Главная страница

МІНУМК аудит№5. Шелек медициналы колледжі Жауапкершілігі шектеулі серіктестік


Скачать 74.17 Kb.
НазваниеШелек медициналы колледжі Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Дата12.08.2022
Размер74.17 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаМІНУМК аудит№5.docx
ТипДокументы
#644522
страница1 из 6
  1   2   3   4   5   6


«Шелек медициналық колледжі»

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік



Товарищество с ограниченной ответственностью

«Шелекской медицинской колледж»

Пәннің оқу әдістемелік кешені

Ф-02. КП-04. СМЖ SHMK-2019

Сапа менеджменті жүйесі

Басылым 1

Бет №3,5 беттің


АУДИТОРИЯЛЫҚ САБАҚ

5

Модуль /пән атауы: Мейіргер ісі негіздері.

Оқытушы: Әділжанқызы А

20_ жылғы "__" ____________

1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ 201 А «Еі»

Сабақтың түрі: иллюстративты түсіндірмелі, репродуктивті.

ТАҚЫРЫБЫ: «Науқастың функционалды жағдайын бағалау».

Мақсаты: Білімгерлерге науқастың тамыр соғысын , тыныс жиілігін , тәуліктік диурезді , су балансын , артериялық қан қысымын есептеудің маңызын түсіндіру.

Білімділік (оқыту): білім беру, оқу-машықтану дағдыларын қалыптастыру, алған ақпараттарды нақтылау, студенттің жаңа білімді игеру, қабылдау жолдарын жетілдіру және т.б.

Дамытушылық: ойлау қабілетін дамыту, сыни тұрғыдан логикалық және клиникалық ойлау дағдыларын дамыту, топтың белсенділігін арттыру, өзін-өзі жетілдіруге үйрету. Түрлі жағдаяттар мен қосымша сұрақтар арқылы білімгерлердің нақты білімділігін айқындау.

Тәрбиелік: білімгерлердің адамгершілік, қөзқарасын, эстетикалық қасиетін, өз пікірін қорғауды, тәртіп пен еңбекқорлық қабілеттерін дамыта отырып тәрбиелеу.

САБАҚ МАЗМҰНЫ:

  • Науқастың функционалды жағдайын бағалау;

  • Терморегуляция, термометрия туралы түсініктер;

  • Қызба туралы түсінік, қызбаның жіктелуі;

  • Қызба кезіндегі көмек және күтім;

  • Естің түрлерін анықтау;

  • Дене қызуын өлшеу;

  • Тамыр соғысы мен жиілігін анықтау;

  • АҚ туралы түсінік;

  • Тыныс алуды бақылау.

Науқасты тексеру жалпы қараудан , тексеруден басталады. Медбике үшін бұл зерттеу әдісі обьективті болып келеді,себебі оған күнделікті тәжірбиеде үздіксіз қолдануға тура келеді. Сондықтан , медбике емделушінің жағдайы туралы көрсеткіштерді жалпы тексеру арқылы тани білуі керек. Алдымен мыналарды анықтау қажет:

  • Науқастың халін;

  • Психологиялық жағдайын;

  • Есін

  • Терінің , шырышты қабатының жағдайын;

  • Науқастың функцианалды жағдайын.


«Шелек медициналық колледжі»

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік



Товарищество с ограниченной ответственностью

«Шелекской медицинской колледж»

Пәннің оқу әдістемелік кешені

Ф-02. КП-04. СМЖ SHMK-2019

Сапа менеджменті жүйесі

Басылым 1

Бет №3,5 беттің
Жалпы тексеруден кейін науқастың денесінің бөліктерін : бетін,басын,денесін,аяқ – қолын, және басқа жерлерін тексеру керек. Медбике тексеруді ақырын,абайлап,кезекпен науқасты шаршатпай жүргізуі тиіс. Тексеріс ережелерін сақтай отырып, анықталған жоспар бойынша жүргізеді. Емделушілерді күн жарығында немесе жасанды шам жарығында тексереді. Жарық жақсы түсіп тұруы керек: адам денесінің әр бөлігінің контуры, бөртпелері,тыртықтары,жара іздері,рефлекстері анық көрінуі үшін.

Ақыл – есінің жағдайлары

  1. Ақыл –есі анық – яғни науқас қойылған сұраққа тез әрі нақты жауап береді.

  2. Ақыл – есі шатысқан – науқас қойылған сұраққа дұрыс жауап береді, бірақ ойланып.

  3. Ступор – есінен тану, есеңгіреу,жағдайы нашарлау,сұраққа іркіліп,ойланып жауап береді.

  4. Сопор – патологиялық жағдайдағы терең ұйқы, сырқат есін жоғалтқан , рефлекстері сақталмаған, сырқатты қатты дыбыспен оятуға болады, бірақ қатты ұйқыға кетуі мүмкін.

  5. Кома – ОЖЖ –ның толықтай әлсіреуі, сырқат есін жоғалтқан, бұлшық еттері босаған, рефлекстері және сезу қабілеттері жойылған(миға қан құйылу, қант диабеті,бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі).

  6. Сандырақтау және елестеу – организм уланғанда (жұқпалы аурулар, өкпе туберкулезі, пневмония).

Сырқат жағдайын бақылау

Мейірбике сырқатты бақылай отырып мына нәрселерге көңіл аудару керек:

  • Сырқаттың ақыл – есіне;

  • Сырқаттың төсектегі отырысына;

  • Сырқаттың бет құбылысына;

  • Терісінің түсіне және шырышты қабаттарына;

  • Бөлу ағзалар жүйесі жұмысына зәр бөлу және нәжіс бөлу

  • Қан айналу және дем алу жүйесі жұмысына



  1. Термометрия. Терморегуляция.

  2. Қызба туралы түсінік.

  3. Қызбаның жіктелуі.

  4. Қызба кезіндегі күтім маңызы.


Адамның дене қызуы кез келген жағдайда салыстырмалы тұрақты болып келеді. Оны бірқалыпты ұстау күрделі жылу реттеу үрдістерімен қамтамасыз етіледі - құрамына перифериялық (тері, қан тамырлары) және орталық (гипоталамус) терморецепторлар, бас миында орналасқан жылу реттегіш арнайы орталықтар және жылу белу әрі беру деңгейін реттейтін эфференгті жолдар кіреді. Дені сау адамның қолтық астындағы қызуы 36,4 - 36,8°С аралығында тербеледі. Ең жоғарғы летальды қызу (яғни адам өміріне сай келмейтін температура, бұл кезде адам өледі) 43°С-қа тең, мұндай қызуда организмде зат алмасуының қайтарылмайтын өзгерістері басталады, клеткаларда ауыр кұрылымдық заымданулар болады. Летальды ең төменгі кызу - 15 - 23°С.

Әртүрлі жағдайларға байланысты дене қызуынын физиологиялық тербелуі мүмкін. Мысалы, тік ішекте, кынапта, шап қыртысында, ауыз қуысында өлшенген қалыпты қызу қолтық астындағы қызуға қарағанда 0,4°С жоғары. Балаларда зат алмасу неғұрлым


«Шелек медициналық колледжі»

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік



Товарищество с ограниченной ответственностью

«Шелекской медицинской колледж»

Пәннің оқу әдістемелік кешені

Ф-02. КП-04. СМЖ SHMK-2019

Сапа менеджменті жүйесі

Басылым 1

Бет №3,5 беттің
қарқынды етеді, ал жылу реттеу механизмдері жетілмеген, сондықтан оларда үлкендерге қарағанда дене қызуы неғұрлым жоғары. Әйелдерде дене қызуы етеккірдің фазаларымен анықталады: овуляция (жетілген фолликулдын жарылып, жұмыртқа клеткасының шығуы) кезінде ол 0,6 - 0,8°С - ка көтеріледі. Барлық адамдарда дерлік дене қызуының тәуліктік тербелуін анықтауға болады, бұл әдетте 0,1 - 0,6°С құрайды. Ең жоғарғы дене қызуы әдетте түстен кейін (17 - 21 сағаттарының аралығында), ал ең төмен қызу –таңсәріде (сағат 3-пен 6 аралығында). Жазда адамның дене қызуы кыстағыға қарағанда 0,1 - 0,5°С жоғары. Дене қызуының көтерілуі тамақ ішкеннен кейін, қарқынды жұмыс, эмоциональдық күштену (мысалы, студенттерде актерлерде, спротшыларда) кезінде байқалады.

Адамның дене қызуын өлшеу термометрия деп аталады, ол медициналық сынап термометрімен жүргізіледі. Термометр капиллярі бар шыны түтікшеден тұрады, онда сынап толтырылған резервуар бар. Бұл түтік шкалаға бекітілген, оған 34-тен 42°С дейін бөлімдер жасалынған. Қызған кезде капиллярмен жоғары көтерілген сынап суыса да төмен түспейді. Сынап түсуі үшін термометрді бірнеше рет сілку керек. Сынап түсуі үшін термометрді бірнеше рет сілку керек. Медициналық термометрдің шкаласы дене температурасын 34-тсн 42°' дейін өлшеуге арналған, бір белігі 0,1 °С.

Дене қызуын көбінесе қолтық астында (алдау күдіктелінсе-екі жақпыш да), ал шап қыртысында (балаларда), ауыз куысында (термометр резервуарын тілдің астына қояды), тік ішекте (вазелинмен майланған термометрдің резервуарын сол қырында жатқан науқастың тік ішегіне 2-3 см тереңдікке кіргізеді) сиректеу өлшейді. Дене қызуын өлшегенде мейірбикенің болуы міндетті. Дене қызуы қолтық астында калыпты жағдайда 36 - 37°С, және ол шырышты қабаттардағы қызуға қарағанда 0,5 - 0,8°С төмен екендігін есте сақтаған жөн.

Қызуды өлшеу былай жүргізіледі: құрғақ 35°С-ден төмен көрсеткішпен термометрді адын ала кұрғатып сүртілген қолтық астына терімен толық жанасатындай етіп орнатады (науқастың иығын кеуде клеткасына қысу), 7 - 10 минуттан кейін термометрдің көрсеткішін анықтап, оны температуралық бетке жазады. Содан кейін термометрді сілкіп, 4/5 белігіне дейін немесе толығымен хлораминнің 1% зарарсыздандыру ерітіндісіне (немесе басқа дез. Ерітіндіге) 15 минутқа салып қояды, содан соң ағынды сумен шайып, құрғақ күйінде түбінде мақтасы бар ыдысқа сақтайды.

Қазіргі кезде қызуды өлшеудің басқа да жолдары бар екендігін айтқан жөн. Мысалы, электронды термометрлер, электротермометрлер, тез анықтау үшін - экспресс әдіс, маңдай терісіне қызу көтерілгенде бояуын өзгертетін термолабильді затпен қапталған қағаз киындысы.

Дене қызуының тәуліктік тербелулерін сызып керсету үшін температуралық беттер толтырады.Температуралық парақтарды әр науқасқа толтырып, күніне екі рет термометрия нәтижелерін жазып отырады. Абсцисс осі бойымен ауру күндері, ординат осінде температуралық тор орналасады, оның бөліктері 0,2°С-қа тең. Бетке күнделікті екі реттік термометрия нәтижелерін нүктемен белгілейді, оларды біріктіреді де температуралық қисық сызық сызылады.

Қызба (febris) - бұл дене қызуының көтерілуі, әртүрлі патогенді тітіркендіргіштерге жауап ретінде пайда болған организмнің белсенді қорғану-бейімделу реакциясы. Көбінесе бұл пирогендер.- белоктық заттар - патогенді бактериялар мен вирустар, олардың токсиндері, сондай-ақ ыдырау өнімдері. Қызба көптеген жұқпалы


«Шелек медициналық колледжі»

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік



Товарищество с ограниченной ответственностью

«Шелекской медицинской колледж»

Пәннің оқу әдістемелік кешені

Ф-02. КП-04. СМЖ SHMK-2019

Сапа менеджменті жүйесі

Басылым 1

Бет №3,5 беттің
аурулардың негізгі белгісі болып табылады. Қызба реакциясы механикалық, химиялык және физикалық зақымданулардың себебінен болған жұқпалы емес (асептикалық) қабынуларда да болуы мүмкін. Қан айналуының бұзылуы нәтижесінде, мысалы миокард инфарктінде, дамыған тіндер некрозы да қызбамен өтеді. Қызба қатерлі ісіктерде, зат алмасуының артуымен өтетін кейбір эндокринді ауруларда (тирертокрикоз), аллергиялық реакцияларда, орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуында (термоневроз) және т.б. байқалады.

Қызбаны қажетті алмасу үрдістерін демейтін және организмге түскен бактерия, вирустармен күресті кеп жағдайда жеңілдететін организмнің бейімделуші реакциясы деп караған жөн. Пиротерапия (қызуды жасанды көтеру) кейбір аурулар кезінде (сылбыр өтетін инфекцияларда) қолданылады. Дегенмен, жоғары қызба ауру ағымы мен нәтижесіне (егде немесе өте жас адамдарда, қосымша аурулар болғанда және т.б.) көбінесе жағымсыз әсер етуі мүмкін.

Қызбаның түрлері:

Қызудың кетерілу дәрежесіне байланысты: субфебрильді (38°С-тан артпайды), орташа немесе фебрильді (38 - 39°С), жоғары немесе пиретикалық (39 - 41°С), аса жоғары немесе гиперпиретикалық (41°С-тан жоғары).

Ағым ұзақтығына байланысты: еткінші (ұзақтығы бірнеше сағат), жедел (15 күнге дейін), жеделдеу (15 - 45 күн) және созылмалы (45 күннен артық).

Дене қызуынын тәулік бойғы (кейде ұзағырақ уакыттағы) тербелу сипатына байланысты:

1) тұрақты (febris continua) - қызудың ұзақ уақыт көтерілуі ГС-тан аспайтын тәуліктік тербелумен;

2) ремиттеуші (босаңсытатын) (febris remittens) - ұзақ қызба, қызудың тәуліктік тербелуі 1-ден 1,5°С-қа дейін қалыпты деңгейге дейін төмендеусіз;

3) ұстамалы безгек (febris intermittens) қызудың 1°С-тан жоғары тәуліктік тербелуімен сипатталады, бірақ танертеңгілік уақытта оның қалыпты деңгейге дейін төмендеуі байқалады;

4) гектикалық (febris hectica) (титықтататын) – тәулігіне бірнеше рет қайталанатын дене қызуының көп (3-5°С-қа) көтерілуімен және тез түсуімен сипаталатын қызба. Дене қызуы қалыпты немесе қалыптыдан төмен - 36°С-тан төмен түседі;

5) бұрмаланған қызба (febris inversia) - әдеттегі тәуліктік ырғақтың ауысуымен сипатталады, бұл кезде таңертеңгілік қызу кешкідегіден жоғары;

6) толқын тәрізді қызба (febris indulans), тұрақты көтеріңкі кезеңдер қалыпты қызу кезеңдерімен бірнеше күн бойы алмасып отырады;

7) бұрыс қызба (febris atypica), тәулік бойғы тербелуде заңдылықтың болмауымен сипатталады.

Бір ғасырдан аса уақыт бұрын ұсынылған температура қисықтарының бұл түрлері осы күні де диагностикалық маңызын сақтаған, бірақ казіргі антибактериялық және ыстық түсіретін дәрілерді алғашқы күндерден бастап кеңінен қолдану салдарынан температуралық кисық аурудың табиғи дамуы кезінде болатын пішінін жоғалтады.

Қызудың көтерілуін әр науқас әртүрлі өткізеді: кейбіреуі субфебрильді қызудың өзінде ауыр қиналады.

Қызбасы бар сырқаттың күтімі оның кезеңіне көп байланысты.

Бірінші кезең - қызудың өршуі. Жылу бөлудің жылу беруден неғұрлым басымдылығы байқалады. Клиникада бұл қалтыраумен, бұлшық еттердің тартып


«Шелек медициналық колледжі»

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік



Товарищество с ограниченной ответственностью

«Шелекской медицинской колледж»

Пәннің оқу әдістемелік кешені

Ф-02. КП-04. СМЖ SHMK-2019

Сапа менеджменті жүйесі

Басылым 1

Бет №3,5 беттің
  1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта