Главная страница
Навигация по странице:

  • Кӛбею сатысы.

  • Ӛсу сатысы.

  • Пісіп-жетілу

  • Қалыптасу кезеңі

  • Цитология методичка 1-15 сабак. Саба 1 Апаратты дидактикалы топтама


    Скачать 1.99 Mb.
    НазваниеСаба 1 Апаратты дидактикалы топтама
    Дата11.05.2023
    Размер1.99 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЦитология методичка 1-15 сабак.docx
    ТипДокументы
    #1121468
    страница10 из 43
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43

    Гаметогенез


    Гаметогенез аталық (сперматогенез) және аналық (овогенез) – жыныс жасушаларының түзілу үдерісі. Гаметогенез жыныс бездерінде өтеді сперматогенез аталық ұрық безінде, ал овогенез аналық жыныс безінде өтеді. Гаметогенезде аналық ағзада аналық жыныс жасушасы жұмыртқа жасушсы, ал ер адамдарда – сперматозоидтар түзіледі. Осы гаметогенез үдерісі ер және әйел адамдардардың ұрпақ қалдыруына мүмкіндік береді.

    Гаметогенездің бірнеше сатылары бар:

    1. Кӛбею сатысы. Жасушалар (сперматогониялар, овогониялар) бірнеше рет митоз жолымен көбееді, соның нәтижесінде жасушалар саны артады. Ол жасушалардаға хромосомалар жиынтығы диплоидты 2n2c.

    2. Ӛсу сатысы. Бұл саты I-ші мейоздың интерфазасына сәйкес келеді. Бұл кезеңнің маңыздылығы да сол - ДНҚ молекуласы екі еселенседе хромосомалар саны өзгермейді. Генетикалық материалдың мөлшері 2n4c.

    3. Пісіп-жетілу сатысы. Мейоз жүреді, жасуша екі рет бөлінеді редукциялық (мейоз I) және эквациялық бөліну (мейоз II).

    4. Қалыптасу кезеңі немесе спермиогенеза (тек сперматогенезеге ғана тән). Сперматидтер ядросы тығыздалады, хромосомалардың спиралдануы салдарынан олар иннерті күйде болады. Гольджи комплексі ядроның бір полюсіне ығысып ферменті бар акросома түзеді, ол ұрықтың жұмыртқа жасушасына енуіне мүмкіндік береді. Ядроның екінші полюсіне центрольдар жылжды, оның біреуі талшықтың (құйрықтың) қалыптасуына қатысады. Бір талшық митохондрияға спиральды орам жасайды. Сперматидтердің цитоплазмасы ығыстырылады, сондықтанда сперматозоидтың басында цитоплазма болмайды.

    Ер адамдардағы мейоз


    Сперматогенез үдерісінің 64 күнге дейін созылады. Сперматогониялар барлық даму сатысынан өтіп сперматозиодтарға айналады.

    Хромосомалардың диплоидты бірінші реттік сперматоциттер мейоздың І-ші сатысын өткеннен кейін хромосомалардың гаплоидты жиынтығы бар екі екінші реттік сперматоциттер түзіледі. Соңынан мейоз ІІ жүреді нәтижесінде төрт гаплоидты сперматидтер пайда болады. Қалыптасу кезеңінде жетілмеген сперматидтер сперматозоидтарға айналады.

    Әйел адамдардағы мейоз


    Овогенез ұрықтың дамуының 12 аптасында басталып 20-шы аптасына қарай даму тоқтайды. Бірінші реттік овоциттер профаза І-дің диплотена сатысында овуляция басталғанша тыныштық күйде қалады, бұл кезеңді диктиотена кезеңі деп атайды.

    Айына бір ғана овоцит пісіп жетіледі. Гормондар әсерінен бірінші реттік овоцитке цитоплазмалық материалдар жинақталып, ісінеді. Мейоз І соңында екі жаңа жасушалар түзіліп біреуі овоциттердің екінші қатарына ал екінші ядро бірінші реттік бағыттаушы денеге айналады, уақыт өте дегенерацияланады. Екінші реттік ововцит жатырға немесе фаллопиев түтігіне түседі.

    Сперматозоидтар енгенге дейін еінші реттік овоциттер мейоз ІІ метафазасында тоқтап қалады. Бұл үдерістерден кейін бөліну аяқталады және жұмыртқа жасушасының гаплоидты пронуклеусы түзіліп сперматозоидтың пронуклеусымен қосылады, сонымен қатар екінші реттік бағыттаушы денешік түзіледі, артынан дегенерацияланады. Ұрықтанудың қай уақытта басталуына байланысты бұл үрдістің ұзақтығы 12-50 жылға дейін созылады.

    1. 1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43


    написать администратору сайта