Главная страница

Цитология методичка 1-15 сабак. Саба 1 Апаратты дидактикалы топтама


Скачать 1.99 Mb.
НазваниеСаба 1 Апаратты дидактикалы топтама
Дата11.05.2023
Размер1.99 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЦитология методичка 1-15 сабак.docx
ТипДокументы
#1121468
страница38 из 43
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43

Посттранскрипциялықбақылау


Транскрипцияның соңы мен трансляция басталудың арасындағы кезең посттрансляциялықкезең деп аталады. Онда мына үдерістер жүреді:

  1. А-РНҚ-ға «қалпақтың» («кэп») және «құйрықтың» жалғануы. Бұл үдерістердің анық мәні толық шешілмеген, бірақ а-РНҚ-ны тануға және оның ядродан цитоплазмаға шығуына жағдай туғызады деп жорамалдайды.

  2. Ядролық РНҚ-ның процессингі кезінде интрондардың қырқылып түсіп, қалған экзондардың сплайсингі (жалғануы) жүреді. Процессингке арнайы ядролық бөлшектер немесе кіші ядролық рибонуклео-протеиндер (мя РНП) қатынасады. Олардың құрамында У1, У2, У3, У4, У5 және У6 кіші ядролық РНП-лар болады.

Дифференциалды немесе альтернативтік сплайсинг дифференциацияланып жатқан лимфоциттерге қажет әртүрлі белоктардың түзілуін қамтамасыз етеді. Осы альтернативтік сплайсинг механизмі бойынша екі жетілген а-РНҚ-ға сәйкес екі түрлі белок молекулалары (иммуноглобиндер) түзіледі. Бір а-РНҚ-ның құрамында болатын ақпарат жазылған нуклеотидтер жүйесі (экзондар) альтернативтік сплайсинг нәтижесінде екінші а-РНҚ-да ақпараты жоқ интрондар түрінде болады.

  1. Ядрода синтезделетін барлық а-РНҚ-ның 5%-ға жуығы цитоплазмаға шықпай ядрода қалады. Мұның себебі интрондары алынып тасталғаннан кейінгі а-РНҚ молекуласы

бөліктерінің ядрода бұзылуы т.б. болуы ықтимал. Сонымен қатар кейбір интрондар а- РНҚ-ны танып, оның цитоплазмаға шығуына көмектеседі деген жорамал айтылады (Maсlean, Hall, 1987).

  1. Түзілген а-РНҚ-ның біраз бөлігі цитоплазмада ыдырап кетеді. Эукариоттық а-РНҚ-ның ыдырау жылдамдығы түрліше. А-РНҚ-ның ыдырау жылдамдығының түрліше болуы гендер активтілігіне әсер етуі мүмкін.

Мысалы, жасушалық циклдың барысында гистонды белоктардың қарқынды синтезделуі S кезеңінің бастапқы кезінде өте қажет, өйткені осы кезеңде жаңадан түзілген ДНҚ тізбектері нуклеосомалармен қамтамасыз етілуі тиіс. Қазіргі кезде гистондар синтезінің жылдамдығы транскрипциялық деңгейде ғана емес, сонымен қатар гистондық а-РНҚ ыдырау жылдамдығындағы ерекшеліктермен де реттелетіні жайлы пікірлер айтылады.

Трансляциялықбақылау


Гендер экспрессиясын трансляциялық деңгейде бақылау прокариоттар мен эукариоттарда түрліше жолдармен іске асырылады. Прокариоттардың көпшілік а-РНҚ- ларының трансляциясы транскрипциямен қатар бір уақытта жүреді. Эукариоттық жасушаларда трансляция транскрипциядан кейін, процессинг нәтижесінде жетілген а-РНҚ түзілгеннен соң басталады.

Трансляциялық бақылаудың іске асырылу жолдары:

  1. А-РНҚ-ның өмір сүру ұзақтығының жоғарылауы – информосомалардың немесе жасырын а-РНҚ-ның түзілуі арқылы іске асырылады. Мысалы, ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасы әдетте биологиялық активті емес, бірақ ұрықтанудан соң іле-шала митотикалық аппараттың, жасушалық мембрананың белоктары мен гистондардың синтезі жүре бастайды.

  2. Белоктарсинтезделужылдамдығыныңреттелуі . Трансляциялық бақылаудың бұл механизмі де жетілген, ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасында байқалады.Бұл жасушалар тыныштық күйде болып белок синтезделу процестері төменгі деңгейде жүріп жатады. Белок синтезделу қарқындылығының төмен болу себебі: а-РНҚ-ның жеткіліксіздігі емес, әзірше белгісіз, «жинақтаушы фактор» деп аталатын элементтің жетіспеуі. Бұл элемент рибосоманың а-РНҚ-мен қосылып кешен түзуіне қатынасатын болуы тиіс (рибосома+а- РНҚ).

  3. Мысалы, жібек көбелегінің (Bombyx mori) пілләсі түзілу үдерісінде «жібек» безі тек бір ғана белоктың түрін фиброинды синтездейді. Фиброин белогының ұзақ уақыт синтезделуі, оның а-РНҚ-ның өмір сүруі ұзақтығының жоғарылауына байланысты.

Эукариоттардың қалыпты жағдайдағы а-РНҚ-сы 3 сағатқа жуық өмір сүреді де соңынан ыдырап кетеді. Ал фиброиндық а-РНҚ бірнеше күн өмір сүріп, сол уақыт аралығында фиброинның 109 молекуласын синтездеп үлгереді. «Жібек» безі жалпы алғанда 1015-ке жуық фиброин молекуласын (300 микрограмм) синтездейді. Фиброиндық а-РНҚ-ның өмір сүру мен қызмет атқаруын ұзартатын феномен болмаған жағдайда фиброинның қажетті мөлшері синтезделу үшін жібек көбелегінің құртына 25 есе артық ген қажет болып, олар 100 күндей жұмыс істеген болар еді.
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43


написать администратору сайта