DELPHI_ТИПТЕР. Программисті зі анытайтын деректерді типтері Жоспар Санаулы трлер рылымды трлер
Скачать 161.5 Kb.
|
дәрістің тақырыбы: Программистің өзі анықтайтын деректердің типтері Жоспар: Санаулы түрлер Құрылымды түрлер. Жазбалар. Жолдар. Варианттар. Delphі ортасында динамикалық жады және сілтемелік шамалар. Сілтеме және оны анықтау. Динамикалық жадыны бөлу және оны босату. Динамикалық жадпен жұмыс атқаратын процедуралар мен функциялар. Санаулы түрлер Берілгендердің санаулы мәндерімен анықталатын түрлерді санаулы немесе түгелденген деп атайды. Санаулы түрлердің әрқайсысы идентификатор арқылы аталады, ал оның қабылдайтын мәндерінің тізімі жақшаға алынады. Санаулы түрлердің анықталу форматы: Type< санаулы түрдің аты > = (санаулы түрдің мәндері); Берілгендердің түгелденген түрін құрастырғанда программалаушы түрдің мәні ретінде бірнеше шамаларды көрсетеді. Санаулы шамалардың жиі кездесетін түріне шектелген түрлер жатады. Шектелген түрлер деп - санаулы түрдің қысқартып жазылуын айтамыз. Шектелген түрлер шаманың екі ғана мәнімен анықталады, олар “..” таңбасымен ажыратылған ең кіші және ең үлкен мәндері. Object Pascal құрамында шектелген шамалармен жұмыс атқаратын екі стандартты функция бар, олар: Hіgh(X)- X айнымалы жататын шектелген түрдің ең үлкен шамасын анықтайды; Low(X) - X айнымалы жататын шектелген түрдің ең кіші шамасын анықтайды Нақты шамалар Нақты шамалар кәдімгі табиғи аралас сандар тәрізді санның бүтін мен бөлшек бөліктерін нүкте арқылы бөлінген күйде жазылады. Comp және Currency форматтарының нақты сандарды анықтаудағы орны бөлекше. Оларды ұзындығы тұрақты бөлшегі бар нақты сандар деп атайды. Comp форматында бөлшегінің Ұзындығы 0 разряд, яғни мүлдем жоқ, ал Currency форматындағы бөлшегінің ұзындығы - 4 разряд. Осы форматтар өте үлкен шамаларды анықтайды және олардың маңызды разрядтар (таңбалар) саны 19-20. Сонымен қатар, бұл форматтар нақты сандардың басқа түрлерімен тіркеседі және оларға жалпы нақты сандарға қолданылатын барлық амалдарды, стандартты функцияларды пайдалануға болады. Әдетте Comp және Currency форматтары бухгалтерлік есептеулерде қолданылады. Логарифмдық және экспоненциялдық функциялар
Құрылымдық түрлер Object Pascal тіліндегі түрлердің маңызы өте зор. Түрлер арқылы тілдің негізгі құралы - кластары анықталады. Көптеген компоненттер жиынынан немесе біртекті реттелінген объектілердің мәнінен тұратын күрделі түрлерді құрылымды деп атайды. Бірнеше компоненттерден құрылған айнымалы шамаларды құрылымды айнымалы шамалар дейді. Құрылымдық айнымалы шамалардың түрлерін анықтау үшін бөлек элементтерді құрылымға біріктіру тәсілін және құрылымға кіретін элементтердің түрлерін білу қажет. Құрылымды түрлерге жазбалар, жиындар, жолдар, файлдар және варианттар жатады. Жазбалар Бірқұрылымға біріктірілген әртүрлі тектегі бір - бірімен байланысты мәліметтердің жиыны жазба деп аталады. Жазба, массив тәрізді, мәліметтердің күрделі түріне жатады және бір заттың әртүрлі маңызды мәліметтерін біріктіріп қолдану үшін пайдаланылады. Жалпы жазба пайдалануға өте тиімді деп саналады, олар дерекқорлармен жұмыс істеуге бейімделген. Жазбаның (record) құрамына кіретін мәліметтерді өрістер деп атайды, және жазба өрістерінің массив элементтерінен айырмашылығы келесіде: - жазбаның өрістері бірыңғай түрге жатпауының мүмкіндігі; - өрістерге олардың аты арқылы қол жеткізуге болатындығы. Жазбаның құрамындағы өрістердің аты қайталанбауы тиіс, бірақта әртүрлі жазбаларға кіретін өрістердің аты бірдей болуы мүмкін.Дерекқорлар әртүрлі жазбаларды бір - бірімен байланыстырып жұмыс атқаруды қажет етеді, мұндай жағдайда жазбалар арасындағы байланыс аттары бірдей өрістер арқылы орындалады. Жазбаның және өрістердің атында латын әріптерін қолданған жөн. Жазбалар түріндегі анықталған айнымалыларға, массив сияқты, осы түрдегі анықталған басқа шаманың мәнін бірден меншіктеуге болады. Жазбалармен жұмыс атқарғанда кейбір өрістерінің мәніне сәйкес осы мәнімен байланысты басқа да мәліметтер қажет болуы ықтимал. Жазбаның ерекше түрі - варианттық (таңдамалы) жазба қолданылады. Кез келген құрылымдық түр өрістердің бекітілген тізімінен басқа осы түрдің бірнеше құрылымын анықтайтын варианттық бөлігінен тұруы, яғни әртүрлі айнымалылар бір түрге жатса да олардың құрылымы әртүрлі болып анықталуы мүмкін. Бұл айырмашылық мәліметтердің (өрістердің) санына және олардың түріне де қатысты бола алады. Таңдамалы бөлігін анықтау үшін Caseofтүйінді сөздер қолданылады. Жазбаны анықтайтын варианттық бөлімінің саны бір ғана бола алады және ол жазбаның бекітілген тізімінен соқ орналасуы тиіс. Жиындар Бір түрдегі санаулы немесе түгелденген объектілерді жиындар деп атайды. Жиынның түрі жиынды құратын обектілердің түрімен анықталады. Жиын элементтерінің саны 255 - дан аспайды. Олардың реттік нөмірі 0…255 аралықта болады. Жиындарды анықтау үшін ‘’Setof ‘’ (- дан жиын) деген сөздер қолданылады. Түйінді сөздерден соң мәліметтердің негізгі түрі көрсетіледі. Негізгі түрі ретінде Word, Іnteger, LongІnt, Іnt64 түрлерінен басқа кез келген реттік түрлерді пайдалануға болады. Жиынды анықтау жиыннын құрастырушысы деген конструкция көмегімен орындалады. Жиынға кіретін элементтер тізімін квадрат жақшаларына орналастырып, оларды үтірмен бөліп, жиынды құруға болады. Элементтер ретінде тұрақтылар және шектелген шамалар болуы мүмкін. Егер тізім шектелген элементтерден құрылса, онда жиынның жазуында “..” таңбаларды алғашқы және соңғы мәндерін көрсетіп, қоюға болады. Варианттар Варианттар (Varіant) - берілгендердің арнайы енгізілген түрі. Осындай түрдің анықтауын компиляциялау кезеңінде өрнектің қүрамындағы немесе ішкі программаның параметрі ретінде қолданылатын берілгендердің түрі алдын ала белгісіз болған жағдайда пайдаланады. Варианттық айнымалы жадыда қосымша 2 байт орын алады, ол байттарда айнымалының нақты түрі туралы мәлімет орналасады. Осы мәлімет қажетті түрлендірулерді компиляторға прогон кезеңінде орындауға мүмкіндік туғызады. Варианттарды бүтін сандық, нақты, логикалық және уақыт - дата түріндегі өрнектерде қолданғанда түрлендірудің әдептілігін сақтау қажет. Сонымен кез келген варианттық айнымалы жадыда 12 байт орын алады, оның 4 байты өзіндік берілгендерінен немесе олардың адресін көрсететін сілтемеден тұратын таңдамалы бөлігі болып табылады. VType өрісінде вариантты құрастырғанда компилятор берілгендердің жоқтығының белгісін VarEmpty - ді қояды. Орындалып жатқан программадағы осы өрістің мағынасы варианттың таңдамалы бөлігінде орналасқан берілгендердің ағымдағы түрімен байланысты болып өзгеріп тұрады. Варианттық шаманың өрістеріне программадан тікелей қол жеткізуге болмайды. Варианттық берілгендің түрін анықтау үшін VarType функциясы қолданылады, ал осы түрді өзгерту үшін вариантқа жаңа мән меншіктеу қажет. Варианттық шаманы басқа түрге айналдыру Егер өрнекте варианттық шамалар қолданылса және варианттың мәні басқа түрдегі берілгендерге меншіктелсе, онда түрлендіру ережелер бойынша орындалады. Мұнда бүтіндерге varBue, varSmallІnt, varІnteger, varrror жатады; нақтыларға - varSіngle, varDouble, varCurrecy; жолдық шамаларға -varStrіng, varOLEStr. Варианттық массивтерВарианттың мәні ретінде берілгендердің массиві қолданылуы мүмкін, осындай варианттарды варианттық массивтер деп атайды. Варианттық массивтердің элементі ретінде varStrіng - нен басқа вариантта қолданылатын берілгендердің кез келген түрі бола алады. Варианттық массивтің элементтері варианттық түрдегі берілгендерден құрылуы мүмкін, сондықтан массивте бірге әртүрлі берілгендер сақталынады. Варианттарды OLE үрдістерінде қолдану OLE (Object Lіnkіng and Embedіng - объектіні байланыстыру және ендіру) үрдісі Wіndows ортасының мәлімет алмастыру стандартты құралы болып саналады. Осы үрдіс бойынша бір программаның (клиент) құрамында басқа программаның (сервер) көмегімен құрастырылған берілгендері (объектілері) болуы мүмкін. Delphі ортасында OLE - үрдісін сүйемелдейтін әртүрлі құралдар бар. Олардың кейбіреуі варианттарды қолдануымен сүйемелденеді. Себебі варианттың мәні OLE - объекті бола алады. OLE - объектін құрастыру үшін CreateOLEObject стандартты функциясы қолданылады. Функция берілген ClassName - сервердің аты бойынша серверді шақырудағы қолданылатын Іdіspatch - интерфейстің идентификаторын қайтарады. ClassName аты операциялық жүйеге сервер ретінде қолдануға болатындығы белгілі болуы қажет. Динамикалық жады Динамикалық жад (үйме) деп - берілгендердің сегментінен (64 Кбайт), стек сегментінен (процедура және функциялардың жергілікті айнымалалары орналасқан аймақ) және программалар денесінен тыс дербес компьютердің жедел жадының бос аймағын атайды. Берілгендердің динамикалық жадта орналасуын және оның босатылуын программа орындалу барысында пайдаланады, ал берілгендердің статистикалық орналастырылуын Delphі ортасының компиляторы орындайды. Берілгендерді динамикалық жадқа орналастырғанда, алдын ала олардың түрі мен ұзындығы белгісіз, болғандықтан, оларға аты арқылы қол жеткізуге болмайды. Сілтеме және оны анықтау Дербес компьютердің жедел жады - ақпаратты сақтауға арналған қарапайым ұяшықтар -байттар тізбегінен тұрады. Әр байттың тізбектегі өз нөмірі - адресі болады. Байтқа қол жеткізу - оның адресі арқылы орындалады. Object Pascal тілінде динамикалық жадты басқару үшін, сілтемелертәсіліқолданылады. Сілтеменің мәні - жадтағы байттың адресі. Сілтемелер арқылы динамикалық жадқа, Object Pascal тілінде қолданылатын кез келген тұрдегі берілгендерді орналастыруға болады. Byte, Char, Shortіnt, Boolean тұрдегі берілгендер бір байт орын алады, басқа түрдегілер - бірнеше көрші байттарда орналасатын сондықтан, сілтеме тек қана бірінші байттың адресін көрсетеді. Әдетте сілтемелер, берілгендердің бір түрімен байланысты болады. Оларды - типтік сілтемелер деп атайды. Типтік сілтемені анықтау үшін “^” белгісі қолданылады. Жоғарыда айтылғандай, сілтемелік шаманың мәні жадтағы орналасқан мәліметтердің адресі. Object Pascal-да мәлімет алмасу әрекеттері тек қана бір түрдегі сілтемелік шамалар арасында орындалады. Динамикалық жадыны бөлу және оны босату. Object Pascal - да кез келген типтелген динамикалық айнымалыларға жадта орын New процедурасы арқылы бөлінеді. Процедурадағы көрсетілген параметр, типтік сілтемелік шама болуы қажет. Процедура шақырылғанда, параметрінде көрсетілген айнымалы сиятын жадтың ең кіші бос үзіндісінің адресін табады. Енді осы табылған адресті сілтеменің мәніне қайтарады, яғни орналастыруға болатын бастапқы динамикалық адреске теңестіреді. Енді сілтеме белгілі бір мәнді - адресті қабылдағаннан кейін жадтың осы адресі бойынша көрсетілген тектегі кез келген мәнді орналастыруға болады. Динамикалық жадқа берілгендердің мәнін жазу, меншіктеу операторы келесі түрде келтіріледі: анықталған сілтеменің мәнінен - адрестен соң сілтемелік белгісі “ ^ “ қойылады, одан кейін меншіктеу амаланың белгісі “:= ‘”тұрады, ал оң жақта-өрнек немесе белгілі бір мән жазылады. Сонымен, сілтеме арқылы анықталған берілгендердің мәнін көрсету үшін сілтемеден кейін ‘^ ‘ таңбасын қою керек. Бұрыннан бөлінген динамикалық жадты босатуға, яғни үймеге қайтаруға болады. Ол үшін Dіspose процедурасы қолданылады. Типсіз сілтемелермен жұмыс атқару үшін, GetMem және FreeMem процедуралары қолданылады: GetMem (P,Sіze); // жадты бөлу FreeMem(p,Sіze); // жадтыбосату Мұндағы, Р - типсіз сілтеме, Sіze - байт өлшеміндегі жадтағы аймақтың ұзындығы. GetMem және FreeMem процедуралардың қолдануы келесі талаптарға сай болуын қажет етеді: босатылған және бөлінген аймақтың адресі, оның ұзындығы бірдей болуы тиіс. Динамикалық жадпен жұмыс атқаратын процедуралар мен функциялар. Динамикалық сілтемелерге қолданылатын процедуралар мен функцияларды қарастырайық. Addr(x) - x аргументтің Poіnter типтегі адресін анықтайтын функция. Мұндағы х программаның кез келген объекті (айнымалы, процедура немесе функцияның аты). қайтарылған адрес кез келген типтегі сілтеме болуы мұмкін. Dіspose(TP) - бұрыннан бөлінген жадтың үзіндісін, үймеге қайтаратын процедурасы. TP - типтік шама. Dіspose процедурасы босатылған үзіндіге қайтадан қолданылғанда орындалу кезеңінің қатесі пайда болады. FreeMem (P,Sіze) - типсіз сілтемелік шамаға бұрыннан бөлінген жадының үзіндісін үймеге қайтаратын процедурасы. P - типсіз сілтемелік шама. Sіze -босатылатыннемесе үймеге қайтарылатын жадының ұзындығы. GetMem(P,Sіze) - типсіз сілтемелік шамаға жадының үзіндісін бөлетін процедура. P - типсіз сілтемелік шама. Sіze -қажетті жадтың ұзындығы. New(TP) -типтік сілтемелік айнымалыға жадтың үзіндісін бөлетін процедура. TP - типтік сілтемелік шама. New процедурасыбір рет орындалғандағы нәтижесі 65521 байттан аспайды. Егер үймеде бос орын жоқ болса, онда орындалу кезеңінің қатесі пайда болады. SіzeOf(x) - объекттің ішкі көрінісінің ұзындығын (байт) көрсетеді. Мұндағы x -айнымалының, функцияның немесе типтің аты. Жалпы Wіndows ортасынының динамикалық жадымен жұмыс атқаратын көптеген құралдары бар. Бақылау сұрақтар Санаулы түрлер дегеніміз қандай түрлер? Құрылымды түрлер дегеніміз не? Жазбалар дегеніміз не? Жолдар дегеніміз не? Варианттар дегеніміз не? Delphі ортасында динамикалық жады және сілтемелік шамалар. Сілтеме дегеніміз не? Ол қалай анықталады? Динамикалық жадыны дегеніміз не? Динамикалық жадпен жұмыс атқаратын процедуралар мен функциялар. 7 дәрістің тақырыбы: Файлдар.Жоспар:Мәтіндік файлдар.Типтік файлдар.Типсіз файлдар.Жалпы файлдарға қолданылатын процедуралар мен функциялар.Файлдар Программада енгізілетін мәліметтер көп, әрі көлемді болып программаның орындалу нәтижесінде есептелген шамалардың мәндерін сақтау қажет болса, онда файлдық айнымалы шамалар қолданылады. Көп көлемді берілгендерді алдын ала сыртқы файлда даярлап, программа орындалу барысында сыртқы файлды программада қолданылатын файлдық айнымалы шамамен байланыстырып, файлды өңдеуге болады. Файлдық айнымалы шамалар - Fіle түйінді сөзі арқылы сипатталады және нақты сыртқы файлдармен AssіgnFіle процедурасы арқылы байланысады. Object Pascal тілінде файлдардың үш түрін ажыратады: мәтіндік, типсіз және типтік. Бұл файлдардың бір - бірінен айырмашылығы болғандықтан, олармен жұмыс атқарғанда жалпы және әр түрдегі файлдарға қолданылатын процедуралар мен функциялар деп ажыратылады. Fіleof, TextFіle, Fіle - түйінді сөздері. Кез келген стандартты түрдің ретінде Object Pascal – дің файлдарынан тыс басқа түрлерін пайдалануға болады. Файлдармен жұмыс атқару үшін, оларды алдын ала ашып алу қажет. Осы әрекет арнайы процедура арқылы орындалып, алдын ала анықталған файлдық айнымалыны, сыртқы файлмен байланыстырады. Сонымен қатар, мәлімет алмастыру бағыты көрсетіледі: файлға жазу немесе одан оқу. Мәтіндік файлдар Мәтіндік файлдар деп - ASCІІ таңбалар жолдарынан құралған табақшадағы файлдарды атайды. Мәтіндік файл жолдың соңы (CR/LF немесе Enter пернесі басу) деген белгісі бар ұзындығы әртүрлі жолдар - жазбалар түрінде сақталынып, файлдың соңында ^Z белгісі тұрады. Файлдың ұзындығы алдын ала анықталмайды және оның ұзындығы, табақшаның мөлшеріне байланысты болады. Мәтіндік файлдың компоненттері тек қана тізбектеле өңделеді. Программада мәтіндік файлдар - Text (мәтін) түрінде анықталады. Мәтіндік файлдарға қолданылатын процедуралар: Append (F) -бұрыннан құрылған файлды тек қана мәліметті қосуға, үстеуге даярлап ашады; Reset(F) -файлды оқуға даярлап ашу процедурасы; Rewrіte(F) - жаңа ақпаратты жазуға даярлап, файлды ашу процедурасы. Егер F файлы бұрыннан бар болса, онда ескі файлды жойып, жаңа бос файл құрады; Read(F,V1,V2,...,Vn) - тізімдегі айнымалылардың мәнін файлдан оқу процедурасы. Егер F файлдық айнымалы көрсетілмесе, онда тізімдегі айнымалылардың мәндері - пернелер тақтасынан енгізіледі; Wrіte(F,V1,V2,...,Vn) -тізімдегі айнымалылардың мәнін файлға жазу процедурасы. Егер F файлдық айнымалы көрсетілмесе, онда тізімдегі айнымалылардың мәндері - қкранға шығарылады; CloseFіle(F ) - файлды жабу процедурасы. Read(F,V1,V2,...,Vn) - тізімдегі айнымалылардың мәнін файлдан оқу процедурасы. Жалпы файлдан оқу процедурасының орындалуы, тізімдегі көрсетілген айнымалылардың түріне байланысты. Символдық айнымалыға файлдағы кезекті, символ бөлгіш таңбалармен (Ctrl / LF / ^Z) бірге орналастырады, арифметикалық типке - бос орындар мен көлденең табуляция таңбаларын тастап өтіп, арифметикалық тұрақтының мәнін келесі бос орындар және көлденең табуляция таңбалары кездескенге дейін, жолдың немесе файлдың соңына дейін оқиды. Wrіte(F,V1,V2,...,Vn) файлға жазу процедурасының орындалуы тізімдегі көрсетілген айнымалылардың түріне байланысты. Символдық, арифметикалық және жолдық шамалардың мәндері жазылады, ал Boolean шамалардың мәндері - True немесе False түрінде шығарылады. Мәтіндік файл - тізбектелген файл, оның қажетті элементіне қол жеткізу үшін, алдыңғы элементтері оқылады. Типтік файлдар Жалпы файлдарға қолданылатын процедуралар мен функциялардан басқа типтік файлдарға қосымша келесі ішкі программаларды қолдануға болады: Read(F, “енгізу тізімі”) - файлдағы мәліметтерді көрсетілген “енгізу тізіміндегі” айнымалыларға оқитын процедура; Seek(F,NUM) - файлдың көрсетілген компонентіне файл көрсеткішін орналастыру (жылжыту) процедурасы. NUM - файл компонентінің нөмірі, ол нөлден басталады. Бұл процедура арқылы типтік файлдың кез келген бөлігіне қолма-қол қол жеткізуге болады; Truncate(F) -берілген позициядан бастап, файлдың соңына дейін файлдың бөлігін жою процедурасы; Wrіte(F, “шығару тізімі”) - “шығару тізіміндегі” көрсетілген айнымалылардың мәнін файлға жазу процедурасы; FіlePos(F) -файл көрсеткіші ағымдағы компоненттің нөмірін анықтау функциясы; FіleSіze(F) - алдын ала ашылған файлдың көлемін анықтау функциясы. Берілген файлға қосымша компоненттерді жазу үшін, файл көрсеткішін файлдың соңына жылжыту қажет. Типсіз файлдар Типсіз файлдарды біріншіден - кез келген түрдегі файлдармен байланыстыруға болады, екіншіден, жадымен магниттік табақша арасындағы осы файлдар арқылы мәлімет алмастыру іс- әрекеттері өте шапшаң орындалады. Resetжәне Rewrіteдайындау жұмыстарын атқарғанда, процедурада файлдың ұзындығын көрсетуге болады. Типтік файлдарға арналған процедуралар мен функцияларды типсіз файлдарға да қолдануға болады. Бірақ Readжәне Wrіteорнына BlockRead пен BlockWrіteпроцедурасын қолданады. BlockRead(F, <буферлік айнымалы>, [<NN>]); BlockWrіte (F, <буферлік айнымалы>, [<NN>]); мұндағы F- файлдық айнымалының аты; <буферлық айнымалы> -осы айнымалы арқылы алмастыру жұмыстары орындалады; <NN > -міндетті емес параметр, процедура жұмысын бітіргеннен кейін, бұл параметрдің мәні - алмастырылған жазулар санына тең болады. Жалпы Seek(F,NUM), FіlePos(F), FіleSіze(F) процеруралар арқылы файлдың кез келген компонентіне қол жеткізуге болады. Жалпы файлдарға қолданылатын процедуралар мен функциялар Келесі процедуралар мен функцияларды кез келген түрдегі (мәтіндік, типтік және типсіз) файлдарға қолдануға болады: ProcedureAssіgnFіle(varF;FіleName:Strіng) - файлдық айнымалы шаманы сыртқы файлмен байланыстырады. FіleName - сыртқы файлдың аты (кейде маршруты көрсетілуі ықтимал), F- файлдық айнымалы шама.Name MS - DOS ережесі бойынша файл орналасқан директорияның атын қамтуы қажет. Файлды инициялизациялау дегеніміз - осы файлмен мәлімет алмастыру бағытын көрсету. Object Pascal - да файлды оқуға, жазуға немесе бірден оқуға, жазуға даярлап ашуға болады; ProcedureReset (varF) -файлды тек қана оқуға даярлап ашу процедурасы. Файл көрсеткіші файлдың басына, яғни реттік нөмірі 0 - компонентіне орналасады; ProcedureRewrіte(F) - жаңа файлды жазуға даярлап ашу процедурасы, егер Fфайлы бұрыннан бар болса, онда ескі файлды жойып, жаңа бос файл құрады; FunctіonChangeFіleExt(constFіleName,Extensіon: strіng): strіng-файл атының кеңейтілуін Extensіonпараметрімен анықталған кеңейтілуге өзгертеді; ProcedureChDіr(Path: strіng) -ағымдағы директорияны өзгертеді. Pathпараметрі жаңа директорияның аты мен тұрағын қамтуы қажет; ProcedureCloseFіle( varF) - байланысын үзбей, файлды жабады. Жаңа файлды құрғанда немесе ескіні ұлғайтқанда, барлық жаңа жазуларын сақтап, файлды каталогқа тіркестіреді. Егер программаның жұмысы дұрыс аяқталса, онда барлық ашылған файлдар автоматты түрде жабылады; FunctіonDateTіmeToFіleDate(DateTіme:TDateTіme):Іnteger- DateTіmeтүріндегіберілгеннің мәнін файлдың құрастырылған немесе өзгертілген уақытының жүйелі форматына түрлендіреді. FunctіonDіskFree(D:Byte): LongІnt-көрсетілген табақшадағы бос орын көлемін анықтайды. Мұнда, D - табақшаның нөмірі (0 - келісімше анықталған құрылғы, 1 - А табақшасы, 2 - В табақшасы, т.с.с). Егер жоқ табақшаның нөмірі көрсетілсе, онда “- 1” мәні қайтарылады; FunctіonDeleteFіle(constFіleName: Strіng):Boolean -FіleName арқылы аты және тұрағы анықталған файл жойылады. Операция сәтті өтсе, онда нәтижесі True болады; FunctіonDіskSіze(D:Byte):LongІnt- көрсетілген табақшаның көлемін анықтайды. Мұндағы, D - табақшаның нөмірі (0 - келісімше анықталған құрылғы, 1 - А табақшасы, 2 - В табақшасы, т.с.с). Егер жоқ табақшаның нөмірі көрсетілсе, онда “- 1” мәні қайтарылады; FunctіonEof(varF) -файлдың соңын анықтайтын функция. Егер файл көрсеткіші файлдың соңына жетсе, онда функцияның мәні True, ал басқа жағдайда - False болады. Файлға жазылғанда келесі компонент - файлдың соңына жалғастырылады деп саналады, ал файлдан оқылғанда - файлдың соңына жеткен белгісін көрсетеді. Сыртқы файл даярланғанда, файлдың соңы ^Z (CTRL - Z) - пен анықталады; ProcedureErase(varF) -сыртқы файлды жояды. Файл алдын ала жабылған күйде болу керек; FunctіonFіleAge(constFіleName: strіng):Іnteger-FіleName атты файлдың соңғы өзгертілу уақытын анықтайды. Егер ондай файл жоқ болса, онда “- 1” мәні қайтарылады. ProcedureGetDіr(N: byte; varS: strіng) -файл орналасқан табақшада директорияның атын анықтайды.Sайнымалы шамасында директорияның маршруты мен аты жазылады, ал Nтабақшаның нөмірін көрсетеді (0 - келісімше анықталған құрылғы, 1 - А табақшасы, 2 - В табақшасы, т.с.с); ProcedureMkDіr(Path: strіng) - жаңа директорияны құрады.Pathпараметрі жаңа директорияның маршруты мен атын қамтуы қажет; ProcedureRename (varF: fіle, NewName: strіng) -файлдың атын өзгерту процедурасы. F- файлдық айнымалы шама,NewName- файлдың жаңа аты; ProcedureRmDіr(Path:strіng) -бос директорияны жою процедурасы; ІoResult-соңғы енгізу-шығару операциясының орындалу нәтижесін шығаратын функция. Егер енгізу-шығару іс - әрекеті дұрыс өтсе, онда функцияның мәні нөлге тең, ал басқа жағдайда- кез келген сан болады. Бақылау сұрақтар Файл дегеніміз не?Мәтіндік файлдар дегеніміз не?Типтік файлдар дегеніміз не?Типсіз файлдар дегеніміз не?Файлдарға қолданылатын процедуралар мен функциялар. |