Главная страница
Навигация по странице:

  • Бас бронхтар (главные бронхи, bronchus principalis)

  • Өкпе, легкое, pulmo

  • тыныс алу жүйесі. Реферат Тыныс алу жйесі


    Скачать 2.57 Mb.
    НазваниеРеферат Тыныс алу жйесі
    Анкортыныс алу жүйес
    Дата02.03.2020
    Размер2.57 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлатыныс алу жүйесі.docx
    ТипРеферат
    #110562
    страница9 из 12
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

    10-сурет. Көмей, кеңірдек және бас бронхтар, laryngs, trachea, bronchi.

    Кеңірдектің кеуде бөлімінің алдында төс сабы, айырша без және қан тамырлар, қолқа доғасы, иық-бас венасы, сол жақтағы ұйқы артериясы. Кеңірдектің артқы, өіешке қараған бетінде шеміршек жоқ, тек бірыңғай салалы бұлшық ет пен қабыршақтан тұрады.

    Кеңірдек 16-20 жарты сақина тәрізді шеміршектен құралған. Олар бір-бірімен фиброзды жалғамалар арқылы біріккен. Кеңірдектің қабырғасы үш қабаттан тұрады. Ішкі кірпікшелі, эпителімен қапталған сілемейлі шырышты қабат. Ортадағы бұлшық етті қабат. Жоғарысында, көлденең жолақты, төменінде – бірыңғай салалы еттер болады. Сыртқы сір қабаты. Ішкі шырышты қабатында көптеген шырыш бездері мен лимфа түйіндері орналасқан.

    Бас бронхтар (главные бронхи, bronchus principalis) немесе 1-ші қатардағы бронхтар. Кеңірдек тік бұрыш болып оң және сол жақтағы бас бронхтарға бөлінеді. Оң бронх сол бронхқа қарағанда кең және қысқарақ, кеңірдектің тікелей жалғасы болып саналады. Оң бас бронхтың артынан алдына қарай тақ вена доға тәрізді иіліп аттап өтіп, жоғарғы қуыс венаға бағытталады. Сол бас бронхтың жоғарғысынан қолқа доғасы өтеді. Бас бронхтар кеңірдекке ұқсас жарты сақина тәрізді шеміршектерден тұрады. Бас бронхтар өкпенің қақпасы арқылы оң жіне сол өкпеге кіріп, екінші қатардағы бөліктердің бронхына тармақталады. Қорыта айтқанда, өкпенің қақпасына кіргеннен кейін бас бронх талдың бұтағынша тармақталады. Бөліктердің, сегменттер мен бөлікшелердің бронхтары шеміршектерден тұрады, жіңішке бронхтарда шеміршектер азайып, серпімді ұлпа көбейеді. Өкпеге кірген бас бронхтың талдың бұтағына ұқсап тармақталғаны, «бронх тал» деп аталады.

    Өкпе, легкое, pulmo

    Өкпе – кеуде қуысында, жүректің екі жағында орналасқан. Өкпенің пішіні кесілген конусқа ұқсайды. Конустың ұшы жоғарыға, табаны төменге қараған. Ұшы бұғана сүйегінен 2-3 см жоғарыда тұрады. Өкпенің үш беті бар: алдыңғысы – қабырғалық, ортадағысы – аралыққа қараған медиалді, төменгісі – көкеттік беттері. Өкпенің аралыққа қараған бетінде омыртқа бағанына жанасқан бөлігі бар. Өкпенің медиалді және қабырғалық бетін алдыңғы жиегі шекаралайды. Өкпенің төменгі жиегі үшкірленген. Сол өкпенің алдыңғы бетінің төменінде жүрек ойығы бар. Ойықтың төменіндегі өкпенің шығыңқы бөлігі «тілшігі» деп аталады. Сол өкпенің тілшігі өң өкпенің орталық бөлігіне сәйкес келеді. Әр өкпе бір-біріне қараған медиалді бетінде «өкпенің қақпасы» деп аталатын ойыс бар. Өкпенің қақпасы арқылы бас бронхтар, өкпе артериясы, 2 өкпе венасы, лимфа тамыры өтеді. Бұлардың өкпеге өткен тұсы – өкпенің түбірі. Осы жерде лимфа бездері шоғырланған.


    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


    написать администратору сайта