Главная страница
Навигация по странице:

  • «Тыныс алу жүйесі» Орындаған

  • Мұрын. Мұрын қуысы (полость носа, cavitas nasi).

  • тыныс алу жүйесі. Реферат Тыныс алу жйесі


    Скачать 2.57 Mb.
    НазваниеРеферат Тыныс алу жйесі
    Анкортыныс алу жүйес
    Дата02.03.2020
    Размер2.57 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлатыныс алу жүйесі.docx
    ТипРеферат
    #110562
    страница1 из 12
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

    АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

    ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРІ ИНСТИТУТЫ

    РЕФЕРАТ

    «Тыныс алу жүйесі»

    Орындаған: 102-топ студенті Ақжол Ғалия

    Тексерген: Құлжанова Дина Куанышевна

    Алматы 2020

    Тыныс алу жолы жоғарғы (мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей) және төменгі тыныс алу жолы (кеңірдек, бронхтар) болып екіге бөлінеді. Тыныс алу мүшелері иіс сезу, дыбыс және сөз құрау қызметтерімен тығыз байланысты. Мысалы: мұрын қуысының кілегейлі қабығында иіс қабылдайтын иіс сезу жүйкесінің ұшы бар. Көмейде дыбыс пайда болады.

    Мұрын. Мұрын қуысы (полость носа, cavitas nasi). Мұрын қуысынан тыныс алу жолы басталады, иіс сезу мүшесі орналасқан. Мұрынның сыртқы пішіні: түбі, қыры, ұшы және желбезегі болады. Мұрын қуысы сыртқы ортамен танау, хоаналар арқылы көмеймен байланысады. Мұрын қуысының шекарасы: жоғарысында бас сүйегінің алдыңғы шұңқыры; төменінде ауыз қуысы, екі бүйірінде көз шекарасы. Мұрын қуысының құрылысына сүйектерден басқа төрт шеміршек қатынасады. Олар: мұрынның сыртқы жұп шеміршектері және желбезек шеміршектері, тақ – мұрын пердесінің шеміршегі мен желбезектің үлкен-кіші шеміршектері. Мұрын қуысының кіреберісі - мұрын қуысының мұрын босағасына дейінгі аралығы. Көп қабатты түлемейтін жазық кілегеймен қапталған. Мұрын босағасынан кейін шырыш қабатты жыбырлағыш кірпікті кілегей қапталған. Мұрын буылтығы – ортаңғы мұрын қалқанының алдындағы төмпешік. Ортаңғы мұрын жолының кіреберісі ортаңғы мұрын қалқанының алдынды, төменгі мұрын қалқанының жоғарысында орналасқан. Мұрын қуысының босағасы - қанаттың үлкен шеміршегінен пайда болған қыр. Мұрын қалқасы сүйек, шеміршек және жарғақ бөліктерден тұрады. Мұрын қуысының әр жартысының шеткі қабырғаларында үш мұрын қалқандары бар: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Олардың аралығынан жоғарғы, ортадағы және төменгі мұрын жолдары өтеді.


      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


    написать администратору сайта