Главная страница

Информатика 3-тоқсан 8-сынып ҚМЖ. Программалау. Кні Малімні атыжні Сынып 8 атысандар атыспаандар Сабаты таырыбы


Скачать 1.17 Mb.
НазваниеПрограммалау. Кні Малімні атыжні Сынып 8 атысандар атыспаандар Сабаты таырыбы
Дата15.05.2023
Размер1.17 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаИнформатика 3-тоқсан 8-сынып ҚМЖ.doc
ТипПрограмма
#1130921
страница2 из 12
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Ұзақмерзімді жоспардың тарауы: Мектеп:

Python тілінде алгоритмдерді программалау.
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

§4.2. Кірістірілген циклдерді ұйымдастыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.3.2 For цикл операторын пайдалану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы: кірістірілген цикл, күрделі цикл ұғымын анықтау; Оқушылардың көбі: кірістірілген циклдердің орындалуын талдау, қолдану; Кейбір оқушылар: кірістірілген циклдерді қолданудың тиімділігін тұжырымдау.

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау.

Бағалау критерийі

  • Кірістірілген цикл, күрделі цикл ұғымын анықтайды;

  • Кірістірілген циклдердің орындалуын талдайды, қолданады;

  • Кірістірілген циклдерді қолданудың тиімділігін тұжырымдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:

Кірістірілген цикл-интегрированный цикл-intagrated loop Күрделі цикл- сложный цикл-complex loop

Төртбұрыш-прямоугольник-rectangle Табуляция-табуляция-tabulation

Диалог /жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Бірінің ішіне екіншісін кірістіріп пайдаланған бірнеше қарапайым циклдерді ... деп атайды;

Кірістірілген циклдер көмегімен сандық және символдық деректерді ... түрінде экранға шығаруға болады.

Құндылықтар ға баулу

  1. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы қалыптасады.

  2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым- қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.

  3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни

академиялық адалдық принциптерін сақтайды.




4. Өмір бойы оқу, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

дағдысы қалыптасады.

Пәнаралық

байланыс

Программа кодтары ағылшын тілінде жазылады, математикалық сандар мен

амалдар қолданылады.

Алдыңғы білім

For циклі.

Сабақтың барысы

Сабақтың

Мұғалімнің іс-

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

жоспарланған

кезеңдері

әрекеті










/уақыт













Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі/5мин

Сәлемдесу,

түгендеу.

Сыныпта психологиялық ахуал орнату.

«Шаңырақ» әдісі. Мұғалім ортада түрлі-түсті ленталардың бастарын бір қолына жинап ұстап тұрады.

Бірінші мұғалім бір оқушының бір жақсы қасиетін айтады.

Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі.


Оқушылар шеңбер болып лентаның екінші ұшын ұстап шаңырақ құрып тұрады.

Келесі оқушы сол жақсы қасиетіне тағы бір жақсы қасиетін қосып айтады, барлық оқушылар солай қайталайды. Мысалы, Алтынай ақылды қыз деп мұғалім айтады, ал Алтынай Бегман ақылды және жігерлі бала деп жалғастырады.


Қошемет көрсету.

Оқытудың белсенді әдістері NIS.

Астана,

2013

Топқа біріктіру: 2мин


«Жеребе» әдісі.

Оқушылар жеребе тастау арқылы топтарға бірігеді.








Қызығушы- лықты ояту Өткен сабақты пысықтау

/5мин

«Қатені ұста» әдісі.

Оқушылар мәтіндегі қатені анықтайды:
Python -да for операторы белгілі бір есептеуде көрсетілген мәнге жеткенге дейін жұмыс жасайды. Параметрлі цикл жұмысын ұйымдастыру үшін for операторын loop () функциясымен бірге қолдану керек.

for операторын range () функциясын қолдану түрлері

for i in range(n)

for і in range(k,n * n ) for і in range( k,n 2 )

Кейбір программаларда циклді басқару мүмкін болмай қалады. Әрине, бұл программалау кезінде жіберген қателерден туындайтын жағдай. Мұндай циклдерді күрделі циклдер деп атайды.

Медальдар арқылы ҚБ






Миға шабуыл/3мин


«Миға шабуыл»әдісі арқылыөткен сабақ пенжаңа сабақтыұштастыру,продлеманы біргешешу.


Оқушылар берілген сұрақ туралы пікірлерін еркін жеткізеді:

  • «Кірістірілген цикл» дегеніміз не?

  • Екі for циклін бір-біріне кірістіріп пайдалансақ, қандай нәтиже алуымыз мүмкін?

  • Кірістірілген циклдер қандай есептерді шешуде қолданылуы мүмкін деп ойлайсың?







Сабақтың ортасы

Мағынаны тану Оқулықпен жұмыс:/5мин
Саралау тапсырмалары.
Жеке жұмыс/15мин

Оқулықтағы ақпаратты оқушылармен бірге талдайды.

Слайд арқылы толықтырады.

1-тапсырма жалпы тапсырма. Мұғалім көмектеседі.

Оқушылар оқулықтағы ақпаратпен танысады, визуалды ақпарат алады. Мұғаліммен бірге талдайды.
Мақсаты: аудиал және визуал оқушылардың білім алуына жағдай жасау.



  1. тапсырманы мұғалімнің көмегімен орындайды.

1)

Кіріктірілген циклдердің көмегімен деректерді n=5 жағдайы үшін тіктөртбұрыш түрінде экранға шығар.

Тапсырманы орындауға ұсыныс: шарт тексеру операторымен циклдарды кірістіріп пайдаланған тиімді.

i=j=0

for i in range(1,6): for j in range(1,6):

print(i*j,end="\t")

print()

Дескрипторлар:

    • Сыртқы және ішкі циклдерді анықтайды;

    • Ішкі және сыртқы цикл параметрлеріне айнымалы енгізеді;

    • Компьютерде программа кодын жазады;

    • Нәтижесін тексереді.

2)

Программа орындалу аяқталған соң x айнымалысы қандай мәнге ие болады?

Ауызша мадақтау.

6 балл

Информати ка. 8- сынып оқулығы


Компьютер

, оқулық


Топтық жұмыс.


2-тапсырма көлемі үлкен тапсырма. алдымен мұғалім көмегімен, содан кейін өз бетінше орындайды.


Дескрипторлар:

  • Программа кодын анықтайды;

  • Программада сандар диапазонын анықтайды;

  • Программада қолданылатын циклдерді жазады;

  • Оң жақ оператордтың мәнін сол жақ операторға қосу алгоритмін жазады;

  • Компьютерге программа кодын жазады;

  • Нәтижесін тексереді.


2-тапсырманы мұғалімнің нұсқауымен өз бетінше орындайды.

Практикалық тапсырмадағы «жай сандарды анықтау» программа кодына талдау жасай отырып, программаның әрбір жолына түсініктеме жазыңдар.

Дескриптор
-кірістірілген циклдерді қолданудың маңыздылығын тұжырымдайды.


4 балл




Сабақтың соңы.

Ой толғаныс. Жаңа сабақты бекіту/3мин

Сабақты бекіту сұрақтары.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді:

  1. Кірістірілген циклдердің жай циклдерден қандай айырмашылығы бар?

  2. Кірістірлген циклдердің орындалу уақытын қалай есептеуге болады?

  3. Бірнеше циклді кірістіріп пайдаланудың программа

Өздерін-өзі бағалайды.










жұмысына кері әсері қандай ?

4. Деректерді тіктөртбұрышты кесте түрінде беру программасын жазуда қай оператордың жұмысы маңызды саналады?







Кері

байланыс/2мин

«Бас, жүрек, қол»

әдісі.


Оқушылар алған білімдері туралы баспен ойланады, жүрекпен айтады және қолмен жасағандығы туралы айтады.

Саралау. Сіз қандай

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру

Денсаулық

тәсілмен көбірек қолдау

деңгейін қалай текеруді жоспарлап отырсыз?

және

көрсетпексіз? Сіз




қауіпсіздік

басқаларға қарағанда




техникасы

қабілеттірек оқушыларға




н сақтау

қандай тапсырмалар







бересіз?







Бірлескен жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс арқылы сабақты меңгерту.

«Жеребе» арқылы топқа біріктіру, «Қатені ұста» әдісі бойынша өткен тақырыпты пысықтау, миға шабуыл, деңгейлік тапсырмалар, кері байланыс жасату: «Бас, жүрек, қол».

Медальдер арқылы, ауызша мен жазбаша түрде қалыптастырушы бағалауды іске асыру.

Компьютер мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе қайсы? (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді? (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері\ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


написать администратору сайта