Сауықтыру лагерінің ашылу-жабылу салтанаттары. Сауытыру алаыны ашылу салтанаты
Скачать 34.77 Kb.
|
Сауықтыру алаңының ашылу салтанаты. Горн ойналады,барабан соғылады. Дене шынықтыру пәні жетекшісі: Лагерь!Түзулен!Тік тұр! Топ жетекшілері,рапорт беруге әзірлен! «Жас өркен»сауықтыру алаңының аға тәлімгері,демалушылар 1-маусымның ашылу салтанатына тұрғызылды. Рапорт беруші дене шынықтыру пәні жетекшісі Увалиев Елдос *Аға тәлімгер: Рапорт қабылданды. *Топ жетекшілері: Біздің топ: «----------------------» Біздің ұран: «-----------------------------» Біздің ән: «----------------------------------» *Топ жетекшілері:Аға тәлімгер, «Жас өркен» сауықтыру алаңының «Жас қыран»тобы лагерьдің ашылу салтанатына әзір.Рапорт беруші:--------------- *Аға тәлімгер:Рапорт қабылданды!Еркін тұр! Аға тәлімгер лагерь бастығына рапорт береді. *Лагерь бастығы :Рапорт қабылданды. «Жас өркен»сауықтыру алаңының 1-маусымын ашық деп жариялаймын. Лагерьдің әні орындалады,Туы көтеріледі. 1-ж:Жаз жайнатып,күн күлдіріп, Лагерь жырын айтамыз. Қуанышпен,самал желмен, Желбірей бер,жалауым! 2-ж: Ал енді,балалар,жайлары жазда бізге ертегілер елінен келген қонақтар сендердің өнерлеріңді мен білімдеріңді көрсек дейді.Аянып қалмаңыздар! Біліміміз бен тапқырлығымызды танытып, «Алтын сандық»ойынына кезек берейік! 1-ж:Көз тартар күміс сандықта, Жасырылған сұрақтар. Ертегілерің оқыған Сендерге терең ой тастар! Ортаға топ командирлерін шақырамыз! (Олар ортаға шығып,сандықтан сұрақтар суырады) 1. «Менде асыл тасты жүзік те,сәнді киім де,қымбат тастармен әшекейленген белдік те жоқ.Тек еңбексүйгіш екі қолым,қайрат-жігерге толы жүрегім бар» 2. «Алдаған деген осы болады,қош бол!» 3. «Мен шөлдеп тұрмын.Су әкелсең,жапырақ беремін» 2-ж: Әр топтың командирлері ортаға келсін! Тамаша,күміс сандықтың сырын аштыңдар. Енді алтын сандықты байқап көрелік! (алтын сандықтан сұрақтар суырады) 1.Қазақстан Республикасының Мемлкеттік Гимні туралы толық мағлұмат бер 2. Қазақстан Республикасының Мемлкеттік Елтаңбасына сипаттама бер 3.Қазақстан Республикасының Мемлкеттік Туы жайында айтып бер Жеңімпаз алтын қақпаға келеді.Конвертке салынған сұраққа жауап береді. Алтын қақпа сұрағы: Зайсан ауданының брендін ата! (сұрақты шешіп,кілтпен есікті ашады) 2-ж: Күміс сандық та,алтын сандық та,алтын қақпа да ашылды.Білімді де зерделі балалар екенсіңдер.Біз осы ауысымда тек қана өнерімізбен,саналы тәрбиемізбен көзге түсеміз деген ойдамын.Солай ма,балалар? Ендеше келесі бөлімде өнерімізді ортаға салайық! 1-ж: Әсем әуен жүректерге жетеді, Сазыменен баурап көңіл серпеді. Құдіретіңе таң қаламын сазды әуен, Сеніменен келер көңіл көктемі. -----------------------------------------------орындауындағы әнді қабыл алыңыздар! 2-ж: Би билеймін дөңгелеп әсем айдай, Қос қанатын көбелек бір қаққандай. Қане,қосыл,отырма,құрбы-құрдас, Биле,биле достарым отырма жай! ------------------------------------------------орындауындағы биді тамашалаңыздар! 3-ж: Күй ойнайды қазағымның қанында, Күй ойнайды қазағымның жанында. Ортамызға «-----------------------»күйімен -----------------------шақырайық! 4-ж: «Жас өркен»сауықтыру лагерінің дем алушылары,әр күндеріңіз қуанышқа, қызыққа толы болсын. Көңілдеріңіз көтеріңкі болып, жақсы тынығуларыңызға тілектеспіз! Ашылу салтанаты кешке танымдық би кешімен жалғасады. Сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты Жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді ұстаздар, бүлдіршін балалар, ата- аналар! «Жас өркен» сауықтыру лагерінің ашылу салтанатына қош келдіңіздер! Қазақстан Тәуелсіз ел екенбіз, Жоғалмасын ешқашан берекеміз. Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз, Құтты болсын, бүлдіршін мерекеңіз! Аға тәлімгер:Лагерь! Сап түзе! Тік тұр! «Жас өркен» сауықтыру лагерінің ашылу салтанатына орай лагерь Туы енгізілсін! (Лагерьдің Әнұраны орындалады.) Топ басшылары хабарлама беруге дайындалсын! 1 «Балдаурен» тобы 2. «Арай» тобы 3. «Бала би»тобы ( топтың аты, ұраны, әні таныстырылады.) Рапорт беріледі. Аға тәлімгер, «Жас өркен» сауықтыру лагерінің ашылу салтанатына «Балдаурен» тобы дайын. Рапорт беруші —————————— Аға тәлімгер: Лагерь, сап түзе! Тік тұр! Жүргізуші:Арманы бір, үні бір, Аға ардақты, іні бір. Бақыт туын көтерген, Балалардың күні бұл. Бала бағы бар елдің, Гүлмен келсін келер күн. Балалардың күлкісі- Көркі,сәні әлемнің. Жүргізуші: «Жас өркен» сауықтыру лагерін ашу рәсімі мектеп директоры Жиенгельдинов Айтбек Ережепұлына беріледі. Жүргізуші:Бүгін қызық,бүгін той, Біздер үшін біліп қой Дөңгеленсін би билеп, Жалғастырсын ойды ой. Би: Өзбек биі. Орындайтын «Шуақ» тобы Жүргізуші: Мереке бүгін, береке бүгін, Қуанып, шалқып тасыған. От боп жүр жастар, Шоқ боп жүр жастар Көңіл жоқ шешек атпаған, – дей келе,Томиристің орындауындағы «Балдаурен» әнін қабыл алыңыздар! Жүргізуші:Қымбатты «Жас өркен» лагерінде демалушы бүлдіршіндер! Сендерді лагерьдің қызметкерлерімен таныстыруға рұқсат етіңдер! Жүргізуші: «Жас өркенге» асығыңдар, келіңдер. Тәрбиеші апайларды көріңдер. Жүргізуші: Сендердің тәрбиеші ұстаздардың: Назерке мен Шынар- Тәлімгердің серігі. Алмагүл мен Айнұр- «Жас өркеннің» көркі. Жүргізуші: Іш ауырса, тіс ауырса, Емдеп дәрі беретін. Ақ халатты Айгүл- Медбике апай ол біздің. Жүргізуші: Спорт- көркі өмірдің, Спорт- досың серігің. Жаттықсаң шымыр боласың, Шынығып,өсіп,толарсың. Үнемі бізге айтатын, Елдос ағай ол біздің. Жүргізуші: «Жастар биі» Жүргізуші: Ұстаз- ана ән айтып, би билеткен, Ұстаз -ана, бар білімге үйреткен., Ұстаздарды екінші ана деп біліңдер, Әркез сені жақсылыққа сүйреген,- дегендей ұстаздарға қошемет көрсетіп қояйық. Жүргізуші: Салтанаттың орындауындағы «Достарым» әнін қабыл алыңыздар. Жүргізуші: Ұлылардан ұлағат ап жаңаша, Байқауларға ой қосамыз таласа. Талабы зор балаларды танытып, Таныстырған «Жас өркен» ол тамаша. Жүргізуші: Біз бақытты баламыз, Оттай лаулап жанамыз. «Жас өркеннің» төрінде, Шырқап әнге саламыз. Жүргізуші: «Бақытты балалық шақ» әні. Жүргізуші: Аспан тұрса күлімдеп, Айын биік орнатып Ақса бұлақ гүрілдеп, Балаларға сол бақыт! Жүргізуші: «Жас өркен» сауықтыру лагерінің ашылу салтанатына келгендеріңізге көп- көп рахмет, көк аспанда байрағымыз желбіреп, амандықта кездескенше сау болыңыздар! «Жас өркен» сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты 1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне және де «Жас өркен» атты мектепішілік жазғы демалыс лагерінің ашылуына арналған концерттік бағдарлама Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіріп айтуға үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу. Жүргізуші: Баршамызды бал тілмен баурайтын, Бала деген бір бақыт қой самғайтын. Ата-ананың арманы мен тілегін, Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын. Сүйкімділер, періште, сендерсіңдер, Қандай бейне өздеріңе тең келсін! Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да, Ең алдымен балалықты меңгерсін. Ия, рас, бала болған бәрі де, Салған олар балалықтың әнін де. Бала кезін еске алып отырсақ, Сол емес пе тіршіліктің мәні де!-дей келе, «Жас өркен» сауықтыру лагерінің ашылуына арналған салтанатты жиынымызды тамашалауға қош келдіңіздер! 1-маусым 1950 жылдан бастап – Халықаралық балаларды қорғау күні болып атап өтіліп келеді. Бізде бүгін екі мереке, балалар күнімен қатар келген лагердің ашылу салтанаты құтты болсын! Құттықтау сөзі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Дуанканова Гулнар Мәукенқызына беріледі. Жүргізуші: 3 сыныптардың орындауындағы әдеби монтажға кезек берсек. «Әрқашан күн сөнбесін» әні шырқалады, балалар «Күн шуақтарымен» шығады. 1 шуақ: Келді міне тағы жаз, Күн шуағымен жылытады. Жылуын төгіп бізге, Бәрімізді қуантады. (қыздар лагерь эмблемасының бірінші дөңгелегін алып шығады: «Қуаныш») 2 шуақ: Жазғы лагерьді ашамыз, Баршаңызды шақырамыз! Күлеміз,ойнаймыз,ән шырқаймыз, Спортпенен шұғылданамыз! (эмблемалық екінші дөңгелегі «Спорт») 3 шуақ: Бақыт үшін не керек? Әрине,достық қажет! (эмблеманың үшінші дөңгелегі «Достық») 4 шуақ: Мәселеде қиналма, Досыңа тез көмек бер. Енді,міне,бері қара, Өзара көмекті ұмытпа! ( эмблеманың төртінші дөңгелегі «Өзара көмек») 5 шуақ: Лагерден шығып қалмау үшін тәртіпті сақта! (эмблеманың бесінші дөңгелегі «Тәртіп») Жүргізуші: Шаттан, күн, балақай! Қуанатын күн бүгін! Қайырлы таң!Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін! Жүргізуші: Ал енді,балалар, ойымызды сергітіп,жұмбақтар шешеміз. Тапқырлық танытқан балаға сыйымыз бар. Арасынан гүлдердің, Ұшып жүрген гүл көрдім. Қырға біткен гүлдердің Шырын, сөлін жиып жүр.(көбелек) Тәттісін әкеп қыр-белдің, Ұясына құйып жүр. Қалтасына баласын, Салып алып қашады. Секірсе, таң қаласың, Алты қырдан асады.(кенгуру) Суда жүзу, мұзда жүру- Оған қиын іс емес. Ол не болды сондағы Балық емес, құс емес.(кеме) Екі көзі шарадай, Түнде жарық шашады. Қараңғыда қапысыз Тышқандарды көреді. (жарғанат) Тақияға шанышқан Жапырлаған көп ине, Ұстайын деп асықсам, Кілең көзі жоқ ине.(жұлдыз) Үсті тас, асты тас, Екі тастың арасы Төрт аяқ пен жалғыз бас.( тасбақа) Саз балшықтай көл дейтін Жер түртуді жөн дейтін Қорсылдаған бір хайуан Он-он бестен төлдейтін. (доңыз) Мұхиттарда жүзетін Бір керемет бар тағы: Арқасынан тыз етіп, Атқылайды фонтаны. (Кит) Жүргізуші: Ақылды балапан бүгінгі, Көркейтер күніңді ертеңгі. Үйренген өнерін көрсетсін, Бүлдіршін балалар белсенді. Жүргізуші: 1 -сыныптардың орындауындағы «Қошақаным қайда екен?» әнін қабыл алыңыздар. Жүргізуші: Көкжиектен күлімдеп, Маусымның ақ таңы атты. Тұра қойшы күнім – деп Анаң сені оятты . «Ақ мамам» орындайтын Анар мен Камила Жүргізуші: Ақтарып сап күйсандықты, Ән шырқаймыз көңілді. Ортада әнші ұлымыз, Нұрсұлтанды қошеметтеп отырыңыз. «Әке-ана» әні. Жүргізуші Барлық елдің бөбегі, Бір-бірімен туысқан. Бәрімізге төгеді, Өз шуағын күміс таң. Бейбітшілік әніміз, Бауырласпыз бәріміз. Қазақстан жерінде Жарасады әніміз, – демекші Арна мен Томиристің орындауында «Ақ көгершін» әні. Жүргізуші: Ал, балалар тұрмайық, әндетейік жырлайық, Келесі кезекті «Әнші балапан» әніне береміз. Жүргізуші: Мерекелік жиынымызды ойындармен жалғастырамыз. «Жас өркен» сауықтыру лагерінің жабылу салтанаты Рапорт беру. (Әр топ лагерь командиріне рапорт береді) Лагерь командирі лагерь бастығына рапорт береді. Лагерь бастығы ашық деп жариялайды. Лагерьдің Әнұраны орындалады. Жүргізуші: Білім –теңіз, мектепті –кеме дейміз, Ертеңіне елімнің елендейміз. Ата-ана, ұстаздар, қонақтарға, «Жас өркен» лагерінен сәлем дейміз. Жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі «Жас өркен» сауықтыру лагерінің жабылу салтанатына жиналған ұстаздар, ата-аналар, қонақтар мен балдырғандар. Бүгін, міне бойларыңа қуат, көңілдеріңе шабыт сыйлаған, туған жеріміздің сұлулығы, әсемдігін таныта түскен, Отанымыз - Қазақстанға деген патриоттық сезімімізді еселеген сауықтыру лагерінің жабылу салтанаты. Осы салтанатты мерекемен құттықтау үшін Жиенгельдинов Айтбек Ережепұлына сөз береміз. Жүргізуші: Келесі сөз кезегін ата-аналар атынан «Достық» тобының балдырғаны Томиристің анасына береміз. Жүргізуші: Жайнатқан жанымызды, Ұстаздар мен ата-ана жаны ізгі... Келтірген сәнімізді, Арнайық әнімізді, - деп әсем әнді сіздерге арнаймыз. Қабыл алыңыздар. Жүргізуші: Жақсыны кімде болса көрмек дейді, Халқына бар өнерін бермек дейді. Өнерлі өрге жүзіп әрқашанда, Өмірін әсемдікпен өрнектейді ,– дегендей сауықтыру лагерінде сурет, мүсін, ән үйірмесі сендерге өнердің қыр-сырын үйретті. Оған қатысқан әр оқушы өз талаптарын шыңдай түскені анық. Ендеше үйірмеге жетекшілік еткен Ажыбаева Шынар Шаймарданқызына сөз берейік. (Марапаттау сәті) Жүргізуші: Өнер өрге жеткізер, Өнер болса қолыңда. Өнерлінің ырысы – Жарқырап жатар жолында ,– деп әсем әнге кезек берейік. Жүргізуші:Әуелгі байлық – денсаулық, Екінші байлық – он саулық. Үшінші байлық – ақ жаулық –деген ұлағатты сөз бар. Бар байлықтан көш ілгері тұратын – денсаулықты нығайта түсу үшін Бапаева Құралайдың ұйымдастыруымен өткен сауықтыру шаралары, көңілді эстафеталар өтті. Сол сайыстарды қорытындылап,жеңімпаздарды марапаттау үшін Құралай апайға сөз берейік. Жүргізуші:Мың бұралған бишіміз аңдап басып, Келеді,міне,ортаға толқып тасып. Өнерліні сыйлаған халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алады, – деп Төлегенова Айғанымның биін қабыл алыңыздар. Жүргізуші: Көтеріңкі көңілді, Бар балаға сыйлаған. Тәрбиеші, қабыл ал, Марапатты сізге арнаған. Сауықтыру алаңындағы әр баланың уақытын қызықты өткізуге бар күш-жігерін аямай еңбек еткен тәрбиешілерді марапаттау үшін Бастаубаева Дәмеш Маметолдақызын шақырамыз. (лагерь бастығы номинация бойынша марапаттайды) «Ең талапты бүлдіршіндер тобы» - «Жас ұлан» тобы «Ең ұйымшыл балдырғандар тобы» - «Алтын қазық» тобы «Ең белсенді қырандар тобы» - «Ақ бота» тобы Жүргізуші: Келесі орындалар ән сіздерге арналады, құрметті тәрбиешілер, аспазшылар, қабыл алыңыздар. Жүргізуші: Отан дейміз от жаққан жерімізді, Отан дейміз өсірген елімізді. Отан дейміз туған жер, атамекен, Биік тау, орман-тоғай, елімізді. Біздің Отанымызда бейбітшілік, елімізде тыныштық болып, егемендігіміз ұзағынан болсын. Қазақстанның болашағы - сендерсіңдер! Жүргізуші: Желбіреген байрағың бүгін күнде, Биіктерің,мәртебең,елдігің де. Таныта бер Қазақ атын бар әлемге, Керегеңнің кеңдігін, теңдігін де. Аталар салған сара жолды жалғастырар бүгінгі жас өрендер ертеңгі күні ел сенімін ақтар азамат болыңдар деген тілекпен салтанатты жиынымызды аяқтаймыз. Лагерь бастығы жабық деп жариялайды. Сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты Ұйымдастыру Сапқа тұрғызу Әр топтың рапорты Лагерь туын енгізу Лагерь Әнұраны орындалады Құттықтау сөз 1.Мектеп директоры Жиенгельдинов Айтбек Ережепұлы 2. Лагерь бастығы Шакенова Гүлназ Сапиолдақызы 1-бөлім Жүргізуші: Құрметті,балдырған балалар!Міне,жадыраған жасыл желек жаз келіп, көңіліміз көтеріліп,кеудеміз қуанышқа толып шаттанып жатырмыз. Бүгін «Жас өркен» сауықтыру лагері өз жұмысын бастады.Сауықтыру алаңының негізгі мақсаты:салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты сақтау, нығайту. Сондықтан,балалар,сендер осы сауықтыру алаңында алаңсыз демалып, күліп-ойнаңдар. Биыл лагерьде төрт топ бар. Әр топтың тәрбиешілері бар. Солармен таныстырып өтейін. (Тәрбиешілер музыка әуенімен билеп шығады) 1 -топ «Балауса» Копбаева Назерке, Амантаева Маржан 2- топ «Балапан» Қуанышева Шынар, Бапаева Құралай 3 -топ «Жас ұлан» Құдабаева Алмагүл, Алтыбаева Айжан 4 -топ «Бала би» Қыстаубаева Айнұр, Байғожина Салтанат Жүргізуші: Спорттық ойында күш берер бойыңа, Спорт та ем болар,жаттықсаң ем қонар. Алаңға кір, лас баланы қуалап қол жуғыш шығады. Бала: Не керек саған? Аулақ жүр! Қол жуғыш: Кір қоймас ертелеп күнде сен жуынсаң, Кетіп кір, ласың,тап-таза боп шығасың.Жуын-жуын!!! Бала: Кет, жуынбаймын, ұйықтаймын, әбден шаршадым. (көрпесі қашады, шалбары қашады) Бала: Ой, балалар, бұл неге қашады? Неге айтыңдаршы? Не істеуім керек? Балалар жауаптарын айтады. Бала: А, солай ма? Кірқоймаспен дос болуым керек пе? (Кірқоймасты шақырады, екеуі достасады) Кірқоймас оны жуындырып, тазалап: Кір-кір болып жүр едің, Аппақ болдың,балақай. Енді екеуіміз білеміз, Дос боламыз алақай!- деп құшақтайды. Бала: Су пайдалы адамға, Шынығамын күнде мен. Балақайлар, бәрің де, Дос болыңдар суменен! Жүргізуші: Бектұрова Дананың орындауындағы әнді қабыл алыңдар, балақайлар! 2 -бөлім Түлкі мен Базилио мысық алақ-жұлақ қағып шығады. -Байқа ешкім көріп қоймады ма? Тықсаңшы, көрсетпе. -Ой, балалар, сәлеметсіңдер ме? Неткен әдемісіңдер! -Біз де сендердің араларыңа тұрайықшы. -Жүр-жүр, тез тығылайық. Буратино шығады:Ұят болды. Енді қайттім. Сеніп тапсырып еді. «Жас өркен» сауықтыру лагерін ашатын кілтті. Не істесем екен? Балалардан ұят-ай, тосып қалды-ау. Мальвина,ой, мынау кім жылап тұрған? -Балалар, сендер білесіңдер ме? Балалар хормен (Бу-ра-ти-но 3-рет) -Буратино, саған не болды? Бізге айт, біз саған көмек береміз. Буратино: жолда түлкі мен мысық алдап, сауықтыру лагерінің кілтін ұрлап алды. Не істеймін? Мальвина: жылама, Буратино. Балалар,сендер кілт ұстаған түлкі мен мысықты көрдіңдер ме? Кәне,көрсетіңдер? Екеуі қуалап ұстай алмайды. Түлкі мен мысық өздері әкеліп береді. Осы кезде бір бала түлкіден кілт жұлып алып, Буратиноға әкеп береді. -Ой рахмет,балалар. Ал енді ашамыз ба? (1,2,3) -Ішіне кірейік пе? -Иәәә! 3 - бөлім 1-жүргізуші: Жарқын жаздай баламыз, Күлеміз күндей жайдары. Лагерь, біз саған барамыз, Құшағыңды жай, қане. 2-жүргізуші:«Жас өркен» сауықтыру лагерінің ашылу салтанатына арналған мерекелік концертімізге хош келдіңіздер! Қанаттарың талмасын, Қатарынан қалмасын. Ұшыра бер биікке, «Жас өркен»,сен алдасың! Таңжарықтың орындауындағы әсем әнге құлақ түрелік. 1-жүргізуші:Балақай-ау,жаз келді, Шақырады тойға елді. Бізбенен қол ұстасып, Кел, бірге жүр, билейік. Надираның әсем биін қабыл алыңыздар. 2-жүргізуші:Бейбітшілік өмірдің Туы қолда толқыған. Жадыраған көңілдің Күйі керней ағылған. Балғынның орындауында «Ақ көгершін» әні 1-жүргізуші:Сау болсын десең, он екі мүшең, Ерте тұр, Құлақ түр, Тыңда сыр, Күн нұрын күт. Таза ауа жұт, Бойыңа құт. 2-жүргізуші:Аспанымдай мөлдірмін, Жайлауымдай жазықпын. Өзенімдей өршілмін, Гүлдерімдей нәзікпін. Салтанаттың орындауындағы «Бөбегім» әні. Қабыл алыңыздар! 2-жүргізуші:Денсаулығың бірінші, Сол жадыңда жүрсінші. Екіншісі еркіндік, Құсымыз самғап желпіндік. |