саясаттану дифф сынак. Саясаттану пні бойынша дифф сына Саясат ылымыны пайда болуы жне алыптасуы
Скачать 106.46 Kb.
|
7. Жаңа замандағы саяси ой (Т.Гоббс, Монтескье, Руссо, Кант т.б.). XVII ғасырда буржуазиялық революция Европа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге қатты соққы беріп, капиталистік қатынастардың дамуына жол ашты. Бұл дəуірдің көрнекті ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588-1679). Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімінің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздік сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға немесе мемлекет ұйымдарына жеке адамдардың құқығы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.Франция буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шраль Луи Монтескье (1689-1775) əр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарын,айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға жəне ауа райына,жер бедеріне, топырағына байланыстырды. Бостандық теориясына сипаттама берді. Заң неге ерік берсе соны істеу керек деген. Саяси бостандық экономиканың дамуына əсер етеді. Ол өзі ұждан бостандығын жақтады. Бостандықты баянды ету мақсатында жəне төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы жəне сот билігі етіп бөлу керек деді. Францияның ойшыл-ағартушысы Жан Жак Руссо (1712-1778) ұсақ буржуазияның, шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті ең жоғарғы игілік деп санады. Еркінділіктің кепілі теңдік, ал теңдік саясатта ғана емес, мүлікте де болуға тиіс. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жол бермей, адамдар арасында теңдікті сақтауы керек. Руссо тікелей халық билігін ұсынды. Руссо жиі халық жиналысын өткізіп, онда үкімет есеп беруін талап етті. Жаңа заманда саяси санада айтарлықтай із қалдырған немістің классикалық философиясының негізін қалаушы Иммануил Кант (1724-1804). Оның саяси пікірлері «Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихының идеялары», «өмірлік бейбітшілікке» деген еңбектерінде баяндалған. Канттың əлеуметтік көзқарасының негізгі қағидалары: адам бір іс істегенде өнегелік, адамгершілік заңын басшылыққа алу керек. Кант мұны «категориялық императив» деп айтты. Оның мəні – əрбір адамның іс – əрекеті басқаға үлгі боларлықтай болуға тиіс. 8.Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер (Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, Қожа Ахмет Йассауи және т.б.) Қазақ халқы рухани мұрағада саяси ой-пікірлергеде бай. Оның ішінде ең шоқтығы биігі ислам фəлсафасының негізін салушылардың бірі - біздің қандас бабамыз ұлы ойшыл Əл-Фараби. Қазақтың бірінші фəлсафашысы, əлеуметтанушысы, математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика жəне тіл маманы, музыка зерттеушісі Əбу Насыр Мухаммед ибн Тархан Əл-Фараби 870-950 жылдары өмір кешті. Ол Арыс өзенінің Сырдарияға құяр жерінде орналасқан Фараб (кейінгі Отырар) қаласында туды. Жасында сонда оқу-тəрбие алып, кейін Бұхара, Александрия,Каир, Дамаск, Бағдат қалаларында тұрып, білімін ұштап, қызмет атқарды. Оны əріптестері көзі тірісінде-ақ «екінші Аристотель» деп атаған болатын. Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазып, артына мол мұра қалдырды. Саясаттануға байланысты «Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолдары», «Саясат туралы» деген еңбектері бар.Ұлы ойшыл «Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» деген саяси трактатында мемлекетті адамдардың өз қажетін бірлесіп қоғамдық жолмен жақсылап қанағаттандыру үшін жасаған ұйымы деп білді. Оның пайда болуына тіршілік үшін күрес айтарлықтай ықпал етеді. Сондықтан адамдарды бір-біріне көмектестіріп, барлық жұрттың жақсы тұрмысына қам жеп,қамқорлық жасаған мемлекет қана өз міндетін атқара алады, Əл-Фараби басқаруды қайырлы жəне қайырсыз етіп екіге бөледі. Қайырлы, білімді, мəдениетті басқару халықты бақытқа бастайды, олардың іс-əрекетін, ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тəжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс əрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тəртіпті өткір сынайды. Ол мінсіз мемлекетті уағыздайды. Қазақ халқы ірі ойшылдарының біріне Қожа Ахмет Йассауи (1093-1157) жатады. Оның басты шығармасы «Диуани Хикмет». Ол еңбегінде əділдікті, имандылықты, шыншылдықты, мейірімділікті жырлайды. «Ғаріп пақыр, жетімдердің көңілін көтер, Қамқоршы бол, жаныңды да пида етер», - деп қара халықтың қамқоршысы болуға, адамгершіліккеьшақырады.«Көңіл бөлмей дүниеге адамдықтан кешіңдер, Халықты сүйген адальқұлдар халайықпен бір болар», - деп адал басшы халқымен бір болып, соның тілегін тілеу керектігін баса айтады.Жүсіп Хасхаджиб Баласағұни (1021—1075) - аты əлемге əйгілі акын,фəлсафашы, қоғам қайраткері болған. Оның өмірбаяны туралы деректер аз.Жүсіп туралы мағлұматтарды біз оның негізгі еңбегі «Кұтадғу білік» («Бақытқа жеткізуші білік», кейбіреулер «Бақыттылық жəйлі ілім» деп те аударып жүр)дастанынан білеміз. Бұл еңбектің ерекшелігі - ол сол кездегі ресми араб тілінде емес, өзінің ана тілі - түрік тілінде жазылғандығы. Ол, біріншіден, араб, парсы тілдерін жете білетін Жүсіптің өз еліне, өз тіліне деген сүйіспеншілігін, ұлтжандылығын білдірсе, екіншіден, сол кезде Орта Азияда билік құрған қарахандықтар əулетіне (династиясына) түсінікті болу үшін жазылса керек.Жүсіп дəуірінде қарахандықтардың жеке өлке билеушілері өзара билікке таласып бастары қосылмады. Сондықтан «Кұтадғу білікте» мемлекетті орталықтандыру, оның бірлігі, мемлекетті басқару мəселелеріне басым көңіл бөлінген. Ол - тек саяси трактат қана емес, онда өмірдің мəн-мағынасына,адамның тағдыры, оның қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың мінез-құлқы, салт-санасы, əдет-ғұрпы жəне т.с.с. туралы көзқарастар жинақталған үлкен шығарма. Ол шындыққа, бақытқа жетудің адамгершілік жолдарын іздейді.Əділет, ақыл, рақымдылықты жырлайды. Өмірде əділ заңды, еркіндікті аңсайды. 9.ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақ даласындағы саяси ой пікірлер (Ш.Уәлиханов) XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында саяси идеология ретінде ағартушылық кең өріс алды. Бұл кезде қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ, саяхатшы, этнограф, Орта Азияның, Қазақстанның, Батыс Қытайдың тарихы мен мəдениетін зерттеуші Шоқан Уəлиханов (1835—1865) өмір сүрді.Ол атақты Абылай ханның шөбересі еді. Шоқан өз өмірінің негізгі мақсаты - халыққа қызмет ету, оның мақсат-мүддесін патша шенеуніктері мен жергілікті байлардың зорлық-зомбылығынан қорғау, қолынан келгенше оның рухани жəне мəдени өркендеуіне ықпал жасау деп білді.Шоқан Азия мен Қазақстан жағдайында халықты аяусыз қанап, соның нəтижесінде билеп-төстеушілердің орынсыз баюына жол ашатын нəрсе —олардын колындағы шексіз билік деп ұқты. Сондықтан халықты қанаудан құтқару үшін бай-манаптардың билігін жою немесе тым болмаса олардың,саяси үстемдігін шектеп, бұқара халықтың демократиялық құқығы мен бостандығын кеңейтпек болды. Жалпы, ол билікті халықтың еркімен шектеуді дұрыс деп санады. Ғалым сол кездегі қазақ еліндегі тəртіпті өзгертпек болып, қоғамдық кұрылысты жаңартудың жолдарын іздеді. Бұл ретте ол революциялық емес,реформалық жолды қалады. Ал реформа жасау үшін халықтың талап-тілегін,ьмақсат-мүддесін, ұлттық мінез-құлқын жете зерттеу керек. Сонда ғана реформа тиімді болады деді. Шоқан қоғамның прогресті түрде алға дамуы материалдық əл-ауқаттығын жетілдіруге байланысты екенін терең түсінді. Сондықтан ол экономикалық, əлеуметтік, саяси реформаларға үлкен мəн берді. «Сот реформасы жайында хат» деген еңбегінде ол: «Біздің заманымызда халыққа етене жақын, ең маңызды, соның мұқтажына тікелей қатысты реформа - экономикалық жəне əлеуметтік реформа. Ал саяси реформалар экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек, өйткені əрбір жеке адам жəне бүкіл адам баласы қауымдасып өзінің түпкі мақсаты материалдық əл-ауқатын жақсартуға тырысады. Прогресс дегеніміз де осыған сай келеді» дейді Ш. Уəлиханов. Шоқан сол кездегі патриархтық-феодалдық қазақ қоғамын екі топқа: бір жағынан, сұлтандар мен билер, байлар мен қожалар болып, қазақ қоғамының мəртебелі тобына, екінші жағынан, «дала пролетариаты» деп атап, кедейлер тобына бөлді. Бұл топтардың мүдделері бір-біріне мүлдем қайшы деп білді.Уəлиханов қазақ жеріне ектемдік пен заңсыздық əкелген патшалық отаршыл үкіметті батыл сынады. Қазақ халқының қараңғылығын пайдаланып «ашықтан-ашық аямай сорады» деп, халқын тонап жатқан патша шенеуніктері туралы ашына жазды. 10.ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақ даласындағы саяси ой пікірлер ( Ы.Алтынсарин). Осы кезде қазақ халқынан шыққан ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин (1841—1889) де өмір сүрді. Ол халықты дүниеге «дұрыс көзқараспен» қарауға тəрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етіп қойды. Тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп-төстеушілердің қысым-қыспағынан құтқара алады деп, барлық күш-жігерін олардың білімін көтеруге арнады. Адамдарды ойындағы бос қиялдардан арылып, дүниенің ақиқатына көздерін ашып, шын мəнінде алға жылжитын, прогрестік жолға түсіруге тырысты. Ыбырай «Қазақ даласыңдағы жұт жөнінде» деген еңбегінде халқының болашағы отырықшылыққа көшу жəне егін шаруашылығымен айналысуда деп атап көрсетті. Бірақ оны өз еркімен, ықтиярымен біртіндеп істеуге тиіс. Сондықтан көшпелі қазақтарды күшпен отырықшылыққа айналдыруға болмайды деп, қарсы шықты. ЬІ. Алтынсарин адамдарды іс-əрекетке ынталандырып, жұмылдыратын негізгі себеп - өмірлік қажеттіктер, атап айтқанда, өмір сүру, білім алу, мəдениетке ұмтылу жəне т.б. қажеттіліктер деп есептеді. Сондықтан да адамдар оларға талпынады. Бұл ұмтылыстан келіп, билеудің ескі түрлерін өзгерту қажеттілігі пайда болады деді. Ыбырай қазақ қыздарын оқытуға ерекше көңіл бөлді. Сондықтан ол 1887 ж. Ырғызда 20 орындық интернат жəне қазақ қыздарына арнайы мектеп ашты. Ұлы ұстаздың қажырлы еңбегінің арқасында XIX ғасырдың 70 - 80 жылдарында қазақ даласында көптеген мектеп ашылды. Ол мектептердің, мақсаты қазақ жастарын жоғары адамгершілік рухында тəрбиелеу деп ұқты. 11.ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақ даласындағы саяси ой пікірлер (А.Құнанбаев). Бұл кезде қазақтың кемеңгер данасы, заңғар ақыны, асқан ағартушысы, жазба əдебиетіміздің негізін салушы Абай Құнанбаев (1845 - 1904) ж.ж. өмір сүрген еді. Абай қазақ даласында барлық жақсылықтың, жаңалыктың жаршысы болды. Ол адамды «ақыл, білім, ерік» жоғары дəрежеге көтеріп, асқақтататындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады. Игілікті, парасатты қоғам орнату Абай еңбектерінің басты бағытының бірі болды. Сондыктан ол барлық, адамдарды өзінді өмірде қалай ұстаудың, игілікке, ақылға сыйымды іс істедім бе деп күніне немесе аптасына, тым болмаса, айына бір рет өз-өзіне есеп беруге шақырды. Абай патша өкіметінің сойылын соғып, байлардың мүддесін қорғайтын қарапайым халықты езуші старшина, би, болыс жəне т.б. атқамінерлер сияқты əлеуметтік топтың қоғам дамуына кедергі келтіріп отырғандығын жақсы түсіне білді. Сондықтан ол ел басқару жүйесіне жаңа заң, ережелер енгізуді армандап, сол жолда жүзден аса бабы бар ереже жасаған. Абай қандай адамның болмасын əлеуметтік жағдайын жақсартып, рухани гүлдендіретін еңбек, соның арқасында ол бүкіл адамзат қоғамына кызмет етеді деп санады. Одан əрі ол: «Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел, Малын болса сыйламай тұра алмас ел», - деп еңбектің қандай түрі болса да пайдалы, одан арлануға болмайтындығын үйретті. Абай еңбекшілердің хал-ахуалын, өмірін жақсарту үішін қоғамның экономикалық негізін өзгерту керек деп түсінді. Сондықтан ол қазақтардың прогресті дамуын егіншілік, қолонер, сауда сияқты экономиканың үш тетігімен тығыз байланыстыра қарады. Данышпан атамыз: «Түбінде баянды еңбек егін салған, жасынан оқу оқып, білім алған», - деп көрегендік ойын түйеді. Ал қолөнері қандай жағдайда болсын адам қолында қалатындығын көрсете келіп, «алдау қоспай адал еңбегін сауған қолөнері - қазақтың əулиесі сол» деп жоғары бағалайды. Ақын өзгерістің негізгі күші ағартушылық деп ұқты, «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ» сияқты кемшіліктерді көрсету арқылы халықты түзетуге тырысты. Ол үшін «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой» деп ақыл берді. Əсіресе, жастарға үлкен үміт артты. Адамның адамгершілік қасиетін арттыруға жұмылдырды. «Бірің қазақ, бірің дос, көрмесең істің бəрі бос», - деп, ұлттық бүтіндік, ішкі татулык, ынтымақтастыққа шақырды. Өз халқымыздың мүддесі үшін күресте достық, татуластық, бірлік керектігіне назар аударды. Сол кездегі тарихи жағдайда өмір сүрген қазақ халқына бұдан əрі бұрынғыша тіршілік етуге болмайтынын ескерте келіп, заман талабына сай еңбек етіп, кəсіпті, сауданы меңгеруге кеңес берген - Абай. Демек, қазақ қауымына əлеуметтік реформаны да, экономикалық реформаны да бірінші ұсынған - ұлы Абай. Яғни, данышпан ақынымыздың айтқан өсиеттері, ақыл- кеңестері осы күнге дейін өз мағынасын жойған жоқ. 12.Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар. Саясаттануда саяси билiк теориясы негiзгi орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты жəне саясаттың, саяси институттар мен барлық саясат əлемiнiң мəнiн түсiнiп-бiлуге мүмкiндiк бередi. Себебi, саясаттың негiзгi мəселесi - билiк, ал мазмұны - билiк үшiн күрес жəне билiктi жүргiзу. Шығыстың көрнектi ойшылы Ибн-Халдун (1332—1406) адамның басқа жан- жануарлардан ерекшелiгi - ол билiк үшiн күреседi деген екен. Ағылшынның ең iрi фəлсафашыларының бiрi, қоғам қайраткерi болған Бертран Рассел (1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негiзгi ұғым билiк болып табылады деп дұрыс айтқан. Ал Американың əйгiлi əлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902-1979) экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билiк те соншалықты орын алады деген.Билiк жөнiңде ғалымдар арасында əр түрлi анықтамалар мен тұжырымдамалар бар. Солардың негiзгiлерiне қысқаша тоқтала кетейiк.1. Теологиялық анықтама билiктi белгiлi бiр мақсатқа, белгiлеген нəтижеге, қорытындыға жету мүмкiндiгi деп түсiндiредi. Мысалы, ағылшын фəлсафашысы Т. Гоббс (1588 - 1679) билiк болашақта игiлiкке жетудiң, құралы жəне өмiрдiң өзi өле-өлгенше билiк үшiн үздiксiз ұмтылыс деп жазды. 2. Бихевиористiк анықтама бойынша билiк деп басқа адамдардың жүрiс-тұрысын, өзiн-өзi ұстауын өзгерту мүмкiндiгiне негiзделген iс-əрекеттiң ерекше түрi. 3. Инстументпалистiк анықтама билiктi белгiлi бiр кұралдарды,амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану, қолдану мүмкiндiгi деп бiледi. Мəселен, Американың белгiлi саясаттанушысы Р. Даль (1915 жылы туған) билiк бiр адамға екiншi адамды өз еркiмен жасамайтын iс- əрекеттi жасауға мəжбүр ету мүмкiндiгiн бередi дейдi. 4. Структуралисті анықтама билiктi басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрi деп ұғады. Олар кейбiр адамдарды туғанынан, табиғатынан əмiршiл, басқарғысы келiп тұратын болады, ал басқалары көнбiс, көнгiш, басқа бiреу өз ырқын билеп, басқарып, жол көрсетiп тұрғанын ұнатады, қалайды дейдi. Солардың арасында, олардың ойынша, билiк қатынастары туады. 5. Конфликтiлiк анықтама билiктi дау-жанжал жағдайында игiлiктi бөлудi реттейтiн мүмкiндiк, шиеленiстi шешудiң құралы деп түсiндiредi. 6. Бiраз ғалымдар билiктi кең мағынасында басқаларға тигiзiлетiн жалпы ықпал ретiнде қарайды. 7. П. Моррис, А. Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы көзқараспен келiспей, билiктi бiреуге немесе бiрдеңеге тигiзетiн жай ғана ықпал, əсер емес, оларды өзгертуге бағытталған iс-əрекет дейдi. 8. Америка саясаттанушылары Г. Лассуэлл мен А. Каплан «Билiк жəне қоғам» деген кiтабында билiктi шешiм қабылдауға қатысу мүмкiндiгi ретiнде сипаттайды.Сонымен, бiз билiк туралы ғалымдардың арасында ортақ пiкiр, анықтама жоқ екенiн байқадық. Батыстың əлеуметтанушысы Р. Мартин билiк махаббат сияқты, күнделiктi тiлiмiзде жиi пайдаланылады, iштей сезiледi, бiрақ сирек анықталады деп бекер айтпаған. Онын себебi, француздың саясаттанушысы Ж.К. Шевалье айтқандай, адамдарды билiктiң жалпы ұғымының айналасындағы айтыс-тартыстан гөрi нақтылы, шын мəнiндегi билiктiң өзi көбiрек ойландырған, мағынасын тартқан. Дегенмен, ғылым болғандықтан анықтама берiледi. Мысалы, «Философиялық энциклопедиялық сөздiкте» билiк туралы былай делiнген:«Сөздiң жалпы мағынасында билiк очеркiңдi жүзеге асыруға қабiлеттiлiк пен мүмкiндiк, адамдардың жүрiс-тұрысы, iс-əрекетiне қайсыбiр амал-əдiстер -бедел, құқық, күштеу арқылы шешушi ықпал жасау». Бiздiңше, билік деп бiреудiң екiншiлерге əмiрiн жүргiзiп, олардың iс-əрекетi, қызметiне ықпал етуiн айтады. 13.Биліктің қызметтері мен жіктелуі. Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т. б. арасындағы қатынастарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару; өкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау; саяси және басқа қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты (монархиялық, республикалық), ашық не жабық (басқа мемлекеттерден оқшауланып, қоршауланып алған, автаркиялық) қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау; дау – дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу және т. б.Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып, жұмыс істейді: 1) жоғары орталық саяси институттар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды басқару органдары кіретін өте ірі деңгей; 2) ортабуынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық, облыстық, аудандық шеңбердегі жергілікті әкімшілік билік (әр түрлі мекемелер, агенттіктер, комиссиялар, кеңестер, префектуралар және т. б. мекемелер) кіретін орта деңгей; 3) адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс және басқа ұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын, саяси және қоғамдық өзін - өзі басқару өрісін құрайтын кіші деңгей.Билік мәселесін қарастырғанда саяси биліктің «субъектісі» және «иелік етуші» деген ұғымдарға назар аударуға тура келеді.Субъект деп іс - әрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жеке адам, әлеуметтік топ, тап, партия, мемлекетті айтады. Саяси билікті жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар мен мекемелер құрылып, субъект оларға өкілдік береді. Олар билікті қолданушы, қорғаушы, «иелік етуші» болып есептеледі. Басқа сөзбен айтқанда, субъект билікті «иелік етушілер» арқылы жүргізеді. Сондықтан мұны түсінбейтін адамдар билікке «иелік етушілерді» биліктің өзімен шатастырады немесе «иелік етушілерді» билік субъектісінен тәуелсіз деп санайды. Мысалы, мұндай адамдар кез келген шенеунікті, ұйым немесе мекеменің, саяси, әкімшілік, шаруашылық бастықтарын билік иесі деп ұғады. Олардың іс - әрекеттері туралы шағым арыз беруге болмайтын сияқты көрінеді. Мұндай түсінік субъекті енжарлыққа, керенаулыққа әкеліп соқтырады, биліктен шеттетіледі. Олар өз тағдырын белсенді түрде өзі шешетін мүмкіншілігіне сенімі азаяды.Биліктің субъектісіне жеке адам немесе партиялар, ұйымдар және т. б. жатады делік. Бірақ олар бәрі бірдей билік жүргізе алмайды. Сондықтан мұндай құқық адамдардың, ұжымдардың, партиялардың, таптардың, топтардың белгілі бір бөлігіне ғана беріледі. Бұдан келіп билік етуге сенім білдіру мәселесі туады.Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін, әдетте, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк (1632 – 1704) пен француз ғалымы Ш. Л. Монтескье (1689 – 1753) болды.Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және армияны қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісімшарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды. Оның жұмысына конституция атынан ерекше органдар (конституциялық қадағалау, конституциялық сот) бақылау жасайды.Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы билікке ттәуелді. Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды (бірақ олар конституция шеңберінде болуы және заңға негізделуі керек). Ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.Соттық билік адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық, айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады. |