Главная страница

СРО, Ибрагимова М.О. Салауатты өмір салтын насихаттау.Ден.нығайт. Реферат Таырыбы Салауатты мір салтын насихаттау, денсаулыты ныайту Орындаан Ибрагимова М. О тексерген Жайсанбаев С. Ш


Скачать 40.53 Kb.
НазваниеРеферат Таырыбы Салауатты мір салтын насихаттау, денсаулыты ныайту Орындаан Ибрагимова М. О тексерген Жайсанбаев С. Ш
Дата12.06.2022
Размер40.53 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаСРО, Ибрагимова М.О. Салауатты өмір салтын насихаттау.Ден.нығайт.docx
ТипРеферат
#586527

Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі

Реферат

Тақырыбы: Салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты нығайту

Орындаған: Ибрагимова М.О

Тексерген: Жайсанбаев С.Ш

Петропавл қаласы 2021жыл

Жоспар:

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  3. Қорытынды

    1. Салауатты өмір салтын насихаттау

    2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері

    3. Қорытынды

Салауатты өмір салты және денсаулық

Қазіргі кезде денсаулық проблемаларын сараптау қорытындысының нәтижесі салауатты өмір салтын ұстануды жетілдіру керектігін көрсетті. Әсіресе қазіргі қоғамдағы жастар денсаулығы көптеп алаңдатуда. Жастар біздің болашағымыз. Болашағымыздың жарқын болуы үшін жастарға салауатты өмір салтын насихаттап, зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстауға шақыруымыз қажет.

Денсаулық үғымына берілген анықтамалар өте көп. Үлкен медициналық энциклопедияда денсаулық организм мен жүйенің атқаратын қызметін сыртқы орта теңдестіріп, ешқандай ауырсыну өзгерістері байқалмайтын адам күйі ретіндс сипатталады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша «Денсаулық дегеніміз — бұл аурудың немесе дене кемтарлығының жай ғана жоқ болуы емес, денелік, психикалық және әлеуметтік тұрғыдан ойдағыдай толық күйі». Бірінші байлық - денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Содансоң, өзіміз көп нәрсені керісінше жасаймыз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. “Жалған - ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз. Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз. Қазіргі уақыттағы әлеуметтік- экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Ел “Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі - “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты” тармағында, “...азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған. Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады [1].

“Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған.Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім- жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-53%-ы өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20%-ы қоршаған ортаға (аймақтың экологиялық және климаттық-географиялық ерекшеліктеріне), 18-22%-ы тұқым қуалау себептеріне, біздің ден-саулығымыздың тек 8-10%-ы ғана денсаулық сақтау ұйымына тәуелді. Халықтың денсаулығы - ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі.Атамыз қазақтың «Бірінші байлық - денсаулық», яки болмаса «Денсаулық - терең байлық» деген даналық мәтелдері тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе? Денсаулықтың қадірін, маңызын айрықша ұғынып барлық игіліктен жоғары санаған. Тағы да «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп жан мен тән саулығын қоршаған орта аясында дұрыс сақтап және нығайтуға түрлі пайдалы әрекеттер жасап отырған [2].

Жасырары жоқ, күні бүгінге дейін небір ғұлама ғалымдар, біліктілігі күшті дәрігерлер де «Денсаулық деген не?» деген сұраққа әлі толымды, тұшымды, дәл анықтама бере алмай келеді. Қолымызда тек ВОЗ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) қалыптастырған анықтама бар. Бұл бойынша Денсаулық - жан, тән және адамның әлеуметтік жағдайының қоңдылығы. Байқап отырсаңыз жан иесінің жалғыз анатомиялық дұрыс қалпына ғана емес, оның әлеуметтік жағдай-тұрпатына да ерекше мән берілген. Жуырда ғана өткен дәрігерлер мен провизорлардың съезінде сөйлеген сөзінде еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев: «Халықтың денсаулығы - ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп тағы да айрықша айқындап атап өтті. Сонымен қатар келешек атқарылатын істердің басты стратегиялық бағыттарын да көрсетті.

Бірінші: балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына айрықша көңіл бөлу.

Екінші: халықты қол жетерлік және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Үшінші: отандық медицина ғылымын дамыту. Осы бағыттама аясында ел басқарған ағалармен біріге отырып, түрлі індеттердің алдын алу керек. Салауатты өмір салтын ұсынбаған мемлекеттің экономикасы құлдырайтыны сөзсіз. Ауру адам қандай іс бітірмек!

Жастар - болашағымыздың алтын тірегі. Жастар арасындағы нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу қажет. Тағы да айтарым, өкінішке орай көптеген азаматтарымыз өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға жауапты емес, немқұрайды қарайды. Тіпті денсаулығы өзіне емес, тек дәрігерлерге қажет сияқты медицинаға тұтынушылық немесе масылдық пиғылы бар. Дәрігерлер қанша ескертсе де жаман әдеттерден арылғысы келмейді. Темекі тартады, насыбай атады, салынып арақ ішеді. Мысалы: К-

деген гипертониямен кісі жағдайы бақуат бола тұра өз (денсаулығына) кеселіне бір тиын жұмсағысы келмейді, тек үкіметтің қаражатына иек артқысы келеді. Кейбір аналарымыз қонақ келгенде көл-көсір дастархан жасап, ал өз денсаулығына аса қажет анемияға қарсы бір дәріні де сатып алып ішкісі де келмейді. Жалпы, халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасын әрдайым, әрқайсысымыз жадымыздан шықпайтын биік ұстаным болуға тиіс. Себебі бұл қаражат халықтікі, әрбір салық төлеушінің үлесі екенін ұмытпағанымыз жөн. Жас кезінен аурушаң болған Поль Брегг «Өзіңді өзің жасай біл» деген қағиданы нық ұстанған. Ол ынта-жігерінің салауатты өмір сүруге деген құштарлығының арқасында барлық ауруларды жеңіп, денсаулығы мықты болып өмір сүрген. Ия, кімнің болса да денсаулығы өз қолында. Салауатты өмір сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра алмайды. Салауатты өмір салтына денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз [3,4].

Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн. Енді оларға не жататынына тоқтала кетейік: Олар - темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну. Арақтың орнына қымыз бен қымыран іш, темекі тартудың орнына таза ауада көбірек жүр. Жастарға есірткіні пайдаланба, көңіл көтеретін мәдени көпшілік орындарына баруды әдетке айналдыр дер едім. Еңбек адамды тәрбиелейді. Сондықтан жұмыс істеуден қашпаған жөн. Жалқаулыққа салынудың соңы жақсылыққа апармайды. Имандылық жолына түсіп, жылына бір келетін оразаны тұтып, оның тәртібін сақтағаныңыз дұрыс. Дүниеде бұған тең келетін ештеңе жоқ. Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек. Өзіңізді қандай көрсеңіз, өзгелерді де солай көріңіз. Адамдар бір-бірімен дос, бауырлас, сыйлас, рақымды, мейірімді болса, нұр үстіне нұр жауады. Әрқашан жаман ойдан аулақ болыңыз. Адам өзін өзгеден кем сезінуі, денсаулығының нашар екендігін ойлап қамығуы, көз алдына өлім қорқынышын елестетуі ойды бұзады [5].

Денсаулық қатерінің негізгі факторлары — қозғалыс күшінің кему саддарынан қимылдың кемуі (гиподинамия), дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану,қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірістежәне тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің (шылым шегу, алкоголь пайдалану, уланқорлық, нашақорлық, т.б.) кең таралуы.

Валеология ғылымы қандай амалдардың жәрдемімен денсаулықты сақтап, нығайтуға болатынын егжей- тегжейлі түсіндіреді. Салауатты өмір салтын қалып- тастырудың негізгі бағытгары мыналар:

жеке және қоғамдық гигиена;

дене шынықтыру, гиподинамиямен күрес;

организмді жаратылыс-табиғи факторлармен — су, ауа, күн жарығымен және т.б. шыңдау;

күн тәртібін тиімді пайдалану;

дұрыс және уақтылы тамақтану;

тән ауруларынан сақтандыру;

жарақаттанудан, уланудан, т.б. сақтандыру;

зиянды әдеттерден (темекі тарту, алкоголь, есірткілік улы заттарды) сақтандыру

жыныс гигиенасы;

психопрофилактика және психогигиена;

кикілжің және денсаулық;

экология және денсаулық.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері

Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі деп тегін айтылмаса керек. Бірінші байлық- денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын шынайы сезініп, түсінбейтін секілдіміз.
Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз оcы бағытта Қазақстан мектептеріне жан- жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат еткен дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты талап етіп қойған.
Қазіргі кезде салауатты өмір салтын сақтау туралы көп айтылуда. Тіпті Елбасымыздың Жолдауында да салауаттылықты мемлекеттік деңгейде қолға алу керектігі көрсетілген. Бұл жолдау келешек егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады. Десе де осы салауатты өмір салты дегенді әркім әрқалай түсінеді.
Салауатты өмір салты дегеніміз- денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді орындау. Ол үшін денссаулықа жағымсыз әрекеттерден (нашақорлық, шылым шегу, ішімдік ішу, улы заттарға әуес болу) аулақ болу. Салауатты өмір салтын сақтау сонысымен бағалы. Көне замандардағы ғұламалардың бірі Аристотель: Жанды дене қозғалмаса өледі - деген екен. Міне, сол тұжырымдама біз үшін салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болуға тиіс. Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың рөлі зор. Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы қол жеткізілуге болады. Дене қозғалысы адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады. Денсаулық - адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы.
Адам денсаулығын қалыптастыру және нығайту - медицинаның ғана емес, сонымен бірге барлық оқыту мен тәрбиелеу, білім беру жүйелерінің негізгі мақсаты мен міндеті. Себебі, шәкірт денсаулығының жағдайы оның оқу үлгеріміне, мінез-құлқына, қарым - қатынастарына тікелей әсер етеді. Осы орайда мектептегі алғашқы сабақтың 4-5 минуты гимнастика жаттығуынан басталса, ерте тұрып таза ауада жүгіріп және арнайы жаттығулар жасалса. Түрлі спорттық ойындар мен секцияларға қатысудың да артықтығы болмас еді.Сөйтіп, жан дүниемізді байытып шынықтырар едік.
Егемен еліміздің болашағы- жастар. Қоғамда болып жатқан жат, жаман әдеттерден бойын аулақтап, төзімділік, табандылық танытқан, адамгершілік құндылықтарды бағалай білген жанның келешегі кемел, өмірі мәнді болмақ. Дүниенің қызығы мен тамашасы мол.
Салауаттану -- тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Адам денсаулығы тән, дене, психологиялық, имандылық-адамгершілік және әлеуметтік денсаулықтар құраушының өзара байланысы мен өзара үйлесімді әрекеттерінен қалыптасады. Кез-келген өзара әсер әрекет етуші ретінде де, жауап беруші ретінде де анықталады.
Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметгік биологиялык мәні арасындағы қарама -- қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты -- салауаттанудың пайда болуы заңдылық. Салауатгану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және ны-ғайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады.
Салауаттанудың рөлі -- адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі жөне өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып табылады.
Салауаттану ғылымы қалай денсаулықты сақтаудың ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны, біріншіден -- дені сау адам, екіншіден -- оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден -- аурудъщ пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден -- сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады.
Салауаттанудың зерттеу пәні -- адам. Зерттеуге организмнің анатомиялық, физиологиялық негіздері, бейімделу тетіктері, корғану тосқауылдары, организмнің сыртқы ортаға бейімделуі туралы білімдері енеді. Салауаттану адамның термодинамикалық, денелік, химиялық, антропологиялық, экологиялық құбылыстарын қамтиды. Адам қоғамның қарапайым мүшесі, этикалық және эстетикалық ұстанымдарын жеткізуші жеке тұлға ретінде қарастырылады. Тек осындай кешенді тәсіл оның негізгі қасиеті - денсаулығын сипаттауға мүмкіндік береді.
Тіршілік дегеніміз тек адамның ғана емес, кез келген тірі организмнің қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі болғандықтан, салауаттану тіршілік етуге қажетті ортаның әсерін барлык кұрауыштарымен оқып-үйрену міндетін қояды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-53%-ы өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20%-ы қоршаған ортаға (аймақтың экологиялық және климаттық-географиялық ерекшеліктеріне), 18-22%-ы тұқым қуалау себептеріне, біздің ден-саулығымыздың тек 8-10%-ы ғана денсаулық сақтау ұйымына тәуелді.
Денсаулық қатерінің негізгі факторлары -- қозғалыс күшінің кему саддарынан қимылдың кемуі (гиподинамия), дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің (шылым шегу, алкоголь пайдалану, уланқорлық, нашақорлық, т.б.) кең таралуы. Салауаттану ғылымы қандай амалдардың жәрдемімен денсаулықты сақтап, нығайтуға болатынын егжей-тегжейлі түсіндіреді. Салауатты өмір салтын қалып-тастырудың негізгі бағытгары мыналар:
- жеке және қоғамдық гигиена;
- дене шынықтыру, гиподинамиямен күрес;
- организмді жаратылыс-табиғи факторлармен -- су, ауа, күн жарығымен және т.б. шыңдау;
- күн тәртібін тиімді пайдалану;
- дұрыс және уақтылы тамақтану;
- жұкпа аурулардың алдын алу;
- тән ауруларынан сақтандыру;
- жарақаттанудан, уланудан, т.б. сақтандыру;
- зиянды әдеттерден (темекі тарту, алкоголь, есірткілік улы заттарды) сақтандыру;
- жыныс гигиенасы;
- психопрофилактика және психогигиена;
- кикілжің және денсаулық;
- экология және денсаулық.
Салауаттанудың негізгі мақсаты -- әрбір жеке адамның және тұтастай қоғамның денсаулығын қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мақсаты -балалар мен жастарда жас ерекшеліктеріне, құндылық бағдарларына және имандылық-еріктілігіне сәйкес салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын және уәждерін қалыптастыру.
Бүдан мынандай міндеттер туындайды:
- салауатты өмір салтының әдістерін үйрету;
- өз денсаулығына қоғамдық игілік, қоғамның рухани құндылығы ретінде жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
- негізгі гигиеналық дағдыларға төселдіру;
- осы заманғы ауру түрлерімен және оларды алдын алу шараларымен таныстыру.
Адам денсаулығы, ең алдымен, өмірлік сара жолға тәуелді, ал өмір жолы тарихи, ұлтгық дәстүрлер мен тұлғалық бейімділіктер бойынша анықталады.
Денсаулық деген не? Денсаулық үғымына берілген анықтамалар өте көп. Үлкен медициналық энциклопедияда денсаулық организм мен жүйенің атқаратын қызметін сыртқы орта теңдестіріп, ешқандай ауырсыну өзгерістері байқалмайтын адам күйі ретіндс сипатталады. Дүниежүзілік денсаулық сақ-тау ұйымының анықтамасы бойынша Денсаулық дегеніміз -- бұл аурудың немесе дене кем тарлығының жай ғана жоқ болуы емес, денелік, психикалық және әлеуметтік тұрғыдан ойдағыдай толық күйі.
Академик Н.М.Амосов адам денсаулығы мүшелердің атқаратын қызмет сапасы толық сақталған кезде олардьщ барынша көп өнім беретінін бағалауға болатын мөлшермен анықталады деп жорамалдайды .
И.И. Брехман денсаулықты сезімталдық, ауызша айту және құрылымдық үш бірегей ағымдардың мөлшерлік және сапалық көрсеткіштерінің әртүрлі өзгерістері жағдайында адамның жасына сәйкес тұрақтылықты сақтау қабілеті ретінде анықтайды . Сібірлік ғылыми мектебі ұсынған денсаулық анықтамасы -- бұл денсаулық дегеніміз -- физиологиялық қасиеттерді сақтап, дамыту процесі, психологиялық әлеуметтік әлуеттер, қолайлы еңбекке жарамдылық және әлеуметтік белсенділік кезінде салауатты өмірдің барынша ұзаққа созылу процесі.
Келтірілген денсаулық анықтамалары негізінен алғанда денсаулық ұғымын бірдей қамтып көрсетеді, яғни организмнің сыртқы орта (табиғи және әлеуметтік) жағдайлары мен ішкі факторларға (тұқымқуалаушылық, жыныс, жас) бейімделу сапасын айқындайды. Денсаулықтың мынадай: физиологиялык, сезім әрекетіне берілгіштік, зияттылық, әлеуметтік, тұлғалық негізгі түрлері бар. Ал рухани түрі осыларды бірегей тұтастыққа -денсаулыққа біріктіреді.
Денсаулықтың физиологиялық түрі организмдегі физиологиялық үрдістерді (процестерді), олардың өзара әрекеттесуін, организмнің қоршаған орта әсеріне қайтаратын жауабына бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функционалдық сақтамаларды зерттейді.
Зияттылық түр дегеніміз -- денсаулық туралы білімнің ақпараттық көзі.
Сезім әрекетіне берілгіштік түр -- жағдайға байланысты ... жалғасы

Қазақстанның бүгінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы күрделі кезеңді басынан кешіріп отыр. Кеңестік дәуір тоқырауға душар етті. Қалыптасқан әкімшілік жүйе қоғам мүшелеріне енжарлықты, селқостықты, жауапсыздықты дамытты. Осы империяның көлеңкесіндегі өмірден Қазақстан кеңестік жүйеден түбегейлі және түпкілікті бас тартып, жаңа принциптерге негізделген егеменді мемлекет құру үстінде. Бұл үкімет білім беру мен тәрбиелеуді тәуелсіз мемлекеттің талабына үйлесімді құрып, жастарға сапалық жаңа қасиеттерді сіңіруді қолға алып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға батыл кірісті, Тұлғаның өз болмысын тануға көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін дамытып толыққанды өмір сүру үшін рухани күш-жігер беру оқу орындарының басты міндетіне айналды. Осы орайдан оқушылардың бойына жаңа сана, жаңа көзқарас қалыптастыруда имандылық пен адамгершілік жағынан құлдыраған нашақорлық, жезөкшілік, маскүнмдік сияқты індеттерден сақтанарлықтай таным түсінік қалыптастыру басты проблема болып саналады.

   Әрине, тәрбие ісіндегі келелі мәселе тек айтумен ғана шешілмейді, оның дұрыс жүзеге асуы оқушының арман – мұратына үйлесімді салауатты өмір салтының идеяларының терең ұқтырып бойына сіңіруі. Ал мұның басты құралы нақты іс-әрекет арқылы көзқарас қалыптастыру. Осы орайда орта мектептерде әдеп әліппесіне, отбасылық тәрбиеге байланысты сабақтар өту белгіленіп және сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарының бағдарламалары қайта құрастырылды. Уақыт талабы бұл құжаттарды әлі де жетілдіре түсінуді және білім беруді дамытудың жаңа тұжырымдамасына үйлесімді құруды керек етіп отыр.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы негізгі құралдардың бірі – түрлі іс-әрекет барысында оқушылардың өзара қарым-қатынасы, пікірлесуі және мұғалімнің, ата-ананың және ересек адамдардың үлгі өнегесі деп білген жөн. Сонымен қатар оқушыға дене тәрбиесін бергенде олардың жас ерекшеліктері, денсаулығы, спортпен қаншалықты шұғылданғандығы, дене шынықтыру жаттығуына қатысуы т.б. ескерілуі керек. Бұларға қоса дәрігерлік мекемелердің ұйғарымы және адамгершілік талаптарға байланысты табиғи нышандар, дербес ерекшеліктерге мүмкіндік беріліп отыр.

 

I-тарау. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі.

 

 

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) анықтамасы  бойынша, денсаулық дегеніміз- организмде аурудың  не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман-есендік. Академик В.П.Казначевтің  жеке бас денсаулығы анықтамасы бұдан да толығырақ: «денсаулық дегеніміз, организмнің ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психалогилялық  әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас ерекшеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы».

Денсаулық- физикалық, рухани және әлеуметтік болып бөлінеді.

Физикалық саулық дегеніміз- адам организімінде функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғарғы дәрежелі жағдайда болуы.

Психикалық саулық дегеніміз- ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылу  «адам өмірінің мақсаты» болуын болжайды.

Әлеуметтік саулық дегеніміз- адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнау дәрежесі.

Денсаулық, қалып (норма) деген ұғымдар бір-біріне ұқсас. Қалып – дені сау адам баласының бәріне бірдей тұрақты стандарт мақсат ететін үлгі болатындай денсаулықтың көрсеткіштері. Денсаулық жағдайын бағалау үшін жасқа байланысты жеке адамдардың  қалып көрсеткіштері пайдаланылады. Жасқа байланысты қалып көрсеткішін анықтау үшін белгілі көрсеткіштің әрбір жастағы адам топтарының орташа көрсеткіші есептеліп шығарылады. Әрбір топта табылған орташа көрсеткішті қалып стандарт етіп алынады. Бірақта бір топқа кірген адамдардың  көрсеткіштерінің бір бірінен  айырмашылығы әжептеуір болуы мүмкін. Өйткені олардың жыныстық, кәсіптік, тұрған жерінің, өмір салтының т.б. айырмашылықтары болады. Орташа көрсеткіштерді анықтағанда, айтылған айырмашылықтарды да еске алған жөн. Осыған орай «қалып» деген ұғым «денсаулық» деген ұғым тәрізді әр адамның жеке басына ғана тән көрсеткіштері болмақ.

 

1.2. Дене жаттығуларының түрлі ағзалар мен жүйелердің функцияналдық жағдайына деген әсері.          

Ден жаттығуларының әсерінен бұлшық еттерде едәуір өзгерістер болады. Егер де бұлшық еттер ұзақ уақыт қимылсыз күйде тұратын болса, онда олар әлсіздене бастайды, көлемі кішірейеді. Дене жаттығулары, олардың көлемін ұлғайтады, нығаюына ыңғайлайды. Мұнымен қатар бұлшық еттердің өсуі, олардың талшықтар санының көбеюінен, ұзаруынан емес жуандауы әсерінен болмақ. Бұлшық ет созылуы жақсарады , тонусы, қан айналым және бұлшықет қоректенуі жақсарады.

Дене жаттығуларымен айналысқан кезде көптеген капиллярлар кеңейіп қана қоймайды, олардың саныда бірден көбейе бастайды. Әсіресе бас ми капиллярларының саны өсуінің ерекше маңызы бар, кезінде И.М.Сеченов ми даму үрдісінде бұлшықет қозғалысының маңызын талай атап өткен.

Жаттығу кезінде оттегін тұтыну деңгейі бірден көтеріледі, өйткені бұлшықет жүйесі қаншалықты белсенді қызмет істесе, соншадлықты жүрек те әлуетті қызмет етеді. Дене шынықтыруымен, спортпен айналыспайтын адамның жүрек бұлшық еті  әр жиырылыс сайын, қолқаға 60мл шамасындай қан сол қарыншадан лықсып шығарылатын болса, жаттыққан адамда жай тыныштық жағыдайда бір жиырылыстың өзінде қолқаға 90-100 мл қан шығарады. Жаттықпаған адамда жүрек минутына 70 рет жиырылады, ал спортшыларда пульс жиілігі  1 минут ішінде жүрек 50-60 рет жиырылатын болады. Кейбір спортшыларда пульс 40-тан аспай, бір сөзбен айтқанда, жаттыққан адамның жүрегі әр систола сайын қанды көп шығарады, яғни жүрегі үнемі де, ұтымды жұмыс істейді.

Дене жаттығулары өкпенің тіршілік сыйымдылығын кеңейтеді, қабырға шеміршектерінің икемділігін жақсартады, тыныс еттерін күшейтеді, олардың тонусын жоғарылатады. Тыныстың минуттық көлемі –қалпы 8 л көп болмайды. Ал, тез және бар күшімен жүгіргенде не жүзгенде ТМК 20 есе көбейеді,  120-130 л жетеді .

Дене шынықтырумен айналысу, зат алмасудың бар үрдістеріне және зәр шығару ағзаларының жұмыстарына дұрыс әсер етеді, қан тасмалдау, лимфа жүйесінің функциясын күшейтеді.

Дене жаттығулары жамбас қуысында қанның іркіліп қалуын, қатпаны, гемаройды болдырмайды.

Қандай болмасын дене жүктемесі – склероздық өзгерістерді болдырмайды. Дене жаттығулары адамның психикасына да үлкен әсерін тигізеді. Осының әсерінен жүйке-жүйесінің күш қуаты өседі, ішкі секретция бездерінің жұмысына дем береді және жағымды эмоция тудырады.

Дене шынықтыру мен айналысуды бастайтындар үшін көптеген әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларының мол жиынтығының арасындағы ең бірінші  орынға шығаратындары : сауықтыра жүгіріс, жүріспен алмастырып тұратын жүгіру, аэробика, шейпинг, жүзу, туризм, ерік гимнастикасы, таңертеңгі сауықтыру гимнастикасы, дәстүрлі гимнастика және тыныс алу жаттығулары.

1.3. Дене тәрбиесінің мәні, мақсаты және міндеттері.

Дене тәрбиесі- тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастырып, дамыту процесінің негізгі бір саласы. Себебі,  дене тәрбиесі  тұлға денесінің қалыпты жетілуін, денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке, Отанды қорғауға  дайындауда аса маңызды қызмет атқарады.

Дене тәрбиесі- адамның денсаулығын нығайтып, оңтайлы қимыл — әрекеттерін  қалыптастыратын  адамгершілік қасиеттері мен ерік – жігерін  жетілдіретін негізгі тәрбие бағытының бірі.

Сондай-ақ, дене тәрбиесі – ерік-жігері  мықты, тәртіпті, батыл және белсенді, өз Отаннын қорғауға лайықты жас ұрпақты ойдағыдай әзірлеуде аса маңызды  әлеуметтік міндеттерді атқарады.  Дене тәрбиесі жастарда ақыл-ой және еңбек әрекетінде нәтижелі жұмыс істей алатын сапа қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Дене тәрбиесінің көздейтін мақсаты – балалардың дене мәдениеті  мен спортпен айналысу қызығушылықтары мен  қажеттіліктеір ояту, ынталандыру және дененің  дамуы мен денсаулықты  нығайтудың  психофизиологиялық негіздерін терең ұғынуларына, сонымен қатар ақыл-ой адамгершілік және эстетикалық т.б. тәрбие салаларының дамуына да ықпал ету мүмкіншіліктеріне жағыдай жасау.

Дене тәрбиесінің мәнін ашу барысында оның міндеттері мен мазмұнын анықтау қажеттігі туындайды.

Дене тәрбиесінің мазмұны:

Денсаулықты нығайту, ағзасын шынықтыру  және дененің дұрыс қалыптасып дамуын,  мүсіннің сымбатты болуын қамтамасыз ету;

Ақыл-ой және дене күштерін жұмыс істеу қабілеттерін көтеру;

Дененің негізгі қимыл қозғалыс сапаларын (күштілік, ептілік, шыдамдылық, шапшаңдылық) қалыптастыру;

Гигиеналық дағдыларды қалыптастыру;

Дене шынықтыру және спорт саласында арнаулы білімдер беру;

Адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу (батылдығы, өжеттігі, қайсалығы, табандылығы, тәртіптілігі, жауапгершілігі, ұжымшылдығы т.с.с.);

Дене және спорт ойындарымен үнемі және жүйелі айналысуға қажеттілігін тәрбиелеу;

Дененің әр қашан сау болуына, сергектікке, өзіне және айналасындағы адамдарға әрқашан қуаныш әкелуге ұмтылысын тәрбиелеут.с.с.;

Ұлттық ойындар игеру және олардың пайда болу және даму тарихымен танысу, әдіс-тәсілдерін білу.

Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны  дене шынықтыру жөніндегі оқу бағдарламасында және спорт теориясы мен практикасы жөніндегі факультативтік сабақтар  бағдарламасында, сондай-ақ, «Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беру туралы»  Ережеде (Алматы, 1993) ашып көрсетілген. Бұл құжаттарда денсаулықты және ағзаны нығайтуға, қимыл-қозғалыс дағдылары мен икемділікті, төзімділікті, шапшаңдықты қалыптастырып,  дамытуға баса назар аударылған.

   Дене тәрбиесінің мазмұны – бұл баланың жеке басы және қоғамдық гигиена нормаларын сақтау дағдысына үйрету.

   Дене тәрбиесінің мазмұнында  оқушыларды дене шынықтыру және спорт жайындағы  білімдер жүйесімен қаруландыруды көздейді. Мұндай білімдер оқушылардың ақыл-ой және адамгершілік ой-өрісін кеғейтеді, олардың бойында жалпы мәдениетті дамытады.

Кеңестік дәуірге дейін дене тәрбиесінің ғылыми негізін қалаған аса көрнекті педагог, әрі дәрігер П.Ф.Лесгафт болды.  Ол адам денесінің  жекелеген мүшелерін дамытуға бағытталған жаттығулар арқылы әсер етуді ұсынады.

Дене тәрбиесінің жүйесі және басқару.

Адам ағзасының негізгі қызметінің қалыптасып жетілуі  баланың жастық шағында, әсіресе мектеп жасында жүзеге асады. Сондықтан осы кезеңде оған әсер ететін  барлық факторларды барынша тиімді пайдалану қажет. Осы орайда жас ағзаның қалыпты дамуына мектептегі дене тәрбиесі мақсатты әрі жан-жақты жағдай туғызады.

Бүгінде мектеп қабырғасында дене тәрбиесін ұйымдастыру жүйесіне мыналар:

Дене шынықтыру сабақтары;

Факультативті сабақтар;

Дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстары;

Сабақтан және мектептен тыс дене тәрбиесі мен  спорттық іс-шаралар (үйірмелер, спорттық секциялар, жарыстар) жатады.

Білім беру саласында дене тәрбиесін  ұйымдастыру жүйесіне дене шынықтыру сабақтары жатады. Ол оқушылардың  жан-жақты жалпы дене дайындығын қамтамасыз етуді көздейді.

Дене тәрбиесі жүйесінің негізгі міндеттері:

Қимыл-қозғалыстың жалпы бір кешенді түрлерін жасауға дағдыландыру;

Оқушылар әрбір қимыл-қозғалыстың жылдамдығын, ырғақтығын қамтамасыз етіп, оның элементтері жайында түсініктерін қалыртастыру;

Оқушылардың денсаулығын нығайту  және дене тәрбиесінің басқа да міндеттерін шешуде дене шынықтыру сабақтарымен қатар, сыныптан тыс дене тәрбиесінің атқаратын қызметтері де ерекше.

Сыныптан тыс дене тәрбиесінің негізгі міндеттері:

Оқушыларды дене тәрбиесі жұмыстары мен спорттың әр түрі мен айналысуға кең көлемде қатыстыру;

Спорттың әр түрлі бағыттарында олардың ұйымдастыру қабілеттерін шыңдау;

Олардың жалпы дене күштерін жетілдіріп және спортқа даярлығын арттыру және спортқа деген қызығушылығын ояту;

Оқушылардың дене шынықтыру жаттығуларымен өз бетінше айналысуын тәрбиелеу;

Сондықтан дене тәрбиесінің сабақтан тыс жұмыстьарының  жүйесі оқыту процесінде атқарылған спорттық ойындар  түрлерінің мазмұнымен тығыз байланысты болуы керек.

Сыныптан тыс дене тәрбиесі жүйесінің бағыттары:

Оқушылардың санитарлық-гигиеналық білімдері мен  түсініктерін тереңдету, оған қажетті біліктілік пен дағдысын қалыптастыру;

Осы бағытта мектеп мұғалімдері, сынып жетекшілері мен дәрігерлер оқушылармен еңбек, демалыс және дұрыс тамақтану режимі,  дене гигиенасын сақтау, дене күштері мен денсаулықты шынықтыру  амалдарының маңыздылығы жайында әңгіме жүргізу, баяндамалар жасау, спортшылармен қызықты кездесулер ұйымдастыру, оқушылардың  жаппай спорт түрлерімен  айналысуға деген қызығушылығы және қажетсінуін тәрбиелеу.

Оқушылардың денсаулығы мен дене күштерін шынықтыруда табиғаттың мүмкіндіктерін пайдалану (күннің көзі, таза ауа, таза су т.б.). Мысалы, табиғат аясында серуен құру, саяхат жасау, туған өлкеге жорық жасау, әртүрлі спорттық жарыс ойындарын ұйымдастыру.

Сыныптан тыс дене тәрбиесі жүйесінде оқушылардың спорттық жарыстарын, әртүрлі спорт түрлерімен және дене шынықтыру жұмытарын ұйымдастыру.

   Мысалы, спорт секциялары мен үйірмелерін ұйымдастыру, көпшілік спорт жұмыстары, спорттық мейрамдары, әскери спорттық ойындар.

Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» жолдауында (1997) және «Слауатты өмір салтын қалыптастыру»  бағытының бірі – олардың дене тәрбиесін нығайту қажет екендігін атап көрсетті.

Қорыта айтқанда, оқушылардың дене тәрбиесінің нәтижесін арттыруда оқу және сыныптан, мектептен тыс жұмыстарының көптеген құралдары мен амал тәсілдерін  кеңінен пайдалану ықпалын оның педагогикалық міндеттерін іс жүзінде шешуге ықпалы және мүмкіншілігі зор.

Психалогиялық саулық пен тән саулығы туралы кейбір мәліметтер.

    Денсаулық- физикалық, психологиялық  және әлеуметтік болып үшке бөлінеді. Организмде денсаулықтың осы аталған түрлері бір-бірімен тығыз байланысты болады.

«Салауатты өмір салты» деген ұғым тек үстіртін көз қарасқа ғана жай дүние болып көрінуі мүмкін. Тән- тамақты шамалап жесең, барынша еңбектенсең, уақтында дем алсаң болғаны дегендей ұғымды білдіреді.  Бірақ істеген ісіңнің, еңбек тәртібін сақтаудың  мейлінше пайдалы болуы үшін әркімнің психалогиялық ерекшеліктерінің де әсері зор екенін ескерген жөн. Тек психалогиясы сау адам ауруду болдырмауды, ауырған күнде қайтсе де одан арылуды мақсат етеді. Адамның ақыл-ойы, оның істеген ісіне, жұмыскерлігіне әсер еттетіні,  керісінше бір жері қатты ауыратын болса, ол адам тынышсызданатыны, мінез-құлқының  өзгеретіні де белгілі. Тіпті біреулер аурушаң келетін болса, екіншілері ауруы болмаса да ауруының барлығына өзін-өзі сендіріп,дәрігердің  абайламай айтқан  сөзіне сеніп,өзінше жобалап, мазасызданып жоқ ауруды өзіне бар дейтіндер де аз емес. Мұндай ауруларды медицинада ятрогендік (сендіруден болатын) ауру деп атайды. Кейде ауру күйзеліс жағдайды басынан кешірген немесе қатты ренжіген адамның ауыратыны да кездеседі. Осы айтылғанның бәрі  тән саулығын және әлеуметтік саулықты сақтау үшін психикалық саулықтың қажет екенін көрсетеді.

Ауруды жұбату, оның жүрегінде сауығамын деген сенім тудырады,  кейде бұл дәрі ұсынылғаннан да пайдалырақ болады. Психика аурудың үдеуіне, сондай-ақ аурудан жазылуына рухани жағдай жасайды, яғни психика күйзелістің туындау себебі немесе оған қарсы төтеп беретін күш де бола алады.

Бүкіл дүнйежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мағлұматтары бойынша  барлық аурулардың  45% күйзеліспен байланысты болмақ.  Сондықтан күйзелістің  тетік-тегершінін білу, оның мүмкіндіктерін және күйзеліс қақтығыстарының алдын алу, оның кеселді салдарынан сақ болу қажет.

 

 

2.2. Залалды дағдылар: темекі шегу, маскүнемдік, есірткіге және улы заттарға үйірсектік-денсаулыққа қатер.

    Көп елдегі тұрғындардың залалды дағдыларға  деген бой алдырудың, мұның етек алып, кең таралуын бірқатар  ғалымдар және алдыңғы қатарлы әлеумет басқа келген ұлттық  «апат» деп таниды. Адамзат  үшін  бұл дегеніміз «заманарық» зілзаласымен бірдей.

Бұл бел алған көпшілік кемістігін  «өркениет ауруы» деп те атайды. Бірте-бірте осы дерт медициналық қана емес, сонымен бірге әлеуметтік сипат алып келеді.

Дағды- бір не бірнеше қимылды әлденеше рет атқару қажеттілігінен туындайтын, сондай-ақ табиғатына таңылып қалатын мінездегі «автоматтандырылған элемент» осы. Динамикалық таптаурын істері туындайды, ми қыртысында кешенді шартты байланыстар, шартты рефлекстер тізбегі пайда болды.

Егер де осы шартты рефлекстер кешені адам үшін пайданы  діттесе және денсаулықты жетілдіруге бағыттаса, жақсы ғой, айталық:  таңғы гимнастикамен шұғылдану,  ұйқы алдында серуен құру, тамақтану тәртібін бақылау т.б.  Бұлар –пайдалы дағдылар, бірақ дағдылардың басқа да түрлері бар, оларды залалды деп атайды. Тұлға ретінде өмір бойы өз мүмкіндігін жүзеге асыруға кедергі болатын, не мүмкіндіктен ажыратып ада қылатын  дағдылар бар, оларды да залалды деп есептейді.

Адам денсаулығына оңдыртпайтын кесел келтіретіні айдай  әлемге мәлім дағдылар қатарына: темекі шегу, ішімдікке салыну, есірткіге және улы заттарға (токсикоманияға) бой алдыру жатады.

БДҰ сарапшылары «тәкелділік тудыратын» заттар терминалогиясын анықтаған.

А) алкогольді –барбитурат түріндегі (этил спирт, барбитураттар, седативті мепробиромат, хлоралгидрат және т.б.);

Б) амфетамин  түріндегі заттар (амфетамин, фенметразин т.б.);

B) кокаин түріндегі заттар (кокаин және коко жапрақтары);

Г) каннабис түріндегі заттар (марихуана, гашиш);

Д) галлюцинаген түріндегі заттар (лизегид.-ЛСД, мескалин);

Е) ката түріндегі заттар (Catha ectulis fovsk);

Ж)апиын түріндегі заттар (морфии, героин, кодеин, метадон);

З) эфирлі ертінділер түріндегі заттар (толуол, ацетон және тетрахлорометан).

Жоғаррыда аталған дәрі дәрмектер (эфирлі ертінділерді есепке алмағанда) емдеу мақсатында пайдаланылады және және адам организмі бұларға бой алдыра бастайды-ослайша тәуелділік туындайды.

Сондай-ақ есірткі заттарына темекі де жатады, ол денсаулыққа зиян келтіретіні айдай анық, оған деген тәуелділік тудырады.

Есірткі заттарға деген тәуелділік тудырып, оны одан әрі ушықтыратын  факторлар қатарына мыналар жатады: Организмнің жекеленген ерекшеліктері, есірткі қолданғанан кейін болатын түйсінулерді қабылдау,  ортаның әлеуметтік, мәдени сипаты есірткі заттар әсерлерінің тетіктегершігі.

Қазіргі кезде есірткі заттар мен  улы заттар (токсикомония) проблемасы көкей кестілер тізбесінен көрінеді. Есірткіні бір ғана рет қабылдаған өзінде көңіл-күйді көтеріп (эйфория), дауаламайтын жерге апарып тастауы, тез арада жаның бей-берекетін алатын  үйірсектіктің қалыптасуының негізгі себептерінің бірі  болып табылады. Организмге есірткі заттарды енгізгеннен кейін  бет қызады, бүкіл денеге жылу таралуынан болатын жайлы бір сезім бой алады, тері жеңіл-желпі қышиды. Осыдан кейін-ақ пайда болатын жайбарақаттылыққа, тез өзгеріп құбыла бастайтын, түленіп түстенген елестер және қиял тектес әлем-жәлем дүние жетегіне алады. Есірткіге деген үйірсектік бірнеше апта ішінде-ақ біршама тез қалыптасады. Осыдан барып созылмалы «интоксикация» дамиды.

Алкоголь-  құрамында этил спирті бар ішімдіктер болып табылады. Алкоголь – «рахаттану орталығына» әсерін тигізеді, осындай сезім тудырып, адамдарды ұялу қасиеттерінен жұрдай етеді.

Әр түрлі ішімдіктердің спирттік мәні бірдей емес: сырада 3-6 %, шарапта-10-14 % , виски, арақ, бренди, ром, коняката- 40-50%  бар.

Профилактика- бұл мемлекеттік, қоғамдық, элеуметтік, эканомикалық, медициналық, санитарлық, психалогиялық шаралардың бірегей кешенді жүйесі.

Әіресе өскелең ұрпаққа есірткі заттарды алуға тосқауыл қою және бұларға деген сұанысты азайту.

Залады дағдыларға деген үйірсектікке бой алдырайын деп жүрген тұлғадағы өзгерістер ертерек байқалғанда барынша психологиялық тосқауыл қоюға тырысу керек.

Барлық бұхаралық ақпарат құралдарының мүмкін бұлар арналары арқылы жүйелі насихаттау (орталық теледидар, радио, баспасөз), бұл іске мамандарды араластыру және тәуелділіктен емделіп, құтылғандарды қатыстыру қажет.

Жастар арасында өткізілетін медициналық, педагогикалық жұмысқа адам организіміне деген залал дағдылардың кеселін түсіндіру мәселесіне ерекше назар аудару керек.

Салауатты өмір салтын насихаттау ісі басымдылықтар қатарынан көрінуі керек. Залалды дағдылардың алдын алу ьақырыбына арналған әңгімелерде  Салауатты өмір салтын қалыптастыруды бала кезден бастау қажеттігіне басты көңіл бөлінуі қажет. Құлықсыз темекі тарту проблемасына жөні бөлек арнайы дәріс оқылуы ұсынылады.

Осындай жұмыстардың басқа елдердегі өтілуі тиімділігі жөнінде  де тілге тиек ету керек.

Әрине тек жаппай тыйым салумен табысқа жету мүмкі емес. Осыны есте сақтаған жөн. Салынған таптаурын осы деп үгіт насихат жұмысын «никотиннің бір тамшысы атты серейтеді» деген әпербақандықпен шектей қойсақ, темекі қораптары тысындағы көпшілік көзі түсетін  жазумен бітірсек, мақсатқа жетпеспіз. Темекі шегуді тастаңдар, арақ ішуді қойыңдар – деген салауатты ұрандар кері нәтижелерін алға тартатынын ұмытпаған дұрыс болар тегі!

 

Қорытынды: Жалпы тақырыпты қорытындылай келетін болсақСалауатты өмір салтын қалыптастыру ең алдымен залалды дағдылардан (арақ-шарап, темекі , есірткі, қолдану) аулақ болумен байланысты болады.Ақпарат арақ- шарап, темекі, есірткіні ауызға алудың кез келген түрлерінің жалпы адам және қоғам денсаулығына кесел келтіретіні жайында болуы қажет. Алкогольды тежеусіз қолдану, оның салдары, маскүнемдіктің медициналық, медико-психологиялық, құқықтық, адамгершілік, этикалық, эканомикалық, демографиялық аспектілері, алткогольдың адам денсаулығына етер физикалық және психикалық әсері, қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы мағлұматтар келтіріледі.

Салауатты өмір салтын қалыптастыруда темекі мен күреске айырықша көңіл бөлінеді. Темекінің таралып кеткенігі, оны қолға алуға мәжбүр қылатын факторлар, шылым түтінінің құрамдас бөліктері, канцерогендер, тыныс алу ағзалары, ас қорыту, жүрек-тамырлар жүйесі т.б. аурулардың  туындауындағы темекінің ролі хақындағы мәліметтерді жіктеп талдай келе, темекінің медициналық, психологиялық, әлеуметтік аспектілері туралы ақпарат беріледі.

Тактикалық тұрғыда темекіге деген теріс көзқарасты қалыптастыру ләзім. Бұл жұмыс жас, жыныс, денсаулық жағдайын ескере отырып жүгізіледі. Осылайша балалар мен жасөспірімдерге арналған ақпараттың негізін денеміздің табиғи дамуына, психикалық эмоциялық әлеміне етер әсері, қыздар мен бала туар жастағы әйедермен, темекі тартатын жүкті әйелдер организмдеріндегі өзгерістер салдар және осындай аналардан туар бала болашағы т.б. жөніндегі мағлұматтар құрайды.

Денсаулықты сақтауға себеп болатын негізгі компонентер:

-тиімді тамақтану;

— табиғатына орай қимыл белсенділігі;-

— шынығу;

— психикалық денсаулыққа деген оң көзқарас;

— тән, киім күтімі;

— тұрмыстағы гигиеналық режимді ұстану;

— еңбек пен демалыстың тиімді режимін қадағалау;

— денсаулыққа нұқсан келтірмейтін, қалыпты жыныстық;

— темекңіден, есірткіден, алкагольден, орынсыз дәрі -дәрмектен тартыну;

— экологиялық жағымды (позитивті ) мінез құлық.

Міне, осылай өз денсаулығына деген кімнің де болмасын бұған ұқсас айқын сенім, салауатты өмір салты, жас , әлеуметтік және басқа ерекшеліктері ескеріле отырып, денсаулықты сақтауға деген бағдардың алғы шарты болып қала бермек.

 

Профилактика- бұл мемлекеттік, қоғамдық, элеуметтік, эканомикалық, медициналық, санитарлық, психалогиялық шаралардың бірегей кешенді жүйесі.

Дағды- бір не бірнеше қимылды әлденеше рет атқару қажеттілігінен туындайтын, сондай-ақ табиғатына таңылып қалатын мінездегі «автоматтандырылған элемент» осы.

Денсаулық — физикалық, психологиялық  және әлеуметтік болып үшке бөлінеді. Организмде денсаулықтың осы аталған түрлері бір-бірімен тығыз байланысты болады.

     Физикалық саулық дегеніміз— адам организімінде функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғарғы дәрежелі жағдайда болуы.

    Психикалық саулық дегеніміз— ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылу  «адам өмірінің мақсаты» болуын болжайды.

Әлеуметтік саулық дегеніміз— адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнау дәрежесі.

Дене тәрбиесі- адамның денсаулығын нығайтып, оңтайлы қимыл — әрекеттерін  қалыптастыратын  адамгершілік қасиеттері мен ерік – жігерін  жетілдіретін негізгі тәрбие бағытының бірі.

   Дене тәрбиесінің мазмұны – бұл баланың жеке басы және қоғамдық гигиена нормаларын сақтау дағдысына үйрету.

Валеология – денсаулық туралы ғылым. Денсаулық мүмкіндіктері. Ауруды болдырмау және оның алдын алуды қадағалайтын ғылым саласы.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Соколов А.Д., Абишева З.С. Валеология – наука о здоровье. Учебно-методического пособие. – Алматы: Ғылым, 1999. -140 с.

Сатбаева Х.К. Валеология – оқі-әдістемелік құрал. - Алматы: Ғылым, 2003. -148 б.

Терехин С.П., Хан А.В., Тағам гигиенасы бойынша таңдаулы лекциялар жинағы. – Қарағанды: 1998. – 280 б.

Алмаз Шарман Формула здоровье. - 2010. - 120c.

Дубровский В.и. Придиси В.Н., Машков Валеология –здоровый образ жизни.– М.: Retorica – А, 1999. – 560 с.


написать администратору сайта