Рсаттар жне хабарламалар туралы
Скачать 112.88 Kb.
|
26-бап. Рұқсат беру мерзімін өткізіп алу салдары 1. Егер рұқсат беру органы осы Заңға сәйкес айқындалған мерзімдерде өтініш берушіге рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бермеген не оларды беруден уәжді түрде бас тартпаған жағдайда, оларды беру мерзімдері өткен күннен бастап рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілді деп есептеледі және рұқсат беру органы оларды бір мезгілде рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізеді. 2. Рұқсат беру органы рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны беру мерзімі өткен кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге тиісті рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны беруге міндетті. Рұқсат беру органы рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бес жұмыс күні өткеннен кейін бермеген жағдайда, рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша алынды деп есептеледі. Мұндай жағдайда, рұқсат алынғанға дейін рұқсат беру органы немесе Мемлекеттік корпорация өтінішті қабылдау кезінде берген рұқсат алуға арналған тиісті өтініштің қабылданғанын растайтын құжат – осы Заңда рұқсат беру тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асырудың заңдылығын растау болып табылады. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда өтініш берілген жағдайда рұқсат беру органының уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжат өтініштің қабылданғандығын растау болып табылады. 3. Осы баптың ережелері осы Заңға 1 және 2-қосымшаларда тиісті ескерту бар рұқсаттарға қолданылмайды. Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі). 27-бап. Рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беру үшін шетелдік заңды тұлғалардың құжаттарды ұсыну ерекшеліктері Шетелдік заңды тұлғалар жеке бизнес-сәйкестендіру нөмірін алған жағдайда дербес немесе филиалдар және (немесе) өкілдіктер басшыларының өкілеттіктері болған кезде осы заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген филиалдары және (немесе) өкілдіктері арқылы және осындай филиалдардың және (немесе) өкілдіктердің деректемелерін және бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін пайдалана отырып, лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асырған кезде алынатын алымдарды немесе төлемдерді төлеуді жүзеге асырады. 5-тарау. ЛИЦЕНЗИЯЛАУ 28-бап. Лицензиялау салалары 1. Лицензиялауға мынадай: 1) телерадиохабарларын тарату; 2) мәдениет; 3) білім беру; 4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс; 5) мұнай және газ; 6) өнеркәсіп; 7) ақпараттандыру және байланыс; 8) есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы; 9) денсаулық сақтау; 10) атом энергиясын пайдалану; 11) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 12) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар; 13) қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш заттар мен олар қолданылатын бұйымдар айналымы; 14) улы заттар айналымы; 15) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындау; 16) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы, темекі өнімдерін өндіру; 17) тауар биржалары; 18) экспорт және импорт; 19) қаржы саласы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет; 20) ғарыш кеңістігін пайдалану; 21) ойын бизнесі; 22) ветеринария; 23) ауыл шаруашылығы; 24) көлік; 25) сот сараптама қызметіі, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалар; 26) жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету салаларындағы жекелеген қызмет түрлері немесе әрекеттер (операциялар) жатады. 2. Мынадай субъектілердің: 1) мемлекеттік органдардың және мемлекеттік қызметшілердің өкілеттіктер шегінде; 2) дербес білім беру ұйымдарының және олардың ұйымдарының, оның ішінде көрсетілген ұйымдарда білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыруға білім беру бағдарламаларын енгізетін және (немесе) іске асыратын шетелдік заңды тұлғалардың; 3) Қазақстан Даму Банкінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде; 4) кредиттік серіктестіктер, орталық депозитарий, тіркеуші, мемлекет қатысатын кредиттік бюро, өзара сақтандыру қоғамдары, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі операторы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Ұлттық почта операторы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асыратын қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты; 5) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің уәкілетті ұйымының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш заттар мен олар қолданылатын бұйымдар айналымы саласындағы қызметті лицензиясы болмай жүзеге асыруына жол беріледі. Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.02.2017 № 45-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 29-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру шарттары 1. Лицензиялар лицензиардың орналасқан жері бойынша беріледі. 2. Егер жергілікті атқарушы органдар немесе орталық мемлекеттік органның аумақтық органдары лицензиарлар болып табылса, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша: 1) олардың қызметті жүзеге асыру орны бойынша берілетін "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілетін лицензияларды қоспағанда, жеке немесе заңды тұлғаны не шетелдік заңды тұлғаның филиалын немесе өкілдігін тіркеу орны бойынша; 2) Қазақстан Республикасының аумағында филиалы немесе өкілдігі жоқ шетелдік заңды тұлғаға, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, оның қызметті жүзеге асыру орны бойынша беріледі. 3. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады: 1) өтiнiш; 2) қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару мен оған патрондардың айналымына байланысты қызметті, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті, күзет қызметін жүзеге асыруға байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін – жарғысының (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi; 3) заңды тұлға үшiн – өтініш беруші заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы; 4) жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi; 5) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі). 6) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен өтініш берушінің бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар. 4. Осы баптың 3-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну, лицензиарда осы құжаттарда қамтылған ақпаратты тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндік болған жағдайда талап етілмейді. Шетелдік заңды тұлға, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын өтініш беруші өзінде осы баптың 3-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттар болмаған кезде өтініш беруші туралы осыған ұқсас мәліметтерді қамтитын басқа да құжаттарды ұсынады. Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензия беру кезінде құжаттар тiзбесiне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi де белгiлей алады. 5. Осы баптың 2-тармағының күші "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабында көзделген тәртіппен лицензия алу жағдайларына қолданылмайды. 6. Лицензиясы бар қызмет түрi немесе әрекет (операция) шеңберiнде жарамды лицензияға қосымшаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет: 1) өтiнiш; 2) өтініш берушінің бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар; 3) ұсынылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құжаттар. 7. Егер осы Заңға 1-қосымшада өзгеше көзделмесе, лицензиялар олардың қолданылу мерзімі шектелмей беріледі. 8. Егер иеліктен шығару осы Заңға 1-қосымшада көзделген жағдайларда иеліктен шығарылуы мүмкін "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияларды қоспағанда, лицензиялар иеліктен шығарылмайтын болып табылады. Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі). 30-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы өтініштерді қарау мерзімдері 1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру, мұнай және газ саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден уәжді бас тартуды лицензиар он бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді. 2. Атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру, мұнай және газ саласындағы лицензия және (немесе) лицензияға қосымша не оларды беруден уәжді бас тарту Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. 3. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің импорты мен экспорты саласындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден уәжді бас тартуды лицензиар осы Заңның 37-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзімдерде береді. Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі). 31-бап. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (бұдан әрі – лицензиялық алым) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес лицензия (лицензияның телнұсқасы) беру (қайта ресімдеу) кезінде, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген өзге де жағдайларда алынады. Лицензиялық алымның мөлшерлемелері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленеді. Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) беру кезінде лицензиялық алым алынбайды. Осы Заңның 44-бабында көзделген жағдайларда лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды беру кезінде лицензиялық алым алынбайды. 32-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту 1. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту, егер: 1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған; 2) лицензиялық алым енгізілмеген; 3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген; 4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған; 5) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған; 6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған жағдайларда жүзеге асырылады. Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды беруден бас тарту үшін қосымша негіздерді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспортына және импортына лицензиялар беруден бас тарту үшін қосымша негіздер "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді. 2. Осы баптың 1-тармағының күші "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабында көзделген тәртіппен лицензия алу жағдайларына қолданылмайды. 3. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық құжат нысанындағы уәжді бас тартуды лицензиар өтініш берушіге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін белгіленген мерзімдерде береді. 33-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу 1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай: 1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген; 2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген; 3) заңды тұлға-лицензиат осы Заңның 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес қайта ұйымдастырылған; 4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген; 5) егер нақты лицензияның иеліктен шығарылатындығы осы Заңға 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығарған; 6) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген; 7) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда қайта ресімделуге жатады. 2. Рұқсат беру тәртібі енгізілген қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда, лицензиаттың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге құқығы бар. Атауы өзгерген қызмет түріне лицензиясы бар лицензиат лицензияны алдын ала қайта ресімдеген жағдайда, лицензияға қосымша алуға құқылы. 3. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды: 1) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен нысан бойынша өтiнiштi; 2) лицензияларды қайта ресімдеу жағдайлары үшін – "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақысын төлеуді қоспағанда, лицензиялық алым төлегенін растайтын құжатты; 3) алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелерін; 3-1) осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес лицензия қайта ресімделген жағдайда, лицензияны иеліктен шығаруға келісуі туралы лицензиаттың хаты беріледі; 4) ұсынылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құжаттарды ұсынады. 4. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтінішті өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туындаған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде беруге тиіс. Лицензияны осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген негіз бойынша қайта ресімдеген жағдайда, өтініш берушінің лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беру мерзімі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді. Осы Заңның 34-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша қайта ресімдеуді қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде лицензиар өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексермейді. 5. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бастамашылық жасалған қайта ресімдеуден бас тартады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру қажеттігі көзделсе, осы талаптарға сәйкес келмеу де лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден бас тарту үшін негіз болып табылады. 6. Бір немесе одан көп банк операциялары, сақтандыру қызметіндегі бір немесе одан көп сынып лицензияланатын қызмет түрінен алып тасталған жағдайда, өтініш беруші тиісті нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енген күнінен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде лицензияның қосымшасымен бірге лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Қаржы саласындағы қызмет және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет түрінің атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгеріс лицензияланатын қызмет түрі мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, өтініш беруші тиісті нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енген күнінен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда, лицензиар лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады. 7. Қайта ресімделген лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар осы Заңның 48-бабының ережелері сақтала отырып, электрондық нысанда ресімделеді. 8. Егер осы Заңның 34-бабында өзгеше мерзім белгіленбесе, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді лицензиар осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттар берілген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. |