Рсаттар жне хабарламалар туралы
Скачать 112.88 Kb.
|
10-тарау. ЖАУАПТЫЛЫҚ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ 50-бап. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. 51-бап. Хабарламалар бойынша бақылау және рұқсаттық бақылау 1. Рұқсаттық бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. 2. Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін рұқсаттық бақылау бақылаудың өзге нысаны тәртібімен тексерілетін тұлғаға бару мүмкіндігі арқылы жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкес келетіні немесе сәйкес келмейтіні туралы шешім қабылданады. Құжаттарды ұсынумен расталмайтын біліктілік және рұқсат беру талаптары, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың анықтығы осы тармақта көрсетілген тәртіппен рұқсаттық бақылауға жатады. 3. Лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгеннен кейін (қызметті жүзеге асыру процесінде) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын рұқсаттық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер арқылы жүзеге асырылады. 4. Хабарламаны алғаннан кейін мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асыру процесінде Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды өтініш берушінің қызметті жүзеге асыру үшін сақтауын дербес тексереді. Ескерту. 51-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 11-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер 52-бап. Өтпелі ережелер 1. Осы Заңның 3-бабының 2-тармағында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған және осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген рұқсаттар мен хабарламалар тізбелеріне енбеген рұқсаттар мен хабарламалардың болуы міндетті болып табылмайды және осы рұқсаттарсыз және хабарламаларсыз қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру жеке немесе заңды тұлғалар үшін жауаптылыққа әкеп соқпайды. 2. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 4-бабының 8-тармағына сәйкес лицензиялануға жатпаған қызмет түрлеріне осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап, олар осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларда болған жағдайда, рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі жалпы негіздерде қолданылады. 3. Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда мұндай мүмкіндік болған жағдайда жүргізіледі. Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда ғана жүргізіледі. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мен рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітілетін, автоматтандыруға жатпайтын тізбеге енгізілген екінші санаттағы рұқсаттарды қоспағанда, 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде рұқсаттарды жинау мен сақтауды немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыруды автоматтандыру енгізілмейтін және қамтамасыз етілмейтін екінші санаттағы рұқсаттардың күші жойылуға жатады. 4. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиялар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен кейін алты ай ішінде осы Заңға 1-қосымшаға сәйкес мерзімі шектеулі лицензияларға қайта ресімделуге жатады. 53-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі 1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі. 2. "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 25-құжат; № 12, 84-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 16, 83-құжат).
|