МІНУМК аудит№5. Шелек медициналы колледжі Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Скачать 74.17 Kb.
|
а) экстрасистолия - жүректің кезектен тыс жиырылуы. э) аритмия – жүректің тәртіпсіз жиырылуы, соғу ырғақтылығының бұзылуы. Жиілігі Бұл 1 минут ішіндегі пульс толқындарының саны қалыпты жағдайда минутына 60-80; 80-нен жоғары болуы- тахикардия, 60-тан төмен болса- брадикардия деп аталады. Тамыр соғуының жиілігі жүрек соғысына сәйкес келуі керек және ол адам жасына байланысты болады • жаңа туылған нәрестеде 1 минутта 120-140 рет. • 1-2 жасар сәбиде – 110-120 рет. • 5-6 жаста – 100 рет шамасы. • 10 жаста – 90 рет, 12-13 жаста 80-70 рет. жеткіншектер мен үлкендерде 60-80 рет Кернеулік Бұл тамыр қабырғасына қанның басу күші. Пульс толқынының өтуін толық тоқтатуда жұмсалатын күш деңгейімен анықталады. Ол қан қысымының өлшеміне тәуелді. Қан қысымы жоғарылағанда пульс қатты немесе кернеулі болады. Қан қысымы төмендегенде - пульс жұмсақ. Қалыпты кан қысымында - пульс орта кернеулі. Толу Бұл тамырлардың қанмен толуы. Жүректің айдау өлшемімен (яғни қан тамырларына айдалатын қан мөлшерімен) анықталады, систола кезінде жүректің жиырылу күшіне тәуелді және артерияға айдалған қанның көлемімен анықталады. Толық пульс - жүрек жеткілікті қан айдағанда болады, ал айналымдағы қан- ның көлемі азайғанда немесе жүректің айдау көлемі төмендегенде (қан жоғалтқанда) - бос пульс байқалады. Соғу жылдамдығы кернеулік пен толу деңгейімен анықтала- ды. Үлкен Рs – толуы жақсы, кернеулігі жеткілікті; кіші Рs - кернеуі аз; жіп тәріздес, әрең сипап сезіледі. Есіңізде болсын: • егер зерттеу барысында тамыр соғуы ретсіз немесе жіп тәрізді болса, онда мұны дәрігерге тез арада жеткізу керек. Қан қысымын анықтау Қан қысымы – жүректің жиырылып, босаған кезеңіндегі қан тамырлары қабырғасындағы қан қысымы. Оны сау адамның да, ауру адамның да, жүрек қан тамырлары жүйесінің күйін бағалау мақсатында өлшейді. Қан қысымы жүректің қан шығару мөлшеріне, қанның ағуына, жалпы шеткі қан тамырларының қарсылығына, қан тамырлары қабырғаларының созылмалылығына байланысты. Қан қысымы систола (ең көп), диастола (ең аз) және пульсті (тамыр) қысымдар болып бөлінеді. Систола қысымы – тамырдағы қан толқыны ең көп көтерілген қысым, ол артерия жүйесінде жүректің сол жақ қарыншасы жиырылғаннан кейін- ақ пайда болады. Диастола қысымы – жүректің босаңсуының соңындағы қысым, тамырдағы қан толқыны түскен кезде болады. Систола және диастола қысымдарының арасындағы айырма пульстік қысым деп аталады. Веналық қысым төмен болады, венадағы қан қысымы қан шығаратын әдіспен өлшенеді. Қан капиллярлар кедергісінен өткен соң, оның қысымы төмендейді. Жіңішке венулаларда қан қысымы с.б.б. 6-15мм. Орташа жуандықтағы веналарда ол одан да төменірек, ал қуысты ірі веналарда қысым с.б.б. теріс 2-5 мм болуы мүмкін. Мұнда қан қысымын анықтау үшін оған кең түтікті ине кіргізіп, инені Вальдман флеботонометрімен байланыстырады. Адамның шынтақ ойығындағы венасында қан қысымы су бағанасы бойынша 60-120мм болады.
Қан қысымын (АҚ) анықтау іс-әрекеттері: Әзірлеңіз: тонометрді, фонендоскопты. Іс- әрекеттер: 1. пациентті ыңғайлы жағдайда отырғызыңыз немесе жатқызыңыз. 2. пациенттің қолын (алақанын) жоғары қаратып ашыңыз. 3. пациенттің иығына, шынтақ иінінен 2-3 см жоғары арасына бір саусақ сиятындай етіп манжетті байлаңыз. 4. монометрді манжетпен қосыңыз. 5. шынтақ иініне фонендоскопты орналастырып, иық артериясының соғуын тексеріңіз. 6. резеңке баллонның тиегін жауып манжетке біртіндеп тамырдың соғуы естілмегенше ауа жіберіңіз және оның үстіне 30мм с.б. ауаны қосыңыз. 7. ауанын қысымынан шыны түтіктегі сынап көтеріліп (монометр қолданса стрелкасы «0»-ден жоғары көтеріледі). Ол манжеттегі ауа қысымының өскенін көрсетеді. 8. резеңке баллонының тиегін ақырындап ашып, манжеттегі ауаны жайлап шығарыңыз. 9. фонендоскоптағы бірінші естілген дыбысты (тамырдың соғуы) сынап бағанасы бойынша салыстырыңыз – бұл көрсеткіш – систолалық жоғары қысым болып саналады. 10. ауаны одан әрі ақырын шығарыңыз, сол кезде тамырдың соғуы естілмей қалады, бұл кезде көрсеткіші диастолалық – төменгі қысым болып саналады. Алынған мәліметтерді температура (қызу) қағазына жазыңыз. Естеріңде болсын! Ересек адамның тұрақты қан қысымы 140/90 мм сынап бағанасынан 100/60 мм с.б. дейін болады. Қан қысымының қалыпты көрсеткіштерден жоғары болуы гипертензия, ал төмен болуы гипотензия деп аталады. 1. Тыныс алу туралы түсінік. 2. Тыныс алу түрлері. 3. Тыныс алудың мүмкін болатын өзгерістері. 4. Тыныс алудың патологиялық түрлері. 5. Ересек адамның тыныс алу қозғалысының жиілігі (әйелде, ер адамда, жатқан қалыпта, тұрған қалыпта). 6. Тыныс алудың өзгеруіне әкелетін факторлар. 7. Тыныс алу қозғалысының жиілігін, тереңдігін, ритмін анықтау. 8. Зәр шығыру жүйесінің бұзылуынын көріністері: зәрдің болмауы, зәрді ұстай алмауы, ісіктер, дизурия, полиурия, анурия, олигурия, гематурия, поллакиурия. 9. Зәр шығыру жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері. 10. Жеке гигиенаны және шап аралық терінің тазалығын сақтауды қамтамасыз ету 11. Тәуліктік диурезді анықтауды 12. Су балансын есептеуді Тыныс алу жиілігін анықтау. Тыныс алу ырғағының, жиілігінің және тереңдігінің бұзылуы Тыныс алу мүшелерінін негізгі қызметі ағзаны оттегімен қамтамасыз ету, тіршілік барысында көмір қышқыл газын және суды шығару. Тыныс алу жиілігі, тереңдігі, ырғағы бас мида орналаскан тыныс алу орталығымен реттеледі. Қандағы көмір қышқыл газының жоғарылауы тыныс алу орталығының қозуын тудырады, ол өкпе вентиляциясының жоғарылауына (тыныс алу жиілігі, тереңдігі, ырғағы жоғарылайды) әкеледі. Қандағы көмірқышқыл газының төмендеуі тыныс алу орталығының қызметін баяулатады, өкпе тынысын төмендетеді (тыныс алу жиілігі, тереңдігі, ырғағы төмендейді). Тыныс алуды бақылаған кезде тері жамылғыларының түсіне, тыныстың жиілігіне, ырғағына, тереңдігіне көңіл бөліп тыныс алу түрін бағалау қажет. Тыныс алу әрекеттері тыныс алу және тыныс шығару әрекеттерінің кезектесуімен жүзеге асады. 1 минут ішіндегі тыныс алу саны тыныс алу жиілігі деп аталады. Дені сау ересек адамда тыныс алу жиілігі минутына 16-20-ны құрайды, әйелдерде еркектерге қарағанда 2-4 тыныс алу көбірек. Тыныс алу жиілігі жынысына, дене қалпына, жүйке жүйесі жағдайына, жасына, дене температурасына т.б. байланысты болып келеді. Тынысты бақылауды науқасқа білдірмей жасау қажет, өйткені ол ерікті түрде тыныстың жиілігін, ырғағын, тереңдігін өзгертуі мүмкін. Тыныс алу мен жүректің жиырылу арақатынасы орташа 1:4 сәйкес келеді. Дене температурасының 1°С-қа көтерілуі орташа есеппен тыныстың 4 ретке дейін жиіленуіне алып келеді. Тыныс алудың түрлері Тыныс алу беткей және терең болып келеді. Беткей тыныс қашықтықта естілмеуі немесе әлсіз естілуі мүмкін. Тыныс алудың физиологиялық типтеріне кеуделік, құрсақтық және аралас типтер жатады. Әйелдерде кеуделік тип, еркектерде тыныс алудың құрсақтық түрі кездеседі. Тыныс алу жиілігі мен тереңдігі өзгергенде ентігу пайда болады. Ентігудің бірнеше түрлері бар: инспираторлы ентігу - тыныс алу қиындайды; экспираторлы ентігу - тыныс шығару қиындайды; аралас ентігу - тыныс алу және тыныс шығару қиындайды. Жылдам дамитын ентігу - тұншығу деп аталады. Тыныс алу мүшелерімен ауыратын науқастарды жиі ентігу мазалайды. Ентігу дегеніміз ауа жетіспеушілігімен сипатталатын тыныс алудың қиындауы. Ентігуде тыныс алудың ырғағы, жиілігі, тереңдігі бұзылады. Тыныс алу жиілігі дегеніміз адамның 1 минуттағы тыныс алу саны. Ересек адам тыныштық жағдайда минутына 16-20 рет тыныс алады. Физикалық күш түскенде немесе көңіл-күй бұзылғанда, сонымен қатар кейбір ауруларда тыныс алу жиілігі өзгереді. Тыныс алудың жиіленуі тахипноэ деп аталады. Тыныс алу жиілігінің сирек болуын брадипноэ деп атайды. Шыныққан адамдарда, спортшыларда брадипноэ қалыпты жағдай болып есептеледі, ал кейбір ауруларда патологиялық симптом ретінде кездеседі. Апноэ - тыныс алудың болмауы.7.Тыныс алу жиілігін анықтаудың алгоритмі: 1. Науқастың қолын шыбық артериясынан Рs анықтайтындай етіп (науқас назарын басқаға аудару үшін) ұстаңыз. 2. Екінші қолын кеуде торына (кеуделік типті тыныс алуда) немесе эпигастрий тұсына (іштік типті тыныс алуды) қойыңыз. 3. Тыныс алу санын 1 минут ішінде есептеңіз. Тыныс алу саны (жиілігі) температуралық параққа тіркеледі. Тыныс алу ырғағы - белгілі уақыт аралығында пайда болатын тыныс алу әрекеттері. Егер осы аралықтар біркелкі болса -тыныс алу ырғақты, ал егер әртүрлі болса аритмиялы болады. Кейбір ауруларда тыныс алу үстіртті (беткей) немесе өте терең болады Тыныс алудың патологиялық типтері - Куссмауль тынысы - сирек, шулы терең тыныс; терең комада байқалады; - Биот тынысы - беткей тыныс әрекеттері және паузалардың кезектесуімен сипатталады, олардың созылу уақыттары бірдей (бірнеше минут); - Чейн-Стокс тынысы-тыныс жиілігі және тереңдігі біртіндеп жоғарылайды, 5-7-ші тынысқа келгенде біртіндеп төмендеп паузамен аяқталады. Пауза бірнеше секундтан бір минутқа дейін созылады. Пауза кезінде науқас сыртқы ортада болжай алмайды немесе есін жоғалтады.Тыныс қалыптасқан жағдайда есі қалпына келеді. - Грокк тынысы- бұл Чейн-Стокс тынысы сияқты. Бірақ бұл жерде тыныс алу паузасының орнында терең емес әлсіз тыныс алу қимылдары болады. Олар біртіндеп тереңдеп, кейіннен біртіндеп кері қайтады. ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР! Зәрді ұстай алмайтын науқастар өздерінен сезінетін жағымсыз иістен қысылып, зәр қабылдағышты үнемі қолдану қажеттілігінен қолайсыздық сезінеді. Сондықтан ол қоғамнан бас тартып, әлеуметтік оқшаулануда болады. Сіздің іс- әрекетіңіз: 1. Әрқашан орнықты, мейірімді , шыдамды болу. 2. Дезинфекция мен күтімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда иістің болмайтындығын науқасқа түсіндіру. 3. Өзінің күйіне бейімделген басқа науқаспен таныстыру . Кейде зәрдің жіті тоқтап қалуы бар науқастардың мәселесі бөтен адамдардың болуымен , олардың ұялумен түсіндіріледі. Сіз : 1. Ұялшақ науқасқа өзіңіздің шыдамсыздығыңызды, ашуыңызды көрсетпеу. 2. Палатада науқасты уақытша жалғыз қалдыру . 3. Науқасты психологиялық қолдау. ЗӘРДІҢ ЕРІКСІЗ БӨЛІНУІ Зәрдің бөлінуін ұстамау және ұстай алмауын ажыратады. Зәрді ұстамау - зәр қуықтан әрдайым тамшылап немесе анда – санда білінбей тамып кетеді, өз бетімен бөлінеді. Зәрді ұстай алмау - зәр шығаруға сезімі бар, бірақ науқас зәр шығаруды өз бетімен ұстай алмайды. ЗӘРДІҢ ЕРІКСІЗ БӨЛІНУДЕГІ МАНИПУЛЯЦИЯСЫ 1. Зәр қабылдағышпен резеңке дәрет ыдысын беру .Төсектік тәртіптегі ер адамға төсегіне шыны зәр қабылдағыш қояды, ол әрдайым аяқ арасында болады. Әйел адамдарға резеңке дәрет ыдысы беріледі (ер адамдарғада қолдануға болады ). Резеңке дәрет ыдыс ойылудың алдын - алудағы шеңбер ретінде қолданылуы мүмкін. Резеңке дәрет ыдысының шеттерін алдын - ала шүберекпен орау қажет (резеңке беткейі терімен жанаспас үшін ). Егер зәрді ұстай алмайтын науқас төсек тартып жатпаса ол қозғалысқа бөгет болмайтын бөксеге белбеуімен бекітілетін арнайы арнайы зәр қабылдағыш қолданылады. Мейірбике зәр қабылдағыш пен дәрет ыдысының толуын қадағалап, уақытымен босатып отыруы қажет. 2. Зәр қабылдағышпен дәрет ыдысының дезинфекциясы . Зәр қабылдағышты қолданған соң ішіндегі зәрді төгіп, оны сумен шаяды. Зәрдің иісін жою үшін зәр қабылдағышты 1 рет калий марганец қышқылын немесе тұз қышқылының әлсіз ерітінділерімен шаяды. 3. Төсекті дайындау. Төсек тартып жатқан және зәрді ұстай алмайтын науқастардың төсегінде ақ жайманың астында клеенка жатады, ол өз алдына матрасты ластанудан сақтайды. Мүмкіндік болса, арнайы матрас қолданылады, оның ортасында ыдысқа арналған арнайы тесік бар. 4. Терінің күтімі: науқастардың шат арасын жуу. Тері зәрдің үнемі әсерінен тітіркенеді, қабынады. Сондықтан тәулігіне 6 реттен кем емес науқасты жуындырып отыру керек. Шат арасын жуғаннан соң, теріге вазелин немесе вазелин майын, Лассар пастасын жағады. Жуу үшін марганец не фурациллин 30-35 º С –қа дейін жылытылған әлсіз еретіндісін қолданады. 5. Ойылудың алдын - алу. Зәрді ұстамайтын науқастарға мейірбике ойылудың алдын – алу шараларын толық көлемде жүргізуге тиісті. 6. Киімін ауыстыру . Төсекпен киімді ластануына қарай ІСІКТЕРДІ АНЫҚТАУ Бүйрек пен зәр шығару жолдарының аурулары кезінде ағзада сұйықтың көзге көрінбей бөлінуі мүмкін. Ағзадағы жасырын ісіктер дене салмағының күрт үлкеюі мен зәр мөлшерінің төмендеуімен білінеді. Жасырын ісіктер науқастарды жүйелі түрде өлшеп отыруы керек. (3 күнде 1 рет ) . Бір уақытта , әрқашан бір киімде , таңертең аш қарынға ішекті және қуықты босатқан соң өлшеген жөн . Дене салмағының 100-200 грамға артуы жасырын ісік барын көрсетеді . Ісіктің анықтаудағы маңызды шара - су баланысын анықтау. Су баланысын анықтау үшін мейірбике күн сайын тәулік бойы бөлінген зәрдің мөлшері мен ішкен, басқа жолдарымен ағзаға енгізілген сұйықтық мөлшерін салыстырады. Бөлінген зәрдің тәуліктік мөлшері тәуліктік диурез деп аталады. Егер бөлінген зәрдің мөлшері құйылған сұйықтық 70-80% құраса, ол қалыпты жағдай болып есептелінеді. Су баланысын тепе – теңдік қалыпта . Мысалы: 1 литр сұйық ішкендегі тәуліктік диурез 800 мл. 1000мл . -100% 800мл. – х % х = 80 % Егер зәр аз мөлшерде бөлінсе, сұйықтық ағзада жинақталады дегенді білдіреді. Егер керісінше зәр көп бөлінсе, онда бүйрек арқылы сұйықтықтың шығуы қатты деген сөз ( зәр айдайтын дәрілерді емдейді) . СУ БАЛАНСЫН АНЫҚТАУ ІС -ӘРЕКЕТ алгоритмі : 1. Этикеткасы бар, таза, құрғақ 3 литрлік шыны ыдыс дайындаңыз. Бөлімше палата Тәуліктік диурез Емделушінің аты – жөні Күні қолы 2.Таңғы сағат 6,00 науқасты оятып, зәр шығаруын сұраңыз. Алынған зәрді төгеміз (ол саналмайды). 3. Тәулік бойы бөлінген зәрді (келесі күннің таңғы сағат 6,00 дейін) банкаға жинайсыз немесе науқасқа түсіндіресіз. Зәрді бар банканы салқын жерде ұстаймыз. 4. Тәулік бойы ішілген сұйықтықтың, тағамдардың, жеміс – жидектердің, әрі порентералды енгізілген ерітінділердің мөлшерін жазып отырып қосыңыз. Жеміс – жидек түрінде ішілген сұйықтық мөлшері олардың салмағына сәйкес . 5. Тәуліктік диурез және тәулік бойы ішілген сұйықтық мөлшерінің науқастардың емделу қағазына жазыңыз. Бақылау сұрақтары (кері байланыс) 1. Қызуды реттеу, қызуды бөлу, қызуды шығару, термометрия туралы түсініктер. 2. Қызба туралы түсінікті, қызбаның жіктелуі. 3. Қолтық ойысынан дене қызуын өлшеу. 4. Қызудың мәліметін сандық түрде қызу журналына және графикалық сызба түрінде қызу парағына тіркеу. 5. Қызба кезіндегі көмек және күтім. 6.Артериальды тамыр соғу туралы түсінік, оның қасиеттері және әртүрлі физиологиялық және патологиялық жағдайлардағы өзгерістері. 7.Дені сау адамның тамыр соғу жиілігі. 8.Тахикардия және брадикардия түсініктері. 9.Тамыр соғуды зерттейтін жерлері. 10.Кәріжілік артериясындағы тамыр соғуды есептеу. 11 . Тамыр соғуды зерттеу мәліметін сандық түрде бақылау парағына және графикалық түрін қызу парағына тіркеу. 12. Венозды, артериальды қысым туралы түсініктерді, олардың эмоциялық жағдайда, күш жұмсауда, қарт жастағы адамдарда сыртқы орта жағдайына байланысты өзгерістері. 13.Систолалық және диастолалық қан қысымының қалыпты көрсетілімдері. 14.«Жұмысшы қан қысым» туралы түсінік. 15. Артериалды гипертензия және гипотензия түсініктері. 16. Иық артериясынан артериалды қысымды өлшеу. 17. Науқасты. өздігінен қан қысымын өлшеуге үйрету. 18. Артериальды қысымның алынған нәтижесін сандық түрде бақылау парағына және графикалық түрін қызу парағына тіркеу. 19.Тыныс алу туралы түсінік. 20.Тыныс алу түрлері. 21. Тыныс алудың мүмкін болатын өзгерістері. 22.Тыныс алудың патологиялық түрлері. 23.Ересек адамның тыныс алу қозғалысының жиілігі (әйелде, ер адамда, жатқан қалыпта, тұрған қалыпта). 24.Тыныс алудың өзгеруіне әкелетін факторлар. 25.Тыныс алу қозғалысының жиілігін, тереңдігін, ритмін анықтау. 26.Зәр шығыру жүйесінің бұзылуынын көріністері: зәрдің болмауы, зәрді ұстай алмауы, ісіктер, дизурия, полиурия, анурия, олигурия, гематурия, поллакиурия. 27.Зәр шығыру жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері. Медбикелік тексеру әдістері және тәуелсіз араласу. 28.Жеке гигиенаны және шап аралық терінің тазалығын сақтауды қамтамасыз ету 29.Тіуліктік диурезді анықтау 30.Су балансын есептеу |