саясаттану дифф сынак. Саясаттану пні бойынша дифф сына Саясат ылымыны пайда болуы жне алыптасуы
Скачать 106.46 Kb.
|
Саясаттану пәні бойынша дифф сынақ 1.Саясат ғылымының пайда болуы және қалыптасуы. Ең алғаш саясат ғылымын зерттеу сонау ежелгі дәуірден басталған. Ал тоериялық жағынан зерттеу бірінші мың жылдықтың орта кезінен басталған. Осы уақытта саяси ұғымдар пайда болған. Олар философиялық нысанда болған. Бұл Конфуций, Платон, Аристотель еңбектерімен байланысты. Олардың ойынша «саяси ғылым халықты әдемі де жақсы өмір сүруге үйретеді», — деп түсіндірген. Саясаттану сөзі (политология) гректің «политика» және «логос» деген сөздерінен шыққан, яғни «саясат туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдің ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән – мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни – мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретімен пайда болған жалпы әлемдік ғарыштық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарады. Мысалы: Мысырда (Египетте), Вавилонда (Иракта), Үндістанда, Қытайда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, дүниенің билік көзі құдайда және ол жердегі өмірді реттеп, тындырып отырды. Біздің заманымыздан бұрынғы мыңжылдықтың ортасында саясатты діни – мифологиялық танудың орнына философиялық – этикалық түсіну белең алды. Бұл уақыттың ойшылдары – Платон, Конфуций, Аристотель. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат – мүддесіне сай келуі, адамгершілікке негізделуі тиіс деп ұқты.Орта ғасырда саясаттың діни – этикалық түрі қалыптасты. Оның негізін салушы – Фома Аквинский. Ол саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары құдайдың қалауына қарсы шықса,халықтың оларды құлатуына болады деген байлам жасады. Ал саясатты қазіргідей түсінуге үлкен үлес қосқан ХVI ғасырда өмір сүрген Италияның ойшылы Никколо Макиавелли. Ол саясатты құдайшылық (теологиялық) түсіндіруден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдейді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті алды және оны қалай қолға түсірудің, пайдаланудың сан түрлі әдіс – тәсілдерін көрсетті. Осы негізде саясаттануды біздің қазіргідей түсінуімізге жол ашты. Капитализм уақытында саясаттану теорияларын Дж. Локк, Ш.Л. Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т. Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант, Гегель сынды көрнекті ғалымдар негіздеді. 2. Саясаттану пәні,ұғымдары,әдіс-тәсілдері мен қызметтері Саясаттануды пәні жөнінде алыс , жақын шетелдік болсын, біздің елдің ғылымдарының арасында болсын біріңғай, жалпы жұрт танып, мойындаған анықтама, тоқтам жоқ. Оның ауқымды мен мазмұны, қарастырылатын мәселелер шеңбері, жеке ғылыми пән ретінде ерекшелендіретін белгісі, өлшемі не болуы керек деген сауалдар төңірегінде бірталай көзқарастар бар. Кейбір ғалымдар оған қоғамда билікті жүргізетін немесе оған әсер ететін мемлекет, партиялар және басқа саяси институттар туралы ғылым ретінде қарайды. Әлбетте, саясаттанудың бұл мәселелермен айналысатынында дау жоқ, қарсы қоюшылықпен келісуге болмайды. Себебі, теория мен практиканы бөліп қарау адамзат тарихында талай рет тығырыққа тірелткен. Әрине, аталған тәсіл сайлаудың дауыс беру нәтижесін, оған жұмсалған қаражатты, қай практиканың жақтаушылары көп не аз болғанын және т.с.с. сан жағынан нақтылы есептеп шығуға мүмкіндік береді. Бірақ «еркіндік», «теңдік». «әділеттілік», «егемендік», «демократия» және т.б. сияқты маңызды категорияларды сандық мөлшерде есептеп шығаруға келмейді. Саясаттануды зерттейтін ғылымдардың көпшілігі бұл ғылымды саясат туралы жалпы, оның барлық ғылым деп санайды. Бұл пікірді Бірікке Ұлттар Ұйымының басшылығымен 1948 жылы Парижда өткен саясаттанушылардың Халықаралық коллоквиумы да мақұлдады. Оған қатысқан дүние жүзінің белгілі ғалымдары саясаттану пәні мына бөлімдерден тұрғанын жөн деп тапты: 1) саяси теориялар; 2) саяси институттар басқару; көпшілік әкімшілігі, саяси институттарды салыстырып зерттеу; 3) партиялар мен қоғамдық ұйымдар; 4) қоғамдық пікір 5) халықаралық саясат. Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, , басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзатты демократиялық қоғамдық құқығы, еркіндігі мен міндеттері жеке адамның саяси саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы көзқарастар, жаңаша саяси ойланудың мәні, қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштер туралы түсінік береді. Ол бұрыңғы және қазіргі саяси жүйелерді адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат- мүддесін деп және мінез құлық, іс- әрекеттеріндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстарды өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды. Саясаттану саяси құбылыстармен өзгерістердің мән- мағынасын түсініп білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевористік нормативтік және т.б. әдістер жатады. ■Салыстырмалы әдіс әртүрлі елдердегі саясат құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылық пен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі.Бұл әдістің әсіресе қазіргі Қазақстан Республикасында алатын орны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ. ■ Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орынын, қызметін айналадағы орта мен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді. ■ Социологиялық әдіс саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет жән т.б. жағдайына байланысты анықтайды. ■ Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйікті, заманына қарай, бұрыңғы, қазіргі және болашақтың айналасын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала тынып- білуді талап етеді. ■ Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп-білуге болады дейді. ■Нормативтік әдіс қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді. Ғылымның басқа салаларындағы сияқты саясаттанудың да өзіндік ұғымдары бар. Оған саяси құбылыстар мен процестердің мәнін білдіретін ғылыми терминдер, сөз тіркестері жатады. Мысалы: «саясат», «саяси билік», саяси жүйе», «саяси тәртіп», «саяси партия», «саяси мәдениет», «саяси әлеуметтану», «саяси өмір», «саяси қатынастар», қоғамдық ұйымдар», «мемлекет», «демократия», егемендік», құқықтық мемлекет», «азаматтық қоғам», «ішкі саясат», «сыртқы саясат» және т.б. Қоғамды бұдан басқа да ғылымдар зерттейтін болғандықтан, жоғарыда көрсетілген ұғымдары басқа қоғамтану пәндері де пайдалануы мүмкін. Бірақ олар бұл категорияда өз пәнін сәйкес қолданады. 3.Саясаттанудың негізгі парадигмалары Саясаттануда парадигма деп – саяси өмірді бейнелеуде білімді ұйымдастырудың сынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. «Парадигма» ұғымын 20 жж. ғылыми айналымға енгізген американ философы және қоғам тарихын зерттушісі Томас Кун.Ол сондай-ақ, белгілі ғылыми дәстүр шеңберінде кейбір зерттеушілік практика шеше алатындай жеткілікті мөлшерден шеттелмеген проблемалар да болуы тиіс.Саясаттанудағы негізгі парадигмалар ●Теологиялық парадигма (тео - құдай, логос - ілім) саясатты, билікті құдайдың құдыретімен түсіндіреді, яғни адамға саясат әлемін, саяси қатынастарды түсіндіретін діни пайымдарды Құдай берген деп қабылданады. Теологиялық парадигманың дамуының бастапқы кезеңінде мифология көрнекті орын алды, өйткені мифтер көптеген халықтардың өмірінде әртүрлі дәрежеде өз заманының саяси проблемаларының көрінісі ретінде қызмет етті. Бұл парадигма саясаттану ғылымының алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болды. ●Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда , географиялық ортамен, биологиялық және психофизиологиялық ерекшеліктерімен түсіндіреді. Натуралистік парадигма мемлекет пен биліктің шығу тегінің табиғилығын, олардың пайда болуы мен қызмет етуінің табиғи қажеттілігін негізге алады. ● Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Қоғамдық өмірдің тұтастай түсінігінен шыға отырып, әлеуметтік парадигма қоғамдық дамуды ішкі қарама қайшылыққа толы үдеріс ретінде қарастырады. Әлеуметтік парадигма топтар мен тап күресі идеологиясының концептуалдытұғыры болып табылады.(гр. παράδειγμα ● Тиімді (рационалды) сыни парадигма саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен , қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Ол екіге бөлінеді: • қақтығыстық парадигма (конфликт), ХЫХ ғ. пайда болған. Негізін Маркс, Бентли, Зиммель, Козер және т.б. қалады. Олар саяси өмірде дау жанжал, шиеленістер шешуші роль атқарады дейді. • мәмілеге келу парадигмасы (консенсус). Өкілдері: М.Вебер, Дьюи, Э. Дюркгейм, Т. Парсонстар жатады. Олар саяси өмірдегі дау жанжал, қайшылықтарды жоққа шығармайды. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі екінші орынға қояды. 4.Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы.(тарих, философия, құқық негіздері, психология, мәдениеттану, саяси экономия т.б.) Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты дамиды. Себебі олардың бәрінін зерттеу объектісі ортақ- қоғамдық өмір. Олар бірталай ұғымдары да пайдаланады. Бірақ та әрбір қоғамтану ғылымның өзіндік мәні бар. Сондағы ерекшелігін, алатын орнын анықтап алған ләзім. Саясаттану ең алдымен фәлсафамен тығыз байланысты. Фәлсафа- табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ заңдылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті сабептерін, тухани және т.с.с. ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа да пәндер сияқты саясаттану жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыда дәлелдейді, саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Бірақ ол мәселелерді, құбылыстарды өмірдің жекелеген жақтарын қарастырғанда өзінің өресі тарлығын байқатады. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы заңдылықтарын нақтылайды, айқындайды, саяси танымды тереңдетеді, саяси көзқарасты қалыптастырады. Сайып келгенде, саясаттану өмірдің жалпы жақтарын қарастырғанда фәлсафа тұжырымына сүйенеді, ал саясаттың нақтылы жақтарына келгенде фәлсафа саясаттануға жүгінеді. Саясаттану экономиклық теориямен өзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерді экономилық тұрғыдан дәледей отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принциптерін ғылыми түрде негіздейді. Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс- тұрысын зерттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, құқықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін қалыптастырады. Құқық К.Маркс заңға айналдырылған экономикалық үстем таптың еркі деп атаған. Саясаттану құқықтануға жалпы теория, оның теориялық- әдістемелік негізгі іспеттес. Саяси өкімет жүйесінсіз әлеуметтік, оның ішінде құқықтық ережелер мен қатынастар жалпыға міндетті сипат алып орындалмайды. Сонымен қатар құқықтық тұрғыда қалыптаспай саяси өкімет те әдеттегі қызметін атқара алмайды. Саясаттану жақын ғылымдардың бірі- әлеуметтану. Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын прцесс ретінде қарайды. Ал әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға етер әсерін зерттейді. Оның айналысатын мәселелері адамды және қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады және саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Сайып келгенде, саясаттанудың негізгі назары саясатта болса, әлеуметтанудың назары саясатты жасашы адам болады. Олардың арасындағы байланыс әсіресе саясаттануды сандық әдіс- тәселдерді пайдалануға байланысты күшейте түседі. Тарих болса жүйелі, дәйікті түрде оқиғаның болған уақытына байланысты саяси институттар мен идеялардың даму туралы деректерді жинап, суреттейді. 5. Ежелгі дәуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері (Конфуций, Платон, Аристотель, Цицерон). Ежелгі Грецияның саяси ілімдер тарихында өте бай материалдар жинақталған. Антикалық дәуір ойшылдары қоғамдық өмірді, оның саяси құрылысын талдап, саяси сананы мифтен теорияға ауыстырады.Ежелгі грек ойшылдарының көрнекті өкілінің бірі-Платон б.з.д.427-347 жылдары өмір сүрді. Ол саяси ойларын “Саясат”,“Мемлекет”,”Заңдар” атты еңбектерінде қарастырған.Мемлекет пен заңдарға деген мұқтаждықты Платон адамдардың өздерінің қызығушылықтарын қанағаттандыруға, қоғамдық идеалға жақындатуға деген талпынуларымен түсіндірді.Платон пікір бойынша мемлекеттік құрылыстың “дұрыс” және “бұрыс” формалары кездеседі.Мемлекеттің дұрыс формасы-- тимократия /байлықты иеленуге талпынушылардың үстемдігі/, олигархия /азғана бай жауыздардың, қылмысқа жақындардың үстемдігі/,демократия /көпшілік билігі/, тирания /бір адам билігі/.Платон мемлекттің дұрыс және бұрыс формаларына ізгілікті мемлеектті қарсықояды .Оның пікірі бойынша ізгілікті мемлеект мынадай белгілерге ие болуы тиіс;1)қорғау құралдарымен; 2) қоғам мүшелерін қажетті материалдармен жүйелі түрде жабдықтап тұру; 3) рухани және шығармашылық қызметтің жоғарғы деңгейде дамуына жағдай жасау.Ол мемлеекттегі касталық құрылысты дәріптейді.Қоғамдағы адамдарды философ,билеушілер,сақшылар,тікелей өндірушілер деп бөледі.Әрбір сословие өзінің қабілеті келетін іспен айналысуы керек деп санаған. Платон саяси ілімінде тоталитарлы бағыт анық сезіледі.Аристотель б.з.д .384-322 ж.ж. Саяси ілімі “Саясат”, “Афиналық полития”, “Этика” “Риторика” деген еңбектерінде жинақталған. Ол саясақа кең мағына бере отырып,мемлекет- табиғи дамудың өнімі және пайда болуы жағынан отбасы мен қауымдастыққа ұқсас деп санаған. Бірақ мемлекет қарым-қатынастың жоғарғы формасы. Мемлеектке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол да мемлекетті “дұрыс” және “бұрыс” формаларға бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократия мен политияны жатқызады.Ал тирания, олигархия мен демократия мемлекеттің бұрыс түрі деп санады. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер, халық, ел пайдасын ойлайды,билік қоғамға қызмет етеді.Ал бұрыс түрінде олар өздерінің бас пайдаларын ойлайтын көрінеді. Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі, әкім қаншалықты жақсы болғанымен сезімге, ашу -ызаға берілмей қоймайды,ал заң болса байсалдылығын, парасаттылығын жоймайды. Сонымен ежелгі грек ойшылдары мемлекеттік құрылыстың әртүрлі формаларын мемлеект ісіне азаматтардың қатысуын талдап ғана қойған жоқ.Сонымен бірге, олардың идеялары саяси ілімнің әрі қарай дамуына жағдай жасады. 6.Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси идеялар (Августин, Аквинский, Макиавелли) Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше . Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік католиктік шіркеудің , папалықтың жəне ақсүйек феодалдардын арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін қиян - кескі күрес болып тұрды . Үкімет басында дін иелері ме əлде ақсүйектер болуы керекпе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мəселелерінің бірі болды .Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді , ал оған мұндай абырой , беделді берген құдай . Сондықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады . Бұған ақсүйектер көнгісі келмей , билікті өз қолдарында ұстағысы келді .Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин ( 354-430 ) еді . Ол христиан фəлсафасының негізгі қағи даларын зерттеп , жетілдірді . Оның саяси көзқарастары “ Құдай қаласы туралы " деген еңбегінде баяндалған .Августин барлық əлеуметтік , мемлекеттік жəне құқықтық мекемелер мен зандарды адамның күнəсінің нəтижесі деп сана ды . Оның ойынша , құдай адамға еріктің еркіндігін береді , яғни ол өз бетімен немесе құдай жолымен өмір сүру ге мүмкіндігі бар . Соған орай ол адамдарды құдай жолымен жəне адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді . Бұл топтарды рəміз ретінде екi қала деп атайды . Біріншісін , болашақта құдай мен мəңгілік патшалық құратын , екіншісін , жын - шайтандармен бірге мəңгілік жапа шегіп , сазайын тартатын адамдардың екі қоғамы деп түсіндірдіХристиан дінінің саяси теориясын жасап , шыңына жеткізген монах Фома Аквинский ( 1225—1274 ) болды . Оның саяси көзқарастары “ Билеушілердің басқаруы туралы ” , “ Теологияның жиынтығы ” деген еңбектерінде қаралды. Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқараста рын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді . Атап айтқан да , ол Аристотельдің адам қоғамдық жəне саяси тірі жəндік де ген пікірін пайдаланды . Жалғыз адам өз мұқтаждығын , қажеттілігін жеке - дара қанағаттандыра алмайды . Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне əуел бастан жазылған деп түсіндірді . Мемлекеттік биліктің мақсаты – “ ортақ игілікке ” жету , адамдарға лайықты , ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау . Ол үшін феодалдық - сословиелік жіктелудің сақталуы шарт . Жоғарғы сословиеrе бəрі бағынуы тиіс . Фоманың ойынша , билік құдайдың құдіретімен орнайды . Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы ке рек , оның түсіндіруінше , аспанда құдай , жерде Рим папасы билеуі тиіс . Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды . Ислам саяси билік дін басыларының қолында болуын көздеді . Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға , оның өкіліне жəне билік иесіне бағынуы тиіс .Қайта өрлеу дəуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси Ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли ( 1469—1527 ) болды . Оның атақты шығармалары “ Патша ” , “ Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар ” , “ Флоренцияның тарихы ” .Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды . Шындықтың белгісі сенім емес , тəжірибе деп білді . Ол мемлекет деген атау ды ғылымға , əдебиетке бірінші боп кіргізді . Мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым - қатынасы деп ұқты . Ол республикалық мемлекетті , еркіндікті , теңдікті қалады . Мемлекет ерікті болса ғана қуатты , абыройлы бола алады . Патша рақымсыз , сараң , опасыз , қаһар болмай , қайырымды , адал , қамқоршыл , мырза болуға тырысуы керек . Бірақ елдің бірлігі мен қол астындағы адамдардың берілгендігіне келгенде , Макиавелли əділдік пен адамгершілік емес , алға қойған саяси мақсат тұрғысынан қарады . Ол мақсатқа жету үшін амал , айла ның қай түрін болса - да қолдануға кеңес берді . Мемлекеттің басын қосып , жаңарту үшін сөзге түсінбейтін кертартпалармен күресте жауыздық пен күшті пайдалануға болады . Қаталдық өзіңе бағыныштылардың пайдасы үшін бір - ақ рет қолданылуы керек . Бірақ Макиавеллидің бұл ескертпесі көп жағдайда еске алынбай , “ мақсат əдіс , тəсілді ақтайды ” деген қағида кейін макиавеллизм деген атпен тарап кетті . Қайбір жауыз патшалар Макиавелли де қаталдықты қолдаған деп , өздерінің қара ниет терін ақтағылары келеді. |