Главная страница
Навигация по странице:

  • Лептотена

  • Зиготена, жіпшелердің беттесу сатысы.

  • Пахитена

  • Диплотена

  • Содан

  • (n2c) .Бірінші мейоздық бөлінуден кейін интерфаза

  • Цитология методичка 1-15 сабак. Саба 1 Апаратты дидактикалы топтама


    Скачать 1.99 Mb.
    НазваниеСаба 1 Апаратты дидактикалы топтама
    Дата11.05.2023
    Размер1.99 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЦитология методичка 1-15 сабак.docx
    ТипДокументы
    #1121468
    страница9 из 43
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43

    Гаметогенез (оогенез, сперматогенез), сатылар сипаттмамасы. Мейоз анықтамасы және


    фазалары. Сипаттамасы

    Мейоздық бөліну екі кезеңнен өтеді — мейоз I (редукциялық бөліну) және мейоз II (эквациялық бөліну). Әрбір мейоздық бөліну 4 фазадан тұрады: профаза, метафаза, анафаза және телофаза.

    Бірінші мейоздың профазасы 5 сатыдан тұратын күрделі үдеріс: лептотена, зиготена, пахитена, диплотена и диакинез.

    Лептотена, жіңішке жіпшелер сатысы. Хроматиндік жіпшелер ширатылады, жуандайды, қысқарады, микроскоптан көріне бастайды. Генетикалық материалдың мөлшері 2n 4с.

    Зиготена, жіпшелердің беттесу сатысы. Морфологиялық және генетикалық тұрғыдан ұқсас гомологты хромосомалар жұбы бірігеді, беттеседі. Беттесу үдерісі (конъюгации) барысында биваленттер, немесе тетрадалар түзіледі. Биваленттер саны хромосомалардың гаплоидты жиынтығына тең болады. Генетикалық материалдың мөлшері 2n 4с.

    Пахитена, жуандаған жіпшелер сатысы. Хромосомалардың ширатылуы жалғаса береді, гомологты хромосомаларда синхронды өтеді. Екі хроматидті хромосомалар айқын көрінеді, қосақталған гомологтық хромосомалар жұптары айқасып, сәйкес бөліктерімен алмасады, кроссинговер жүреді. Мейоз кезінде өтетін кроссинговер нәтижесінен гендердің алғашқы рекомбинациясы жүреді.

    Диплотена хроматидтер ажырай бастайды, бірақ әліде кроссинговерге немесе хиазмге ұшыраған бөліктері байланыс сақтайды. Бірінші реттік овоциттердің хромосомалары овуляция үдерісі басталғанша осы күйін сақтайды.

    Диакинез. Хроматидтердің ширатылуының нәтижесінен хромосомалар жуандап, қысқарады,ядро қабықшасы толығымен жойылады.Хромосома

    ұштарындағы хиазмдарда ажырай бастайды. Хроматидтерде хиазмдар болмайды. Генетикалық материалдың мөлшері сақталады. (2n 4с).

    Профаза соңында ядрошық және ядро қабығы еріп, хромосомалар цитоплазмаға шығады және жасушаның экватор жазықтығына қарай жылжиды.

    Пахитена және диплотена сатысында өтетін транскрипцияның белсенділігі жыныс жасушаларының дамуының, әсіресе ооциттердің өсу сатысынада айқын байқалады. Бұл кезде ұрықтың дамуының ерте сатысына қажетті ақуыздар белсенді синтезделіп жинақталады.

    Диплотена сатысында өсіп жатқан ооциттарда хромосомалар «лампалық щетка» түріне ие болады. Хромосомалардың белгілі бір бөліктері де жұп ілмектер түзеді. Ілмектер хроматиннің активті деконденсацияланған бөліктері, сол жерде м РНҚ көп мөлшерде синтезделіп жинақталады.

    Содан кейін метафаза І, анафаза І, телофаза І, цитокинез І жүреді. Мейоздың бұл сатылары митоздың фазасына ұқсас. Негізгі ерекшелігі: пайда болған жаңа жасушаларға жеке хроматидтер ажырамайды, орнына жұп кроссоверлі центомерлерімен байланыста болатын хроматидтер ажырайды. Бірінші мейоздың нәтижесінде хоромосоамалырының гаплоидты жиынтығы бар екі жас жасуша түзіледі, әр хромосома екі хромотидтен тұрады (n2c).

    Бірінші мейоздық бөлінуден кейін интерфаза II (интеркинез) бірден басталып өте қысқа уақытта өтіп кетеді. Бұл кезеңде ДНК-ның екі еселенуі (хроматидтердің еселенуі) жүрмейді.

    Мейоз І кейін мейоз II (эквациялық бөліну) жүреді. Бұл бөліну митозға ұқсас өтеді, бірақ бөлінуге хромосомалардың гаплоидты жиынтығы бар жасуша түседі. Бұл бөліну үдерісінде екі хроматидтен тұратын аналық жасуша хромосомалары жас жеке хроматидтерге ажырайды.

    Екі мейоздық бөлінудің нәтижесінде хромосомалардың диплоидты жиынтығы бар бір жасушадан гаплоидты жиынтықты жасушалар пайда болады.

    Мейоз сонымен қатар гаметаларда жүретін кроссинговердің нәтижесінен және гомологты хромосомалардың кездейсоқ ажырауынан генетикалық материалдың рекомбинациясының пайда болуына, яғни мейоз (және ұрықтану) кезінде ата-ананың аллельдерінің кездейсоқ қайта топтасуы Мендель заңдылығына сай генетикалық өзгергіштіктің пайда болуына және генетикалық пропорцияның ықтималдық теориясын пайдалануына мүмкіндік береді.

    Мейоздың маңызы:

    • гаметогенездің негізгі кезеңі;

    • жынысты көбеюде генетикалық ақпараттың бір ағзадан екінші ағзаға берілуін қамтамасыз етеді;

    • бастапқы жасушамен жаңа түзілген жасушалар генетикалық тұрғыдан бірдей емес.

    • хромосомалардың бөлінбеуі немесе дұрыс ажырамауы хромосомалық аурулардың пайда болуына әкеледі.


    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43


    написать администратору сайта