Цитология методичка 1-15 сабак. Саба 1 Апаратты дидактикалы топтама
Скачать 1.99 Mb.
|
Голандриялық немесе У-хромосомамен тіркес тұқым қуалауға тән белгілер:белгі әкесінен барлық ұлдарына және тек ұлдарына беріледі. қыздарына белгі әкесінен ешқашан берілмейді. «вертикальный» характер наследования белгінің тұқым қуалауы «вертикаль» сипат ында. -егкек жынысты дараларға тұқым қуалау мүмкіндігі 100%. Аурудың мысалдары: терінің ихтиозы, құлақ қалқандарының гипертрихозы, саусақтың ортанғы фалангасында қалың түктің өсуі, азооспермия. Митохондриялық тұқым қуалауға тән белгілер:ауру әйелдің барлық балаларында патологияның болуы. ауру әке мен сау әйелден сау балалардың туылуы. Келтірілген ерекшеліктер митохондрияларды балалардың анасынан алатвнвмен түсіндіруге болады. Зиготада ДНҚ-ғы әкесінің митохондриялық геномынан 0-ден 4- ке дейін митохондрия болады, ал анасыныңгеномынан - ДНҚ 2500 митохондрияларға жуық. Ұрықтанудан кейін әкенің ДНҚ репликация тоқтайды. Аурудың мысалдары (митохондриялық аурулар): көру нервінің атрофиясы немесе Лебер соқырлығы, Лея синдромы (митохондриялық миоэнцефалопатия), MERRF (миоклониялық эпилепсия), отбасылық дилатациялық кардиомиопатия. Белгілердің тіркес тұқым қуалауы.1. Т. Морган ашқан тұқым қуалау заңдылықтары. 2.Тіркес тұқым қуалау және оның цитологиялық негізі. Тіркесу топтары. Адамның аутосомдық тіркесу топтары. Тіркесудің бұзылуының цитологиялық негізі. Алдағы сабақта шағылыстырудың барлы мысалдарында түрлі аллелдерге жататын гендердің тәуелсіз тұқым қуалауы қарастырылған. Ол тек гендер түрлі хромосомалар жұбында орналасса ғана болуы мүмкін. Бірақ, гендердің саны хромосомалар санынан әлдеқайда көп. Мысалы, дрозофилының - 8 хромосомалары, ал гендер саны 6000, адамда - 46 хромосомалары, гендер саны 30000 асады. Сонымен, әрбір хромосомада бірге тұқым қуалайтын көптеген гендер орналасады. Бір хромосомада орналасқан гендер тіркесу тобын құрайды.Гомолог хромосомаларда бірдей гендер орналасады, сондықтан екі гомолог хромосомалар бір тіркесу тобы деп есептелінеді. Бір хромосомадағы гендердіңбірге тұқым қуалауын тіркестұқымқуалау, ал гендердің бір хромосомада орналасуын – гендердің тіркесуідеп аталады. Тіркесіп тұқым қуалау нәтижесінде гибридтердің гаметаларында көбінде ата-аналар аллелдерінің жиынтығы сақталады. Тіркес гендерді белгілеу үшін символ АВ/ав қолданылады. Тіркес тұқым қуалау — гендері бір хромосомада орналасқан белгілердің гендердің тұқым қуалауы. Гендер арасындағы тіркесу күші олардың арасындағы арақашықтыққа тәуелді: аралары неғұрлым алыс болса, кроссинговер жиілігі жоғарылайды немесе керісінше. Толық_тіркесу'>Толық тіркесу — талданатын белгілердің гендері бірі-біріне жақын, кроссинговер жүруіне мүмкіндігі болмайтын тіркес тұқым қуалаудың түрі. Толық емес тіркесу — талданатын белгілердің гендері бірі-бірінен біраз қашықтықта орналасқандағы, кроссинговер жүруіне мүмкіндік беретін тіркес тұқым қуалаудың түрі. Тіркесу тобы — бір хромосомада орналасқан және бірге тұқым қуалайтын гендер.Тіркесу тобының саны хромосомалардың гаплоидты жиынтық санына тең. Кроссоверлі емес гаметалар — пісіп жетілу үдерісінде кроссинговер жүрмейтін гаметалар. Кроссоверлі гаметалар — пісіп жетілу үдерісінде кроссинговер жүрген гаметалар. Кроссоверлі гаметалар барлық пісіп жетілген гаметалардың аз мөлшерін құрайды. Рекомбинантты еместер — белгілер жиынтығы ата-аналарына ұқсайтын гибрид даралар. Рекомбинанттылар — белгілер жиынтығы ата-аналарына ұқсамайтын гибрид даралар. Бір хромосомада орналасқан гендердің тұқым қуалау заңдылықтарын Т.Морганом және оның мектебі дрозофилада зерттеді. Олар белгілердің 2 жұбын зерттеді: денелерінің түсі мен қанаттарының ұзындығын. Сұр денелі қалыпты қанатты гомозиготалы дарларды қара денелі қысқа қанаттылармен шағылыстырғанда бірінші ұрпақ гибридтері біркелкі доминантты белгілермен – сұр денелі қалыпты қанатты болды (Сызба – 1, Сурет-1а ). БелгіГен Сұр денелі Қара денелі Р: ♀ААВВ х ♂аавв А Г: АВ ав а F1: АаВв Қалыптықанатты В Қысқа қанатты в 100% - сұр денелі, қалынты қанатты Сурет – 1. Бірінші ұрпақтың біркелкілігі. Сызба – 1а. Бірінші ұрпақтың біркелкілігі. Сурет-2а. Талдаушы шағылыстыру №1. F1: ♂АаВв х ♀ аавв Г: АВ ав ав F2 АаВв аавв 50% 50% |