1 вариант каз. Рихтер ысылуы дегеніміз не дуоденальдыащы ішек апшыы айналасындаы ішекті ысылуы
Скачать 297.5 Kb.
|
Тері асты эмфизема нені түсіндіреді?//кеуде клеткасының қысылуы//өкпенің қысылуы // + өкпе тінінің зақымдануы// жарақаттық асфексия // өкпенің эмфиземасы// *** Гемоторакстың диагностикасы үшін қай қабырға аралықта пункция жасау қажет?//ортаңғы бұғана сызығы бойынша 2 қабырға аралықта// алдыңғы аксиллярлы сызық бойынша 4 қабырға аралықта// артқы аксиллярлы сызық бойынша 8 қабырға аралықта// жауырын сызығы бойынша 9 қабырға аралықта// + артқы аксиллярлы сызық бойынша 7 қабырға арлықта// *** Плевра қуысындағы сұйықтықты сорған кезде, мына айтылған әдістердің қайсысы, пассивті әдіске жатады? //+ Бюлау бойынша// суағынды сорғыш// Субботина-Пертес жүйесі// Жанэ шприцінің көмегімен сору// Боброба жүйесі// *** Іштің төменгі бөлігінің жабық жарақаты , қуықты катетеризациялау кезінде зәр мүлдем шыққан жоқ, қандай зақымдану туралы ойлауға болады?//бүйрек зақымдануы// + қуықтың ішпердеішілік жарылуы// қуықтың ішпердеден тыс жарылуы// қуықтың кілегей қабатының жарылуы// уретраның зақымдануы// *** Науқас П. – 20 жаста, кеуде клеткасының сол жақ жартысына өздігімен пышақпен жарақат салғаннан соң 30 минуттан кейін жеткізілді. Түскен кезде санасы ашық. Тері жамылғысы бозғылт. АҚҚ 90/70 мм.с.б. Пульсі – 110 рет минутына, толықтыға әлсіз. Жүрек тондары тұнықталған. Екі жақта да тыныс алуы везикулярлы. Сол жақта алдыңғы беткейінде парастериальды сызық бойынша V қабырға аралық аймағында жиектері тегіс аздаған қансыраған жарақат, өлшемі 1,5-0,7 см. Дем алу кезінде жарақаттан ауа сорылмайды. Тері астылық эмфизема жоқ. // Сіздің диагнозыңыз және емдеу тактикаңыз.// өкпенің жарақаты, сол жақты торакотомия// сол жақты гемоторакс, плевра қуысын дренаждау// + жүрек жарақаты, сол жақты торакотомия// кеуде куысының беткей жарақат, алғашқы хирургиялық өңдеу// кеудеаралықтың жарақаты, плевра қуысын дренаждау// *** Науқа А. – 35 жаста іш қуысының кесіп-тесілген жарақатынан кейін 3сағаттан соң жеткізілді. Санасы анық. Тері жамылғысы бозғылт. АҚҚ 90/70 мм.сб.б. Тамыр соғысы – 116 рет минутына. Оң жақта қабырдоғасының астында жарақат анықталады көлемі 1,0х0,2 см. жарасы аздап қансыраған. Ішті басып қарағанда жұмсақ, бірақ ауырсынады.Анализі бойынша қанның 4 корсеткіші күрт төмендеген. Сіздің тактикаңыз.// гемодинамиканы қалпына келтіргенге дейін шокқа қарсы шаралар жүргізу, содан кейін оперативті араласу// диагностикалық шаралар жүргізу// + оперативті ем, қосымша шокқа қарсы шаралар жүргізу// консервативті гемостатикалық шаралар жүргізу// шұғыл түрде реанимациялық шаралар жүргізу// *** Асқазан-ішек жолынан қан кетудің ең жиі себебі:// + Асқазан мен 12-елі ішектің ойық жарасы// Эрозивті эзофагит// Асқазан ісігі// Меллори-Вейс синдромы// Тоқ ішектің дивертикулезы// *** 12-елі ішектің ойық жарасында ауру сезімі басылып, қара май тәрізді нәжістің пайда болуы неге тәң:// Ойық жарасың малигнизациялануына// Ойық жарасың тарылуына// Ойық жарасың көрші ағзаға өсуіне // + Ойық жарасынан қан кетуіне // Ойық жарасының тесілуіне// *** Науқас 66 жаста, жедел тоқ ішек түйілуі клиникасымен шұғыл түрде операцияға алынды. Лапаротомия кезінде-сигма тәрізді ішектің циркуляцияланған стеноздалған ісігі, парааортальды лимфа түйіндердің ұлғайғаны және бауырға метастаз бергені анықталды. Гартман операциясы жасалды. Бұл қандай операция болып табылады:// Симультантты// + Паллиативті// Радикальды// Біріккен (комбинированный)// Қабаттасқан (сочетанная)// *** Бейспецификалық ойық жаралы колитті дәлме-дәл анықтайтын әдіс:// + Колоноскопия// Ирригоскопия// Іш қуысының жалпы рентгені// УДЗ// КТ// *** Қарын жарасының пенетрациясына рентгендік көріністе қандай белгі тән:// Жара ойығында құрымның бір қабат болып орналасуы // Жара ойығында құрымның екі қабат болып орналасуы// + Жара ойығында құрымның үш қабат болып орналасуы // Жара ойығында құрымның төрт қабат болып орналасуы// Жара ойығында ешқандай құрымның болмауы// *** 14 жасар науқас ауруханаға жедел түрде түскен. Науқастың шағымы: кенеттен толғақ тәрізді ауру сезімі пайда болды, құсу басталды. Дене қызуы 37,5С, жалпы жағдайы орташа. Іші жұмсақ, бірақ оның барлық аймағында ауру сезімі бар, Щеткин-Блюмберг белгісі әлсіз байқалады.Тілі құрғақ. Тамыр соғуы 84 минутына.Тік ішекті зерттегенде қолғапта қанның ізі қалады. Қанды нәжістен кейін, ауру сезімі басылған. Ирригоскопияда - өзгеріс жоқ. Әрі қарай тексеру барысында аяқтарының екі тізесінде және артқы жағында, балтырында қызыл бөртпе бары анықталған. Науқастың ауруы қандай? // + Шенлойн-Геноха ауруы// Ішектің жедел түйілуі// Энтерит// Колит// Гепатит// *** 75 жасар науқас кейінгі төрт тәулік ішінде ішінің кебуіне, ауасының, нәжістің жүрмеуіне шағымданып хирургия бөліміне түскен. Ішіндегі ауру сезімі толғақ тәрізді, басқа аймақтарға берілмейді. Жалпы жағдайы қанағаттанарлықтай. Пальпацияда іші жұмсақ, төменгі бөлігінде ауру сезімі бар. Құрсақ қуысының тітіркену симптомы жоқ. Сол жақ мықын аймағында шекаралары анық емес ісік тәрізді өсінді бар. Ректалды – Обухов ауруханалық симптомы оң мәнді. Сіздің диагнозыңыз?// Копростаз// Ащы ішектің қатерлі ісігі// Жабысқақ ауруы// + Сигма тәрізді ішектің қатерлі ісігі// Иерсиниоз// *** 46 жасар науқасқа жабысқақтық жедел ішек түйілуіне байланысты операция жасалған. Операция барысында ащы ішектің бір бөлігінің қарайғаны байқалған. Өзгерген аймақта ішек перистальтикасы жоқ, шажырқай тамырларының пульсациясы жоқ. Серозды перитонит бар. Хирургтің тактикасы қандай болу керек?// Шальков зондымен ішекті интубациялау// Ішекке тимей іш қуысын дренаждау// Энтеростомия// Айналма анастамоз// + Ащы ішеке резекция жасау // *** 29 жасар науқас оң жақ мықын аймағындағы толғақ тәрізді ауру сезіміне, ауасының толық шықпауына, үш тәулік бойы нәжісінің болмауына шағымданған. Ішінде ассиметрия байқалады. Құрсақ қуысының шолу рентгенограммасында – ішектің айқын пневматозы, Клойбер табақшасы, деңгейлер көрінеді. Анамнезінде – балалық кезінде аппендэктомия жасалған. Сіздің диагнозыңыз?// + жабыспалы ішек түйілуі// Копростаз// жедел панкреатит // жедел холецистит// Спастикалық колит// *** Қабылдау бөліміне 43 жастағы науқас А. ішінің қатты ауру сезімімен жеткізілген. Ауру сезімі кенеттен, пайда болған. Науқастың айтуынша 10 жыл бойы 12 елі ішектің созылмалы ойық жарасымен ауратыны белгілі болды. Қозғалыс кезінде ауру сезімі күшейеді. Екі сағаттан кейін ауру сезімі басылып, науқас үйіне өз еркімен кетті. Ертесіне науқас дәрігерге келіп, оң жақ қабырға астында ауру сезімінің барлығын және дене қызуының 37,6 болғанын айтты. Тексеру барысында іші жұмсақ, ауру сезімі оң жақ қабырға астында, бұлшық етінің қатаюы байқалды. Щеткин-Блюмберг симптомы күмәнді. А/Қ 130/80 мм.сын.бағ. Тамыр соғысы минутына 86. Лейкоциттері 9 мың. Диагнозын пысықтау үшін қандай зерттеу әдісі тиімді болып саналады?// Іш қуысының жалпы рентгені// Пневмогастрография// Колоноскопия// Ирригоскопия// + Іш қуысының УДЗ// *** Науқас 60 жаста, өт-тас ауруымен бірнеше жыл ауырады, қазіргі ұстамасы түгелімен басылған жоқ, оң жақ қабырға тұсының ауырсынуы әрі мазалайды, 3 күннен кейін тері жамылғысының және склераның сарғаюы пайда болды. Пальпация кезінде үлкен көлемді тығызэластикалық беті тегіс ауырсынатын түзіліс анықталады. Бауырдан тыс өт жолдарының қай бөлімінде тас болуы мүмкін?// өт қабында;// ұйқы безінде;// + тас жалпы өт жолында болуы мүмкін// жалпы бауыр жолында;// қап жолында.// *** 70 жастағы науқаста сарғаю пайда болды. Тексерулер кезінде ұйқы безінің қатерлі ісігі анықталады. Қандай анатомиялық түзілістер қатерлі ісікпен басылып қалды? Ісік ұйқы безінің қай бөлімінде орналасқан?// өт қабының ісігі;// Қап аймағының жолында ісігі;// 12 елі ішектің ісігі// + ұйқы безі басының ісігі;// бауырастылық инфильтрат.// *** Науқас 38 жаста, хирургия бөліміне келіп түсті, шағымдары оң жақ қабырға тұсының ұстама тәрізді ауырсынуы, қалтырау және жоғары ұстамадан кейін тері жасылғысының және склераның сарғаю пайда болады. Анамнезінен бір жыл бойы ауырады, бірақ ауырсыну тек қана эпизодияның сипатта болған және сарғаю тез қайтып кетеді. Қарау кезінде тері жамылғысы сары түсті, пульсі жиі, төмен толуымен және кернеуімен, 100 рет минутына, АҚҚ 90/60 мм.с.б.б. тыныс алу жиілігі 28 рет минутына. Зерттеулерден жалпы билирубин – 118 ммоль/л, тікелей – 92,7 ммоль/л, емес – 25,3 ммоль/л, АЛТ-1,0, АСТ-0,7 ммоль/л. Қан анализінде – эр. – 3,2 млн., Нв-103 г/л, лейк.-12 мың., СОЭ-29 мм/сағ. Алғашқы диагноз қандай? // билиарлы бауыр циррозы// + өт-тас ауруы, жедел калькулезды холецистит// Одди сфинктерінің стенозы// үлкен дуоденальды емізікшенің ісігі// іріңді холангит// *** Науқас Д., 48 жаста, жоспарлы түрде калькулезді холециститке байланысты клиникада операция жасалған. Операциядан кейінгі жағдайы тыныш, 9 күннен кейін науқас қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды. Операциядан кейін 2 ай өткен соң науқас оң жақ қабырға тұсының ауырсынуы, температурасының көтерілуі 39º С дейін қалтыраумен жалғасқан. Ұстамадан кейін 1 күннен соң, сарғаю пайда болды. Алғашқы диагноз қандай? // билиарлы бауыр циррозы// өт-тас ауруы, жедел калькулезды холецистит// Одди сфинктерінің стенозы// үлкен дуоденальды емізікшенің ісігі// + холедохтың резидуальды тасы // *** Дені сау үлкен адамның өт қабының орташа көлемі:// 10-20 мл;// 20-40 мл;// + 50-70 мл;// 80-100 мл;// 120-140 мл. // *** Ультрадыбысты зерттеу кезінде операция болмаған науқаста холедохтың қалыпты қабырғасы:// 0,5 - 1 мм// 2 - 3 мм// + 4 – 6 мм;// 9 – 11 мм;// 12 – 14 мм.// *** Науқас И. 44 жаста. Хирургиялық стационарға мынадай шағымдармен келіп түсті. Жиі бауыр коликасының ұстамалары сарғаюмен және қалтыраумен бірге өтеді. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Анамнезінен 3 ай бұрын холецистэктомия болған. Іші жұмсақ оң қабырға тұсында ауырсынады. Іш перденің тітіркену белгілері анықталмайды. Алғашқы диагноз қандай? // + резидуальды холедохолитиаз// іріңді холангит// жедел гангренозды холецистит// билиарлы бауыр циррозы// үлкен дуоденальды емізікшенің ісігі// *** Науқас 88 жаста хирургиялық стационарға түсті, диагнозы: холедохолитиаз, механикалық сарғаю. Операция алдылық дайындаудан кейін науқас операцияға алынды, осы кезде науқасқа қандай операция керек екені туралы сұрақ туды. Қандай операциялық әдіс бұл науқасқа таңдамады?// лапароскопиялық холецистэктомия// лапаротомия операциясы, холедохолитотомия// + ретроградты эндоскопиялық папиллотомия// лапароцентез// лапароскоптың бақылауымен микрохолецистостомия// *** Науқас П. 54 жаста оң жақ қабырға тұсының эпигастринде қатты ауырсыну шағымдарымен келіп түсті. Ауырсыну ұстама тәрізді, оң жақ жауырынға беріледі. Жүрген айнуы, құсу мазалайды. Анамнезінде 3 ай бұрын холецистэктомия жасалған. Алғашқы диагноз?// резидуальды холедохолитиаз// іріңді холангит// жедел гангренозды холецистит// билиарлы бауыр циррозы// + Постхолецистэктомиялық синдром. Холедох обтурациясы ұмытылып қалған таспен.// *** Науқас К. 46 жаста операцияға алынды холедохолитиаз, механикалық сарғаю себебіне байланысты. Операция кезінде холецистэктомия, интраоперациялық холангиография жасалынды. Қандай мақсатпен холангиография жасалынды?// панкреатикалық жолдың реризиясы// қаптың жолын тексеру үшін// жалпы бауыр жолының өтімділігін тексеру үшін// + холедохтың терминальды бөлімінің өтімділігін тексеру үшін// жалпы бауыр жолын тексеру// *** Педжет-Шреттер синдромы - бұл:// Жедел илеофеморальды венозды тромбоз;// Аяқ веналарының көшпелі тромбофлебиті;// + Бұғана венасының жедел тромбозы;// Жедел мезентериальды венозда тромбоз;// Төменгі қуыс венасының жедел тромбозы. // *** 40 жастағы науқас әлсіздік,ұйқы басу, іш қату белгілеріне шағымданады. Тексеру кезінде қалқанша безінің үлкейгендігі және гипотероз анықталды. Диагнозды анықтау үшін қандай тексерулер жүргізу қажет?// Қалқанша безіне сцинтография жасау;// + ТТГ деңгейін анықтау;// Қандағы кальций деңгейін анықтау;// Т3 анықтау;// Т4 анықтау.// *** Аяқтың тереңде жатқан веналарының жедел тромбофлебитіне тән:// + Аяқта ісіктің пайда болуы;// Аяқ басының саусақтарының шіруі;// Аяқ басының салқындауы;// Ауыспалы ақсақтық белгісі;// Зақымданған вена бойымен ісіну және гиперемияның пайда болуы. // *** Жүректің ишемиялық ауруы бар 70 жастағы ер адам 12 сағат бойына оң жақ аяғының қатты ауырсынуына шағым айтады. Бұның нгегізгі себебі не болуы мүмкін:// Тізе астындағы венаның тромбозы;// +Тізе астындағы артерияның эмболиясы;// Тізе астындағы артерияның аневризмасы;// Облитерациялы тромбоангиит;// Рейно ауруы. // *** 35 жастағы науқас 10 жыл бойына аяқтың облитерациялық эндартериитімен ауырады. Бірнеше рет арнайы стационарларда және курорттарда емделген. Екі жыл бұрын екі жақты бел симпатэктомиясы жасалды. Сол жақ аяқ басында жарты жыл бұрын некробиотикалық өзгерістер пайда болуына байланысты солжақтық кеуде симпатэктомия операциясы жасалды, бірақ бұл операциядан қысқа уақытқа ғана нәтиже болды. Қазіргі уақытта аяқ басының 3 саусағында ылғалды гангрена бар. Тізе астындағы артерияда пульсация сақталған. Науқас қатты ауырсынуына байланысты ұйқысынан айрылған, тек аяғын түсіріп қана жата алады. Науқасқа не істеу керек:// + Сол жақ балтырдың жоғарғы деңгейінен ампутация жасау керек;// Сол жақ санның төменгі деңгейінен ампутация жасау керек;// Саусақтарға некрэктомия жасау керек;// Консервативті ем жасау керек;// Бальнеологиялық ем жасау керек.// *** Науқасты үйінде қарау кезінде санның ортаңғы деңгейіне дейін таралған тері асты үлкен венасының жедел тромбофлебиті анықталды. Не істеген болар едіңіз:// Қабынуға қарсы дәрілер және Вишневский мазімен компресс тағайындау;// Физиотерапия және антибиотиктер тағайындау;// Қатаң төсекті режим тағайындап, финилин дәрісін ішуді ұсыну;// Егер аяқта ісік пайда болған жағдайда ғана хирургиялық стационарға жатқызу жөнінде ұсыныс жасау; // + Шұғыл түрде хирургиялық стационарға жатқызу. // *** |