Главная страница

тыныс алу жүйесі. Реферат Тыныс алу жйесі


Скачать 2.57 Mb.
НазваниеРеферат Тыныс алу жйесі
Анкортыныс алу жүйес
Дата02.03.2020
Размер2.57 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлатыныс алу жүйесі.docx
ТипРеферат
#110562
страница11 из 12
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

12-сурет. Оң өкпенің ішкі, медиалды беті, (медиальная поверхность, facies medialis)

Әр өкпе сайлар арқылы бөліктерге бөлінген. Оң өкпеде үш, сол өкпеде екі бөлік бар. Бөліктер сегменттерге бөлінген. Оң өкпеде 11, сол өкпеде 10 сегмент бар. Сегменттер бір-бірінен аралықтар арқылы бөлінген. Сегменттердің пішіні конусқа ұқсайды. Конустың ұшы өкпенің қақпасына, негізі өкпенің беттеріне қараған. Әрбір бөліктер мен сегменттердің бронхтары бар. Сегмент бронзы мен артериясы оның ортасында, ал вена тамыры сегменттердің аралығында орналасқан. Сегмент бронзы дегеніміз 3 қатардағы бронхтар мен артерия, вена қан тамырларынан тұратын өкпенің бір бөлігі. Сегменттердің бронхтары бөлікшелердің бронхтарына бөлінеді. Олар 18-20 бронхиолаларға тармақталады. Адамның оң және сол өкпесінде 20000-дай шеткерідегі (терминалді) брохтолалар бар. Бронхиолалардың көлденеңі 1 мм-дей ғана болады. Әрбір шеткі бронхтола екі альвеола жолына тармақталады. Альвеола жолының қабырғасы кеңейіп, альвеола көпіршігі пайда болады. Альвеола мен альвеола көпіршігінің ені 0,2-0,6 мм. Альвеола көпіршігі алды ашық, арты жабық, бір қабатты кілегеймен қапталған. Бронхиолалардан басталған респираторлық (тыныстық) жолдың жиынтыңы – жүзім шоғырына ұқсайды. Оны «ацинус» деп атайды. Ацинус – өкпенің капилляр мен ауа толған альвеоласының газ алмасатын құрылыс бірлігі. Ересек адамның өкпесінде 15000-дай ацинустар, 300-500 млн альвеолалар болады. Олардың жалпы тыныстық көлемі 80-100 м2 жетеді.


1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


написать администратору сайта