жасаған еңбек қызметтерінің ең сәтті нәтижелерінің қайта пайдаланылуы мақсатымен оларды еске сақтауға деген талпынысымен түтас байланысты. Стандарттау бойынша қызмет үлгілері болатын стандарттық диаметрлі су жүргізу қүбырларының және стандарттық мөлшердегі қүрылыс бөлшектерінің өлшем жүйесінің бірлігін Ежелгі дәуірде қолдану. Стандарттау әлемнің қай географиялық, экономикалық және саясаттық аймағы стандартты қабылдағанға байланысты әр түрлі деңгейде жүзеге асады. Стандарттау бойынша жұмыстардың көлеміне байланысты ол халықаралық, мемлекетаралық, аймақтық және ұлттық бола алады. Халықаралық стандарттау - бұл кез - келген елдің сәйкес келетін органының қатысуына жол берілетін стандарттау бойынша жұмыстар. Қатысушы елдердің тікелей, дайындау немесе ұлттық стандарттарды қайта қарау кезінде пайдаланылатын халықаралық стандарттар, халықаралық стандарттау бойынша жұмыстардың нәтижесі болып табылады. Мемлекетаралық стандарттау - бұл мемлекетаралық мүдделерді көрсететін нысандар стандарты бойынша қызмет. Аймақтық стандарттау - бұл әлемнің бір ғана географиялық, саясаттық немесе экономикалық аймағы елдерінің сәйкес органдары үшін мүмкіндік беретін стандарттау. Аймақтық және халықаралық стандарттау-халықаралық ұйымдар мен соған сәйкес аймақтарда ұсынылған ел мамандарымен жүзеге асырылады. Ұлттық стандарттау - нақты бір мемлекеттегі стандарттау. Сонымен қатар ұлттық стандарттау мемлекеттік, салалық, ассоциациялық, өндірістік фирмалар және кәсіпорындар мен мекемелер деңгейінде жүзеге асырыла алады. Мемлекетаралық стандарттау - бұл мемлекетаралық мүдделерді көрсететін нысандар стандарты бойынша қызмет. Аймақтық стандарттау - бұл әлемнің бір ғана географиялық, саясаттық немесе экономикалық аймағы елдерінің сәйкес органдары үшін мүмкіндік беретін стандарттау. Аймақтық және халықаралық стандарттау-халықаралық ұйымдар мен соған сәйкес аймақтарда ұсынылған ел мамандарымен жүзеге асырылады. Ұлттық стандарттау - нақты бір мемлекеттегі стандарттау. Сонымен қатар ұлттық стандарттау мемлекеттік, салалық, ассоциациялық, өндірістік фирмалар және кәсіпорындар мен мекемелер деңгейінде жүзеге асырыла алады. Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" Заңына сәйкес стандарт - ереженің жалпы және бірнеше рет пайдалануға арналған қызметінің әр түріне немесе олардың нәтижелеріне қатысты жалпы принциптер мен сипаттамалар белгіленетін екі жақты мүдделердің негізінде дайындалған құжат. "Стандарттау - белгілі бір саладағы реттеудің оптималды деңгейіне қол жеткізуге бағытталған ғылым, техника және экономика салаларында қайталантын міндеттерге арналған шешімдерді табудағы қызмет ". Стандарттау бойынша нормативті құжат - бүл стандарттау немесе оның нәтижелері бойынша әр түрлі қызмет түрлеріне қатысты норма, сипаттама, принциптер мен ережелерді белгілейтін құжат. Стандарттау жүйесі - бұл өнімге, процеске, жұмысқа және қызметтерге деген талаптарды белгілейтін стандарттау мен нормативті құжаттар қатысушыларының жиынтығы. Стандартқа деген басты талап - оның сертификаттау мақсаттары үшін қажеттілігі болып табылады. Мәтін бойынша нақты ажыратылған міндетті талаптар мен олардың нысанды түрде тексерілуінің әдістерін мазмұндайтын стандарттар, көрсетілген талаптарға жауап береді Әлеуметтік және техникалық - экономикалық мақсаттарға жету үшін, стандарттар белгілі бір қызметтерді орындайды. Реттеу қызметі - ақылға сыймайтын нысан (өнім, құжат және т.б. номенклатурасы) түрлерін жеңу. Ол жеңілдетілу мен шектелуге келіп тіреледі. Неғұрылым нысан реттелген сайын, соғұрылым қоршаған заттық немесе өзіндік талаптары мен заңцары бар табиғи ортаға жақсы үйлеседі. Қорғау (әлеуметтік) қызметі - өнім (процесс, жүмыс, қызмет) тұтынушыларын, дайындаушылар мен мемлекетті, техногендік әсерден қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өркениеттендіретін қызмет - өмір сапасын қүрайтын өнім (процесс,жүмыс, қызмет) сапасының жоғарылауына бағытталған. Мысалы, халықөмірінің ұзақтығы, өз кезегінде елдің даму немесе өркениеттену деңгейіне әсер ете отырып, тұтынушы тауарларына деген нормативтік құжаттардағы қауіпсіздік талаптарының қатаңдығына тікелей байланысты. Коммуникациялық қызмет- адамдардың, оның ішінде мамандардың өзара пікір алысуы мен қызметтік қарым - қатынастарын қамтамасыз етеді.Аталмыш қызмет саудадағы тосқауылдарды жеңуге, сондай - ақ ғылыми - техникалық және экономикалық қызметтестікпен бірлесе жұмыс жасауға бағытталған. Ақпараттық қызмет- қызметтің әртүрлі саласының техникалық және басқару ақпараттарына ие нормативті құжаттар, каталогтар және эталондармен қамтамасыз етілуінде көрініс табады. Нормалы шығармашылық және құқықты қолдану қызметі талаптардың стандартталу нысаны мен олардың жалпы қолданылуының заңдастырылуында көрініс табады. Қор сақтандырушы қызмет-материалдық,қуаттық, еңбектік және табиғи қорлардың шектелуімен негізделіп, қорлардың шығындалуына арналған шектеулері бар нормативті қүжаттардағы шешімдерде көрініс табады. 2Маркетинг (ағылш. marketіng — рынок‚ базар‚өткізу‚сауда) кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің‚ т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға‚ көрсетілетін қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг — сұранымды жан-жақты зерделеп‚ болжау‚ жарнаманы пайдалану‚ өндірісті ынталандыру‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін тех. және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу‚ өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық‚ қаржы‚ коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады Маркетингтік зерттеулер –бұл өнім сапасын қамтамасыз етудегі керек зерттеулер, ал стандарттау сапаны басқарудың бір құралы. Маркетингтік зерттеу нысандары бұл-тауар, тұтынушы, нарық сыйымдылығы, сұраныс, бәсекелестік жағдайлары, нарық сегментациясы. Зерттеулердің ең маңыздысы бұл-нарық сыйымдылығын анықтау (1 жылда сатылған тауар көлемі), осының арқасында осы нарықта тауардың қанша көлемін сатуға болатынын білу. Маркетингтік зерттеулерде баға саясаты, жарнама, сату әдістерін жақсарту, сонымен қатар келесі сұраныс факторлары демографиялық (халық саны, туу деңгейі, жас құрамы); әлеуметтік (халықтың білім деңгейі, мамандық құрамы); психологиялық (сату мотивациясы, сатып алу мақсаты) бойынша зерттеулер жүргізіледі. Сұраныс характерін білу керек (өсетін, тұрақсыз). Нарықтағы бәсекелестік компанияларды және нарықтағы бәсекелестікті білмейінше жоғары бәсекелі тауарды дайындау мүмкін емес. Қазіргі нарыққа баға бәсекелестігі тән емес, қазіргі нарықта сапа бәсекелестігі болып жатыр. Бағалық емес бәсекелестікке тауардың келесі көрсеткіштері жатады: сапа және сенімділік жақсы дизайн техникалық-экономикалық көрсеткіштері жоғары экологиялық көрсеткіштері өнім қауіпсіздігі. Маркетингте тауар ғана емес, сонымен қатар маркетинтік зерттеулер де стандартталуы керек. Маркетинтік зерттеулерді стандарттаудың мақсаты-нарықты зерттеу әдістерін оптимизациялау және процедураларды унификациялау. Қызмет көрсету саласындағы стандарттау келесі қызметтерді қамтиды: қонақ үй шаруашылығы туризм жүк және адамдарды тасу қызметі байланыс білім беру банк қызметі. Сапа - объектінің белгіленген немесе болжамалы қажеттілікті қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткіштер жиынтығы (ИСО 8402). Сапа деген ұғым үш элементті қамтиды:объект, қажеттілік және көрсеткіштер. Осыған байланысты сапаның мәнін толық түсіну үшін осы элементтерді талдау керек. Процесс - өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы. Көрсетілетін қызмет - беруші мен тұтынушының тікелей өзара іс-қимылының және берушінің тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің қорытындылары. Тауар - ерікті иесіздендірілетін, бір тұлғадан екінші тұлғаға сатып алу - сату келісімі бойынша өтетін кез келген зат. Объект ретінде іс-қимылдар немесе процесс, өнім, қызмет көрсету, мекеме, жүйе мен жеке тұлға немесе осылардың сан қилы қиыстырулары болуы мүмкін. Осындай қиыстырулардың мысалы ретінде «өмір сапасын» алуға болады. Шетелдерде, ал соңғы кезде біздің елімізде де, тұтынушылардың мүддесі мен құқығын қорғау мәселесін осы өмір сапасы тұрғысынан қарастырады. Бұл ұғым адамның қажеттілігін қамтамасыз етудің көптеген жағдайларын қамтиды: тауар мен қызмет көрсету сапасын, қоршаған ортаны қорғау, адамның денсаулығын сақтау, білім беру сапасын және басқалар. Оқулық та сапа коммерцияға, оның негізгі объектілері - өнімге (тауарға), процеске және қызмет көрсетуге қатысты қарастырылады. Өнім - процестің немесе көрсетілген қызметтің нәтижесі. Сапаның екінші элементі - қажеттілік. Қажеттілік сатылы түрде болады. Оның төменгі сатысында тамақ өнімдерінің көмегімен қамтамасыз етілетін қауіпсіздікке қажеттілік. Сатының жоғары деңгейінде эстетикалық қажеттілік, шығармашылықтағы қажеттілік орналасады. Бүгінгі күнде ішкі, әсіресе сыртқы рынокта бәсекеге түсу үшін тұтынушылардың бағалауларындағы өзгерістерді уақытылы болжап, келешектегі қажеттілікті біліп отыру керек. Сапаның үшінші элементі - көрсеткіштер. Көрсеткіштер сапалық және сандық болып екіге бөлінеді. Сапалық көрсеткіштер - материалдың түсі, бұйымның түрі, т.б. Сандық көрсеткіштер (параметрлер) тауарды қолдану шеңбері мен жағдайын анықтау және сапаны бағалау үшін қолданылады. Сапа көрсеткіші - тауар сапасына жататын бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Дәріс № 27 Тақырыбы:Стандарттау қызметтері. Стандарттаудың негізгі мақсаты- оптималды деңгейдің белгіленген ережелердің, талаптардың, нақты әрекет ететін, жоспарланатын потенциалдық міндеттердің кең және бірнеше рет пайдаланылу әдісімен белгілі бір салада реттелуі болып табылады. Стандарттау бойынша қызметтің алғашқы нәтижесі- өнім, қызмет, процесс және жұмыстардың олардың қызметтік міндеттеріне сәйкес келуі, халықаралық тауар айналымында техникалық кедергілердің жойылуы, ғылыми - техникалық прогреске және әркелкі салалардағы қызметтестікке сәйкес келу деңгейінің өсуі тиіс. Стандарттау мақсаттарын жалпы және тар уақымды, сондай - ақ нақыт және сәйкестікті қамтамасыз етуге қатысты деп бөлуге болады. Жалпы мақсаттар ең алдымен "стандарттау" түсінігінен туындайды. Стандарттауға арналған жалпы мақсаттардың нақтылануы міндетті болып табылатын стандарттар талаптарының орындалуымен байланысты өнімнің қауіпсіздігің, процесті, (жұмысты), адамдардың өмірі мен денсаулығына қызмет көрсетуді, мүлікті, қоршаған ортаны сақтауды; саудадағы техникалық кедергілерді, ішкі және сыртқы нарықтағы өнім және қызмет бәсекелестігі қабілеттілігін жоюды; техникалық және ақпараттық сәйкестік, сонымен қатар өнімнің өзара алмастырылуын; материалдық сиымдылық, қуат сиымдылығы және еңбек сиымдылығының төмендеуі үшін, аз қалдықты технологияларды қолдануды қамтамасыз ету үшін техникалық процестерге арналған талаптардың белгіленуі; жүйесінің пайда болуы мен жүргізілуі және техникалық - экономикалық және әлеуметтдк ақпараттардың кодталуы; мемлекет аралық және мемлекеттік әлеуметтік - экономикалық және ғылыми - техникалық бағдарламаның (жобаның), және инфрақұрылымдық кешендердің (көлік, байланыс, қорғаныс, қоршаған ортаның қорғалуы, тіршілік ету ортаны бақылау, халықтың қауіпсіздігі және т.б.) нормативтік түрде қамтамасыз етілуі; материал және шикізат бұйымдарын жинақтайтын өнімдер және олардың элементтерінің сипаттамалары мен көрсеткіштерінің байланысы және келісілуі; параметрлік және өлшем типтес қатарлар, базалық жинақтық,бұйымның жинақталған және унификацияланған блоктық - модульдік құрама бөлшектерін қолдану мен белгілеу негізіндегі унификация; метрологиялық нормалар, ережелер, қағидалар және талаптардың белгіленуі; бақылау (сынақтан өткізу, сараптау, өлшеу), сапа бағасы және өнім сертификатының, процестің (жұмыстың), қызметтердің нормативті -техникалық қамтылуы; әзірлеуші, дайындаушы, сатушы және тұтынушы (тапсырыс беруші) арасындағы өзара түсінушілікті қамтамасыз ету; наменклатураға және өнім сапасына, процестерге (жұмысқа) мемлекет және тұтынушы мүдделеріндегі қызметтерге, сонымен қатар, адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігне , мүлігіне қоршаған ортаны сақтауға оптимальды талаптарды белгілеу; сәйкестік бойынша талаптарды белгілеу (конструктивтік, электрлік,электрмагниттік, ақпараттық, бағдарламалық, т.б.), сонымен қатар өнімнің өзара ауыстырылуы; ғылыми - техникалық прогресс дамуының деңгейіне сәйкес өнім, процесс және жұмыс сапасын; өнім, процесс (жұмыс) қызмет сапасы және қауіпсіздігі мәселесіндегі тұтынушылар мүдделерінің қорғалуын; өлшем бірлігін; қордың барлық түрлерінің тиімді пайдаланылуының сақталуын; түтынушыларды номенклатура және өнімнің негізгі көрсеткіштері туралы мәліметпен қамтамасыз ету үшін каталогизация жүйесінің қүрылуы; стандарттау әдісімен және құралдарымен Қазақстан Республикасының заң шығару орындарымен бірлесе әрекет етуі; бақылау (сынақтан өткізу, сараптау, өлшеу), сапа бағасы және өнім сертификатының, процестің (жұмыстың), қызметтердің нормативті -техникалық қамтылуы; материалдық сиымдылық, қуат сиымдылығы және еңбек сиымдылығының төмендеуі үшін, аз қалдықты технологияларды қолдануды қамтамасыз ету үшін техникалық процестерге арналған талаптардың белгіленуі; Стандарттаудың негізгі принциптері: келісім; ашықтық; еріктілік; стандарттау саласындағы отандық және шетелдік өндірушілер мен жеткізушілер үшін бірдей талаптар; экономикалық мақсатқа лайықтылық; ♦ стандарттау дамуының жүйелілігі және кешенділігі; ♦ стандарттардың динамикалығы және озық дамуы; ♦ өнімнің (қызметтің) қауіпсіздігіне, бірлігіне және өзара ауысуының қамтамасыз етілуіне жағдай жасайтын стандарттардың жасалу басымдылығы; ♦ үйлесімділік; ♦ стандарттар ережесінің қалыптасу нақтылығы болып табылады. стандарттарды актуалдандыру; стандарттау, сетрология және сертификаттау (сәйкестікті растау) бойынша жұмыстарды ақпараттық қолдау; техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың, бастапқы ұлттық стандарттар мен ұйымдардың стандарртарының жобаларын әзірлеу кезінде тәжірибелік және әдістемелік көмек; стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың жобаларына пікірлер дайындау; Қазақстан Республикасы ұйымдары стандарттарының жобаларын бекіту алдында тексеру; өнімдердің каталогтық парақтарын (ӨКП) жасау немесе тексеру; өнімдерді таңбалауды өткізу немесе тексеру; мәтіндер мен стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың жобаларын аудару; кәсіпорындарды аймақтық және республикалық конкурстарға қатысуға – «Қазақстанның ең үздік тауары» көрмесі және Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу үшін дайындау; өнертабыстарға, өндірістік сынамаларға, пайдалы модельдерге, тауарлық белгілерге қорғау құжаттамаларын алуға құжаттарды даярлау бойынша жұмыстар (Орал қаласы); кәсіпорындардың өтінімі бойынша семинарларды, дөңгелек үстелдерді, шығармашылық кештерді өткізу бойынша техникалық қызметтер көрсету (Қостанай); кәсіпорындарды «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі (Орал қаласы) бойынша сайысқа қатысуларына дайындау; өнім сапасын сараптық бағалау (Алматы); қауіпсіздік паспорттарын әзірлеу және сараптау (Алматы); өлшеулерді орындаудың әдістемелерін метрологиялық аттестаттауға арналған. кәсіпорындардың өтінімі бойынша түптеу-брошюралау жұмыстарын жүргізу, құжаттардың көшірмелерін, буклеттерді, брошюраларды, жазба белгілерді (нақтырағында, өздігінен жабысатын), кафе мен мейрамханалардың ас мәзірлерін, ашық хаттарды, грамоталар мен мерейтойлық ашық хаттарды және басқа да полиграфиялық өнімдерді жасау (Астана, Қостанай, Орал). Стандарттарды актуалдандыру |