МІНУМК аудит№5. Шелек медициналы колледжі Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Скачать 74.17 Kb.
|
Дене қызуының салыстырмалы тұрақтылығының II кезеңі: бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. Тері тамырлары кеңейіп, жылу бөлу күшееді де, жылу жасаумен теңеледі. Сондықтан температураның әрі қарай жоғарылауы тоқтайды да, температура тұрақталады. Осы кезеңде емделушінің денесі қызып, бас ауруы, сүйектің сырқырауы, ауыздың құрғауы байқалып науқас шөлдейді. Науқас есінен танып, есеңгіреуі, сандырақтауы мүмкін. Терісі ыстық, беті қызарған. Осы кезеңде жылы көрпелерді жеңіл жамылғышпен ауыстыру керек, науқасқа (мейілінше көбірек) витаминді салқын сусындар (морс, итмұрын тұнбасы) беру керек. Арасында ауыз қуысын әлсіз сода ерітіндісімен шаю керек (0,5 литр суға 2 ас қасык сода). Осындай емделушілерге жеке мейірбикелік пост белгілеу керек, егер мүмкін болмаса посттағы мейірбике науқасқа жиі-жиі келіп, оның тамыр соғуы мен жалпы жағдайын бақылауға міндетті. Дене қызуы неғүрлым жоғары болса және оның ауытқуы көп болса, соғүрлым науқас жүдейді. Ағзаның қорғаныс күштерін жоғарылату үшін және энергетикалык шығынның орнын толтыру үшін науқасқа сұйық немесе жартылай сұйық түрінде калориясы жоғары және тез сіңірілетін азық-түліктер беру керек. Тәбеттің төмендеуіне байланысты науқасты тәулігіне 5-6 рет кішігірім мөлшермен тамақтандыру қажет. Рационда ас тұзын шектейді. Ол диурездің күшеюіне әкеледі. Витаминді сусындар ішу диурездің күшеюіне, сонымен қатар қызба кезінде қанға сіңген улы заттарды ағзадан шығаруға көмектеседі. Науқасқа минералды су берілетін болса, сол суды біраз уақыт ашық түрде ұстау керек (газдарын кетіру үшін және метеоризмнің алдын-алу үшін). Мейірбике тері күтімін және ойықтың алдын-алу шараларын жүргізеді. Барлық физиологиялық бөлінулерді ауыр қызбасы бар емделушілер төсекте жасайды. Мейірбике оны әрқашан есте сақтау керек. III кезең. Дене қызуының төмендеуі әртүрлі жүреді. Температура кризистік түрде, яғни жоғары цифрлардан бірден төмен қарай (мысалы 40-36°С) бір сағат ішінде төмендеуі мүмкін. Ол тамыр тонустарының, артериялық қысымның бірден төмендеуімен, жіп тәріздес пульстің болуымен қатар жүреді. (Жедел тамыр жетіспеушілігі - коллапс). Науқастың терісі бозарады. Сипағанда суық көрінеді, қатты терлейді, ерні көгереді, күшті әлсіздікті сезінеді. Бұл жағдай кризис деп аталады және шұғыл шаралардың өткізілуін талап етеді. ЕСКЕРТУ! 1. Науқасқа мәжбүрлі жағдай жасау қажет: аяғын жоғары көтеріп, басынан жастықты алып тастау керек. 2. Науқасты жылы қымтап, жылытқыштар қойып, ыстық шай немесе кофе беру керек. З. Дәрігерді шақыру. 4. Тері астына егу үшін 10 % сульфокамфокаин ерітіндісін дайындау керек. 5. Емделушінің жағдайы жақсарғанда оны кұрғатып сүртіп, дене киімін және төсегін ауыстыру керек. Көбінесе дене қызуы біртіндеп лизистік түрде төмендейді. Ол тершеңдікпен, әлсіздікпен қатар жүреді. Температура түскен соң науқас ұйқыға кетеді. Бұл жағдайда оны оятудың қажеті жоқ. Қызба кезеңдерінің сипаттамасы І-кезең: дене қызуының көтерілуі.
Тері жамылғылары: "Құс терісі" түрінде. Естің жағдайы: өзгермеген. Жылу өндіру және жылу бөлу қатынасы: Жылу өндіру жылу бөлуден басым болады. Науқасты күту алгоритмі: 1. емделушіні жылыту; 2. жылы көрпемен жабу; 3. аяғына жылытқыш қою; 4. ыстық, тәтті шай беру. II кезең: дене қызуының тұрақты болуы. Науқастың шағымдары: бас ауруы, сүйек сырқырауы, сусау, ауыз құрғауы. Тері жамылғылары: беті қызарады, тері ыстық, ауыз қуысының кілегей қабаты құрғайды, еріні қызарады. Ес жағдайы: елес, сандырақ пайда болу мүмкін. Жылу өндіру және жылу бөлу қатынасы: тепе-теңдік қалыпты болады. Науқасты күту алгоритмі: 1. жеке пост ұйымдастыру; 2. науқасты салқындату: а) маңдайына компресс немесе мұзды мұйық қою; ә) теріні сірке қосылған суық сумен сүрту; б) суық сумен ылғалдалған жамылғышпен орау; 3. дәрумендірілген салқын сусынды ішкізу; 4. ауыз қуысының кілегей қабатын жуу; 5. ерінді вазелинмен майлау; 6. физиологиялық бөлінулер кезінде күтім жасау; 7. науқасты тамақтандыру; ІІІ кезең: дене қызуының төмендеуі - кризис. Науқастың шағымы: әлсіздік, бас айналу. Тері жамылғылары: терісі бозғылт, суық, жабысқақ термен қапталған. Естің жағдайы: санасы бұзылады, кейде есін жоғалтады. Жылу өндіру және жылу бөлу қатынасы: жылу өндіру жылу беруге қарағанда азаяды. Науқасты күту алгоритмі: 1. төсектің аяқ жағын жоғарылатып, жастықты алып тастау; 2. дереу дәрігерді шақырту; 3. кофе немесе ыстық шай беру; 4. науқасты қымтап жабу; 5. 10% сульфокафокаин және 10% кофеин бензоат-натрий ерітіндісін тері астына 1 мл егуге даярлау; 6. науқастың киімін ауыстыру; ІІІ кезең: температураның төмендеуі - лизис. Науқастың шағымы: әлсіздік, бас айналу. Тері жамылғылары: дымқыл. Естің жағдайы: есі сақталған.
Науқасты күту алгоритмі: 1. тыныштық; 2. төсекті және іш киімін ауыстыру; 3. дәрумендірілген сусын; Дене қызуының шектен тыс көтерілуі (гипертермия) әсіресе жас нәрестелерде жиі ұшырасады. Қызуы 39-40-41ӘС - ға дейін көтерілсе шектен тыс көтерілуі дейміз. Бұл сәбилердің миындағы дене қызуын реттеу орталығының әлі жөнді пісіп жетілмеуіне байланысты. Шұғыл ем қолданбаса ауыр асқынуларға апарып соғуы ықтимал. Қызуы шектен тыс көтерілген сәбидің сіркесі су көтермейді, қатты мазасызданып, тамақ іщуден бас тартады, шөлдеп, еріндері көберсіп, бет-әлпеті жиі өзгеріп, жүрегі қатты соғады. Бірте – бірте тынысы жиілеп, тілі күрмеліп, буын-буыны былқ-сылқ етіп босап, есі кіресілі- шығасылы боп шоши береді, сандырықтап, қол-аяғын ербеңдетіп дөңбекши береді. НАУҚАСТЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ Термометрия Адамның дене қызуы кез келген жағдайда салыстырмалы тұрақты болып келеді. Оны бірқалыпты ұстау күрделі жылу реттеу үрдістерімен қамтамасыз етіледі - құрамына перифериялық (тері, қан тамырлары) және орталық (гипоталамус) терморецепторлар, бас миында орналасқан жылу реттегіш арнайы орталықтар және жылу белу әрі беру деңгейін реттейтін эфференгті жолдар кіреді. Дені сау адамның қолтық астындағы қызуы 36,4 - 36,8°С аралығында тербеледі. Ең жоғарғы летальды қызу (яғни адам өміріне сай келмейтін температура, бұл кезде адам өледі) 43°С-қа тең, мұндай қызуда организмде зат алмасуының қайтарылмайтын өзгерістері басталады, клеткаларда ауыр кұрылымдық заымданулар болады. Летальды ең төменгі кызу - 15 - 23°С. Әртүрлі жағдайларға байланысты дене қызуынын физиологиялық тербелуі мүмкін. Мысалы, тік ішекте, кынапта, шап қыртысында, ауыз қуысында өлшенген қалыпты қызу қолтық астындағы қызуға қарағанда 0,4°С жоғары. Балаларда зат алмасу неғұрлым қарқынды етеді, ал жылу реттеу механизмдері жетілмеген, сондықтан оларда үлкендерге қарағанда дене қызуы неғұрлым жоғары. Әйелдерде дене қызуы етеккірдің фазаларымен анықталады: овуляция (жетілген фолликулдын жарылып, жұмыртқа клеткасының шығуы) кезінде ол 0,6 - 0,8°С - ка көтеріледі. Барлық адамдарда дерлік дене қызуының тәуліктік тербелуін анықтауға болады, бұл әдетте 0,1 - 0,6°С құрайды. Ең жоғарғы дене қызуы әдетте түстен кейін (17 - 21 сағаттарының аралығында), ал ең төмен қызу –таңсәріде (сағат 3-пен 6 аралығында). Жазда адамның дене қызуы кыстағыға қарағанда 0,1 - 0,5°С жоғары. Дене қызуының көтерілуі тамақ ішкеннен кейін, қарқынды жұмыс, эмоциональдық күштену (мысалы, студенттерде актерлерде, спротшыларда) кезінде байқалады. Адамның дене қызуын өлшеу термометрия деп аталады, ол медициналық сынап термометрімен жүргізіледі. Термометр капиллярі бар шыны түтікшеден тұрады, онда сынап толтырылған резервуар бар. Бұл түтік шкалаға бекітілген, оған 34-тен 42°С дейін бөлімдер жасалынған. Қызған кезде капиллярмен жоғары көтерілген сынап суыса да төмен түспейді. Сынап түсуі үшін термометрді бірнеше рет сілку керек. Медициналық термометрдің шкаласы дене температурасын 34-тсн 42°' дейін өлшеуге арналған, бір белігі 0,1 °С.
кұрғатып сүртілген қолтық астына терімен толық жанасатындай етіп орнатады (науқастың иығын кеуде клеткасына қысу), 7 - 10 минуттан кейін термометрдің көрсеткішін анықтап, оны температуралық бетке жазады. Содан кейін термометрді сілкіп, 4/5 белігіне дейін немесе толығымен хлораминнің 1% зарарсыздандыру ерітіндісіне (немесе басқа дез. Ерітіндіге) 15 минутқа салып қояды, содан соң ағынды сумен шайып, құрғақ күйінде түбінде мақтасы бар ыдысқа сақтайды. Қазіргі кезде қызуды өлшеудің басқа да жолдары бар екендігін айтқан жөн. Мысалы, электронды термометрлер, электротермометрлер, тез анықтау үшін - экспресс әдіс, маңдай терісіне қызу көтерілгенде бояуын өзгертетін термолабильді затпен қапталған қағаз киындысы. Дене қызуының тәуліктік тербелулерін сызып керсету үшін температуралық беттер толтырады.Температуралық парақтарды әр науқасқа толтырып, күніне екі рет термометрия нәтижелерін жазып отырады. Абсцисс осі бойымен ауру күндері, ординат осінде температуралық тор орналасады, оның бөліктері 0,2°С-қа тең. Бетке күнделікті екі реттік термометрия нәтижелерін нүктемен белгілейді, оларды біріктіреді де температуралық қисық сызық сызылады. 1. Артериальды тамыр соғу туралы түсінік, оның қасиеттері және әртүрлі физиологиялық және патологиялық жағдайлардағы өзгерістері. 2. Дені сау адамның тамыр соғу жиілігі. 3. Тахикардия және брадикардия түсініктері. 4. Тамыр соғуды зерттейтін жерлері. 5. Кәріжілік артериясындағы тамыр соғуды есептеу. 6. Венозды, артериальды қысым туралы түсініктерді, олардың эмоциялық жағдайда, күш жұмсауда, қарт жастағы адамдарда сыртқы орта жағдайына байланысты өзгерістері. 7. Систолалық және диастолалық қан қысымының қалыпты көрсетілімдері. 8. «Жұмысшы қан қысым» туралы түсінік. 9. Артериалды гипертензия және гипотензия түсініктері. Артериалды пульс Жүрек-қан тамыры жүйесінің аурулары қазіргі кезде неғұрлым кең таралған ішкі ағзалар патологиясы болып табылады және халықтың өлім-жітімінің себептері ішінде бірінші орын алады. Бұл қан айналымы ағзалары ауруларының алдын алудың, диагностикасынын және емінің жаңа әдістерін ізденуді қажет етеді. Кейінгі кезде кардиология саласында құрал-сайманды зерттеу тәсілдерінің қатары анағұрлым артты (ЭКГ мен АҚ - ды тәуліктік тіркеу, ЭхоКГ, доплерЭхоКГ және т.б.), бірақ науқастың гемодинамикасының жағдайы туралы құнды мәліметті беретін қарапайым зерттеу әдістері де (тамыр соғуын анықтау, АК өлшеу және т.б.) өз маңыздылықтарын толық сақтауда. негізгі Артериялық тамыр соғуы, зерттеу тәсілі, оның сипаттамалары
|