Цитология методичка 1-15 сабак. Саба 1 Апаратты дидактикалы топтама
Скачать 1.99 Mb.
|
Митоз және мейоздың медициналық маңызы.Митоздық белсенділіктің реттелуі гендік, жасушалық және ұлпалық деңгейлерде зерттеу жасушалық циклдың бақылау механизмін, қартаюдың, физиологиялық регенерацияның, клондаудың және ісік ауруларының пайда болу механизмдерін түсінуге, оларды реттеу және емдеу үшін тиімді әдістер табуға мүмкіндік береді. Жасушалық циклдің реттелу заңдылықтарын білу, бұл нәтижелерді қатерлі ісіктерді анықтауда және жараның жазылуын тездететін препараттар және қатерлі ісіктерді емдеудің әдістерін табуға мүмкіндік береді. Тіршілікті қамтамасыз ететін тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі көбею болып табылады. Көбею процесінде генетикалық материал ата-анасынан келесі ұрпаққа беріледі. Көбеюдің негізгі екі жолы ажыратылады: жыныстық және жыныссыз. Жыныстық көбею жыныс жасушаларының түзілуі (гаметогенез) арқылы өтеді. Оның басты сатысы – мейоз. Ұрықтану мен мейоз хромосомалар санының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, комбинативтік өзгергіштікке себеп болады. Ұрықтану мен гаметогенез процестерінің бұзылуы аномальді зиготаның пайда болуына алып келеді, диагностикаланбайтын түсіктердің және жаңа туған нәрестелердің әртүрлі патологияларының себептерін түсінуге көмектеседі. Сабақ 4 Адамның онтогенездік дамудың ерте сатысының жасушалықмеханизмдері. Дамудың туа біткен ақаулары Онтогенез - дараның жеке дамуы немесе дараның зигота түзілуінен басталып, тіршілігін жойғанға дейінгі дамуы (өлгенге дейін). Онтогенез ұрықтану кезінде ата–аналарының жыныс жасушаларынан алынған тұқым қуалайтын ақпараттың негізінде жүзеге асады. Адам онтогенезiнiң келесi кезеңдерге бөлуге болады: 1) предэмбриональдық (гаметогенез); 2. антенатальдық немесе туылғанға дейiнгi (эмбриональдық және фетальдық); 1. постанатальдық немесе туылғаннан кейiнгi (репродуктивтілікке дейінгі, репродуктивтi және пострепродуктивтi); Акушерлiк және педиатрлық тәжірбиеде адамның антенатальдық онтогенезiн келесi кезеңдерге бөлу қабылданған: бастапқы-ұрықтанғаннан кейiнгi 1-шi апта; ұрықтық немесе эмбриональдық (ұрық эмбрион деп аталады)-2-8 апталар; iштегi нәрестелiк немесе фетальдық (ұрық iштегi нәресте деп аталады)-9-40 апталар. Прогенез (предэмбриональдық кезең) онтогенездің бастамасы, оған гаметогенез бен ұрықтану кіреді. Гаметогенез – жұмыртқа жасушасының (овогенез) және сперматозоидтардың (сперматогенез) түзілу үдерістері. Гаметалардың тіршілік қабілеттілігі уақытпен шектелген, сондықтан жыныс жасушасының жасы ұрықтану барысында маңызды роль атқарады. Овуляциядан соң жұмыртқа жасушасында өзгерістер байқалады, оны қартаю деп сипаттауға болады. Адамда овуляциядан кейінгі 1 тәулікте, немесе фолликуладан жұмыртқа жасушасы шыққан соң, онда қайта қалпына келмейтін өзгерістер жүреді, жасуша пісіп жетіліп кетеді де, одан кейінгі 24 сағат ішінде ұрықтана алмайды. Әйел адамның жыныс жолдарында сперматозоид 6-7 тәулікке дейін қозғалғыштығын сақтайды, бірақ ұрықтандыру қабілеті 1 тәуліктен аспайды. Пісіп кеткен гаметалар кей кездерде қосылады, бірақ имплантацияның болмауынан немесе жүктіліктің ерте спонтанды үзілуінен (гаметопатиялар) тез арада олардың дамуы тоқтайды. Ұрықтану– жыныс жасушаларының қосылып, диплоидты жиынтығы бар жасуша - зиготаны түзуі. Ұрықтану кезінде гаметалардың жақындауы, жұмыртқа жасушасының активтелінуі және гаметалардың қосылуы (сингамия) рет-ретімен жүреді. Жұмыртқа жасушасы мен сперматозоидтар бөлінетін гамондардың (гаметалар гормоны) әсерінен гаметалардың жақындауы жүреді. Гамондар сперматозоидтардың қозғалуын және сперматозоидтың жұмыртқа жасушасының қабықшасына жанасуын активтендіреді. Сперматозоид жұмыртқа жасушасының қабықшасына жанасқанда акросомдық реакция жүреді де, жұмыртқа жасушасының қабықшалары ериді. Сперматозоидтың центриолі мен ядросы жұмыртқа жасушасының цитоплазмасына өтеді, сперматозоидтың мембранасы жұмыртқа жасушасының мембранасына қосылады. Сперматозоидтың жұмыртқа жасушасына жанасу нәтижесінде, жұмыртқа жасушасы активтеледі: бұл құрылымдық және физико-химиялық күрделі өзгерістер.Жұмыртқа жасушасымен бірінші сперматозоид қосылған соң, бірден оның үстіңгі жұқа қабығы бөлектенеді, бұл ұрықтану қабығы, кортикальды реакция жүреді. Осы реакцияның нәтижесінде басқа сперматозоидтардың жұмыртқа жасушасына енуі тоқталады. Қосымша енген сперматозоидтар өзгеріске немесе ұрықты өлімге алып келеді. Жұмыртқа жасушасының активтелінуі ақуыз синтезінің басталуымен трансляциялық деңгейде аяқталады, себебі м-РНҚ, т-РНҚ, рибосомалар және энергия овогенез кезінде жинақталып қояды. Гаметалардың қосылуынан (сингамия) синкарион түзіледі – бұл екі : аталық және аналық пронуклеустің қосылуы. Әр пронуклеусте n 2c сәйкес келетін тұқым қуалайтын материал бар. Бірінші митоздық бөліну зиготада екі ұрықтық жасушаның (бластомерлер) түзілуіне алып келеді, олардың әрқайсысында хромосомалар жиынтығы 2n2c. |