Главная страница

айкербез гигиена (восстановлен). Саралау сына сратары Гигиена алдын алу пні жнінде анытама берііз


Скачать 46.23 Kb.
НазваниеСаралау сына сратары Гигиена алдын алу пні жнінде анытама берііз
Дата13.12.2022
Размер46.23 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаайкербез гигиена (восстановлен).docx
ТипДокументы
#843082

Саралау сынақ сұрақтары

  1. Гигиена- алдын алу пәні жөнінде анықтама беріңіз-негізгі пән ретінде медицинада орын алады.Адам денсаулыгын коргау саласында теориялык және клиникалык пәндердің мәліметтерін біріктіретін медицина гылымдарыныің прфилактикалык бөлімдеріне жатады.Қоршаган ортаның топырактың, судың, ауаның ,тамактың адам ағзасына әсері.Аурудың алдын алу шараларын аныктап, оны іске асыру.

  2. Гигиенаның мақсаты мен міндеттері. Аурудың екіншілік, үшіншілік алдын алу шараларын нұсқаңыз Гигиенанын максаты- адамнын денсаулыгын сактау жане

Нығайту, аурудын алдын алу. Міндеті дайындалган нормативтерді,усыныстарды,

ережелерді іс жузіне енгізу жэне олардын тиімділігін багалау 1. Адамның денсаулығына әсер етеін қоршаған ортаның табиғи және антропогенді факторларын зерттейді.

2. Бұл факторлардың адамның немесе популяцияның денсаулығына әсер ету заңдылықтарын зерттейді.

3. Адам денсаулығына қолайлы әсер ететін қоршаған орта факторларын максималды пайдалану және қолайсыз әсер ететіндерін жою немесе қауіпсіз деңгейге дейін шектеу жөнінде гигиеналық нормативтерді, ережелерді және шараларды ғылыми тұрғыдан негіздейді және дайындайды.

4. Дайындалған ұсыныстарды, ережелерді және нормативтерді денсаулық сақтау практикасына және халық шаруашылығына енгізеді, олардың тиімділігін бағалайды және жетілдіреді.

5. Жақын және қашық болашақтағы санитарлық жағдайға болжау жүргізеді.. Екіншілік алдын алу - сырт корінісі бойынша, дені сау адамдарда ауру алдындавы жагдайды ерте

аныктаудан жоне бул жагдайлардын ауруга отуінін алдын алу жонінде шаралар жургізуден турады. Ушіншілік алдын алу (калпына келтіру) - ауырган адамдарга жургізіледі.Онын максаты- ауруды ерте аныктау жоне емдеу, аурудын эрі карай удеуінін жоне онын салдарынын-аскынуынын, кайталануынын,созылмалы туріне отуінін жоне баскалардын алдын алу. Ен тимдісі, дені сау адамда ауру пайда болунын алдын алатын біріншілік аурудын алдын алу, ал ен тиімділігі азы - ушіншілік алдын алу, себебі, ол ауру дамыган кезде жургізіледі.

  1. Гигиенаның әдістерін атаңыз

1.Санитарлык тексеру әдістері

2.Физиологиялык карау әдісі

3.Статистикалык зерттеу әдісі

4.Зертханалык экспериментальды әдіс

5.Органолептикалық әдіс

6.Зертханалык әдіс

  1. Қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерлерінің алдын алуда күнделікті және алдын алу жөніндегі санитарлық бақылаудың рөлін сипаттаңыз Қоршаған орта факторларын және олардың адам ағзасына әсерін зерттеу мақсатында, ол іргелік медицина пәндерінің – анатомияның, гистологияның, қалыпты және патологиялықфизиологияның, патологиялық анатомияның, биохимияның,биологияның,микробиологияның, эпидемиологияның және климатология, метеорология, агрохимия, топырақтану, агрономия, математика, т.б. сияқты медициналық емес ғылымдардың мәліметтерін және зерттеу әдістерін қолданады.

  2. Гигиенаның қысқаша даму тарихын сипаттаңыз Гигиена, өзінің атын «hygieinos» – «денсаулық әкелуші» деген грек сөзінен алады. Ежелгі грек мифологиясына сәйкес, дәрігерлік іспен айналысатын құдайы Асклепийдің (Эскулапа) Гигиея деген қызы болған, ол аурудың пайда болуының алдын алып, адамдарға денсаулық сыйлаған. Ежелгі гректер Гигиеяны аса дәріптеп, денсаулық құдайы деп санаған. Осы денсаулық құдайының атымен аурудың алдын алу жөніндегі медицина ғылымы «гигиена» деп аталған.

  3. IXжәне XX ғасырлардың басындағы гигиена ғылымның негізін қалаушылар және көрнекті өкілдері: ЭрисманФ.Ф., ДоброславинА.П., ХлопинГ.В., СысинА.Н., Мольков А.В. және т.б. ғалымдардың еңбектерін атаңыз. 1872-1877 жж. Ф.Ф.Эрисман кеңінен белгілі болған «Гигиена жөніндегі нұсқау» деген бірінші еңбегін жазады. Ал 1877 жылы «Кәсіби гигиена немесе ой және дене еңбегінің гигиенасы» деген екінші күрделі еңбегі жарық көреді. А.П.Доброславиннің еңбектері кеңінен танымал. Оның 1882 жылы «Гигиена- қоғамдық денсаулық сақтау курсы» деп аталатын іргелік нұсқауы шықты. Осы жылда А.П.Доброславин әскери гигиенаның курсын оқуды бастады, ал 1885-1887жж. «Әскери гигиена курсы» деген жаңа нұсқауды жазады. А.Н.Сысин (1879-1956 жж.) – РСФСР денсаулық сақтау халық комиссариатының санэпид бөлімінің бірінші бастығы болды. Оның қатысуымен «Тұрғын үйді санитарлық қорғау» туралы декреттің жобасы дайындалды. «Тұрғын ғимараттарды салу жөнінде санитарлық ережелері», «Шаруашылық-ауыз су құбырларының торабына берілетін су сапасының уақытша стандарты» дайындалды. Бұл кезеңде гигиена ғылымы мен санитарлық істің дамуында Н.А.Семашко, З.П.Соловьев, Г.В.Хлопин, А.Н.Сысин, А.Н.Марзеев, С.Н.Черкинский, В.А.Рязанов және басқалар үлкен роль атқарды.

  4. Қазіргі замандағы ҚР-ң және ТМД елдерінің әйгілі ғалым-гигиенистері: СидоренкоГ.И., Буштуева К.А., Измеров Н.Ф., Амрин К.Р., Шарманов Т.Ш., Алтынбеков Б.Е., Неменко Б.А., КенесариевУ.И. және т.б. ғалымдардың еңбек- терін атаңыз Елімізге белгіді галым, профессор Б.А. Неменко баскаратын Асфендияров атындагы улттык медицина акдемиясыным коммуналдык гигиена кафедрасында, мемлекеттік тілде «Коммуналдык гигиена» окулыгы (авторларыБ.А.Неменко, У.К.Кенесариев)жане «Балалар мен жасеспірімдер гигиенасы» шыгарылды. Институт одан баска мынадай гигиеналык багытта да жумыс аткарды:Коршаган орта гигиенасы, элеуметтік гигиена жоне денсаулык сактауды

уйымдастыру.Зерттеу материалдары бойынша монографиялар шыгарылды: «Ауылды жерлерді сумен камту гигиенасы» (Г.И.Сидоренко серіктес авторлармен),«Ауыз судын курамынданы металдардын қуаттылыты» (Г.Н.Красовский, В.Г. Надеенко, У.И.Кенесариев), «Ауыл адамдарына медициналык комек уйымдастыру маселелері» (П.П.Петров,Т.К.Калжеков)

  1. ҚР-ғы әртүрлі саладағы гигиена ғылымның дамуы және мазмұнын сипаттаңыз



  1. Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының санитар дәрігері жұмысын ұйымдастырудың негіздерін түсіндіріңіз

10.Санитарлық ағарту жұмыстарының формалары мен әдістері. Халық арасында санитарлық-эпидемиологиялық жұмыс өткізу шараларын түсіндіріңіз

11.Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының қызметтің құрылымы. Санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды нұсқаңыз

12 Гигиеналық норматив, қағидалары. Нормалаудың басымдылығын көрсетіңіз

13. Гигиеналық норматив қағидаларын атап көрсетіңіз .

1. Медициналық көрсетуi жағынан бірінші орында болу қағидасы

2. Ағзаның биологиялық жауаптарын дифференциялау қағидасы.

3. Қоршаған ортаның нысандарын бөлу қағидасы.

4. Барлық қолайсыз әсерлерiн ескеру қағидасы.

5. Табалдырықтық қағидасы.

6. «Доза-уакыт-эффект» қағидасы.

7. Лабораториялық эксперимент қағидасы.

8. ШРЕК-тің салыстырмалы түрде болуы қағидасы.

9. Гигиеналық нормалауды сатылы түрле жүргiзу қағидасы.

14.Қоршаған орта факторларын бөлу принциптерін атаңыз Коршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық факторлары табиғи және антропогенді (әлеуметтік) болуы мүмкін. Мысалы, табиғи химиялық факторларға атмосфералық ауаның, судың, топырақтың, тағамның және басқалардың табиғи химиялық құрамына кіретін заттар жатады, ал антропогенді факторларға, ортаның осы нысандарына адамның әр түрлі іс-әрекеттері нәтижесінде түсетін химиялық ластаушы заттар жатады. Психогенді факторлардың табиғаты таза әлеуметтік болып келеді. Оларға жататындары - адамға екінші сигналдық жүйе арқылы әсер ететін факторлар: сөз, сөйлеу, дыбыстар, музыка, түрлі түстер, хат, баспа өнімдері, ұжымдағы арақатынастар, т.б. жатады. Бұл факторлар әр түрлі көңіл-күй тудырып, психикалық жағдайын өзгертіп, адамға оң немесе теріс әсер етеді.

15.Гигиенаның дамуына үлес қосқан клиницисттер–Зыбелин С.Г., МудровМ.Я., ПироговН.И, Боткин С.П. және т.б.ғалымдардың еңбектерін талдаңыз. М.В.Ломоносовтың ізбасарларының бірі, бірінші медицина саласындағы студент, медицинанның бірінші орыс профессоры, өзінің практикалық және оқытушылық еңбегінде кәсіптік аурулардың алдын алу сұрақтарына ерекше көңіл аударған бірінші дәрігер - С.Г. Зыбелин болды. Оның шәкірті, Мәскеу университетінің профессоры М.Я.Мудров, бірінші терапевт-гигиена маманы, әскери гигиенаның негізін салушы болды. Ол аурулардың алдын алу жөнінде гигиеналық шаралардың бірқатар жүйесін дайындады. М.Я.Мудров 1808 жылы университетте әскери гигиена курсы бойынша бірінші рет дәріс оқыды, ал 1809 жылы 9 шілдеде орыс дәрігерлерінің алдында «Әскери гигиена пәнінің пайдасы жөнінде немесе әскери қызметкерлердің денсаулығын сақтау ғылымы» жөнінде баяндама жасады. Ол баяндамасында тек әскери гигиенаның міндеттерін ғана анықтап қойган жоқ, сонымен қатар, бүкіл гигиенаның да міндеттерін анықтады. М.Я.Мудров: «... ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу оңайырақ. Оның (дәрігердің) бірінші міндеті осыдан тұрады» деген қанатты сөздерді айтты. Оның шәкірті, аса көрнекті хирург Н.И.Пирогов (1810-1882) 1863ж. «Императорлық Ресейлік университеттің жалпы ережелерінің жобасына ескертулерінде» «…гигиена неліктен жалпы терапия мен фармакологияға қосымша ретінде саналатындығы түсініксіз» деп жазды. Пирогов гигиенаны менсінбеуді тарихи адасушылықтардың қатарына жатқызды. Ол «келешек- алдын алу медицинасынікі болатынына» сенімді болды. Н.И. Пирогов: «Мен гигиенаға сенемін, біздің ғылымымыздың шынайы жетістігі осында» деді.Оның аты медицина мамандарының арасында С.П. Боткиннің атымен қатар қойылады және қойылуы да әділетті...» (И.М.Сеченов)

16.Микроклимат Микроклимат түсінігіне анықтама беріңіз. көрсеткіштеріне мысал келтіріңіз Адам ағзасы тіршілік үрдісінде ауаның температурасының, ылғалдылығының, қозғалысының, жылу радиациясының әр қайсысынын жеке әсеріне емес, бірлескен әсеріне ұшырайды. Адам ағзасының қоршаған ортамен жылу алмасуы үрдістеріне әсер етіп, адам ағзасының жылылық жағдайы мен ортаның жылылық жағдайын анықтайтын, осы факторлардың кешені микроклимат деп аталады. Шектелген тереторияның климаттык ерекшелігін сипаттайды. Мысаль, белгіді бір каланын микроклиматы, курорттын микровлиматы немесе белменің микроклиматы. Жайлы микроклиматта адам жылуды жаксы сезінеді, орталык жуйке жуйесі оптималды жумыс істейді, дене енбегі мен онмен жумыс істеу кабілеті жогары болады. Ауа райының колайсыздығы адам денесінің қызуын немесе салқындауын яғни адамның ағзасында әр турлі желел және созылмалы аурулар тудырады.

17Ауаның жоғарғы және төменгі температурасының ағзаға әсерін гигиеналық жағынан бағалаңыз Атмосфералық ауа күн көзінің саулесінен кызбайды, ол, топырактағы жылумен кызады. Сондыктан минималды максималды температура Кун козі шыгардын алдында болады,ал максималдыТемпература 13-15 сағат арасында болады, бул кезде топырақтың беті максималды қызады Ауанин жерге жакын ыстык кабаты. Жогары карай көтеріліп айлап салқындайды.Ауаның температурасы, елдімекен орналаскан жеріне байланысты қатты ауытқиды мысалы экваториялды Африкада максимум +50-63 температура аралығында болса, минимум -94 температура Антарктидада болады. 18.Ылғалдылықтың гигиеналық маңызына түсініктеме беріңіз. Ылғалдылық түрлерін,өлшеу бірлігін түсіндіріңіз 1текше метр ауа курамындагы су буынын граммен аныкталган мөлшері «ауаның абсолютті ылгалдылыгы»деп атайды

19Ауа қозғалысының гигиеналық маңызына түсініктеме беріңіз. Ауа козгалысы екі шамамен Козгалу багытымен және жылдамдыгымен сипатталады Козгалу жылдамдыгы ауа массасынын уакыт бирлігінде өтетін кашыктыгымен аныкталады. Жылдамдыгы секунд ішіндегі метр санымен беріледі.Козгалу багытының өзгеруі ауа райының өзгеруінің белгілі көрсеткіші.

20«Жел раушаны» оның қосалқы гигиеналық маңызын гигиеналық ашыңыз Жел бағыты қай жақтан соғып тұрумен анықталады.елді мекенді жобалағанда және салғанда желдің бағыты мен күшін анықтайды.Желдің бағыты жиі ауысатындықтан осы жердегі желдің басым көпшілігі қай жақтан екенін анықтау керек ол ушін жел бағытының бір жылдағы қайталану жиілігін анықтайды және осы көрсеткіштер бойынша кесте құрайды Оны желбағытының розасы деп атаймыз.Сонымен жел бағытының розасы деп желдің бағытының және қайталануының графикалық көрінісі

21Барометрлік қысымның гигиеналық маңызына түсініктеме беріп өтіңіз. Ағзаға жоғары және төменгі барометрлік қысымның әсерін талдаңыз Атмосфералық қысымның аздаған тәуліктік ауытқуы дені сау адамның ағзасына әдетте көп әсер етпейді. Бірақ, биіктікке көтерілген кезде, қысымның айқын төмендеуі немесе кейбір жұмыс түрлерін (кессондық, сүңгуірлік) орындау және су астына түскен кезіндегі қысымның жоғарылауы қолайсыз әсер етуі мүмкін. Жоғары барометрлік қысымның қолайсыз әсерінің алдын алу. Алдын алу шараларының негізгі аспектілерінің біріне қауіп-қатері жоғары жағдайдағы жұмысқа жарамдылығын міндетті түрде тестілеу, барлық қарсы көрсетілімдерін есепке алу, сонымен қатар болатын қолайсыз қауіпті салдары туралы сүңгуірлерді қабардар ету жатады. Жұмыстарды жүргізу кезінде, жоғары қысымның шамасына байланысты жұмыс уақытының ұзақтығы, сонымен қатар, шлюздеу мен декомпрессия ережелері қатаң сақталуы қажет. Теңіз деңгейінен биіктік жоғарылаған сайын, атмосфералық қысым мен ауаның тығыздығы, сондай-ақ, оттегінің парциалдық қысымы төмендейді. Мысалы, 2000 м биіктікте атмосфералық қысым с.б 560 мм, ал оттегінің парциалдық қысымы - с.б 70 мм болады. 4000-4500 м биіктікте оттегінің қысымы, теңіз деңгейіндегі қысымымен салыстырғанда, екі есеге төмендейді.

22Бөлменің оптималды микроклиматын қамтамасыз ету бойынша шаралар негізінде микроклимат көрсеткіштерін гигиеналық нормалау шараларын бағалаңыз

23Микроклимат түрлерін атаңыз: комфорттық, дискомфорттық қыздыратын және салқындататын. Олардың айырмашылықтарын анықтап, ағзаға тигізетін әсерлерін табыңыз. Комфортты микроклимат жылу реттейтін механизмдердің зорлануын тудырмайды. Жылу сезінуі жақсы және орталық жүйке жүйесінің жұмысы да оңтайлы, дене және ой жұмысына қабілеттілігі, сонымен қатар, қолайсыз факторлардың әсеріне төзімділігі де жоғары боладыДискомфортты микроклимат, керісінше, жылу реттейтін үрдістердің зорлануымен, жүйке жүйесі мен анализаторлардың жұмыс көрсеткіштерінің нашарлауымен, әр түрлі мүшелер мен жүйелердің функционалдық жағдайының бұзылуымен, ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуімен сипатталады, сонымен қатар, әр түрлі жедел және созылмалы аурулардың дамуына себепші болуы мүмкін. Қыздыратын дискомфортты микроклимат жедел және созылмалы гипертермиялардың әр түрлі белгілерінің дамуына (жоғарыдан қараңыз), ал салқындататын дискомфортты микроклимат – жергілікті және жалпы гипотермияларға және олармен байланысты ауруларға және ағзаның функционалдық жағдайының бұзылуларына әкеледі.

24Атмосфералық ауаның құрамындағы азоттың атқаратын қызметі қандай Азот ауанын негізгі кұрамдас бөлігі.Ол азотты заттардын айналымина катысып, манызды биологиялық рөл аткаралы. Ол оттегін араластыргыш ретінде колданылатындақтан.манызы зор, ойткені таза оттегі адамга токсикалых әсер стеді.

25Адам ағзасына қолайсыз микроклиматтық жағдайлардың әсерін сипаттаңыз

26Микроклиматтық жағдайлардың қолайсыз әсерін алдын алу бойынша шараларды негіздеңіз

27Ауаның температурасын, ылғалдылығын және қозғалу жылдамдығын анықтау бойынша әдістерді атап, олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріңіз 28Жылытудың әртүрлі жүйлерінің артықшылығы мен кемшілігін түсіндіріңіз 29Көрінетін жарықтың ағзаға әсерін сипаттаңыз. Бөлмені рационалды жарықтандырудың маңызы.

30Бөлменің табиғи жарықтануын анықтайтын факторларды атап көрсетіңіз Табиғи жарыктандыру денгейі бірнеше факторларга байланысты: жыл мезгіліне, тәулік уакытына, кун саулесінін тусу бурышына, ягни жарыктандыру мен ультра кулгін сәулелерінін каркындылығына, сондай-ак табиги агаштармен және гимараттармен коленкеленуіне, ауа райына,терезелердін эйнектелген ауданына, шынылардын тазалығына, кабыргалар мен жиhаздардын бояуынын тусіне, жарык саулелерінін шағылысуы және жутылуына. байланысты

31Бөлменің табиғи жарықтануының көрсеткіштерін атаңыз.

32Инсоляцияның гигиеналық маңызын сипаттаңыз. Инсоляциялық тәртіп түрлерін атаңыз. Инсоляция - дегеніміз куннін адамга тікелей эсері етуі. Адам агзасына кун саулесі тікелей эсер еткенде адамнын тамырыны согуы жаксы болады, куре тамырдын ен жогаргы және ен төменгі кысымы калыпты жагдайда болады, каннын согу мөлшері артады, каннын курамындагы холестерин азаяды, улпа аркылы дем алу, негізгі зат алмасу артады.Инсоляция балалар агзасы ушін ете улкен рөл аткарады. Кун сәулесінін ультракулгін бөлігіадам агзасына мешел ауруынын туындауына карсы жане бактериоцидтік эсер етеді. Кун көзі баланын иммунды белсенділігін кетереді. Адам агзасына кун саулесі жаксы әсер ету ушін бөлмеге кемінде 3- 4 сагат кун козі тура тусуі керек.

33Жасанды жарықтандыруға қойылатын негізгі гигиеналық талаптарды атаңыз

34.Жасанды жарықтану түрлері мен көздерін атап, оларды сипаттаңыз. Жасанды жарыкты багалау ушін жарык коздерінін турін (кыздыру шамдары, люминисценттік шамдар т.б.), олардын куатын, жарык беру жуйесін (жалпы біркелкі, жалпы локальданган, жергілікті, аралас)

35.Шамдардың түрлері. Жарықтандыру арматурасына қойылатын гигиеналық талаптарға сипаттама беріңіз Арматура турін жэне осыган байланысты жарык агынынын барытын, жарык сипатын (тікелей, шашыраган шагылыскан) айкын келенкелер мен жылтыраулар болуы немесе болмауын белгілейді.

36.Люксметр аспабының жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз

37.Судың гигиеналық маңызын сипаттаңыз Су адамның денсаулығымен өмір сүру жағдацына әсер ететін қоршаған ортаның маңызды элементтерінің бірі су адам ағзасында үлкен атқарады ағзадағыбарлық физикалық химиялық процесс судың қатысуымен журеді су барлық зат алмасу,тотығу гидролиз процесіне қатысады.Су ағзаға керек қоректік заттарды тасымалдап,ағзаға керек еместерін шығаруға қатысады.адамға тек ішу үшін ғана емес оның көп мөлшерпі санитарлық және шаруашылық тұрмыстық мақсатта да қажет. Судын бір адамга кажет молшері дегеніміз - адамнын сута физнологиялык суранысын толык камтамасыз ететін және гигиеналык, шаруашылык-турмыстык, өндірістік максатка кажет су мөлшері.Судын сапасынын улкен гигисналык манызы бар. Судыц сапасы онын органолентикалык касиетімен, химнялык курамымен, эпидемноло-гиялык жане радиациялык кауіпсіздігімен анфзарисайды.Судык бір адамга кажет молшері дегеніміз - адамнын сута физнологиялык суранысын толык камтамасыо ететін жоне гигиеналык, шаруашылык-турмыстык, ендірістік максатка кажет су молшері.Судын сапасынын улкен гигисналык манызы бар. Судыц сапасы онын органолентикалык касиетімен, химнялык курамымен, эпидемноло-гиялык жане радиациялык кауіпсіздігімен аныкталады.

38. Жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуындағы су факторының рөлін атаңыз

39.Судың табиғи химиялық құрамы мен химиялық ластануына байланысты ауруларды жіктеп түсіндіріңіз

40.Беткей және жер асты су көздеріне сипаттама беріңіз

41Шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелері: орталықтандырылған, орталықтандырылмаған су көздерінің айырмашылығын атаңыз Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету- жер асты суын қолданған кезде ол жерге скважина орнатылады.Егер жер асты суының сапасы жаксы болса ,ол су ешқандай өңдеусізтұтынушыларға жіберіледі.Ол үшін судың сапасы зертханалық тексеріліп,қандай өңдеуәдістерін жүргізу керетігі және залалсыздандыру қажеттілігі анықталады.Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз-бүгінгі таңда қазақстанның ауыл халқының көп бөлігі орталықтандырылмаған су көзін қолданады.немесе жергілікті сумен қамту деп те атайды.Оларға инфильтрациялық құдықтар бұлақтар жатады.

42.Суды пайдаланумен байланысты аурулардың алдын алу жөніндегі шаралар, санитарлық дәрігердің жұмыс істеу тактикасын түсіндіріңіз

43.Су көздерін санитарлық қорғау шараларына негіздеме беріңіз

44. Су сапасын жақсартудың негізгі әдістерін сипаттаңыз

45Су сапасын жақсартудың арнайы әдістеріне сипаттама беріңіз

46Судан сынама алу әдістерін атаңыз

47Судың эпидемиологиялық маңыздылығына сипаттама беріңіз

48Судың органолептикалық қасиеттерін сипаттаныз Судың органолептикалық қасиеті мөлдірлігігімен ,дәмәмен және иісімен сипатталды.

49Судың коли – титрі нормада неше болу керек Коли титр дегеніміз -бір ішек таяқшасы табылғыан судың мөлшері Ол 300 мл аз болмауы керек,бұл кезде су эпидемиологиялық жағынан қауіпсіз болады.

50Адам ағзасындағы судың рөлі қандай, нормадағы мөлшерін сипаттаныз

51Топырақтың гигиеналық маңызын ашыңыз

52Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштерін сипаттаңыз

53Топырақтың табиғи химиялық құрамымен, химиялық және биологиялық ластануымен байланысты болатын аурулардың алдын алу бойынша шараларды негіздеңіз

54Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың дамуындағы топырақтың рөлін түсіндіріңіз

55Топырақтың санитарлық-гигиеналық, токсикологиялық көрсеткіштерін бағалаңыз

56Топырақты санитарлық-гигиеналық жағынан баға бере отырып, Топырақтың қауіптілік дәрежесінің кезеңдерін атаңыз.

57Топырақтың санитарлық жағдайына «Хлебниковтың санитарлық саны» арқылы сипаттама беріңіз. Н.И.Хлебниковтың санитарлық саны ,топырақтағы гумус азотының органикалық ыдырамаған азотқа қатынасы.Санитарлық санның мөлшеріне қарай байланысты топыраққа санитарлық сипаттама беріледі. Іс жүзінде топырақта 0,98 және одан жоғары ,әлсіз ластанған -0,85 тен 0,98 гедейін ,лантанған 0,70-0,85 дейін,қатты лшастанған -0,70тен төмен

58Тұрғындардың тамақтану ерекшеліктерін есепке ала отырып, рационалды тамақтау қағидаларын анықтаңыз

59Адамдарда тағамдық заттар мен әнергия қажеттілігін анықтау әдістерін бағалаңыз

60Тамақтанудың құндылығын (жеке адамның және ұжымның) анкеталық, сұрау-салмақтық, есептеу, зертханалық, клиникалық, гигиеналық бағалау әдістеріне сипаттама беріңіз

61Ағзаға тағамдар құрамымен дәруменнің мүлдем түспеуінен туындайтын аурулар

62Тамақтану режимін сақтаған кезде соңғы тамақтану ұйықы алдында қанша уақыт бұрын болу керектігін анықта Қандайда болмасын тамақ ішу тәртібінде соңғы тамақ ішу мезгілі мен ұйықтау арасында 2,5-3 сағ болуы керек

63Тағам статусының тиімділігін негіздеңіз

64.Еттің, сүттің және банка консервілерінің химиялық құрамы, тағамдық және биологиялық құндылығына гигиеналық бағалау жүргізіңіз

65.Еттің санитарлық сараптамасының әдістемелері: органолептикалық зерттеу, физико-химиялық сынамалар, бактериологиялық, гельминтологиялық зерттеу жұмыстарын қорытындылаңыз.

66.Жер учаскесін таңдауға, аурухананың құрылыс жүйелеріне, елді мекендерде ЕПМ орналастыруға қойылатын гигиеналық талаптарға сипаттама беріңіз

67Ауруханалардың ішкі жоспарлануының ерекшеліктеріне гигиеналық баға беріңіз

68Ауруханалардағы ауруханаішілік инфекцияның алдын алу шараларын негіздеңіз

69Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының мақсаты мен міндеттерінің мәнін ашыңыз.

70Балалар мен жасөспірімдерідің физикалық дамуын гигиеналық бағалау әдістеріне талдау жүргізіңіз

71Денсаулық анықтамасына, денсаулық топтарына түсініктеме беріңіз

72Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі, дене тәрбиесінің топтарын белгілеңіз.

73Еңбек гигиенасы, міндеттері. Кәсіптік аурулардың алдын алудағы шараларды ұйымдастыру және жүргізу бойынша санитарлық дәрігердің қолданатын тәсілдері мен амалдарын негіздеңіз Еңбек гигиенасы , кәсіби гигиена — еңбектің және айналадағы өндірістік ортаның адам организміне тигізетін әсерін зерттейтін, еңбек етуге қолайлы жағдай туғызу, кәсіби ауруларға жол бермеу шараларын қарастыратын гигиена саласы. Еңбек гигиенасының негізгі бағыты: еңбекті қорғау мәселелерін Қазақстанда шаруашылық және кәсіподақ органдары медицина мекемелерімен бірлесе отырып, еңбек туралы заңға сәйкес комплексті түрде шешу. Өнеркәсіп орындарында жұмысшылардың денсаулығын медициналық санитариялық бөлімдер, сауықтыру пункттері, фельдшерлік-акушерлік пункттер қадағалап отырады. Сонымен еңбек гигиенасының негізгі міндеті – адам организміне әсер ететін қолайсыз еңбек жағдайларына сапа мен сан мөлшерінде баға беру, соның негізінде нақтылы алдын алу шараларын өңдеу. Еңбек сипаты немесе кәсіптік зияндылықтар – бұл жұмыс қабілеттілігінің төмендеуіне, жедел және созылмалы аурулар мен улануларға алып келетін, еңбек қабілеттілігін уақытша жоғалту ауруларының өсуі және басқа да жағымсыз әсерлер, соның ішінде тұқым қуалау құрылымына, организмнің қартаю процесіне әкелетін еңбекті ұйымдастырудағы қолайсыз факторлар.Кәсіптік зияндылықтарды зерттеу тек гигиенистер ғана емес, сонымен қатар емдеу-дәрігерлері үшін де маңызы зор. Науқасты оқшау емес, оның жеке бас ерекшеліктерін ескеріп, еңбек және тұрмыс жағдайымен тығыз байланыстырып қарастыру қажет. Сондықтан кез келген профильдегі дәрігер жұмыс тәртібін, демалысты, емді дұрыс орналастыру үшін, сауықтыру ұсыныстарын құрастыру үшін өндірістің гигиеналық жағдайын білуі тиіс.

74.Өндірістік шаң туралы түсінік. Шығу тегі бойынша, түзілу әдісі бойынша, дисперстік құрамы бойынша өндірістік шаңның жіктелуіне анықтама беріңіз Өндірістік шаңдар – әртекті формада, өлшемде қатты заттардың бөлшектерінен тұратын өнеркәсіптік жұмыстар нәтижесінде түзілетін дисперсті жүйе. Олардың физика-химиялық қасиеттері де әр түрлі болады. Минералды шаңдардың ұсақ бөлшектері жұмысшылар дем алатын ауада таразылау түрінде болады. Өндірістік шаңдардан қорғанудың эффективті әдісі: фильтрмен шаңды ауадан тазартатын ығыстыру желдеткіш; шаңсорғыш; тұнған шаңды ұстау және су әкету жүйесінде оны жуу; бұзылған тау массивтерін ылғалдау, шаңданған орынды суландыру; суландыру арқылы ауадан шаңды тұндыру; шаңданған қондырғыны гермитизациялау, шаңданған материалды ылғалдау, пневмотранспортты қолдану.

75Өндірістік зиянды фактор шуға анықтама беріңіз. Ағзаға шудың әсері. «Шу ауруының» спецификалық және спецификалық емес әсерінің арасындағы өзара байланысты табыңыз. Шудың физикалық-гигиеналық сипаты. Шу өндістік ортаның зиянды факторы ретінде физикалық жағынан шу уақыты ретсіз өзгеретін, әртүрлі амплитудалармен жиіліктері бар ортаның апериодикалық бөлшектердің тербелістерден құралатын күрделі дыбыстық құбылыс. Сондықтан музыкалық дыбыстарға қарағанда олардың жеке тондардың арасында дұрыс сандық байланыс жоқ. Шудың әсерінен болатын өзгерістерді негіздеуегі басты критерилерге: патологиялық процесстік біртіндеп дамуы, көптеген жағдайлардағы есту сезімталдығының өзгеруімен ОНЖ мен ірқаар басқа да мүшелердегі белгілі корреляциялардың болуы, шу әсері жағдайындағы жұмыс кезеңінде аурудың басталуы, нақтылы кәсіптік топтар мен жалпы жұмысшылар арасында ұқсас жағдайлардың болуы жатады.

76..Жергілікті және жалпы өндірістік дірілге түсініктеме беріңіз, гигиеналық маңызына сипаттама беріңіз Жергілікті діріл - механикалық қол құрал-саймандары арқылы (шойбалғалар, шегелейтін, шабатын балғалар, пневматикалық және электрлік перфораторлар, тегістейтін, бұрғылайтын машиналары, электро- және бензоаралар), машиналар мен қондырғылардың қолмен басқаратын органдары арқылы немесе өңделетін бөлшектерден адамға берілетін діріл; Жалпы діріл көптеген мүшелер мен жүйелерге әсер етеді, себебі ол бүкіл денеге беріледі. Жалпы діріл тудыратын діріл ауруына, жергілікті дірілдің әсері кезіндегі сияқты, басынан діріл әсер еткен жерде ғана шектелуі тән емес. Орталық және шеткі жүйке жүйелерінде, жүрек-тамыр, эндокриндік, ас қорыту жүйелерінде, тірек-қимыл аппаратында және басқаларында бұзылыстар байқалады.

77.Дірілді өлшеудің қазіргі заманғы аспаптары. Жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз. Дірілдік параметрлерді өлшеудің екі түрлі әдістік топтары бар: контактілік (зерттеліп жатқан объекті мен датчиктің механикалық байланысын туындатушы) және контактілік емес ( механикалық байланыс объектісімен байланыссыз).Контактілік әдістер. Вибрацияны өлшеудің ең қарапайым әдістерінің бірі пъезоэлектрлік датчик көмегі арқылы. Бұл вибрацияның үлкен амплитудаларының қатынасына және төменгі жиілікті диапазонда жоғары дәлдікпен өлшеуге мүмкіндік береді. Алайда өзінің жоғары инертілігінен сигналдың формасын қажап, аз амплитуданың және жоғары жиіліктің вибрациясының өлшенуін икемсіз етеді. Одан басқа егер зерттеліп отырған объектінің массасы кезекті, ал оның инерттілігі аз боласа, онда мұндай датчик дірілдің сипаттамасына айтарлықтай әсер етеді, сәйкесінше өлшеудің қателігі айқын көрінеді. Вибрацияны өлшеудің контактілік емес әдісінің барлығы объектіні дыбыстық және электромагниттік толқындармен зондылау негізінде жасалады.Соңғы өндірістің бірі — ультрадыбысты фазометрия әдісі. Ал мәні  зерттеліп отырған объектінің айнадағы әлпетінің ультрадыбысты жиілігінің тірек сигналы арқылы фаза айырмасының ағымдағы мәнін табу. Сезімтал элементтер ретінде пъезоэлектрлі керамика пайдаланылады.

78.Жеке бас гигиенасы оқыту мақсаты мен міндеттерін негіздеңіз Гигиеналық тәрбие және оқыту - денсаулық мәдениетін тәрбиелеу стратегиясы. Халықтың әртүрлі топтары үшін жүргізіледі және адамдардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға ынталандыруға бағытталған. Әр түрлі көздер арқылы әсер ету және педагогикалық әдістер қолданылады. Әрбір азамат мүмкіндігінше көп адамдарға әсер етуге тырысады. Яғни, ақпарат пен насихат барлық жерде оны қоршап, кез келген жолмен жүруі керек. Әсер ету көзі тұтастай алғанда қоғам. Бірақ өмірлік циклдің түрлі кезеңдерінде және пайда болған жағдайларға байланысты гигиеналық оқыту түрлі әлеуметтік институттар мен мамандандырылған мекемелердің жауапкершілігіне түседі.

79.Жеке бас гигиенасының адам өміріндегі мәнін ашыңыз Жеке бас гигиенасы дегеніміз – ол күнделікті денсаулықты сақтап, оны нығайтуға бағытталған шаралары. Бұл – тән күтімі, ауыз қуысын, тісті тазалау, ыңғайлы аяқ-киім кию, үй ішінде тазалық сақтау.Күнделікті тері гигиенасы үшін қолданылатын шаралар: теріні тазалықта ұстау үшін денені, басты сабындап жуу жүйелі дағдыға айналуы қажет. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал жиірек кір алатын бет, қол, мойын қосымша күтімді қажет етеді Белгілі бір тәртіп бойынша тіс ысқышпен тіс тазарту.Күніне тіс екі рет тазартылып тұрса, ысқышты орта есеппен алғанда төрт айда бір рет, ал талшықтары синтетикалық болса, 6-8 айда 1 рет ауыстырып отыру керек. Құрғақ шаш – шаштың аз дымқылдығы және май бездерінің майды аз шығаруына байланысты. Олар өте нәзік және сынғыш келеді. Орташа майлы шаш – майысқақ және жылтыр келеді, сирек сынады. Шашты уақытымен жуып тұру және бекіту шаштың майлылығы мен дымқылдығын сақтауға көмектеседі. Майлы шаш – шаш тез тері майымен майланады, ол жұмсақ және күңгірт болады. Майлы шашты жиі жуып тұру қажет. Шашты түріне және кірлеуіне байланысты аптасына 1 - 2 рет жуып тұру қажет.Аяқты аптасына кемінде бір рет, әсіресе жазда, күнде жуып тұру қажет. Аяқ терлейтін болса, түнге қарай терден құтылу үшін суық сумен аяқты жуып, табанды, бармақ арасын аптасына екі рет 5% формалин ерітіндісі сіңген мақтамен сүрту керек. Қол, қолтық асты және дененің басқа бір бөліктері терлесе, дезодарант қолдану ұсынылады, арнайы ұнтақшалар себіледі.

80.Тері гигиенасының адам өміріндегі ерекшелігіне сипаттама беріңіз Тері көптеген қызмет атқарады. Оның бірі - қорғаныш қызметі. Зақымдалмаған тері белгілі бір дәрежеде ағзаны көптеген химиялық ластаушы заттардан, микроағзалардан, ыстық пен суықтан, ультракүлгін сәулелердің радиациясынан және басқа да физикалық факторлардан, механикалық зақымдалулардан қорғайды. Қорғаныш функциясының іске асуы барысында, эпителийдің табақшалы құрылымының, суда ерімейтін және ферменттердің әсеріне тұрақты сыртқы мүйізді қабаттың, тер және май бездерінен бөлінетін заттар мен терінің рН ортасы маңызды рөл атқарады. Терінің, қолтық асты, маңдай, мұрын-ерін тері қабаты және мойыннан басқа, көп бөліктерінде, бөлінген тердің реакциясы өте қышқыл болып, оның бактерияларға қарсы әсерін қамтамасыз етеді. Май бездерінен бөлінетін тері майы да, бактерицидтік қасиетке ие болып, қорғаныш қызмет атқарады. Терінің жоғары иілгіш қасиеті және серпінді тері астылық май қабатының болуы түрлі механикалық әсерлерді төмендетеді.

81Әртүрлі аурулардың алдын алу жөнінегі ауыз қуысы гигиенасының маңызына сипаттама беріп, оны гигиенлық тұрғыдан бағалаңыз. Адамныңауыз қуысы жеке гигиенасының негізгі мақсаты, тіс пен ауыздың шырышты қабығын жұмсақ қақтарынан және ас қалдықтарынан тазарту жолмен, сол сияқты, ауыз қуысын үнемі таза ұстау арқылы, стоматологиялық аурулардың және ағзаның ішкі мүшелерінің әр түрлі ауруларының дамуын және күшеюін алдын алу болып табылады. Жеке адамның ауыз қуысының гигиенасы ауыз қуысының тиісті иммунологиялық статусын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, соған байланысты, мүшелер мен жүйелердің жедел және созылмалы ауруларын, сондай-ақ, кариесті және парадонттағы қабыну үрдістерді тудыратын, әр түрлі микроағзалардың ауыз қуысы арқылы ағзаға түсуіне қарсы тұратын қуатты барьер туындайды. Қорғаныш қызметі сілекей мен ауыз қуысы сұйықтығының тиісті құрамының, қасиеттері мен қызметтерінің сақталып тұру есебінен жүзеге асырылады; бұл олардың құрамында микробтарға қарсы әсер ететін заттардың - лизоцим, лактоферрин, ферменттер және иммуноглобулиндердің болуына байланысты. Ауыз қуысындағы қолайсыз гигиеналық жағдайлар патогенді микрофлораның қарқынды дамуына қолайлы орта болып табылады. Қышқылдың артық түзілуі ортаның рН деңгейінің қышқыл жаққа ауытқуына әкеледі, нәтижесінде, тістердің қатты тіндерінің минералсыздану үрдістері күшейеді, тіс тасының түзілуі мен таралуы белсенді жүреді, бұл урдістерге пародонттың микробтық ластануы, тіс пен қызыл иектің арасында қалталардың түзілуі, грануляциялардың өсуі, қабыну үрдістерінің пайда болуы, қызыл иектің қанағыштығы, тіс аралығындағы және тіс түбірлері аралығындағы қалқалардың бұзылуы тән.

82Киім және аяқ киім гигиенасының адам өмірі үшін маңызы.Гигиенаның мақсаты мен мәндеттері. Киім әр түрлі қызметтерді атқарады. Ол адамды сыртқы ортаның қолайсыз факторларынан қорғайды, қолайлы жылылық жағдай қамтамасыз етеді, теріні ластанудан, механикалық зақымдалудан қорғайды. Пайдаланылуына қарай киімнің бірнеше түрлері болады: тұрмыстық, кәсіптік, спорт, балалар, әскери, ауруханалық киімдер. Киімдердің әрбір түріне өзіндік гигиеналық талаптар қойылады. Киімнің алмастырылмайтын бір бөлігі - аяқ киім болып табылады, ол, суық пен жылу, ылғал, механикалық әсерлерден, ластанудан, жәндіктер мен жануарлардың шағуынан қорғайды. Аяқ киімнің көп түрлілігіне қарамастан, оның қасиеттері мен параметрлері төмендегідей гигиеналық талаптарға сай болуы қажет:1. ауа райы мен жұмыс жағдайларына сәйкес, аяқ киім ішіндегі қолайлы ауа алмасу мен температуралық-ылғалдылық режимді қамтамасыз етуі керек;2. аяқ ұшының анатомо-физиологиялық және жасының ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек;3. аяқ ұшы мен бақайларын қыспауы керек, қозғалысты шектеп, аяқтың қан айналымын бұзбауы керек;4. адамға қолайсыз әсер ететін зиянды химиялық заттар бөлінетін көзі болмауы керек5. жұмсақ, жеңіл, ыңғайлы, жеңіл тазартылатын болуы керек;

83Ақуыздың негізгі бөлігін не құрайды, ақуызға анықтама берАкуыз молекуласынын негізгі бөлігі және курамы болып амин кышкылдары саналады.Акуыздар ауыстыруга болмайтын тагамдык заттар катарына жатады.Олар агзанын өсуіне, өмір суруіне, жетілуіне әсерін тигізеді. Акуыздар агзада жасушалар мен улпалардын, гармондар мен ферменттердін тузілуіне катысады, курылыс (пластикалык) материалы ретінде, зат алмасу процесінін дурыс журуне, әсіресе витаминдер мен минералды заттардын алмасуына, туздардын алмасу реакциясында ете кажетті зат болып табылады жане ол процестердің дурыс журуіне әсерін тигізеді.Акуыздар ағзада энергетикалық тепе-тендіктің қалыпты болуына жағдай жасайды

84Ағзаға 1г ақуыздан бөлінетін энергия мөлшерін ата 1 г акуыз толығымен кышкылданган кезде 16,7 кДж немесе 4 ккал энергия бөліп шыгарады,

85.Йод жетіспеушілігінен қандай ауру туындайды Эндемиялық зоб

86.Ақуыздың адам өміріндегі маңыздылығын сипатта Ақуыз — денедегі әртүрлі ұлпалардың түзелуін және олардың қалпына келуін қадағалайтын қажетті қоректік заттар. Ағза оларды жануардан немесе өсімдіктен алады.

87.Судағы фтордың шектеулі рұқсат етілген мөлшері қандай Судың құрамындағы фтордың мөлшері нормада 1,2-1,5 мгл

88.Үйлесімді тамақтанғанда ақуыздың, майдың, көмірсудың арақатынасын түсіндірТамак курамындағы акуыздын, майдын және көмірсулардын ара катынасы 1 : 1,2 : 4,6 деп берілген. Мысалы, тагам улесінде 90 г акуыз,108 г май, 450 г комірсу болса, онда олардын ара катынасы 1 : 1,2 : 5 болады.Уйлесімді тамактануда тамактык заттардын энергиялык кундылығы:акуыз 11-14%,май-33%, көмірсу 53-56% болуы кажет.

89.Тұрғын бөлменің нормадағы температурасы қандай Біздін климаттык жагдайда тұргын бөлменін температурасы нормада 18 - 20°С болу керек

90.Парта қатарларының бір-бірінен арақашық нормасы неше болу керек Бастауыш сыныптарда парталарды 3 қатар орналастырады. Әр қатарда 6-7 партадан болады. Жоғарғы сыныптарда көбінесе 2 қатардан қояды. Шеткі парталар мен қабырға аралығы 50-65 см, қатар аралығы 70-75 см, алдыңғы парталар мен тақта аралығы 2,4-3 м, соңғы парталар мен тақта аралығы 8 м. Терезеден ең алыс орналасқан парта 6 м қашықтан аспауы керек. Әр сыныпта кемінде 3 топтағы парталар немесе оқушылар үстелі болу керек, ал 3-7-сыныптар үшін көпшілік жағдайда 4 топтағы парталар қажет болады. Кішірек парталар алға қойылады да, биіктері соңғы қатарларға орналастырылады.

91Алдынғы парта мен тақтаның арақашықтығын түсіндіріп, сипатта Алдыңғы парталар мен тақта аралығы 2,4-3 м, соңғы парталар мен тақта аралығы 8 м.

92.Жасанды жарыққа қойылатын гигиеналық талаптарЖасанды жарық - негізгі бөлмелердің жасанды жарықтандырылуына санитарлық бақылау жүргізген кезде “жарықтандыруды өлшеу хаттамасы” толтырылады, сонымен қатар оның сандық және сапалық жақтары да сипатталады. Ол үшін бөлменің жасанды жарықтандырылуы табиғи жарық спектріне жақын ба, біркелкілігі қандай, жарқырауы көзге қолайсыз емес пе сияқты сұрақтар анықталады. Бұл сұрақтарды анықтау үшін жасанды жарық көздерін (люминисцентті шам, қыздырғыш шам), жарықтандыру жүйесін (жалпы, аралас), шырақтардың типтерін (түзу шағылысу, таралуы), олардың іліну биіктігі, орналасу тәртібі, шамдардың электрлік қуаты (жалпы Вт, меншікті үлесі-Вт/м2) анықталады.

93Табиғи жарықтануға қойылатын гигиеналық талаптар екемелерінде табиғи жарық көптеген нормалық көрсеткіштермен сипатталады. Олардың ішіндегі ең негізгілері: ғимараттың учаскесінің дұрыс орналасуы, негізгі бөлмелердің бағыты, табиғи жарық коэффициентінің, жарық коэффициентінің, тереңдік коэффициентінің жеткіліктілігі. Негізгі бөлмелердің табиғи жарықтануына қойылатын талаптар: жеткіліктілігі, біркелкілігі, жұмыс орнының жарқырамауы, көлеңке түспеуі, бөлменің ысымауы.

94.Гигиеналық тұрғыдан жылыландырудың тиімді түрі қандай Жылыландыру дегеніміз даладағы температураның өзгерісіне қарамастан бөлмені біркелкі температурамен қамтамасыз ету.Бөлмеде біркелкі температура болу белгілі бір жағдайлармен анықталады;жылыландыру жүйесі,отынның сапасы,жылыландырудың жергілікті және реттілігі. Бөлме температурасы нормада қысқы уақытта 18-29 С градус аралығында болу керек.бөлмеде тәулік бойы температураның ауытқуы болмау керек. Мұндай жайлы жағдайды тек орталықтандырылған жылуландыру жүйесі ғана қамтамасыз ете алады,сондықтан тұрғын үйдің орталықтандырылған жылыландыру жүйесімен қамтамасыз етілгені дұрыс.

95.Шаршау, шаршаудың алдын алу әдістері Шаршау адамда ауыр жумыс, кушті көп жумсайтын жумыс жане узак жумыс жасау кезінде пайда болады. Ол уакытша жумыс кабілетінінтөмендеуімен жане шаршау сезімімен сипатталадыШаршау кезінде адам озін нашар сезінеді,жумыска деген кызыгушылык пен көніл бөлу нашарлайды, кимыл уйлесілімділігі бузылады, журегі кагады, тынысы тарылады, жумыс жасап жаткан булшык еттер ауырлык сезінеді. Шаршау - курделі физиологиялык процесс, жогары жуйке жуйесінен басталып, агзанын барлык жуйесіне таралады. Адам демалганнан кейін шаршау кайтып, адамның жумыс кабілеті калпына келеді. Адамнын шаршау кезінде пайда болатын субьективті сезімі, ол адамнын дем алу кажеттігіне берілетін белгі.Енбек режимінін жуйелілігі сакталмаган жагдайда жане адам озінің шаршаганына кеніл аудармаган кезде агзада шаршау - зорыгута етеді.

96.Зорығу салдарын түсіндір Зорығу – ми қабығының біркелкі жүйелі жұмыс істеу қабілетінің бұзылуынан болатын әлсіздік.Мұны кейде қажу, болдыру деп те атайды. Зорығу кезінде адамның басы ауырады, орынсыз ашушаңдық, асқа тәбет шаппау, ұйқының бұзылуы, енжарлық, т.б. жағымсыз сезімдер меңдеп алады. Зорығу – ақыл-ой жұмысының нәтижелілігін төмендетеді, оқу-жазуға ынта болмай, адам естігенін ұмытып қала береді. Мұндай хәл адамның өзінің айналасындағы ортамен тіл табыса алмауынан, ренжіп, қайғырып, қиналуынан да туындауы мүмкін. Шамадан тыс ретсіз көп оқу, ұйқы режимін бұзу, дем алу тәртібін сақтамау, жүйесіз жұмыс істеу, т.б. зорығуға әкеліп соқтырады. Сондықтан жұмыс ырғағын бұзбау, оның қарқынын біртіндеп өсіру, іс-әрекеттің жүйелі және жоспарлы болуын қамтамасыз ету, еңбек пен демалыстың дұрыс алмасып отыруын қадағалау қажет.

97.Антропометриялық әдіс дегеніміз не, оны қалай анықтайды Антропометрия (грек. antropos – адам, metreo – өлшеу) – адамның негізгі физикалық көрсеткіштерін өлшеу арқылы, физикалық дамуын бағалау. Антропометриялық көрсеткіштерге бойы, дене салмағы, кеуде қуысының өлшемі және басқалары жатады. Жалпы физикалық даму көрсеткіштері ағзаның функционалды жағдайын көрсетеді және денсаулық жағдайы мен жұмыс қабілеттілігін бағалауда маңызы бар.Өлшеуді тексеруден өткен өлшеуіш құралдармен өлшейді: таразы, бой өлшегіш, сантиметрлік лента. Барлық өлшеуді күннің бірінші жартысында, аш қарынға, физиологиялық қажеттіліктерден кейін жүргізілгені дұрыс. Өлшенетін адам жеңіл тоқыма киімде болуы керек

98.Балабақша тазалығына қойылатын гигиеналық талаптар"Мектепке дейінгі ұйымдардың құрылымына, оларды пайдалану барысында қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық ережелер және нормалар (бұдан әрі - санитарлық ережелер) мектеп жасына дейінгі балалар ұйымдарындағы орналастыру жағдайына, жер учаскесіне, ғимаратқа, үй-жайларды жабдықтауға, тамақтандыруды ұйымдастыруға, ауа арқылы жылыту режиміне, табиғи және жасанды жарықтандыруға, су және канализация жүйесімен қамтуға, медициналық қызмет көрсету және тазалық тәртібіне үйретуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардан тұрады

99.Балабақшадағы ойын, асхана, ұйықтайтын бөлмесінің микроклиматын сипаттама.

100.Жабық бөлменің нормадағы салыстырмалы ылғалдылығын сипаттаСалыстырмалы ылғалдылығы 20% аспайтын, құрғақ ауа да адам ағзасына қолайсыз әсер етеді. Бұндай ауа мұрын-жұтқыншақтың кілегейлі қабығын құрғатады, жоғарғы тыныс жолдарының қабыну ауруларының дамуына әкеледі және бронх демікпесімен, жүрек қан-тамыр ауруларымен ауыратын науқастардың жағдайын нашарлатуы мүмкін. Бірақ, құрғақ ауа кейбір ауруларда, мысалы, бүйрек аурулары кезінде, курорттық ем түрінде қолданылады. Тері арқылы булануды күшейтіп, ол зәрдің бөлінуін төмендетеді және қабыну үрдісінің азайуына мүмкіндік береді.


написать администратору сайта