Главная страница
Навигация по странице:

  • Өкпе қапшығы, плевра, pleura

  • Көкірек аралық, средостение, mediastinum

  • Өкпе мен өкпе қапшығының шекаралары.

  • 14-сурет. Өкпе ішіндегі қан айналымы

  • тыныс алу жүйесі. Реферат Тыныс алу жйесі


    Скачать 2.57 Mb.
    НазваниеРеферат Тыныс алу жйесі
    Анкортыныс алу жүйес
    Дата02.03.2020
    Размер2.57 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлатыныс алу жүйесі.docx
    ТипРеферат
    #110562
    страница12 из 12
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

    13-сурет. Өкпе бөлікшесі (acinus), жартылай кесте түрінде

    Өкпедегі қан айналымының ерекшеліктері. Жүректің оң қарыншасынан басталатын өкпе сабауы оң және сол өкпе артерияларын тармақталады. Өкпе артериялары оның қақпасы арқылы кіріп, бронхтар мен бронхиолалар артериясына тармақталады. Өкпе артериясынан ең соңында альвеоланы қоршаған капиллярдың торы пайда болады. Осы жерде газ алмасу құбылысы өтеді, нәтижесінде қан оттегігі кенеліп, өкпе венасы түрінде жүрекке бағытталады.

    Оң және сол өкпе артериялары арқылы өкпеге вена қаны келеді. Өкпеде оттегіге кнелген қан, өкпе венасы түріде жүректің сол жүрекшесіне құйылады.

    Өкпе қапшығы, плевра, pleura

    Өкпе қапшығы өкпені жан-жағынан бүркеп, көкірек қуысының қабырға бетіне өтіп, оның ішінен тұмшалап тұрады. Әрбір плевраның жоғарысында оның күмбезі бар. Күмбез өкпенің ұшын қаптап, І қабырғаның алдыңғы ұшынан 3-4 см мойынға шығады. Плевра күмбезінің латералді шетінде алдыңғы және ортадағы баспалдақ бұлшық еттері, медиальді шетін бұғанаасты артериясы мен венасы, ал артынан өңеш пен кеңірдек шекаралайды. Өкпе қапшығы оң және сол өкпені бөлек-бөлек орап тұрады.

    Өкпе қапшығы ішкі және сыртқы жапырақтан тұрады. Ішкі жапырақ өкпеге жабысып, оны бөліктерге бөліп, түбірінде сыртқы жапыраққа беттер қосылып қатпар пайда болады. Қатпар төменге қарай тік бағытталып көкетке жабысады. Сыртқы жабысып кеуде қуысының ішінен қаптайды. Плевраның ішкі және сыртқы жапырағының арасы қуыс. Оның ішінде тыныс алу кезінде екі жапырақтың үйкелісін азайтатын аз ғана сұйықтық бар. Ішкі плевраның үш беті бар. Олар: көкетке, қабырғаға және аралыққа қараған беттері. Олар бір-біріне өткенде кеңістік-қапшықтар пайда болады. Қапшықтардың тыныс алуда зор маңызы бар. Олар өкпенің еркін қозғалуына мүмкіндік туғызып, оны орап тұрады.

    Көкірек аралық, средостение, mediastinum

    Кеуде қуысының оң және сол жақ қапшықтарының арасында орналасқан мүшелердің жиынтығы – «көкірек аралық» деп аталады. Көкірек аралық – сыртқы(латералды) жағынан өкпе қапшығының медиалды бетімен, ал артында кеуде омыртқаларымен, төменінде көкетпен шектелген. Жоғары жағында мойын шандырымен бірігеді. Өкпе тамырлары мен кеңірдек көкірек аралығын, шартты алдыңғы және артқы көкірек аралық деп аталатын екі бөлікке бөледі. Алдыңғы бөлігі ішкі кеуде артериясы мен веналары, кеуделік лимфа түйіндері , жүрек, ал жоғарғысында айырша без және ірі қан тамырлары орналасқан. Артқы көкірек аралығынан өңеш, кеуделік қолқа, кезеген жүйке, кеуделік лимфа өзегі, симпатикалық сабау және веналар өтеді.

    Өкпе мен өкпе қапшығының шекаралары. Өкпенің ұшы бұғана сүйегінен жоғары тұрады. Оң өкпенің алдыңғы шекарасы өкпенің ұшынан кеуде бұғана сызығына және төстің сабы мен денесінің қосылған жеріне дейыңн келеді, одан тік төмен IV қабырғаға қарай бағытталады. Оң өкпенің төменгі шекарасы, сол өкпенің төменгі шекарасынан бір қабырғаның еніндей жоғары жатыр.



    14-сурет. Өкпе ішіндегі қан айналымы
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


    написать администратору сайта