Главная страница
Навигация по странице:

  • 13. Саяси әлеуметтену: мәні, кезеңдері, үлгілері мен факторлары.

  • 14. Саяси сана және саяси идеология түсінігі, функциялары, формалары мен деңгейлер.

  • 15. Саяси даму және саяси модернизация түсінігі.

  • саясаттану дифф сынак. Саясаттану пні бойынша дифф сына Саясат ылымыны пайда болуы жне алыптасуы


    Скачать 106.46 Kb.
    НазваниеСаясаттану пні бойынша дифф сына Саясат ылымыны пайда болуы жне алыптасуы
    Дата18.04.2022
    Размер106.46 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файласаясаттану дифф сынак.docx
    ТипДокументы
    #482235
    страница5 из 6
    1   2   3   4   5   6

    12.Саяси мәдениеттің түсінігі, мәні, құрылымдық компонеттері мен қызметтері.

    Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.

    Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау де кіреді. Ол субъектілердің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді.

    Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйе мен оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т.б. сайлауды ұйымдастыруын, әр түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды.

    Саяси мәдениеттің танымдық қызметі саяси мәдениетті ұстанушыларды қамтамасыз ететін саяси білімнің барлық жиынтығын қамтиды. Саяси мәдениеттің танымдық қызметі саяси құбылыстардың мәнін түсінуге бейімдей отырып, саяси іс-әрекеттің шеңберін, құқық пен еріктіліктің қолданылу дәрежесін, қоғам өміріндегі саясаттың міндетін, өзге саяси жүйені салыстыру арқылы ұғыну мүмкіндігін туындатады.

    Саяси мәдениеттің социализаторлық қызметі белгілі бір саяси сапаны, дағды тәсілдерін, белгілі бір саяси жүйеге бейімдеп, билік орындарының сол кезеңдегі жүйеге қатысты қызметінде өзінің мүддесін қорғай білуді қалыптастырады. Саяси мәдениеттің социализаторлық қызметі отбасы, мемлекет, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдары, шіркеулер, мектептер, мешіттер, әскер және т.с.с. әлеуметтік институтар арқылы да жүзеге асып отырады.

    Саяси мәдениеттің аксиологиялық қызметі адамдардың күрделі саяси жағдаяттарда қолайлы бағыт алуымен байланысты болады. Саяси мәдениетті меңгерудің көмегімен саяси өмір жағдайында саяси оқиғаларға баға беру және саяси дағдының үлгілерін таңдау жүзеге асады. Мұндайда түрлі тарихи кезеңдерде, адамдардың, алуан түрлі әлеуметтік топтардың саяси баға беруге деген өзіндік көзқарасы болатыны мүмкін болса керек. Мұндай бағыттың ауқымында адамдардың құрмет тұтатын нәрселері мен өздерінің құқы мен міндеттерін жүзеге асыру құралдарын, соған сәйкес бағалай білуге ұмтылысын сипаттайтындай бағдар ұстану қызметін бөліп қарастыруға болады. Мұнда өзіндік жеке тұлғалардың саяси дағдысы үшін қандайда бір баға беру қалыптасатындай өзіндік ұсыныс-пікірге ие болатындай дәрежеде айқындалады.

    Саяси мәдениеттің интегративті қызметі белгілі бір көзқарасты және саяси қарама-қарсылықты реттеуді бағдарға ала отырып, түрлі саяси топтар арасында келісімге қол жеткізу мүмкіншілігін қамтамасыз етіп, жүйенің тұрақтылығына қолдау көрсетіп отырады. Саяси мәдениеттің интегративті саяси қызметі тәжірибелер ортақ болғанда және тарихи тағдырға орай көрініс беріп орнығады. Саяси мәдениет басқарудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

    Саяси мәдениеттің коммуникативті қызметі саяси процестерге қатысушылар арасында байланыс орнатуға мүмкіндік жасайды, сондай-ақ саяси мәдениет элементтерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыра (бере) отырып саяси тәжірибелерді молықтыра түседі. Саяси мәдениеттің нормативті қызметі қабылданған құндылықтар, ережелер, саяси дағды-тәсілдер негізінде саяси іс-әрекеттерді реттеп отырады. Бұлардың басым бөлігі елдердің заңдары мен Конституциясында құқықтық норма болып орнығады.

    Саяси мәдениеттің реттеуші қызметі қоғамдық санаға қажетті саяси құндылықтарды, ұстанымдарды, мақсаттарды, дағдының себептері мен нормаларын қалыптастырып орнықтырады. Мұндай процесте саяси ойлау тәсілі, тұрақты дәстүрлер мен көзқарастар, барынша мәнді саяси идеялогияның қоғам арасында таралуы және т.с.с. ерекше маңызды болады.

    Саяси мәдениеттің тәрбиелік қызметі саяси мәдениеттің табиғатының өзінде болып, оның гуманистік бағытын бейнелейді. Осы қызмет өте күрделі де ізгі өнер. Адамдардың ойлау процесі мен практикалық қызметінде өткен кезеңдегі саяси тәжірибелер мен қазіргі заманғы білімді меңгере отырып, оларды тиімді пайдалануда білгірлігі мен дағдысы қалыптасады, мұндай қасиет өзге адамдармен қарым-қатынас жасағанда үнемі жетіліп отырады. Сонымен қатар мұндайда адам өзін саясаттың толыққанды субъектісі санап, өзін-өзі тәрбиелей отырып, өзгелерді тәрбиелеуге ықпал етеді. Саяси мәдениеттің тәрбиелік маңызы унификациялық және қайта қалыптасу қызметінде байқалады. Мұның біріншісі жалпылама көрініс беріп, белгілі бір мөлшерде біркелкі саяси деңгейде, қалыпты жағдайда саяси өмірге өзгелермен бірдей қатысқанда байқалса, ал, екіншісі шығармашылық кезінде саяси оқиғалардың әлеуеті-күші өзгергенде және олардың бүтіндей орталығы өзгеріске түскенде аңғарылады. Мұнда оның бірінші қырында саяси қызметке қатысушылардың өзін-өзі жетілдіру қажеттігі туындағанда орын алады. Ал, екінші жағынан қарастырғанда өзінің саяси құқын, амбициясын жүзеге асыру жағдайларын жақсарту үшін болатын қайта бейімделу қызметін бағдар етеді.

    Саяси мәдениет қызметтері объективті сипатта болатынын айта кеткен жөн. Олар қоғамдық жүйенің тарихи даму барысында сомдалып, орнығып қалады. Алайда, оның қызметіне өзі және қызметтің барлық жиынтықтары нақты саяси жүйеде өзгеріске түсіп, түрлі тарихи жағдайларға орай қызметтің бір түрі жойылып, екіншісі пайда болады. Мұның бәрі саяси мәдениет қызметін талдауға байланысты теориялық және практикалық мәселелердің күрделі екенін көрсетеді, сондай-ақ қоғам өмірінде саяси мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының маңызы зор екенін білдіреді.
    13. Саяси әлеуметтену: мәні, кезеңдері, үлгілері мен факторлары.
    Саяси әлеуметтену үлгілері -

    1. жүйелік - билікке, құқықтық тәртіпке, дәстүрлі институттарға позитивті қатынасты қалыптастырумен сипатталады. Әлеуметтенудің негізгі агентуралары болып мектеп пен отбасы, сондай-ақ, тұлғаның қоршаған ортасы, оның құрбылары табылады;

    2. гегемониялық -«өзінікінен» басқа кез-келген әлеуметтік және саяси жүйеге дұшпандық көзқарастағы жастарды қалыптастырады. Бұл үлгідегі жетекші агентуралар болып бұқаралық ақпарат құралдары табылады;

    3. плюралистік - азаматтардың өз саяси мүдделері туралы көзқарасын, оларды жүзеге асыруға қатысу тілегін, азаматтық белсенділіктің жоғарғы деңгейін қалыптастыру

    Саяси әлеуметтенудің механизмдері адам мен саяси жүйенің өзара әрекетінің бірнеше дәрежелерінде қалыптасады. Әлеуметтік дәрежеде (тұтасымен қоғам және ірі топтар) жеке адамға жұмыссыздық, зорлық, террор, т.б. макросоциологиялық факторлар әсер етеді. Соғыс қаупі, экологиялық катастрофалар және басқа да жаһандық мәселелер қазіргі уақытта қоғам, ұлт, таптар дәрежесінде әсер ететін саяси әлеуметтенудің дәстүрлі макрофакторларын толықтырады. Әлеуметтік-психологиялық дәрежеде саяси мақсаттар мен құндылықтар жеке адамға ірі және кіші топтар арқылы да жеткізіледі. Бұл дәрежедегі саяси әлеуметтену механизмдерінің ішінен маңыздырақ болып есептелетіндерге еліктеу, сендіру, саяси үйрену және жеке адамның өзін қандай да бір саяси тұтастықпен теңдестіре қарауын жатқызуға болады. Жеке адам дәрежесінде саяси әлеуметтенудің механизмі ретінде оның санасы мен мінез-құлқына басшылық ететін қажеттілік, мотив, құндылық бағыт-бағдарды атап көрсетуге болады.

    14. Саяси сана және саяси идеология түсінігі, функциялары, формалары мен деңгейлер.

    Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.

    Саяси сана деңгейлері - қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады. Қарапайым саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғүрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысына жатады. Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық түрғыдан жинақтап бейнелейді. Сондықтан ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді. Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір-біріне ықпал етеді. Теориялық саяси сана стихиялық түрде туындамайды, оны арнайы дайындығы жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар қалыптастырады.

    Саяси сананың функциялары - саясаттың институтционалдық емес элементі ретінде келесі функцияларды орындайды: когнитивті, яғни, саяси субъектілер функцияларын орындау мен модификациялау үшін қоғамның әрдайым білімді жетілдіру мұқтаждықтарын көрсету; коммуникативтік, яғни, субъектілердің өзара және билік институттарымен саналы өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету; идеялық, яғни, саяси әлемді өзінше түсінуге субъектілердің қызығушылық танытуын түсіндіруі.

    "Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.

    Саяси идеология деңгейлері - қызмет істеу деңгейлері: теориялық-тұжырымдық, бағдарламалық-саяси және өзектілік.

    Теориялық-тұжырымдық деңгейде нақты тап (ұлт, мемлекет) идеалы мен құндылықтарын немесе саяси даму мақсаттарын ашатын негізгі қағидалар қалыптасады.

    Бағдарламалық-саяси деңгейде әлеуметтік-философиялық принциптер мен идеалдар бағдарламаларға, саяси элитаның нақты ұрандары мен талаптарына айналады. Яғни, басқару шешімдерін қабылдаудың нормативтік негіздерін қалыптастырады.

    Өзектілік деңгей идеология мақсаттары мен принциптерінің азаматтармен игерілуін, оларды өз істерін- де қолдану деңгейін сипаттайды.

    Саяси идеология қызметі - қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді:

    1) идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді;

    2) бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, тұлға және билік және т.с.с негізгі түсініктер туралы мағлұматтар беріп, адамның іс- әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді;

    3) жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жұмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады;

    4) амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мұраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады;

    5) бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.

    15. Саяси даму және саяси модернизация түсінігі.

    Саяси даму - саяси жүйенің қоғам мен мемлекетті басқару ісіндегі элита мен қатардағы азаматтардың өздерінің ерекше қызметтерін орындауын сақтап, әрі ол мүмкіндіктерді үлғайта отырып өзгеріп отырған әлеуметтік жағдайға икемделуі. Ал екінші бір дерекке сүйенер болсақ, саяси даму - көп-қырлы процесс, оның барысында әр түрлі саяси күштердің өзара қарым-қатынасы саяси мінез-құлықтағы, саяси мәдениеттегі, қоғам саяси жүйесіндегі өзгерістерге әкеледі. Сонымен, саяси даму бұл - саяси жүйе мен басқару тәртіптерінің эволюциясы, оның белгілері: басқару құрылымының жағдайы, мемлекетпен қарым-қатынаста азаматтардың араласу деңгейі және тағы басқа мәселелердің теориялық түрғыдан шешілуі. Саяси даму мәселесі Ф.Теннис, М.Вебер, Т.Парсонс сияқты зерттеушілер еңбектерінде дамытылған. Саяси даму саяси жүйенің дәстүрлі қоғамнан қазіргі кезеңдегі қоғамға өту процесі ретінде қарастырылды. Дәстүрлі қоғам қарапайым өндіріске негізделген аграрлы, жабық әлеуметтік құрылым мен азаматтардың жеке мәртебесі төмен, мемлекеттік қатаң басқару тән қоғам ретінде сипатталды. Ал қазіргі кезендегі қоғам ашық әлеуметтік құрылым мен билікті ұйымдастыруда тиімді қоғам ретінде түсіндіріледі.

    Қазіргі саясаттану ғылымында саяси құрылым, ережелер мен институттар қаншалықты жаңа әлеуметтік, экономикалық және тағы басқа да мәселелерді шешуге жылдам, әрі икемді қимылдаса, соған байланысты саяси даму қарастырылып жүр.Саяси модернизация теориясы, басқаша айтқанда, саяси даму теориясы саясатты талдаудың дербес бағыты ретінде өткен ғасырдың 50-жылдарында ғана айналысқа енді. Ол дәстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға, жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамды өзгертуге сеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін зерттеді. Әртүрлі қоғамдық бағыттылық пен єлеуіметтік жєне саяси лектегі жүйеге негізделген оқиғаларды қандай да бір концептуалды єдісемелік сызбалар немесе себеп-салдарлық байланыс деңгейінде қарастырып түсіндіру мүмкін емес. Саяси модернизация - аумақты кеңейту және әкімгершілік-саяси шекараны реттеу ұлттық немесе федеративтік мемлекеттердің құрылуы, орталық (заң шығарушы, атқарушы) биліктің күшеюі, сонымен бірге билік бөлінісі; екіншіден, мемлекеттің қоғамның ішкі бірлігін және тұрақтылығын сақтай отырып экономика, саясат және әлеуметтік салалардағы құрылымдық өзгерістерге дайындығы; үшіншіден, саяси үрдіске түрғындардың кеңінен қосылуы; төртіншіден,саяси демократияның орнауы немесе билікті заңдастыру тәсілдерін өзгерту. Саяси модернизация теориялары - ХХ ғ. 50-60 жж. модернизация теориясы қоғамдық-тарихи даму теорияларының бір бағыты ретінде қалыптасты. Бұл теорияның басты белгісі - универсалдық, яғни, қоғам дамуын барлық елдер мен халықтар үшін ортақ заңдылықтары мен кезеңдері бар жалпы (универсалды) процесс ретінде қарастыру. Модернизация теориясындағы либералдық бағыт. Либералдық бағытты зерттеушілер (Р.Даль, Г.Алмонд, Л.Пай) саяси модернизацияның мақсатын үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік және саяси талаптармен жұмыс істей алатын институттардың қалыптасуынан көреді. Билік өкілдері мен тұрғындар арасындағы диалогтың орнауы. Мұндай диалогты ұйымдастыру ашық әлеуметтік және саяси жүйені орнатуды білдіреді. Бұл жағдайда әлеуметтік топтар арасындағы айырмашылық жойылып, әлеуметтік белсенділік өседі, ал саяси салада әкімгершілік және саяси топтар мен институттар арасындағы қарым-қатынас тиімді реттеледі.Либералдық бағыт үшін саяси модернизацияның негізгі белгісі - азаматтардың саяси араласуының деңгейі мен әртүрлі топтардың, саяси жетекшілердің ашық саяси бәсекелесуінің алғышарты. Модернизация теориясындағы консервативтік бағыт. Консервативтік бағыт өкілдері (С.Хантингтон, Дж.Нельсон) модернизацияның негізгі көзі деп саяси өмірге араласатын бұқара халық күресін үнемі өзгертіп отыратын әлеуметтік мақсаттар кепілдігін қамтамасыз ете алатын саяси институттардың беріктігі мен ұйымшылдығын айтты. Қатаң тәртіп қана нарық пен ұлттық бірлікке өтуді қамтамасыз ете алады. Сондықтан да модернизация жоғары орталықтандырылған саяси институттарды талап етеді, яғни, қоғамдық өзгерістер үшін ұйымдық құралдарды институттандыру қажет. Модернизацияның мәні неде? Ол дәстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға, жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамды өзгертуге сеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін жүзеге асыруда. Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігін жариялап, социалистік жүйеден бас тартқан уақытта-ақ саяси модернизацияның жолына түскен болатын. Саяси өмірде жүйелік, сапалық өзгерістер қарқын алды. Дәстүрлі қоғамнан (социалистік) жаңа жағдайларға бейімделу, өту процестері үздіксіз жүргізілді. Мемлекеттік жүйе түбегейлі өзгерді, жеке меншік пайда болды. Өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ете алатын тұрғындардың саны көбейді, нарыққа ерік берілді (либерализация). Шетелдік инвестицияның келуі қоғамның саяси санасына да оңды ықпал етті. Осындай жағдайда жаңа саяси жүйе саналуан мүдделердің басын қосып қана қоймай, жаңа әлеуметтік топтардың талаптарының үддесінен шығып, әлеуметтік жағынан әркелкі қоғамның тұтастығын қатамасыз етуі керек болатын.Сол бір тарихи кезеңдегі қазақстандықтардың самарқаулығы, посткеңестік болмыс пен мінез, сондай-ақ, кеңестік қазақ элитасының өзін-өзі сақтап қалуға талпынған әрекеттері өзгеше қазақстандық жолды таңдауға мәжбүрлеген еді. Саяси реформаларды төменнен емес, жоғарыдан реттеуге тура келді және ол талпыныс сәтті шықты. Қазіргі саяси модернизацияның мәнін тек пәнаралық құралға арналған кірігуші зерттеу бағдарламалары негізінде ірі сараптамалық сызбалар мен жетістіктерді игеруді тарту тұрғысында түсіндіруге болады. Модернизация мәселесінің күрделілігі мен әрқырлылығын ескере отырып, кірігу теориясының модернизацияланған демократияға өтуін және оның консолидацясын құру қажет. Мұндай ұзақ құрылымдық процесс бірнеше күрмеуі күрделі мәселелерді туындатады:

    - модернизация жєне оны жүзеге асыру процессінде негізінен жүгінетін бағыттар, үлгілер жєне басқару принциптері қандай болу керек?

    - модернизация процесі барысында теориялық мєнге мемлекеттіњ қатысу дењгейініњ сєйкестігі қаншалықты жєне либералды нарықтық экономикасы бар плюралистік қоғамдағы өзін өзі басқару мен ұйымдастыру дењгейі бұл процессте 0аншалықты автономды болып отыр?

    Формациялық, өркениетті жєне жахандық сараптама сызбалар негізіндегі бағам көрсетіп отырғандай бұл аталмыш мєселелер тек теориялық тұрғыда анна емес, сонымен қатар саяси жоспарда да күрделілік танытып отыр. Ал бұл жағдай тєжірибеде өтпелі қоғамда демократияландыруда мемлекеттік саясатты белгілі бір импровизацияға ие болуымен сипатталады.

    Әлеуметтік саяси ғылымдарда қабылданданғандай өтпелі қоғамға жағдайлар дєстүрлі қоғамнан қазіргі батыстық қоғамға өтуі мінездейтін модернизация теориясыныњ бастысы болып табылады.

    Модернизация парадигмасы өзіне бірнеше аксиоманы жұптастырады. Біріншіден, басты қоғамның даму зањдылықтары деп күнделікте өмірде болып жатқан өзгерістер жєне єлеуіметтік, саяси, экономикалық қиындықтар жєне мєдени құрылымдар мен оныњ функцияларыныњ қоғамдық рационалды сұраныстар мен пайдалы мүддеге сай функциялануындағы сєйкестігін тану.

    Екіншіден, өтпелі қоғам – ол мынандай жетістіктерге ұмтылатын қоғам:

    - жоғары дењгейдегі индустриализация;

    - жоғары валдық ішкі өнімдер мен энергрияныњ органиқалық емес көзгерін кењінен қолдануда тұрақты экономикалық даму;

    - қоғамдық процесс мақсатында ғылыми-техникалық жетістіктерді қолдану;

    - халықтың жоғары жєне сапалы тұрғыды өмір сүру дењгейін арттыру;

    - өндіріс, ғылым жєне тұтынушы салаларымен байланысты аймақтыњ жоғары мобилді кєсіби – салалық құрылымдарын барынша өркендету;

    - єлеуіметтік стратификация жүйесіндегі орта класқа ерекше көњіл бөлу жєне т.б.

    үшіншіден, модернизация – бұл қоғамдық өмірдегі баолық салаларындағы сєйкес өзгерістердіњ қажеттігін жєне психологиялық бағыттағы түрленудіњ кешенді процесі.

    Төртіншіден, демократиялық модернизацияныњ феномені – жањару механизмінін игеру жєне саяси қызмет технологиясыныњ өзгеруі, сонымен қатар саяси мақсат, доктрина, крнцепция, бағдарлама жєне жобасы болып табылады.
    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта