емс. интернет гост. "Жедел жрдем" ызметкерлері науаста ботулизм анытады. Біріншілік медициналы кмекті крсетііз асазанды шаю жне жоары сифонды клизма
Скачать 90.31 Kb.
|
Жергілікті анестезияның артықшылығын анықтаңыз: орындалуының салыстырмалы қауіпсіздігі және қарапайымдылығы Жіті аппендицит кезінде аппендэктомия кері көрсетілген: аппендикулярлы инфильтрат кезінде Жіті диарея деп есептеледі, егер: диарея 14 күннен кем жалғасса Жіті иридоциклит кезінде алғашқы көмек көрсету келесі ерітіндіні тамшылауды қамтиды: атропин Жүкті әйел бас ауруға, көз алдында шіркейлердің пайда болуына, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Тамыр соғу минутына 80 рет, АҚ 170/100 мм с.б., ісіктер жоқ. Жатырдың көлемі мерзімі жеткен жүктіліктің мерзіміне сәйкес келеді, жүрек соғысы минутына 140 рет, тұйықталған, ырғақты. Сіз нені болжайсыз? Ауыр дәрежедегі преэклампсия Жүкті әйел кезекті дәрігер қарауына әйелдер кеңес беру мекемесіне келді. Жүктілік мерзімі 28-29 апта. Тексеру барысында АК - 160/100 мм. сын. бағ. көрсетті. Аяғында ісігі бар. Зәрдегі ақуыз мөлшері 1 г/л дейін. Сәлден кейін әйел басының ауырғанына, көзінің қарауытқанына, құсқысы келетіндігіне шағымданды. Жедел жәрдем көмегі шақырылды. Ол келгенше сіздің тактикаңыз? сульфат магний ерітіндісін 25%-20 мл тамырға 10-15 минут ішінде енгізу Жүрек қан тамырларының ауруы, ентігу бар науқастарға жартылай отыру қалпын қабылдау, мына мақсатпен тағайындалады: Кіші қан айналым жүйесіндегі кептелуді азайту Жүректің 1 тоны қандай қақпақшалар жабылғанда пайда болады? қосжармалы және үш жармалы Жүректің ишемия ауруына шалдыққан науқасқа №10 емдік диета тағайындалған. Науқасқа тамақтану бойынша кеңес беріңіз: Ас тұзы мен жануарлар майын шектеу Жүректің ишемия ауруына шалдыққан науқасқа №10 емдік диета тағайындалған. Науқасқа тамақтану бойынша кеңес беріңіз: Ас тұзы мен жануарлар майын шектеу Жүректің туа біткен ауруларына жатады: Тетрада фалло Жұқпалы ауруға шұғыл хабарламаны қашан толтырады? Дереу ауруға күдіктену кезінде Жұқпалы ауруханаға ауыз жұтқыншағының дифтериясы, жамылғы формасы диагнозымен науқас түсті.Науқасты тексергеннен кейін қандай бөлімшеге жібереді ? бокс Жылағыштық, жазуының бұзылуы, қозғалу кезіндегі мазасыздық, сөйлеу мәнері баяу – тән: Хореяға Жыныс серіктестерін жиі ауыстыратын және жыныстық қатынаста жиі болатын 19 жастағы жас қызға контрацепция әдісін таңдаңыз: Мүшеқап Инфекциялық аурушаңдықты зерттеу үшін қолданылатын құжат: Шұғыл хабарлама І типті қант диабеті бар 22 жастағы науқасты қабылдау бөліміне алып келді. Диабетикалық кетоацидозда тыныс алу бұзылысының қай типі сәйкес келеді? ұзақ дем шығарумен терең, сирек тыныс Ісігі бар науқастарға шектеу қажет: ас тұзды Іш сүзегімен ауыратын науқастың потенциальды спецификалық мәселесі: ішек ойық жарасының перфорациясы Іш сүзекпен ауыратын науқаста өршу кезеңінде байқалады? тежелу және адинамия Камералық дезинфекцияның ең жұмсак әдісімен булы формалиндік әдісі болып есептеледі. Осы әдістің жетіспеушілігі дезинфекция сеансынан кейін жағымсыз иістің болуы. Булы формалиндік камерада формалин иісін бейтараптандыру үшін қандай затты пайдаланады? Нашатыр спирті Кардиогенді шокпен асқынған жіті коронарлы синдром кезіндегі тиімді препарат болып табылады: допамин Кез келген этиологиялық шокпен күресу үшін неліктен артериялық қысымды ұстап тұру өте маңызды? Қысымның төмендеуі шырғалаң шеңберді туындатады: гипоксия – миокард жұмысының бұзылуы – қысымның төмендеуі. Келесі қашықтықта жаңа туылғандардың дыбыстарға реакциясын тексеру қажет (метрмен): 5 Кеңсірік деформациясы кезінде отаға көрсетілім болып табылады: мұрын тыныс алуының бұзылысы Кеуде жастағы бала рационына жеміс шырындары және алма пюресін қамтамасыз ету үшін енгізеді: суда еритін дәрумендермен Көктамыр iшiлiк инъекция кезiнде шприцке ауа кірсе қандай асқыну болады: ауа эмболиясы Көп босанған әйел, бала жолдасы туылды, қарау барысында түгел. Жатырдың жиырылу қабілетінің төмендігіне байланысты жатыр қуысын қолмен тексерді. Әйел 1000 мл қан жоғалтты және қан кету жалғасуда. Қанды тоқтату мақсатында қандай іс-әрекет жасалады? жатыр ампутациясы, экстирпациясы Көпұрықты жұктіліктің диагностикалық белгісін анықтаңыз: жатыр көлемі үлкен және жүктілік мерзіміне сай емес Күлдіреуік (пузырчатка) патогенезінде жатыр: аутоиммунды реакция Қабылдау бөлімінде бірнеше науқас жатыр. Бірінші кезекте қайсысына назар аудару керек? бас ауруы мен аузынан "жеміс" иісі шыққан 2 типті қант диабетімен ауыратын науқасқа Қабылдау бөліміне 3 күн бойы су тәрізді сұйық нәжістің болуына шағымданып науқас келді. Клиникалық белгілері: АҚ- 100/60 мм.с.б.б., пульс- 98/мин., шырышты қабаттары құрғақ. Осы жағдайда қандай ерітіндіні тамырішілік енгізуге болады? изотониялық кристаллоидты ерітінді Қабылдау бөліміне 8 жастағы ер бала келді, футбол ойнау кезінде мұрнынан жарақат алған. Мұрын аймағындағы ауырсынуға және мұрыннан қан кетуге шағымданады. Сіз қандай алғашқы көмек көрсетесіз? алдыңғы тампонада Қабылдау бөліміне бірнеше күн бойы көп реттік құсуға шағымданып науқас түсті. Физикалық қарау кезінде науқас бозарған, летаргиялы, тері жамылғылары құрғақ, көз алмалары ішіне кірген. Дамыған жағдайға не себеп болуы мүмкін? гиповолемиялық шок Қабылдау бөліміне науқас түсті, ессіз. Жұбайының айтуынша анамнезінде қантты диабет бар. Қарау барысында терең, баяу тыныс анықталды. Анализдерінде: глюкоза мөлшері 24.9 ммоль/л, артериялық қанның рН 7.2, зәрде қант, кетонды денелер анықталды. Төменде көрсетілген тұжырымдамалардың қайсысы науқаста дамыған жағдайдың механизміне сәйкес келеді? инсулин жеткіліксіздігі контраинсулярлы гормондардың синтездің жоғарлауына және кетонды денелердің түзілуіне алып келеді Қабылдау бөліміне түскен науқаста педикулездің белгілері анықталғанда мейірбикенің іс-әрекеті: педикулезға қарсы тазалауды санитарлық өткізу бөлмесінде жүргізу Қабылдау кезінде науқас қынаптағы қышуға, жағымсыз иісі бар көпіршікті бөлінділерге шағымданады. Бұндай өзгерістер тән: трихомонадалық кольпитке Қабылдауға 3 айлық баласымен анасы келді. Мешелдің арнайы алдын алу мақсатымен балаға аквадетрим тағайындалған. Оның күнделікті профилактикалық дозасын көрсетіңіз: 500 ХБ Қабылдауға 34 жастағы еркек келді, түнгі клубта ди-джей, екі күн бойы дене температурасының 38°С дейін жоғарлауы, дизурия, зәр шығару кезінде қышу және ашу, уретрадан жағымсыз иісті ақшыл-сары бөліністің бөлінуіне шағымданады. Науқас ретсіз жыныстық қатынаста болады. Қарауда: жаныс мүшесі басының гиперемиясы мен ісінуі. Берілген клиникалық сурет қай ауруға тән? жедел гонорея Қабылдауға емханаға 36 жастағы қасапшы болып жұмыс істейтін, он жақ білек «сыздауығына» шағымдары бар науқас С. келді. Оң жақ білегінде тығыз негізде орналасқан, айқын қабыну валигымен және везикулалардан құралған тәжбен қоршалған, серозды сұйықтығы бар және ортасында қысып жабылатын диаметрі 5 мм некротикалық ойық жара анықталады. Қоршаған жұмсақ тіндердің айқын ісінуі. Көрсетілген туынды- бұл: сібір жарасының карбункулы Қай инфекциялық ауруларды убиквитарлы деп атайды? жаһандық таралатын Қақырықты сапалы жинауға ең маңызды болып табылады: қақырық жинау ережелерінің сақталуын қадағалау Қалалық аурухананың жұқпалы бөлімшесіне қатты бас ауруы, құсу, гипертермия, 39ᴼС шағымдармен науқас түсті. Болжам диагнозы: менингококк инфекциясы, менингококты менингит. Менингиттің диагностикасы кезінде менингиалдық белгілерді анықтайды, олардың бірі болып табылады: желке бұлшықеттерінің сіресуі Қан кету кезіндегі мұрын қуысының алдыңғы тампонадасы жүргізіледі: пневматикалық тампонмен Қандай жағдайда медбике сальбутамолдың қалталы ингаляторын пайдалануға кеңес береді? тұншығу Қандай қақырық өкпе ісінуіне тән болады? алқызыл, көбікті Қанды толық тоқтатуға жатады гемостатикалық: губка салу Қозғалғанда, дем алғанда, жөтелгенде күшейетін және ауырған жағына жатқанда басылатын кеудедегі ауырсыну қай ауруда кездеседі? құрғақ плеврите Қолданылған инелер мен шприц қалдықтарын дұрыс жою әдісін көрсетіңіз: қолданылған инелер мен шприцтерді қолданғаннан кейін дереу қауіпсіз утилизация контейнеріне қалпағын кигізбестен салу ҚР қазіргі заманғы акушерия стартегиясы көрсетілді: қауіпсіз жүктілікпен ҚР ұлттық егу күнтізбесі бойынша қандай жастағы балаларға эпидемиялогиялық паротитқа қарсы тірі вакцинация жасалады: 12-15 ай және 6 жас Құрсақ қуысындағы мүшелерге араласулардан кейін отадан кейінгі кезеңде жүрек- қан тамыр жүйесі жағынан жиі туындайтын асқынулардың бірі: тромбоэмболиялық асқынулар Құрсақ қуысындағы мүшелерінің (өт қапшығы, ішек және т.б.) гангренасы бар науқасқа бірінші кезекте көрсетіледі: зақымдалған мүшені жоюмен бірге шұғыл лапоратомия Мейірбике қолданылған материалдарды қалдықтар класына сәйкес бөлуі қажет, ол сарғыш Б класстағы пакетке қандай материалдарды салауы қажет? шприцтерді, процедуралық кабинетте қолданылған системаларды Мейірбике таңу жүргізу үшін стерильді үстелді дайындауы қажет. Қолын залалсыздандырудың қандай деңгейін орындауы қажет: хирургиялық Мейіргер пациентке назогастральді сүңгіні енгізу кезінде пациенттің жағдайы нашарлап, бет-әлпеті көгерді, жөтелу, ентігу байқалды. Бұл жағдайдың себебі неде? сүңгінің тыныс жолдарына түсуі Менингит диагностикасында шешуші мағынаны икемденеді: жұлын сұйықтығының өзгерісі Мерездің біріншілік белгісі: қатты шанкр Микроциркуляцияның қандай бұзылысы қабынудың екі классикалық көрінісін – қызару және температураның жоғарылауын туындатады? Артериялық гиперемия. Миокард инфарктын диагностикалау үшін негізгі анализді таңдаңыз: қандағы КФК, АСТ, тропониндер Миокард некрозының спецификалық зертханалық маркері болып табылады: тропонин Митральды стеноз кезінде "жүрек бүкірінің" пайда болу негізіне жатады: сол қарынша дилатациясы Мүйіспен және қасаға симфизінің төменгі шеті арасындағы арақашықтық: 12,5-13см Мына нормативті-құқықтық акт қан және қаналмастырғыштарды құюды реттейді: Бұйрық ҚР ДСМ 18.09.2009 ж № 666 Науқас 2 күн бұрын суық сыра ішкеннен кейін даусыныың қарлығуына, жөтелге, дене қызуының жоғарылауына шағымданады.Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы 37,5 С. Ларингоскопияда: көмейдің шырышты қабығы гиперемияланған,дауыс саңылауы кең.Тыныс алуы еркін. Сіздің болжамды диагнозыңы: жедел ларингит Науқас 24 жаста, мейірбике, ерітіндімен қатынастан кейін пайда болған қышитын бөтрпелерге шағымымен жүгінді. Бұл препаратпен қатынастан кейін бөртпе және қышу жойылды. Қайталанған қатынаста таралған гиперемия және ісіну, папуловезикулалы элементтер пайда болды. Болжамалы диагноз қойыңыз: аллергиялық дерматит Науқас айналаға қарап тұрып, терезеден тыс біреу оны шақырып тұрғанын айтады және оған жауап қайтарады.Дәл осы жағдай басқалардың да бірдей еститініне сенімді. Бұзылушылықты анықтаңыз: Шынайы галлюцинация Науқас Б., 28 жаста. Басының ауруына, дененің барлық бөлігінде ісінуге шағымданады. Баспамен ауырғаннан 10 күннен кейін алғаш рет ауырған. Бетінің ісінуі пайда болды, ісіну тез жайылуда, ентігу, диурездің азаюы қосылды. Объективті: беті боз, ісінген. АҚ 210/120 мм.с.б.б.. Зәрі "ет жуындылары" түсті, салыстырмалы тығыздығы - 1035, ақуыз 3%, тұнбада көп мөлшерде эритроциттер,цилиндрлер. Сіздің болжамды диагнозыңыз: жедел гломерулонефрит Науқас Б., 45 жаста, түнгі 1-де төс астындағы ауырсынудан оянып кетті, ауырсыну құсумен, ентігумен, салқы термен қосарланған. АҚ 70/40 мм.с.б.б. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Перитонеальды симптомдар жоқ. Әйелінің айтуы бойынша, ұйықтар алдында жұмысында болған мәселені естіп, уайымдаған. Науқаста қандай жағдайды болжауға болады? миокард инфаркты Науқас В., 28 жаста, 2 сағат бұрын ЖТА іш жарақатын алды. Ота барысында құрсақ қуысында көкбауырдың зақымдануынан 1500 мл қан анықталды. Бұл жағдайда гемотрансфузияның келесі түрін қолдануға болады: реинфузия Науқас Д, 35 жаста. Жоғары дене қызбасына, 3 тәулік бойы ауырады. Бұл жерде тері гиперемиясы, ортасында жұмсарған ауырсынбалы инфильтрат. Қойылған диагноз: мастит. Хирургтың келесі тактикасы: асбцессті ашу, сауықтыру және қуысты дренаждау Науқас Е. 50 жаста. Қант диабетінің орташа дәрежесімен сырқаттанады. Шағымы: аяқтарында сыздап ауырсынуы, әлсіздік, жиі шөлдегіштік, ентікпе. Емдік жаттығулардың әсері тиімді болу үшін жаттығулар келесі уақытқа созылу керек: 20-30 минут Науқас әйел іштің төменгі жағындағы кенеттен бүріп ауыруға, есінен танған күйге шағымданады, АҚ 90/60 мм с.б., Тамыр соғу - минутына 100 соққы, терісі бозарыңқы, Щеткин-Блюмберг симптомы оң, төрт аптаға етеккірдің кідіруі, PV: кенеттен ауырғандықтан жатыр және қосалқылары анықталмайды, артқы күмбезі керіліп тұр. Нені болжауға болады? түтіктің жыртылу типі бойынша үзілген жатырдан тыс жүктілік Науқас әрбір жөтелген сайын алқызыл көбікті қанның бөлінуі бойынша мейірбике палатаға шақырды. Қандай шұғыл жағдай дамыды?: өкпеден қан кету Науқас К., 42 жаста, фельдшерге зәр шығару кезіндегі ауырсынуға және қиындауына, дене температурасының жоғарлауына, жалпы әлсіздікке, бас ауруына, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне шағымданады. Зәр шығарудың қай бұзылысы жайлы ойлайсыз? странгурия Науқас қабылдайтын ауру мен жағдай арасындағы сәйкессіздікті көрсетіңіз: бүйрек ұстамасында- қозғалмай жату Науқас М., 52 жаста, ентігуге, тез шаршағыштыққа, еңбекке қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Қарау кезінде жағдайы орташа қанағаттанарлық, тері қалыпты түсте, тері асты май қабаты артық дамыған . Ішкі мүшелерінде патология анықталған жоқ. Салмағы-92кг, бойы-168 см. Осы науқастың дене салмағы индексін анықтыңыз: 32,8 Науқас М., 63 жаста, соңғы айда ішінің ұлғайғанына, аяқтарында ісінудің және ентігудің пайда болуына шағымданады. Осы науқастың іш аймағын тексеруді шештіңіз. Іштегі патологиялық сұйықтықты анықтау үшін төменде көрсетілген әдістердің қайсысын таңдайсыз? іштің перкуссиясы Науқас мұрын арқылы тыныс алудың қиындағанына шағымданды.Қарау кезінде: бет терілері кей жерлерде гематомалармен жабылған.Мұрын қалқасының гематомасы диагнозы қойылды. Диагнозды нақтылау үшін қандай диагностикалық зерттеу әдісін қолданады: алдыңғы риноскопия Науқас Н 51жаста, экземасы бар, медбике дәрілік заттың қай формасын қолданады: жақпалар, гельдер Науқас Н., 30 жас, іштің төменгі жағындағы ауырсынуларға және жыныс жолдарынан жағушы қанды бөлінділерге шағымдарымен стационарға түсті. Анамнезде соңғы етеккір 2 ай бұрын болды; 2 өздігінен болған түсік. Қынаптық зерттеу барысында жатыр мойны цианозды, «қарашық» симптомы теріс, сыртқы саңылау саусақ ұшын өткізеді.; жатыр жұмсақ консистенциялы, 8 апталық жүктілікке дейін ұлғайған; қосалқылар анықталмайды; күмбездер терең.Сіздің болжамды диагнозыңыз: қатерлі түсік Науқас С.,22 жаста, 10 шілде етеккірінің болмауына, таңғы уақытта жүрек айну мен құсуға шағымданып келді. Анамнез: соңғы етеккірі 10 мамырда, жыныстық қосылу күнделікті. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, АҚ 110/70 мм.с.б.б. Айнамен қарағанда қынаптың шырышты қабаты көгілдір. Бимануальды зерттеуде: жатыры қаз жұмыртқасындай ұлғайған, ауырсынбайды, консистенциясы жұмсақ, пальпацияда қатаяды. Жүктіліктің және босанудың болжамды мезгілін анықтаңыз: Жүктілік 8 апта, босану мерзімі 17 ақпан Науқас Т. Хирургпен қаралды, 42 жаста. Диагноз: он жақ білек сыздауығы, іріңді-некротикалық кезеңі. Сыздауықты ашу өткізілді. Гидратация фазасында таңғышты келесі препаратпен салу қажет: гипертониялық ерітінді Науқас У., 44 жаста, отбасылық дәрігерге белді ораушы қасиеті бар іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсынуларға, іш өтуіне, жүдеуіне шағымданды. Анамнезден: 10 жыл бойы ішімдік қолданады. Объективті: дене салмағының дефициті, тері жамылғысы құрғақ, басқанда жоғалмайтын кеуде және іш терісінде ұсақ қызыл дақтар. Пальпация кезінде сол жақ қабырға астында ауырсыну. Нәжісі майлы жылтырлаған ботқа тәріздес, тәулігіне 3 ретке дейін. Болжамалы диагноз: созылмалы панкреатит Науқасқа ботулизм болжамды диагнозы қойылды. Медбикеге асқазанды жуу керек. Асқазан-ішек жолдарындағы ботулотоксинді белсенсіздендіруде қолданатын ерітіндіні көрсетіңіз: натрий гидрокарбонатының 5% ерітіндісі Науқасқа диагностикалық мақсатпен құрсақ қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі тағайындалған. Тамақтану бойынша қандай кеңес беру керек: 3 тәулік бұрын сүт, көкөністерді, қара нанды қолданбау Науқасқа жүрек ырғағын мониторлау мақсатында құрылғы қойылған. Сіз бөлмеге кірген кезде құрылғы ырғақтың мына көрсеткіштерін (суретке қараңыз) көрсетуде. Осы жағдайда не істеу қажет? қатты дауыспен көмекке шақыру және жүрекке тікелей емес массаж жасау Науқасқа ішке қабылдауға антибиотиктер тағайындалған. Медбике антибиотиктің концентрациясын бірқалыпты ұстау үшін не жасау қажет? препаратты қабылдауда уақыт аралығын дұрыс сақтау Науқасқа көктамырға дәрі енгізу кезінде ентігу, АҚ төмендеуі, жүрек айнуы, бас айналу пайда болды. Осы жағдайдағы мейірбикенің тактикасын анықтаңыз: енгізуді тоқтату және дәрігерді шақыру |