Главная страница
Навигация по странице:

  • – цитокинез

  • Цитология методичка 1-15 сабак. Саба 1 Апаратты дидактикалы топтама


    Скачать 1.99 Mb.
    НазваниеСаба 1 Апаратты дидактикалы топтама
    Дата11.05.2023
    Размер1.99 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЦитология методичка 1-15 сабак.docx
    ТипДокументы
    #1121468
    страница7 из 43
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43

    Постмитоздық кезең (пресинтездік) кезең G1:


    • жасуша құрылымдарының қайта түзілуі, жасушаның өсуі және ДНҚ репликациясына дайындық;

    • митохондрияларда АТФ синтезделеді және жасушаға жинақталады;

    • цитоплазмада ДНҚ-полимераза ферменті және барлық төрт азоттық негіздер (аденин, гуанин, тимин, цитозин),синтезделіп кариоплазмаға өтеді;

    • РНҚ барлық түрлері мен ақуыздар синтезделеді және ядроға жинақталады, көлемі ұлғаяды;

    • екі центриольдер репликацияланады (екі диплосомалар түзіледі);

    • жасушада хромосомалар жиынтығы (2п) және ДНҚ мөлшері - диплоидты (2с).
    1. Синтездік кезең S:


    • ядрода комплементарлы ұстаным бойынша ДНҚ (өздігінен еселену) редупликациясы жүреді;

    • ДНҚ еселенуімен қатар цитоплазмда параллельді түрде рибосомаларда ерекше гистонды ақуыздар синтезделеді де ядроға өтіп ДНҚ-мен байланысады;

    Кезеңнің соңына қарай хроматид саны мен ондағы ДНҚ мөлшері тетраплоидты болады (2п, 4с).
    1. Постсинтездік кезең G2:


    • жасуша бөлінуге даярланады;

    • жасушаның митоздық бөліну үдерісіне қажетті құрылымдар қалыптасып, арнайы ақуыздар синтезделеді.

    Жасушаның генетикалық материалы, хромосомалардың қосарланған жиынтығындағы әрбір (гомологты) хромосомалар жұбында 4 ДНҚ

    молекуласы – (2n4с) болады. Постсинтездік кезеңі G2 аяқталысымен жасуша митозға түседі.
    1. Митоз анықтамасы және фазалары. Сипаттамасы. Амитоз, эндомитоз, политения .

    Митоз (греч. mitos — жіп) ядро мен цитоплазманың күрделі морфологиялық өзгерісімен жүретін тікелей емес бөліну түрі. Митоз кезінде хроматидтердің бір-бірінен ажырауы және екі жас жасушалар арасында генетикалық материалдың теңдей бөлінуі жүретін ядроның бөліну үдерісі. Сондай бөліну нәтижесінде пайда болған жасушалардағы хромосомалар жиынтығының саны мен сапасы бастапқы жасушамен бірдей болады. Митоз ретімен ауысып отыратын төрт фазадан тұрады: профаза, метафаза, анафаза, телофаза (сурет.2).

    Профаза - хромосомалар ширатылып, жуандап, қысқарады. Әрбір хромосома хроматидтер деп аталатын екі жіпшеден тұрады. Хроматидтер бір нүктеде центромерамен байланысып тұрады. Ядрошыктар жойылып, ядро қабығы еріп кетеді.

    Цитоплазмада да ядродағы өзгерістерге ұқсас үдерістер жүреді: эндоплазмалық тор және Гольджи аппараты да көпіршіктерге (везикулалар) өтеді. Жасуша орталығы центриольдер жасушаның полюстеріне ажырап,

    олардың микротүтікшелерінен ахроматин жіпшелері пайда болып, бөліну ұршығы қалыптасады.

    Метафаза – толық конденсацияланған хромосомалар экватор жазықтығында орналасады (метафазалық пластинка). Бөліну ұршығының микротүтікшелері хромосомалардың кинетохораларымен байланысады.

    Кинетохорлар - анафаза кезінде хромосомалардың ажырауын қамтамасыз ететін, центромераның бетінде түзілетін ақуыздар

    Анафаза - әр хромосомадағы хроматидтер толық ажырап, екі жақ полюске қарай бағытталып бөліну ұршығының жіпшелерімен полюстерге тартыла бастайды. Полюстерге жеткенде екі бірдей толық хромосомалар жиынтығын құрайды.

    Телофаза – бөліну ұршығы жойылады. Әрбір бөлінген хроматидтер яғни жас хромосомалар топтары ядро қабықшасымен қоршалады, мембрана пайда болады. Хромосомалар деспиральданады. Ядрошықтар қайта түзіледі.

    Жасушаның бөліну үрдісінің соңына қарай, хромосомалар жас жасушаларға бөлініп, әрбір жасушада бастапқы жасушаның генетикалық ақпаратына сай ядроның қайта қалыптасуынан бастап жасушалар арасында цитоплазманың бөлінуі – цитокинез жүреді.



    Сурет 2. Митоз
    Жасушада митоздың басталуы мен митоздың аяқталуында ерекше

    айырмашылық бар. G2 кезеңінде жасушадағы бастапқы хромосомалар жұп хроматидтерден, ал түзілген жаңа хромосомалар тек генетикалық

    материалдың бір ғана көшірмесінен тұрады. Бұл көшірмелер жаңа



    Митоздық циклда хромосомалардың құрылысының өзгеруіне байланысты, бір түрден екінші түрге оңай өтетін, митоздық және интерфазалық хромосомалар түрлерін ажыратады.

    Интерфазалық хромосомалар деспиральданған күйде болады. Эукариот жасушаларындағы хромосомалардың жекеленген фрагменттерінің спиральдану дәрежесі әртүрлі болады, ядро хроматиндерінің жиынтығы біршама босаңсыған жіпше және түйнектелген түрде болады. Кариотипті анықтау үшін митоз кезінде жинақталған, конденсацияланған (метафазалық хромосома) хромосомалар белгілі бір пішінге ие болады, оларды осы сатыда зерттеу біршама жеңілдік тудырады.


    жасушалар жасушалық циклдың S кезеңіне өткенге дейін еселенбейді. Митоз үдерісі жасушалардың бөлінуінде генетикалық материалдың қалыпты еселенуімен дұрыс бөлінуін қамтамасыз ететін үдеріс.

    Митоздыңмаңызы:

    1. Жасушадағы генетикалық тұрақтылықты (хромосомалар саныныңтұрақтылығын);

    2. Митоз нәтижесінде жасуша саны көбейіп ағзаның өсуін;

    3. Жасушаның орнын толықтыру митоз арқылы іске асады және регенерацияны;

    4. Ағзаның кариотипін (метафазада) анықтауды;

    5. Жыныссыз көбеюді қамтамасызетеді.

    Жасуша пролиферациясының реттелу мен бақылану механизмдерінің бұзылуы патологиялық ауытқуларға әкеледі:

    • жасушаның бақыланусыз бӛлінуіне (ісік жасушалары) немесе көбеюдің немесе бөлінудің тоқтау себебінен жасуша санының азаюы, ұлпалар мен

    мүшелердің атрофиясы, қартаю үдерістері жүреді;

    - хромосомалық мозаицизм зиготаның бөлшектену сатысында митоздың дұрыс жүрмеуінен хромосомалардың дұрыс ажырамауы жүреді. Мысалы,

    митоздық бөлінуге түскен зиготадағы жасушалардың біріндегі 21-ші хромосоманың біреуінің түсіп қалуы салдарынан келесі бөліну хромсомалар санының ауытқуымен жүреді, мозаикалық 46/47,+21 жасуша пайда болады.

    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43


    написать администратору сайта