емс. интернет гост. "Жедел жрдем" ызметкерлері науаста ботулизм анытады. Біріншілік медициналы кмекті крсетііз асазанды шаю жне жоары сифонды клизма
Скачать 90.31 Kb.
|
"Жедел жәрдем" қызметкерлері науқаста ботулизм анықтады. Біріншілік медициналық көмекті көрсетіңіз: асқазанды шаю және жоғары сифонды клизма "Эндемия (эндемиялық)" термині нені білдіреді? сырттан әкелінген жағдайлармен байланыссыз, осы аймаққа тән инфекциялық аурулармен ауыру 17 жастағы жасөспірім реанимация бөлімшесіне түсті. Есі шатысқан, артериялық қысымы 70/40 мм с.б., шеткері артерияларда пульс анықталмайды, тынысы жиі. Осы жағдай өлімнің қай сатысына сәйкес келеді? преагония 18 жастағы ересек бала бас- ми жарақатынан кейін есте сақтаудың нашарлауына, сөйлеудің қиындауына, сөз тауып сөйлеудің нашарлауына, қиын тапсырмаларды орындай алмайтынына шағымданады. Қандай синдром жайлы ойлауға болады? ақымақтық 2 айдан 5 жас аралығында балалардың қауіптілік жалпы белгілеріне жатады: Естен тану, летаргиялық 22 жастағы науқас іштің төменгі бөлігінің, әсіресе оң жағы ауырсуына, сондай-ақ тік ішекке берілуіне шағымданып түсті. Анамнезінде 2 медициналық түсік, соңғысы эндометритпен асқынған. Сондай-ақ, 3 аптаға етеккірі кешігіп жатыр. Болжам диагноз? жатырдан тыс жүктілік 23 жастағы А. есімді науқас екі көзінің бірдей айқын қышуына, жас ағуға, ісінуге шағымданып ауруханаға келді. Анамнезінен: науқас 1 күн бұрын үй тазалығымен айналысқан. Сіздің болжамды диагнозыңыз: аллергиялық конъюнктивит 24 жастағы жүкті С., босану үйіне 4 сағат бұрын басталған толғаққа шағымданып келді. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, АҚ -120/80 мм.с.б.б., ұрықтың жүрек қағысы анық, минутына 130 соққы, толғақ 30 секундтан әр 7-8 минут сайын. Бимануальды тексеруде: жатыр мойны 6 см ашылған, қағанақ қапшығы бүтін. Диагноз: Жүктілік 39 апта. Босану кезеңін анықтаңыз: жатыр мойнының ашылу кезеңі 24 жастағы пациент тамақ ішкеннен кейін, 1,5-2 сағаттан соң эпигастрий аймағында ауырсынуға, қыжылдауға, шағымданады. Диагнозды анықтау үшін қолданатын аспаптық тексерулер? ЭФГДС. 25 жастағы пациенттің шағымдары: қақырықты жөтел екі аптадан бері мазалайды, кеуде тұсында ауырсыну әлсіздік, түнде дене температурасының 37,5 дейін жоғарылауы, жүдеу. Объективті тексергенде: өкпенің жоғарғы бөлігінде бәсең везикулярлық дыбыс, құрғақ сырылдар, тыныс алу жиілігі 24 рет 1 мин. Қандай ауру деп ойлайсыз? өкпе туберкулезі. 25 жастағы ер адам электро жарақат алды. Қарау кезінде: зардап шегуші ессіз, АҚ 65/30 мм с. б., аритмия, пострадавший без сознания, АД-65/30 мм.рт.ст., аритмия, тыныс жетіспеушілігі. Сіздің алғашқы іс әрекетіңіз: Жүрек - өкпе реанимациясын жүргізу 25 жастағы ер адам электро жарақат алды. Қарау кезінде: зардап шегуші ессіз, АҚ 65/30 мм с. б., аритмия, пострадавший без сознания, АД-65/30 мм.рт.ст., аритмия, тыныс жетіспеушілігі. Сіздің алғашқы іс әрекетіңіз: Жүрек - өкпе реанимациясын жүргізу 32 жастағы героиндік наркоманиямен зардап шегетін науқас Х., соңғы 3 күнде еріксіз наркотик қабылдауды тоқтатқан. Нарколог қарауы кезінде бүкіл денесіндегі күшті ауру сезіміне, жүрегі мен асқазанындағы жағымсыз сезімге, жүрек айну және іш өтуіне шағымданады. Қозғалыс мазасыздығы жағдайында, сұрақтарға тітіркеніп жауап береді, үнемі наркотик немесе қандай да бір дәрі беруді сұрайды. Осы жағдайда емдеуді бастау керек: психотерапиядан 33 жастағы науқас Б. оң жақ көзде пленка түрінде ісіктің пайда болуына, көру өткірлігінің төмендеуіне, жиі қызаруына, бөгде дененің сезіміне шағымданады. Офтальмолог науқасты қарап тексеруден кейін птеригиумның үшінші сатысы диагнозын қойды. Аурудың осы сатысында қандай асқынуды болжауға болады: онкологиялық ауру 43 жастағы ер адамда себепсіз түсіріңкі көңіл-күй, жабырқаулы сезімді сезінеді. Әлем сұр, түнеріңкі жабырқаулы қабылдайды. Моторикасы тежелген, ойлау қабілеті баяуланған, өзін-өзі кемсіту идеясы және суицидтк ойларды айтады. Бет әлпеті терең қайғыны және уайымды бейнелейді. Синдромды атаңыз: депрессивті 54-жасар науқас дерматологқа башпай арасында орналасқан бөртпеге, қышу және күйдіру сезіміне шағымданды. Ауырғанына 2 ай. Емделмеген. Моншада жұмыс істейді. Болжамды диагноз: табан эпидермофитиясы 60 жастағы науқаста артериялық қысым жоғарылауы аясында дизартрия, аяқ қолының дистальды бөлімдерінің әлсіздігі мен парастезиялар пайда болды. Сіздің әрекетіңіз: нифедипин, эуфиллин, магний сульфаты 64 жастағы науқасқа наркотикалық анальгетиктерді көктамырға енгізу тағайындалған.Осы процедураны жасаудағы медбикенің іс-әрекеті: дәрігердің қатысуымен препаратты енгізіп, ампуланы аға медбикеге өткізеді 70 жастағы науқасты қарау барысында, Сіз іштің кебуін, жиырылудың күшейген дыбысын және «алпыл шуын» байқадыңыз. Клиникалық бейне қандай ауруға тән? жіті ішек түйілуі 78 жастағы А. науқасты үйінде қарау кезінде фельдшер жіті аппендицитті күдіктенді, бірақ диагноз толық сенімді емес. Аурудың басталу уақытынан бар болғаны алты сағат өтті. Қандай шара қолдану керек? хирургиялық стационарға шұғыл тасымалдау 8 жасар бала іш және қолдарының терісінде 2 апта бұрын кейде жеңіл қышумен ұласатын бөртпелер пайда болды. Объективті: қалыпты тері түсіндей ортасында кіндік тәрізді басылған жылтыр байламы бар, сипағанда тығыз, көптеген бөртпелер көрсетілген. Сіздің болжамды диагнозыңыз: контагиозды моллюск № 058/у формасы бойынша шұғыл хабарлама санитарлы эпидемиологиялық саладағы мемлекеттік мекеменің аймақтық бөлімшесіне ауру тіркелгеннен кейін неше сағатта жіберілу керек? 12 сағат А вирусты гепатит аурушаңдылығы анықталғанда бірінші кезекте жасалатын әрекетті көрсетіңіз: шүғыл хабарлама жіберу, инфекциялық ауруханаға жатқызу Адамның иммундық тапшылығының вирусы жұқтырған ағзада орналасқан: Лимфа тіндерінде АИВ инфекциясы кезінде инкубациялық кезеңнің аяқталуы немен сипатталады? АИВ - ке қарсы антиденелердің пайда болуы АИТВ-инфекциясының таралуында ең жиі таралған берілу жолы: Ортақ ине мен шприцтерді пайдалана отырып кезінде дәрілік препараттарды парентеральдік жолымен еңгізу Алғашқы жүктіліктің қандай мезгілінде ұрықтың алғашқы қозғалуын сезеді: 20 апта Алты жастағы балада мысықтармен ойнағаннан кейін есекжем туындады. Келесі препараттардың қайсысы есекжемді тоқтатуға қолданылатынын көрсетіңіз: диметинден. Аналар өлімін есептеу үшін қажет көрсеткіштер: Өлген жүкті, босанатын, босанған (жүктілік аяқталғаннан кейін 42 тәулік) әйелдер саны, тірі туғандар саны Анамнезінде 20 жыл бойы созылмалы бронхитпен ауыратын науқастың артериялық қанының газдық құрамы анализінде қандай өзгерісті көруіңіз мүмкін? респираторлы ацидоз, компенсирленген Анафилактикалық шокқа көмек Система құюын тоқтату, көктамырдан инені шығармай физиологиялық ерітінді адреналин, гормондар енгізу Анемия кезінде қанда қандай өзгерістер болады? гемоглобин деңгейінің төмендеуі Апластикалық анемиясы бар науқастарда зертханалық зерттеулерді саралап, сіз қорытынды жасайсыз: жұлында қан туындауының төмендеуі Апластикалық анемиясы бар науқастарда зертханалық зерттеулерді саралап, сіз қорытынды жасайсыз: жұлында қан туындауының төмендеуі Аралықтың ІІ дәрежелі жыртылуы сипатталады: аралық терісі мен бұлшық етінің жыртылуы Асқазанды шаю үшін зондты енгізу қажет ара қашықтық формула бойынша анықталады: бойы (см-мен) – х, мұндағы х тең: 100 Асқазанның ойық жарасы перфорацияланған кезде ауырсыну сипаты мен орны: эпигастрийда "қанжар" сұққандай ауырсыну Ауруды оң үлкен жыныс еріннің аймағындағы ауыру сезімі мазалайды. Жыныс еріні ісінген, қатты ауырады, оның үстіндегі терісі қызарған, қатты ісік білінеді. Сіздің диагнозыңыз: Бартолин безінің абсцесі Ауруханаішілік cальмонеллездің қоздырғышы болып табылады: Salmonella typhimirium Ауыз қуысының шырышты қабығына дәрілердің әсер етуі: шаю Ауыл халқына медициналық көмек көрсетудің бірінші кезеңін жүзеге асыратын денсаулық сақтау құрылымын анықтау: ФАП Бала 11айлық, балалар ауруханасына жөтелге, дене температурасының жоғарлауына, тамақтан бас тартуына, әлсіздікке шағымданып түсті. Объективті қарауда тынысы жиілеген, кеуде клеткасының төменгі бөлігі ішке кірген, аускультацияда әлсіреген тыныс. Осы жасқа сай "жиілеген тыныс" ұғымына келетін тыныс жиілігін көрсетіңіз: минутына ≥50 Бала 4 жаста. Аймақтық дәрігер үйге шақырылған. Жөтелге, дене температурасының жоғарлауы, тамақтан және судан бас тартуға шағымданады. 3 күн бойы симптоматикалық ем қабылдған, ем нәтижесіз. Қарау барысында тері жамылғылары боз, мұрын- ерін үшбұрышының цианозы. Өкпеде тыныс әлсіреген, оң жақ төменгі бөлігінде ұсақ көпіршікті сырылдар. Ауруханадан тыс пневмонияға күдікпен бала ауруханаға жіберілген. Шұғыл госпитализация көрсеткішін көрсетіңіз: тамақ пен судан бас тарту Бала 5 жаста. Кеше кешке анасы оның құлағының артында және басының шашты бөлігінде көпіршікті бөртпені байқады. Дене қызуы 37,5°С. Сіздің диагнозыңыз: желшешек Балаға 1 жас 7 ай. Кенеттен туындаған жөтел, 15 минуттан кейін жоғалған ентігуге шағымданды. Жалпы қарауда: дене қызуы қалыпты, бала белсенді, аускультация кезінде өкпенің сол жақ жоғарғы бөлігінде дем шығарғанда ысқырықты сырылдар, перкуторлы қорапты дыбыс. Сіздің болжамды диагнозыңыз: бронхтың бөгде заты Балалар ауруын ықпалдастыра жүргізу (БАЫЖ) бойынша ауыр анемия белгілері: алақанның айқын бозаруы Балалар жұқпалы ауруханасына 7 жастағы бала түсті. Клиникалық симптомдарына сәйкес дәрігер "Менингит" диагнозын қойды. Инфекция көзін атаңыз: Жұқтырылған адамдар Балалар саны 0-4 жасқа дейінгі 8000, 0-4жасқа дейінгі балалар арасында 320 қызылша жағдай тіркелген. Таралуы қоршаған ортада 40%. Бұл көрсеткіш: Интенсивті көрсеткіш Бауыр шаншуы кезіндегі шұғыл жәрдем кеторол, дротаверин Бозғылт трепонема қандай антибактериялық препараттарға сезімтал? пенициллиндер Босанғаннан кейінгі әйел 7 тәулік бойы үлкен дәретінің болмауына шағымданады, мейірбикенің қажетті іс-әрекеті: тазарту клизмасын жасау, диетаны сақтауға ұсыныс Босану үйіне 22 жастағы Ф.түсті, жүктілік мерзімі 38-39 апта. Бойы 150 см, салмағы— 58 кг. Жамбас өлшемдері: 22-24-26-16,5 см, іш айналымы — 103 см, жатыр түбі биіктігі— 40 см. Ұрықтың қалпы ұзынша, басымен келіп тұр, ұрықтың жүрек қағысы анық, ырғақты, 140 соққы/мин, басының тік өлшемі— 12 см. Қынаптық зерттеу: жатыр мойны жетілген, ұрық басымен келіп тұр, кіші жамбасқа кіреберісте қозғалмалы. Болжамды диагнозды көрсетіңіз: Жүктілік 38-39 апта. Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас ІІ дәрежесі. Ірі ұрық. Босану хабаршысының диагностикалық белгісін көрсетіңіз: жалған толғақ Босанушыда меконий аралас қағанақ суы кеткеннен кейін мерзімі жетілген нәресте туылды. Нәрестенің жағдайы ауыр, пульс 80 соққы/мин, бұлшықеттер атониялы, терісі боз, бала жыламайды. Акушердің арғы әрекетін көрсетіңіз: реанимациялық шаралар үшін нәрестені неонатологқа беру Бөлімшеде жоспарлы қарау жүргізгеннен кейін емдеуші дәрігердің тағайындамаларын орындауға дайындалу барысында дәрігер орта мөлшерлемеден үш есе асатын препарат мөлшерін тағайындағанын анықтадыңыз. Осы жағдайда не жасау қажет? емдеуші дәрігерге айту Бөртпе сүзек ауруында сырқаттанушылықтың сипаты: Кездейсоқ сырқаттанушылық Бронхиалды астма ұстамасына күдіктенесіз, егер ауқаста анықталса: Ентігу қиындаған дем шығарумен, дистанционды сырыл Бронхты демікпе кезінде физикалық жаттығулар бағытталған: дем шығару екпініне Буындардың таңертең қозғалмай қалуы қандай ауруда кездеседі? ревматоидтық артрит Буындардың таңертеңгілік сіресуі қандай ауруда кездеседі? ревматоидтық артрит Бүйрек ауруының өршу кезеңінде науқастың күтімін жүргізу барысында мейірбике қандай емдәмнің ұстануын қадағалау қажет? ақуыз бен тұзды шектеумен №7 емдәмді ұстануды ВБИ жасанды берілу жолын көрсетіңі: Артифициалды Геморрагиялық инсульті бар науқасты тасымалдау кезінде қажет: басының қалпын өзгертуді болдырмау Гинекологиядағы шұғыл жағдайларға жатады: аналық без апоплексиясы, жатырдан тыс жүктілік Гипергликемиялық кома кезінде ауызынан қандай иіс шығады? иісі жоқ Гипертониялық клизма тағайындау көрсеткіші: атониялық іш қату Глазго шкаласы бойынша бағалауда 15 балл сәйкес келеді: анық еске Гломерулонефрит кезіндегі трида белгісінге тән сиптомдарды атаңыз: Ісіну, гипертония, гематурия Денсаулық сақтауда маркетингтің маңызы мен ерекшелігі келесі жағдайды қамтиды: денсаулық сақтау ұйымын қажетсінуді сарамалдау Дәрілік заттарды көктамыр арқылы енгізудің ең негізгі артықшылығы: Жедел көмек кезіндегі тиімділігі Дөрекі "үрмелі" жөтел, дауыстың қарлығуы, афония тән: ларингитке ДСДҰ сай 2 жасқа дейінгі балалардың жиі тыныс алуы саналады, егер тыныс алу жиілігі : 40 және одан көп ДСДҰ сай балалар ауруын ықпалдастыра жүргізу (БАЫЖ) нұсқаулығы бойынша көз инфекциясын емдеу жүргізіледі: Тетрациклин жақпасымен ДСҰ анықтамасы: "Мақсаты ауру немесе жарақат салдарынан бұзылған қызметтерін толық қалпына келтіру болып табылатын белсенді үрдіс, егер ол мүмкін болмаса- мүгедектің физикалық, психикалық және әлеуметтік потенциалын тиімді орындау, оның қоғамдағы адекватты интеграциясы" сай келеді: медициналық реабилитация Дуоденальды зондтау кезіндегі порция Б дегеніміз: Өт қабының ішіндегі өт Егер бала емшекке қате салынған болса, онда сіз байқайсыз: астыңғы ернінің ішіне бүрілгенін Егер баланың тамағы ауырып және сұйықтық мүлдем іше алмаса, науқас баланы емдеудің кешенді әдісін ауру бойынша классификациялаңыз: Жұтқыншақ абсцессі Егер сіз балада астмалық демді анықтасаңыз және қауіп – қатер факторы анықталмаса, онда Сіз жасайсыз:3 цикл сальбутамол 1 сағат ішінде 15-20 минут аралықта Егер соңғы етеккірдің бірінші күні – 10 қаңтар болса, онда босанудың болжамалы мерзімін анықтаңыз: 17 қазан Есекжемде теріде пайда болады; күлдіреуік Естен тану кезіндегі мейірбикенің тәуелсіз араласуы: мүсәтір спиртінің буымен демалдыру Әдебиеттер мәліметтеріне сәйкес ми қыртысы клиникалық өлім басталғаннан кейін 5-6 минуттан соң өледі. Реанимациялық іс-шараларды осы уақыттан ұзақтау жасауға болады ма? Ия, себебі реанимация ми жасушасының тіршілік мерзімін ұзартады. Әйелдер кеңесі жұмысының тиімділігін бағалайтын көрсеткішті көрсетіңіз: фертильді жастағы 1000 әйелде түсік саны Әйелді дене температурасының 37,9 °С дейін жоғарлауы, ішінің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауырсыну, шырыш пен қан аралас 15 ретке дейін нәжіс, тенезм, жалпы әлсіздік, жүрек айну, құсу мазалайды. Қарау: терісі бозарған. Тілі құрғақ. Пальпация кезінде сигма тәрізді ішек спазмдалған, қатты ауырсынады. Пульс 98 соққы/мин, АҚ-110/70 мм.с.б.б. Қай ауру жайлы болжауға болады? жедел шигеллез Жағдайы ауыр науқастарда ойылудық алдын-алу үшін теріні өңдеу қажет: камфорлы спиртпен Жалпы жансыздандырудың асқынуы салдарынан циркуляторлы гипоксия дамиды: қышқыл-сілтілі жағдайдың бұзылысының Жаңа туылған және 2 айлық баланың өмірінің қауіп – қатер факторы болып табылады: көмек арқылы ғана қозғалады Жаңа туылған нәрестеге алғашқы патронаж жүргізілуде. Дәрігер анасына төспен емізу маңыздылығы жайлы, төспен тамақтандыру негіздері мен бос тамақтандыру жайлы түсіндіруде. Бір жасқа дейінгі балаларда еркін тамақтандыру деген ұғымға не жатады? баланың тамақ көлемі мен уақытын анықтауы Жаңа туылған нәрестеде сүт бездерінің ісінуінің себебі неде? гормональды криз Жаңа туылған нәрестелер асфиксиясы дамуының антенатальды қауіп факторын көрсетіңіз: преэклампсия, көп сулы жүктілік Жаңа туылған нәрестелер сары ауруын емдеу негізіне жатады: фототерапия, ана сүтімен тамақтандыру Жаңа туылған нәрестенің бірінші патронажы. Анасына төспен емізудің маңыздылығы жайлы айтылды. Тек табиғи тамақтандыруда болатын тамақтандырудың негізгі үрдісін көрсетіңіз: ана мен баланың терілік- тактильды байланысы Жарақаттары бар науқастардың шокқа қарсы негізгі профилактикалық іс-шаралар: жансыздандыру, сыртқы қан кетуді тоқтату, сынықтарды иммобилизациялау Жартылай бақыланатын бронхты демікпенің клиникалық белгілері болып табылады: түнде тұншығудан ояну Жедел жәрдем фелдшерін қатты ауырсынбалы толғақтарға шағымданатын босанушыға шақырды. Қарау барысында: мазасыз, кантракциялық сақина жоғары және ққиғаш орналасқан, жатыры құмсағат пішіндес, сыртқы жыныс мүшелері ісінген. Қандай асқынуды күмәндәнуға болады? жатыр ажырауының қаупі Жедел жәрдем фельдшерін жүкті әйелге шақырды. Жүктілік 40 апта. Іштің төменгі жағындағы толғақ тәрізді 5- 6 минут сайын 20 секундқа созылатын ауырсынуларға шағымданады. Диагноз қойыңыз және өз іс- әрекетіңізді дәлелдеңіз: Жүктілік 40 апта. Босанудың I кезеңі. Стационарға жатқызу. Жедел жәрдем фельдшерін қатты ауырсынбалы толғақтарға шағымданатын босанушыға шақырды. Қарау барысында: мазасыз, контракциялық сақина жоғары және қиғаш орналасқан, жатыры құмсағат пішіндес, сыртқы жыныс мүшелері ісінген. Қандай асқынуды күмәндәнуға болады? жатыр жыртылуының қауіпі |