Рсаттар жне хабарламалар туралы
Скачать 112.88 Kb.
|
7-бап. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпараттың қолжетімділігі 1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне рұқсаттарға және (немесе) хабарламаларға қатысты өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жұртшылықпен талқыланғаннан кейін жүзеге асырылуға тиіс. 2. Мемлекеттік органдарда бар, пайдаланылуы шектелмеген және мүдделі адамдарға қажетті ақпарат қолжетімді болуға тиіс. 3. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, берілген рұқсаттар, жіберілген хабарламалар, рұқсаттар берудің және хабарламалар жіберудің шарттары туралы мәліметтер "электрондық үкіметтің" веб-порталында және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылуға тиіс. 4. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуге және жүзеге асыруға байланысты барлық рәсімдер мен талаптар барлық мүдделі адамдар үшін түсінікті болуға тиіс. 8-бап. Өзара жауаптылық 1. Рұқсат беру арқылы мемлекет лицензиаттың, екінші санаттағы рұқсатты иеленушінің мемлекеттік реттеу мақсаттарына сәйкес қауіпсіздіктің ең төмен деңгейін қамтамасыз етуін растайды. 2. Алқалы түрде қарау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігі, әдетте, өтініш берушінің тәжірибесін және (немесе) біліктілігін бағалауды немесе басқа өтініш берушілердің жағдайларымен салыстырғанда өтініш берушінің қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыруының неғұрлым үздік жағдайын таңдауды жүзеге асыру қажет болған жағдайда белгіленуі мүмкін. 9-бап. Сыбайлас жемқорлықтан азат болу 1. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу және жүзеге асыру кезінде мүдделер қақтығысы және құқықты таңдап қолдану фактілері орын алмауға тиіс. 2. Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде лицензиялау және рұқсат беру рәсімдері процесінде жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен байланыстарын шектеу мақсатында, әдетте, "бір терезе" қағидатын қолдану көзделеді, бұл ретте мемлекеттік органдардан алынатын барлық қажетті келісулерді рұқсат беретін органдардың өздері алуға тиіс. 3. Жеке және заңды тұлғалардан осы Заңда көзделмеген рұқсаттардың немесе хабарламалардың болуын талап етуге ешкім де құқылы емес. 2-тарау. РҰҚСАТТАР ЖӘНЕ ХАБАРЛАМАЛАР САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ 10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне: 1) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу; 1-1) өзін-өзі реттеуді дамыту үшін жағдайлар жасау; 2) лицензиарларды және лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау; 3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 4) екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды, екінші санаттағы рұқсатты беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау; 5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 8) өндірілуі, өңделуі, сатып алынуы, сақталуы, өткізілуі, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға жататын улардың тізбесін бекіту; 9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 10) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 11) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 12) өзіне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады. Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 391-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 11-бап. Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органның құзыреті Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органның құзыретіне: 1) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 2) даму процесін басқару, қолжетімділік құқықтарын белгілеу, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын әзірлеу және бекіту; 4) хабарламалар нысандарын және мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актіні әзірлеу және бекіту; 5) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 6) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 7) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 8) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 9) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 10) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 11) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 12) автоматтандыруға жататын және жатпайтын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлескен бұйрықты бекіту; 13) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады. Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 12-бап. Реттеуші мемлекеттік органдардың құзыреті 1. Реттеуші мемлекеттік органдардың құзыретіне: 1) лицензиарларды, лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу және оларды рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу; 1-1) ойын бизнесі саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін қоспағанда, біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту; 2) екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды, екінші санаттағы рұқсаттар беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу әрі рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу; 2-1) рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту; 3) екінші санаттағы рұқсатты алуға арналған өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту; 4) рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және осы Заңда рұқсат беру тәртібі енгізілген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту; 5) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 6) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 7) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша олардың нақты қызмет түрлерін немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға арналған рұқсаттарды алу қажеттігі немесе алу қажеттігінің жоқтығы туралы қорытынды беру; 8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады. 2. Қаржы саласындағы қызмет және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін, лицензияларды алуға арналған өтініштердің нысандарын және лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын, рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін, екінші санаттағы рұқсаттарды алуға арналған өтініштердің нысандарын және екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын, рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және осы Заңда рұқсат беру тәртібі енгізілген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру қағидаларын, хабарламалардың нысандарын және осы Заңда хабарлама жасау тәртібі енгізілген хабарламаларды қабылдау тәртібін рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлейді және бекітеді. Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 13-бап. Рұқсат беру органдарының құзыреті Рұқсат беру органдарының құзыретіне: 1) өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін белгілеу; 2) лицензиялауды немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру; 3) рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру; 4) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, азаматтық және қызметтік қаруды және оған патрондарды, азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға арналған рұқсаттарды, еңбекші көшіп қонушыларға арналған рұқсаттарды қоспағанда, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу; 5) рұқсат беру рәсімдерін және лицензиялауды рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде жүзеге асыру; 6) мемлекеттік органдарға өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде рұқсат беруді келісу туралы сауал жіберу; 7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады. 14-бап. Хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құзыреті Хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құзыретіне: 1) хабарламаларды қабылдау; 2) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу; 3) хабарлама жасау тәртібін рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде жүзеге асыру; 4) өтініш берушінің нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтауын тексеру; 5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады. Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз). 15-бап. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның құзыреті Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне: 1) автоматтандыруға жататын және жатпайтын рұқсаттардың тізбесін бекіту туралы бірлескен бұйрықты рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен бірге әзірлеу және бекіту; 2) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту; 2-1) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту; 3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады. Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз). 3-тарау. ҚЫЗМЕТТІ НЕМЕСЕ ӘРЕКЕТТЕРДІ (ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ) ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ РҰҚСАТ БЕРУ ЖӘНЕ ХАБАРЛАМА ЖАСАУ ТӘРТІБІ 16-бап. Реттелетін қызметтің немесе әрекеттердің (операциялардың) қауіптілік деңгейлері 1. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі алда жүзеге асырылатын қызметтің немесе әрекеттердің (операциялардың) қауіптілік деңгейіне қарай енгізіледі және мынадай деңгейлерге бөлінеді: 1) бірінші санаттағы рұқсаттар – жоғары деңгейлі қауіптілікке байланысты қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) немесе әрекеттерге (операцияларға) қатысты енгізілетін лицензиялар; 2) екінші санаттағы рұқсаттар – лицензиялар болып танылмайтын, орта деңгейлі қауіптілікке байланысты қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) немесе әрекеттерге (операцияларға) қатысты енгізілетін барлық рұқсаттар; 3) хабарламалар төмен деңгейлі қауіптілікке байланысты, бірақ мемлекеттік органдардың осындай қызмет түрлерінің немесе әрекеттердің басталғандығы немесе тоқтатылғандығы туралы ақпарат алуын талап ететін қызмет түрлеріне немесе әрекеттерге қатысты енгізіледі. 2. Қызметтің немесе әрекеттердің (операциялардың) қауіптілік деңгейлері реттеушілік әсерді талдау негізінде белгіленеді. |