Главная страница

тыныс алу жүйесі. Реферат Тыныс алу жйесі


Скачать 2.57 Mb.
НазваниеРеферат Тыныс алу жйесі
Анкортыныс алу жүйес
Дата02.03.2020
Размер2.57 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлатыныс алу жүйесі.docx
ТипРеферат
#110562
страница4 из 12
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

4-сурет. Көмей шеміршектері, байламдары
Көмей (гортань, larynx)

Көмей мойынның алдыңғы жағында, IV-V мойын омыртқаларының тұсында орналасқан. Қалқанша-тіласты сүйегі жарғағының көмегімен тіл асты сүйегіне ілініп тұрады (3, 4, 5-суреттер). Төменгі жағында сіңірлер арқылы кеңірдекпен жалғасқан. Көмейдің алдынан тіл асты еттері, артында жұтқыншақ, ал бүйірінде қалқанша безінің бөліктері мен қан тамыр будалары, кезеген жүйке өтеді. Көмейдің «кіру тесігі» жұтқыншаққа ашылады. Көмейде 6 шеміршек бар. Олардың 3-еуі жұп, 3-еуі тақ. Жұптар: ожау-, мүйіз, сына тәрізді шеміршектер.

Тақтар: жүзік тәрізді, қалқанша, көмей үстіндегі шеміршектер. Ең үлкені - қалқанша шеміршегі. Қалқанша шеміршегі екі табақшадан тұрады. Табақшаның қалыңдаған жоғарғы жиегі жоғарғы мүйіз, төменгі жиегі төменгі мүйіз болып аяқталады. Шеміршек табақшасының сыртқы бетіндегі қиғаш сызыққа бұлшық ет бекиді. Оның желбезегі алға қарай шығыңқы бұрыштанып жұптасады, дөңестеніп, тері астынан білініп тұрады. Бұл «көмей шодыры» деп аталады. Әйелде, балада байқалмайды. Ер адамда анық білінеді, жұтынғанда қозғалып тұрады.

Жүзік тәрізді шеміршек қалқанша шеміршегінің астында орналасып, көмейдің негізі пайда болады. Шеміршектің жоғарғы шетінде ожау тәрізді шеміршекпен буындасатын беті бар.

Көмей үстіндегі шеміршек – жапыраққа ұқсаған, серпімді. Ол көмекей кіреберісінің алдында, тікелей тіл түбірінің артында орналасқан. Көмей үсті шеміршегінің жоғарысы жапыраққа ұқсаған, төменгі жағы жіңішкеріп, шеміршек «сабағы» деп аталады. Көмей үсті шеміршегі адам жұтынғанда көмейдің кіреберісін жауып, ас өңешке өтеді. Көмей үсті және ожау тәрізді шеміршектердің арасныдағы шырышты қабаттың қатпарларында мүйіз тәрізді шеміршек орналасқан. Оның алдында сына тәрізді шеміршек бар. Ожау тәрізді шеміршек пішіні пирамидаға ұқсаған. Пирамиданың негізі жүзік тәрізді шеміршектің үстінде екі жапыраққа бөлінген. Әрбір жапырақтың табаны, ұшы бар. Табанында екі өсікшесі бар: 1. бұлшық ет; 2. дауыс өсіндісі. Бұлшық ет өсіндісіне көмекейдің көпетеген бұлшық еттері, дауыс өсіндісіне дауыс сіңірі бітіседі.

Көмейдің ортаңғы бөлігінің кілегейлі қабықшасында екі жұп қатпар бар, үстіңгісі қарыншалық, төменгісі дыбыстық. Дыбыстық қатпар көмейдің кеңересінен едәуір шығыңқы. Дыбыстық қатпарлардың кілегейлі қабығының астында дыбыс желбезектері мен дыбыс бұлшық еттері ораналасқан. Көмейдің екі дыбыс сіңірінің арасында көмей қуысы немесе дыбыс саңылауы бар.



5-сурет. Көмекей қуысы, полость гортани, cavitas laryngis

Көмекей қуысы (полость гортани, cavitas laryngis) пішіні құм сағатқа ұқсаған, үш бөлімнен тұрады: кіреберіс, қарыншааралық және дыбыс асты. Көмей кіреберісі көмейдің қуыстық жоғарғы бөлігімен көмейге кіру тесігі қатпарларының аралығында орналасқан. Кіреберіс қатпарлары құрамында қалыңдаған серпімді талшықтары мен бездері бар шырышты қабаттан тұрады. Қатпардың аралығында кіреберіс саңылауы бар. Көмей қуысының ортадағы тарылған бөлігі, меншікті дауыс құралы. Құрылысы өте күрделі. Оның жоғарғысын жұп кіреберіс қатпарлары, ал төменін дыбыс қатпары шекаралайды. Кіреберіс пен дыбыс қатпарларының арасында көмей қарыншалары бар. Оң және сол дыбыс байламдары мен ожау тәрізді шеміршектің аралығында дауыс саңылауы бар. Оның алдыңғы жағы дыбыс желбезегінен, артқы жағы ожау тәрізді шеміршегінің өсіндісінен тұрады. Көмейдің кеңейген төменгі бөлігі дыбыс асты қуысы деп аталады. Ол біртіндеп тарылып, кеңірдекпен жалғасады.

Тыныс алу кезде дыбыс қатпарлары ашылып, үш бұрыш тәріздес қуыс пайда болады. Оның көлемі тыныс алу мен тыныс шығаруға тығыз байланысты болып келеді. Дыбыс саңылауының ұзындығы ер адамда 20-24 мм, әйелде 16-19 мм, тыныш жағдайда тыныс алғанда ені 5 мм, ал дыбыс пайда болғанда 15 мм-ге жетеді.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


написать администратору сайта