1 вариант каз. Рихтер ысылуы дегеніміз не дуоденальдыащы ішек апшыы айналасындаы ішекті ысылуы
Скачать 297.5 Kb.
|
Рихтер қысылуы дегеніміз не?// дуоденальды-ащы ішек қапшығы айналасындағы ішектің қысылуы// айналған сигма тәрізді ішектің қысылуы// диафрагмальды жарықтағы асқазанның қысылуы// + ішектің қабырғалық қысылуы// Меккел дивертикулының қысылуы// *** Көлденең ішектің ісігі ішек өткізбеушілігінің қай түрін тудырады?// жабысқақты-ішектік// динамикалық// спастикалық// + обтурациялық// инвагинациялық// *** Жедел аппендицит кезінде аппендэктомияға не қарсы көрсеткіш болып табылады?// миокард инфарктісі// жүктіліктің 38-40 аптасы// новокаинды көтере алмау// + аппендикулярлы инфильтрат// қан ұюының бұзылысы// *** Сарғаю, асцит, ауыр бауыр циррозы жағдайындағы өңештің варикозды веналарынан қан кетуде науқасты емдеу кезіндегі хирургтың тактикасы қандай?// портокавальды анастомоздар салу// + Блекмор зондымен өңешті обтурациялау// асқазан резекциясы// асцитикалық сұйықты бөлу// спленоренальды анастомоздар салу// *** Ішек өткізбеушілігінің қандай түрінде тік ішектен қанды бөлініс бөлінуі мүмкін?// паралитикалық// спастикалық// + инвагинация// тоқ ішектің айналып кетуі ішек инфаркты *** 17 жасар мектеп оқушысының футбол ойыны кезінде оң жақ шап аймағында кенет ауырсыну пайда болған. Анамнезінде оң жақты шап жарығы , бірнеше рет қысылу болған. Науқас өзі ендіруге тырысқан бірақ сәтсіз болған.ауруды жүргізудің тактикасын таңдаңыз.// 2-3 сағаттан кейін ендіруді қайталау// + тездетіп герниотомия жасау// қатаң төсекпен антибиотиктер// жатқан және тұрған қалпындағы, іш қуысының жалпы шолу Рентгенограммасы// жылы ванна мен спазмалитиктер// *** 35 жастағы науқаста жедел флегмонозды аппендицитке байланысты жасалған операциядан кейінгі 7 тәулікте қалтырау, тік ішекте ауырсыну, тенезмдер, зәр шығаруы жиі және ауырсынумен көрінеді. Ректальды қарау кезінде кіші жамбаста инфильтрат табылды. Науқастың жағдайы жылы сифонды клизма мен антибиотик қосып емдегеннен кейін 3 күннен кейін жақсарған жоқ. Қайталап ректальды қарау кезінде кіші жамбастағы инфильтрат жұмсарған. Дене температурасы гектикалық. Сіздің диагнозыңыз бен емдеу тактикаңыз қандай?// іріңді сальпингоофорит;// тік ішектің қатерлі ісігі;// + кіші жамбас абсцесі;// нәжістік тас;// цистит.// *** Науқас 70 жаста, ішек қатуымен зардап шегеді, ауруханаға түсерден 2 күн бұрын ішінің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді сипаттағы аздаған ауырсыну пайда болған, газы шықпайды. Жағдайы орташа ауырлықта, пульс 90рет, тілі ақ жабындымен жабылған, құрғақ, қарау кезінде ішінің оң жақ бөлігі кепкен, сол жағы төмендеген. Іші жұмсақ, оң жағында ауырсынады, пальпацияда 15*20 см болатын тығыз эластикалық түзіліс анықталады, үстінде тимпанит анықталады. “Шалпыл шуы” симптомы оң мәнді. Ішперденің тітіркенуі белгілері жоқ, перистальтикасы резонансты. Іші қуысының рентгенограммасында тоқ ішек және ащі ішектің пневматозы, тоқ ішектегі Клойбер тостағаншалары анықталады. Науқасқа қандай диагноз қоясыз және қалай емдейсіз?// аппендикулярлы инфильтрат, консервативті емдеу// созылмалы колит, консервативті емдеу// тоқ ішектің майлы салбырауығының айналып кетуі, некрозы, оперативті ем// + соқыр ішек ісігі, оперативті ем// аппендикулярлы инфильтрат, оперативті ем// *** Өздігінен енген қысылған жарық кезінде қандай тактика қолданамыз?// науқасты үйіне жіберу және кейіннен жоспарлы түрде операция жасау// анальгин, антибиотиктермен консервативті терапия// шұғыл түрде лапаротомия, ішекті ревизиялау операциясына көрсеткіш// шұғыл түрде жарықты кесу операциясына көрсеткіш// + операция жасамау керек, хирургиялық стационарлық жағдайда тиянақты бақылау керек// *** Қабылдау бөліміне 35 жастағы ер кісі, эпигастрий маңындағы сұққан тәрізді оң жақ мықын аймағына таралатын ауырсынуға, құсу, әлсіздік, дем жетіспеу сезіміне шағымданып түсті. Анамнезінен 3 жыл шамасында 12 елі ішек жара ауруымен науқастанады. Осы аурумен бірнеше рет стационарда ем алған. 2 жыл бұрын десируктивті холецистит аурумен операция жасалған. Іш қуысының жалпы шолу R-граммасында диафрагма астында бос газ жоқ. Іш қуысының УДЗ-нде оң жақ мықын аймағында сұйықтық анықталады. Сіздің диагнозыңыз?// жедел аппендицит// деструктивті панкреатит// + перфорациялық жара// жабысқақты ішек өткізбеушілігі// бауыр кистасының жарылуы// *** Науқас Т., әлсіздік, тамақтан ішкеннен соң 30 минуттан кейін үдемелі болатын құсыққа шағымданады. 20 күн бойына науқастанады. 10-15 кг салмақ тастаған. Анамнезінен 8 жыл бойына 12 елі ішек жара ауруы. Қандай зерттеу әдісі диагностика мақсатында ең тиімді?// іш қуысының УДЗ// іш қуысының жалпы шолу рентгенограммасы// ФГДС// диагностикалық лапароскопия// + асқазанның контрасты рентгеноскопиясы// *** Кәдiмгi жағдайда өт қабының артериясы қай жерден тарайды:// жалпы бауырлық артериядан;// + оң жақ бауырлық артериядан;// сол жақ бауырлық артериядан;// құрсақ бағанасы;// жоғарғы панкреатодуоденальды артериясынан.// *** Науқас лапароскопиялық холецистэктомиядан 48сағаттан кейін ішінің ауырсынуына, кебуіне, жүрегінің айнуына шағымданады. Қандай емдік диагностикалық ісәрекеттер жүргізген жөн:// қан анализін қадағалап, динамикалық бақылау;// релапароскопия;// + перистальтиканы комплексті стимуляциялау;// антибактериальды терапия;// лапаротомия, іш қуыс мүшелеріне ревизия жасау.// *** Өт тас ауруына байланысты жасалынып жатқан операция кезінде тасқа толы бүріскен өт қабы және 2 смге дейін кеңіген жалпы өт өзегі анықталды. Науқасқа қандай операция жасау керек:// холецистэктомия жүргізу;// холецистэктомия және холангиография жүргізу;// + бірден холецистэктомия және өзек ревизиясын жүргізу;// холецистостома салу;// үлкен дуоденальды үрпекті ревизиялаумен қатар дуоденоотомия жасау.// *** Лапароскопиялық холецистэктомия жасау кезінде өт қабының қуысы тесіліп кетті, не жасау керек:// лапаротомияға көшу;// іш қуысынан конкременттерді алып, санациялау;// + өт қабын бөліп алуды жалғастыру;// өт қабы тесігін тігу;// тесілген тесікті поролон немесе дәкелі турундамен тампондау.// *** Диагностикалық лапароскопия кезінде ісіну панкреатиті, ферментативті перитонит табылды, не істеу керек?// лапаротомия, шарбы май қабын ашу, ұйқы безін мобилизациялау, холецистостомия жєне іш қуысын дренаждау;// іш қуысын дренаждаумен шектеліп, әрі қарай консервативті еммен жалғастыру;// лапаростома салу;// лапаростомия, іш қуысы мен шарбы май қабын дренаждау;// + шарбы май қабы мен іш қуысын лапароскопиялық дренаждау, холецистостомия.// *** Жедел панкреатитпен ауырған науқаста, ауырғаннан кейiн 15 тәулiкте эпигастральды аймағынан аздап ауыратын эластикалық құрылым пальпацияланады. Мүмкiн болатын диагнозды атаңыз:// iш пердесiнен тыс флегмона;// iш пердесiнен тыс қан ұюы;// жедел обструктивтi холецистит;// + оментобурсит;// iшекаралық абсцесс.// *** Ауруханаға ауыр дәрежелі жедел панкреатит дигнозымен түскен науқасқа сырқаттың бастапқы кезеңінде хирург құрамына келесі дәрілер кіретін кешенді емді тағайындады атропин (инъекциядағы), промедол (инъекциядағы),5% глюкоза ертіндісі инсулинмен бірге, тұзды ерітінділер, интралипид, аминопептид, гемодез, антибиотиктер. Ферментті уыттануды басу үшін қандай дәріні тағайындау керек еді:// + протеаз ингибиторлары;// өт айдағыш;// құртты шығарғыш;// бронхолитиктерді;// зәр айдағыш.// *** 70 жастағы науқасқа мезентериальді тамырларының эмболиясына байланысты операция жасалғанда аш ішек толық, тоқ ішектің көлденең бөлігінінің оң жақ жартысына дейін некрозға ұшыраған. Тромбоэмболия қандай артерияда?// сол жақ тоқ ішек тамырлары// он жақ тоқ ішек тамырлары// + жоғарғы шажырқай тамырлары// төменгі шажырқай тамырлары// сигма тамырлары// *** Миокард инфаркті мен ауырған 72 жастағы науқасты жедел түрде хирургия бөліміне ауыстырды. Бірнеше күн бұрын іші қатты ауырған. Қазіргіде перитонит белгілері айқын. Операцияда тоқ ішектің сол жақ бөлігі, сигма тәріздес ішектер некрозданған. Қай артерияда қан айнылымы бұзылған?// орта тоқ ішек артериясы// оң жақ тоқ ішек артериясы// жоғарғы шажырқай артериясы// + төменгі шажырқай артериясы// сигма артериясы// *** 53 жастағы адамда іштің қатты ауырсынуы пайда болды. Бірнеше рет қан құсты, үлкен дәреті сұйылып қан аралас, әлсіздік. Жедел жәрдем дәрігері қарап науқастан ауру таппады, ем тағайындап үйде қалдырды. Науқастың іші кеуіп, перитонит белгілері қосылды, сонымен ауырған мерзімінен 20 сағаттан кейін жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Диагноз қандай?// жедел аппендицит// жедел ішек өтімсіздігі// + жедел мезентереальді қан айналымының бұзылуы// жедел панкреатит// тесілген асқазан жарасы// *** Науқас К. 28 жаста жұмыста жүріп құлап, ішімен рельске соғылған. Медициналық көмекке жүгінбеген, үйінде болған. Соғылғаннан кейін 6 сағат өткен соң жағдайы күрт төмендеген. Түскен кезде жағдайы ауыр, тамыр соғысы 100 рет минутына АҚҚ 90/60мм.с.б.б., іштің төменгі бөлігінде ауырсыну, әлсіздік, тершендік байқалады. Горизонтальды жатқызғанда ауырсынуы күшейеді. Қараған кезде эпигастрий және оң жақ қабырға доғасы аймағында көлемді сырылулар көрінеді. Іші ауырсынады, перкусия кезінде шұңғыл жерлерде тұйықталған дыбыс естіледі. Сіздің диагнозыңыз?// іш кабырғасының алдыңғы бетінің соғылуы// іштің жабық жарақаты// + бауыр жарылуы// көкбауыр жарақаты// қуысты ағзаның жарылуы// *** |